По предмету: «основы сестринского дела»

Министерство здравоохранения Республики Казахстан

«Томирис» медициналық колледжi

Медицинский колледж «Томирис»  

 

 

                                                                                                                    

                                                             Мамандық/Специальность:

                                                                            0302000 «Медбикелік іс»

                                                                            0302000 «Сестринское дело»

                                    

«МЕЙІРБИКЕ ІСІНІҢ НЕГІЗДЕРІ»ПӘНДЕРІ

БОЙЫНША СТАНДАРТ ЖИНАҒЫ

СБОРНИК СТАНДАРТОВ

ПО ПРЕДМЕТУ: «ОСНОВЫ СЕСТРИНСКОГО ДЕЛА»

 

  Стандарттар жинағында науқасты күту сұрақтары көрсетіліп,пәннің бүкіл тақырыптары бойынша мейірбикелік манипуляцияларын жасаудағы техникасы мен кезектілігі ұсынылған.Бұл стандарттар жинағы оқушыларға қажетті практикалық дағдыларын бекітуіне көмектеседі және медициналық қызметкердің кәсіби маңызды деген қасиеттерін қалыптастырады.

 

 

Мазмұны

Стандарттардың аты бет
1 Қолды гигиеналық тәсілмен өндеу  
2 Залалсыздандырылған қолғапты кию және шешу тәртібі  
3 Дезинфекциялық ерітінділерді дайындау  
4 ЕСМ бөлімдерін жинастыру  
5 Медициналық аспаптарды залалсыздандыруға дайындау  
6 ЕСМ-де пациенттердің санитарлы-гигиеналық өндеуі  
7 Педикулез анықталғанда пациентті тазалау  
8 Пациентті төсекке жатқызу және тасымалдау  
9 Халі ауыр сырқаттың іш-киімін,төсегін ауыстыру іс әрекеттері  
10 Халі ауыр сырқаттың ауыз қуысын,мұрының,көзін,құлағын күту іс әрекеттері  
11 Ойылудың  алдын-алу  
12 Зәрқабылдағышты,дәрет ыдысын беру іс-әрекеттері  
13 Сырқаттың жыныс мүшелерін жуу,базданудың алдын-алу  
14 Порционді талап қағазын толтыру  
15 Сырқатты тамақтандыру іс әрекеттері  
16 Антропометриялық өлшемдер  
17 Дененiң қызуын өлшеу және нәтижелерді тіркеу ic әрекеттерi  
18 Тыныс қимыл қозғалысын есептеу ic әрекеттерi  
19 Тамыр соғуын есептеу іс әрекеті  
20 Қан қысымын өлшеу іс әрекеті  
21 Жылытқыш қою іс әрекеті  
22 Мұзды мұйықты қолдану іс әрекеті  
23 Қыша қағаз қою іс әрекеті  
24 Жылы компресс қою іс әрекеті  
25 Ылғалды оттегі беру іс әрекеті  
26 Асқазанды жуу іс әрекеті  
27 Жел шығаратың түтiктi еңгізу іс әрекеті  
28 Тазалау клизма  жасау іс әрекеті  
29 Босату гипертониялық клизма жасау іс әрекеті  
30 Босату майлы клизма жасау іс әрекеті  
31 Дәрілік клизма  
32 Сифон клизма  жасау іс әрекеті  
33 Қуыққа катетер еңгізу іс әрекеттері  
34 Iшке қабылдау үшiн дәрiлердi үлестiру және реттеу  
35 Инголятормен қолдану іс әрекеті  
36 Дәрі-дәрмектерді еңгізу үшін жұмыс орынды даярлау  
37 Залалсыздандырылған шприцті құрастырып ампуладан дәрі алу  
38 Залалсыздандырылған шприцті құрастырып флаконнан дәрі алу  
39 Тері ішіне инъекция жасау іс әрекеті  
40 Тері астына инъекция жасау іс әрекеті  
41 Шприцті инсулинмен толтыру тәртібі  
42 Антибиотиктерді есептеу және еріту  
43 Бұлшық еттің ішіне инъекция жасау іс әрекеті  
44 Көк тамырға инъекция жасау іс әрекеті  
45 Көк тамырдан биохимиялық зерттеуне қан алу іс әрекеті  
46 Бір рет қолданатын системаны құрастыру және оны сұйықты тамшылап құюға әзірлеу іс әрекеті  
47 Қақырықты жалпы зерттеуге жинау іс әрекеті  
48 Қақырықты бактериологиялық зерттеуге жинау іс әрекеті  
49 Қақырықты БК-ға жинау іс әрекеті  
50 Жұтқыншақ пен  мұрыннан жағынды алу іс әрекеті  
51 Зәрді жалпы анализге жинау әдісі  
52 Зәрді Нечипоренко әдісімен жинау  
53 Зәрдегі қант мөлшерін анықтау үшін жинау әдісі  
54 Зәрді Зимницкий әдісімен жинау  
55 Тәулік диурезі мен су балансын анықтау іс әрекеті  
56 Нәжісті копрологияға жинау  
57 Нәжісті iшкi құртты анықтау әдiсi  
58 Нәжісті жасырын қанның барын анықтау әдiсi  
59 Нәжісті бактериологuялық зерттeyіне алу әдiсi  
60 Дуоденалды зондтауын жүргiзу іс әрекеті және сырқатты дайындау  
61 Өлiмдi анықтау өлген адамның денесiн жайластыру тәртiбi  
62 Терапия бөлімдегі мейірбикенің кезегін қабылдау және тапсыру  

№ 1 стандарт

ҚОЛДЫГИГИЕНАЛЫҚ ТӘСІЛМЕН ӨНДЕУ

Осы тәсілді қолдану көрсеткіштері:

· Қолғапты кию және шешкенен кейін;

· Иммунитеті әлсізденген науқасты күту немесе палатадағы науқасты тексеру кезінде (әр науқасты тексергенен кейін қолды жуу мүмкіндігі болмаған жағдайында);

· Инвазивті процедураларды, кіші хирургиялық манипуляциялар жасар алдында немесе жасап болғанан кейін, жараны немесе катетерлерді күту; 

· Биологиялық сұйықтықпен қатынасында.

Міндетті түрде жағдай: қолдың сау терісі, тырнақтары қысқа алынған, боялмаған.

Керекті жабдықтар:

· Сұйық сабын немесе бір рет қолданатын кесімді жеке сабын;

· Бір рет қолданатын орамал

· Теріге арналған антисептиктерқұрамында спирті бар тері антисептиктерді пайдалану тиімді (0,5%хлоргексидин биглюконат ерітінді, 70% этил спирті, АХД-2000, специаль, Стериллиум және т.б.)

 

Қолды гигиеналық тәсілмен өндеуі екі кезеңінен тұрады: қолды механикалық тазалау және тері антисептикпен дезинфекциялау.

I. кезеңі

Қолды механикалық өндеу тәртібі:

Мақсат: қолдың үстін механикалық әдіспен микрофлораны жою; науқаспен қызметтердің инфекциялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Процедураға дайындық:

1.Саусақтардан сақиналарды шешіп, қолдың тері бүтіндігін тексеру.

2. Халаттың жеңін шынтаққа дейін түріп, сағатты шешу.

3. Қранды ашып, судың қызуын тексеру (35-40°С).

Қимылдың қажетті реттілігі:

1.Алақанды бір-біріне үйкелеу арқылы ысқылап  жуу.

2.Оң қол саусақтарымен сол қолдың сыртқы жағынан саусақ аралығын ысқылап жуу, содан соң қолдарды ауыстыру.

3.Қолдың ішкі алақан жақ бетін, саусақ араларын үйкелеу арқылы ысқылап жуу.

4.Екі қолдың саусақтарын бір-біріне жабыстыра отырып, бүгілген күйі сыртқы жағын екінші алақанмен ысқылап жуу.

5.Сол жақ саусақтарымен оң жақ бас бармақты айналдыра, кезекпен ысқылап жуу.

6. Алақанды кезекпен, саусақ ұшымен айналдыра ысқылап жуу.

7. Әр бір қимыл 5 реттен кем болмау тиісті. Қолды жуу 30секунд- 1 минут аралығына жүргізіледі.

7. Қолды шайып болғанан кейін бір рет қолданатын қағазды орамалмен немесе кептіргішпен құрғат.

 

 

II кезеңі

Қолды тері антисептикпен дезинфекциялау тәртібі:

Механикалық әдіспен қолды өндегенен кейін алақанға 3мл антисептик құйып теріге сіңгенше ысқылау (қолды сүртпеу керек). Егер қолдарыңыз кір болмаған жағдайда, онда бірінші кезеңді жүргізбей антисептикпен өндеуге болады. Қолды өндеу 30-1 минут ішінде жүргізіледі.

 

 

№2 стандарт

ЗАЛАЛСЫЗДАНДЫРЫЛҒАН ҚОЛҒАПТЫ КИЮ

ЖӘНЕ ШЕШУ ТӘРТІБІ

Залалсыздандырылған резеңке қолғапты кию реттілігі:

1. Залалсыздандырылған қораптан қолғапты алып аш.

2. Саусақтарын қолғаптың ішкі жағына тигізбей, сыртқы бүгілген жағынан ұстап оң қолға қолғапты ал.

3. Оң қолдың саусақтарын бір-біріне жабыстыра отырып қолғапты ки.

4.Бүгілген жағын бұзбай сол қолдың саусақтарын ашып қолғапты ки.

5.Сол қолдың қолғабын оң қолдың екінші, үшінші және төртінші саусақтарымен бүгілген жағынан ішкі жағына тигізбей ұста.

6. Сол қолдың саусақтарын бір-біріне жабыстыра отырып қолғапты ки.

7. Алдымен сол жақ, содан соң оң жақтын бүгілген жақтарын дұрыстап женіне тарт.

Қолданған қолғаптарды шешу реттілігі::

1.Оң қолдын саусақтарымен сол қолдағы қолғапты сыртқы жағына тигізбей шетінен бүгу.

2.Сол қолдын саусақтарымен оң қолдағы қолғапты сыртқы жағына тигізбей шетінен бүгу.

3.Оң қолмен бүгілген жағынан ұстап ішкі жағынан сыртқа қаратып сол қолынан қолғапты шеш.

4. Сол қолмен ішкі жағынан ұстап ішкі жағынан сыртқа қаратып оң қолынан қолғапты шеш (сол жақтын қолғабы оң жақ қолғаптын ішінде қалады).

5. Екі қолғапты Б класына ҚЖК салу.

№ 3 стандарт

ДЕЗИНФЕКЦИЯЛЫҚ ЕРІТІНДІЛЕРДІ ДАЙЫНДАУ

Жабдықтар:

· медициналық халат,белдемше,бетперде,резеңке қолғап

· сиымдылығы 10л эмальді қақпағымен ыдыс

· гипохлорид кальций,деохлор

· таяқ

· ерітінділерге арналған белгіленген ыдыстар

                  5 % гипохлорид кальций ерітінді

Әдісі: 

1.Халат,белдемше,бетперде,резеңке қолғап ки.

2.Ыдысқа 9,5 л су құй.

3.Оған 500гр гипохлорид кальций қос.

4.Таяқпен араластыр.30 минуттан кейін ерітінді пайдалануға дайын.

5.Биркаға белгеле (ерітіндінің аталуын,дайындалған күнін,мейірбикенің қолын).

5 % гипохлорид кальций ерітіндіні жұмыс ерітінділерді дайындау үшін қолданады.

Гипохлорид кальций жұмыс ерітінділерді дайындау үшін қажетті ингредиенттері:

Ерітінді % Негізгі ерітіндінің мөлшері,л Судың мөлшері, л Ескерту  
0,25 0,5 9,5 Ағынды жинастыруына
0,5 1 9 Ағынды жинастыруына
1,5 3 7 Қорытынды жинастыруына
2,5 5 5 Туберкулез ауруына шалдыққан науқастарды күтуге арналған аспаптарды өндеу үшін

 

Ескерту: Гипохлорид кальций құрамындағы хлордың   белсенділігі 52 % құрайды.

Деохлор жұмыс ерітінділерді дайындау үшін қажетті ингредиенттер:

 

Ерітінді % Негізгі ерітіндінің мөлшері, таб Судың мөлшері, л Ескерту  
0,015 1таб 10 Ағынды жинастыруына
0,06 4таб 10 Қорытынды жинастыруына
0,1 7таб 10 Туберкулез ауруына шалдыққан науқастарды күтуге арналған аспаптарды өңдеу үшін

 

        Ескерту: Деохлор құрамындағы хлордың белсенділігі 44,2 % құрайды.

 

 

№ 4 стандарт

ЕСМ БӨЛІМДЕРІН ЖИНАСТЫРУ

ЕСМ-дегі бөлімдерін ағынды жинастыруы дымқыл тәсілмен күніне 2 реттен кем болмау тиісті және қажетті жағдайда.

  Жабдықтар:

· шелек,еден жуғыш

· леген,еден жуатын шүберек

· сабын

· таза шүберек

· кальций содасы

· дезинфекциялық ерітінділер

· халат,үшкір орамал,белдемше

· резеңке қолғап

· белгіленген ыдыстар

       Әдісі:

1.Үшкір орамал,халат,белдемше,резеңке қолғап ки.

2.Дезинфекциялық ерітіндінін бір түрін дайында.

3.Бөлімдердің дымқыл жинастыруын жаса:таза шүберекті ерітіндіге батырып,жиһазды,қолжуғышты,терезе алдын сүрт.

4.Бөлменің қабырға жағынан ортасына дейін,содан соң есікке қарай еденді жу.

5.Бөлмені желдет.

6.Жинастыру жабдықтарын дезинфекцияла, шүберектерді

  дезинфекциялық ерітіндіге 1сағ батырып,шайып,кептір.

Терапия бөлімдердің (палаталар,дәліз,дәрігер және медбикелердің бөлмелері) қорытынды жинастыруы айына бір рет график бойынша жүргізіледі.

Процедура кабинетінің қорытынды жинастыруы аптада бір рет жүргізіледі.

    Жабдықтар:

·  шелек,еден жуғыш

·  леген,еден жуатын шүберек

·  залалсыздандырылған шүберек

· гидропульт

· сабын,кальций содасы

· дезинфекциялық ерітінділер

·  белгіленген ыдыстар

·  халат,үшкір орамал, бетперде

·  клеенкалы белдемше, резеңке қолгап.

Әдісі:

1.Үшкір орамал,халат,белдемше,резеңке қолғап ки.

2.Дезинфекциялық ерітіндіні дайында.

3.2 %сабынды-содалы ерітіндіні дайында (кір сабын 100гр,кальций содасы    

100гр, ыстық су 9л 800 мл).

4.Бөлмені дайында:қабырғадан жиһазды және жабдықтарды жылжыт.

5.Жуушы ерітіндіге шүберекті батырып төбені,терезені, қабырғаны, жабдықтарды, еденді дымқылдатып сүрт.

6.Бүкіл жабдықтардың үстін шүберекті таза суға сулап сүрт.

7.Шүберекті дезинфекциялық ерітіндіге батырып жабдықтарды,жиһаздарды сүрт.Қабырғаны,төбені,еденді гидропульт арқылы дезинфекциялық ерітіндімен сулап,бір сағатқа қалдыр.

8.Залалсыздандырылған шүберекті таза суға батырып, сүрт.

9.Бактерицидті шамын 2 сағатқа қос.

10.Бөлмені 30 минут ішінде желдет.

11.Жұмыстан кейін жинастыру жабдықтарын дезинфекциялап, залалсыздандыр.

12.Белдемшені,халат,бетпердені,резеңке қолғапты шешіп,қолынды жу  және кептір.

№ 5 стандарт

МЕДИЦИНАЛЫҚ АСПАПТАРДЫ ЗАЛАЛСЫЗДАНДЫРУҒА ДАЙЫНДАУ

 

       Медициналық аспаптарды залалсыздандыру үшін дайындау процесі мына кезеңдерден құрылады:

    -медициналық аспаптардың дезинфекциясы;

    -залалсыздандыру алдындағы тазалауы;

   - залалсыздандыру алдындағы тазалау сапасын бақылау.

 Жабдықтар:                                                                                                                                                                                                      

· жуушы заттар

· 27,5 %пергидроль ерітіндісі

· азопирам ерітіндісі

· пинцет

· белгіленген ыдыстар

· мақталы тампондар

· дәкелі салфеткілер

 

І.Медициналық аспаптардың дезинфекциясы

 

1.Пациенттін қанымен,шырышты және басқа биологиялық орталармен ласталған медициналық аспаптарды қолданғаннан кейін 60 минутке дезинфекциялық ерітіндіге батыр.

2.Қанмен,шырышты және басқа биологиялық орталармен ласталған медициналық аспаптарды қолданғанан кейін № 1 дезинфекциялық ерітіндісі бар ыдысқа батыр және қан,дәрі-дәрмектердің қалдықтарын жою үшін осы ерітіндіде аспаптарды жу.Содан кейін № 2  дезинфекциялық ерітіндісі бар ыдысқа 60 минутке батыр.

3.Дезинфекциялық заттын иісін жою үшін аспаптарды ағынды сумен 30 сек ішінде жу.

 

ІІ. Залалсыздандыру алдындағы тазалауы

    1.Жуушы ерітіндіні (Т- 25 ˚С)дайында 5г жуушы зат,    27,5%пергидроль  ерітіндісі -17 мл, 1л дейін су.

2.Аспаптарды жуушы ерітіндіге 15 мин батыр.

3.Әр затты бір бірден жуушы ерітіндіде 30 сек ішінде мақталы

   тампонмен жу.Содан кейін аспаптарды лотокқа пинцетпен сал.

4.Ағынды сумен 10 мин жу.

5.Қайнатылған тұзсыз суда 30 сек ішінде шай.

6.Ыстық ауа-шкафында Т- 85 ˚С суы кепкенше кептір.

 

ІІІ.Залалсыздандыру алдындағы тазалау сапасын бақылау

Бақылауды азопирам проба арқылы жүргізеді.

Міндетті түрде жағдайлар:

-жаңа дайындалған 1% азопирам ерітіндісін 2 сағат ішінде қолдану;

-азопирамның сақтау мерзімін қадағалау (жабық ыдыста Т +4˚С екі ай ішінде сақтау, бөлме температурасында – 1 айға дейін, бір затты тексерген кезде Т-18- 25 ˚С;осы аспаптар құрғақ болу тиісті және 1% тексеріледі.

Проба жүргізу әдісі:

1. 1% азопирам ерітіндісін аспаптардын корпусына,инелердің тесігіне тамызғышпен тамыз.

2.Аспаптарды мақтаның үстінен ұста және тамған тамшылардың түсін бақыла.

3.Пробаның нәтижесін бағала.

Ескерту! Егер реактивтің түсі көк болса,оңда проба «+» есептеледі.Бұл қанның барын көрсетеді;қызғылт түс –жуушы заттын барын көрсетеді;қоңыр қызыл түс-хлор барын көрсетеді.

 4.Белдемшені, резеңке қолғапты шешіп,қолынды жу және кептір.

      

 

№ 6 стандарт


ЕСМ-ДЕ ЕМДЕЛУШІЛЕРДІ

САНИТАРЛЫ-ГИГИЕНАЛЫҚ ӨҢДЕУІ

Процедураға дайындық:

· емделушімен сенімді қарым-қатынас түдыру, оған процедураның мақсатын, әдісін түсіндіру және ықластығын алу.

· науқастың жағдайын және одан көмек болу мүмкіндігін бағала.

Жабдықтар:                      

· таза іш-киім сақтау үшін шкаф

· кушетка

· ванна немесе душ

·  судың және ауаның температурасын өлшеу үшін термометр

· таза жөкелермен ыдыс

· сабын

· пайдаланған жөкелерді және орамалды жинауға арналған ыдыс

· дезинфекциялық ерітінділер

· қайшы

· ұстара

· резеңке кілемше

Ванна жүргізу іс -әрекеті:

1.Қолынды жу,кептіріп резеңке қолғап ки.

2.Пациентке шешінуіне көмектес.

3.Пациенттің киімінің «Қабылдау квитанциясын» 2 данағып толтыр.

4.Педикулез барын анықтау үшін пациенттің шашын тексер.

5.Қышыма ауруын анықтау үшін терісін іш,сан аймағында, саусақ 

аралығында тексер.

6.Таза ванннаны сумен Т 37- 38 ˚С толтыр.

7.Пациентке ваннаға жайлы орналасуға көмектес.Ваннаның аяқ жағына, пациент тіреліп отыру үшін тақтайдан тіреуш қой және ваннадағы су  пациенттін кеуде сүйегіне дейін болу тиісті.

8.Пациентке таза жөке және жеке сабын бер.

9.Жуындырғанда алдымен басын,денесің,қолдарын,аяқ жағын,шат аралығын жу.Ваннаның ұзақтығы 20-25 мин.

10.Пациенттің жағдайын қадағалап тұр (терінің түсін,тамыр-жүрек соғуын,т.б.)

11.Ванна жүргізіп болғанан кейін,шығуына көмектесіп,таза,жылы ақжайма немесе орамалмен сүрт.

12.Пайдаланған жөкені және орамалды белгіленген «кір киім»,«кір жөке»ыдысқа сал.

13.Таза киім киуіне көмектес.

14.Ваннаны жуып,дезинфекцияла.

15.Резеңке қолғап шешіп,қолынды жу және кептір.

 

Гигиеналық душ жүргізу іс -әрекет і:

1.Қолынды жу,кептіріп резеңке қолғап ки.

2.Ваннаның ішіне орындықты орнатып,пациентті отырғыз.

3.Гигиеналық ваннаға сәйкес осы тәсілмен душ қабылдауына көмектес.

4.Пациенттің жағдайын қадағала.

5.Ванна жүргізіп болғанан кейін,шығуына көмектесіп,таза,жылы ақжайма немесе орамалмен сүрт және таза киім киіуіне көмектес.

6. Пайдаланған жөкені және орамалды белгіленген «кір киім»,«кір жөке»ыдысқа сал.

7.Ваннаны жуып,дезинфекцияла.

8.Резеңке қолғап шешіп,қолынды жу және кептір.

 

№ 7стандарт

ПЕДИКУЛЕЗ АНЫҚТАЛҒАНДА ЕМДЕЛУШІНІ ТАЗАЛАУ

Процедураға дайындық:

· емделушімен сенімді қарым-қатынас түдыру, оған процедураның мақсатын, әдісін түсіндіру және ықластығын алу.

Жабдықтар:

· педикулезге қарсы жинақ

· халат,үшкір орамал,резеңке қолғап,белдемше

· 1*1 клеенка

· маталы және целлофанды үшкір орамал

· жиі тісті тарақ

· инсектицидті ерітінділер (педилин,т.б.)

· 6 %сірке су

· мақталы тампондар

· кір жинау үшін қап

·  лупа, ұстара

Әдісі:

1. Педикулез анықталғанда қолынды жу,кептіріп, өзіне халат,үшкір орамал, белдемше, резеңке қолғап ки.

2. Пациентті шешіндіріп,киімдерін қапқа сал.

3. Пациенттің иығына клеенка жап.

4. Шашын жылы сумен сула және мақталы тампон арқылы бір инсектицидті ерітінділерді жақ.

5. Шашты алдымен целлофанды,содан соң мата орамалмен жауып қой.

6. 20-60 минуттан кейін ағынды жылы сумен шашын жу.

7. 6 % сірке сумен шашын шай.

8. Пациенттің тізесіне жөргекті төсе.

9. Өлген жәндіктерді жою үшін шашты жиі тісті тарақпен тара.

10. Пациенттің шашын тексер.

11. Қайталап тексерген кезде педикулез бар болса,онда өндірісті қайтала.

12. Аспаптарды дезинфекцияла.

13. Өзіндегі киімінді шешіп,қолынды жу және кептір.

 

Ескерту:Ауруханадағы сырқаттын медициналық картасына Ф-20(+) белгіле,журналға ф-0-60у тірке,СЭС-қа жедел хабарлама ф-0-58у жібер

№ 8 стандарт

ПАЦИЕНТТІ ТӨСЕККЕ ЖАТҚЫЗУ ЖӘНЕ ТАСЫМАЛДАУ

Пациентті зембілмен тасымалдаған кезде келесі тәртіптер сақтау қажет:

 

1.Зембілді көлденен ұста,ақырын абайлап,көтеріп түсір.

2.Медициналық жұмыскерлер жүрген кезде зембілді

шайқаламай,итермей,кілт бұрылмай ұстау қажет.

3.Баспалдақпен жоғары көтерілгенде басын алға қарай қарат,ал аяқ  жағын жоғары көтер.Төменгі жаққа түскен кезде аяқ жағын жоғары  көтеріп алға қарай қаратады.

4.Артында келе жатқан медициналық қызметкер пациенттің жағдайын қадағалайды.

5.Егер медициналық қызметкердің біруі шаршау сезімі,қолдардың талуы сезілсе,онда тез арада ескерту қажет,себебі қолдарынын ерексіз

босалуы болу мүмкін.Ал төсекке үш адам бірігіп жатқызу қажет.Пациентті зембілмен тасымалдаған кезде келесі тәртіптер сақтау қажет:

1.Зембілдің үстіне ақжайма жайып,бас жағын кереуеттің аяқ жағына орнат.

2.Үш адам пациенттің бір жағына тұрып,біріншісі пациенттің басынан және жауырынан,екіншісі жамбас және санның жоғары аймағынан,ал үшіншісі санның ортасынан және балтырынан ұстайды.

3.Пациентті көтеріп және зембілге қарай 90˚ бұрыштап бұрыл.

4.Пациентті зембілге жатқызып,көрпемен жап.

5.Зембілдің бас жағын алдыға қаратып тасымалда.

6.Палатаның ішінде зембілдің бас жағын кереуеттің аяқ жағына

келтіріп,үш адам пациентті көтеріп 90˚ бұрыштап бұрылып,төсеккке жатқызып,көрпемен жап.

7.Зембілді пайдаланғаннан кейін дезинфекцияла.

8.Қолынды жу,кептір.

 

 

№ 9 стандарт

ХАЛІ АУЫР СЫРҚАТТЫҢ ІШ-КИІМІН,ТӨСЕГІН

АУЫСТЫРУ ІС ӘРЕКЕТТЕРІ

Процедураға дайындық:

· емделушімен сенімді қарым-қатынас түдыру, оған процедураның мақсатын, әдісін түсіндіру және ықластығын алу.

· науқастың жағдайын және одан көмек болу мүмкіндігін бағала.

Төсек –орнын ауыстыру

Жабдықтар:

· тазатөсек –орын

· резеңке қолғап

· кір төсек жинайтын клеенкалы қап

Әдісі:

1 тәсіл (егер сырқатқа белсенді қозғалыстарға шек қойылса,қатан төсектегі   тәртіп белгіленсе,онда осы тәсіл пайдаланады).

1. Қолынды жу,кептіріп резеңке қолғап ки.

2. Таза ақжайманы бинт тәрізде ора.

3. Сырқаттың бас жағын абайлап,көтеріп,жастығын алып таста және жастыққапты ауыстыр.

4. Кереуеттің бас жағынан бастап кір ақжайманы белдемеге дейін ора.

5. Кереуеттің босаған жағына таза ақжайманы төсе.

6. Таза ақжайманың үстіне таза жастық сал және сырқаттың басын орнат.

7. Жамбас аймағын,содаң кейін аяқ жағын көтер,кір ақжайманы алып таста,оның орнына таза ақжайманы төсе.

8. Сырқатты жатқызып,ақжайманың шеттерін матрас астына салып қымта.

9. Көрпеге сейсепті кигіз,сырқатты жап.

10. Кір төсек-орнын клеенкалы қапқа сал.

11. Қолғапты шеш,қолынды жу,кептір.

 

2 тәсіл (егер сырқатқа төсектегі жағдай белгіленсе және төсекте өз бетінше аунауғарұқсат берісе,онда бұл тәсіл қолданады).

1.Сырқаттың басын көтеріп,жастығын алып таста,жастыққапты ауыстыр.

2.Таза ақжайманы ұзынан ортасына дейін ора.

3.Сырқатты төсектің қырына ығыстыр.

4.Кір ақжайманы сырқатқа дейін ора.

5.Оның орнына таза ақжайманы төсе.

6.Сырқатты арқасына,содан кейін қырына таза ақжайма үстіне жатқыз.

7.Кір ақжайманы алып таста.

8.Таза ақжайманы тегістеп жай,шеттерін матрас астына қымта.

9.Одеялға сейсепті кигіз,сырқатты жап.

10.Кір төсек-орнын клеенкалы қапқа сал.

11.Қолғапты шеш,қолынды жу,кептір.

 

         Іш-киімін ауыстыру

Жабдықтар:

· тазаіш-киім

· резеңке қолғап

· кір төсек жинайтын клеенкалы қап

 

1.Қолынды жу,кептіріп резеңке қолғап ки.

2.Сырқаттың бас жағын көтер.

3.Кір жейдені желкесіне дейін ора.

4.Кір жейдені басынан, содан соң қолынан шеш (егер сырқаттың

қолында жарақат болса,онда бірінші сау қолын шығарып,содан кейін жарақатты қолын шығар).

5.Ал киіндірерде қолынан бастайды (егер қолында жарақат болса,онда жарақаты бар қолды ең алдымен кигізеді,содан соң сау қолды).

6.Жейдені басынан кигізіп,денесіне тегісте.

7.Кір жейдені клеенкалы қапқа сал.

8.Қолғапты шеш,қолынды жу,кептір.

 

 

№ 10 стандарт

ХАЛІ АУЫР СЫРҚАТТЫҢ АУЫЗ ҚУЫСЫН, МҰРЫНЫН, КӨЗІН, ҚҰЛАҒЫН КҮТУ ІС ӘРЕКЕТТЕРІ

Процедураға дайындық:

· емделушімен сенімді қарым-қатынас түдыру, оған процедураның мақсатын, әдісін түсіндіру және ықластығын алу.

· науқастың жағдайын және одан көмек болу мүмкіндігін бағала.

Көзді жуу іс әрекеті

Жабдықтар:

· залалсыздандырылған тамызғыштар

· лоток

· мақталы шариктер

· көзге арналған тамшылар

· 0,02 %фурациллин ерітіндісі немесе 1-2 % натрий гидрокарбонат ерітіндісі

· пайдаланған жабдықтарды салу үшін лоток

· дезинфекциялық ерітінділер

Әдісі:

1.Қолынды жуып,кептір.

2.Залалсыздырылған лотокқа 8-10 мақталы шариктерді сал және бір антисептикалық ерітіндісін құй.

3.Шариктерді аздап сығып алып,көздің сыртқы бұрышынан іштегі бұрышқа қарай сүртіп жу.Қажет болса іс әрекетті 4-5 рет шариктерді ауыстырып қайтала.

4.Көзді құрғақ шаригімен сүрт.

5. ҚЖК дәкелерді жою, Б класына.

6. Қолғапты шеш, қолынды жу,кептір.

Көзге дәрілерді тамызу

 

Әдісі:

1.Дәрі-дәрмектің атын дәрігердің тағайындаумен сәйкестігін салыстыр.

2.Пациентке ыңғайлы жағдай жаса.

3.Тамызғышқа әр бір көзге керек мөлшерін сорып ал.

4.Пациентке басын шалқайтуын сұра.

5.Көздің төменгі қабақты шарикпен төменге тарт және пациентке жоғары қарауын сұра.

6.Көздің дәнекер қабақтың төменгі күмбезіне кірпікке және қастарына тигізбей 1- 2 секунд аралығында тамшыларды тамыз.

7.ҚЖК дәкелерді жою, Б класына

8. Тамызғыштарды дезинфекциялау.

9.Қолғапты шеш, қолынды жуып кептір.

Мұрын қуысын күту іс әрекеті

Жабдықтар:

· залалсыздандырылған тамызғыштар

· мақталы турундалар

· вазелин майы

· дезинфекциялық ерітінділер

· пайдаланған жабдықтарды салу үшін лоток

Әдісі:

1.Қолынды жуып,кептір.

2.Пациентті жатқыз немесе отырғыз,басын бір жағына қисайтып, артқа қарай шалқайт.

3.Егер мұрын қуысында шырын немесе қатпалар болса,онда турунданы вазелин майына батырып,тазарт.

4.Тамызғышқа әр бір мұрын қуысына дәрі-дәрмектің керек мөлшерін сорып ал.

5.Сол қолдың алақаның пациенттің маңдайына қой және саусақтың бас

  бармағымен мұрынның ұшын көтер.

6.Пациент қисайтқан жағына кезекпен белгілеген тамшыларды 1-2 секунд аралығында мұрын қуысына тамыз.

7.Турундаларды ҚЖК жою, Б классы.

8.Пайдаланған тамызғышты дезинфекцияла.

9. Қолғапты шешіп, қолынды жу,кептір.

Құлақты күту іс әрекеті

Жабдықтар:

· мақталы шариктер,турундалар,лоток

· 3 % сутегі тотығы ерітінді

· залалсыздырылған тамызғыштар

· дәрі-дәрмектер

· дезинфекциялық ерітінділер

· пайдаланған жабдықтарды салу үшін лоток

  Әдісі: 

1.Қолынды жуып,кептір.

2.Пациенттің басын бір жағына қисайтып,құлақтын сырғалығын артқа және жоғары тарт.

3.Оң қолымен құлақтын ішін мақталы турундамен тазарт.

4.Егер құлақтың ішінде құлық немесе ірің болса,онда 3 % сутегі  тотығы ерітіндіні Т- 38 ˚С дейін жылытып бір неше тамшы тамыз.

5.Бір неше минуттан кейін мақталы турундамен айналдыра құлықты немесе іріңді шығар.

 6.Турундаларды ҚЖК жою, Б классы.

7.Пайдаланған тамызғышты дезинфекцияла.

8. Қолғапты шешіп, қолынды жу,кептір.

Халі ауыр сырқаттың ауыз қуысын күту іс әрекеті

Жабдықтар:

· резеңке қолғап

· залалсыздырылған шпатель

· залалсыздырылған пинцет немесе қысқыш

· антисептикалық ерітінділер (0,2 %фурацилин ерітінді,2 %натрий 

гидрокарбонат ерітінді,калий перманганат босанды ерітінді) немесе  қайнатылған су.

· залалсыздырылған дәкелер,шариктер

· резеңке алмұртты баллон немесе Жане шприці

· дезинфекциялық ерітінділер

· пайдаланған жабдықтарды салу үшін лоток

Әдісі: 

1.Қолынды жу,кептіріп резеңке қолғап ки.

2.Пациентті жартылай отырғыз немесе басын бір жағына қисайт.

3.Мойына және кеудесіне клеенка жап.

4.Пациентке аузын ашуын сұра.

5.Сол қолмен сырқаттын тілін дәкемен орап,аузынан шығар.

6.Оң қолмен пинцет арқылы шарикті антисептикалық ерітіндіге батырып алып,тілді сүртіп тазарт.

7.Тілді тазартып болған соң жібер,ал шарикті пайдаланған жабдықтарды салу үшін лотокқа сал.

8.Шпатель арқылы басқа шарикпен тістерді ішкі және сыртқы жағынан сүрт.

9.Сырқаттың жағдайы келсе,жылы қайнатылған сумен ауызын шайюын сұра.

10.Егер сырқаттың жағдайы келмесе,онда ауыз қуысын шай.

11.Алмұртты баллонға немесе Жане шприціне антисептикалық ерітіндіні сорып ал.

12.Сырқаттың басын бір жағына қисайтып (аспирацияны алдын-алу),иегінің астына лоток қой.

13.Шпательмен ауыз бұрышын керіп,баллонның ұштығын ауызға еңгізіп,өлшемді қысыммен ауыз қуысын жуып шаю керек.

14.Шпательмен ұртты керіп тұрып,кезекпен оң және сол жақ ұрт ішін жуып шаю керек.

15.ҚЖК дәкелерді жою, Б класына

16.Пайдаланған аспаптарды дезинфекцияла.

17.Қолғапты шеш,қолынды жу,кептір.

 

№ 11 стандарт

ОЙЫЛУДЫҢ АЛДЫН-АЛУ ІС ӘРЕКЕТІ

Процедураға дайындық:

· емделушімен сенімді қарым-қатынас түдыру, оған процедураның мақсатын, әдісін түсіндіру және ықластығын алу.

· науқастың жағдайын және одан көмек болу мүмкіндігін бағала.

Жабдықтар:

· поролонды немесе резеңке дөңгелек

· мақталы-дәкелі дөнгелектер

· жастыққап немесе жөргек

· лоток

· жылы су

· 10 % камфор спирті,40˚ этил спирті

· таза орамал

· мақталы тампондар

· пайдаланған жабдықтарды салу үшін лоток

Әдісі:

1. Әр бір 2 сағат сайын сырқаттын жағдайын өзгерту қажет.

2. Ойылу пайда болатын орындарын күнде тексеру қажет.

3. Таңертең және кешке ойылу болатын жерлерді жылы сумен жуып мақталы тампонды 10 % камфор спиртіне немесе 40˚ этил спиртіне батырып сүрту,содан кейін орамалмен женіл ысқыла.

4. Ласталған немесе кір төсек-орнын тез арада ауыстыру қажет.

5. Ақжаймада қыртыстар болмауын қадағала.

6. Жамбас сүйегінің астына жөргекке оралған резеңке дөнгелек,ал өкшеге және шынтаққа-мақталы дөңгелектер сал.

7. Ойылуға қарсы матрас пайдалану.

ЕскертуІЕгер ойылудың белгілері анықталса (терінің бозаруы немесе қызаруы)онда тез арада дәрігерге ескерту қажет).

 

№ 12 стандарт

ЗӘРҚАБЫЛДАҒЫШТЫ,ДӘРЕТ ЫДЫСЫН БЕРУ ІС-ӘРЕКЕТТЕРІ

Процедураға дайындық:

· емделушімен сенімді қарым-қатынас түдыру, оған процедураның мақсатын, әдісін түсіндіру және ықластығын алу.

· науқастың жағдайын және одан көмек болу мүмкіндігін бағала.

Жабдықтар:

· резеңке қолғап

·  дәрет ыдысы

· зәрқабылдағыш

· клеенка

· дезинфекциялық ерітінділер

Әдісі:

1.Қолынды жу,кептіріп резеңке қолғап ки.

2.Дәрет ыдысын жылы сумен шайып, ішіне аздап су қалдыр.

3.Сырқаттың астына клеенка сал.

4.Сырқатқа тізесін бүгіп,шат аралығын кеңірек ашуын сұра.

5.Сол қолды сегіз көздің астына салып сырқаттың жамбас сүйегін көтеруіне көмектес.

6.Оң қолмен дәрет ыдысын алып,оның ашық жағымен шат арлығына қой.

7.Сырқаттың үстін одеялмен жауып,жалғыз қалдыр.

8.Дәретке отырып болғанан кейін жыныс мүшелерін жуып,дәрет ыдысын,клеенканы алып таста.

9.Дәрет ыдысын,клеенканы дезинфекцияла.

10.Қолғапты шеш,қолынды жу және кептір.

 

№ 13 стандарт

СЫРҚАТТЫҢ ЖЫНЫС МҮШЕЛЕРІН ЖУУ,БАЗДАНУДЫҢ

АЛДЫН-АЛУ ІС-ӘРЕКЕТТЕРІ

Процедураға дайындық:

· емделушімен сенімді қарым-қатынас түдыру, оған процедураның мақсатын, әдісін түсіндіру және ықластығын алу.

· науқастың жағдайын және одан көмек болу мүмкіндігін бағала.

Жабдықтар:

· құмыра

· корцанг

· лоток

· дәкелер немесе мақталы тампондар

· 0,1 % калий перманганат ерітінді немесе Т- 38 ˚С дейін қайнатылған су

· клеенка

· дәрет ыдысы

· вазелин,присыпка

· резеңке қолғап,белдемше

· пайдаланған жабдықтарды салу үшін лоток

· дезинфекциялық ерітінділер

Әдісі:

  1.Қолынды жу,кептір, өзіне халаттың үстіне белдемше және резеңке қолғап ки.

  2.Сырқатты шалқасынан жатуына көмектес (тізесін бүгіп,шат араларын кеңірек ашып).

  3.Сырқатқа сегізкөзді сүйегін ұстап,жамбасын көтер,клеенканы төсеп дәрет ыдысын қой.

  4.Сырқаттың оң жағына тұрып,сол қолға құмыраны ерітіндімен ал.

  5.Оң қолға корцангпен дәкелі салфетканы ал.

  6.Құмырадағы ерітіндіні жыныс мүшелеріне құй,ал дәкемен жыныс мүшелерінен құйрыққа қарай,жоғарыдан төмен қарай,сыртқы жағынан ішке қарай сүрт және тампондарды ауыстырып отыр.

  7.Шат аралығын құрғақ тампонмен сүрт.

  8.Шат аралығына,құйрыққа вазелин майын жақ немесе қызару болмау үшін присыпка сеп.

  9.дәкелерді ҚЖК жою, Б классы.

10.Дәрет ыдысын,клеенканы алып таста және дезинфекцияла.

11.Белдемшені,қолғапты шеш,қолынды жу және кептір.

 

№ 14 стандарт

ПОРЦИОНДІ ТАЛАП ҚАҒАЗЫН ТОЛТЫРУ

   Асханаға порционді талап қағазын аға мейірбике толтырады.Ол мейірбикелердің берген мәлеметтері бойынша бүкіл жалпы санын көрсетеді және порционді талап қағазынын № 1-84 формасын толтырады.

                                                                                                         Үлгі

                                        Порционді талап қағаз

Терапия бөлімшенің сырқаттарын тамақтандыру үшін 

                                  01.09.2013

Сырқаттың саны: 26

Диета № 5 – 4 адам

Диета № 8 – 2 адам

Диета № 9 – 3 адам

Диета № 10 – 7 адам

Диета № 15 – 10 адам

 

Аға мейірбике                                                      __________________

                                                                                         (қолы)

Бөлімшенің меңгерушісі                                     __________________

                                                                                                  (қолы)

Бөлімшедегі асханаға порционді талап қағазын кезекші мейірбике толтырады.

                                                                                                          Үлгі

                                                   

Порционді талап қағаз

Терапия бөлемшенің сырқаттарды тамақтандыру үшін 

                                  01.09.2013

Сырқаттың саны: 26

№ 1  палата

   1.Сырқаттың аты-жөні –диета № 5

   2.Сырқаттың аты-жөні – диета № 10

№ 2 палата

   1.Сырқаттың аты-жөні –диета №15

   2.Сырқаттың аты-жөні – диета № 10

   3.Сырқаттың аты-жөні – диета № 10

№ 3 палата

   1.Сырқаттың аты-жөні –диета №8

   2.Сырқаттың аты-жөні – диета № 9

   3.Сырқаттың аты-жөні – диета № 9

   4.Сырқаттың аты-жөні – диета № 10

 

Кезекші мейірбике                                                     _______________

                                                                                                            (қолы)

 

 

№ 15стандарт

СЫРҚАТТЫ ТАМАҚТАНДЫРУ ІС ӘРЕКЕТТЕРІ

Процедураға дайындық:

· емделушімен сенімді қарым-қатынас түдыру, оған процедураның мақсатын, әдісін түсіндіру және ықластығын алу.

· науқастың жағдайын және одан көмек болу мүмкіндігін бағала.

Жабдықтар:

· сүлгі

· тамақ,құман

Әдісі:

1.Емдеу процедуларын бітіріп,палатаны жинастыр және желдет.

2.Өз қолынды және сырқаттың қолын жу (немесе ылғалды орамалмен сүрт),кептір.

3.Сырқаттың жағдайына байланысты мүмкіндігіне қарай, оны жоғары көтерiп жатқыз немесе отырғыз.

4. Сырқаттың кeyдeciнe сүлгі жай.

5.Керуерттің қасында тұрған тумбочкасына немесе үстелге жылы тамақты қой.

 6. Сол қолмен сырқаттың басын жастықпен бiрге көтерiп оң қолмен қасықпен немесе су iшкiзгіш ыдыспен ауызына келтір.

7.Сырқатты тамақтандыр.

8.Сырқаттың ерінін және иегін алдымен суланған орамалмен,содан кейін құрғақ.

9.Ыдыс-аяқты алып таста, тамақ қалдықтарын қағып, сырқатты ыңғайлы жатқыз.

10. Қолынды жу және кептір.

 

Зонд арқылы тамақтандыру іс әрекеттері

Жабдықтар:

· залалсыздырылған диаметрі 0,5-0,8см жіңішке резеңке зонд

·  залалсыздырылған вазелин немесе глицерин

· құйғыш немесе Жане шприці

· 600-800 мл сұйық тамақ (шай,морс,шикі жұмыртқа,минералді   су,сорпа  т.б.)

· Лоток

· залалсыздырылған дәкелер,салфеткалар

· қысқыш

· пайдаланған жабдықтарды салу үшін лоток

· дезинфекциялық ерітінділер

Әдісі:

1.Қолынды жуып,кептір, резеңке қолғап ки.

 2.Зондты залалсыздырылған вазелинмен немесе глицеринмен   өңде.

3.Мұрын тесігі арқылы зондты ауыз қуысынан асқазанға дейінгі аралығына еңгіз (немесе сырқаттың бойынан см – 100).

4.Зондты лейкопластырь арқылы сырқаттың бетіне белгіле.

5.Зондтың бос жағына құйғыш орнат.

6.Құйғышқа асықпай дайындалған тамақты құй.

7.Құйғышқа таза су құй (зондті жу үшін) және құйғышты алып таста.

8.Зондтың бос жағын залалсыздырылған дәкемен орап,қысқышпен қыстыр.

9.Зондтың бос жағын қысқышпен бірге лотокқа келесі тамақтандыруына дейін салып қой.

10.Қолғапты шеш,қолынды жу және кептір.

 

№ 16 стандарт

АНТРОПОМЕТРИЯЛЫҚ ӨЛШЕМДЕРІ

Процедураға дайындық:

· емделушімен сенімді қарым-қатынас түдыру, оған процедураның мақсатын, әдісін түсіндіру және ықластығын алу.

· науқастың жағдайын және одан көмек болу мүмкіндігін бағала.

Жабдықтар:

· бой өлшегіш

· медициналық таразы

· сантиметрлі лента

· дезинфекциялық ерітінділер

· таза шүберек

Бойы өлшеу

Міндетті жағдай:сырқаттың бойын өлшеген кезде аяқ-киімін және бас киімін шешіп тастайды.

Әдісі:

1.Бойөлшегіштің қасынан тұрып және сырқаттың бойынан жоғары планканы көтер.

2.Сырқатты бойөлшегіштің ортасына тұрғыз желкесі,жауырыны, жамбасы,өкшесі бойөлшегішке тіреліп тұру қажет.

3.Сырқаттың басын көтергенде құлақ қалқаның жоғарғы қырымен көз бұрышы бір сызықтың бойында болсын.

4.Планканы сырқаттың басына тіре және оң жағынан төменгі шетіне бойының көрсеткішін анықта.

5.Сырқаттың бойөлшегіштен түсуін сұра.

6.Бойөлшегіштің үстін дезинфекцияла.

7.Қолынды жуып,кептір.

Салмағын анықтау

Міндетті жағдай:салмақ өлшеуді таңертен ашқарынға және бір уақытта жасайды.Сырқатқа ескерту қажет қуықты және ішекті босату және аяқ-киімсіз,іш киімімен тұру керек.

Әдісі:

1.Таразының кілтін төмен түсіріп,таразының жарамсыздығын тексер.

2.Таразыны жөндеп,көрсеткіштерін «0»-ге келтіріп,кілтті жап.

3.Сырқатқа таразының ортасына ақырындап тұруын сұра.

4.Кілті жауып,планкідегі гірлерді рычагтың тілдері тепетен болғанша сол жаққа жылжыт.

5.Кілті жап.

6.Сырқатты таразыдан ақырын түсуін сұра.

7.Сырқаттың салмағын таразыдағы жоғары және төменгі планкадағы көрсеткіштерін қос.

8.Таразыны дезинфекцияла.

                               Жердегі электронды таразымен дене салмағын анықтау

Міндетті жағдай:салмақ өлшеуді таңертен ашқарынға және бір уақытта жасайды.Сырқатқа ескерту қажет қуықты және ішекті босату және аяқ-киімсіз,іш киімімен тұру керек.

Әдісі:

1.Таразыны қораптан алып шығу.

2.Батарея жағынан қақпағын ашып прокладка алып таста.

3.Таразыны қатты тең жерге орнат.

4.Таразының бетіне аздап аяғымен бас.

5.Бірнеше секунд күтіп дисплеяда «0» болғанда, таразы жұмысқа дайындығын білдіреді.

6. Сырқатқа таразының ортасына ақырындап тұруын сұра және өлшегенде қозғалмау түру қажет.

7. Дисплеяда салмақтың көрсеткішін анықта, себебі бір неше секундтан кейін таразы өзі өшіріледі.

8. Таразыны дезинфекцияла.

Кеуде айналымын өлшеу

Міндетті жағдай: сырқат тікесінен тұрып,қолы жанында,тыныс алуы қалыпты.

Әдісі:

1.Сантиметрлік  лентаны  арқа жағынан жауырынның төменгі бұрышының астынан, алдында жауырынның бұрышынан 3 - 4 қабырға бойымен салу керек (ер адамдарда-кеуде тұсынан,ал әйелдерде кеуде бездерінің үстінен).

2.Өлшеуді терең тыныс алғанда және тыныс шығарғанда жүргізу керек.

3.Сантиметрлі лентаны дезинфекцияла.

4.Қолынды жуып,кептір.

Ескерту:өлшемдердің көрсеткіштерін сырқаттың ауру тарихина белгіле.

№ 17 стандарты

ДЕНЕНIҢ ҚЫЗУЫН ӨЛШЕУ ЖӘНЕ НӘТИЖЕЛЕРДІ

ТІРКЕУ IC ӘРЕКЕТТЕРI

Процедураға дайындық:

· емделушімен сенімді қарым-қатынас түдыру, оған процедураның мақсатын, әдісін түсіндіру және ықластығын алу.

· науқастың жағдайын және одан көмек болу мүмкіндігін бағала.

Жабдықтар:

· медициналық электронды термометр

· сүлгі,70˚ спирт

· дене қызуын тіркейтін журнал

· температура парағы

Әдісі:

1.Қолынды жуып,кептір.

2.Сырқатты отырғыз немесе жатқызып, қолтық астын тексер,себебі егер қабыну процессі болса оңда көрсеткіштері жоғары болу мүмкін.

3.Кнопкаларды Вкл/Выкл. Бас. Термометр сонғы көрсеткіштерді 2 секунд ішінде көрсетеді, содан соң L°С пайда болады және қолданғанды күтуде болады.

4.Термометрдiң қолтық астына сал және оның резервуары бүкіл жері денеге тиіп тұру керек.

5.Өлшеп болғанан кейін 4 секунд бойы дыбыс шығады, бұл өлшеу әдістін болуын білдіреді. Дене қызудың көрсеткіші нақты болу үшін шыққан дыбысқа қарамай өлшемді 3-5 минут ішінде жүргіз.

6.Термометрдағы көрсеткіш бұл науқастын температурасы.

7.Термометрді өшір.

8.Пайдаланған термометрдi 70˚ спирт пен дезинфекцияла,контейнерге сал.

9. Қолынды жуып,кептір.

10.Өлшемнің нәтижесін дене қызу тіркейтін журналға, содан соң парағына белгiле.

 

№ 18 стандарты

ТЫНЫС ҚИМЫЛ ҚОЗҒАЛЫСЫН ЕСЕПТЕУ ІС ӘРЕКЕТІ

Процедураға дайындық:

· емделушімен сенімді қарым-қатынас түдыру, оған процедураның мақсатын, әдісін түсіндіру және ықластығын алу


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: