Хаттама №1 07.02.2018 жыл

Орал, 2018

Батыс Қазақстан облыстық білім басқармасының

мектепке дейінгі, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының облыстық оқу-әдістемелік кабинеті

 

 

 

10-11 СЫНЫПҚА АРНАЛҒАН

«БИОНИКА-ТАБИҒАТ ПЕРЗЕНТІ»

ҚОЛДАНБАЛЫ КУРС БАҒДАРЛАМАСЫ

Жолдасбаева Ж.Ж. №41 жаратылыстану-математика бағытындағы мектеп-лицейінің және Абулгазиева Г.Б. №42 «Ақ ниет» гимназиясының биология пәнінің мұғалімдері іс-тәжірибесінен

 

 

Орал, 2018

Батыс Қазақстан облыстық білім басқармасының мектепке дейінгі,           жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің сараптама кеңесінде қаралып, облыс педагогтарына таратуға ұсынылды.

Хаттама №1 07.02.2018 жыл

Құрастырушылар:

Жолдасбаева Ж.Ж. – № 41 жаратылыстану - математика

бағытындағы мектеп-лицейінің биология пәнінің

жоғары санатты мұғалімі

Абулгазиева Г.Б. – №42 «Ақ ниет» гимназиясының

биология пәнінің бірінші санатты мұғалімі

 

Пікір жазғандар:

Қажымұратова Ж.С. - М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті, биология және экология кафедрасының  аға оқытушысы

Батырова Т.К. - № 34 А.Тайманов атындағы мектеп-

гимназиясының биология пәнінің жоғары санатты

мұғалімі

 

                          

 

 

Бұл ұсынылып отырған қолданбалы курс биология пәнінің мұғалімдеріне көмекші құрал ретінде пайдалануға болады.

 

Мазмұны

 

Түсінік хат...................................................................................................... 4

 

Бағдарламаның мазмұны............................................................................. 6

 

Күнтізбелік-тақырыптық жоспар................................................................. 7

 

Сабақ жоспары үлгілері............................................................................... 9

 

Қолданылған әдебиеттер.............................................................................. 35

 

 

Түсінік хат

Жаратылыстану-математика бағытындағы мектептер мен сыныптарда биологияны оқыту түрлі тіршілік шаруашылық саласында, технологиянының дамуы, медицинадағы жаңалықтар мен өзгерістер барысында биологияның қосқан үлесін көрсететін, кәсіптік мәні оқу материалдарын толық қарастыруды қамтамасыз ететін оқытудың жүйелілігін, баяндау логикасын сақтай отырып жүзеге асырылады.

Бионика- жаңа ғылымдардың бірі.

Адам баласы қазіргі уақытта бұрын соңды болмаған орасан зор табыстарға жетіп жатыр. Техника саласын дамыта түсуде. Тұрмысқа қажетті энергия қуатын, материал- дық шикізатттарды тікелей табиғат көздерінен алу үшін қуатты да, адам тәрізді істерді атқара алатын «ақылды машиналар» жасауда. Нанотехнология да дамуда. Осындай көптеген ғылым салаларының ішінде оқушыға бірден - бір белгілі бір бағытта маманданатын, қызығушылығын тудыратын ғылым саласының бірі - бионика. Ғылым мен техниканың бір тұлға болып, тұтас кемелденуінің бір айғағы да - ол бионика.

Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану- математика бағыты бойынша 10- 11 сыныпқа арналған қолданбалы курс.

Курс мазмұны пән бойынша жалпыға міндетті білім берудің мемлекеттік стандартына сай жасалған.

Барлығы 34 сағатқа (аптасына 1 рет) негізделіп жасалынған. Бағдарламада оқу материалын қосымша әдебиеттерді пайдалану арқылы оқыту, қазіргі кездегі ғылым жаңалықтарымен толықтыру көзделеді.

Оқушылар курсты меңгеру барысында бионика ғылымының жетістіктерін, ғылым ретінде қалыптасуы, техниканы тұрмысқа пайдаланып, ғылым мен техниканың бір -бірімен ұласуын, табииғаттағы тірі ағзалардың тіршілігіндегі ғажап әрекеттер туралы біледі. Оқу процесі кезінде оқушы танымдық ой санасын, ойлау қабілетін дамытады. Білім жүйесі ғылыми түрде қалыптасады.

Екінші жағынан тұлғаның қалыптасуына ең қажетті элемент - өз бетінше жұмыс жасауға дағдылануы.

Үшіншіден, оқу процесінде ынталандырушылық, танымдық, дамытушылық және тексеру сияқты қызметтер жүзеге асырылады.

Жеке іздену жұмыстарын жүргізу барысында оқушылар еңбекқорлыққа, табандылыққа, шығармашылықпен жұмыс жүргізуге,ұмтылысқа талпынады.

Пән аралық байланысқа негізделген ақпараттар енгізілген. Оқушылар мазмұнына байланысты биолог, физик, биофизик, өнертапқыш, инженер, архитектор, конструктор, техника ғылым саласы мамандықтары бойынша қажетті ақпараттар ала алады.

Бағдарлама да оқытылатын тақырыптар мазмұнымен қатар танымжорық енгізілген.

 

«Бионика-табиғат перзенті» қолданбалы курс, 10-11 сынып

Бағыты: жаратылыстану-математика

Бағдары: химя-биология, математика, физика

Курсты оқытудың мақсаты:

1. Оқушылар мектеп бағдарламасына сәйкес тірі ағзалардың құрылысы, тіршілік әрекеттері туралы оқып үйрету. Ғылым мен техниканы байланыстыру арқылы табиғат, техникалық ғажаптармен таныстыру.

2. Пән бойынша оқыту, дамыту, тәрбиелеу қызметтерін іске асыру.

3.Кәсіби бағдар беру.

 Курсты оқыту міндеттері

1. Оқушыларды жаратылыс тану ғылымы дүниетанымы мен техника ғылымының ғылым бейнесін, ғылыми көзқарасын қалыптастыру.

2. Тірі ағза тіршілігіндегі іс – әрекеттері мен техниканың дамуындағы құбылыстардың үйлесімділігін ұғыну арқылы ойлай білуге дағдыландыру.

3. Қызығушылығын тудыру.

4. Мамандықтарға баулу, кәсіби бағдар беру.

Мамандыққа бағыттау: архитектура, биотехнология, медицина, география, зоология, медицина, робототехника

Пәнаралық байланыс: жалпы биология, анатомия, физика, сызу, математика

Ұйымдастыру формалары: дәріс, конференция, оқушылардың шығармашылық жұмыстары, ғылыми жобалар

 Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар:

· Бионика ғылымы мақсаты мен міндеттерін білу.

· Зерттеу бағыттары, әдістерін білу

·. Тірі табиғат іс - әрекеттерін техникада пайдалану жолын біледі

·  Өнертапқыштар еңбегі. Өсімдіктер әлемі

·  Тірі табиғат конструкциясы. Тұрмыста, техника т.б салаларда пайдалану.

·  Адам ағза мүшелері, құпиясы

Күтілетін нәтижелер: курстың соңында оқушылар:

- Бионик ғалымдар, басқа да осы салаға байланысты маман иелері туралы қоршаған ортада тірі ағзалардың әрекетіне сипаттама бере алуы тиіс                         -Құстар, жануарлар дене құрылыс ерекшеліктері, тіршілік әрекеттері туралы жаңаша көзқараста болады

  -танымдық іс-әрекеті, тапқырлығы артады, қызығушылығы оянады

  - биология пәнінің бионика саласы бойынша меңгерген білім, іскерлік дағдыларын басқа пәндерден алған білімдерімен ұштастыра біледі

 

«Бионика-табиғат перзенті» қолданбалы курс бағдарламасының мазмұны

(10-11сынып)

Кіріспе (5 сағат).

 

Бионика ежелден белгілі жаңа ғылым. Бионика ғылымының мақсаты мен міндеті. Бионика ғылымының қалыптасуына басқа ғылымдардың әсері. Бионика ғылымының зерттеу бағыттары. Бионика өмірге жолдама алды.

Тірі ағза және техника (29 сағат).

 

Құстар мен техника. Өнертапқыштар-табиғат шәкірттері. Электрлі балықтар бионика ғылымында. «Пингвин», «Живой бур» машинасы, гиротрон аспабы

 Биомеханика. Архитектура-құрылыс бионикасы. Эйфель мұнарасы және оның биологиялық моделі. Жарық шығаратын хайуанаттар. Тірі барометрлер. Жергілікті синоптиктер. Биологиялық ырғақ пен биологиялық сағат. Тірі сейсмографтар. Өзіндік ізденіс жұмыстары. Эхолокация. Көз сыры. Биолюминисценция. Биомагнитизм. Химиктерге модельдер ұсынылады. Азот тыңайтқышын өндірудің қарапайым жолдары. Жасанды сезім мүшелері. Электронды ми. Нейробионика. Кибернетика. Бионика- жиһаз, киім сән үлгілерін жасауда. Бионика медицинада. Биороботтар. Жасанды саусақ және жасанды қол, аяқ. Мүшелер сыры толық ашылды ма?

 

Жануарлардың алтыншы сезім органдары бионикаға меңзейді. Қазақ халқының тіршілік әрекетінің табиғатпен үндестігі. Деректер жинақтау. Хабарлама жасау. Танымжорық. Сынақ тапсыру.

Күнтізбелік-тақырыптық жоспар

  «Бионика- табиғат перзенті» қолданбалы курс бағдарламасы 10-11 сынып

Р/с Тақырыбы Сағат саны Өтілетін уақыты Өтілу әдісі

І тарау. Кіріспе - 5 сағат

1. Кіріспе. Бионика ежелден белгілі жаңа ғылым 1   дәріс
2. Бионика ғылымының мақсаты мен міндеті 1   дәріс
3. Бионика ғылымының қалыптасуына басқа ғылымдардың әсері 1   дәріс
4. Бионика ғылымының зерттеу бағыттары 1   дәріс
5.  Бионика өмірге жолдама алды 1   дәріс

ІІ.Тірі ағза және техника- 29 сағат

6-7 Құстар мен техника. Өнертапқыштар-табиғат шәкірттері 2   дәріс
8. Электрлі балықтар бионика ғылымында 1   реферат
9. «Пингвин», «Живой бур» машинасы, гиротрон аспабы 1   дәріс
10. Биомеханика 1   дәріс
11-12. Архитектура-құрылыс бионикасы. Эйфель мұнарасы және оның биологиялық моделі 2   дәріс
13. Жарық шығаратын хайуанаттар 1   дәріс
14-15. Тірі барометрлер. Жергілікті синоптиктер. 2   дәріс
16. Биологиялық ырғақ пен биологиялық сағат. 1   дәріс
17. Тірі сейсмографтар 1   дәріс
18. Өзіндік ізденіс жұмыстары 1   дәріс
19. Эхолокация 1   дәріс
20. Көз сыры 1   дәріс
21. Биолюминисценция. Биомагнитизм 1   дәріс
22. Химиктерге модельдер ұсынылады.Азот тыңайтқышын өндірудің қарапайым жолдары 1   дәріс
23. Жасанды сезім мүшелері 1   конференция
24. Электронды ми. Нейробионика.. Кибернетика. 1   дәріс
25-26. Бионика- жиһаз, киім сән үлгілерін жасауда. 2   дәріс, шығармашылық жұмыстар
27. Бионика медицинада. Биороботтар. 1   конференция
28. Жасанды саусақ және жасанды қол, аяқ 1   дәріс
29. Мүшелер сыры толық ашылды ма? 1   дәріс
30. Жануарлардың алтыншы сезім органдары бионикаға меңзейді. 1   дәріс
31-32 Қазақ халқының тіршілік әрекетінің табиғатпен үндестігі. Деректер жинақтау. Хабарлама жасау. 2   Жоба қорғау
33. Танымжорық 1   танымжорық
34. Сынақ тапсыру 1    

Әдебиеттер тізімі

Мұғалімдерге арналған әдебиеттер

1. Ә. Нысанбаев (бас редакторы) «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы Алматы, 1999 жыл

2. К. Биекенов К., М.Садырова М. Әлеуметтанудың түсіндірме сөздігі. -Алматы: Сөздік-Словарь, 2007. - 344 бет

3. Қ.Қайым «Бионика табиғат перзенті» Алматы-1977 жыл

4. Қ.Қайым «Биология және техника» Алматы-1977 жыл

5. С.Махмұтов «Жаратылыстың құпия сырлары» Алматы «Қайнар» 1980 жыл.

 

 

Оқушыларға арналған әдебиеттер

1. Ә. Нысанбаев (бас редакторы)«Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы Алматы,   

1999 жыл

2. А.Ф. Ковшарь «Биология» жалпы білім бертін мектептің жаратылыстану-математика бағытындағы 11-сыныбына арналған оқулық, Алматы «Атамұра» 2011 жыл.

3. Р.Сәтімбеков, Р.Әлімқұлова, Ж.Шілдебаев «Биология» жалпы білім бертін мектептің жаратылыстану-математика бағытындағы 11-сыныбына арналған оқулық, Алматы «Мектеп» 2015 жыл.

 

 


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: