Синергетика методологиясы

Әрине, ғылымтану методологиясы да бір орында тұрып қалмайды. XX ғ. 80 ж.ж. Батыста «синергетика» (бірге іс-әрекет жасау мағынасынбереді ) ілімі пайда болды. Оның негізін қалаған И.Пригожин мен Г.Хакен болды. Синергетика - ашық және өз-езіне толығынан тең емес жүйелердің өзіндік ұйымдасуы мен өзгеру, даму заңдылықтарын зерттейтін ілім. Ал енді осы берілген анықтаманы талдап көрелік.

Расында да, бұл Дүниеде бәрі де бір-бірімен байланысты болғаннан кейін, «жабық жүйе» болуы тіпті де мүмкін емес. Бұрынғы Кеңес қоғамының артта қалуының себептерінің бірі Батыс елдерінен өзін жабық ұстағысы келгені емес пе? Ал соғыстан кейінгі Албанияны алсақ, Батыс пен Шығыстан жабылған ол ел Еуропаның нақ ортасында болса да, қайыршылыкқ деңгейге жеткен жоқ па?

Ашық жүйе, әрине, ешқашанда өз-өзіне толық тепе-тең болмайтыны да айдан-анық, өйткені ол жүйеге неше түрлі басқа заттар мен құбылыстар өз әсерін тигізбей қоймайды. Бірақ бүкіл Дүниені біртұтас «Үлкен Жүйе» ретінде карасақ, онда оның тепе-теңдігін кім, я болмаса не бұзады деген сұрақ пайда болуы мүмкін. Қазіргі ғылым оны вакуумнан көреді.

Енді «өзіндік ұйымдасу» ұғымына келер болсак, бұл идея философия тарихында көптен бері бар. Материяның ішкі өзіндік күші арқылы дамуға мүмкіндігі бары жөнінде уақытында Б.Спиноза, К.Маркс сияқты ойшылдар айтқан болатын. Бірақ өлі табиғатты зерттейтін жаратылыстану ғылымдарында көпке дейін «теормодинамиканың екінші бастамасы», яғни табиғатта болып жатқан энтропия (ыдырау, хаосқа айналу) заңы «өзіндік ұйымдасу» идеясына өз кедергісін тигізген болатын. Сондықтан биология саласына Ч.Дарвин енгізген «эволюция, күрделену» заңдылықтары, жалпы жаратылытану ғылымында үлкен қайшылық тудырды. Бір жағынан, энтропия заңдылығы Дүние бара-бара суып, тұрпайыланып хаосқа айналады десе, екінші жағынан, биология ғылымы тіршіліктің өне бойы күрделенуін мойындады. Міне, синергетика ілімі осы қайшылықты шешеді.

Синергетика ғылымы хаостың жасампаздық бастамасын, эволюциялық үрдістегі конструктивтік, тәртіпті тудыру мүмкіндігін көрсетеді. Бір жағынан, Дүниеде ыдырау, шашылу, тарау үрдістері жүріп жатса, екінші жағынан, күрделену, тәртіпке келу, дамуды байқауға болады.

Енді өзгеру, даму заңдылықтарына келер болсак, ол Дүниедегі барлық заттар мен кұбылыстарға (өлі, тірі табиғатқа, қоғам өміріне, ой өрісі дамуына) ортақ болып шықты. Синергетика ілімі бойынша, даму барысындағы ашық та тепе-теңдікте емес жүйе алғашында бірте-бірте күрделене және тәртіптене түсіп, ақырында өзінің бейтұрақтық бифуркациялық (әр тараптық) нүктесіне келіп тіреледі де, оның алдында, практикалық түрде, әрі қарай тұрақты дамудың сан қилы жолдары ашылады. Жүйенің қай жолға түсетіні белгісіз, тек оны анықтайтын - «Ұлы Мәртебелі Кездейсоқтық». Ол - даму механизмінің қажетті кілті. Сонымен бұл теорияның «ақылға сыймайтын» ғажап жағы - кездейсоқтықтың дамудағы ерекше рөлі. Шексіз кездейсоқтықтардың біреуі "таңдалғаннан" кейін, жүйе жаңа тұрақты даму барысына көшеді (келесі бифуркациялық нүктеге дейін).

Әңгіменің қиындығы мынада. Мұндай жүйенің әрі қарай даму жолын алдын ала анықтау тіпті де мүмкін емес. Әрине, компьютерлік бағдарламалар арқылы біршама даму жолдарын анықтауға болады. Дегенмен де жүйенің қай жолмен әрі қарай дамитыны әрқашанда белгісіз болып қала береді. Сонымен даму барысындағы көптінділік мойындалды да, бұрынғы классикалык біртінділік даму заңдылықтары (заттың дамуының бастауын, қазіргі ахуалын зерттеп, болашақта не болатынын болжау) сирек кездесетін құбылысқа айналды.

Синергетика іліміндегі флуктуация ұғымының (болар-болмас нәрсенің бейнақтылық дәрежеге көтерілген үлкен күрделі жүйені жаңа даму жолына түсіріп жіберу мүмкіндігі) қоғамтануда, саясаттағы рөлі зор. Қоғам өміріндегі даму үрдістері бифуркациялық нүктеге жақындаған кезде, қайсыбір кездейсоқ оқиға, тіпті жеке адамның іс-әрекеті, ойламаған жерде үлкен әлеуметтік дүмпулерге әкелуі мүмкін.

Сонымен синергетика философиялық-методологиялық дәрежеге көтерілген соңғы жылдардағы теория десек қателеспейтін болармыз. Осы теорияның арқасында біршама диалектикалық категориялар: мүмкіндік пен шындық, кездейсоқтық, біртінділік пен көптінділік, ақпарат, қайшылық, себептік т.с.с. өздерінің жаңа жақтарымен көрініп, ғылымда басқаша елеулі мағынада қолданыла бастады.

§ 6. Ғылым, техника және білім философиясы

Бүгінгі қоғам өмірін ғылым мен техникасыз көзге елестету мүмкін емес. Ғылым - дүниетану, жалпы алғанда, рухани өндірістің қалыптасқан ерекше түрі. Оның өз мекемелері (ғылыми-зерттеу институттары, зертханалар т.с.с.), ғылыми қауымдастықтары, зерттеу жабдықтары, ақпарат алмасу (журналдар, конференциялар т.с.с.), қаржы орталықтары т.с.с. бар. Ғылымның негізгі мақсаты -адамзат қажеттіліктерін өтеу жолында соған керек білімді өндіріп, оны іс жүзінде өмірде пайдалануға болатындай етіп, кайта өзгерту. Екіншіден, барлық ғылым салаларынан шығатын деректер мен тұлсырымдар, теориялардың басын біріктіріп, олардың өзара байланыстарын анықтап, «Дүние жөнінде ғылыми сурет» жасау болмақ. Соңғының негізінде адамдардың дүниеге деген көзқарасы қалыптасады. Әрине, ғылым дамыған сайын «дүниесурет» те өзгеріске түседі.

Мыңдаған жылдар бойы ғылым ұрықтары философияның ішінде пайда болып дамыды. Математиканың (геометрия) негіздері жер өлшеу, су каналдарын өткізу т.с.с., астрономия көшіп-қонудағы аспанға қарап бағыт алудан, Орта ғасырлардағы алхимия байлықты өсіру (корғасынды алтынға айналдыру) іс-әрекеттерінен пайда болды. Дегенмен де бүгінгі ғылым өз түп-тамырларымен Жаңа дәуірге, яғни капитализмнің тарихқа келуімен байланысты дүниеге келеді. Оның Отаны - Еуропа топырағы. Егер Батыс пен Шығыс елдерінің даму қарқыны мыңдаған жылдар бойы біркелкі болса, XVI ғасырдан бастап Еуропа ғылыми зерттеулерді дамыту барысында тез қарқынмен алға өрлей бастайды. Шығыс елдері ғылыми-техникалық салада артта қалады.

Енді мұндай өзгерістердің себебі неде деген сұрақ қойсақ, оған ғылыми әдебиеттен әртүрлі жауап аламыз. Бұл мәселені егжей-тегжейлі талдаған неміс философы К.Ясперс оның түптамырын христиан дінінің адамға беретін рухани бағытынан көреді (Библия эпосы адамнан, - ол қандай зардаптан өтсе де, - ақиқатқа жетуді талап етеді). Екіншіден, «Дүниені Құдай жаратқаннан» кейін, М.Лютер айтқандай, «Құдайдың ісін биттің ішінен-ақ көруге болады», осы себепті, таным дегеніміз Қүдай ойының ізімен жүру болса керек. Үшіншіден, бұл Дүние зардап пен қайғыға толы болғаннан кейін, Қүдайды ақтау жолында солардың түп-тамырын зерттеп, олармен күресе білу қажеттігі.

Әрине, бұл көрсетілген рухани себептердің өз орны бар. Бірақ, біздің ойымызша, К.Ясперс христиан дінінің негізгі қағидаларының бірі - Құдай адамды өзіне ұқсатып осы жаратылған дүниенің әміршісі қылып жаратты деген қағидасына мән бермегендей. Ал, шынына келгенде, осы қағида ғылымның христиан әлемінде тез қарқынмен дамуына зор әсерін тигізсе керек. Дүниенің ішкі сырын ашып, оны өз пайдасына жаратып, ақырында сол Табиғатты өз еркіне көндіру - талай ғасырлар бойы жаратылыстану ғылымдарын дамытудағы бағыт болды десек ақиқаттан алшақ болмайтын сияқтымыз. Өйткені біршама Батыс ойшылдарының өзі-ақ бүгінгі таңдағы Еуро-Атлантикалық цивилизацияның терең дағдарысын осы себептен көруде. Бірақ бұл мәселенін әлеуметтік-экономикалық жағы тағы да бар. Ол Еуропа топырағына Қайта өрлеу заманының келуімен тығыз байланысты (ХУ-ХҮІ ғғ.). Осы кезде Италияда теніз саудасы мен балық аулау, мата тоқу т.с.с. кәсіптердің дамуы арқасында біршама шаруалар өз кожайындарынан жеке бас бостандығын сатып алып, «жаңа байларға» айналып, шеберханаларында өз еркімен келіп, жалданып істейтін еңбек күшін пайдаланады. Сонымен капиталистік экономикалық қатынастардың негізі пайда болып, тез қарқынмен дами бастайды. Соңында болған буржуа-зиялық-демократиялық революциялар барлық адамдарға бас бостандығын әкеліп, бүкіл халықты заң жүзінде теңейді. Жаңа қалыптаскан жағдайда әр адам: «Мен не істеп өз жағдайымды дұрыстай аламын, қалай отбасымды асыраймын», — деген ойға келіп, ізденіске кіріседі. Осы миллиондаған адамдар белсенділігінің аркасында капитализм өндіргіш күштерді орасан зор қаркынмен дамытады. Ал ол үшін Табиғатқа бет бұрып, оның заңдылықтарын ашу арқылы ғана жаңа құрал-жабдықтар, технологиялар жасау мүмкін еді. Міне, біздің ойымызша, ғылымның ерекше салаға айналып, дамуының негізінде жатқан негізгі себеп осы болса керек. Сонымен қатар жоғарыда көрсетілген рухани себептерді де ескеру қажет.

Қорыта келе, ғылым мен техниканың даму сатыларын былайша көрсетуге болады:

1. ғылымға дейінгі саты (көне заманнан XV ғ. дейін)

2. қазіргі ғылымның қалыптаса бастауы (XVI - XIX ғ. 70 жж.)

3. классикалық ғылым мен техника сатысы (XIX ғ. 70 жж. бастап XX ғ. ортасына дейін)

4. XX ғ. ортасынан бастап, осы күнге дейін (постклассикалық саты).

Енді ғылыммен тығыз байланысты екінші «техника» ұғымын талдауға уақыт келген сиякты. Гректің «техне» деген сөзі алғашқыда «өнер», «шеберлік» деген мағынада қолданды. Бүгінгі таңда «техника» деп барлық қоғамның салаларында қолданылатын неше түрлі құралдарды айтамыз. Ф.Энгельсті еске алсақ, адамның өзі-ақ еңбек құралдарын жасау аркылы жануарлардан бөлініп, саналы пендеге айналған жоқ па? Егер жануар айнала қоршаған ортаға өз дене мүшелерін жетілдіру аркылы бейімделсе, адам, керісінше, өз дене мүшелерінің жалғасы ретінде неше түрлі жасанды заттарды жасайды да, оларды табиғат пен өзінің екі ортасында орналастырып қоршаған ортаны өзгертеді. Егерде жануардың дене мүшелері белгілі бір оның өміріне керек кызметті істеуге мыңдаған жылдары бойы бейімделіп, өзінің мәресіне жетсе, адамдікі ондай жетілген болмаса да, өзінің жан-жақтылығымен көрінеді. Мысалы, адамның колын алайықшы: оның жан-жақтылығы соншалыкты, тек таңғаласың. Бұл жолда дәрігерлердің микроскоппен жасайтын операциясынан бастап, алып механизмдерді жүргізетін дәрежеге дейін неше түрлі деректерді келтіруге болады.

Бүгінгі таңда күнбе-күнгі өмірде «технология» деген ұғымды да көп пайдаланып жүрміз. Қарапайым сананың деңгейінде «техника» мен «технология» ұғымдары бір мағынада қолданылады. Алайда бұл ұғымдардың бір-бірінен айырмашылығы бар екенін байқаймыз. Егер техникаға неше түрлі заттардан жасалған құралдарды жатқызсақ, технологияға белгілі бір жасанды затты, я болмаса құбылысты жасау жолындағы әдістерді, олардың бірінің соңынан бірі келетін тәртібін айтамыз. Олай болса, алғашқы «шеберлік» деген мағынаға тағы да қайтып келдік. Жоғарғы дәрежедегі технологияның негізінде жасалып шығарылған заттың сапасы биік болады. Қазақстандағы кеңес заманында салынған біршама алып өндіріс кешендерінің тоқтап тұрғанының себебі де осында: ондағы ескі технологиялар дұрыс нарықта өтетін тауарларды шығаруға мүмкіндік бермейді.

Технология үғымының өрісі жыл сайын кеңейе түсуде. Оны біз өндірісте ғана емес, коғамның басқа салаларында да қолданып жүрміз. Бүгін біз саясатта «пиар-технология», коғамдық пікірді қалыптастыру жолында «ақпараттык технология», білім беру жүйесінде «педагогикалық технологиялардың» т.с.с. неше түрлерін көріп те, естіп те жүрміз. Қайсыбір затты жасау үшін белгілі бір шикізатты әкелу (көлік), содан кейін оны өңдеу (технология), осы жолда біршама күш-қуат жұмсау (энергия) және шешім қабылдау мен оның іске асуын бақылау (контроль) керек. Тарихтың алғашқы сатыларында оның бәрін де адамның өзі жасады. Бірақ, жүре келе, жануарларды үйретіп, көлік ретінде пайдалана бастады. Үй салу жолында адам неше түрлі тастарды жоғарыға көтеретін алғашқы дәнекерлерді жасайды да, соңынан оның ішкі сырын ашып, механиканың алғашқы қағидаларын тудырады. Содан кейінгі үлкен жаңалық -адам су шығыршығын ойлап шығарып, ағыс күшін игерді, нәтижесінде су диірмені пайда болды. Бұл алғашқы технологиялық машинаныңдүниеге келуі еді. Онда қозғаушы күш, оны жеткізу, жұмыс жасау механизмдері бірге берілген. Жүре келе, ғасырлар шеңберінде олар бір-бірінен бөлініп, қозғаушы механизмдер, оны жеткізу және технологиялық машиналар пайда болады. 18-ғ. аяғында технологиялық машиналарды жасауда нағыз төңкеріс болды: жіпті иіретін, мата тоқитын машиналар дүниеге келді. Бу күшіне негізделген қозғалтқыштар пайда болып, мұның өзі алып өндірістер - фабрикалардың дүниеге келуіне себеп болды. XX ғ. дүниеге келген электр күшіне негізделген жеке қозғалтқыштар әрбір машинаның құрамдас бөлігіне айналып, өндірісті әрі қарай дамытты.

Алайда қандай машиналар жасалса да, оларды бақылап басқаратын адам болды. Бірақ ол да XX ғ. көп ұзамай, автоматтандырылған өндіріс ошақтарымен ауыстырыла басталды. Бүгінгі таңда дамыған елдерде көп өндіріс ошақтарында автоматтандырылған цехтар жиі кездеседі. Мысалы, автомобильдерді шығаратын зауыттарда, машина қорабын жасау, оны бояу, т.с.с. жұмыс түрлері автоматтар мен роботтарға берілген.

Компьютерлік техника дамып, көп жағдайда бүгінгі таңда олар ақпаратты таңдап алу, оларды бір жүйеге келтіру, түр-түрге бөлу, т.с.с істермен айналысып, өндірістегі шешімдерге келуге, оларды іске асыруға көмектеседі.

Сонымен тарихи адамның негізгі еңбек функциялары бірте-бірте машиналарға беріліп, олар қоғам өмірінде елеулі рөлге ие болды.

Соңғы жылдардағы ғылым мен техниканың дамуы «үлкен жарылысты» еске түсіреді. Бүгінгі таңдағы өндірістегі автоматикалық зауыттар, бүкіл дүние жүзін қамтыған интернет жүйесі, теледидар, ұялы телефондар, 2,5 дыбыс жылдамдығына жеткен ұшақтар (Конкорд), Ғарышта орналасқан стансалар мен жер серіктері т.с.с. қазіргі ғылым жетістіктеріне негізделген.

Осы жетістіктерге таңыркап, сүйсіне қараған ойшылдар болашақта адамзаттың барлық қайшылықтары ғылымның даму негізінде шешіледі деген көзқарас ұстады. Мұны біз сциентистік (scientia - лат. сөзі, ғылым), я болмаса техно-оптимистік көзқарас дейміз. Алайда шың бар жерде күз да барын ескеру керек. XX ғ. 70 жж. бастап ғылым мен техниканың теріс жақтары да айқындалып, (қоршаған ортаның бұзылуы, климаттың өзгеруі, адамның техника кұлына айналуы т.с.с.) көрсетіле бастады. Антисциен-тистік, техно-пессимистік бағыт ұстаған ғалымдар қазіргі ғылымды «құмырадан шығып кеткен жынға» теңеп, «енді әрі карай жаңа өндіріс кешендерін салуды тоқтату керек, әйтпесе жердегі тіршілік оған шыдамай кұрып кетеді» деген пікір айтты. «Аш бала тоқ баламен ойнамайды, тоқ бала аш болам деп ойламайды» демекші, жаңа ғана дамып келе жаткан елдер өз өндіріс кешендерін орнатып, халықтарының әл-ауқатын көтергісі келеді, Батыс ойшылдарының алаңдауын олар ескермейді.

Сонда әрі қарай не істеу керек деген заңды сұрақ туады. Кейбір кезде, мүмкін, Табиғаттың баласы болып, оған қарсы шықпай, үндесті өмір сурген біздің көшпенді бабаларымыз дұрыс істеген болар деген де сұрақ ойымызға келеді. Әрине, ол романтикалық көзкарас. Ғылым мен техниканың дамуын тоқтату мүмкін емес. Сонымен қатар ғылымның жетістіктерін өмірге енгізген кезде (ол ғылымның негізгі мақсаты), ойланып-толғанып, тек бүгінгі күннің мүддесін ғана ойлап коймай, сонымен қатар алыс болашаққа тигізетін оң, я болмаса теріс әсерін сараптауға салу керек. Ал ол үшін білім беру саласын тез карқынмен дамыту керек.

Біріншіден айтып кететін жайт бүгінгі таңдағы білім үлесінің (ақпараттың) коғамның қай саласында болмасын күрт өсуі. Егер білімнің еке есеге есуі адамзат тарихында 1 ғ. бастап 1750 жылға дейін созылса, келесі екі есе өсуі 1750-1900 жж., ал XX ғ. 50-ақ жылда екі есеге өсті. Ғалымдардың айтуына карағанда, бүгінгі жер бетіндегі метрлік толқындағы радиосәулелердің деңгейі Юпитер мен Сатурн сияқты планеталардан асып түсіп, тек Күннен ғана кем болып тұр, сонымен қатар ол Ғарыштан байқауға болатын дәрежеге жеткен. Сонау көне заманнан бастап ақпаратты таратудың негізгі құралы ретінде жазу колданса, ал кітап арқылы білім Орта ғасырдан бастап таратыла бастаса, XX ғ. радио, теледидар, телефон, телеграф сияқты электрлік кұралдар пайдаланылды. 70-ші жылдары компьютерлік электрондық құралдар кеңінен өмірде қолданылып, білімді тарату мен қолданудың мүмкіншіліктері көптеген есе өсті. Акпарат негізгі тұтыну тауарына айналды. Сол себепті бүгінгі таңда дамыған елдерде материалдық өндірісте тек халықтың 24-26%-ы ғана істейді. Керісінше, рухани өндірістегі адамдардың саны 36-38%-ға жеткен! Өйткені өндіргіш күштер өскен сайын материалдық өндіріске керек адамдардың саны да соған сәйкес азая бермек. Ақпараттық қызмет көрсету саласы дамыған елдерде бүгін бүкіл экономиканың 50%-ынын асады екен! Сонымен ақпарат ең кұнды тауарлардың қатарына кірді. Олай болса, ұлттық акпарат ресурстары сол коғамның негізгі байлығы болып есептеледі. Енді оның ғажап ерекшелігі мынада. Мысалы, сіз мың дана көйлектің 500-ін сатсаңыз, сізде 500-і калады. Ал 1000 бит ақпарат сатсаңыз, оның құнын аласыз да, сонымен катар сол 1000 бит колыңызда бұрынғыдай қала береді!

Олай болса, қазіргі қоғамның негізгі капиталына адамдардың қабілеттері, табиғи дарындары, оларды дамытып, тиімді пайдалану жататыны айдан анық. Қай ел өз адамдарының шығармашылық мүмкіндіктерін гүлдетіп, тиімді пайдалана алса, табиғи байлықтары аз болса да, өркендеп алғы шепке өтіп кетуі мүмкін. Ол үшін білім саласына көп көңіл бөлінуі керек.

Сондықтан да біздің жас мемлекетімізде де білім беру саласына, оның дамуына көп көңіл бөлінуде. Бұл салада тәуелсіздік жылдары көп өзгерістер пайда болды.

Біріншіден, жаңа заманның үрдістеріне сай мектептер мен жоғары және орта арнаулы оқу орындары компьютерлік құрал жабдықтармен қамтамасыз етілді. Ел қандай қиын жағдайда болса да, жас мемлекет оған қаржы аяған жоқ. Көп оқу орындары «Интернет» жүйесіне қосылып, мектеп оқушылары мен студенттер дүниежүзілік ақпарат қорымен пайдалануға мүмкіндік алды. Жаңа заманға сай оқулықтар дайындалып, мультмедиалық білім беру әдістері алдыңғы шептегі мүғалімдердің күнбе-күнгі жүмысына айналды.

Жоғары білім беру саласында жекеменшікке негізделген оқу орындары пайда болып, дами бастады. Әрине, бұл үлкен жүмыста асыра сілтеушілік де болды. Мұндай үрдіс басталған кезде, сол саланы басқарған кейбір шен иелері «көз қысты, бармақ басты» жолына түсіп, оңды-солды лицензиялар беріп, ешқандай материалдық базасы жоқ «университеттердің» ашылуына жол беріп қойды. Жоғары білім беру «жеңіл іске» айналды. Тұрпайы пайда табуға құныққан оқу-білім саласындағы «іскерлер» қаншама соларға сенген жастардың тағдырына өз кеселін тигізді!

Бүгінгі таңда жағдай дұрысталуда. Үш бөлмелі пәтерді жалға алып, «университет ашқан» заман артта қалды. Дегенмен де бұл күрделі салада қиындықтар - әлі шаш етектен.

Қай елде болмасын, білім беру жүйесі екі мәселені қамтиды. Біріншіден, заманның талабына сай кәсіби білім беру, сол саладағы соңғы технологияларға үйрету. Екіншіден, әлеуметтік-гуманитарлық білім беріп, болашақ мамандардың тұлғалық, азаматтық қасиеттерін шыңдау. Осы тұрғыдан алып карағанда, бұрынғы білім беру жүйесінде әлеуметтік-гуманитарлық пәндерге аса көп көңіл бөлінген болатын. Сонымен қатар арнаулы кәсіби білім беру, жаңа технологияларға үйрету заман талабына көп жағдайда сай келмейтін.

Енді жағдай керісінше орын алып отыр. Гуманитарлық білім беру жүйесі мейлінше кеміп, кәсіби білім беруге мейлінше көп көңіл бөлінуде. Тікелей батыс білім беру жүйесі сияқты. Мұндай асыра сілтеушілік «бір жақты» дамыған, тек өз саласын ғана жақсы білетін мамандардың дүниеге келуіне себеп болады. Қарап отырсақ, Батыс елдеріндегі рухани дағдарыстың себептерінің бірі осында болса керек. Жалаң технократизм дұрыс нәтижеге әкеледі деп айту қиын. Екі-ақ мысал келтірейік. Қытай елінде (5 мың жылдық өркениеттігі бар) мыңдаған жылдар бойы мемлекеттік жұмысқа өтерде конфуциандық этикадан емтихан қабылданады. Тұлғаның моральдық қасиеттері егжей-тегжейлі тексеріледі. Әрине, жемқорлықты түбегейлі жою, қай елде болмасын, мүмкін емес. Бірақ ол елдегі жағдай, бұл жағынан алып карағанда, мүлде өзгеше. Біздің елде Конституция мен екі-үш заңды білсең болғаны, мемлекет саласында жұмыс істеуге жол ашылады. Көп жағдайда жоғарғы лауазым иелерінің халық алдында берген анты үстірт рәсімге айналып отыр. Бірде-бір антты бұзған шен иесі жөнінде ақпарат естіген жоқпыз: мүмкін, ондай мемлекет қызметкерлері біздің елде болмаған шығар?!

Екінші мысал ретінде Англия премьер-министрі Тони Блеердің қазан айындағы (2005) парламент алдындағы сөйлеген сөзін айтсақ та болғаны. Ол Еуропа жоғары білім беру жүйесін реформалау керектігін, Қытай мен Үндістан елі жоғары мектептерінің олардан озып кету мүмкіндігін басып айтты. Ал біз болсақ, Еуропа стандарттарын жалаң еліктеушіліктің негізінде қабылдап жатқан жағдайымыз бар. Шығысқа қарай «мойнымызды бұрып», ондағы жиналған тәжірибені де игерсек дұрыс болмай ма? Мұндай жағдайда біздің телеэкранда араларында жантүршігерлік кадрларды көрсетіп, «Биллды өлтіру-1, Биллды өлтіру-2, Биллды өлтіру-3» деген жарнамалар болмас еді. Әрине, білім беру жүйесі бүгінгі заманда өне бойы озгерісте болуы керек. Сонда ғана біз артта қалушылықпен мәңгілік қоштасамыз. Электрондық, мультимедиалық құралдар да кеңінен пайдалануы керек. Нешетүрлі тестілерді де оқу барысында колдану қажет. Бірақ қай елде болмасын, тек қана мыңдаған жылдар бойы өзгермеген бір нәрсе бар: ол - ¥стаздың оқу барысындағы шешуші рөлі, өйткені білім беру жүйесінде адам заманның талабына сай тұлғаға айналуы кажет. Бірде-бір техникалық құрал ¥стаздың орнын ауыстыра алмайды. Ол - білім беру жүйесінің арқауы. Олай болса, қоғам өміріндегі оның мәртебесін көтеру, оның материалдық ахуалын жақсарту арқылы білім беру жүйесін шынайы дамытуға болады. Қазақстан интеллигенциясының шығар-машылық потенциалы жеткілікті. Біздің жастар да талантты. Олай болса, бұл саладағы саясат осы мүмкіндіктерді шындыққа айналдыруға бағытталуы керек.

Рефераттар тақырыптары:

Философиядағы таным ілімі;

Танымның практикалық табиғаты;

Танымдағы ақиқат мәселесі;

Сезімдік танымның ерекшеліктері;

Рационалдық танымның құрылымы;

Қазіргі ғылымның ерекшеліктері;

Танымның жалпы әдістері;

Диалектика және метафизика;

Абстрактіліктен нақтылыққа өрлеу таным жолы;

Синергетика ілімінің методологиялық мүмкіндіктері;

Өз бетінше дайындыққа арналған сұрақтар:

Сезімдік танымның формаларын келтіріңіз.

Интуиция (ішкі көкей көз) дегеніміз не?

Ақиқат дегеніміз не?

Ақиқатқа жетудегі жаңылу мен жалғанның айырмашылығын көрсетіңіз.

Танымдағы әдістердің қызметі қандай?

Теория дегеніміз не?

Экспериментті кейбір кезде неге «табиғатты тергеу» дейді?

Категориалдық синтез дегеніміз не?

Дедукция кеңінен қай ғылымдарда қолданылады?

Қазіргі ғылымдағы моральдық құндылықтар маңызы өсуінің себебі неде?

XV тарау. Әлеуметтік философия. Қоғам болмысы

§ 1. Қоғам ұғымы

Болмыс категорияларын талдай келе, енді бүгінгі таңдағы ғылымға мәлім ең күрделі дәрежеде ұйымдаскан қоғам болмысына келіп тірелдік. Өйткені біз білетін Ғарыштағы Жер бетінде өмір сүріп жатқан саналы пенде - адамдар - бір-бірімен бірігіп, сан-қилы қарым-қатынастарға түсіп қоғамды құрайды.

Қоғам ұғымының орнына көп жағдайда оған мән-мағынасы жағынан жақын категориялар колданылады. Сондықтан ең алдымен біз оларды бір-бірінен айыра білуіміз қажет. «Ел» және «қоғам» категорияларын салыстырсақ, біріншінің географиялық жағы басым. Мысалы, Қазақ елі Азия құрылығының ортасында, мұхиттардан алыс орналасқан ел. «Қауым» және «коғам» категорияларына келер болсақ, біріншіге отбасы, ру, тайпа, халық, ұлт секілді әлеуметтік ұйымдасу формалары жатады. Ал «мемлекет» пен «қоғамды» салыстырсақ, ол мүхиттағы айсберг сияқты: судың бетіндегі көрінетін алып мұздың кішкентай ғана бөлігі - ол мемлекет болатын болса, су астындағысы - қоғам. Қоғам өміріндегі сан алуан карым-қатынастардың ең негізгілерін ғана мемлекет заң арқылы ретке келтіре алады, қалғандары әдет-ғүрып, моральдық, эстетикалық, т.б. әлеуметтік нормалардың негізінде қалыпқа келеді. Кең түрде алғанда, қоғам деп адамдардың арасында қалыптасатын сан алуан байланыстар мен қарым-қатынастардың жиынтығын айтамыз. Бұл арада мына нәрсеге көңіл аудару қажет: ол байланыстар мен қарым-қатынастар сол қоғамның өзіндік өмір сүруіне жеткілікті болуы керек. Алайда «өз-өзіне жеткілікті» деген ұғымның өзін нақтылай түсу қажет. Өйткен себебі, бүгінгі таңда бірде-бір мемлекет, қанша алып болса да, барлық қазіргі өмірге керекті заттарды шығара алмайды. Сондықтан баска елдермен экономикалык, саяси-құқтық, мәдени-рухани байланыстарға түседі. Олай болса, «өз-өзіне жеткілікті» деген ұғымды қалай түсінуге болады? Белгілі нактылы-тарихи коғам өзінің мыңдаған жылдар бойы қалыптасқан руханияты, дүниесезімі, өмір салтын сактай отырып, негізгі өмірге қажетті нәрселерді өзі өндіруі кажет. Мысалы, бүгінгі өтпелі қоғамда жер көлемі бойынша 10-шы орында болсақ та, ет, көгөністерді басқа елдерден алатын болсақ, онда біз өз-өзімізге жеткіліксіз боламыз. Әрине, Қазақстан Бразилия емес, сондықтан тропикалық аймақтарда өсетін апельсин, мандарин, банан сияқты жемістерді, кофе, шай сияқты тағамдарды шетелдерден алмаса болмайды. Сондай-ақ жеңіл мәшине, неше түрлі компьютерлер, радио-теле аппаратураларды да алуға болады. Сонымен қатар жер бетіндегі үлкен астық өсіретін ел болғандықтан, ауыл шаруашылығына керек механизмдерді өзіміз шығармай, көсегеміз көгермейді. Күнбе-күн өмірге керек заттардың көбін де өзіміз дүниежүзілік талаптарға сай етіп шығара білуіміз қажет. Сонда ғана біз өз-өзімізге жеткілікті коғам боламыз. Бұл мәселелер қазіргі саясаттану ғылымында «ұлттық қауіпсіздік» категориясы арқылы талданады. Оқырманның байқағанындай, бүгінгі таңда біз көп өмірге керек тауарларды шығара алмай, сырттан әкелуге мәжбүр болып отырмыз.

Екінші үлкен сұрақ: қоғам өміріндегі сан алуан байланыстар мен қарым-қатынастардың ішіндегі негізгі, оның іргетасын құрайтындар қандай болмақ?

Сонау көне заманнан бері созылып келе жатқан үрдіс — қоғамдағы рухани, саналы байланыстарды негізгі деп есептеу. Өйткені бір қарағандағы қоғамның жануар тобырынан айырмашылығы - ондағы рухтың пайда болып, сол қоғамға тигізетін зор әсерінде болса керек. Қоғам өмірінде өмір сүріп жатқан нақтылы тірі адам басқалармен саналы қарым-қатынасқа түседі. Ол өз алдына неше түрлі мақсат-мұраттар қойып, оларды іске асыруға тырысады. Яғни идея әрқашанда алда, соңынан ол іске айналады. Олай болса, қоғам өмірін анықтайтын - билік басындағы ұлы тұлғалардың саналы іс-әрекеті. Мұндай көзқарасты сонау Көне заманнан бастап Жаңа дәуірде өмір сүрген ағартушылардың еңбектерінен байқауға болады.

«Халық - шөп, ел билеуші - жел. Жел қай жаққа үрлесе, шөп сол жаққа майысады» - дейді көне Қытай философиясы.

Орта ғасырдың ұлы ойшылы Әл-Фарабиге келер болсақ, ол қоғамның ахуалын Халифтің адалдығы, әділеттілігі, көрегендігімен байланыстырады. Сол замандағы Еуропа ойшылдары А.Августин, Ф.Аквинский қоғамның дамуын алдын ала болжанған Қүдайдың әмірімен ұштастырады. Жаңа дәуірде өмір сүрген француз ағартушысы Ш.Л. де Монтескье коғамның өрлеуін «ағарған монархтың» іс-әрекетімен байланыстыра отырып, коғам өміріндегі заңдарды жетілдіруді бірден-бір шешуші фактор ретінде қарайды (мұны «қүқтық көзқарас» деп әдебиетте атап кеткен болатын). Бүгінгі таңда да мұндай көзқарастар кеңінен таралған. Әрине, қоғам өміріндегі заңдар сапасының биік болғаны оның дамуын тездететіні сөзсіз. Сонымен қатар заңның өзі -- адамдардың (кәсіби заңгерлердің) рухани туындысы емес пе?

XX ғ. ұлы ойшылы К.Ясперс те тарихтағы рухани төңкер0істерді қоғамның дамуының негізіне жатқызады. Оның ойынша, «адами ахуал - әрқашанда рухани ахуал». Мұндай көзқарастарды қорыта келе, қоғамды талдаудағы идеалистік жол десек те болады.

Сонымен қатар XIV ғ. өмір сүрген араб ойшылы Ибн-Халдун қоғамды талдауға жаңа үлгі енгізеді. Оның ойынша, әртүрлі қоғамдардың бір-бірінен айырмашылықтары, негізінен алғанда, материалдық игіліктерді қалай өндіру, бөлу, тұтынуына байланысты. Алайда ұлы ойшылдың көзқарастары соңынан ұмытылып, тек қана 5 ғасырдан кейін К.Маркстің еңбектерінде жаңадан негізделеді.

К.Маркс қоғамтану саласына, негізінен алғанда, екі жаңалық енгізеді. Оның бірі - қосымша құн теориясы, ал екіншісі - тарихты материалистік тұрғыдан түсіну қағидасы. Ең алдымен бұл екі жаңалықтың да дүниеге келуі капиталистік қоғамның қалыптасып, дамуына байланысты болғанын атап өту қажет. Егер К.Маркс дүниеге келмегеннің өзінде, басқа ғалымдар ертелі-кеш оларды ашатыны сөзсіз еді. Өйткені мыңдаған жылдар бойы бұрынғы қоғамдарда әртүрлі сословиелік-заңдық қатынастармен бүркемеле-ніп келген экономикалық қатынастар Жаңа дәуірде ашылып, ғалымдардың назарын аудара бастайды.

Енді К.Маркстің бірінші ашқан жаңалығына келер болсақ, капиталдың өндіріс айналымында өсуі оның ерекше бір ғажап қасиетінен туындамайды. Бұл үрдіс тарих сахнасында ерекше тауардың пайда болуымен байланысты. Ол - жұмысшы және оның еңбекке деген күш-қабілеті. Оның тек өзіне ғана тән қасиеті өз бағасынан да жоғары қосымша құн тудыруында жатыр. Мысалы, капиталист жұмысқа қабылдаған адамға 500 доллар жалақы төлейді. Ол оның отбасын асырауға, өзінің күнбе-күнгі жұмысқа деген күш-қуаты мен қабілетін толықтырып отыруға жетеді. Бірақ ол шынында 1000, я болмаса 1500 долларға жуық материалдық игілік-терді жасауы мүмкін. Ол - капиталистің байлығын өсіретін қосымша құн. Оны, халықтың жалпақ тілімен айтсақ, қанау дейміз. Әрине, К.Маркстің ашқан бұл теориясының уақытында коғамның саяси саласы мен жұмысшы қозғалысына тигізген үлкен әсерін айтпай кетуге болмайды. Өйткені ол бұл құбылысты жекеменшікке негізделген шаруашылыққа ғана тән деген тұжырымға келеді.

Алайда адамды адамның қанауы (эксплуатация) мемлекеттік (яғни қоғамдық) меншікке негізделген қоғамда да болуы мүмкіндігін өткен Кеңес қоғамының тарихы айкын көрсетті. Бұл қоғамда әсіресе ауылдағы механизаторлар, сауыншылар, кен өндірісіндегі шахтерлер, металлургтар т.с.с. топтардың қаналғаны қазір баршаға мәлім. Екінші жағынан алып қарағанда, бүгінгі дамыған капиталистік елдерде капиталдың өсуі, негізінен алғанда, жұмысшыларды қанаудан емес, ғылыми-техникалық революцияның жетістіктерін ұтымды пайдалану аркылы іске асып жатқанын айтып өту керек.

Негізінен алғанда, қанаудың негізгі анықтамасы — адамның мерзімсіз азып-тозуы, оның өмірінің қысқаруы болып табылады. Ал бүгінгі таңдағы дамыған елдерде адам өмірінің ұзақтығы өте биік дәрежеде болғандықтан, «қосымша құн» теориясы өзекті мәселе деп айта алмаймыз.

Ал К.Маркстің ашқан екінші - тарихты материалистік тұрғыдан түсіну қағидасына келер болсақ, коғамтану саласында оған парапар тұжырымдама әлі жасалған жоқ деп айтуға болатын сияқты.

Сан алуан қоғам өміріндегі байланыстар мен құбылыстардың ішінен К.Маркс материалдық қарым-қатынастарды басымдық түрінде бөліп алып, олардың іргелілігін көрсетеді. Оның себебі адамдардың қарапайым да табиғи күнбе-күнгі өмір сүру қажеттіліктерін өтеу керектігінде жатыр. Расында да, адамдарға күнбе-күн тамақ ішу, киім кию, баспана, т.с.с. материалдық мұқтаждықтарын өтеу керек. Оларсыз өмір жоқ. Ол үшін материалдық игіліктерді өндіру қажет. Оны өндіру барысында адамдардың санасы мен еркіне тәуелсіз өндірістік қатынастар пайда болады. Соңғы қоғамның іргетасын кұрайтын шынайы базис болып есептеледі. Ол адамдардың санасы мен еріктеріне тәуелсіз қалыптасады да, оның үстінде қондырма ретінде оған тәуелді мемлекет, саяси, құқтык, моральдық, эстетикалық, діни т.с.с. құбылыстар орналасады. К.Маркстің ашқан бұл ұлы жаңалығын жете түсінудегі негізгі қиындық өндірістік қатынастардың адамның сана-сезіміне тәуелсіз қалыптасуы. Адам әркашанда саналы пенде ретінде өмір сүреді. Адам өзінің отбасында, күнбе-күнгі жүріс-тұрысында баска адамдармен саналы қарым-қатынасқа түсіп, өндірістік катынастарға келген кезде «санасын үйде қалдырып кететінін» көзге елестету тіпті мүмкін емес. Олай болса, К.Маркстің негізгі кағидасын қалайша түсінуге болады?

К.Маркстің ойынша, әрбір дүниеге келген жаңа ұрпақ бұрынғы бабалардан қалған коғамның материалдық өмірімен кез болады. Ол өндіргіш күштерді (машиналар, неше түрлі жабдықтар, байланыс жүйелері т.с.с.) жаңа ұрпақ өз еркімен ысырып тастап, өмірді «таза беттен» әрі қарай жалғастыра алмайды. Ол сол материалдық игіліктерді игеруге және өз өмір шеңберінде оны әрі карай дамытуға мәжбүр болады. Сол өндірістік катынастарды игеруде жаңа ұрпақ өз сана-сезімін соған сәйкес қалыптастырады. Яғни қоғамдық болмыс қоғамдык сана-сезімнің қалыптасуына шешуші ықпал жасайды.

Сонымен қоғамдық қатынастар деп адамдардың арасында қалыптасатын тұракты да қайталанатын байланыстарды айтуымызға болады. Мысалы, екі бір-бірімен таныс емес адам кездейсоқ кездесіп, біреуі: «Абылай хан көшесі қай жақта?» - десе, екіншісі: «Сіз қайдан келдіңіз?» - деп сұрауы мүмкін. Әрине, олар байланысқа түсіп, ақпарат алмасты. Бірақ бұл кездейсоқ байланысты «қоғамдық қатынас» деп айту асырасілтеушілік болар. Егерде біз профессордың күнбе-күнгі студенттермен кездесіп, білім беруін алсақ, оларды қоғамдық қатынастарға әбден жатқызуға болады.

Қоғамдық қатынастарды жалпы түрде алғанда горизонтальды және вертикальды деп екіге бөліп талдауға да болады. Студенттердің оқу барысындағы бір-бірімен қарым-қатынасы, әрине, горизонтальды. Ал студенттер мен профессордың арасындағы қатынастар - вертикальды. Ол катынастар заңмен бекітілген. Окытушы мен кафедра меңгерушісі, соңғының оқу орнының басшысымен қарым-қатынасы да вертикальды. Өйткені оның негізінде әртүрлі дәрежедегі билік лауазымы жатыр. Олай болмайынша, коғам хаосқа айналып, ешқандай тәртіп орнамас еді.

Қоғамдық қатынастар қажетті түрде әртүрлі әлеуметтік ролдерді тудырады. «Студент», «профессор», «кафедра меңгерушісі», «ректор», т.с.с. қоғам өмірінде мыңдаған рөлдер бар. Тұлға жалғыз ғана бір рөлді ойнап қоймай, оның сан алуанына ие болады. Мысалы, профессор сонымен катар «әке», «ата», «саяси қайраткер», «спортшы», «театрсүйгіш» т.с.с. сияқты рөлдерді аткаруы мүмкін. Сонымен, тек актерлер ғана театр сахнасында ойнап қоймай, әр адам белгілі бір рөлдерді ойнайды, оның сахнасы әлеуметтік кеңістікте. Окырманның байқағанындай, әртүрлі рөлдер бір-біріне тең емес, әрбіреуінің өз «бағасы» бар. Оны әлеуметтануда статус(алатын орны) деген ұғыммен береді. Мысалы, қарапайым мұғалім мен ректордың статусы екі түрлі. Бірақ сол қарапайым мүғалім ректорлық жұмыска тағайындалса, ол дереу сол статустың дәрежесіне сай келуі керек. Яғни статус оның мінез-кұлкына, жүріс-тұрысына, ой-өрісі мен сөйлеген сөздеріне, іс-әрекетіне т.с.с. өз әсерін тигізбей қоймайды.

Әлеуметтік статусы жағынан тең тұлғалар бір-бірімен горизонтальдық қоғамдық катынастарға түсіп, еңбек нәтижелерімен алмасып, өз мұқтаждықтарын өтейді. Әлеуметтік статусы тең емес жағдайда вертикальдық байланыстар пайда болады. Бұл жағынан алғанда, қоғам құрылымының иерархиялық (жоғарғы-төменгі дәрежеде), яғни теңсіздік түрде өмір сүретінін байқауға болады. Жоғарғы, орта деңгейдегі және төмендегі әлеуметтік топтар деп адамдардың ойнайтын рөлдері мен статусы бойынша қоғам құрылымын анықтауға болады. Сонымен статус — адамның қай әлеуметтік топқа жататынын көрсететін категория. Сословиелік капитализмге дейінгі қоғамдарда әлеуметтік статус адамға туа беріледі. Еріктінің отбасында дүниеге келсең - еріктісің, құлдың баласы болсаң - құл болып кала бересің, шаруаның статусы сол қалпында оның өмірін анықтайды, саудагердің баласы сол іспен айналысады, ал ақсүйектің отбасында тусаң, еш нәрсе жасамасаң да, үстем таптың мүшесі болып, әртүрлі жеңілдіктерге ие боласың. Бір топтан екіншіге өту - мұндай жағдайда өте киын шаруа

Бүгінгі қоғамға келер болсақ, адам өз белсенділігі, табиғи дарыны, тапқырлығы, білім деңгейі т.с.с. арқасында әртүрлі статусқа жетуі мүмкін. Мысалы, біздің Елбасы қарапайым шаруаның отбасында дүниеге келіп, әртүрлі өмір сатыларындағы статустарға жетіп, ақырында, бүгінгі ең биік лауазым иесі болып отыр. Егерде қоғам тұлғаның белсенділігі арқасында жоғарыға көтерілуіне мүмкіндік ашса, ондай қоғамды «ашық қоғам» деп айтуға болады. Мысалы, бүгінгі таңдағы Қазақстан қоғамын «ашык қоғам» деп әбден айтуға болады. Соңғы жылдары қаншама жастар өз белсенділігі, тапқырлығы, білімі аркасында биік статустарға жетіп жатыр! Жас дос, қажымай-талмай терең білім алып, сен де өз бағыңды сынап көр!«Жабық» және «ашық» қоғам деген ұғымдарды кейбір жағдайда казіргі саясаттануда тоталитарлық және демократиялық қоғамдарды салыстырғанда қолданады. Мысалы, бұрынғы кеңес қоғамын «жабық коғамға» жатқызады. Өйткені ол қоғамда идеология кең орын алып, шетелдерде болып жаткан өзгерістер халыққа «өлшемді түрде» ғана көрсетілді, шетелдік газет, журналдарды таратуға тыйым салынды, халықаралық сауда толығынан мемлекеттің қолында болды т.с.с.

Қоғамның белгілі бір саласындағы әлеуметтік рөлдер мен статустар жиынтығы әлеуметтік институт (орнығу) деген ұғымды тудырады. Қоғам өміріндегі әртүрлі әлеуметтік институттар неше түрлі әлеуметтік нормалар арқылы адамдардың іс-әрекеттерін белгілі бір жолға қойып, оны қадағалап отырады. Егер адам оның талаптарын бұзса, оған неше түрлі санкциялар қолданылуы мүмкін. Әлеуметтік институттарға отбасын, балабақша мен мектепті, жоғары оку орнын, еңбек ұжымын, парламент пен сотты, армияны т.с.с. жатқызуға болады. Солардың кызметінің арқасында адам әртүрлі рөлдерді меңгеріп, неше түрлі статустарға ие болып, тұлғаға айналады. Ол ең алдымен сәби кезінде отбасының риясыз сүйіспеншілігіне бөленіп, содан кейін балабақшаға барып, алғашқы әлеуметтілікпен кез болады, әрі қарай мектепті бітіріп, жоғары оқу орнына оқуға түсіп, мамандық алады, азаматтық дәрежеге көтеріледі. Енді ересек өмір басталып, тұлға еңбек ұжымына кіріп, саяси институттардың жұмысына қатысып, әрі қарай шыңдала түседі т.с.с.

Қоғам өмірін талдауда «Шығыс» және «Батыс» қоғамы деген ұғымдарды аттап өтуге болмайды. Шынында да, егер сіз Франция мен Мысырға турист болып барып, коғамдағы тәртіпке, адамдардың арасындағы қарым-қатынасқа, әдет-ғұрпына, салт-дәстүрлеріне мұқият қарасаңыз, осы екі қоғамның арасындағы айырмашылықтарды әлеуметтану маманы болмасаңыз да аңғарасыз. Ол - шындық. Олай болса, біз оны түсінуіміз керек.

Шығыс қоғамы, өркениетінің тарихы сонау көне заманға кетеді. Мұндай қоғамдардың классикалық түрі ретінде Қытай қоғамын келтірсе де жеткілікті. Бұл ел мыңдаған жылдар бойы бүкіл адамзаттың алдында болып келді, тек 18 ғасырдан бастап, Батыс Европа капиталистік қоғам шеңберінде ғылым мен техниканы дамытып, машиналық өндірісті пайдаланып, алғы шепке шығып кетті. Бүгінгі таңда Шығыс қоғамдары (Қытай, Үндістан, Иран, Араб елдері т.с.с.) заманның талабына сай жауап тауып, өте тез қаркынмен дамып келеді. Шығыс коғамының негізгі ерекшелігі - қауымдасып өмір сүрудің биік мәртебесінде. Жеке адамның мүддесі әркашанда ұжымның шеңберінде болып, соның талаптарына сай болуы кажет. Рулық, жерлестік, діни, касталық, отбасылық т.с.с. кауымдастықтың шеңберінде пайда болған моральдық, руханияттық, мәдени т.с.с. түсініктер, нормалар, құндылықтар тұлғаны баурап алып, өз еркіне көндіреді. Сонымен қатар ұжым жеке тұлғаны әрқашанда өз қамқорлығының шеңберінде ұстайды, ол - қорғалған. Сондықтан бұл қоғамдарда әлеуметтік әділеттілікке көп көңіл бөлінеді. Әрине, мұнда да байлар мен кедейлер бар. Бірақ ол таптық емес, сословиелік негізде кұрылған. Жекеменшікке де Батыстағы сияқты толыққанды құқық мұнда жоқ. Көп жағдайда байлық мемлекеттің, я болмаса қауымдастықтың қолында. Экономика бұл қоғамдарда ешқашанда негізгі мақсат-мұратқа айналмаған, ол - негізгі қажет-тіліктерді өтейтін құрал ғана. Негізгі байлық - рухани жетілу, адамгершілік, ар-намыс пен абыройды биік дәрежеде ұстап қорғау болып табылады. Мұның себебі айнала қоршаған ортаға мыңдаған жылдар бойы бейімделуден шықса керек. Мысалы, Қытай елі мыңдаған жылдар бойы жүздеген мың адамдардың басын біріктіріп, алып каналдарды қазып, суармалы егіншілікпен айналысты, көшпенділерден қорғану ретінде ұзындығы 6000 шақырымнан артық «¥лы қорғанды» соқты. Қытайдың ұзындығы 1000 шақырымнан артық кемелер жүретін каналы - олардың мақтанышы. Мұндай жағдайда, әрине, мемлекеттің рөлі өте зор болды. Осы күнге дейін Қытайда жер мемлекеттің қолында. Ол тек жеке адамдарға жалға ғана беріледі. Мемлекеттің рөлінің тым биіктігі неше түрлі шен иелерінің құзырын арттырып, елбасының шектелмеген абсолютті билігін құрайды. Оны Батыс елдерінде «Шығыс деспотиясы» деп атап кеткен болатын. Егерде қайсыбір себептер болып, мемлекет әлсізденсе, мұндай қоғамдар тез уақытта тарқап отырған.

Енді Батыс қоғамына келер болсақ, оның негіздері сонау көне гректерге кетеді. Бұл ел жылы теңіздермен қоршалған, қысы жоқ, суы мол, жері құнарлы, сондықтан сонау ерте заманнан бастап, жеке адамның белсенді іс-әрекеті нәтижелі болған. Еңбек еткен адамға табиғат өз жемісін аямай берген. Сондықтан Батыс өркениеті жеке адамның мүддесін биік ұстап, оны қорғау жолын іздеген. Мұндай өмір бағытын әдебиетте индивидуализм дейді. Жеке тұлғаның өзіндік кұндылығы мен жеткіліктігі, оның еркіндігі мен өз іс-әрекеттерін билеушілігі негізгі құндылықтар болып есептелінеді. Екінші ерекшеліктерінің бірі - рационализм, істеген істің бәрін есеп-қисаптан өткізу, көп жағдайда адамның сезімдік дүниесімен есептеспеу т.с.с. Яғни адамның іс-әрекеттерінің бәрі пайда табуға,өз мүддесін ғана қамтамасыз етуге бағытталған. Мұндай ахуалда коғамның біртұтастығы көп жағдайда заңдар арқылы қорғалады. Сонымен қатар діни құндылықтар да адамдарға өмір бағытын анықтауға көмектеседі.

Мұндай қоғамның материалдық байлықты жасауға көп мүмкіндіктері болғанмен, рухани жүдеуінің себебі де жекенің қауымдық мүддеге қарағанда жоғарылығында болса керек, өйткені шынайы адамгершілік қоғамдық мүддені жекеден гөрі жоғары ұстағанда ғана болады. Екінші жағынан, Батыс өркениеті техниканы, соғыс құралдарын дамытудың негізінде 16 ғ. бастап бүкіл дүние жүзін өзіне бағындыру саясатын жүргізіп, көп елдерді бодандап, бүкіл жер бетінің ресурстарын өз пайдасына жаратты. Яғни бүгінгі Батыс өркениетінің материалдық жағынан алып қарағандағы гүлденуіне ғасырлар бойы бүкіл адамзат өз үлесін қосты деп айтуымызға болады.

Соңында біздің бүгінгі өмірмен тығыз байланысты «нарықтық қоғам» деген ұғыммен танысайық. Бүгінгі таңда нарықтық қатынастардың (қоғамның қай саласы болмасын) шешуші рөлімен санаспайтын адам жоқтың қасы шығар. Әсіресе бұл қоғамда материалдық игіліктерді өндіру, сауда-саттық негізгі сала болып есептеледі. Мемлекет заң шығару арқылы нарықты дамытуға барлық жағдай жасайды, ал іскерлер тобы қоғамның негізгі «қозғаушы күшіне» айналады. Сонымен қатар нарықтық қоғамда әр адамның өз «бағасы» бар, ол өз қабілеттерін, шеберлігін, білімін т.с.с. нарық таразысына салады. Сонымен нарықтық қоғамда әр адам, бір жағынан, сатып алушы болса, екінші жағынан, өз тауарын сатады. Ол, мысалы, профессордың білімі, артистің өнер шеберлігі, жазушының романы, суретшінің суреті, архитектордың үй жобасы, қолөнершінің сақинасы мен шолпысы т.с.с. Адамның әлеуметтік статусы - оның істейтін ісінің тауар ретіндегі өтімдігі, ақшаға айналуы. Сонымен адам қалтасындағы ақшасының қалыңдығымен бағаланатын болды. Егерде адамның статусы тек байлыққа келіп тірелсе, онда адамдардың арасында қатты бәсекелестік басталып та кетеді. Әлсіз, сайысқа шыдамағандар қоғамның шетіне шығып, өзін бейшара ретінде сезінеді. Пайда әкелмейтіннің бәрі есепке алынбайды. Мұндай жағдайда жақсы жасалған жеңіл машина нарықта өтеді де, композитордың жазған симфониясы, я болмаса реквиемі, ақынның өлеңі өтпей қалуы мүмкін. Достық, сүйі


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  




Подборка статей по вашей теме: