Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, 17 маусым 2017 жыл

САРЫСУ АУДАНЫ

(17.06.2017 жыл)

САРЫСУ АУДАНЫНДА АНЫҚТАЛҒАН ТАРИХИ, МӘДЕНИ ЖӘНЕ АРХЕОЛОГИЯЛЫҚ ОРЫНДАР

(17.06.2017 жыл)

      

Сарысу ауданының орталығы Жаңатас қаласына кіре беріс

 

1. САРЫСУ АУДАНЫНЫҢ ҚЫСҚАША ТАРИХЫ

(Муртазаева Б.)

 

Сарысу ауданы аумағында барлығы 47 тарихи-мәдени мемлекеттік есепке алынған ескерткіштер бар екен. Оның ішінде 37 тарихи-археологиялық, 2 сәулет, 2 монумент, 6 тарихи ескерткіштер тізбесі жасалып, орналасқан жері анықталған. Оның ішінде «Саудакент қалашығы» және Ы.Дүкенұлы кесенесі республикалық деңгейде қорғауға алынған. Сонымен бірге облыстық және аудандық дәрежедегі өзге де 45 маңызы бар тарихи-мәдени ескерткіштер, тамыры тереңде жатқан бай мұралар көптеп кездеседі.

Жаңатас қаласының Кеңес үкіметі тұсындағы дамуына зер салатын болсақ, қаланың бүгінгі жағдайымен мүлдем салыстыруға келмейтінін аңғарамыз. Ол кез қаланың өндірісі дүркіреп тұрған шақ еді ол. Сол заманда Мәскеуден тікелей басқарылып, тұрғындардың саны 60 мыңға дейін жеткен. Ал бүгінгі күні ше?
Бүгінгі Жаңатас - еліміздегі өзге де шағын қалалар тәрізді әртүрлі қиыншылықты көруіп, басынан кешірді. Әсіресе 1993 жылдан кейін қаланың әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері күрт төмендеп, өндіріс көлемі азайып, жұртшылықтың қаладан жаппай көшуі басталды. Жеке үйлер тұрмақ, ірі мөлтек­аудандар тұтасымен қаңырап қалды. Өндіріс орындарында қысқартулар жүргізіліп, жұмысшылар жалақыдан қағылды. Әлеуметтік қиыншылықтар өршіп, халық наразылығы оқтын-оқтын туындап отырды. Бірнеше ай бойы жалақы төленбей, қарапайым тұтыну тауарларының өзі тапшы болып, күнкөріс жағдайы төмендеді. Қалада жылу, жарық, ауызсу мәселесі тапшы болып, көшуге шамасы келгендер көшіп, «барар жері, басар тауы жоқ» тұрғындар қаладан қозғалмай отыра береді. Осылайша Жаңатас қаласы өзінің тарихында өрлеу мен құлдырауды, жақсы мен жаманды қатар көрген қаланың бірі болды. Жылдар бойы күйреп, сиқы қашқан қаланы қалпына келтіру тез арада бола қоймасы белгілі. Дегенмен, Үкімет тарапынан қолдау көрсетіліп, жергілікті басшылар Жаңатасты оңалтып, қайта гүлдендіруге бар күштерін салуда.

Қаланың тарихына қысқаша тоқталар болсақ. Миллиондаған жылдар бойы Жамбыл облысы және Қаратау тауларының қойнауында сақталып келген қазба байлықтар 20 ғасырдың басында зерттеле бастады. Жаңатас қаласының тарихы осы жерлерде 20 ғасырдың 40 жылдарында басталған фосфор өдірісінің тарихымен тығыз байланысты. Тау-кен өндіріс комбинаты жұмысын бастағаннан кейін жұмысшыларды тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында алдымен Бүркітті ауылы пайда болды.

Өндіріс аз уақыт ішінде өте тез қарқынмен дамуына байланысты міндетті түрде жаңа қалалар соғу қажеттігі туды.

Осылайша 1969 жылы Қазақстанда Жаңатас атты жаңа қала пайда болды. Жаңатас өте жылдам дамыды. Небары 1-2 ай ішінде жаңа тұрғын үйлер мен жұмыс орындары соғыла бастады. Қала тұрғындары үшін балабақшалар, мектептер, мәдениет үйлері, демалыс лагерлері соғылды. Сондай ақ қаланың әр бір тұрғынына үй және жұмыс орны міндетті түрде берілді. Тау-кен өндіріс комбинаты барлық жұмысшыларын жақсы жалақымен, зейнетақымен және демалыс орталықтарына жолдамалармен қамтамасз етіп отырды.

Сол кездегі шалғайдағы оазис секілді болған Жаңатас қаласы туралы өз естеліктерімен қаланың өзге ұлт өкілдері ойларымен бөлісті.

Валерий Крахмалев, құрылысшы. Қаланы басынан соғып бастаған кісілердің бірі былай деді: Қала құрылысына союздың барлық жерлерінен кұрылысшылар мен қамаудағы химиктер шақырылды. Адамдар әр түрлі жерлерден жиналғанына қарамастан олардың арасындағы қарым-қатына жақсы болды. Қаланың әрі қарай дамуы үшін Сове Одағы үшін алғашқы болып соғылған құрылыс комбинаты соғылды. Біз әр соғылған үйге,әр тратуаға куанып отырдық. Бүкіл қалаға бір кинотеатр болды, жұмыстан шыға сала билет алып үлгеруге жүгіретінбіз. Қаланың құлдырай бастауын көру біз үшін оте ауыр тиді. Өз қолымызбен соққан үйлер қиратыла бастап, қаламыз көз алдымыздакүйреді

 

Владимир Колодько, Сарысу ауданының құрметті тұрғыны өз ойын былайша білдірді: - 80 жылдардың соңында барлық жерде азық-түлік тапшы болды,бірақ біздің қаламызды Мәскеу қамтамасыз етіп отырды. Біз тапшылық дегеннің не екенін білген жоқпыз. Біде бәрі артығымен болатын. Дүкендеріміз толы болатын. Керемет кездер еді. Әйеліміз екеуміз біржарым бөлмелі үйде тұрдық, ал балмыз туыларда үш болмелі үй алдық. Су мен жарыққа байланысты ешқандай қйыншылық көрмейтінбіз,бірақ Одақ ыдырағаннан кейін жағдайымыз қиын болды.

90 жылдардың басында өндірістің басым бөлігі тоқтатылды. Бұл жағдай қала кейіпін толық өзгертті. Тұрғындардың басым бөлігі көшіп кетті. «Болашақтың қаласы» аталатын Жаңатас «елес қала» болып қалды. Көшуге жағдайы жетпегендер ғана қалып, барлық қиыншылыққа үйренуге мәжбүр болды.


Қаланың экономикасымен қоса барлық обьектілері де құлдырады. Көпқабатты үйлер босап, күйреп қалды. Жарық күніне 2 сағатқа ғана берілді, су мүлдем жоқ болды. Жаңатастықтар барынша күн көруге тырысты. Қазіргі кезде бұның бәрі қорқынышты түс Жаңатастағы «Бастилия» көпқабатты үйі

ретінде еске алынады. Бүгінде Жаңатаста күйреген бос үйлер жоқ, олардың барлығын алып тастап, орнына жаңа үйлер соғылуда. Даңқ ескерткішіне қарама-қарсы ерекше архетектурасымен көзге түсетін көпқабатты үй бар - атақты «Бастилия». Бүгінгі күні ол жай ғана жаңатастықтарға ескіні еске түсіретін аман қалған артефакт.

Аудан орталығында мешіт бар. Біз осы мешіттің бас имамы Ғалымжан Қонақбаевпен таныстық және ол бізге берге сұхбатында өз ойларымен былайша бөлісті:

 

- Мен Жаңатасқа бес жыл бұрын көшіп келдім. Ол кезде қала кәзіргіге ұқсамайтын. Қалада екі жүз адамдық осы бір мешіт қана болатын, ал қазір орталығымызда бес жүз адамға арналған тағы бір мешіт бар. Бұның бәрі экономикамыздың дамып келе жатқанының көрсеткіші. Қала тұрғындарының көмегімен ескі мешітімізді де толық жөндеуден өткіздік

Біздің қаламыздағы өзге де дінге сенушілер мен олардың барып құлшылық жасайтын жерлерінің жоқтығын ескеріп, енді провославты шіркеу соғу керек деп ойлаймын, өйткені бізде орыстардың өзінің саны жергілікті халықтың 19% құрайды.

Дін қызметкері ретінде және өскелең ұрпақтың діни сауаттылығы мен сенімін, көзқарасын қалыптастыруда бұл іс-шара қажет нәрсе деп ойлаймын.

 

2. САРЫСУ АУДАНЫНЫҢ ФИЗИКАЛЫҚ ГЕОГРАФИЯСЫ

(Тажиева Т.)

 

Сарысу ауданы. Жамбыл облысының оңтүстік-батысында орналасқан. Солтүстігінде Мойынқұм ауданымен, оңтүстігінде – Оңтүстік Қазақстан облысымен және Талас ауданымен шектеседі. Аудан аумағы 31,3 мың шаршы км жерді алып жатыр.

Аудан орталығы - Жанатас қаласы. (жаңарған тасты жер, ел» дегенді білдіреді. Бұл жерде фосфор кені табылған соң кен өңдейтін фосфор шикізатын дайындайтын кешенді құрылыстар салынды. Қашанда кен таулы-тасты жерден шығатыны белгілі).

Оның географиялық орны облыс орталығы - Тараз қаласынан солтүстік-батысқа қарай 170 км жерде, Қаратау жотасының солтүстік беткейіндегі жазық жерінде орналасқан. Координаттары: 43°33′45″ с. е. 69°44′38″ ш. б.

Климаты. Ауданның климаты анағұрлым құрғақшылық және кенет континенталды ерекшеліктермен сипатталады. Ауданның жазықты бөлігінде жауын-шашын аз жауады. Қар қабаты жұқа, әркелкі болады. Ауданның барлық аумақтарында шығыстан және солтүстік шығыстан аңызақ жел соғып, тек қиыр оңтүстікте оңтүстік-шығыс бағыттағы аңызақ жел жиі қайталанады.

Біз Жаңатас қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 15 км жерде, Тараз-Жаңатас автожолының бойында, Сарысу ауданында, Табиғаты сұлу, үлкен Ақтау тауының қос шатқалынан ағып шығатын «Ақтоғай» мен «Талдыбұлақ» өзендерінің cолтүстік шығыс беткейінде орналасқан Қара жартастағы әулие бұлағынның географиялық орны жоғары 20-35 м биіктікте Қара жартастың арасынан шығып жатыр. Табиғаты ерекше, жасыл желекті айналасында жуан белді тал ағаштары жайқалып өсіп тұр. Әулие бұлақтың төменгі жағында алма ағаштары егілген. Сол маңда үзілген сулардан құралған «тұйық қара су» деп аталатын су жиындығынан жиналған көлшік бар. Оның айналасында майда жіңішке қоғалар өсіп тұр. Су түбінде балдырлар мен майда балық шабақтар және бақалар, инеліктің көк, қызыл түрлері кездеседі. Өсімдіктерден: тікенді ошаған, қарға тұйағы, адраспан, шылау, жусан, астық тұқымдас өсімдіктер, жалбыз, басқада шөптесін өсімдіктер кең таралған. Жабайы жануарлардан: шиебөрі, сарышұнақ, қоян, т.б. Құстардан бозторғай, бөдене, сарыторғай, шымшық, ұзақ торғай, кекілік кездеседі.

«Ақтоғай» мен «Талдыбұлақ» өзендерінің жағалауында жеке шаруашылықтар қоныстанған. Олар мал шаруашылығымен айналысады. «Бүгіл» өзені қыр шабақты болып есептеледі «Ақтоғай», «Талдыбұлақ», өзендері төменгі ағыста «Бүгілге» қосылып «Шабақты» өзенін құрайды.1895 жылы Н.Севельесов өсімдіктер мен жануарлар дүниесін зерттеген ғалым. Оның зерттеуі бойынша бұл өңірде тауешкі, арқар, борсық, қоян, қасқыр, қара құйрық, түлкі, ақ бөкендер т.б. Ал, құстардан бұлдырық, кекілік, шіл, дала бүркіттері таралған еді. Бұл аң құстардың кейбір түрлері кен жұмыстарын өндіре бастағанда жан-жаққа тарап, біраз түрлерін жоғалтқан. Тек Қожа - Шаянда кейбір түрлері кездеседі.

Сарысу ауданының 01.01.2015 жылғы жағдай бойынша әкімшілік-аумақтық бөлінуі 1 қаламен және 9 ауылдық округтермен сипатталады. Ауданда 26 елді мекен бар.

Әлеуметтік нысандар. Ауданда білім беретін мектеп, өнер мектебі, жасөспірімдер спорт мектебі, балалар саз мектебі, балалар-жасөспірімдер орталығы, балабақша аула клубтары өскелең жас ұрпақ шәкірттерге білім, өнер және дене тәрбиесі салалары бойынша дәрістер берумен айналысады.

Ауданның ішкі жалпы өнімінде өнеркәсіп 11,3%, ауыл шаруашылығы 40,8%, құрылыс 41,5%, көлік 0,5%, байланыс 1,1 %, сауда 4,89% құрайды.

Ауданның қалыптасқан экономикалық құрылымында тау-кен өңдеу, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығын қайта өңдеу салалары басымдыққа ие. Оның аумағында ірі фосфорит кендері орналасқан.

 

3. САРЫСУ АУДАНЫНЫҢ ТАРИХИ-МӘДЕНИ ЕСКЕРТКІШТЕРІ

(Утепбергенова Г.)

 

       Экспедицияның Сарысу ауданында ат басын тіреген алғашқы нысандардың бірі - Қаражартас әулие бұлағы болды. Бұлақ Жаңаарық ауылдық округы, Ақтоғай ауылынан 2 шақырым жерде, таудың төбесінде орналасқан.

Бұлақтың маңындағы 100 жылдық алып ағаштар біразы шіріп құлап жатқанымен оны жергілікті халық отынға алмайды екен, себебі әулиелі жерге деген халықтың құрметі өте жоғары. Оның үстіне бұлақтың суы халықтың тәу етіп, қасиет тұтатын су көздерінің бірі екен және бұлақтың қасында құлап жатқан зәулім ағашқа бұлақ басына келген халық шүберек байлап кетеді екен.

Экспедиция мүшелері Қаражартас әулие бұлағының басында


Осы бұлаққа жақын жерде орналасқан, Ақтоғай ауылынан 1 шақырымға жетпейтін қашықтықта, таудың арасында орналасқан Жартас сарқырамасы - кәрі Қаратаудың бауырынан ағып шығып жатқан сарқырама болып табылады. Сарқыраманың аяқ жағы жуас қана өзен секілді ағып жатқанымен, оның бастауына барсаңыз, кәдімдігідей қатты ағыспен, тастан құлай ағып жатқан кіші-гірім сарқыраманы көресіз. Сарқыраманың бастауына тау жолы арқылы жетуге болады және жолы онша қиын емес. Сарқыраманың бастауында келушілердің шомылып, дем алуына болатындай жерлері бар. 

Жартас сарқырамасының жалпы көрінісі және етек жағы

 

Сарқыраманы айнала сыртына қарай баратын жолдағы үңгір

Ісектас жартасы - Жаңатастан 4,5 шақырым жерде, Жаңатасқа баратын тас жол бойында орналасқан. Бұл жартасты Чапаев жартасы деп те атайды. Бұл жартасты алып динозаврға ұқсатуға болады, ерекше бітімді тас. Ал кеңестік дәуірде Чапаевтың бейнесіне ұқсатқан. Жартастың биіктігі - 50 метр, өте көне тау. Ісектастың түбінен Бүркітті өзені ағады. Бұрынғы кезеңде мұнда су диірмендері болған екен. Егер қасынан барып, жақындап қарайтын болсаңыз, тастан неше түрлі бейнелерді көруге және ұқсатуға болады, өзінше ерекше тау ретінде тоқтап, қызықтауға болатын жер.

 

Экспедиция мүшелері Ісектас жартасының етегінде

       Маятас үңгірі - Маятас ауылынан оңтүстікке қарай 9 шақырым жерде, Бүркітті өзенінің шығысында орналасқан. Үңгірдің ортасы 5 қанатты киіз үйдің аумағымен бірдей. Оңтүстік жақтағы кіреберісінің биіктігі - 3,5 метр. Үңгір алғашқы адамдардың тұрағы болған. Алғашқы қауымдық құрылыстан келе жатқан өте көне үңгір.

 

Маятас үңгіріне шығатын жол

Маятас үңгірінің ішіне кіретін жер

Маятас үңгірінің ішкі көрінісі

Маятас үңгірінің екінші жағынан шығатын жері

       Жамбыл облысы Сарысу ауданы Саудакент ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 4 км жерде, Шабақты өзенінің сол жағалауында орналасқан Ынталы үңгіріне барар жолда Ынталы 1, 2, 3 обалары кездеседі. Обалар мемлекет қарамағына алынған. Бұл обалар - ерте темір дәуіріне жататын обалар. Қазба жұмыстары жүргізілмеген. Обалардан адамның, жылқының сүйектері табылған, осы уақытқа дейін қатты тоналған.

      

Жолбасшы П.Дүйсенбин Ынталы №2 обалар қорымының тарихын әңгімелеу үстінде

 

Ынталы үңгірі - Сарысу ауданындағы ең көне және қызғылықты және бағалы тарихи ескерткіштердің бірі. Ғалымдардың пайымдауынша неолит дәуіріне жатады. Алғаш рет Ш.Ш.Уәлиханов атындағы Тарих, археология және этнография институты жанынан құрылған Қаратау отрядының экспедициясы (жетекшісі Х.Алпысбаев) ашты. 1980 – 1990 ж. шамасында Жамбыл облысы тарихи-өлкетану мұражайының экспедициясы қарап шыққан.

Ынталы үңгірінің жанындағы белгі

 

2002 жылы Қазақстан – Ресей біріккен археология экспедициясы (жетекшісі А.П.Деревянко) қазба жұмыстарын жүргізді.    Ынталы үңгірінің ұзындығы 27 м, ені 3–5 м, биікт. 0,5–3 м аралығында. Алғашқы қазба жұмыстарының барысында неолит дәуіріне жататын тас бұйымдар табылып, кейіннен зерттеулер оны нақтылай түсті. 2002 ж. Ынталы үңгіріне кіре берісінен солға қарай 4–5 м жерден аумағы 1-2 м тікқазба (шурф) түсірілді. Одан ешқандай тас дәуіріне жататын материалдар ұшырасқан жоқ. Үңгір ішінен ортағасырлық қыш ыдыстарының сынықтары кездеседі. Ынталы үңгірінен Саудакент ауылына қарай жүргенде 150–200 м жерден неолит дәуіріне жататын 40 шақты тас бұйымдары жинастырылған. Араларында өзектас, тас тілікше т.б. еңбек құралдары табылған.

Ынталы үңгірінің кіре берісі мен үңгірдің төбеден түсірілген көрінісі

Осы жерде 1975 жылы пайдалануға берілген «Ынталы» су қоймасы да Сарысу ауданына келушілердің соғып, демалатын жерлерінің бірі бола алатынын айта кету керек. Аса өзенінің алабы болып саналатын Шабақты өзенінде орналасқан Ынталы су қоймасы, көлемі – 30 млн.м3, көлемі 1 ден 10 млн.м3 дейін жететін 39 кіші су қойма (қосынды көлемі – 130,6 млн.м3) мен 164 тоғандарда (барлық көлемі 72,2 млн.м3) орналасқан.

 

Экспедиция барысында ұлан-ғайыр қазақ даласының бір бөлігі Әулиеата өңірінен елдік пен ерліктің туын көтерген талай тұйғын түлектер шыққандығына көзіміз жетті. Солардың бірі Ысты Тілік баба рухына арналған мемориалдық кешеніні. Кешен Жаңатас қаласының солтүстік шығысына қарай 8,7 шақырым жерде, Жаңатас-Саудакент тас жолының бойында орналасқан.

Ысты Тілік бабаға арналған ескерткіш

Ысты Тілік бабаға арналған ескерткіштің жалпы көрінісі

 

Саудакент қаласының кіре берісінде орналасқан Ықылас Дүкенұлы мемориалы - тарихи және сәулет өнері ескерткіші болып табылады. Ықылас Дүкенұлы мемориалы (архитектор Э.Байтанаев, А.Еспембетов пен Г.Сахариева) Жаңатас – Тараз – Шолаққорған (Жамбыл облысы) автожолдарының қиылысындағы ауылдың оңтүстік шетінде орналасқан. Мемориал 1993ж. халық күйші-қобызшысы Ықылас Дүкенұлының туғанына 150 жыл толуы қарсаңында тұрғызылған. Тұтас құймалы темір-бетон мен күйдірілген кірпіштен тұрғызылып, оның сыртқы жағы мәрмәр және гранитпен қапталған. Өзара үйлесім тапқан үш бөлімді құрылыс белдеулік осьпен тартылған. Мемориалдың негізгі көлемі – гөрхана негізіндегі дөңгелек (жерлеу орны), тік көтерілген биік конус тәрізденіп біткен; ал алғы беті жағынан көлденең биіктігі 5,4 м әшекейлі шынымен бөлінген. Ықылас Дүкенұлы мемориалының құрылысы қабырғаларында майшам - шырақтар қоятын қуыстар жасалған; интерьерінің ортасында жазбалары бар мемориалды тақта орнатылған. Мұнда Ықылас Дүкенұлы жерленген бейіттен (Шығанақ ауылның солтүстік-шығыс жағынан 30 км жерде Шу өзеннің етегінен) бір уыс топырақ әкелініп, мемориал басына құлпытас орнатылды.


Ықылас Дүкенұлының бейітінен алып келінген топырақ бетіндегі құлпытас

 

Саудакент ауылының ішінде, шығыс шетінде орналасқан Шоқай Датқа мазары. Күйдірілген кірпіштен бір күмбезді етіліп салынған. Аумағы 7,4х8,1 м. Бас фасады биік порталымен ерекшеленеді. Екі шеті дөңгелек мұнараға ұласады. Мұнараның жоғары жағында жарық түсетін саңылау бар. Шоқай Датқа кесенесін Ш.Уәлиханов өз еңбегінде үлкен діни типтегі құрылыс ретінде атап өткен екен.

Шоқай Датқа өміріне тоқталып кетсек, Шоқай Датқа Қарабекұлы Саудакентте 19ғ.өмір сүрген белгілі тарихи тұлға. ХІХғ.Қоқан хандығының үстемдігі кезінде Датқа лауазымын алған Шоқай Қарабекұлы Қоқан хандығының зорлықшыл тобына емес, өзінің халқына қалтқысыз адал қызмет еткен. Сол замандағы оңтүстік өңірінің тарихи тұлғаларымен қарым-қатынаста болып, ел бірлігіне, халықтың болашағына байланысты мәселелерді солармен ынтымақта шешіп отырған. Кенесары Шу бойына келгенде онымен тұздас-дәмдес болып, оған қолдау көрсеткен. Шоқай Датқа қазақ халқынығң дербес дамуын, тәуелсіздігін армандап, осы жолға өз өмірін арнаған тұлға.

       Саудакент қалашығы - Сарысу ауданы, Саудакент ауылында орналасқан ортағасырлық қала жұртының орны. Қаланы 1901 жылы В.А.Колосов зерттеген екен. Саудакенттің орны тікбұрышты келген, көлемі 230 және 160м., биіктігі 6 метрлік төбе. Қала орнында 11 мұнараның орындары сақталып қалған. Саудакент арқылы Жібек жолының сауда керуендері өткен.

       1946 жылы Ә.Марғұлан жүргізген қазба жұмыстары нәтижесінде қала орнынан сырланбаған қыш ыдыстар, мал сүйектері шыққан. 1980 жылы қала орнына Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану мұржайы өлкетанушы Қ.Байбосыновтың жетекшілігімен зерттеу жұмыстарын жүргізген. Қазіргі кезде қала жұртының орнына қазба жұмыстарын жүргізу қолға алынып, қаржы бөлініпті.

       Саудакент ауылында орналасқан Төкен Мақашев атындағы аудандық тарихи-өлкетану мұражайының да келушілер назарын аударып, қызықты мәліметтер береін экспонаттары көп. Мұражай 1978 жылы, Сарысу ауданының құрылғанына 50 жыл толу қарсаңында ашылған. 1991 жылы мұражайға еңбек ардагері, Төкен Мақашовтың есімі берілген.

Мұражай жалпы 7 залдан тұрады, бір қабатты ғимаратта орналасқан. Мұражайда «Көне дәуір», «Ықылас Дүкенұлы», «Табиғат ғажайып», «Этнография», «Мәдениет, ағарты және өнер», «Ұлы Отан соғысынан кейінгі кезең» залдары бар.

 

           

Мұражай экспонаты Игілік ауылының тұрғыны, Б.Дәуірбековтің жасаған «Күй кесе» аспабы

 (пианиноның алғашқы үлгісі)


Сарысу ауданының тарихи-мәдени және археологиялық орындарына аралаған адам осы ауданмен шекаралас жатқан Созақ ауданы Құмкент ауылдық округіне қарасты Жылыбұлақ маңында орналасқан Баба түкті Шашты Әзіз кесенесіне міндетті түрде барып көргені жөн.

 Баба түкті Шашты Әзіз кесенесінің сырт көрінісі

Баба түкті шашты Әзіз шамамен ІХғ.өмір сүрген. Арыстан Баб, А.Ясауи, Ысқақ бабтардың арғы атасы болып табылады. Қорқытпен замандас деп те айтылады. Ислам дінінің насихаттаушысы. Күш атасы Қажымұқанның өзі додаға шығар алдында осында келіп, тағзым етіп кететін болған көрінеді. 

      

Баба түкті Шашты Әзіз бабаның денесі қойылған орын

 

Кесене шырақшысы Шәріп Сатыбалды Алладан бала сұрап жүргендер де осы жерде дұға жасайтынын айтты. «Бабаның қай ғасырда өмір сүргендігін ешкім дөп басып айта алмайды. Тек болжамдар ғана. Мұнда келушілер кесене жанындағы Жылыбұлақтың суын ішіп, оның жанындағы көлшікке жуынып жатады. Суы да қасиетті саналады. Дерттеріне шипа болатын суды өздерімен бірге алып кетіп жататындар да осында түнейді, кейіннен ниеттері қабыл болған кездер де бар», - дейді қасиетті орынның шырақшысы.

Баба түкті Шашты Әзіз кесенесінің ішіндегі намаз оқитын орын

  Баба түкті Шашты Әзіз кесенесі бүкіл қазақ жұрты қиын қыстауда табынатын, жауға шапқанда ұрандататын киелі әулие болған. Күш атасы Қажымұхан додаға түскенде: - «Уа аруақ, Баба түкті Шашты Әзіздің рухы қолдай гөр», - деп сыйынған.

Баба түкті Шашты Әзіздің есімі «Алпамыс батыр», «Қобыланды батыр», «Шора батыр» жырларында жиі айтылады. Алтын ордаға билік жүргізген Едіге би Шашты Әзіз әулиені өзінің түп атасы санаған.

 

Баба түкті Шашты Әзіз кесенесінің жанындағы көл және ондағы ерекше балықтар

4. САРЫСУ АУДАНЫНДА ТУРИЗМ САЛАСЫН ДАМЫТУҒА ЖӘНЕ ЭКСПЕДИЦИЯЛЫҚ САПАРЛАР ҰЙЫМДАСТЫРУҒА БОЛАТЫН ЖЕРЛЕР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ БАҒЫТТАРЫ

(Жоланов Е.)

                                                                                                              

                                                                                                                      Кесте 1

Бағыты Жол бөлігі, жәдігерлік атауы Қашықтығы, км Қозғалыс тәсілі

Сарысу ауданы

Жаңатас қаласынан Қара жартас әулие бұлағы (Ақтоғай аулы) 512 км Көлік, жаяу
Жартас сарқырамасы (Ақтоғай аулы) 513 км Көлік, жаяу
Сектас (Чапаев) жартасы 525 км Көлік, жаяу
Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесі (ОҚО Кұмкент ауданына дейін) 591,1 км Көлік, жаяу
Маятас үңгірі 623 км Көлік, жаяу
«Ынталы» каналы 650 км Көлік, жаяу
Ынталы 1,2,3 обалары 660 км Көлік, жаяу
Ынталы үңгірі 670 км Көлік, жаяу
Ықылас Дүкенұлы мемориалы (Саудакент) 677 км Көлік, жаяу
Шокай Датка кесенесі (Саудакент) 678 км Көлік, жаяу
Саудакент қалашығы (Саудакент) 679 км Көлік, жаяу

5. САРЫСУ АУДАНЫНЫҢ АУЫЛДЫҚ ОКРУГТЕРІНДЕГІ ХАЛЫҚ САНЫ МЕН Э ТНИКАЛЫҚ ҚҰРАМЫ ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТ

(Муртазаева Б.)

Сарысу ауданы халқының ұлттық құрамы 10 диаспораны құрады, атап айтқанда: орыстар 19 %), дүнгендер (0,8 %); ұйғырлар (1 %); татарлар (1,4%); өзбектер (1,8 %); украиндар (1,5 %); қырғыздар (2 %); кәріс (2,5 %); шешендер (2 %); күрділер(3 %) және ірілі-ұсақты басқа халықтар (1%). Бұл диаспоралардың біразы 1937 кейіннен 1944 жылғы нәубет кезінде келгендер, ал қалғандары – Жаңатас қаласына 1967-1969 жылдар аралығында қаланы соғу үшін Совет Одағының түкпір-түкпірінен жіберіліп, қоныстанып қалғандар.

                                                                                                                       Кесте 2

Ірі елді мекендері:

Халық құрамы

Ауыл аты

Халық саны түрік

орыс

удмурт

ұйғыр

әзір

байжан

татар

өзбек

күрд

украин

қарайым шор кәріс қырғыз неміс шешен грек басқалар

Байқадам ауылдық округы

5500

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

             

Досбол ауылдық округі

Досбол

361

 

 

 

 

 

 

 

 

 

               
Кіші Көкдала

71

 

 

 

 

 

 

 

 

 

               
Үлкен Көкдала

68

 

 

 

 

 

 

 

 

 

               
Шағалалы

200

 

 

 

 

 

 

 

 

 

               

700

 

 

 

 

 

 

 

 

 

               

Жайылма ауылдық округі

Жайылма

2720  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

             

Ақтам

62  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

             

Қызылдиқан

400  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

             

Маятас

400  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

             

2305

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

             

Жаңаарық ауылдық округі

1700

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

             

Жаңаталап ауылдық округі

1700

 

 

 

 

 

 

 

 

 

               

Игілік ауылдық округі

2500

 

 

 

 

 

 

 

 

 

               

Қамқалы ауылдық округі

Шығанақ

600    

 

 

 

 

 

 

 

 

             

Жайлаукөл

400    

 

 

 

 

 

 

 

 

             

Қамқалы

200    

 

 

 

 

 

 

 

 

             

1400

   

 

 

 

 

 

 

 

 

             

Тоғызкент ауылдық округ

Тоғызкент

1200  

 

 

 

 

 

 

 

 

               

Майлыкөл

400  

 

 

 

 

 

 

 

 

               

Әбілді

200  

 

 

 

 

 

 

 

 

               

1800

 

 

 

 

 

 

 

 

 

               

Түркістан ауылдық округі

Әшір Бүркітбаев

800  

 

 

 

 

 

 

 

 

               

Арыстанды

400  

 

 

 

 

 

 

 

 

               

Үшбас

200  

 

 

 

 

 

 

 

 

               

Қаратас

200  

 

 

 

 

 

 

 

 

               

1600

 

 

 

 

 

 

 

 

 

               

Барлығы:

19205 адам

                                                                                     

Экспедиция барысында Сарысу ауданынан   өзге ұлт өкілдерінен (2 орыс, 2 күрді) сұхбат алынып, бейнежазба жасалды:

Кесте 3

Сұхбат алушы туралы мәлімет

Толық аты-жөні: Осипов Виктор Яковлевич
Нақты мекен-жайы: Саудакент ауылы, Алтынсаринкөшесі, 13
Ұлты: орыс
Туған жылы мен жасы: 09.12.1937 жыл
Білімі: Орта арнаулы, жүргізуші
Сөйлеу тілі: Орысша, қазақша біледі
Мамандығы, жұмыс орны: зейнеткер
Қосымша мәліметтер: Жалғыз басты, сұхбатты қазақша берді
Күні, айы, жылы: 17.06.2017

 

Осипов Виктор Яковлевич 1946 жылысоғыстан кейін Куйбышеа облысының Поддельск қаласынан Тараз қаласының балалар үйіне келеді. Кәмелет жасына келгеннен кейін трактошының оқуын оқиды. Содан кейін жолдамамен Байқадамға келеді. Бұл жерге келгеннен кейін Рахымжан деген қазақ кісінің жанұясына бала етіп алады да, осы жанұяның бір мүшесі ретінде жұмысын істеп жүреді. 1957 жылы тыңды игеру кезінде Целиноградқа 1 айға іссапарға барып келеді. 10 жыл тракторист болып қызмет атқарғаннан кейін елді жарықпен қамтамасыз ету мекемесіне ауысады да, Шымкенттегі Южказэнерго техникумына оқуға жіберіледі. Содан электрик, одан кейін поштада жүргізуші, ауруханада жүргізуші болып 27 жыл жұмыс істеп, зейнетке шықтым.

Мейрамдардан пасханы, масленицаны, жаңа жылды тойлаймыз, ауылда 2-3 жанұя бар орыстар, солармен әңгімелесемін. Дінім – правослаие, кішкентай кезімде, Ресейде жүрген кезімде шоқындырылғанмын. Қазір қолым бос, аулаға шығамын, теледидар көремін, газет оқимын, қазақша, орысша бірдей оқи беремін. Достарымның барлығы қазақтар, солармен туысқан сияқты болып кеткенмін. Елімізге амандық, жақсылық тілеймін.

Жаңатас қаласының құрметті тұрғындары болып табылатын өзге ұлт өкілдерінің айтар сөзі: Анна Сергеавна: - Менің ұлтым орыс. Жаңатас қаласының тумасымын. Әкем Сергей мен анам Татьянаның қолында әпкем екеуміз өсіп, бойжеттік. Қаладағы Ш.Уәлиханов мектебінің орыс сыныбын бітірдім. Қазақ жігіті Бағланмен жұбым жарасып, осыдан он үш жыл бұрын отбасын құрдық. Қарақат, Сұлтан-Бейбарыс, Темірхан есімді перзеттердің анасымын. Мен өз бақытымды қазақ жігітінен таптым. Менің құт мекенім де, Отаным да Қазақстан. Орыс қызы бола тұрсам да, қазақша ойлауға дағдыланып кеткенмін.Маған қазақ халқының салт-дәстүрлері, әдет-ғұрыптары да қатты ұнайды. Менің бүкіл бітім-болмысым қазақ халқымен етене жақындасып, бітісіп кеткен. Қазақи қасиеттерді орнықтыруға арқа сүйер азаматым, сүйікті жарым, ата-ене Үсенхан мен Жарқынның ықпалы өте зор болды. Мен иіліп сәлем салып, орамал тартып, ата-ене, қайын-жұртының есімін айтпай, сыйласу, оларды қадірлеу және құрметтеуді басты парызым деп ойлаймын. Сондай-ақ, әлемде көңілі мен ниеті өзінің кең даласындай дархан, қонақжай, мейірімді де қайырымды әрі кешірімді халық жоқ деп есептеймін. Егер Қазақстанда бүгінде достық пен татулық, бауырластық салтанат құрып отырған болса, оның басты дәнекері мен кепілі қазақ халқының өзі деп білемін.

Күрді ұлтының өкілдері Сұлтан Алиев және Вардак Алиева: -Бүгінде Күрді ұлтының өкілдері отбасының бәйтерегі, асқар тау әке Сұлтан Алиев пен ақ жаулықты ана Вардак Алиева ұлды ұяға, қызды қияға қондырған үлгілі отбасының алтын діңгектері. 1937 жылдан бері Арыстанды ауылының тұрғындары. Осы ауылда отбасын құрып, бүгінде бір қауым ел болып отырған жайы бар. Атамыз қазақ «Бала-адамның бауыр еті», «балалы үй-базар» дейді. Өйткені бала өмірдің жалғасы, отбасының жеміс берер гүлі. Баланың болашақта жақсы азамат болып өсуі үшін, жан-жақты тәрбиелі болуы отбасында берілетін тәрбиеге тікелей байланысты. Олай болса Сұлтан ата Вардак апаның отбасынан тараған ұрпақтары Абдулла Шымкент қаласындағы Политех колледжінің қызметкері, Ануар Арыстанды мектебінің директор орынбасары, Арап пен Зерқалым жоғарғы білімді Арыстандының тұрғындары, Аян мен Катя Шымкент қаласындағы жеке кәсіпкерлер, Уакил Арыстанды мектебінің жұмысшысы, Уазир Жаңатас қаласының тұрғыны. Бүгінде бұл отбасынан тараған 5 ұл, 3 қыздың барлығы да отбасылы. Осы ұрпақтарынан 36 немере, 4 шөбере көрген елге сыйлы ата мен әже. Отбасы – адам үшін ең жақын әлеуметтік орта. Отбасы белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің, мұралар мен салт-дәстүрлердің сақтаушысы. Олай дейтін себебіміз, Алиевтер отбасы да өздерінің салт-дәстүрлерімен қоса қазақ халқының да салт-дәстүрлерін терең меңгеріп, тұрмысында үнемі қолданып келеді. Бұған себеп,- деді, Сұлтан қария,- қазақ халқының кеңпейілділігі мен бауырмашылдылығы. Біз осында келгенде жергілікті тұрғындардың құшақ жая қарсы алғандығы, олардың бізбен бір нанды бөлісіп жегені,


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow