Елді мекендер жері

Н-01-4-45-14

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

«Көкше» академиясы

Дәріс курсы

Пәннің атауы: Қазақстан Республикасының Жер құқығы

Көкшетау - 2014

1 - тақырып. Жер құқығының түсінігі, пәні және жүйесі

Ғылыми және әдеби оқулықтарда жер құқығы кеңестік кезеңнен бері жер құқығы пәнінің анықтамасы туралы көптеген көзқарастарды қалыптастырды. Бұл анықтаманың өзгешелігімен мағыналық жағынан қисынын келтіру ғана емес. Олардың барлығы мемлекеттік ерекше меншігі жерге негізделді. Одақ таралғаннан кейін бұрынғы кеңестік республикалар егемендік алуына байланысты мемлекеттік жерге дегн монополиясын жойылуынан тәуелсіз мемлекеттің жер туралы заңдарда елеулі өзгерістер болды. Мұның барлығы жер құқығы курсын оқуда оқу пәніне өзгерістер енгізуді талап етті. Біздің егеменді еліміздің жер туралы заңдарының міндеттері болып жер учаскелеріне меншік құқығы мен жер пайдалану құқығы п.б. Өзгертілу мен тоқтатылуының негіздерін шрты мен шектерін жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың құқығы мен міндеттерін жүзеге асыру тәртібін белгілеу. Жерді ұтымды пайдалану мен қорғау топырақ құнарлығын ұдайы қалпына келтіріп отыру,табиғи ортаны сақтау мен жақсарту мақсатында жер қатынастарын реттеу. Шаруашылық жүргізудің барлық нысандарын тең құқығын дамыту үшін жағдайлар жасау жеке және заңды тұлғалар мен мемлекеттің жерге құқықтарын қорғау,жылжымайтын мүлік нарығын жасау мен дамыту,жер қатынастары саласында заңдылықтарды нығайту болып табылады. Жер қатынастары жер туралы заңмен және соған сәйкес келетін қазақстан республикасының басқа да заң актілері мен реттеледі. Бұл ерекше құқықтық нормалардан келесідей қортынды шығаруды керек етеді.

1. Жер құқық пәні—жер қатынасы болып табылады.

2. Жер құқық пәні—Жер қатынастарын реттейтін қалыптасқан мемлекеттік нормалардың ерекше жиынтығы болатын құқық саласы.

Жер заңдарының нормасы негізінен келесідей негізгі принциптер қарастылылған:

1. Қазақстан Республикасы аумағының тұтастығы,қол сұғылмаушылығы және бөлінбейтіндігі:

2. Жерді табиғи ресурс Қазақстан Республикасы халқының өміті мен қызметінің негізі ретінде сақтау:

3. Жерді ұтымды пайдалану:

4. Экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету:

5. Жерді нысаналы пайдалану:

6. Ауыл шаруашылығына арналған жердің басымдылыға:

7. Жердің жай-күйі туралы ақпарат пен қамтамасыз ету және оның қол жертімділігі:

8. Жерді пайдалану мен қорғау жөніндегі іс шараларды мемлекеттік қорғау:

9. Жерге келтірілетін залалдарды болғызбау және оның зардаптарын жою:

10. Жерді ақы төлеп пайдалану принципіне негізделеді.

Бұл қағидаттарының әрқайсысының мазмұныұ аша алатын болсақ; Жер- бұл Қазақстан Республикасының егемендігі белгіленетін шектегі аумақтық,кеңестік,табиғи ресурс,жалпыға бірдей өндіріс құралы және кез келген еңбек процесінің амақтық негізі. Бұл принципке сәйкес барлық жер заңдары Қаазақстан Республикасының Конституциясының 31-бабына сүйенеді. Мұнда мемлекет адамның өмір сүруі мен денсаулығына қолайлы айналадағы ортаны қорғауды мақсат етіп қоюды. Бұл мемлекет жеке меншік иелері және және жер пайдаланушылар,жерге өз құқық қатынастарын орнатуға міндетті. Сонымен қатар адамзат қайғылы жағдайда қалмас үшін жерді табиғи ресурс ретінде сақтап және қорғап,болашақ ұрпаққа жеткізу көзделген тараптар жер туралы заңның келесі нормаларында өз мәнісін тапты. Жер туралы 107-бабы “жерді қорғау”,109-бабы “жерді жай-күйінде әсер ететін үйлерді (құрлыстарды,ғимараттарды) және басқа да объектілерді жобалау мен пайдалануға беруге қойылатын экологилық,санитарлық,гигиеналық талаптар және өзге де арнайы талаптар”. 13- тарау Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жері,сауықтыр және тарихи-мәдени мақсаттағы жер. Орман қорының жерін жердің басқа санаттарына ауыстырдағы шектеулер (98б және т.б.)

Жерді табиғи ресурс ретінде сақтау қағидасы жердің жай-күйінің өзгерістерін уақтылы анықтау,оларды бағалау,болжам жасау және келеңсіз процестердің зардаптарынан сақтандыру мен оларды жою жөніндегі ұсыныстар әзірлеу,жерге орналастыру,бүлінген жерлерді жаңғырту мен жаңа жерлерді игеру жобаларын сондай-ақ жерді пайдалану мен қорғауға болатын басқа да жобалар әзірлеуді қамтамасыз етеді.

Жер құқығының барлық нормаларына қатысты оның негізгі қортындысы жер заңдарының бірінші кезектегі мақсаты жерді тиімді пайдалану мен қорғау екенін айғақтайды және де жердің әр бөлігін тиімді әрі үнемді пайдалану,топырақтың құнарлығын арттыру сонымен бірге бұл қағиданның мазмұны жердің әр түрлі санаттары үшін кейбір өзгешеліктермен ерекшеліктерді иеленеді. Ауыл шаруашылық негізіндегі жерлер,инфроқұрылым объектілерін орналастыру үшін үнемдеп бөлінген жерлер және ауыл шаруашылық мақсатындағы басқада пайдалануда тиімді құрылыс объектілердің сапасы төмен жерлерге орналастыруды үнемді мөлшерлеу б.т. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жүйелерн пайдалануға,олардың мақсатын пайдалануға жағдайлар жасау тиімділігін бекітеді.

Тікелей өзара байланысты жер құқықтық институтардың жиынтығы ер құқығының жүйесі болып саналады. Жер қатынастарын реттеудегі қызметтің тәуелділігіне және ерекшеліктеріне байланысты жалпы және арнаулы институттарға бөлінеді.

Барлық құқық саласына жаппай қатысты құқық нормаларынан тұрса,ал арнаулы жер қатынастарының наықталған түрлерін реттеу үшін белгіленген құқық нормалрынан тұрады. Жалпы институттары жер құқығының жалпы бөлімін,ал арнайы ерекше бөлімін құрайды.

Жер құқығының жалпы бөліміне мына институттар жатады: жерге меншік құқығы,мемлекеттік органдардың жер қатынастары саласындағы құзыретті,жер учаскесі- меншік құқығының жер пайдалану құқығын және де өзге құқықтың объектісі. Жер учаскелері,меншік иелерінің және жер пайдаланушылардың құқықтары мен міндеттерін,сервитуттар,жер учаскелеріне меншік құқығын,жер пайдалану құқығын және өзге де құқықтарды тоқтату,жерлерді қорғау және оларды пайдалануды бағалау,жерге орналастыру мониторинг және мемлекеттік жер кадстрі,жер дауларын шешу және жер заңдарын бұзғаны үшін жауаптылық.

Жер құқығының ерекше бөлімі.Жерді жеке санаттарының құқықтық тәртібін анықтайтын институттардан тұрады. Осы саланың ерекшеліктерін реттейтін нормаларды қоса,ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлердің құқықтық тәртібі,елді мекендердің жерлердің жер қатынастарын реттейтін нормаларды қоса,таулы өлкелердің және қала маңындағы ауылдардың жері,осы саланың әр түрлі объектілерінде пайдаланатын жерлердің ерекшелігін реттейтін нормалрды қоса,өлкелік,көлік,байланыс қорғаныс жері және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жерлер. Ерекше қорғалтын табиғи аумақтардың жері,сауықтыру және тарихи-мәдени,мқсаттағы жерлер пайдалану ерекшеліктерін реттейтін нормаларды қоса,ұлттық парктер,ботаникалық парктар т.б. Орман қорының жерлерінің осы саланың ерекшеліктеріне пайдаланатын жерлердің нормаларын қоса,су қорының жері,су қоры жерінің құқықтық тәртібі.Осы саланың ерекшеліктеріне пайдаланатын нормаларды қоса және де суды қорғау аумақтары қосалқы жердің құқықтық тәртібі.

Территорияда құқық салалары арасында нақты шектеу жоқ және олар бір-бірімен әрқашан да байланысты болады. Бірақ құқық салалары арасында үлкен өзгешеліктер бар (мазмұны мен байланысты) жер құқық жер қатынастары мен тікелей байланысты (табиғат қорғау,орман,су,тау құқықтарыменнен).

2 - тақырып. ҚР жер заңнамасының мақсаттары, міндеттері және қағидаттары. Жер құқығының қайнар көздері

Жер туралы заңның міндеттері 4 бапта аталған мақсаттарға сәйкес заңды реттеуден немесе сондай реттеулердің нәтижесінде туатын жер қатынастары құқықтық қатынас болып табылады. Жер құқықтық қатынасы бұл субъектінің арасында ортақ құқықтар мен міндеттер туындататын мемлекет пен біршама қорғалған жерге құқықты игілік немесе мүдде туралы қоғамдардың нақты жағдайы. Жер құқығы институтына жіктеуді жүргізгенде жер құқық қатынастары келесідей негізгі бөліктерге бөлінеді. Жеке меншік,тұрақты және уақытша жер пайдалану,жер қорларын мемлекеттік басқару,жерді нақты мақсатқа сәйкес пайдалану жер құқықтарын қорғау және нақтылау,жер құқық бұзушылық заңды жауапкершілік мүдде көрсетілген жіктеулер өз мәнісінде біршама нақты бағыт бағдарларымен зерделенген болуы мүмкін. Мысалы, мақсатқа пайдаланатын жерлердің өзіне жеті санаттағы жер құқық қатынасын айтуға болады.

1. Ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлер

2. Елді-мекеннің жері (қалалардың,кенттармен ауылдық елді мекендердің)

3. Өнеркәсіп,көлік,байланыс,қорғаныс жері және өзге де ауылшаруашылығы маұсатына арналмаған жер

4. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жері,сауықтыру мақсатындағы рекреациялық және тарихи-мәдени мақсатындағы жер

5. Орман қорының жері

6. Су қорының жері

7. Босалқы жерлер

Қазақстан Республикасы аумағында табиғи жағдайлары бойынша мындай аймақтар ерекшеленеді:

Орманды дала

1. Дала

2. Қуаң дала

3. Шөлейтті

4. Шөлді

5. Тау етегі-шөлді далалық

6. Субтропикалық шөлді

7. Субтропикалық –тау етегі шөлді

8. Орта азиялық таулы

10.Оңтүстік сібір таулы аймақтары

3 - тақырып. ҚР жер қатынастарын құқықтық реттеу тарихы. Жер-құқық қатынастары

Жер құқық қатынастарының субъектісі болып,заңда көрсетілген тұлға және жер құқығы қатынасы сферасында қатысуға толық негізі бар. Құқықтар мен міндеттерге сәйкес келетіндер заңға сәйкес жер құқық қатынастарына қатысушы болып табылады. Және соған орай осы құқық қатынасында құқығы бар және міндет атқаратын субъект жер құқығы қатынастарының субъектілерінің құқықтары көлемі және мазмұны жағынан анықталады: құқықтың мәртебесі мен,субъектілер түрлері мен оны әрекетінің бағыттарыменнен мінездемесіне,құқықтық қатынас объектісінің ерекшелігімен құқықтық қатынасқа сәйкес туындайтын жағдайлармен.

Жер құқығы қатынасына сәйкес субъектілерінің арасында туындайтын материалдық және басқа да құндылықтар құқық қатынасының объектісі болып саналады. Заңға сәйкес Қазақстан Республикасының аумағы шегіндегі бүкіл жер,онда не орналасқандығына және олардың жекелеген субъектілерге бекітіліп берілуінің құқықтық негізіне қарамастан жекелеген жер учаскелері сондай-ақ жер учаскелерімен жер үлестеріне құқықтар жер қатынасының объектісі болып танылады. Бұл анықтамадан жер құқықтық қатынасына барлық жер қоры,елдегң жер ресурстары экономика саласында пайдалануы мүмкін немесе пайдаланылатын жер деген қортынды шығаруға болады.Жоғары жіктеулерден жер туралы заңдағы жер құқығы қатынастарының қалыптастыру, тоқтату және өзгертуді реттейтін республикадағы жер заңдары негізгі құқықтық нормалардың кейбіреуін қарастырсақ: Жер құқығының қалыптасуы,яғни пайда болуы. Мемлекеттік құзыретті органдарының актісі негізінде жерг меншік құқығы және жерді тұрақты және уақытша пайдалану қалыптасады.

Жерді тұрақты пайдалану құқығымен және учаскелерін мынадай мемлекеттік жер пайдаланушыларға:

1. Кондоминимум,объектілеріндегі үйлерді (құрылыстарды,ғимараттарды) үй-жайларды шаруашылық жүргізу құқыңымен немесе оралымды басқару құқығымен иеленетін заңды тұлғаға:

2. Ауыл шаруашылық және орман шаруашылығы өндірісін жүзеге асыратын заңды тұлғаға:

3. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерідегі жер пайдалануды жүзеге асыратын заңды тұлғаға:

4. Заң актілері көзделген өзге де жаңдайларда беріледі.

Тұрақты жер пайдалану құқығы шетелдік жер пайдаланушыларға тиесілі бола алмайды. Тұрақты жер пайдалану құқығы 34-бап.

Уақытша жер пайдалану құқығы қысқа мерзімде (5 жылға дейін) және ұзақ мерзімде (5-49 жыл) болуы мүмкін,ал шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғаларға 10 жылға дейін мерзімге беріледі.

Жер учаскесіне уақытша өтеулі (қысқа мерзімде және ұзақ мерзімде) жер пайдалану (жалдау) құқығы азаматтарға,мемлекеттік емес заңды тұлғаларға,сондай-ақ халықаралық ұйымдарға табысталуы мүмкін. Жалға берілетін жер учаскесін үйлердің,құрылыстар мен ғимараттардың меншік иелері сатып алатын жағдайларды қоспағанда,мемлекеттік меншіктегі жер учаскесін сату кезінде осы жер учаскесін жалға алушының ортақ меншік құқығындағы үлесін бөгде тұлғаға сату үшін Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарында белгіленген тәртіппен оны сатып алуға басым құқығы болады. Заң актілерінде немес шартта өзгеше белгіленбесе,өз міндеттерін тиісті түрде орындаған уақытша жер пайдаланушының шарт мерзімі біткен соң басқа жағдайлары тең болған кезде жаңа мерзімге шарт жасасуға басқа тұлғалар алдында басым құқығы болады. Жер пайдалану құқығын белгілі бір мерзімде басқа адамға бергенде, жер учаскесін жалға беру шартының негізнде жүргізіледі.(25-бап).

Жер пайдалану құқығын тапсыру тұлғаға жер пайдалану құқығын басқа бір жер пайдаланушы беретінін білдіреді. Бұл азаматтық құқықтың мәмілелер негізінде сондай-ақ заңдарда көзделген өзге де негіздер бойынша жүргзіледі (26-бап).

4 - тақырып. ҚР жерге меншік құқығы мен басқа да құқықтар. Жер пайдалану құқығы. Жерге ақы төлеу

1. Жерге меншік құқығының түсінігі

2. Жер пайдалану құқығы

3. Жер учаскесі меншік құқығының, жер пайдалану құқығының және өзге де құқығының объектісі

1. Меншік иесінің өзіне тиесілі жер учаскесін иеленуге,пайдалануға және оған билік етуге құқығы бар. Жердің меншік иесі ретіндегі мемлекеттің құқықтарын жер туралы заңда және өзге де заң актілерінде белгіленген өз құзыретіне сәйкес мемлекеттік баксқару органдары жүзеге асырады. Жер учаскелерінің меншік иесі жер туралы заңда және өзге де заң актілерінде көзделген негіздерде жағдайлар мен шектерде меншік иесі құқығын жүзеге асыра алады. Қазақстан Республикасында жерге мемлекеттік және жеке меншік танылады,және тең дәрежеде қорғалады. Қазақстан Республикасында,республика аумағында жерге мемлекеттік меншік құқығының субъектісі Қазақстан Республикасы болып табылады. Заңмен белгіленген негіздерде,жағдайлар мен шектерде жер учаскесіеің жеке меншік құқығының субъектісі азаматтар мен мемлекеттік емес заңды тұлғалар.

Жер учаскесіне меншік құқығы:

1) меншік құқығын табыстау;

2) меншік құқығын беру;

3) меншік құқығын әмбебап құқықтық мирасқорлық тәртібімен (мұраға қалдыру,заңды тұлғаның қайта ұйымдастырылу) ауысуы арқылы туындайы.

Меншік құқықғын абыстау,беру және оның ауысуы жер учаскесінің нысаналы мақсаты ескеріле отырып,жүзеге асырылуға тиіс. Жер учаскесіне меншік құқығы:

1) мемлекеттік органдар актілерінің;

2) азаматтық-құқықтық мәмілелердің негізінде;

3) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделегн өзге де негіздерде туындайды.

Қазақстан Республикасы азаматтарының жеке меншігінде шаруа (фермер) қожалығын,өзіндік қосалқы шаруашылық жүргізу,орман өсіру,бағыбандық,жеке тұрғын үй және саяжай құрылысы үшін,сондай-ақ үйлерді (құрылыстарды,ғимараттарды) олардың мақсатына сәйкес қызмет көрсетуге арналған жерді қоса алғанда,өндірістік және өндірістік емес,оның ішінде тұрғын үйлерді (құрылыстарды,ғимараттарды) мен олардың кешендерін салуға берілген (берілетін) немесе олар салынған жер учаскелері болуы мүмкін. Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғаларының жеке меншігінде тауарлы ауыл шаруашылығы өндірісі жүргізу, орман өсіру үшін, үйлерді (құрылыстарды, ғимараттарды) олардың мақсатына сәйкес қызмет көрсетуге арналған жерді қоса алғанда,өндірістік және өндірістік емес,оның ішінде тұрғын үйлерді (құрылыстарды,ғимараттарды) мен олардың кешендерін салуға берілген (берілетін) немесе олар салынған жер учаскелері болуы мүмкін. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері жеке меншік құқығымен Қазақстан Республикасының азаматтарына шаруа (фермер) қожалығын жүргізу үшін және Қазақстан Республикасының мемлекеттік емесе заңды тұлғаларына тауарлы ауыл шаруашылығын өндірісі жүргізу және орман өсіру үшін беріледі. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесіне жеке меншік құқығын табыстау арқылы негізінде жүргізіледі.Жер учаскелерін төлеу мерзімін ұзарту арқылы алған тұлғаларға учаскенің бағасын толық төленгенге дейін мәміле (сату,жалға немесе өтеусіз пайдалануға беру,шаруашылық жүргізуші субъектілерінің жарғылық капиталына салым немесе жарна ретінде беру) жасасуға тыйым салынады. Жеңілдікті бағамен төлеу мерзімі ұзартылып сатылған жер учаскесімен мәміле жасасуға,оның сатып алу бағасы толық төленгеннен кейін он жыл өткен соң құқық беріледі. Аталған тұлғалардың жер учаскесін кепілге беруіне оның сатып алу бағасының кемінде елу процентін төлеген жағдайда рұқсат етіледі. Бұл ретте жер учаскесінің сатып алу бағасы төленген бөлігі ғана кепіл нысанасы бола алады.

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесінің меншік иесі болып табылатын азамат Қазақстан Республикасының азматтығынан шаққан кезде жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылуға тиіс не жер учаскесіне құқық 10 жылға дейін жалдау шартымен уақытша жер пайдалану құқығына бір жыл ішінде қайта рәсімделуге тиіс. Жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылған кезде,жер учасксінің сатып алу бағасы меншік иесіне осы учаскені мемлекеттен сатып алған баға бойынша,жер учаскелерін сатудан түсетін қаражат есебінен төленеді. Жер туралы заңында және Қазақстан Респбликасының өзге де заң актілерінде өзгеше көзделмесе,жер учаскесінің меншік иесі мемлекеттік органдардың қандай да бір рұқсатын алмай, жер учаскесін өз қалауынша иелену,пайдалану және оған билік ету құқығын жүзеге асырады.

Мемлекеттік билік органдарына, мемлекеттік ұйымдар мен мекемелерге берілген,қорғаныс қажеттеріне пайдаланылатын,ерекше қорғалатын табиғи аумақтар алып жатқан, сауықтыру және табиғи-мәдени мақсаттағы, орман және су қорларының,елді мекендер жеріндегі ортақ пайдаланудағы,босалқы жер,оның ішінде арнайы жер қорының жер учаскелері, кенттер мен ауылдық елді мекендердің маңындағы жайылымдық және шабындық алқаптар,сондай-ақ жеке меншікке берілмеген шалғайдағы жайылымдар мен басқа да жерлер мемлекеттік меншікте болады. Мемлекеттік меншіктегі жер учаскелерінде:

1. Жеке меншікке сатылуы немесе өтеусіз берілуі

2. Өтемді немесе өтемсіз негіздерде тұрақты немесе уақытша жер пайдалануға берілуі

3. Жер туралы заңда және өзге де заң актілерінде немесе халықаралық шарттарда көзделген жағдайда өзге де құқықтық нысандарда іске асырылуы мүмкін.

Егер жер туралы заңда және өзге де заң актілерінде өзгеше көзделмесе,жер учаскесінің меншік иесі жер учаскесінің мемлекеттік органдардың қандай да болсын рұқсат алмай-ақ өз қалауы бойынша иелену,пайдалану және оған билік ету құқығын жүзеге асырады. Меншік иесі өзінің жер учаскесіне қатысты заң актілерінде тыйым салынбаған кез келген мәмілелерді жасауға құқылы. Жер учаскесінде меншік құқығы басқа адамға мәміле жасалған кезде болған барлық ауыртпалықтарымен қоса беріледі. Жер учаскесінің меншік иесі жер учаскесін уақытша пайдалану туралы шарттың негізінде уақытша пайдалануға берілуге құқылы. Жер учаскесінің уақытша пайдалану туралы шарт жалдау шарты (жалға алушымен) немесе өтеусіз пайдалану туралы шарт (өтеусіз пайдаланушылармен)нысанында жасалады.

2. Жер пайдалану құқығы заттық құқық болып табылады. Жер пайдалану құқығы тұрақты немесе уақытша, иеліктен шығарылатын немесе шығарылмайтын,өтеулі немесе өтеусіз алынатын болуы мүмкін.

Жер пайдалану құқығының субъектілері:

1) мемлекеттік және мемлекеттік емес.

2) Ұлттық және шетелдік;

3) Жеке және заңды тұлғалар;

4) Тұрақты және уақытша;

5) Бастапқы және кейінгі

Жер пайдалану құқығын беру азаматтық-құқықтық мәмілелер негізінде,сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де негіздер бойынша жүргізіледі. Жер пайдалану құқығын иеліктен шығару азаматтық-құқықтық мәмілелер (сатып алу-сату, сыйға тарту,айырбастау және басқалар) негізінде жүргізіледі. Жер пайдаланушылардың:

1. Ортақ пайдаланудағы;

2. қорғаныс қажеттеріне беріледі;

3. орман қорының;

4. ерекше қорғалатын табиғи аумақтар,сауықтыру,рекреациялар және тарихи-мәдени мақсаттағы;

5. қызметтік жер телімінің;

6. уақытша өтеусіз және уақытша қысқа мерзімді өтеулі жер пайдалану құқығымен берілген жер учаскелерінің;

7. кепілге беруді қоспағанда,шаруа (фермер) қожалығын және тауарлы ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша жер пайдалану құқығымен берілген жер учаскелерінің;

8. су қорының жерінде жер пайдалану құқығын иеліктен шығаруды қоса алғанда,жер пайдалану құқығына қатысты мәмілелер жасасуына жол берідмейді.

Жер учаскелері тұрақты жер пайдалану құқығымен мынадай мемлекеттік жер пайдаланушыларға:

1. кондоминиум объектілеріндегі үйлерді (құрылыстарды,ғимараттарды),үй жайларды шаруашылық жүргізу құқығымен немесе оралымды басқару құқығымен иеленетін заңды тұлғаларға;

2. ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы өндірісін жүзеге асыратын заңды тұлғаларға;

3. ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жеріндегі жер пайдалануды жүзеге асыратын заңды тұлғаларға;

4. ҚР –ның заң актілерінде көзделген өзге де жағдайларда беріледі.

Тұрақты жер пайдалану шетелдік жер пайдаланушыларға тиесілі болмайды. Жер учаскесі азаматтар мен заңды тұлғаларға уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) немесе уақытша өтеусіз жер пайдалану берілуі мүмкін.Уақытша жер пайдалану қысқа және ұзақ мерзімде беріледі. Қысқа мерзімде 5 жылға дейін, ал ұзақ мерзімде 5-49 жылға дейін беріледі.

5 - тақырып. Жерді тиімді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылау

Жер қатынастарын мемлекеттік реттеу жерді мақсатты пайдалануды және экологиялық құқықтық әдістермен қоғауды қамтамасыз ететін жер құқығының маңызды институттарының бірі болып табылады. Ол Қазақстан Республикасының экономикалық базасын нығайуына мүдделі жер ресурстарын тиімді пайдалануға экономикалық дамуына бағытталған жер қатынастарын мемлекеттік реттеу заңдық негізде республикадағы мемлекеттің аумағы шегіндегі жерге меншік құқығы және аумақты жоғарыдан бақылауды қамтамасыз ететін егеменді саяси билік болып саналады. Мұның барлығы мемлекеттегі көп қырлы жер қатынастарын реттеуге жерді жаңғыртуды дәрменді қамтамасыз етуге және жер ресурстарын пайдалану жоспарын жүзеге асыруға құқық береді. Жер қатынастарын мемлекеттік реттеу жалпы және арнайы құзыретті мемлекеттік басқару органдары арқылы елдің жер ресурстарын басқару құқығымен жүзеге асыруда көрінетін атқарушы-бөлуші қызметті мемлекетке бірге жүргізуге керек етеді. Жалпы құзыретті органдар жер қатынастарын реттеу төңірегінде аумақтық ерекшелігі және жерге құқық субъектілерінің ведомствалық бағыныштылығынсыз жерге жеке санаттардың ешқайсысына шектеудің құзыреттілігі бар республикаылқ атқарушы органы болып саналады. Мұндай органдарға Қазақстан Республикасының Үкіметі жергілікті атқаруша органдар,облыстық,аудандық,қалалық,ауылдық,селолық атқару органдар жатады. Арнайы құзыретті органдар жер қатынастарын реттеуде қызметтік міндеттерімен және жерлерімен нақты шектелген ведомстваға қарасты ұйымдарға пайдалануға тиісті атқаруша реттеуші органдар. Мұндай органдарға Қазақстан Республикасының министрлігі комитеттер мен ведомствалар жатады. Жер қатынастары мемлекттік реттеудің негізгі қызметтері мақсатқа пайдаланылатын жерлерді анықтау оларды бір санатынан келесіне ауыстыру.

- Жер пайдалануды жоспарлау

- Жылжымайтын мүлік нарығын жасау

- Жер қорғау және оны пайдалануды бақылау

- Жерге орналастыру мониторинг және мемлекеттік жер кадастрі

- Жер заңдарының орындалуын қамтамасыз ету.

Мақсатқа пайдаланылатын жерді анықтауда сол шаруашылық қызметкерін ең жақсы тәсілдерімен қамтамасыз ететін жердің жағдайы есептеледі. Экономикалық,әлеуметтік немесе экологиялық қажеттілік туындаған жағдайда мақсатқа пайдаланылатын жерлердің бір санатынан келесіне ауыстыруда өз құзыреті шегінде атқарушы органдар жұмыс атқарады. Жерді пайдалануды жоспарлау көп тұғырлы өзгешелікпен ерекшеленеді. Ол бір жағынан жерді пайдалану мен қорғауды мемлекет тарапынан жоспарлауда көрініс табады. Жерді тиімді пайдалану топырақ құнарлығын арттыру жаппай басқа табиғат қорғай шараларынан жер ресурстарын қорғау туралы аумақтық және республикалық бағдарламалары жобасын заңдар мен қарастырылады. Бұл мақсаттар шаруашылық экономикалық бағыттарға жерге орналастыру схема жобасына байланысты жерді қорғау мемлекеттік реттеудің маңызды мақсатттарының бірі болып табылады. Ол қоршаған табиғи ортаның белгісі ретінде жерді қорғауға,жерді тиімді пайдалануға ауылшаруашылық және орман шаруашылық айналымынан негізсіз алып қоюға және де топырақ құнарлығын қалпына келтіру және жақсартуға бағытталған халық ұйымдық,экономикалық технологиялық және басқа шаралар жүйесі мен жүргізіледі.

Жер қатынастарын реттеу саласында үкіметтің қарауына мыналар жатады:

- Республиканың жер қолын пайдалану мен қорғау саласындағы негізгі бағыттарды әзірлеу.

- Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі басқадай шралармен кешенді түрде жерді ұтымды пайдаланудың топырақ құнарлығын сақтаумен арттыру жер ресурстарын қорғау жөніндегі мемлекеттік бағдарламаларды әзірлеу

- Республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды жасаумен көбейтуге халықаралық міндеттемелерді орындауға және жерді қорғаныс қажет беру үшін пайдалануға байланысты жағдайларда барлық санаттары жерден жер учаскелерін беру және қайтарып алу.

- Жер учаскесіне меншік құқығы мен жерді пайдалану құқығын рәсімдеу тәртібін анықтау.

- Жер учаскелерінің меншік құқығына,жерді пайдалану құқығына берілетін құжаттардың нысандарын бекіту.

- Облыстық өкілді және атқарушы оргадармен олардың аудандарымен облыстық маңызы бар қалалардың шекараларын өзгрту мәселелері жөніндегі ресурстарына келісу,сондай-ақ облыстық маңызы бар қалалар төңірегінде қала маңы аймақтарын белгілеу мен өзгерту.

- Жерді ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға жатқызу және жерді осы аумақтардың перзентіне қалдыру тәртібін республикалық және халықаралық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аймақтардың тізбесін бекітеді.

- Жерге орналастыруды жүргізу тәрітбін реттеу.

- Жерді пайдалану мен қорғауға мемлекеттік бақылау жасауды жүзеге асыру тәртібін белгілеу.

- Облыстар арасындағы жер қатынастарын реттеу.

- Заңмен және өзге де заң актілері мен өз құзыретіне жатқызылған өзге де мәселелерді жүзеге асыру.

Жерді қорғау қоршаған ортаның бір бөлігі ретінде жерді қорғауға,жерді ұтымды пайдалануға,жерді ауыл шаруашылығымен орман шаруашылығы айналымынан негізсіз алып қоюды болдырмауға,сондай ақ топырақтың құнарлығын қалпына келтіру мен арттыруға бағытталған,құқықтық,ұйымдық,экономикалқыық,теънологиялық және басқа да іс шаралар жүйесін қамтиды. Жерді қорғау мақсаттары:

1) Өндірістің экологиялық қауіпсіз технологияларын ынталандыру және орман мелиорациялық,тағы мелиорациялық және басқа да іс шараларды жүргізу арқылы жердің тозуымен бүлінуін,шаруашылық қызметтің басқа да қолайсыз зардаптарын болдырмау;

2) Тозған немесе бүлінген жерді жақсарту мен қалпына келтіруді қмтамасыз ету;

3) Жерді оңтайлы пайдаланудың экологиялық нормативтерін тәжірбиеге енгізу болып табылады.

Жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылары:

1) Жерді құнарсызданудан және шөлейттенуден,су және жер эрозиясынан,селден,су басудан,батпақтанудан,қайталап сорттаңданудан,құрғап кетуден,тапталудан,өндіріс пен тұтыну қалдықтарымен,химиялық,биологиялық,радиоактивті және басқа да зиянды заттардан ластанудан басқа да бүліну процестерінен қорғауға;

2) Ауыл шаруашылығы жерін карантиндік зиянкестер мен өсімдік ауруларын жұқтырудан, арамшылық,бұта мен шілік басып кетуден,жердің жай күйі нашарлауының өзге де түрлерінен қорғауға;

3) Бүлінген жерді жаңартуға,оның құнарлылығын және жердің басқа да пайдалы қасиеттерін қалпына келтіру мен оны шаруашылық айналымына уақтылы тартуға;

4) Жердің бүлінуімен байланысты жұмыстар жүргізілген кезде топырақтың құнарлы қабатын сындырып алуға,сақтауға және пайдалануға бағытталған іс шаралар жүргізуге міндетті.

Топырақты ластайтын зиянды заттардың,зиянды микроорганизмдердің және басқа да биологиялық заттардың жол берілетін шектегі қоспаларының нормативтері топырақтың жай күйін адам денсаулығы мен қоршаған ортаны қорғау мүдделеріне сай бағалау үшін белгіленеді. Жердің жай күйіне кері әсер ететін жаңа және жаңғыртылатын үйлерді (құрылыстарды,ғимараттарды) әрі басқа да объектілерді орналастыру мен, жобалау және пайдалануға беру,жаңа техника мен технологияларды енгізу кезінде жерді қорғау жөнінде іс шаралар көзделуге және жүзеге асырылуға,экологиялық,санитарлық гигиеналық және басқа да арнайы талаптарды(нормалардың,ережелердің,нормативтердің)

Сақталуы қамтамасыз етілуге тиіс. Нормативтен арттық радиоактивті ластануға ұшыраған немесе тұрғын халықтың өмірімен денсаулығына өзге де түрде қатер төндіретін жер учаскелері меншікке,тұрақты немесе уақытша жер пайдалануға берілмейді.

4.2 Жер пайдаланумен қорғауды мемлекеттік бақылау.

Мемлекеттік бақылаудың міндеттері мемлекеттік органдардың,жеке,заңды тұлғалардың және лауазымды адамдардың Қазақстан Республикасы жер заңдарының сақталуын,Қазақстан Республикасы заңдарының бұзылуын анықтауды және жоюды,азаматтар мен заңды тұлғалардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіруді,жер учасеклерін пайдалану ережелерінің сақталуын,жер кадастрімен жерге орналастыру ісінің дұрыс жүргізілуін және жерді ұтымды пайдалану мен қорғау жөніндегі іс шаралардың орындалуын қамтамасыз етуден тұрады. Жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдарға:

1) Қазақстан Респбуликасының жерді пайдалану мен қорғау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторы;

2) Тиісті әкімшілік аумақтық бірліктердің жерді пайдалану мен қорғай жөніндегі бас мемлекеттік инспекторлары;

3) Жерді пайдалану мен қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторлар жатады.

Жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын орган:

1) Мемлекеттік органдардың,кәсіпорындардың,мекемелердің, ұйымдар мен азаматтардың Қазақстан Республикасының жер заңдарын,жер учаскелерін нысаналы мақсатына сәйкес пайдаланудың белгіленген режимін сақтайына;

2) Жер учаскелерін өз бетінще иеленіп алуға жол бермеуге;

3) Жер учаскелерінің меншік иелерімен жер пайдаланушылардың құқықтарының сақталуына;

4) Жер учаскелерін меншік иелерімен жер пайдаланушылардың топырақтың құнарлығын қалпына келтіру және сақтау жөніндегі ұйымдастыру шаруашылық,агротехникалық орман мелиорациялық және эрозияға қарсы гидротехникалық іс шаралар кешенін уақтылы және дұрыс жүргізуіне;

5) Жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың өздерінде жердің бар жоғы,олардың жай күйі мен пайдаланылуы туралы мәліметтерді мемлекеттік органдарға уақтылы беруіне;

6) Жердің жай күйіне әсер ететін тұрғын жай және өндірістік объектілердің жобалануына,орналастырылуымен салынуына;

7) Жерді жақсарту жөніндегі,топырақ эрозиясының,тұздану,батпақтану,су басу,шөлейттену,құрғақтану,тығыздалу,қоқыстану,ластану және жердің тозуын туғызатын басқа да процестердің салдарын болдырмау және жою жөніндегі іс шаралардың уақтылы және сапалы орындалуына;

8) Азаматтардың өздеріне жер учаскелерін беру туралы арыздарын (өтініштерін) қараудың белгіленген мерзімдерінің сақталуына;

9) Межелік белгілердің сақталуына;

10) Жергілікті атқарушы органдар уақытша жер пайдалануға берген жердің уақтылы қайтарылуына;

11) Бүлінген жердің жаңғартылуына;

12) Жердің бүлінуіне байланысты жұмыстар жүргізілегн кезде топырақтың құнарлы қабатының сыдырып алуына,сақталуына және пайдалануына;

13) Жерді пайдалану мен қорғау жөніндегі жерге орналастыру жобаларының және басқа да жобалардың жүзеге асырылуына;

14) Жергілікті атқарушы органдардың Қазақстан Республикасының жер заңдары саласындағы қабылдаған шешімдерінің заңдылығына мемлекеттік бақылауды ұйымдастырады және жүргізеді.

Жерді пайдалану мен қорғауды мемдлекеттік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың:

1) кінәлілерді жауапқа тарту туралы мәселені шешу үшін Қазақстан Республикасының жер заңдарының бұзылуы туралы материалдарды тиісті органдарға жіберуге;

2) Қазақстан Республикасныың жер заңдарының бұзылуы туралы хаттамалар жасауға;

3) ҚР Жер заңдарының бұзғаны үшін әкімшілік жазалау туралы қаулылар шығаруға;

4) ҚР Жер заңдарын бұзу салдарынан келтірілген шығынды өтеу туралы істер бойынша, жер учаскелерін алып қою және беруге байланысты заңсыз шешімдерді жою мәселелері бойынша,сондай ақ жеке және заңды тұлғалардан және лауазымды адамдардан айыппұл өндіріп алу туралы істер бойынша сот органдарына істер бойынша сот органдарына жүгінуге;

5) Қызметтік куәлігін көрсеткен жағдайда,ұйымдарға кедергісіз кіруге,меншіктегі және пайдаланудағы жер учаскелерін тексеруге,ал әскеи, қорғаныс және басқа да арнаулы объектілер алып жатқан жер учаскелерін оларға кірудің белгіленген режимін ескере отырып,тексеруге;

6) Жер учаскелерінің меншік иелерімен жер пайдаланушыларға жерді қорғау,Қазақстан республикасы жер заңдарының бұзылуын жою мәселелері бойынша орындалуға міндетті нұсқамалар беруге;

7) Мемлекеттік органдардан белгіленген тәртіппен бекітілген,жер қорының жай күйі туралы статистикалық есепті алуға;

8) Жерге құқықты куәландыратын құжаттар болмаған жағдайда тұрғын жай және өндірістік объектілердің салынуын тоқтата тұруға құқығы бар.

6 - тақырып. Жерге орналастыру, жер мониторингі мен кадастры

Қызметтік жер телімі ұзақ уақытша өтеусіз жер пайдаланудың ерекше бір түрі болып табылады. Қызметтік жер телімге құығы бар адамдар жұмыс істейтін мемлекеттік заңды тұлғалардың жер пайдалануындағы жерден бөлінеді. Қызметтік жер телімі қызметтік тұрғын үйді күтіп ұстау,ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру,шөп шабу және мал жою үшін беріледі. Қызметтік жер телімі кейінгі уақытшаөтеусіз жер пайдалануға жатады және жұмысқа байланысты бөлінген кезеңге беріледі.Қызметтік жер теліміне ауыл шаруашылығы дақылдарын егілген жағдайда,жұмыстан босатылған қызметкердің қызметтік жер телімін пайдалану құқығы өнім жинап алынғаннан кейін тоқтатылады. Қызметтік жер телімі:

2. Жасы немесе мүгедектігі бойынша зейнеткерлікке шыққан соң еңбек қатынастарын тоқтатқан қызметкерлерде.

3. Қарула күштер қатарына міндетті мерзімді қызметке шақырылған немесе оқуға түскен қызметкелердің отбасында-бұл қызметкерлердің міндетті қызметі немесе оқу орнында болған бүкіл мерзіміне.

4. Қызметтік міндеттерін орындауға байланысты қаза тапқан қызметкерлердің отбасында: жұмысқа жарамсыз жұбайы мен қарт ата-аналары үшін өмір бойы,балалары үшін олар кәмелетке толғанға дейін сақталады. Әкімшілік заңды тұлғалар мен жұмысшылар арасында келісім шарттар негізінде бекітіледі.

Жерге орналастыру жер қатынастарын реттеуге,жерді ұтымды пайдалану мен қорғауды ұйымдастыруға бағытталған Қазақстан Республикасы жер заңдарының сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі іс шаралар жүйесі болып табылады. Жерге орналастыру атқаруша органдардың шешімі бойынша не жер учаскелерінің меншік иелерінің немесе жер пайдаланушылардың өтіні бойынша,сондай ақ жер ресурстарын басқару жөніндегі аймақтың органдардың бастамасы бойынша жүргізіледі.

Жер учаскелерінің мүдделі меншік иесінің немесе жер пайдаланушылардың бастамасы бойынша жүргізілетін жерге орналастыру олардың жер ресурстарын басқару жөніндегі тиісті аумақтақ органға беретін өтініштерінің негізінде жүзеге асырылады. Жерге орналастыру процесі мынадай кезеңдерді қамтиды:

- Жерге орналастыру ісін жүргізуді бастау;

- Дайындық жұмыстары;

- Жерге орналастыру болжамдрын,схемаларын,бағдарламаларымен жобаларын әзірлеу

- Жерге орналастыру құжаттамасын қарау,келісу және бекіту;

- Жерге орналастыру жобасын орындау.

Жерге орналастыру процесіне қатысушылардың:

1) жерге орналастыруды жүргізу жөніндегі тапсырыс берушінің;

жеке өзі немесе өкілі арқылы жерге орналастыру процесінің барлқ сатысында қатысуға;

жерге орналастыру ісінің материалдарымен танысуға;

өз ұсыныстарын қарауға енгізуге;

жерге орналастыру процесінде туындаған келіспеушіліктерді шешуге қатысуға құқығы бар;

2) әзірлеушінің (жобалау және іздестіру жұмыстарымен айналысатын,сондай ақ жерге орналастыру жобаларын орындауды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлғаның):

мемлекеттік органдардан жерге орналастыру жөніндегі қажетті ақпарат алуға;

тапсырыс берушілер мен шарт жағдайларында қарым қатынас орнатуға;

жерге орналастырудың ескірген схемалары мен жобаларын жетілдіру немесе қайта өндеу жөнінде ұсыныстар енгізуге құқығы бар;

3) жерге орналастыру кезінде құқықтары мен заңды мүдделері көзделуі мүмкін үшінші тұлғалардың;

- жерге орналастыру мәселелері талқыланғанда қатысуға және жерге орналастырудың барысы мен нәтижелері туралы өз мүдделерін көздейтін ақпарат алуға;

- жерге орналастыру процесінде өздерінің мүдделерін қозғайтын заңсыз әрекеттерге Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шағымдануға құқығы бар.

Жерге орналастыру процесіне қатысушылардың міндеттері:

1) жерге орналастыру процесінің барлық қатысушылары:

Қазақстан Республикасының жер заңдарын сақтау;

- жерді пайдалану мен қорғау мәселелері жөніндегі құзыретті мемлекеттік органдар талаптарын орындауға;

жерге орналастыру процесінде жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылар құқықтарының сақталуын қамтамасыз етуге міндетті;

2) жобалау құжаттамасы келісілетін және оны бекітетін атқаруша органдар оны бір ай ішінде қарауға міндетті;

3) жерге орналастыруды жүргізу жөнінде тапсырыс беруші;

жерге орналастыруды жүргізу мақсатын,міндеттерін,мазмұнын,ерекше жағдайлары мен мерзімдерін анықтау; қажетті материалдар мен құжаттарды беруге; жұмысты қаржыландыруды ұйымдастыруға; орындалған жұмыстарды бір ай ішінде қабылдауға немесе дәлелді түрде бас тартуға;

4) жерге орналастыру құжаттамасын әзірлеуші;

барлық құжаттарды қолданыстағы нұсқаулар мен әдістемелік нұсқауларға,сондай ақ шартқа сәйкес орындауға;

зерттеу,іздестіру және өзге де жұмыстар топырақтың құнарлы қабатын бүлдіре отырып жүргізілген жер учасекелеріне жай күйін бастапқы қалпына келтіруге;

жерге орналастыру құжаттамасында көзделген іс шаралардың дұрыстығы,сапасы мен экологиялық қауіпсіздігі үшін жауап беруге міндетті;

Мемлекеттік жер кадастрі Қазақстан Республикасы жерінің табиғи және шаруашылық жағдайы,жер учаскелерінің орналасқан жері,нысаналы пайдаланылуы,мөлшерімен шекарасы,олардың салалық сипаттамасы туралы,жер пайдаланудың есепке алынуы мен жер учаскелерінің кадастрлық құны туралы мәліметтердің,өзге де қажетті мәліметтердің жүйесі болып табылады.Жер кадастрінің құрамдас бөлігі суармалы жер учаскелерінің мелиорациялық жай-күйі,олардың табиғи және ирригациялық-шаруашылық жағдайлары бойынша салалық сипаттамаларын бағалау туарлы,олардың пайдаланудың есебі туралы мәліметтер жүйесін құрайтын суармалы жердің мелиорациялық кадастрі болып табылады.

Мемлеекттік жер кадастрі мынадай жұмыс түрлерін:

1) жер учаскесінің кадастрлік ісін қалыптастыруды;

2) жердің мөлшері мен сапасын есепке алуды;

3) жер учаскесінің меншік иелері мен жер пайдаланушыларды,сондай ақ жер құқығы қатынастарының басқа да субъектілерін есепке алуды;

4) мемлекеттік тіркеу мақсаты үшін жер учаскелерін есепке алуды;

5) жерді мемлекеттік кадастрлық бағалау мен топырақты бағалауды;

6) мемлекеттік жер кадастрінің автоматтандырылған ақпараттық жүйесін құру мен жүргізуді;

7) жер кадастр карталарын,оның ішінде цифрлақ карталарды дайындау мен жүргізді;

8) жер кадастр кітабы мен біріңғай мемлекеттік жер тізілімін жүргізуді;

9) жер учаскесіне құқықты куәландыратын құжаттарды дайындауды қамтиды.

Жер мониторингі болып жатқан өзгерістерді уақтылы наықтау,оларды бағалау,одан әрі дамуын болжау және кері әсері бар процестерді болдырмау мен оны зардаптарын жою жөнінде ұсыныстар әзірлеу мақсатында жүргізілетін жер қорының салалық және мөлшерлік жай-күйін базалық (бастапқы),жедел,мерзімді байқау жүйесін білдіреді.

Жер мониторингінің міндеттері:

1) жердің жай-күйінің өзгерістерін уақтылы анықтау,оларды бағалау,болжам жасау және кері әсері бар процестерді болдырмау мен зардаптарын жою жөнінде ұсыныстар әзірлеу;

2) мемлекеттік жер кадастрін жүргізуді,жерге орналастыруды,жерді пайдалану мен қорғауды бақылауды және жер ресурстарын мемлекеттік басқарудың өзге де функцияларын ақпараттық қамтамасыз ету болып табылады.

Жерді жүйелі түрде бақылаудың,суретке түсірудің,зеттеудің,түгендеудің нәтижелер,жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылаудың материалдары,мұрағаттық деректер,жердің сапалық жай-күйі туралы басқа да мәліметтер жер мониторингі үшін ақпарат көздері болып табылады.Жер мониторингін техникалық қамтамасыз ету жер ресурстарын басқару жөніндегі тиісті аумақтық органдарда ақпаратты жинау,өндеу және сақтау пунктері бар автоматтандырылған ақпараттық жүйе арқылы жүзеге асырылады.

7 - тақырып. Жер іс жүргізуінің түсінігі, жер іс жүргізушілік нормалары және олардың түрлері. Сервитуттар

Өзіндік (қосалқы) үй шаруашылығын жүргізу бағыбандық және саяжай құрылысы үшін берілген (берілетін) жер учаскесін Қазақстан Республика азаматтарының жеке меншігінде болуы мүмкін. Азамат Қазақстан респбликасының азаматтығынан шыққан жағдайда меншік құқығы иеліктен алынуы немесе жер туралы заңның 49-бабының нормаларына сәйкес қайта рәсімделуге тиіс. Үйлерді (құрылыстарды,ғимараттарды)олардың мақсатына сәйкес күдік ұстауға арналған жерді қоса алғанда өндірістік және өндірістік емес,оның ішінде тұрғын үйлер,(құрылыстар,ғимараттар) не олардың кешендерін салуға берілген (берілетін)немесе олар салынған жер учаскелері азаматтың және мемлекеттік емес заңды тұлғалардың жеке меншігінде болуы мүмкін.

Мына жер учаскелері жеке меншік құқығына салынбайды:

1. Жоғарыдағыларды қоспағанда,ауылшаруашылық мақсатындағы

2. Қорғаныс қажеттері үшін пайдаланатын

3. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың сауықтыру және тарихи - мәдени мақсаттағы

4. Орман және су қорларының

5. Елді мекендер жеріндегі жалпы пайдаланылатын

6. Қосалқы жер учаскелері

Заң актілерінде өзгеше белгіленбегендіктен жер учаскесінде құқықтар,осы учаскі шекарасындағы топырақтың үстіңгі қабатын тұйық су тоғандарына,екпелерге қолданылады. Жер учаскесі меншік иесінің немесе жер пайдаланушының топырақ қабаты астында жатқан жер қойнауын,пайдалануы жер учаскесінің нысаналы мақсатына сәйкес және жер қойнауы саласындағы қатынастарды реттейтін заң актілеріне сәйкес жүзеге асырылады. Егер пайдалану кезінде басқа тұлғаның немесе мемлекеттің құқықтарын,соның ішіндежер қойнауына,суға өсімдіктер,жануарлар дүниесіне және әуе кеңістігінде құқықтарын бұзбаса,жер учаскесінің меншік иесі немесе жер пайдаланушының өз қалауы бойынша және қандай да бір рұқсат алмай-ақ осы учаскенің үстінде және астында бар нәрсенің бәрін пайдалануға құқылы. Жер учаскесі бөлінбейтін және бөлінетін болуы мүмкін. Нысаналы мақсатын өртке қарсы санитарлы құрылыстық және өзге де мінд


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: