ғылым және жалған ғылым. 1) Ғылым туралы жапылама түсінік. 2) Жалған ғылым дегеніміз не? 3) Қорытынды

Жоспар:

 

1) Ғылым туралы жапылама түсінік.

2) Жалған ғылым дегеніміз не?

3) Қорытынды

 

    Жалпы білім қорын ғылымға дейінгі, яғни күнделікті өмірде туындаған қарапайым білім жəне ғылыми білім деп екіге ажыратуға болады. Ғылымға дейінгі қарапайым білім тіршілік барысында, іс-əрекет үстінде, тəжірибе ауқымында жинақталады. Ол бар болған құбылысты сипаттайды, оқиғаның қалай өтіп жатқанын пайымдайды. Ал ғылыми білім терең де мазмұнды. Ол құбылысты, оқиғаны жай сипаттаумен ғана шектелмейді. Құбылысты неге мұндай, оқиға неліктен басқаша емес, дəл осылайша өтіп жатыр, себебі бар ма, алда не күтіп тұр деген сұрақтарға дəйекті жауап қайтарады. Басқаша айтқанда, ғылыми білім оқиғаларды, құбылыстар мен фактілерді бейнелеп, сырттай сипаттап қана қоймайды сонымен қатар оларды түсіндіреді, ішкі табиғаттың, мəнді жақтары мен маңызды байланыстарын ашып көрсетеді, яғни даму заңдылықтарын айқындап түйіндейді. Осы негізде ғылыми білім оқиғалардың, құбылыстардың бұдан былай даму бағдарына болжам жасайды. Ғылыми білім рухани дүниенің құрамдас бөлігі есебінде қашанда жүйелілігімен, логикалық тұрғыдан ұйымдасқандығымен жəне теориялық сипатымен ерекшеленеді. Ғылыми білім ғылыми қиындықтар мен қайшылықтары мол ізденістің, шығармашылық іс-əрекеттің барысында туындап, жинақталып жүйеленеді. Ол таным процесінің əрі күрделі нəтижесі болып табылады.

Ғылым - арабтың علم илм сөзінен шыққан "ілім, білім" ұғымын білдіретін гректің logos – сөзінің синонимі. Саналы адам баласы жаратылғаннан бері ғылыммен айналысуға бейімделіп келеді. Уақыт талабына сай түрлі салаға бағытталған ғылым салалары ортаға шығып, бір-бірінен ерекшелене түсті. Кейбір ғылымдар шектеулі бір аймаққа арналса, кейбірі барша адамзаттың игілігіне жұмсалды.

   Ғылыми таным мен ғылымның пайда болуына өндірістік жəне əлеуметтік, логикалық факторлар əсер етті. Практикалық қызмет, қоғамдық қатынастар, қоғамдық еңбек бөлінісінің өндірістік, техникалық талаптар - əлеуметтік ғылымдардың өмірге келуіне түрткі болған факторларға, ал ғылыми таным дамуының ішкі логикасының қажеттері - логикалық ғылымдарды талап ететін факторларға жатады. Сондай-ақ əрбір ғылымның дамуының ішкі логикалық заңдылығы бар. Ол - бір жаңалық бір жаңалыққа түрткі болып, бірінен-бірінің туындауы. Ғылымның əлеуметтік мəні, негізгі ерекшеліктері мен заңдылықтарын ашуда əлеуметтік жəне логикалық факторлардың бірлігі қажет. Осы тұрғыдан алғанда ғылым дегеніміз қоғамдық-тарихи практика дамуының белгілі бір сатысында пайда болатын айырықша əлеуметтік институт, адамның танымдық қызметінің ерекше формасы, адамзат мəдениетінің жоғарғы саласы. Ғылымның негізгі ерекшеліктеріне тоқталсақ: табиғат пен қоғамның объективі, адам санасынан тəуелсіз заңдарын ашу - ғылымның негізгі мақсаты. Ғылым - тарихи- заттық жəне рухани дүниенің объективті заңдарын ашу жəне қарастырып отырған құбылыстарды, процестерді солардың негізінде түсіндіріп, жаңа бағыттармен бағдарларын болжай білу құралы. компьютерлік техниканың еркін енуі қазіргі ғылым ерекшеліктерінің бірі. Ғылымға енетін қағидалар дəлелденген жəне негізделген болуы керек. Күмəн туғызатындар ғылым аясынан шығарылып тасталды. Сондықтан ғылым теориялардың ашық жүйесі болғандықтан, оған ғылыми даму барысында үнемі жаңа теориялар еніп отырады. Қазіргі дəуір - қоғам өмірінің барлық салаларын қамтитын ұлы өзгерістер кезеңі. Ғылымды - қоғамдық өндіріс қажеттеріне, ал өндіріс ғылымға қарай батыл жүру қажет. Ендеше, ғылым мен өндірістің бір-бірімен қабысуы мен бірігуі, ғылымның тікелей өндіргіш күшіне айналуы - қазіргі ғылымның ерекшелігінің бірі. Ғылымның техникамен жəне өндіріспен байланыстыратын қажетті буын - қолданбалы зерттеулер мен технологиялық ізденістер. Олардың міндеті ғылым ашқан жаңа заңдар мен идеяларды қоғамдық өндірісте қолданудың ең қысқа жəне ұтымды да тиімді жолдарын іздестіру. Қазіргі ғылыми-техникалық прогресті жеделдету жағдайында іргелі жəне қолданбалы зерттеулер арасындағы байланысты анықтау ғылыми жұмысты тиімді жоспарлау мен ұйымдастырудың қажетті шарты болып отыр. Ғылыми жетістіктер негізінде жаңа техника мен технология жасалып, содан кейін олар өндірісте қолданылды.

Ғылыми білімнің өзгешелігі:

1) мұрат тұтуы;

2) ұғымдар мен анықтамаларға бейімдеуі;

3) жүйелілігі;

4) нақтылығы;

5) жаңашылдығы;

6) тəжірибеге негізделуі.

   Болашақта білімнің əр түрлі салалары бір-біріне тең жəне еркін шығармашылық мақсатпен дамиды деген көзқарас үстемді болады. Ғылыми білімнің құрылысы ғылымның жіктелуіне байланысты. Классификацияның қажетті өлшемдері:

1) жіктеу нəтижесінде ғылыми білімнің еш түрі бөлінбей қалмау керек;

2) олар бір-бірін жоққа шығару қажет;

3) бөлу негізі бəріне ортақ болу керек. Философия тарихында танымалы ғылымның жіктелуі: 1. Г.В.Ф. Гегель еңбектерінің (1770-1831), негізінде абсолюттік идеяның дамуы жатыр; логика, табиғат, рух; үш класс пайда болады:

а) логикалық ғылымдар;

b) табиғат туралы ғылымдар (механика, физика, химия, биология); c) адам туралы, қоғам жəне мəдениет туралы ғылымдар (антропология, жантану, тарих, философияға өзгеше рөл жүктейді «ғылымның ғылымы»).

2. Ф. Энгельс еңбектерінің (1824-1895), негізінде материяның дамуы мен түрлері жатыр;

а) тірісіз материя туралы ғылымдар (механика, физика, химия);

 b) тірі материяның түрлері туралы ғылымдар (биология);

c) материяның əлеуметтік түрлері туралы ғылымдар (əлеуметтік жəне гуманитарлық ғылымдар); «шекаралы» ғылымдар (физикалық химия, биохимия); кешендік (логика, философия).

Тақырыбтың негізгі бағыты шектеулі бір аймаққа арналған ғылымды жалпы адамзатқа қолдану жайында болмақ. Технология дәуірі қарыштаған бүгінгі заманда рухани тоқыраудың шыңында жүрген адам баласы психолог кеңесіне жүгінуді заңдылық деп қабылдады. Қоғамда психолог маман тұңғиыққа түскен жанның жарасын жазып, депрессиядан арашалап алатын кеңесші ретінде қалыптасты. Шын мәнінде солайма?

   Біз психология ғылымын жоққа шығармаймыз және оған мүсіркей қарамаймыз. Мәселе психология ғылымының кейбір теориясына (қазіргі қолданысына) шүйлігіп отырмыз. Психология жантану ғылымы болып қалыптасуына Аристотельден бастап Рудольф, Эриксон, Роджерс, Фрейд және бүгінгі өкілдері Сэлигман, Пол Экман (және т.б ғалымдар) үлесін қосып келеді. Адам жанын зерттейтін бұл сала біз үлгі тұтатын Батыста кеңінен тараған. Себебі батыстықтар күйзеліске тез түсіп, оқшаулануға бейім тұрады. Негізгі себебі христиан діні еркін ойлы еуропалықтардың рухани қажеттілігін қанағаттандыра алмады. Салдарынан материалдық жағдайы толық қамтылған, дамыған елдің көшбасына шығып әлемге үлгі болып отырған бұл елдердің тұрғындары өздерін бақытсыз сезінеді. Барлық мәселе қаралып тіпті адам құқын еркіндікке жіберген қоғамда психолог кеңесіне жүгінетіндердің саны күн санап артып келеді. (Психологиялық дағдарысқа тап болған адамды құтқаратын психологтың өзі шын мәнінде бақытты ма?). Батыс қоғамында психологтар айрықша орын алып, олардың кеңес беру бөлімдерінің саны еселей түсті.

     Адам жаратылысында рухани әлсіз, әрі жаратқанға мұқтаж келеді. Адам тәні азықты қалай қажет етсе, жаны да рухани ілімді солай қажет етеді. Рухани байланыстан жан алыстағанда адам жүрегінен тыныштық кетеді (Естеріңде болсын, Алланы еске алумен жүректер жай табады Құран. Рағыд сүресі 28 аят).

    Психология жанның тоқырау себебін емес, одан шығудың жолын табуға тырысады. Қайнары бірақ нәрсе. Ол діннен алыстау. (құдайды ұмыту, тағдырға мойынсұнбау, шүкірлік етпеу) Неліктен психология көмегіне жүгінетін қоғамның басым бөлігін христиандар (өзін христиан санайтындар) құрап отыр? Шын мәнінде батыс қоғамы өздерін христиан санағанымен, діни құндылықтарын ұстанбайды. Бұл кез келген діннен алыстаған (мейлі ол мұсылман, буддист, христиан болсын) қоғамға тиесілі. Ал мұсылман елдерінде психологиялық кеңеске жүгінетіндердің көрсеткіші өте төмен, және рухани дағдарысқа ұшырайтындардың саны мардымсыз келеді.

    Енді психология заңдылығына енген негізсіз тұжырымдардың бір-екеуіне тоқталып өтсек. Психология ғылымында сәйкестігі төмен теория қатарына жататын сипаттың бірі адамды дене бітіміне байланысты темпераментке бөліп, мінезіне сипаттама беру. Мысалы пикник тобына жататын кісінің көбісі психологиялық теорияға сай жомарт, ақкөңіл тез тіл табысқыш болуы керек, бірақ пикник тобындағылардың көбі олай бола бермейді. Сол сияқты дене бітімі астеник тобына жататындардың мінезі күйбең, ашуланшақ емес, керсінше байсалды, тез тіл табысуға жақын болуы әбден мүмкін. Адам бойында мінез-құлық дене пішімімен емес, генетикалық жолмен және өмір сүру ортасында қалыптасады. Оны қалауыңызша өзгертуге болады. Мінез тұрғысында Хәкім Абай өзінің 37-ші қара сөзінде "Адамның мінезін өзгертуге болмайды деп айтқан адамның тілін кесіп алар едім" - деп мінездің өзгеретіндігін айтып өткен. Қате тұжырымдардың келесі біреуі жүріс тұрыс пен қимыл қозғалыстағы әрекетке сай адамның ішкі көңіл күйіне анықтама беру. Мысалы қолды қусырып (айқастырып) тұрса қорғаныш күтеді, аяқты айқастырып отырса сақтанып отыр, көзін жыпылықтатса өтірік сөйлейді, басын ұстай берсе (қасыса) өзіне сенімсіз, жерге қараса айыпты және т.б осы секілді сәйкестігі төмен жорамалдарды ұсынады, және мұны шындыққа шығарғылары келеді. Мүмкін осы теорияны шығарған ғалымның жүргізген аудиториясында (мемлекетінде, ұлтында) берілген мінездеме шындыққа сәйкес келуі мүмкін, бірақ басқа аудиторияда (мәселен шығыстықтарда) шындыққа сай келе бермейді. Осыдан кейін психологияның кейбір теориялар белгілі бір ортаға ғана арналғандығын көруге болады. Батыс ғалымдары ұсынған теория шығысқа, шығыс ғалымдары ұсынған теория батыс менталитетіне тура келмейді деп түсінгеніміздің өзі қате түсініктің қалыптасуынан сақтайды.

  Тікшіл классификациясы, қазіргі ғылымның ұйымдастыру түрлері бойынша келесі 4 бөлімнен тұрады:

 1. Академиялық ғылымдар ғылым академиясы орта болған соң; фундаменталды табиғи ғылымдар (физика, химия, биология) жəне гуманитарлық (тарих, тіл білімі, əдебиет);

2. Жоғарғы оқу орындарындағы ғылымдар орталық жоғарғы оқу орын болған соң, ғылымдар фундаменталды жəне қолданбалыға бөлінеді; ғылыми зерттеу институттары, ғылыми лабораториялар.

 3. Қоғамдық ғылымдар, өздері қалыптасқан; ғылыми студенттік қоғамдар, семинарлар, рационализаторлар қоғамы;

 4. Соңғы кезде ғылымдардың бірігуі, интеграциясы, əмбебап ғылымдарды қалыптастырды (мысалы, кибернетика - бағдарламаларды өңдеу жəне игеру туралы ғылым; қалаушысы Норберт Винер (1894-1964) американдық ғалым, математик; синергетика - əлем өзіндік құрылысқа дайын жүйе; дүниенің бейнесі кездейсоқтық себептермен негізделеді; флуктуация - ауытқу, толқу; бифуркация - екіге бөліну, осылардан жүйенің сапалық өзгерістері басталады; синергетиканың бастаушысы, физика мен химия салаларында əйгілі, атақты ғалым, Нобель премиясының лауреаты Илья Романович Пригожин (1917-2003); осы ғылымдармен тығыз дамитын жүйе туралы жалпы теория; бастаушы Аристотель; Платонның жүйелерінде айқын; қалаушысы Людвиг фон Берталанфи (1901-1972); əлем жүйелі жиынтықтардан тұрады, өзі жүйе; негізгі қасиеттері: біртұтас; құрылымдық, дискретті, бөлінеді; қоршаған ортамен байланысты; иерархиялық тəртіпке бағынады, субординация; өзгеше қиын, көп жақты. Ашық жүйенің мысалы - ғылым. Түбінде ғылым ортақ жəне біртұтас жүйе. Ғылым білім жүйесі; өзгеше қызмет; əлеуметтік институт; өндіргіш күш; қоғамдық сананың түрі. Ғылым қызметтері: мəдени-көзқарастық; өндіргіш күш; қоғамдық күш.

Ғылым тарихы жалпы адамзат тарихы мен тығыз байланысты болған соң оны келесі кезеңдерге бөлуге болады:

1) алғашқы қоғамның ғылымы;

2) антика ғылымы;

3) орта ғасыр ғылымы;

4) жаңа заман ғылымы (классикалық);

5) қазіргі ғылым (постклассикалық).

  Қорытындылай келе, ғылымның тарихы мен философиясы тығыз байланысты. Ғылым философиясының тарихын өзгертетін əлеуметтік-мəдени астарын да қарастырады жəне олардың тарихи дамуында алынған ғылыми білімдерді, өндіргіш қызмет ретінде заңдылықтарды жəне ғылыми танымның тенденцияларын таныстырады. Ғылым тарихының қазіргі кезеңінде бұл ағымдардың мағыналық қайшылығы актуалды емес. Ғылым философиясын философияның бағыты жəне философияның пəні ретінде түсіну қажет деп есептеймін.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: