Сценка «Опять двойка»

Би: Вход

2-жүргізуші:

· Бірнеше жыл бойы сіз бен біз өміріміздегі ең маңызды «Балабақша»

атты фильмнің басты кейіпкерлері болдық. Бұл фильм бізге көптеген нәрселерді үйретті. Бұл фильмнің қызықты өтуіне өте белсенді, керемет ұжым үлес қосты. Бұл фильмнің өз режиссері, өз қоюшы операторы, өз сценаристі, өз стилисті, өз хореографы және тағы басқа көптеген кейіпкерлері болды. Бұл фильмнің ең маңызды басты кейіпкерлері бұл әрине біздің түлектеріміз. Бүгін біз «Балалық шағымның мекені» фильмін сіздерге ұсынбақшымыз.

Назар салып қараңыздар. Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! Құрметті қонақтар, ата-аналар! Ертеңгілік барысында қол телефондарыңызды сөндіріп, дабыр сөзді қойып, қолдарыңыздан келгенше әр баламызды қошеметтеп, әр сөздерін мұқият тыңдап, өнерлеріне тамсанып, қуаныштарын бөлісулеріңізді сұраймыз.

1-кадр, «Сәби болдым мен кеше»

Би: «Бүлдіршіндер»

Слайд №1 «Бүлдіршіндер фото слайд»

2-жүргізуші: Уақыт өте келе балаларымыз балабақшаға да

үйреніп,балабақшаның ең сүйікті балалары болып шыға келді. Дәл сол сәтте олардың ең жақсы достары ойыншықтары болды.

 

2-кадр, «Ойыншықтарым көп менің»

Ойыншықтар туралы жаттаулар:

_________:Ойыншығым көжегім,

Қорықпайды қашпайды

Тәтті сәбіз ұсынсам

Ұстай алмай тастайды

Ұшағым бар ойыншық

Ұшырмасам ұшпайды

Айналам деп аспанды

Шаршағанға ұқсайды

_____________: Ала добым аямай

Ұрсам жерге өршиді

Шығып кетіп қолымнан

Паналады көрші үйді

Досым маған ойыншық

Машинасын сыйлады

Бірақ оның ішіне

Саусағым да сыймады.

_________: Қуыршақтар ұйықтайды

Айтқаныңнан шықпайды

Ал, қозы мен құлыншақ

Ұйықта десең ұқпайды

Тыңдамайды ұрысса

Осылары дұрыс па?

Тентектікті тыймаса

Тұрғызамын бұрышқа.!

_________: Ойыншығым құрастырғыш

Көрсетеді көмегін

Кімге көлік, кімге үй

Құрастырам керегін

Ойыншықтарым көп менің

Бәрін жақсы көремін

Кешке дейін жалықпай

Бірге ойнап жүремін.

Ортаға ойыншықтар ханшайымы келеді.

- Сәлеметсіңдер ме балалар! Мен сендерге қонаққа келдім, сендердің мен туралы айтып жатқандарыңды естіп қатты қуанып кеттім.

- Балалар келіңдер би билейік.

Би: «Ойыншықтарым менің»

Ойыншықтар Ханшайымы балалармен бірге билейді. Балалар билеп болып ойыншықтарды тастап кетеді. Ойыншықтар Ханшайымы мұңайып қалады.

1-жүргізуші:

- Ойыншықтар Ханшайымы саған не болған? Неге көңілсіз болып қалдың?

Ойыншықтар Ханшайымы:

- Сіздер көрмейсіздер ме, балалар мені ұмытып кетті, енді олар менімен ойнағысы келмейді. Мен ешкімге керек емеспін енді.

1-бала:

- Ойыншықтар ханшайымы бұл мүлде олай емес, біз сені ұмытқан жоқпыз. Біз енді есейдік, енді мектепке барамыз. Сондықтан біз саған өзімізден кіші балаларды дос болуға шақырдық. Оларды қарсы алыңыздар.

Кіші топ балалары жаттау.

1-бала: Қош балалар сәт сапар

Бақытты бәрің болыңдар

Жақсы оқып сабақты

Кілең бестік алыңдар

2-бала: Бірге ойнап бірге жүрген

Күндерімізді қимаймыз

Естелік болсын біздерден

Кітап, дәптер сыйлаймыз.

Ойыншықтар Ханшайымы:

Ой балалар, мен сондай қуаныштымын. Рахмет сендерге.Біз сендерге бөгет жасамай, балалармен барып ойын ойнайық.

 

3-кадр:

«Мы маленькие звезды»

-Балаларымыз өсе келе балабақшада бірнеше тіл меңгере бастады, дәл қазір балаларымыздың орыс тіліндегі өнерлерін тамашалаңыздар.

________До свидания, до свидания

Наш любимый детский сад

Ты сегодня провожаешь

В первый класс своих ребят

В сентября звонок веселый

Позовет нас в первый класс

Мы войдем в большую школу

И просторный светлый класс

                             ______________ С сентября я ученик,

Мама купит мне дневник

А еще портфель и книжки

Мы ведь больше не малышки!

Не забудем мы о том

Как шумели в тихий час

Не печалься добрый дом

Мы уходим в первый класс

 

       ___________ Время очень быстро мчится

Мы заметно подросли

Будем к знаниям стремиться

Строить здания мосты

Почему мы очень любим

Наш любимый детский сад?

Потому что здесь чудесно

Очень-очень интересно

__________ Каждый день мы в сад ходили

Здесь встречали нас, кормили

Здесь учили нас играть

Песни петь и танцевать

Очень жаль нам расставаться

Но не можем мы остаться

Хоть детсад второй наш дом

Скоро в школу мы пойдем

_____________ В новый мир открылась дверь

До свиданья детский садик!

Ждут, малыш, тебя теперь

Парты, книжки и тетрадки!

В школе будет очень много

Светлых и счастливых дней

Собирайся же в дорогу

И шагай вперед смелей!

___________ Много, много дней подряд

Зимой и летом

Мы ходили в детский сад 

В детский сад родной

Мы всегда сюда спешили

Очень мы его любили

Жалко с ним прощаться

Жалко расставаться

_________ Праздник не простой у нас

Он бывает только раз

И сегодня в детский сад

Гости к нам не зря спешат

Этот праздник наш веселый

Потому что скоро в школу

Только жаль прощаться надо

Нам с любимым детским садом.

Сценка «Опять двойка»

Режиссёр:

Я хочу снять фильм! Великий фильм! О чём же он будет? Ах! Точно! О школе! А фильм будет называться «Опять двойка».

Ассистентка: Кадр 1 дубль 1

(Выходят отец с газетой, мать со стиркой, сын с портфелем, музыка сельская)

                                   Сын: Мам! Я получил двойку.      

Мама: Отец! Наш сын получил двойку.

Отец: Как наш сын получил двойку? Где мой ремень?

Режиссёр: Стоп, стоп, стоп! Что-то здесь не то! Точно! Надо что-то повеселее!

Ассистентка: Кадр 1 дубль 2

(музыка рок-н-ролл)

То же самое только весело

Сын: Мам! Я получил двойку.

Мама: Отец! Наш сын получил двойку.

Отец: Как наш сын получил двойку? Где мой ремень?

 

Режиссёр: Стоп, стоп, стоп! Что-то здесь не то! Точно! Надо что-то спортивное!

Ассистентка: Кадр 1 дубль 3

(музыка «А ну ка песню нам пропой весёлый ветер»)

Тоже только речитативом под маршировку

Сын: Мам! Я получил двойку.

Мама: Отец! Наш сын получил двойку.

Отец: Как наш сын получил двойку? Где мой ремень?

 

Режиссёр: Стоп, стоп, стоп! Опять не то!  Что-же делать ааа? Точно! Надо как-то потрагичнее!

Ассистентка: Кадр 1 дубль 4

(музыка грозная)

Сын: Мам! Я получил двойку.

Мама: Отец! Наш сын получил двойку.

Отец: Как наш сын получил двойку? Где мой валидол?

Режиссёр: Стоп, стоп, стоп!

Все падают. Встают, кланяются.

 

Ән:      

 

 

                                   4-кадр.

                      «Әртіс болам мен ертең»

Көрініс «Портфель»

Жүргізуші:Нурила

Пенал: Дастан

Әліппе: Айша

Дәптер: Данай

5-тік: Нұрсұлтан

4-тік: Бернұр

Қызыл қалам: Диана

Көк қалам: Сағадат

2-лік: Аян

Оқушы: Аянат
Портфельдің суреті салынған үйшік
Нурила: Биік те емес, аласа
Бір портфель тұр жараса
                 Қызыққандар кіре алмай
            Сыртында жүр таласа

             Сонда бұны кім алған,
           Ішіне оның не салған
             Құлпын ашып көрейік
          Нелер барын білейік

Тук, тук, тук
  Кіруіме бола ма?
        Әлде біреу тұра ма
               Әрине ешкім тұрмайды
              Тұрса үнсіз болмайды.
    Әне пенал келеді
          Сөзімді ол жалғайды.

Пенал: Пай, пай, пай
Түсім бе, әлде өңім бе?
Жай портфель емес тегінде
Болса болар тек қана
Ертегілер елінде
Жақынырақ барайын
Ішіне көз салайын
Кім тұрады бұл жерде
Жайлап біліп алайын

Тук. Тук, тук
Болар ма екен кіруге?
Кім тұрарын білуге
Жауапсыз қалды сұрағым
Ендеше  өзім тұрамын
(Ішіне кіріп кетеді)

Нурила: Енді  әліппе келеді
Портфельді олда көреді.

Әліппе: Ашық екен есігі
Ішіне жайлап кірейін
Кімдер барын білейін
Жақсы достар болса егер
Бірге өмір сүрейін

Нурила: Есікті ашып осы сәт
Пенал шықты ақылды
Әліппені өзімен
Бір тұруға шақырды

Пенал: Кір әліппе бас қосайық
Бірге тұрып достасайық.

Нурила: Жүгіріп дәптер келді де
Кіргісі келіп ішіне
Қарайды олда телміре

        Дәптер: Жазу жазар болса кім
Онда менде керекпін
Кіргізіңдер мені де
Бір тұрайық демекпін

         Нурила: Әліппеде жөн көрген
Адал досты
Қатарына дәптерді
Жедел қосты

      Әліппе: Кел дәптерім келіңіз
Портфельме кіріңіз
Оқушы үшін әрқашан
Керекпін деп жүріңіз

      Нурила: Түрлендірген бір - бірін
Достарды күтіп алыңдар
Келіп жетті жүгіріп
Түрлі – түсті қаламдар.

                 Пайда болды «4»-ік те
Көп ұзамай «5»- тік те
Айтып жатты жарасып
Өз ойларын естірте.

       «5»- тік:Оқушының бәрі де
Мені жақсы көреді
Портфельдің дәл төрінен
Маған орын береді.
    «4»- тік: Жақсы оқитын балалар
«4»-пен «5»- ті алады
Ұқыпты, өзі ынталы
Тәрбиелі болады.

Қызыл қалам: Әрине, әрине
Керексіңдер бәріңде
Көңіл сиса сиямыз
Тар болса да ұямыз

Көк қалам: Тәртібінен сабақтан
«4», «5» алып жарыссын
Кіріңдер жақсы бағалар
Оқушылар танысын

      Нурила: Міне осылай портфельдің
Лезде іші толып кетті
Арттарынан жүгіріп
«2»- лік те жетті

«2»- лік: Портфелім мені қалдырмай
Кіргізіп ал ішіне
Жалқауларға жайлымын
Жалынбаймын үшіне

                 Жалқауларды жалдап алам
Аңқауларды алдап алам
Көшпей қалса сыныпта
Досым үшін менде қалам

        Нурила: Сұрланып босағадан
Пенал шықты
Ұрысып екілікті
Жерге тықты

      Пенал: Сөздеріңді жөн көретін
Бізді аңқау деп едің
Балалардың досы мықты
Сендерсіз- ақ күн көретін
Еңбек етпей ерінсе
Ол оқушы болама?
Достарымыз «4»пен «5»
Кетіңдер бізге жолама!

   Нурила: Кіргізбестен екілікті
Сарт етіп есік жабылды
Cыйқырланып портфель
Пішіндерін өзгертіп
Иесін енді іздеді
Оқушы екен иесі
Міне өзі табылды
                          (оқушы қыз жүгіріп шығады)
Оқушы қыз: Мен іздеген портфель
Іздеп жүрсем алыстан
Шыға келдім алдымнан
Ант беремін, уәде айтып
Жақсы оқушы боламын
Кілең бестік аламын
Тәрбиелі, үлгілі
Қазақстан азаматшасы боламын





































































































Кадр.

«Ұлттық өнер»

Айтыс

(Мейірім мен Данай)

Жаттаулар:

·

Бір шаңырақ астында

Тату тәтті тұрамыз

Бірге ішеміз шайды да

Бірге сайран құрамыз

Ортақ болып ісіміз

Еңбек десе тынбаймыз

Үлкен сыйлап кішімізді

Аға ақылын тыңдаймыз

Достықты үлгі сыйлаған

Бір үйде біз тұрамыз

Қалған ата-бабадан

Бірлік асыл мұрамыз

·

Шашымды да тарадым

Айнаға да қарадым

Ерте тұрдым ұйқымнан

Мен мектепке барамын

Таудай биік талабым

Суретті де саламын

Әзір менің дәптерім

Қарындаш пен қаламым

·

Қоштасып мен бүгін балалықпен

Қоштасамын сыйқырлы балабақпен

Танысып мектеп деген әлемменен

Достасамын біліммен даналықпен

·

Біз бақытты баламыз

Жетіліп ой санамыз

Бақшамызбен қоштасып

Мектепке кетіп барамыз

Бал күндерді қиялдап

Сағынамыз әлі-ақ біз

·

Балабақша байтағым

Күліп ойнап қайтамын

Ән саламын би билеп

Тақпақты да айтамын

Көңілдіміз күлеміз

Әріптерді білеміз

Бақша біздің үйіміз

Тату тәтті жүреміз

·

Сезімді туған баламыз

Оянды ақыл санамыз

Адамдықтың бастауын

Өзіңнен алып барамыз

Бүгін қызық бүгін той

Біздер үшін біліп қой

Әнге салып, би билеп

Жалғастырсын ойды-ой

Кадр.

«Биле, балақай»

Би:

Кадр.

«                                   » ағылшын тілінде

Ән:

Жаттаулар:

1-жүргізуші:

- Құрметті көрермендер, «Балалық шағымның мекені» атты фильміміз  бүгін өз жұмысын аяқтайды. Бүгін дәл қазір сіздер балабақшамыздың  ең жарық жұлдыздарымен таныстыңыздар. Осы жұлдыздардың жарқырауына себепші болған жұлдызды тәлімгерлермен де таныс болыңыздар!

· Жұлдыздарымыздың осындағы әр күні таңғы жаттығудан басталды, жұлдыздарымыздың сымбаттарының келісті болуына үлес қосқан жаттықтырушы- Дейханова Замира Вахаповнаны қошеметпен ортаға шақырамыз.

· Жұлдыздардың ән айтып, әнді жүрекпен түсінуін  үйреткен музыкалық жетекшісі, музыкалық продюссері – ___________________________ ортаға қошеметпен шақырамыз.

· Денсаулық басты байлық-демекші, жұлдыздарымыздың денсаулығына басты мән берген, оларды түрлі сырқаттардан қорғаған жұлдызды дәрігер – ____________________________ ортаға шақырамыз.

· Жұлдыздарымыздың дұрыс тамақтануына аса мән беретін, ең пайдалы ең дәмді тамақты бізге жеткізетін керемет қоймашы, диетолог маманымыз _______________ апайды ортаға қошеметпен шақырамыз.

· Жұлдыздарымыздың әлемдік сахнаға шығуы үшін бірнеше тілді меңгеруі керек, оларға ерінбей тіл үйреткен ағылшын тілі маманы- ____________________ мен орыс тілі маманы-_________________________ ортаға шақырамыз.

· «Жұлдыз ауруына» шалдыққан жұлдыздармен жұмыс жасап оларды сабасына түсіретін, өзінің сырлы сөздерімен емдейтін жобамыздың бас психологы ___________________________ ортамызға шақырамыз.

· Жобамыздың жарқырауына, жұлдыздарымызға шығармашылық бағыт беретін, шабыт сыйлайтын жобамыздың бас редакторы Сагиндикова Алтынай Асильбекқызын ортамызға шақырамыз.

· Фильміміздің бас директоры _________________ Фарида Кушеналиевнаны қошеметпен ортаға шақырамыз.

· Біздің фильміміздің қызықты өтуі үшін бізді қаржылай қолдап отырған фильміміздің бас продюсері Зухра Сайлаубекқызын қошеметпен ортаға шақырамыз.

· Құрметті көрермендер, бұл біздің жобаны жасаушылардың бір ғана бөлігі, бұдан басқа жұлдыздарды тәрбиелеген қос тәрбиеші, тәрбиеші көмекшісі, аспазшылар мен кір жуушылар, қоймашы тағы басқа көптеген адамдар сіздердің балаларыңыз үшін аянбай қызмет етті.

· Және ең маңыздысы- жобамыздың басты қолдаушысы, спонсорлары- ол сіздерсіздер құрметті ата-аналар! Әрі қарай да осы жұлдыздардың жарқырауы үшін оларды қолдап, қорғап жүретіндеріңізге сенімдіміз.

- Келесі кезекте балалардың жыр шашуларына кезек берейік.

___________: Сіз дархансыз, мейірімді анасыз

Қастерлейтін қамқоршымыз данасыз

Ұшыратын жас қанатты қатайтып

Балаларға әрқашанда панасыз

Зухра Сайлаубекқызы сізге сәби жүректен

Айтамыз біз мың алғыс!

______________: Біздің апай Алтынай

Мамандығы әдіскер.

Бұл апайға қарасақ,

Ақылына көркі сай.

Мақтан етем әрдайым,

Аман болшы, апатай!

         _____________: Талай-талай баспалдақты аттармыз,

Ата-ананың үмітін де ақтармыз.

                                                 апай, сізден алған ақылды

Есімізде өмір-бақи сақтармыз.

                         _________: Денсаулыққа болаттай

Ауруларды жолатпай

Күнде болған әбдігер

Қамқоршымыз дәрігер

Жанна  апайға мың рахмет!

                        _________: Бақшадағы күндерді

Есімізде сақтаймыз.

Орыс тілін үйреткен

Зухра апай сіздің де

Еңбегіңізді ақтаймыз.

                     ___________: Тіл үйреткен біздерге

Ерінбестен күн сайын

Тілімізді сындырып

Ағылшынша сөйлеткен

           апай сізге де

Айтамыз біз мың алғыс!

                     ____________: Шетімізден шеберміз

Бал татиды әніміз

Мың бұралған биіміз

Лариса Петровна біз сізге

Қарыздармыз бәріміз

                 _____________  Замира апай үйреткен

Жаттығуды қайталай

Шынығамыз ойнаймыз

Бір сәтке де тынбаймыз

Шаршамаймыз талмаймыз

Өйткені біз нардаймыз

Күнде жасап жаттығу

Біз чемпион боламыз

Жетекшіміз Замира Вахаповнаға мың алғыс!!!.

     _______________:    Еңбек еткен еңселі,

Сырты менен ішіне.

Бала-бақша қызметін,

Иығына көтерген.

Дәмді, тәтті тағамды

Жеткізген бізге дүкеннен.

Қоймашы           апайға мың алғыс!

Ән: «До свиданья детский сад»

Би: Вальс

 

1-жүргізуші:

Еліміздің болашағы өздеріңіз

Жанатын жалындайтын кездеріңіз

Балалар бақыты үшін еңбек еткен

                   _____________________________сөз береміз.

 

· Құттықтау, дипломдар табыс ету.

 


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: