Кіріспе
Өнім сапасын жоғарылату міндетін шешуде тауар сапасын сараптаудың маңызы зор. Мұндай сараптаудың міндеті – тауарлар сапасын мұқият талдау негізінде олардың тұтынушылық құндылығын, яғни әлеуметтік тиімділігін, пайдалылығын, тұтыну ыңғайлылығын және эстетикалық жетістігін анықтау.
Тауарлар сапасын сараптау саудада, тамақ өнеркәсібінде, өнеркәсіп және ауыл шаруашылық салаларында кеңінен пайдаланылады. Сараптау өнімнің толық «өмірлік циклын» қамтиды.
«Кең қолданылатын және өнеркәсіп тауарларының сараптамасы» оқу құралы бойынша тауарлардың тұтынушылық қасиеттерінің және олардың сапа көрсеткіштерінің номенклатурасы, тамақ және өнеркәсіп тауарларының негізгі топтарының сауда-коммерциялық сипаттамасы, сараптаудың теориялық негіздері, тамақ және өнеркәсіп тауарларының ең маңызды тұтыну қасиеттерін бағалау әдістері, олардың сапасын бақылау және бағалау әдістері қарастырылады.
Оқу құралының – тамақ және өнеркәсіп тауарларының негізгі топтарын
ТАУАР ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ СИПАТТАМА
1.1.1 Тауардың түрлері
Тауар кең көлемді мағынасы күрделі түсінік болғандықтан оған бірнеше анықтама беруге болады, яғни тауардың қасиетіне, түріне, қолданысына қарай анықтама берілсе, онда тауар тұтыну тауары болып саналады. Яғни тауар еңбектің өнімі және ол сатылуға және тұтынуға арналған зат болып табылады.
Тауар дегеніміз оның көмегімен қандайда бір қажеттілікті қанағаттандыратын заттар. Осыған байланысты тауар қандайда бір зат және еңбектің өнімі. Тауардың тұтыну бағасы болады. Бұл тұтыну бағасы адамның нақты қажеттілігін қанағаттандыратын қасиеті. Осы тұтыну қасиеті табиғатына қарай химиялық, физикалық, биологиялық болып бөлінеді. Тауардың тұтыну қасиеті 3 класқа бөлуге болады (тұтыну затына байланысты):
1.материалды тұтынуды қанағаттандыратын қасиет(экономикалық)
2.материалды емес қажеттілікті қанағаттандыратын қасиет(мәдени)
3.уақытқа байланысты қажеттілікті қанағаттандыратын қасиет.
Тауардың тұтыну бағасы оны қолданғанына байланысты ашылады. Сондай-ақ тауар нақты өнім болып қаралады да, ол кеңейіп ашылады. Осыған байланысты өнімдер нақты өнім болып бөлінеді.
Нақты дегеніміз тауардың базалық, физикалық мағынасын бейнелейтін немесе тауардың модельді кодымен суреттелетін мағынадағы өнім.
Тауардың тұтыну бағасы физикалық, әлеуметтік тұтынуда сондай-ақ материалды және материалды емес тұтынуды қанағаттандыру процесінде жүзеге асырылады.
Тауар нақты, кеңейтілген, біріккен өнім болып қарастыралады.
Біріккен өнім дегеніміз тауардың тұтыну қасиетін әлеуметтік-экономикалық тиімділікке байланысты.
Кеңейтілген өнім дегеніміз жалпылама қасиетін ендіріп қоймай, қызметі қосылатын өнімдер.
Тауар бірлігі дегеніміз қандайда бір шама, баға көрсеткіштерімен сипатталатын, сондай-ақ жеке сипатын сипаттайтын бірігушілікті білдіретін бірлік. Ол арнайы размердегі нақты бір сұранысқа арналған киімдер болатын болса, соның нақты белгілі бағадағы бірлігі және сол заттарға арналған ассортименттер. Тауар номенклатурасы келесі параметрлермен сипатталады:
1.тауар номенклатурасының тереңдігі
2.тауар номенклатурасының қанықтылығы(бұл фирманың әр түрлі тауарларының жалпы санын көрсетеді)
3.тауар номенклатурасының үйлесімділігі (әр түрлі ассортимент тобындағы жақындылық дәрежесі)
4.тауар номенклатурасының кеңділігі(фирманың шығаратын басқада заттары)
Осы келтірілген тауар номенклатурасының параметрлері тауар саясатын анықтайды. Фирма өзінің іс-әрекетін қызметін 4 әдіспен кеңейтуге болады.
1. Тауар номенклатурасының өзінің ассортиментіне жаңа ассортимент тобын енгізіп кеңейту әдісі
2. Фирманың бұрыннан шығарып жатқан тауарларының ассортимент тобына қанығушылықты көбейту
3. Тауар номенклатурасын сол фирмадағы шығарып жатқан тауарлардың түрлерінің әр түрлі мөлшерде шығуын кеңейту
4. Әр түрлі тауарлардың ассортиментінің үйлесімділігін кеңейту.
Тауар саясаты дегеніміз тауар номенклатурасы мен ассортименті аумағындағы қолданылатын кеңейтулер.
Әр бір жаңа тауардың сипаттамасының өзінің анықтамасы болады. Олар келесі бөлімдерге бөлінеді.
- Ойлау бойынша шығарылған тауар(бұл тауарды ойлап тапқан адам көз алдына елестете отырып тапқан тауары)
- Іс жүзіндегі тауар(конструкцияларын, технологияларын өзгерткен тауарлары)
- Жалғасы бар тауарлар(ол қосымша сатқаннан кейін қосымша пайда түсетін, қызметі бар тауарларды айтамыз)
Фирманың немесе өндірістің тауар политикасын және комерциялық қызметін анықтаған кезде негізгі орынды сыртқы экономикалық қолдануында тауар номенклатурасы негізгі орынды алады.
1.2 Тауар классификациясының мағынасы мен түрлері.
Комерциялық тауар жүргізудің ең негізгі міндеті-ғылыми тауар классификациясы болып табылады. Классификация - бұл көптеген әртүрлі обьектілерді бір-біріне жақын қасиеттеріне қарай оларды киассқа, топқа, топшаға және тағы басқа түрлерге бөлуді айтады. Классификациясыз тауар жүргізу және саауда тәжірбиесін ғылыми түрде жетілдіруге болмас еді. Тауар классификациясымына мақсаттар үшін қажет: әр түрлі қызмет сферасындағы өнімі туралы ақпараттаидыруды автаматты түрде жүргізу; тауар сапасымен оны тұтыну жүйесімен танысу: тауар айналымын жоспарлау және есепке алу; катамагтер мен прейскурантарды құру; тауар стамдартизация жүйесін жетілдіру: тауарды қоймаға орналастыру классификация бойынша іске асырылды. Сонымен қатар классификация өнімді сертификаттау үшін де қажет.
Сауда-саттық қатынасына көшу барысында тауарды классификациялау бұл маркетингті зерттеулер жүргізу үшін қажет. Сонымен қатар классификация өндірісінің статистикалық анализін жасауға, өнімді өндіруді және пайдалануды макорэкономикалық, аумақтық және жергілікті деңгейде іске асыру үшін қажет.
Қазіргі таңда тауар классификациясы келесі міндеттерге сай болуы тиіс:
· Өндірілетін өнімнің барлық түрлерін қамтуды қамтамассыз ету;
· Классификация игілігін қамтамассыз ету – бұл деген класификация жүйесін бұзбай, болашақта тауар ассартименті мен номенклатурасына өзгерістер енгізуге болатындай етіп, жалпы қажет болған жағдайда жаңа есімдерді, тауарды енгізуге болады;
· Тұтыну мақсатында тауардың құрылымын жан – жақты зерттеуге мүмкіндік береді;
· Тауардың жүру барысында тауар қызметін жақсарту;
· Тауардың қысқа шифрын құру және тауарды кодтау принципін іске асыру.
Тауарды классификациялау иерархиялық кесте боцынша іске асырылады, яғни жоғарыдан төменге немесе көптен азға қарай жылжу.
Әрбір соңғы тұрған өнім өзінің алдында тұрған өнімді толтырып тұру қажет. Классификацияда бөліктерді атау үшін келесі терминдер қолданылады: класс, класс асты, түр, түрше, топ, топша, т.б.
Классификацияның ең негізгі сұрағы – тауардың қасиетін нақты анықтау, себебі сол арқылы тауарды белгілі бір топқа жатқызуға болады.
Тауар классификациясының негізгі қасиеттері:
1. Оны өндіру кезіндегі технологиялық процестердің біртектілігі.Бұл кезде белгілі бір классификациялық топқа сырт түрі және қолданылуы әртүрлі тауарларды жатқызуға болады.
2. Тауарды қолдану бағыты (немесе мақсаты). Бұл қасиеті бойынша өндірістік – техникалық мақсаттағы тауар және кең қолданатын тауарлар болып 2 бөлінеді. өндірістік – техникалық мақсаттағы тауар қасиеті болып оның өндірісте кеңінен кеңінен қолданылуы болып табылады.бұл жерде өндіріс қажеттіліктерін 2 бөледі: еңдек қажеттілігі және еңбек заттары. Еңбек қажеттілігі – бұл материалды элементтер, олар жақсы өнім алу үшін еңбек затына әсер ету үшін адамдарға қызмет етеді. Еңбек қажеттіліктеріне машина, станок, қондырғылар, двигвтельдер, т.б. жатады. Ал еңбек заттары 3 бөлінеді: бастапқы, негізгі және жанама материалдар. Бастапқы өнім – бұл табиғи өңделмеген материал, ол алдын – ала дайындалып алынады. Негізгі материалдар – бұл өнімнің матерериалды негізін құрайтын материаладар. Жанама матераиалдар - өндіру процесіне қатысады және негізгі материалға жаңа қасиет беруі мүмкін, бірақ өнім өнім дайындалуының негізгі материалын құрамайды.
3. Физика – химиялық құрамы.Тауар формасы, габаритті өлшемі бойынша классификацияланады. Бұда материалдарды қатты, сүйық, құмды және газ тәрізді деп бөледі.
Классификацияның топтарының құрылу қатарына байланысты оларды ондық, жүздік, өлшемсіз классификация жүйесі деп бөледі. Ондық және жүздік классификация жүйесінде әрқайсысына сай 10 немесе 100 кластан тұрады. Ондық жүйе құрылуы бойынша оңай, себебі ол арқылы оңай кодтау жүйесіне қол жеткізуге болады. Оның кемшілігі онда тек қана 10 класс тұруы керек. Ал бұл классификацияняң негізгі қасиеттерінің бұзылуына және жасанды топтауға алып келеді. Сондықтан көп бөліктерді топтау кезінде жүзжік жүйе классификациясы қолданылады.
Классификацияға жүйеге класс бөліктерінің сатылығымен ерекшеленуі мүмкін. Бағаналы классификацияның бір, екі, үш және оданда көп түрлері болады. Тауарды тек класқа бөлетін болса, онда бір сатылы классификация қолданылады. Төрт сатылы классификацияда келесі бөлімсдер болады: класс, клас асты, топ, топша. Классификациялау топтарынаң көбеюі классификация жүйесін күрделендіреді. Класс саны тауар номенклатурасына сай болады. Номенклатура өскен сайын класс саны да өседі.
Классификация жүйесін дамыту кезінде әрбір тауардың атына номенклатуралық номер бекітілуі іскі асырылады (немесе код). Кодтың үлкендігі қабылданған классификация жүйесіне және жүйе санына байланысты болады. Онымен әрбір класты белгілейді. Тауардың номенклатуралық номерін құру барысында тауар қай класқа жататындығын нақты, түсінікті етіп анықтауғы ыңғайлы болуы тиіс.
Тауар жүргізу кезінде бірінші деңгейлі тауар классификациясы 3 бөлінеді: жалпы мемлекеттік, сауда, оқу.
1. Жалпы мемлекеттік класификация (Ж.М.К.).
Бұл біріккен классификация жүйесі жіне кодтау жүйесінің құрамына кіреді. Жалпы мемлекеттік өнім классификаторы мынадай сфералар қызметіне – стандартизация, экономика, статистика және т.б. жұйелерде өнім туралы ақпаратты автоматтандыру, жеткіліктендіру және нақтыландыру үшін қажет.жалпы мемлекеттік өнім классификаторы – бұл кодталған жүйе және классификацияның иерархиялық жүйе негізінде құрылған топталған өнім аттары. Жалпы мемлекеттік өнім классификаторында ондық санды кодтау жүйесінен тұратын 5 сатылв иерархиялық классификация бар. 1-сатысында өнім класы орналасады (ХХОООО), 2-сатысында класс асты (ХХХООО), 3-сатысында топ (ХХХХОО), 4-сатысында топша (ХХХХХО), ал 5-сатысында түр (ХХХХХХ). Жалпы мемлекеттік өнім классификаторының әрбір бөлімі 6 санды кодтан тұрады. Ол бір мәнді бақылау саны және топталған өнім атынан тұрады. Ол келесі түрде жазылады:
| Код | Бақылау саны | Аталуы |
| Цемент |
Топтаудың 5 разрядтылығын 2-лік коды 6 разрядқа дейін нольдермен толтырылған жіне 2-ші мен 3-ші разряд арасында интервал болады. өнімнің классификациясы 3-ші, 4-ші немесе 5-ші сатыда бітіп қалуы мүмкін. Егер өнім түрлерінде нақты марка, модель және басқада анықтамалар болатын болса, онда оның көрінісі жергілікті өнім классификаторында көрінеді.
2. Cауда классификациясы.
Бұл кең қолданыстағы тауарларға арналған классификация. Бұл жүйе классификациясына кірмейді және ол тауарды баға прискурантымен топтарға бөлуге негізделген. Прискурантта тауар келесі қасиеттері бойынша орналасқан: өндіру әдісі, шығарылатын материал, қолдану анықтамасы және т.б. Тауардың әрбір прискурантты тобы олардың тауар группасының спецификасы негізінде түр және түршелерге бөлінеді.
Сауда саттық тәжірибесінде өндіріс тауарларының негізгі бөлігі келесі тауар топтарына бөлінеді; пластмассадан жасалған өнім, тұрмыстық химия тауары, шыны, керамика, құрылыс, жиһаз, электр тауарлары, күнделікті электромашина және заттар, текстиль тігін, трикотаж, аяқ-киім, жүн және қой жүнінен жасалған шуба, парфюмер – осметика, ювелир тауарлары, тұрмыстық – мәдениет тауарлары.
3. Оқу классификациясы.
Бұл классификация кең қолданылатын тауардың ассартиментін зерттейді. Бұл жерде негізінен сауда ассортиментінің дара және көтермесауда рөлін көрсетеді. Сауда ассортименті келесі ассортименттерге бөлінеді: сауда тобының ассортименті және сауда кәсіпорын ассортименті.
Сауда тобының ассортименті жоғарыда айтылған сауда топтарына кіретін тауарлар түрін көрсетеді.
Сауда кәсіпорын ассортименті (магазин, склад, база) кәсіпорын түріне байланысты болады. Мамандандырылған кәсіпорын белгілі бір тауар тобының сауда – саттығымен айналысады, бірақ ол тауардың тобынан кең көлемдегі ассортименттер көрсетіледі. Ал әмбебап кәсіпорын ассортиментіне әртүрлі топтардағы тауарлар кіреді, бірақ кең көлемдегі ассортиментте емес.
Оқу классификациясында кластар – топқа, топ – топшаға, түр – артикульге бөлінеді. Оқу классификациясында 9 класс белгілі:
1. дара текстильді заттар мен киімдер үшін материал;
2. киім және бас киім;
3. мәдениетке арналған;
4. спорттық негіздегі тауарлар;
5. жеке бас қолданысындағы транспортты заттар;
6. үйдегі қажеттілік заттары;
7. тұрмыстық және шаруашылық мәндегі тауарлар;
8. аяқ-киім тауары;
9. қол өнер, гигиена жіне санитария заттары.
Жалпы мемлекеттік классификатор маркетингті зерттеулер үшін де қолданылады. Сонымен қатар өзге елдер әдебиетінде тауар классификациясы тек қана маркетингте қолданылатыны көрсетілген. Мысалы, Ф. Котлер тауар классификациясының келесі қасиеттерін көрсеткен: тауарды қолдану мақсаты, қолдану мерзімінің ұзақтығы, сатып алушының сауда орталығындағы көз қарастары, өндіру процесіне қатысу деңгейі.
1. Тауарды қолдану мақсатына қарай 2 бөлінеді:
· Адамдардың жеке қажеттілігін қанағаттандыру мақсатындағы тауарлар, бұл кең қолданыстағы тауарлар;
· Басқа тауарлардың өндірісі үшін қолданылатын тауарлар; бұл өндіріс мақсатындағы тауарлар;
2. Қолдану мерзімінің ұзақтығы деңгейінде 2 түрге бөлінеді:
· Көп қолданылатын тауарлар, яғни ұзақ мерзімде қолданылатын тауарлар (жиһаз, көлік, киім және т.б.);
· Бір рет қолданылатын тауарлар, яғни қысқа мерзімдегі тауарлар (сіріңке, газет және т.б.);
3. Сатып алушының көз қарасы бойынша кең қолданыстағы тауарлар 4 түрге бөлінеді;
· Күнделікті сұраныстағы тауарлар. Бұл тауарларға тұтынушылардың жиі сатып алатын тауарлар жатады (нан, сабын, тұз және т.б.);
· Алдын ала таңдалған тауарлар – бұл тауарларды тұтынушы сатып алар кезде басқа тауарлармен бағасын, сапасын, дизайнын салыстырып сатып алады. Оған жиһаз, киім, т.б. жатады;
· Арнайы сұраныстағы тауарлар, бұны кейде керемет мінездемесі бар әйгілі тауарлар немесе атақты өндіріс фирма тауарлары деп атайды.
· Сұранысы төмен тауарлар. Бұған негізінен жаңа тауарлар жатады, оларды тұтынушылар аз алады.
1.3 Тауарларға сараптама.
1.3.1 Саптамаға түсініктеме, есептеулері мен мақсаты.
Демакратиялық мемлекетте сараптаманы қолдану заңдылығы мен құқығының күшеюі негізделген.
Сараптама – бұл арнайы білімді талап ететін, есептеулер мен сұрақтарға жауап бойынша зерттеліп, қарастырылып тұратын мотивті байланыс.
Сараптаманы жүргізуді сарапшыларға жүктеледі(латынша – expertus-тәжірибе деген мағына береді). Сарапшылар болып білімді, тәжірибелі мамандар, мамандырылған арнайы білімі бар, тауарға идентификация және фальсификация мен байланысқан, кез келген сұрақтарды шеше білетін болуы керек. Сарапшылар зерттелетін тауардың толптарын бағасын және сапасы бойынша жұмыс жасай білуі шарт.
Тауарға сараптама жүргізу үшін сарапшы комиссияларын құрады, яғни шарт бойынша екі топтан құралады: сарапшы және жұмысшы. Тәжірибелі құрама және осы топқа кіретін санаулы мамандарға ұйымдастырушы принциптеріне мақсатына және сараптама сатыларына, әсіресе бағаланған таурға (бұйымға) жүргізілген сараптама шарт және нормативті құжат бойынша құрады.
Сараптама бұл тауардың сапасын бағалауда және жүргізілген анализдермен байланысқан арнайы үйлесімділік түрі яғни зерттеу нәтижелерін есептеп және негізгі зерттеу кезінде сараптама әдістерін қолдануды талап етеді. Сараптаманың негізгі компаненттеріне: субьект, обьект, критерий, әдістер, сынамалар және нәтижелер жатады.
Сараптама обьектісі болып қолданыстағы тауардың құрамы, субьектпен өзара байланыста болатын тұтынушы адам тұтыну жағдайы саналады.
Критерий тауардың құрамының қолданыстағы бағасы және анализ де пайдаланылады, яғни жалпы және нақты болып бөлінеді. Жалпы критерий- бұл тауардың қолданыстағы бағасын сарапшылар заңы бойынша басқарылып, жалпы нормалы бағасын және ұсыныстағы жағдайы. Нақты критерий – бұл берілген түрдегі тауардың сапасына байланысты қойылған талап, отандық және шет елдік нормативті – техникалық құжаттарды керек етпейтін, сол сияқты көрсеткіштердің мағынасын базалық ұйымдарға, отандық және шет елдерде шығарылған шын бұйымдардың сапасына сипаттамасын жоспарлап немесе жобалап жасайтын және т.б.
Сипаттама мақсатына немесе анализдердегі көрсеткіштерге байланысты сараптамалар бір немесе бірнеше әр түрлі критерийлер қолдануы мүмкін.
Қолданыстағы тауардың сапасына бөлек топтар сараптама жасаған жағдайда сарапшылар қабылдайды. Сол сияқты үлгі қатарындағы база түрінде баға шкаласына тіркейді.
Бұл критерий мамандандырылған түрі, тауардың құрамына эстетикалық сараптама жүргізу негізінде өздерімен аналогты бұйым қатарын түсіп, топтарға бөлінген және сапасының дәрежесі бойынша реттеліп қолданылады.
Қолданыстағы тауардың сапасына сраптама жүргізу әдістері әр түрлі негізде есептеп топтастыруы мүмкін.
Әдістердің классификациясы үшін екі негіз таңдалған, ол 3.1 кестеде көрсетілген.
Бірнеше сараптама әдістеріне қарамастан тауар сапасына сараптама жасау сарапшы әдісі деп аталады.
Сараптамада жеке сұрақтарға жауап табу үшін және сол сияқты негізгі қорытынды нәтижесін алу үшін толық түрде жүргізу үшін қолданылады. Бұл кезде әр түрлі екі негізгі әдіс қолданылады, олар сарапшылар құрамы бойынша және тәжірибелердің орндалуына байланысты әр түрлі.
- сарапшы тобының жүргізу әдісі;
- комиссия әдісі;
Қолданыстағы тауар сапасына сараптама әдістерінің классификациясы.
| Қолданыстағы тауар сапасына сараптаманың жалпы әдістері. | Сараптама обьектілері және бағалау бойынша ұйымдық әдістер | |||||||
| Техни-калық мәндері. | Құжаттарға жобалар құрастыру. | Тәжірибелі үлгі (тәжірибелі ұйым). | Өндірістік үлгі. | Сериялы шығарылған бұйым. | ||||
| Жеке сараптама | ||||||||
| Сарапталған Есептел-ген | Техникалық мәндерінің сарапта-масы | Жобалау құжаты-ның сарапта-масы | Тәжірибелі үлгіге сараптама | Өндірістік үлгіге сараптама | Сапа дәрежесіне сертификат | |||
| 1,2,3,4 _ | 1,2,3,4,6,8 _ | 1,2,3,4,6, 7,8 | 1,2,3,6,7,8 _ | 1,2,3,4,6,7,8 | ||||
| Комплексті сараптама | ||||||||
| Зерттелген Сарапталған Есептелген | | Бұйым партия-сына тәжірибелі комплексті сараптама | _ | Бұйым топтарына комплексті сараптама | ||||
| _ _ _ | _ _ _ | 1,2,3,6 1,2,3,6,7,8 | _ _ _ | 1,2,3,6 1,2,3,6,7,8 | ||||
| Ұйымдық әдістер: 1-қолданбалы классификациялар шығару; 2-класс бойынша берілген бұйымның суретік-стилінің негізінде және техникалық құрастыру тенденцияларын талдау;3-қолданыстағы тауардың моделін адаммен өңдеу; 5-көрсеткішін анықтау және келтіру; 6-баға категориясын қалыптастыру; 7-баға шкаласын және базалы үлгі қатарын құру; 8-сапа көрсеткішін бағалау. | ||||||||
Қолданыстағы тауар құрамына сараптама жүргізуде сатылай қатарына және операциямен орындалады, тәртіпте және сараптама мақсаты үшін мазмұнды анықтайды. Зерттелетін тауар түрін, берілген тауар қатысын тәжірибенің функционалды түрде қиындықтармен жүргізіледі.
Жалпы қолданыстағы құрамының сараптау жағдайы екі сатыдан тұрады:
- анализ, тауардың сапасына бағалау кезіндегі мәліметтерді біліп отыру мақсатындағы.
- баға беру, анализдің нәтижесінде тауар сапасының қолданыстағы дәрежесін сипаттаудан тұрады.
Қолданыстағы тауар сапасына жеке сараптама комплексті сараптамада келтірілген нәтижесіне шамалап негізделінеді және сарапшыларға сараптама жұмысын тез тоқтатуға және сараптама байланысын сақтаулы күйінде қалдырып уақытқа негізделіп келтіріп қоюына мүмкіндік беруге негізделген.
Жеке сараптаманың ерекшелігі жаңа тауарларды негізгі көлемде өңдеу сияқты, сол сияқты сапа категориялары бойынша бұйымның атестациясын қоса отырып өнімді қолдануда және өте көп мөлшерде шығарылуы болып саналады.
Сараптама түрлері.
Тауардың экологиялық сараптама. Тауардың экологиялық өзгешелігі экологиялық көрсеткіштерімен көрсетіледі. Экологиялық көрсеткіштер тұтынушы тауарды пайдалану барысында тұтынушы мен қоршаған ортаға әсерін көрсетеді. Ол үшін тауардың экологиялық сараптамасы қолданылады.
Тауардың экологиялық сараптамасы анализ тәсілдерінің нақтылығын қарастырады. Оның ішінде тауарды тұтынумен қоса тауарға қатысты операциялар да қарастырылады (сақтау, тасымалдау, ж/е т.б.). Кейбір жағдайларда тауардың экологиялық әсері тұтынушы-адамға кері болып, қоршаған ортаны қайтымсыз өзгерістерге алып келуі мүмкін.
Тауар сапасының экологиялық көрсеткіштері екіге бөлінеді:
-қоршаған ортаға әсер ететін;
-айналадағы заттарға әсер ететін.
Бірінші топтағыларға, мысалы, қайық және автомобилден суға немесе ауаға тасталатын қалдықтардағы зиянды заттардың көрсеткіштері; табиғи ортада жай ыдырайтын заттармен қоршаған ортаның ластануы (полиэтилен, құрамында сынап элементі бар батарейкалар) және т.б.
Екінші топқа жататындар, мысалыға, электрополотермен еденді өңдеу барысында жиһаздың сақталу көрсеткіші және т.б.
Бұл көрсеткіштердің барлығы экологиялық сараптаудың бірнеше әдістерімен анықталып, қоршаған орта тазалығының сақталуына әсерін тигізеді.
Экономикалық сараптау экономикалық және басқа анализдеу тәсілдерімен зерттеуге негізделген. Экономикалық сараптама көмегімен өндірісте тауарды шығаруда кеткен сумма көлемін анықтайды. Ол тауар фальсификациясын зерттеу барысында, өндірісте тауар өнімін шығару планын қарастыру, көлемі мен сапасын зерттеуде, оның тұтынушыға тасымалдау кезінде сақталуын және сатылу барысында дұрыс бағалануын зерттеуде қолданылады.
Сонымен қатар экономикалық сараптама өндірістегі технологиялық нормалар мен нормативтердің қолдануын зерттейді.
Тауар сараптамасы зерттеуге берілген обьектілерге байланысты қолданылады. Сараптама барысында мыналар анықталады:
-тауардың мемлекеттік стандарттарға сай болуын;
-тауарды өндіру және тасымалдау процесінде сапасының азаюы;
-тауар сапасы прейскурантты немесе келісімді бағасына сай келуі;
-тауар бағалануының дұрыстығы;
-тауардың брак болып шығу себебі.
Тауарлы сараптама тауардың дұрыс аталуын және тауарлы-тасымалдау құжаттарын анықтайды. Тауар сараптамасының обьектілері болып тауар, шикізат, жартылай фабрикаттар болуы мүмкін.
Технологиялық сараптама шикізатты, жартылай фабрикаттар және өнімді өңдеу технологиясын, өнім көлемі мен сапасы технологиялық режимдер және нормативтерге сай болуын зерттейді. Одан басқа бұл сараптама керекті аппаратар, моделдер, инструменттердің дұрыс таңдалуын бақылайды. Сараптаманың бұл түріне өндіріс процесінде қолданылатын материалдар мен заттардың сараптамасы да кіреді.
Технологиялық сараптаманың тауар сараптамасынан өзгешелігі өндіріс процесінде технологиялық режим бойынша қойылатын сұрақтарға жауап береді.
1.4 Тауардың сапасын сараптауды жүргізудің жалпы ережелері
Тауар сапасын сараптау өнеркәсіптердің, сауда фирмаларының, кеден және салық органдарының, сақтандыру компанияларының, соттардың, мемлекеттік, қоғасмдық және басқада тәуелсіз білікті сараптау жүргізуге мүдделі ұйымдардың сұранысы бойынша жүргізіледі. Сынау өклетті ұйымдар акредитацияланған тәуелсіз зертханаларда жүргізіледі. Барлық жұмыстар сараптау түрі көрсетілген сұраныс бойынша жүргізіледі. Сұранысқа сұраныс беруші кәсіпорнынның біріншісі басқарушысы немесе оның өкілі қол қояды. Сұраныстар сараптау жүргізілетін ұйымдардың басқармаларында немесе оның өкілдері мен кеден терминалдарында қабылданады. Сұраеныс берудің және жұмысты орындаудың үш негізгі нұсқасы болады.
А нұсқасы. Сұраныс алдын-ала, келісім шарқа қол қойылмай тұрылып беріледі. Бұл жағдайда келесі жұмыстар орындалуы мүмкін:
- келісім-шартты (контрактыны) сараптау;
- үлгілердің сапасын сараптау;
- міндетті сәйкестік сертификаттарын немесе шығу тегі туралы сертификаттарды алу.
Сонымен қатар сұраныс берушінің еркі бойынша:
- тауарлардың тұтынушылық сипаттарамаларын сараптау;
- өнімнің мөлшерін, сапасын, қапталуын (упаковка) және белгіленуін (маркировка) сараптау жүргізілуі мүмкін.
А нұсқасы бойынша сұраныс берілген жағдайда міндетті құжаттардың құрамы мен мазмұнын өндіруші (тұтынушы), кеден органдары және мемлекеттік қадағалау органдарымен алдын-ала келісілуі мүмкін.
Б нұсқасы. Сұраныс алдын ала, бірақ келісім шартқа қол қойылғаннан кейін беріледі.
Бұл нұсқа юойынша жұмыстар құрамы А нұсқасына сәйкес, тек қана келісім-шартты (контрактыны) сараптау жүргізілмейді.
В нұсқасы. Сараптау сұраныс берілгеннен кейін қажетті құжаттар жиналып және төлем ақы төленгеннен кейін бірден басталады, бірақ жұмыстың басталу уақыты сұраныс берушінің рұқсатымен өзгертілуі мүмкін.
Өнім үлгілерін сынау үшін таңдауды сарапшы жүргізеді. Алынатын үлгілердің мөлшері мен оларды алудың реті сараптауды жүргізу әдістемесінде, немесе техникалық шарттарда, я болмаса өзге де белгілі бір мақсаттарда үлгілерді алуды реттейтін құжаттарда қарастырылған талаптармен анықталады.
Таңдап алынған үлгілер қапталып, оған сарапшының мөрі басылады. Үлгілерді таңдау нәтижелері бойынша акт жасалып, оған сарапшы және сұраныс берушінің өкілі қол қояды. Қажет жағдайларда өткізу-қабылдау актісі рәсімделеді. Алынған үлгілер сұраныс бойынша сынау үшін сынау зертханаларына жіберіледі.
Сараптау нәтижелері сараптау қорытындысында немесе сараптау актсінде көрсетіледі. Мұндай құжат 2-данада рәсімделіп, оған сарапшының қолы қойылады. Бұл құжатты сараптау жүргізген бөлімнің бастығы мақұлдап, оған сараптау зертханасының мөрі басылады. Егер мұндай құжатта өзгертулер немесе түзетулер болатын болса, оларды сарапшының қолымен бетітілуі тиіс.
Сұраныс бойынша орындалған әрбір жұмыстар туралы деректер арнайы деректер қорында жиналады. Мұндай деректерді сақтау мерзімі 2-жыл.
1.5 Тауардың тұтыну қасиеті
Жалпылама өнім - тауардың тұтыну қасиеті алынған әлеуметтік - экономикалық тиімділікте көрінетін өнім екен.
Тауар коммерциясының дәрежесіне жеткізілуі керек. Ол дегеніміз жобаланған тауардың шығымы, жобаланған бағасына жеткізу, керекті құжаттарын алу, сондай - ақ сатуға мүмкіндік алу.
Тауар Тұтынуға (жеке қолдану) және өндірістік қолдануға арналған болып бөлінеді. Бүл топтағы тауарлардың қолданылу сипаты әрТұрлі сондай - ақ оларды салып алу эрТұрлі қажеттіліктен туындайды және әрТұрлі мотивпен анықталады.
Тұтынуға арналған товарлар (жеке қолдану) оның өзі үш топқа бөлінеді:
ұзақ уақыт қолданылатын заттар яғни тауарлар -холодильник, машина, мебель, өнім және басқалар.
-қысқа мерзімде қолданылатын тауарлар тамам өнім, жуғыш заттар, яғни тез қолданылатын. Олар бірден қолданылатын кішкене бөлігі.
-Қызмет - бұл әрекет халыққа пайдалы нәтиже әкелетін (мысалына адамдарды автобусты тасу, компьютерде жазуды басып беру, киімдерді ремонттау т.б.). қызметтің өзі де сату объектісі болып табылады, бірақ оны сақтауға, қатынауға жэне тасымалдауға болмайды.
-өндіріс тауарлары оны келесі категорияға бөледі.
-негізгі қондырғылар
-жанама қондырғылар
-агрегаттау - ұзылдыры негізгі материалдар
-жанама материалдың жэне шикізат.
Бұндай бөлу Тұтынушының сатып алушының осы тауарға қатысты іс -әрекетіне негізделінеді. Сондай - ақ сатудың эрТұрлі талабына қызметіне байланысты.
Өндірістік бағыттағы тауарларға сүраныс жеке басқа қолдану заттарын сұраныс пен тығыз байланысты.
Тауарды жіктеудің басқа да белгілері бар ол Тұтынушының сүранысы бойынша:
- күнделікті қолданылатын тауарлар (нан, сүт, қант) алдын ала талданысқа түсетін тауарлар (жиьаз, телевизор, мағшатаф, кейін)
- ерекше сүраныстағы тауарлар (модадағы тауарлы стереаттары бірі маркалы вино)
- пассивті сүраныстағы тауар (жиьазды үйді сақтандыру, мемлекеттік зайым облигациясы)
Тауарларды жүктеу кезінде тауарды жеке объектиті параметрлері бөліп плуға болады: сапасы, материал салмағы, Тұсі, размері, сыртқы Тұрі, силуэті, исі, дәмі, конструкциясы, кемшілігі.
Сауда параметрі: бағасы, конкуренттік мүмкіндігі, таңдау кеңдігі, тасымалдары ықшамдығы, әдемілігі.
Тұтыну процесінде қолданылтын параметрі тұрақтылығы, қолдануы жеңіл, ауыстыру уақыты
Тауар политикасын сипатталу кезінде тауар бірлігі деген түсінікті қолданады. Тауар ассортимент тауар коменкоатурасы, ал жаңа тауарын қүру бағытында - ойдан шығарылған тауар.
Нақты қолдануға арналған тауар жанама тауар болып бөлінеді.
Тауар бірлігі деп - шама, баға көрсеткіштерімен, жеке сипаттамалармен сипатталатын бірігушілікті айтады. Ол арнайы размерді нақты еркісілердің костюмі, белгілі бағадағы нақты духи флаконы, белгілі бір ассортимент тобына кіретін тауар бірлігі.
1.6. Тауарлардың сапасы
Соңғы жылдары республикамыздың ішкі нарығы түрлі отандық және шетелдік тауарлармен едәуір қанықты. Осы жағдайда өнім сапасына, кепілдік қызмет көрсетуге, өнімнің тұтынушыға және қоршаған ортаға зиянсыздығы және қауіпсіздігіне, сондай-ақ сыртқы безендірілуіне және тұтынушылық тауарлардың мода бағыттарына сәйкестігіне қойылатын талаптар күрт күшейді. Тек қана тұтынушылардың талаптарын қанағаттандыратын тауарлар нарықта бәсекеге қабілетті бола алады және өндірушінің болашаққа деген сенімділігін қамтамасыз етеді.
Сонымен қатар өндіруші тұтынушылар арасындағы кіріс бойынша, яғни сұранысы бойынша жіктелуді де ескеруі тиіс. Демек, әрбір тауардың сапалы болуымен қатар нақты әлеуметтік бағыты да болуы тиіс.
Қалыптасқан нарық конъюктурасында кәсіпкерліктің стратегиялық бағытына тауарлардың сапасын жоғарылату және өндіріс шығындарын төмендету жатады.
Сапаны жоғарылату мәселесін шешуде бұйымның, өндірістің, фирманың және жалпы қоғамның сапасын анықтайтын құрылымын, өзара қатынасын және факторларды ескеру қажет.
Бұл қарым-қатынастар 2 суретте «сапа пирамидасы» түрінде көрсетілген. Суреттен көріп тұрғанымыздай, сапаны қалыптастыру модель жасаудан және өнімді өндіріске қоюдан басталады. Осы этапта өнім сапасын жоғарылату өндірістік қуаттарды тиімді пайдалануды, оны жүзеге асыруды үдетуді, шығын мөлшерін азайтуды қамтамасыз етеді.
Айналым этапында өнім сапасын жоғарылату оны жүзеге асырудағы және сақтаудағы шығындарды төмендетуде, тасымалдау шығындарын азайтуда көрінеді.
Жоғары сапалы өнімді тұтынуда айналым, тұтыну шығындары азайып, ңбек жағдайы және қауіпсіздігі жақсарады.
Алайда сапаны жоғарылату мәселесін жекелеген кәсіпорындар мен фирмаларға шешу өте қиын, кейде ол мүмкін емес те, себебі сапаға ішкі факторлармен қатар «қоғам сапасы» деген атпен белгілі сыртқы факторлар да әсер етеді. «Қоғам сапасы» блогына кіретін элементтерді жетілдірмей, өнімнің сапасын жоғарылату мүмкін емес. Дегенменде, жоғары сапалы өнім фирманың жетістіктерін, ал фирма жетістітері қоғамның жетістіктерін қамтамасыз етеді.
Сапа деп нақты немесе күтілетін сұраныстарды қанағаттандыру қабілетін бере алатын өнімдер және қызметтердің қасиеттері мен сипаттамаларының жиынтығын түсінеміз.
Осы анықтамадан жекелеген тауарлар түрлері анықтауды және өлшеуді қажет ететін әртүрлі қасиеттер мен сипаттамаларға ие болатынын көреміз.
Өнім қасиеті – оны жасау, тұтыну барысында айқындалатын өнмінің нақты (объективті) ерекшелігі. Өнімнің жекелеген қасиеттері оны жасау немесе тұтынудың белгілі жағдайларына қатысты қарастырылатын бір немесе бірнеше қасиеттерінің мөлшерлік сипаттамасы болып табылатын көрсеткіштермен сипатталады.
Өнімді жасау немесе тұтыну барысында оның сапасын анықтау, қамтамасыз ету және қажетті деңгейін ұстау мақсатында жүзеге асырылатын әрекеттер өнім сапасын басқару деп аталады.
Өнімнің қасиеттерінің жиынтығын таңдау оның сапасын анықтау мақсаттарына тәуелді. Олар сапа деңгейін бағалау, бәсекеге қабілеттілігін бағалау және өнім сапасын бақылау болып бөлінеді.
Өнім сапасын бағалау деп бағаланатын өнімнің сапа көрсеткіштері номенклатурасындағы көрсеткіштердің мәндерін анықтау және оларды базамен салыстыру таңдауы бойынша жүргізілетін операциялардың жиынтығын айтады. Өнімнің сапасын бағалау кезінде, жиі бірнеше қасиеттердің көрсеткіштерін біреуге біріктіруге тура келеді, себебі екіншісінің мәні өнімнің тұтынушы талабына сәйкес екенін айтуға мүмкіндік береді. Ол тек көрсеткіштердің арасындағы сол қасиеттерін сипаттайтын байланыстарды жан –жақты тексеру мақсатында ғана мүмкін.
Өнім (қызмет) көптеген қасиеттерімен сипатталады, сондықтан сапа көрсеткіштері әр түрлі болады, оларды нысаналы құралдармен өлшеуге болады және олар мөлшерлік бірліктерде беріледі (мысалы улы заттардың мөлшері, % және т.б.). Бұл көрсеткіштерден басқа, нысаналы әдістермен анықтауға болмайтын сапасын бағалауға қолданылатын көрсеткіштер бар (киімдердің сыртқы түрі, дәмі және т.б.). Бұл көрсеткіштер сараптама әдістерімен анықталып, шартты бірлікті балда көрсетіледі.
Кешенді сараптама көп қолданылатын сериялы біртиптес тауарларды жан-жақты зерттеу және сапасын бағалау үшін қолданылады.
Іс жүзінде негізінен кешенді және жедел (оперативтік) сараптамалар қолданылады.
Сондықтан мұндай сараптау жүйелі және кешенді түрде жүзеге асырылуы тиіс. Бағалайтын тауар тұтынушы адаммен және оның заттық қоршауымен күрделі және көп қилы қарым-қатынастарда қарастырылады.
Сараптау барысында бағалау критерийлері қалыптасып, базалық үлгілер және сапа көрсеткіштері анықталады. Осыған байланысты кешенді сараптау нәтижесінде ғылыми мәліметтермен бірге белгілі бір әдістемелік және нормативтік ақпарат жиналады. Мұндай ақпарат сараптаудың басқа да түрлерін жүргізуге қажет болуы мүмкін.
Жедел сараптама алдын-ала өткізілген кешенді сараптау жұмысының қажетті тереңдігімен сарапшы қорытындысының негізін сақтай отырып, сараптаудың уақытын күрт төмендете алады.
Жедел сараптау барысында:
1) алдын-ала жиналған тауардың белгілі бір түрі бойынша, оның тұтынушысы бойынша; тұтыну жағдайы және сынау нәтижелері бойынша жинақталған деректерді пайдалану (мүмкіндік болғанша);
2) сараптау жүргізудің қысқартылған мерзімі тауардың сапасының тұтынушылық деңгейі туралы сарапшының ұжымдық қорытынды жасауы қарастырылған.
3) тауардың сапасының тұтынушылық деңгейі туралы сарапшылардың ұжымдық қорытынды жасау мүмкіндігі қарастырылған.
Экологиялық сараптау тауарды тұтыну барысында адамға қауіпсіздік және қоршаған ортаға әсер ететін өнім қасиеттерін сипаттайтын көрсеткіштерін бағалау мақсатында жүзеге асырылады.
Экологиялық сараптау үздік шешімдерді таңдауға және тауардың тұтынушылық қасиеттерін жақсартуға бағытталған қажет өзгертулерді уақыттылы енгізуге мүмкіндік береді.
Тауарлық сараптау – зерттелетін нысанға байланысты азық-түлік, өндіріс тауарларын, шикізатты, жабдықтарды және т.с.с. сараптау болып бөлінеді. Ақпарат көзі ретінде өнімді өндіруге, тасымалдауға және сатуға, сақтауға арналған алғашқы құжаттар (техникалық тапсырма, МЕСТ, техникалық шарттар, келісім-шарттар және т.б.) болып саналады.
Тауарлық сараптау сауда палатасы және техникалық сараптау бюросымен жүргізіледі. Бұл жұмыстарға сәйкес тауарлардың тауартану бойынша арнайы білімі бар мамандар шақырылады.
Технологиялық сараптау:
1. Шикізатты өңдеу, өнімді дайындау технологиясын зерттеу үшін;
2. Мөлшерлік және сапалық күйі бойынша тауардың немесе өнімнің технологиялық тәртіптерге сәйкестігін анықтау үшін;
3. Қажет жабдықтардың, құрал-саймандардың, оның орналасу орнының дұрыс таңдалғандығын анықтау үшін жүргізіледі.
Технологиялық сараптау қорытынжылары өндірісте жарақаттану, мемлекеттік және қоғамдық мүлікті талан-таражға салу, сапасыз өнім шығарудағы қызметтік қылмыстарды тергеу тәжірибесінде жиі пайдаланылады.
Соттық-құқықтық сараптау дегеніміз қылмыстық немесе азаматтық істердің материалдары бойынша нақты айғақтарды анықтау мақсатында процессуалдық заңдарда қарастырылған тәртіппен сараптама жүргізілетін зерттеу.
Сертификаттау саласындағы сараптау бірқатар бағыттарда (өнімді, қызметтерді, өндірістердің сапа жүйесін және т.с.с сараптау) жүзеге асырылады.
1.7 Сыртқы экономикалық қызметтегі немесе іс-әрекеттегі тауар номенклатурасы (СЭҚТН)
СЭҚТН бұл әмбебап классификаторы. Бұл СЭҚТН 1991 жылы енгізілген. Бұл номенклатура кеден тарифі, сыртқы сауда статистикасында қолданады. Сыртқы экономикалық қызмет тарифын кешенді басқару ретінде қолданады. Бұл номенклатураның классификаторы және декларациясы болады. Осы СЭҚТН мемлекеттік басқарудағы бастапқы инструменттің бірі. СЭҚТН байланыстың барлығы осы классификатордың қолдануының қатысуында өтеді.
1. Мемлекет деңгейдегі СЭҚТН-ң қолданылуы – Халықаралық құжаттарды дайындап, өңдеу кезінде қолданысты айтады (келісімшарт және конвекциялар)
2. Тарифті және тарифті емес басқару кезінде (квоттау, лицензиялау, үкім, бұйрық)
- Статистикалық бақылау үшін
- Тасымалдау үшін
- Жүктерді сақтандыру үшін
СЭҚТН жеке өнеркәсіп және өндірістер деңгейінде қолданылады. Сондай-ақ күнделікті жедел жұмыстарда да қолданылады.Декларация, сертификат толтыруда қолданылады. Банктерде базалық мәліметтерді толтыруда және тағы басқа қолданылады.
СЭҚТН тауарларды бейнелеу және оларды кодтаудың үйлестірілген жүйесінің және Европа одағының комбирленген номенклатурасының базасында құрылған. Тауарға тағы да мынандый анықтама беруге болады.
Тауар дегеніміз кеден шекарасы арқылы жүргізілетін кез келген қозғалатын, жылжитын зат. Ол сондай-ақ жылу, энергия да тауар бола алады.
СЭҚТНоменклатурасында әр бір тауардың коды болады. Оны дұрыс анықтау үшін келесі жағдайды білуіміз керек:
- Тауардың нақты атын
- Тауардың сипаттамасын
- Классификаторды тұрғыза
СЭҚТН-ң құрылысы тауарды кодты белгілерінен, тауар атынан, суреттелуінен және қосымша өлшем бірлоіктерінен тұрады. Тауардың кодты белгілеуінің ұзындығы 9-10 санды белгілеуден тұрады.
1-6 код разряды тауарды бейнелеу және кодтау үйлестірілген жүйе бойынша, тауарды классификациялау тобының белгілеріне сәйкес.
7-8 код разряды Европа одағы комбинирленген номенклатурасының тауарларын бейнелейтін кодқа сәйкес.
9 код кәдімгі халықтық тауарларды бөлуге арналған разряд.
Осыған байланысты тауарларды кодтаудың құрылысын келесі түрде көрсетеміз:
НГС-үйлестірілген жүйе номенклатурасы
НЕС-Европалық одақ номенклатурасы
НРФ-ұлттық номенклатура
1.8 Үйлестірілген жүйе номенклатурасы
Үйлестірілген жүйе номенклатурасында жіктелетін нысана болып халықаралық саудадағы, айналымдағы тауарлардың барлығы табылады. Үйлестірілген жүйе номенклатурасы жіктелудің алты деңгейінен тұрады:
- тарау – ең жоғарғы деңгейі
- топ
- топша
- тауар позициясы
- подпозиция
- субпозиция
Тарауға, топқа, топшаға, тауар позициясына, подпозициясына, субпозицияға бөлу келесі жолмен жүреді.
Үйлестірілген жүйе өзіне әр түрлі принциптер мен ерекшеліктерді жинайды. Осыған байланысты тауар деңгейінде тауарлар жіктелуі келесі принциптерге негізделген.
1. Тауардың шығу тегі бойынша (ауыл шаруашылығы, балық, орман шаруашылығы, мал шаруашылығы, минералоия)Осы принциппен тауарлардың жіктелуі 1-тарауда 1-5 топты алып тұратын болс, 4-тарауда 6-14 топты қамтиды, 5-тарауда 25-27 топты қамтиды.
2. Химимялық құрамы бойынша (май, хим.сала өнімдері, шұжықтар, пластмассалар, каучуктер). Бұл принцип бойынша 3,6,7 тараулары жіктеледі. 3-тарауда 15 топты, 6-тарауда 28-38 топты, ал 7-тарауда 39-40 топты қамтиды.
3. Тауардың дайындалған материалының түрі бойынша(қағаз, тері шикізаттары, жүн, тастан жасалған заттар, цемент, гипс, металдар)Осы принцип б/ша 8,9,10,13,15 тараулар жіктеледі. 8-9-10-тарауларға 41-49 топтар, 13-15 тарауларға 68-83 топтар қамтылады.
4. Тауардың функцияналды қолданылуы б/ша(дайын тағам өнімдері, тоқыма заттары, аяқ киім, бас киім, машина, сағат, приборлар, қару-жарақ).Бұл принцип б/ша 11,12,16,17,18,19,20,21.
11-(50-63)
12-(64-67)
16-(84-97)
Топтарды құру кезінде тараулардың шикізаттан бастап жартылай өніммен, дайын өнімге дейінгі өңделу кезіндегі принциптері енгізілген.
Үйлестірілген жүйені кеден тарифінде қолдану үшін ыңғайлы жағдайда көрсететін осы номенклатура тауар позициясын және субпозициясын тұрғызу кезінде әр бір топта өзінің белгілерінің кезегі қолданады. Солардың ішінен кейбіреулерін бөліп алуға да болады. Олар өңделу дәрежесі, қолданылуы, тауарлардың жасалған материалдарының түрі, халықаралық саудадағы мәні, формасы және размері.
Классификациялық жүйені тұрғызудың негізгі құраушысы, принципі 6 негізгі ережеден тұрады және олар кезекпен белгілі бір тарау позициясына, субпозицияға енуін қадағалайды. Барлық тарау және топтағы ескертулер үйлестірілген жүйенің негізгі бөліктерінің бірі болып табылады. Ол ескертулердің заңдық күші бар.
Ескертудің мақсаты - әр бір классификациялық топтардың нақты көлемін, шегін анықтау болып табылады.
Сондай-ақ ескертулер сол кездегі жағдайға байланысты әр түрлі болады.
1-ол ескертудің біріншісі топтаудың шекарасын анықтайтын ескертулер;
2-екінші алты деңгейлерден тұратын тізімдерге байланысты ескертулер;
3-классификациялық топқа енгізілетін тізімдерге байланысты ескертулер.
1.9 СЭҚТН кодтау жүйесі
Номенклатураларды деңгейлерге бөлу
Тауарларды кодтау дегеніміз классифицирленетін нысананы белгі немесебелгі тобыр ретінде көрсетуге мүмкіндік беретін технологиялық іс-әрекет.
Кодтаған кезде санды белгілер қолданылады. Тарау мен топша үшін Рим цифрі қолданылса, топ пен позиция, субпозиция үшін Араб цифрі қолданылады. Тарау мен топшалардың кодтары бір-бірімен байланысты емес.Сондай-ақ топ, субпозиция, позиция кодтары да бір-бірімен байланысты емес. Ал подпозиция үшін цифрлі код қарастырылмаған. Оны «-»(сызықша) арқылы белгілейміз. Ол «-»(сызықша) атының алдынд тұрады. Негізінен осы сызықша жүйе классификаторындағы негізгі ерекшелік болып табылады. Ол классификациялаудың және кодтаудың деңгейін терең ұғынуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ тараудың классификациялық тобын құруға мүмкіндігін кеңейтеді. 6 санды кодты белгілеудің құрылысы ондық жүйе бойынша тұрғызылады және топтың, тараудың,позицияның, субпозифияның кодынан тұрады. Үйлестірілген жүйе номенклатурасын (ҮЖН) 1241 тарау позициясынан және 3558 подпозициядан,5019 субпозициядан тұрады.
ҮЖНК
| Құрылыс бірліктері | Ескертулер | |
| Атауы | Мөлшері | |
| Тарау | Рим цифрімен белгіленеді | |
| Топ | 97(77-резерв,98-99 қос) | Араб цифрімен белгіленеді |
| Топша | Тарау мен топтан тұрады | |
| Позиция | ||
| Подпозиция | ||
| Субпозиция | 311субпозициядан тұрады |
5019 тауар субпозиция келесілерден тұрады. Ол 311 тауар субпозициясының 4 мәнді коды бар, соңғы жағында 2 нөлі бар. 2450 тауар субпозиция тауар атының алдында бір «-» болады. 2258 т\с тауар атының алдында 2«-» болады.
Тауар номенклатурасының құрылысын құрғанда көбінесе келесі әдіс қолданылады. Тауар тобынан әлемдік сауда да кеңінен қолданатын бір немесе бірнеше түрдегі тауар бөлініп алынады да қалған түрлеріне жалпылама классификация және т.б. қойылады.
ҮЖН осы т.б. топтамасы детализацияның барлық деңгейінде орналасқан. Бірақ негізгі саны ең соңғы деңгейде орналасқан. Есеп б\ша осы т.б.-ға барлық тауар субпозициясының ¼ бөлігі келеді. ҮЖН т.б. топтамасы субпозицияның 6 және 5-ші белгісінде 6 белгілі кодта, 8 және 9-шы санмен белгіленеді. ҮЖН-да кодтау жүйесі тауар номенклатурасын біршама терең детализациялауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ ол әлем практикасында кеңінен қолданады. Мысалыға, халықаралық кеден ұйымдарында, статистикалық кластарды дайындау кезінде, кодтың разрядтарға қосымша қосу кезінде осы кодтау жүйесі қолданылады. Мысалыға: АҚШ-та тауарлардың халықаралық жүйе классификациясы 4 қосымша разрядтан тұрады. Ол дегеніміз он разрядты кодтан тұрады дегенді білдіреді. Тағыда интегриленген жүйеде тауарлар 14 разрядты кодтан тұруы да мүмкін. Тауар деңгейінде тауардың классификациясының резерві көп емес. Ал тауар позициясымен субпозициясында ол резерві 80% жетеді. Ал топқа келетін болсақ онда үш резервті топ бар (77,98,99 топтар).
Резервті бүкіл әлемдік кеден ұйымдарының классификациясының жүйесін қайта құру кезінде, тауар номенклатурасын кеңейту үшін қолданылады. Сондай-ақ елдердің ұлттық тәжірибеде 98 және 99 топтарды арнайы тауарларды бөлу үшін қолданылады.
&






