Кеден органдары

ҚР Кеден ісі туралы (2010 ж. 30 маусым) Егемен Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж. №14. 70-құжат

6-бап, 5-тармақ:

Кеден ісі саласындағы уәкілетті орган қылмыстар профилактикасы, адамдардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қоғамның және мемлекеттің мүддесін қорғау, халық тарапынан сенім мәселелеріне басымдық беріп, өкілді органдар мен жұртшылық беретін сыртқы бағалау тетіктерін айқындай отырып, сыбайлас жемқорлық деңгейінің рейтингтік бағасын енгізіп, есептілік және қызметті бағалау жүйесін жетіктіреді, сондай-ақ азаматтық қоғам институттарымен ынтымықтастығының әртүрлі нысандарын белгілейді:

ҚР Кеден органдар жүйесі (Кеден органдары – 2-тарау)

6-бап:

Кеден органдарының қызметінің принциптері:

1. Заңдылық

2. Сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың және Кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың құқықтарын, бостандығын және заңды мұдделерін қамтамасыз ету

3. Баршаның Заң алдындағы теңдігі;

4. Жариялылық.

Кеден органдарының негізгі міндеттері:

Кедендік төлемдерді және салықтарды, сондай-ақ өтемдік баждарды өндіріп алуды, олардың есептелуінің дұрыстығын және уақытылы төленуін бақылауды, өз құзыреті шегінде оларды мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын қабылдауды.

Кеден органдарының құрылымы мен қызметі

Кеден органдары – өз құзыреті шегінде

Кеден органдарының жүйесі:

1. Кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті орган (бұл Қазақстан Республикасында кеден ісіне басшылықты жүргізетін орталық атқарушы орган)

2. Облыстық аумақтық бөлімшелері

3. Кедендер

4. Кеден бекеттері

5. Қазақстан Республикасының кедендік шекарасындағы бақылау – өткізу пункттері

6. Мамандандырылған кеден.

Кеден органдарында қызмет атқару тәртібі

Кеден органдарындағы қызмет – заңға сәйкес кеден органдарының міндеттерін, құқықтарын және міндеттемелерін, сондай-ақ құқық қорғау органдарының функцияларын іске асыру жөніндегі кәсіби қызметті жүзеге асыратын ҚР-сы азаматтары мемлекеттік қызметінің арнаулы түрі болып табылады.

Оның атқару тәртібі мемлекеттік қызмет туралы, еңбек туралы заңдарда реттелінген

Қызметке қабылдау

Жас мамандарды Кеден органдарына қызметке қабылдау

Кеден бекеттерінде, кедендерде, аумақтық бөлімшелерінде міндетті тағылымдардан өтеді.

Қаржы органдарының қызметі туралы жалпы мәлімет

Қаржы органдарына жататындар:

- Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі;

- Қаржы министрлігінің Салық комитеті;

- Қазақстан Республикасының Қаржы министрілігінің құзырындағы аудандық бөлімдері мен облыстық қаржылық басқармалар;

- Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі және тиісті департаменттері (банктік және сақтандыруды қадағалау департаменті, төлемдік баланс және валюталық реттеу, т.б.);

- Қазақстан Республикасының Қаржы полициясы агенттігі (2002 жыл 4 шілдеде маусымда).

Қаржы полициясының, тергеушінің, прокурордың, судьяның басты мақсаттары қаржы саласындағы құқық бұзушылықтарды болдыртпау, ал болған жағдайда кінәліні жауапкершілікке тарту.

570-1-б. 18 баптарды көрсетілген.

Мысалы, Қаржы полициясы органдары:

- 140-бап (1-тармағы);

- 141-бап;

- 145-бап (тауар таңбасын, қызмет көрсету таңбасын, тауардың шыққан орнының атауын немесе фирмалық атауын заңсыз пайдалану =5, 15, заңды тұлғаларға жүзге дейінгі мөлшерде айыппұл салуға);

- 146-бап (кәсіпкерлік қызмет туралы ақпаратты табыс етпеу немесе дер кезінде табыс етпеу, т.б. әкімшілік құқық бұзушылық істерді қарау, әкімшілік жауапкершілік – айыппұл, қылмыстық – айыппұл, түзеу жұмыстары, бас бостандығынан айыру, мүлкін тәркілеу).

Әкімшілік құқық бұзушылық істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға қаржы полиция органдарының басшылары мен олардың орынбасарлары құқылы.

Қаржы полициясы органдары үшін қаржы құқығын білу ең басты міндеті болып табылады. Әсіресе, салық төлеуден жалтару, салықтық декларацияны дер кезінде тапсырмау, бюджеттік қаржыға бөлуді мақсатқа сай емес пайдалану, бюджеттік несиені дер кезінде қайтармау, т.б. мәселелер. Бұл мәселелерді шешу қаржының мәнін, қаржылық қатынастардың сипатын, қаржылық құқық нормаларын білмейінше мүмкін емес.

Қаржының түрлері: азаматтардың қаржысы, заңды тұлғалар қаржысы, мемлекеттік аумақтық құрылымдардың қаржысы және тұтастай мемлекеттің қаржысы. Демек, бұлар бүкіл елдегі ақша айналымдағы ақшалар жиынтығын қамтиды.

Қаржылық құқық – мемлекеттің ақшалай қорларын қалыптастыру, бөлу және пайдалануды ұйымдастыру барысында пайда болатын қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы.

Қаржылық-құқықтық қатынастар деп мемлекеттің қаржылық қызметінің барысында қаржылық құқық нормаларымен реттелінген мемлекеттік қаржылық қатынастарды айтамыз.

Қаржылық-құқықтық қатынастар: бюджеттік; қаржылық-банктік; қаржылық-сақтандыру; қаржылық-шаруашылық құқықтық қатынастары; материалдық қаржылық-құқықтық қатынастар; бір жақты-өктем қаржылық-құқықтық қатынастар; ұйымдастырушы қаржылық-құқықтық қатынастар; шартты қыржылық-құқықтық қатынастар; реттеуші қаржылық-құқықтық қатынастар; қорғаушы қаржылық-құқықтық қатынастар болып бөлінеді.

Қаржылық-құқықтық қатынастардың субъектілеріне:

1. Мемлекеттің біртұтас өзі;

  1. Әкімшілік-аумақтық құрылымдар;
  2. Мемлекеттің уәкілетті органдары;
  3. Жергілікті мемлекеттік басқару органдары;
  4. Заңды тұлғалар;
  5. Жеке тұлғалар (азаматтар, шет ел азаматтары және азаматтығы жоқ тұлғалар) жатады.

Осы қатынастардың объектісіне ақшалар немесе ақшалай міндеттемелер жатады.

Қаржылық құқықтық қатынастардың пайда болу негіздері:

- тиісті қаржылық органның жекелеген қаржылық актісін шығаруы;

- қаржылық шарт жасасу (шартқа отыру);

- белгілі бір тұлғаның салық салуға жататын объектіні сатып алуы, не болмаса қаржылық заңдардың ауқымына жататын өзге де іс-қимылдарды жүзеге асыруының нәтижесінде салық немесе басқа міндетті төлемді төлеуші мәртебесіне ие болуы сияқты заңи фактілер жатады.

Қаржылық құқықтың өзгеруі негізіне:

- салықтық міндеттеменің негізіне жататын қаржылық-жоспарлық актіні өзгерту;

- салық салу объектісінің өзгеруі;

- салық төлеушінің құқықтық мәртебесінің өзгеруі;

- белгіленген тәртіп бойынша бұрын жасалынған қаржылық шартты өзгерту сияқты заңи фактілер жатады.

Қаржылық құқықтық қатынастың тоқтатылуы негізіне жататын заңи фактілер:

- қаржылық міндеттемені атқармау;

- қаржылық шартты бұзу;

- мемлекеттің басқа тараптың алдындағы өзінің қаржылық міндеттемесін орындаудан бас тартуы немесе тиісті контрагентін өзінің алдындағы қаржылық міндеттемесін атқарудан босатуы.

Қаржылық құқықтық ең басты, аса маңызды бөлімі – бюджеттік құықық болып табылады (яғни, мемлекеттік бюджетті – республикалық және жергілікті бюджеттердің жиынтығы). Қалыптастыру және бөлу, сондай-ақ бюджеттен бөлінген қаражаттарды пайдалануды ұйымдастыру барысында туындайтын бюджеттік қатынастарды реттейтін бөлімі.

Мемлекеттік бюджет жүйесін аса маңызды құраушы негізі мемлекеттің салықтық құқығының көмегімен мәжбүрлеу арқылы алынатын міндетті төлемдер: салықтар, алымдар, баждар, төлемақылар, т.б.

Салық белгілері:

- міндетті төлем;

- жекелей төлем;

- қайтарылмайтын төлем;

- мемлекет кірісін қалыптастыратын төлем;

- ұдайы төлем;

- мәжбүрлі төлем;

- заң жүзінде белгіленген төлем;

- құқыққа сай төлем;

- мөлшерлі алдын-ала айқындалған төлем, т.б.

Баж – заңды немесе жеке тұлғаларадан алынатын біршама эквивалентті, міндетті ақшалай төлемдер. Мемлекеттік баждар – мемлекеттік және кедендік болып бөлінеді.

Баж белгілері:

- міндетті төлем;

- мәжбүрлі төлем;

- арнаулы пайдалану мақсаттағы төлем;

- ақшалай төлем;

- белгілі бір құжаттарды беруге байланысты жүзеге асырылатын төлем;

- мемлекеттік ішкі және сыртқы кедендік шекараны әрі-бері кесіп өтіп тауарлар мен өнімдерді әкетіп, әкелуші тұлғалар жүзеге асыратын төлем;

- мемлекет кірісі болып табылатын төлем.

Қаржылық құқықтың жалпы сипаттамасы

Мемлекеттік қаржылар және қаржылық құқық бөлу және қайта бөлу процестері шегінде туындайтын, сондай-ақ тұрақты субъектісі мемлекет болып табылатын экономикалық (ақшалай) қатынастардың жиынтығынан тұрады.

Мемлекеттік қаржылардың экономикалық негізі ақша нысанындағы құнның бір жақты қозғалысын білдіретін және ақшалай төлемдер мен айырысуға байланысты айналыстарды көрсететін экономикалық профестер құрайды.

Мемлекеттік қаржылар – экономикалық және материалыдқ тұрғыдан қарастырылады.

Экономикалық категория ретінде мемлекеттік қаржылар деп мемлекеттің және жергілікті мемлекеттік басқару органдарының өз функцияларын атқаруға қажетті ақша қаражаттары қорларын қалыптастыру, бөлу және пайдалануды ұйымдастыру жөніндегі экономикалық қатынастардың жиынтығын айтамыз.

Материалдық мағынасында мемлекеттік қаржылар қоғамның және мемлекеттің тиісті мүдделерін қамтамасыз етуге қажетті мемлекет меншігінде болатын ақша қаражаттары қорларының жиынтығын көрсетеді.

Қаржылардың функцияларына:

1. Ақшалай қаражаттарды жұмылдыру;

2. Ақашалай ресурстарды бөлу және қайта бөлу;

3. Бақылау-есептеу функциялары жатады. Бұл тек мемлекеттің қаржы жүйесінің ауқымында ғана жүзеге асырылады.

Мемлекеттің қаржы жүйесінің экономикалық негізі мемлекеттік қаржылық қатынастар, ал нормативтік-құқықтық базасын қаржылық заңдар құрайды. Мемлекеттің қаржы жүйесінің қазіргі кездегі атқаратын қызметі мемлекеттік және жеке меншік қаржылардың аясындағы мүдделердің бір топ болса да теңестірілуін қамтамасыз етуге бағытталған.

Мемлекеттің қаржылық қызметі деп мемлекеттің біртұтас өзінің немесе оның уәкілетті органдарының қоғам мүдделері мен мұқтаждықтарын қамтамасыз етуге және өздеріне тән функцияларын атқаруға қажетті ақшалай қорларын қалыптастыру, бөлу, сондай-ақ пайдалануды ұйымдастыру жөніндегі іс-қимылдары мен қызметтерін айтамыз.

Қазақстан Республикасының Қаржы полициясы органдары

Қаржылық құқықты заңгерлер үшін білу – оның кәсіби дайындықтарын анықтаудың ең басты эелементі болып табылады. Қандай да болмасын қызмет атқарғанда заңгер міндетті түрде қаржылық құқық нормаларына килігеді.

Тергеуші үшін – бұл қаржы сферасындағы қылмыстық квалификациясын анықтау мәселесі: қылмыстық, әкімшілік және қаржылық. Салық төлеуден жалтару, салықтық декларацияны дер кезінде тапсырмау, бюджеттік қаржыны бөлуді мақсатқа сай емес пайдалану, бюджеттік несиені дер кезінде қайтармау т.б. Бұл мәселелер судьяның, адвокаттың алдында тұрады.

Прокурор қаржы заңдарын дәлме дәл және бірыңғай қолданылауын қадағалауға міндетті, ал сотта прокурор қаржы сферасындағы қылмысты кезде айыптау құқығына иелі тұлға. Заңи фирмалардағы қызметкерлер өздерінің клиенттеріне құқықтарын қорғауға көмек көрсетеді, әсіресе валюталық операцияларды іске асырады.

Бұл мәселелерді шешу қаржының мәнін, қаржылық қатынастардың сипатын, қаржылық-құқықтық нормаларды білмейінше мүмкін емес.

Бұл қаржы құқығының жалпы бөлімінде оқытылады: мұнда мемелекеттің қаржылық қызметінің негізі, қаржылық құқықтың түсінігі, қаржылық құрылымдар, қаржылық бағыттар, қаржылық құқықтық жауапкершілік.

Қаржы: азаматтардың қаржысы, заңды тұлғалар қаржысы, мемлекеттік-аумақтық құрылымдардың қаржысы және тұтастай мемлекеттің қаржысы, бүкіл елдегі ақша айналымдағы ақшалар жиынтығын қамтиды. Ал қаржылық құқық бұл көзқарас.

Дәріс 9. Адам мен азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын ҚРдағы ІІБ алдын ала тергеу мен анықтауда қамтамасыз ету.

Ішкі істер органдарының қызметі Қазақстан Республикасының Конституциясымен, Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 21 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы» Заң күші бар Жарлығымен және оларға қайшы келмейтін өзге де нормативтік актілермен реттеледі. Соларға сәйкес ішкі істер органдары қоғамдық тәртіп сақтау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, адамның және азаматтың құқығына, қоғам мүддесіне және мемлекетке қылмыстық және өзге де заңға қарсы қастандықтың алдын алу және оған жол бермеу жөніндегі атқарушы және өкімдік функцияларды жүзеге асырады.

Ішкі істер оргаңдарының негізгі міндеттеріне мыналар жатады:

· қоғамдық тәртіпті қорғау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;

· қылмыстың және өзге де құқық бұзудың алдын алу, айғақтау, жолын кесу;

· қылмыстық істер бойынша анықтауды және алдын ала тергеу жүргізуді жүзеге асыру;

· әкімшілік құқық бұзу істері бойынша іс жүргізу;

· қылмыстық және әкімшілік жазаларды орындау;

· бас бостандығынан айырған және әкімшілік күзетпен ұстаған жерлерде құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету және ерекше режимді сақтау;

· төлқұжат және визалық жұмыстарды іске асыру, шетел аза- маттарының және азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан аумағында болу ережелерін сақтауына бақылау жасау;

заң белгілеген басқа да міндеттер.

Ішкі істер органдарының қызметі жалпы құқық қорғау қызметіне тән мынадай принциптерге құрылған:

заңдылық, дара басшылық, біржүйелілік, жариялылық, басқа құқық қорғау органдарымен өзара қарым-қатынас, ұйымдармен және азаматтармен бірлесіп қызмет істеу.

Ішкі істер органдарының жүйесін Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі, оның құрамына кіретін департаменттер және өзге де құрылымдық бөлімшелер, оған бағындырылған облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және республика астанасының ішкі істер басқармалары, көліктегі қалалық, аудандық, қалалардағы аудандық, поселкелік, жол ішкі істер органдары, қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелері, ішкі әскерлер, оқу орындары, мекемелер және басқа ұйымдар құрайды. Бүкіл жүйені ішкі істер министрі басқарады, ол әрі ішкі әскерлердің қолбасшысы болып есептеледі. Оны Премьер-министрдің ұсынымы бойынша еліміздің Президенті тағайындайды. Министр бағыньшты ведомстволарға жалпы басшылық етеді.

Қазіргі кезде ішкі істер органдарының жүйесінде: криминалдық полиция, әкімшілік полициясы және өзге де қызмет полициялары, сондай-ақ әскери-тергеу органдары және Ішкі істер министрлігінің әскери құрама мәртебесі бар әскери полициясы бар.

Криминалдық полиция департаментінің негізгі міндеттеріне мыналар жатады: қылмыстарды іздеп табу, алдын алу, жолын кесу, ашу және тексеру, ішкі істер органдарының қарауына жататын қылмыстық істер туралы анықтау жүргізу, тергеуден қашып жүрген адамдарды іздестіруді ұйымдастыру және іске асыру, қылмыстық жазаның орындалуынан бой тасалаушыларды, із-түзсіз жоғалғандарды анықтау және т.б. Криминалдық полицияны жедел іздестіру, тергеу, ғылыми-техникалық және алда тұрған міндеттерді шешуге қажетті, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне тікелей бағынатын өзге де бөлімшелер құрайды.

Әкімшілік полициясының департаменті әкімшілік құқық-бұзушылықты болдырмауды жүзеге асырады. Патрульдік полиция департаменті қалалардағы және елді мекендердегі көшелер мен қоғамдық орындарда қоғамдық тәртіпті сақтау жұмысын ұйымдастырады. Жол полициясының департаменті бұрын-ғы МАИ жұмысын орындайды. Кылмыстық-атқару жүйесінің департаменті еңбекпен түзету мекемелерінің қызметін ұйымдастырады.

Қойылған міндеттерге сәйкес ішкі істер органдарының кең өкілеттіктері бар. Олар мыналарды іске асыра алады: азаматтардан қоғамдық тәртіпті және қоғамдық қауіпсіздікті сақтауды талап етеді; құқық бұзуға жол бермейді, оның ішінде заңда белгіленген жағдайларда оны күш қолдану және қару жұмсау арқылы тыяды; қылмыстың жасалғанына сезік туғанда және әкімшілік құқық бұзылған кезде құжаттарды тексереді; құқық бұзушыны күзетпен ұстайды; жедел-іздестіру шараларын жүргізеді; өз құзыреттеріне жататын істер бойынша (мәселен, ұрлық, алаяқтық, тонау, бопсалау істері бойынша - біліктіліксіз құрам) анықтау жүргізеді; олардың құзыретіне жататын істер бойынша (мәселен, кісі өлтіру, қарақшылық шабуыл және т.б. істер бойынша) алдын ала тергеу жүргізеді; әкімшілік іс жүргізу, әкімшілік жазалау шараларын қолданады: адамгершілік қасиет пен қоғамдық имандылықты қорлайтындай удай мас адамдарды арнайы медициналық сауықтыру орындарына жеткізеді және күзетпен ұстайды; белгіленген тәртіп бойынша адамдардың алкоголь, есірткі және психотроптық заттарды қабылдағандығын куәлендіреді; жоғалған азаматтарды іздестіру шараларын жүзеге асырады.

Бұдан біз ішкі істер органдары қызметінің көпқырлы және қоғам өмірінің толып жатқан салаларын қамтитынын көреміз. Олардың сандық құрамы – құқық қорғау органдарының ішіндегі ең көбі. Сондықтан кадрлар құрамы мұнда әртекті деуге болады. Соған қарамастан ішкі істер органдарына қызметке алу үшін қойылатын талап бірдей десе де болады. Олар: Қазақстан Республикасының, азаматтығы; жеке бастың моральдық, іскерлік, біліктілік қасиеттері; денсаулық жағдайы және дене тәрбиесінің жетілгендігі; қызметке сай білім деңгейі (әдетте жоғары немесе заңгерлік орта білімнің болуы); жас шамасы 18-ден кем болмауы керек.

Қатардағы және кіші басшылық құрамына 32 жастан аспайтын, орта және аға басшылық құрамына 40 жастан аспайтын азаматтар қабылданады.

Ішкі істер органдарының қызметіне бұрын сотталған және қылмыстық жауапкершіліктен ақталмаған себептермен босатылған, сондай-ақ мемлекеттік қызметтен теріс қылықтары үшін шығарылған адамдар қабылданбайды.

Ішкі істер органдарында қызмет ету оның қызметкерлеріне белгілі дәрежеде шектеу қояды. Мәселен, олардың қызметі оқытушылық, ғылыми немесе шығармашылық жұмыстарды қоспағанда, депутаттықпен, қандай да бір ақы төленетін жұмыспен, кәсіпкерлікпен айналысумен, коммерциялық ұйымдардың басшылық органына немесе бақылау кеңесіне мүше болумен сыйыспайды. Олардың ереуілдер ұйымдастыруына, оларға қатысуына тыйым салынады, партияларға, кәсіподақтарға мүше болуына, қандай да бір саяси партияны қолдап сөйлеуіне рұқсат етілмейді.

Дәріс 10. Адам мен азаматтардың құқықтары мен бостандықтарындағы конституциялық кепілін мәжбүрлеп іс жүргізу кезінде сақтау.

Өзiне қатысты айыпталушы ретiнде жауапқа тарту туралы қаулы шыққан адам, сондай-ақ оған қатысты анықтау органының бастығы айыптау хаттамасын немесе сотқа дейінгі жеңілдетілген іс жүргізу хаттамасын жасаған және бекіткен не тергеуші сотқа дейінгі жеңілдетілген іс жүргізу хаттамасын жасаған адам айыпталушы болып танылады. Сотқа берілген, ал жеке айыптау істері бойынша өзіне қатысты шағымды сот өзінің іс жүргізуіне қабылдаған айыпталушы, - сотталушы, өзiне қатысты айыптау үкімі шығарылған айыпталушы, сотталған адам, өзiне қатысты ақтау үкімі шығарылған айыпталушы, ақталушы деп аталады.

Айыпталушы:

1) заңға қайшы келмейтін құралдармен және тәсілдермен өзінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға және қорғануға дайындалу үшін жеткілікті уақыты мен мүмкіндігінің болуына;

2) өзінің не үшін айыпталғандығын білуге және қылмыстық іс қозғалғандығы туралы, өзінің айыпталушы ретінде тартылғаны туралы қаулылардың көшірмелерін алуға;

3) қылмыстық қудалау органынан өзіне тиесілі құқықтар туралы дереу түсіндірме алуға;

4) қылмыстық процесті жүргізуші органның өзінің құқықтары мен заңды мүдделерін қозғайтын іс жүргізу шешімдерін қабылданғаны туралы хабардар етуіне;

5) бұлтартпау шараларын қолдану туралы қаулының көшірмесін алуға;

6) өзіне тағылған айып бойынша түсініктеме мен айғақ беруге;

7) айғақ беруден бас тартуға;

8) дәлелдер ұсынуға;

9) өтінішті, оның ішінде қауіпсіздік шараларын қолдану туралы өтінішті және қарсылықты мәлімдеуге;

10) ана тілінде немесе өзі білетін тілде айғақ беруге және түсінісуге;

11) аудармашының тегін көмегін пайдалануға;

12) қорғаушысының болуына;

13) осы Кодексте көзделген жағдайларда және тәртіппен өзінен алғашқы жауап алудың алдындағы кезден бастап қорғаушысымен оңаша және құпия жолығуға;

14) тергеушінің немесе анықтаушының рұқсатымен өзінің өтініші немесе өзінің қорғаушысының не заңды өкілінің өтініші бойынша жүргізілетін тергеу әрекеттеріне қатысуға;

14-1) заңда көзделген жағдайларда, оның ішінде медиация тәртібімен жәбірленушімен татуласуға;

15) өзінің өтініші немесе өзінің қорғаушысының не заңды өкілінің өтініші бойынша жүргізілетін тергеу әрекеттерінің хаттамаларымен танысуға және оларға ескертулер беруге;

16) сараптама тағайындалған, жүргізілген кезде, сондай-ақ оған сарапшының қорытындысы ұсынылған кезде заңда көзделген әрекеттерді жүзеге асыруға;

17) тергеу аяқталғаннан кейін істің барлық материалдарымен танысуға және одан кез келген мәліметті кез келген көлемде көшіріп алуға;

18) айыптау тізімін қоспағанда, айыптау қорытындысының және оның қосымшаларының көшірмелерін алуға;

19) тергеушінің, анықтаушының, прокурордың және соттың әрекеттері (әрекетсіздігі) мен шешімдеріне шағым беруге;

20) ақтамайтын негіздер бойынша істі қысқартуға қарсылық білдіруге;

21) жария сот талқылауын талап етуге құқылы.

2-1. Сотталушының:

1) бірінші және апелляциялық сатыдағы соттарда істі соттың қарауына қатысуға;

2) қорғау тарапының барлық құқықтарын, сондай-ақ ақырғы сөз құқығын пайдалануға құқығы бар.

2-2. Сотталған адамның немесе ақталған адамның:

1) сот отырысының хаттамасымен танысуға және оған ескертпелер беруге;

2) соттың үкіміне, қаулысына, судьялардың қаулыларына шағым жасауға және шағымдалған шешімдердің көшірмелерін алуға;

3) іс бойынша келтірілген шағымдар мен наразылықтар туралы білуге және оларға қарсылықтар беруге;

4) келтірілген шағымдар мен наразылықтардың сотта қаралуына қатысуға құқығы бар.

3. Iске айыпталушының қорғаушысының немесе заңды өкiлiнiң қатысуы айыпталушының қандай да болмасын құқығын жою немесе шектеу үшiн негiз бола алмайды.

Қорғаушы

1. Қорғаушы - заңда белгiленген тәртiппен сезiктiлер мен айыпталушылардың құқықтары мен мүдделерiн қорғауды жүзеге асыратын және оларға заң көмегiн көрсететiн адам.

2. Қорғаушы ретінде адвокат қатысады. Қорғаушы ретінде қылмыстық процеске адвокаттың қатысуы кезінде күдіктіні, айыпталушыны, сотталушыны, сотталған адамды, ақталған адамды қорғауды одан басқа оның жұбайы (зайыбы) немесе жақын туысы не қамқоршысы, қорғаншысы не күдіктіні, айыпталушыны, сотталушыны, сотталған адамды, ақталған адамды қорғаншылыққа немесе асырауына алған ұйымның өкілі жүзеге асыра алады. Шетелдік адвокаттардың іске қорғаушылар ретінде қатысуына, егер бұл Қазақстан Республикасының тиісті мемлекетпен жасасқан халықаралық шартында өзара негізде көзделсе, заңнамада белгіленген тәртіппен жол беріледі.

3. Қорғаушы айып тағылған не адам осы Кодекстiң 68-бабының бiрiншi бөлiгiне сәйкес сезiктi деп танылған кезден бастап, сондай-ақ қылмыстық іс жүргізудің кез келген келесі сәтінде iске қатысуға жiберiледi.

4. Бiр адам, егер сезiктiнiң, айыпталушының бiреуiнiң мүддесi екiншiсiнiң мүддесiне қайшы келетiн болса, олардың екеуiне бiрдей қорғаушы бола алмайды.

5. Адвокаттың өзiне қабылдаған сезiктiнi немесе айыпталушыны қорғаудан бас тартуға құқы жоқ.

Қорғаушының мiндеттi қатысуы

1. Қорғаушының қылмыстық iс бойынша iс жүргiзуге қатысуы, егер:

1) ол туралы күдікті, айыпталушы, сотталушы, сотталған адам, ақталған адам өтiнiш жасаса;

2) күдікті, айыпталушы, сотталушы, сотталған адам, ақталған адам кәмелетке толмаса;

3) күдікті, айыпталушы, сотталушы, сотталған адам, ақталған адам дене немесе психикалық кемiстiгiнен өзiнiң қорғану құқығын өз бетiнше жүзеге асыра алмаса;

4) күдікті, айыпталушы, сотталушы, сотталған адам, ақталған адам сот iсi жүргiзiлетiн тiлдi бiлмесе;

5) адам жазалау шарасы ретiнде он жылдан астам мерзiмге бас бостандығынан айырылу, өмiр бойы бас бостандығынан айырылу не өлiм жазасы тағайындалуы мүмкiн болатын қылмысты жасағаны үшiн айыпталса;

6) айыпталушыға, сотталушыға, сотталған адамға, ақталған адамға бұлтартпау шарасы ретiнде қамауға алу қолданылса немесе ол мәжбүр етіліп стационарлық сот-психиатриялық сараптамаға жiберiлсе;

7) күдіктілердің, айыпталушылардың, сотталушылардың, сотталған адамдардың, ақталған адамдардың мүдделерi арасында қайшылық болып, олардың бiреуiнiң қорғаушысы болса;

8) қылмыстық iс бойынша iс жүргiзуге жәбiрленушiнiң (жеке айыпталушының) немесе азаматтық талапкердiң өкiлi қатысса;

9) iс сотта қаралған кезде прокурор (мемлекеттік айыптаушы) қатысса;

10) айыпталушы, сотталушы, сотталған адам, ақталған адам Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде болса және алдын ала тергеу органдарына келуден жалтарса міндетті.

2. Қорғаушының қатысуы осы баптың бiрiншi бөлiгiнiң 1-6, 10-тармақтарында көзделген жағдайларда адам күдікті, айыпталушы, сотталушы, сотталған адам, ақталған адам болып танылған кезден бастап, 7-тармағында көзделген жағдайларда - күдіктілердің, айыпталушылардың, сотталушылардың, сотталған адамдардың, ақталған адамдардың мүдделерiнiң арасындағы қайшылық анықталған кезден бастап, 8-9-тармақтарда көзделген жағдайларда - айыпталушыны сотқа берген сәттен бастап қамтамасыз етiледi.

3. Егер осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген мән-жайлар болған кезде қорғаушыны күдіктінің, айыпталушының, сотталушының, сотталған адамның, ақталған адамның өзi, олардың заңды өкiлдерi, сондай-ақ олардың тапсыруы бойынша басқа да адамдар шақырмаса, қылмыстық процестi жүргiзушi орган процестiң тиiстi сатысында қорғаушының қатысуын қамтамасыз етуге мiндеттi, орган ол туралы адвокаттардың кәсiптiк ұйымы үшiн мiндеттi қаулы шығарады.

Қорғаушыны шақыру, тағайындау, ауыстыру, оның еңбегiне ақы төлеу

1. Қорғаушыны күдікті, айыпталушы, сотталушы, сотталған адам, ақталған адам олардың заңды өкiлдерi, сондай-ақ күдіктінің, айыпталушының, сотталушының, сотталған адамның, ақталған адамның тапсырмасы бойынша немесе келісімiмен басқа да адамдар шақырады. Күдікті, айыпталушы немесе сотталушы, сотталған адам, ақталған адам қорғану үшiн бiрнеше қорғаушыларды шақыруға құқылы.

2. Күдіктінің, айыпталушының, сотталушының, сотталған адамның, ақталған адамның сұрауы бойынша қорғаушының қатысуын қылмыстық процестi жүргiзушi орган қамтамасыз етедi.

3. Таңдалып алынған немесе тағайындалған қорғаушының ұзақ мерзiм (кемiнде бес тәулiк) iшiнде қатысуы мүмкiн болмайтын жағдайларда қылмыстық процестi жүргiзушi орган күдіктіге, айыпталушыға, сотталушыға, сотталған адамға, ақталған адамға басқа қорғаушы шақыруды ұсынуға немесе адвокаттардың кәсiптiк ұйымы немесе оның құрылымдық бөлiмшелерi арқылы қорғаушы тағайындауға шаралар қолдануға құқылы. Қылмыстық процестi жүргiзушi органның қорғаушы ретiнде белгiлi бiр адамды шақыруға ұсыныс жасауға құқығы жоқ.

4. Ұстау немесе күзетпен ұстау жағдайында, егер күдікті, айыпталушы, сотталушы, сотталған адам, ақталған адам таңдаған қорғаушының келуi жиырма төрт сағаттың iшiнде мүмкiн болмаса, қылмыстық iзге түсудi жүзеге асырушы орган күдіктіге, айыпталушыға немесе сотталушыға, сотталған адамға, ақталған адамға басқа қорғаушы шақыруды ұсынады, ал одан бас тартылған жағдайда қорғаушыны адвокаттардың кәсiптiк ұйымы немесе оның құрылымдық бөлiмшелерi арқылы тағайындауға шаралар қолданады.

5. Адвокаттың еңбегiне ақы төлеу қолданылып жүрген заңдарға сәйкес жүргiзiледi. Қылмыстық процестi жүргiзушi орган оған негiз болған кезде күдіктіні, айыпталушыны, сотталушыны, сотталған адамды, ақталған адамды заңгерлiк көмекке ақы төлеуден толық немесе iшiнара босатуға құқылы. Бұл жағдайда еңбекке ақы төлеу мемлекеттiң есебiнен жүргiзiледi.

6. Адвокат анықтау, алдын ала тергеу жүргiзуде немесе сотта ҚІЖКодекстiң 71-бабының үшiншi бөлiгiнде көзделген, клиентпен келісім жасаспастан тағайындау бойынша қатысқан жағдайда да адвокаттардың еңбегiне ақы төлеу жөніндегі шығындар мемлекеттiң есебiнен жатқызылуы мүмкiн.

7. Егер қылмыстық iс бойынша iс жүргiзуге бiрнеше қорғаушы қатысқан жағдайда қорғаушының қатысуы қажеттi iс жүргiзу әрекетi тиiстi күдіктінің, айыпталушының, сотталушының, сотталған адамның, ақталған адамның қорғаушыларының түгел қатыспауынан заңсыз деп таныла алмайды.

8. Адвокат қорғаушы ретінде адвокаттың куәлігін және нақты істі жүргізуге оның өкілеттігін куәландыратын ордерді көрсетуі бойынша қылмыстық іске қатысуға жіберіледі. Осы Кодекстің 70-бабының екінші бөлігінде аталған басқа адамдар қорғаушы ретінде қылмыстық іске қатысуға олардың құқығын растайтын құжаттарды (неке туралы куәлігін, күдіктімен, айыпталушымен, сотталушымен, сотталған адаммен, ақталған адаммен туыстық қатынастарын растайтын құжатты, қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органдардың шешімдерін) тапсырады.

Қорғаушыдан бас тарту

1. Сезiктi, айыпталушы iс бойынша iс жүргiзудiң кез келген сәтiнде қорғаушыдан бас тартуға құқылы. Осындай бас тартуға іске қатысушы қорғаушының не Кодекстің 71-бабының үшінші бөлігінде белгіленген тәртіппен тағайындалған қорғаушының қатысуымен күдіктінің, айыпталушының бастамасы бойынша ғана жол беріледі. Заңгерлiк көмекке ақы төлеу үшiн қаражаттың жоқтығы себептi қорғаушыдан бас тарту қабылданбайды. Бас тарту жазбаша нысанда ресiмделедi немесе тиiстi тергеу не сот әрекетiнiң хаттамасында көрсетiледi.

2. Осы Кодекстiң 71-бабының бiрiншi бөлiгiнiң 2) - 4), 5) (жазалау шарасы ретінде өлім жазасы немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру тағайындалуы мүмкін қылмыстарды жасаған адамды айыптау кезінде), 6) тармақтарында (айыпталушыны тұрақты сот-психиатриялық сараптамаға мәжбүрлеп жiберу кезiнде) көзделген жағдайларда айыпталушының қорғаушыдан бас тартуын қылмыстық процестi жүргiзушi органның қабылдауына болмайды.

3. Қорғаушыдан бас тарту айыпталушыны немесе сезiктiнi кейiн қорғаушының iске қатысуына рұқсат ету туралы өтiнiш жасау құқығынан айырмайды. Қорғаушының iске қатысуы осы уақытқа дейiн тергеу немесе сот талқылауының барысында жасалған әрекеттердi қайталауға әкеп соқтырмайды.

Қорғаушының өкiлеттiгi

1. Қорғаушы сезiктiнiң, айыпталушының айыбын жоққа шығаратын немесе жауаптылығын жеңiлдететiн жағдайларды анықтау мақсатында барлық заңды құралдар мен қорғау тәсiлдерiн пайдалануға және оларға қажеттi заңгерлiк көмек көрсетуге мiндеттi.

2. Қорғаушы іске қатысуға рұқсат етілген сәттен бастап:

1) күдіктімен немесе айыпталушымен олардың саны мен ұзақтығы шектелместен оңаша және құпия жолығуға;

2) заң көмегін көрсету үшін қажетті заттарды, құжаттарды және мәліметтерді жинауға және ұсынуға;

3) айып тағылған кезде қатысуға, күдіктіден және (немесе) айыпталушыдан жауап алу кезінде, сондай-ақ олардың қатысуымен немесе олардың өтініші не қорғаушының өзінің өтініші бойынша жүргізілетін өзге де тергеу және іс жүргізу әрекеттеріне қатысуға;

4) қарсылықтар білдіруге;

5) айыптау тізімін қоспағанда, ұстау хаттамасымен, бұлтартпау шарасын қолдану туралы қаулымен, күдіктінің, айыпталушының немесе қорғаушының өзінің қатысуымен жүргізілген тергеу әрекеттерінің хаттамаларымен, күдіктіге және (немесе) айыпталушыға ұсынылған не ұсынылуға тиіс болатын құжаттармен, ал анықтау, оңайлатылған сотқа дейінгі іс жүргізу немесе алдын ала тергеу аяқталғаннан кейін - істің барлық материалдарымен танысуға, одан кез келген мәліметті кез келген көлемде көшіріп алуға;

6) өтінішті, оның ішінде қауіпсіздік шараларын қолдану туралы өтінішті мәлімдеуге;

7) кез келген сатыдағы сотта істі алдын ала тыңдауға, соттың талқылауына қатысуға, сот жарыссөздерінде сөйлеуге, жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша істі жаңарту кезінде соттың отырысына қатысуға;

8) әрбір беттегі мәтіннің соңғы жолының астына және хаттаманың соңына өз қолын қоя отырып, ал сот отырысы хаттамасының бөлігімен танысқан кезде әрбір беттің соңына және осы бөліктің соңына қол қоя отырып, сот отырысының хаттамасымен танысуға және оған ескертпе енгізуге;

9) іс жүргізу құжаттарының көшірмелерін алуға;

10) қылмыстық процесті жүргізуші адамның және қылмыстық процеске қатысушы өзге адамдардың заңсыз әрекеттеріне қарсылық білдіруге, бұл қарсылықтарды іс жүргізу құжаттарына енгізуді талап етуге;

11) анықтаушының, тергеушінің, прокурордың және соттың әрекеттері мен шешімдеріне шағым енгізуге және оларды қарауға қатысуға;

12) заңға қайшы келмейтін кез келген басқа да қорғау құралдары мен тәсілдерін пайдалануға құқылы.

3. Тергеуші немесе анықтаушы жауап алып болғаннан кейін тергеу әрекеттерін жүргізуге қатысушы қорғаушы жауап алынып отырған адамдарға сұрақтар қоюға құқылы. Тергеушi, анықтаушы қорғаушының сұрақтарын қабылдамауына болады, бiрақ берiлген сұрақтардың бәрiн хаттамаға енгізуге мiндеттi. Қорғаушы тергеу әрекетiнiң хаттамасына оның жазбаларының дұрыстығы мен толықтығына орай жазбаша ескертпе жасауға құқылы.

4. Қорғаушының: өзiнiң қорғауындағы адамның мүдделерiне қарсы қандай да болмасын әрекет жасауға және оған тиесiлi құқықтарды жүзеге асыруына кедергi жасауға; қорғауындағы адамның айқындамасына қарамастан оның қылмысқа қатысын және оны жасағанына кiнәлiлiгiн мойындауға, қорғауындағы адамның жәбiрленушiмен татуласқандығы туралы мәлiмдеуге; азаматтық талапты мойындауға; қорғауындағы адам берген шағымдар мен өтiнiштердi керi қайтарып алуға; заңгерлiк көмек көрсетуге өтiнiш бiлдiруге және оны жүзеге асыруына байланысты өзiне белгiлi болған мәлiметтердi жариялауға құқығы жоқ.

5. Қорғаушының осы Кодексте көзделген басқа да құқықтары бар және ол басқа да мiндеттердi мойнына алады.

Жәбiрленушi

1. Қылмыстық процесте оған тiкелей қылмыспен моральдық, дене және мүлiктiк зиян келтiрiлдi деп ұйғаруға ол жөнiнде негiз бар адам жәбiрленушi болып танылады.

2. Адам есi кiресiлi-шығасылы адам жасаған Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiнде тыйым салынған әрекетпен оған зиян келтiрiлген жағдайларда да жәбiрленушi болып таныла алады.

3. Адам қылмыстық процесте қылмыстық іс қозғалған кезден бастап тиісті қаулы шығысымен жәбірленуші болып танылады. Егер адамды жәбiрленушi деп танығаннан кейiн оның бұл жағдайда болуы үшiн негiздер жоқ екенi белгiленсе, қылмыстық процестi жүргiзушi орган өзiнiң қаулысымен ол адамның iске жәбiрленушi ретiнде қатысуын тоқтатады.

4. Жәбiрленушiге қылмыспен келтiрiлген мүлiктiк зиянды, сондай-ақ осы Кодексте белгiленген ережелер бойынша өкiлге арналған шығындарды қоса есептегендегi оның алдын ала тергеу мен сотқа қатысуына байланысты келтiрiлген шығындарды өтеу қамтамасыз етiледi.

5. Жәбiрленушiнiң өзiне келтiрiлген моральдық зиянды өтеу туралы талап қоюы қылмыстық процесте қаралады. Егер мұндай талап қылмыстық iсте қойылмаса не қараусыз қалдырылса, онда жәбiрленушi оны азаматтық сот iсiн жүргiзу тәртібімен қоюға құқылы.

6. Жәбірленушінің:

1) айыпталушыға тағылған айып туралы білуге;

2) ана тілінде немесе өзі білетін тілде айғақ беруге;

3) дәлелдер ұсынуға;

4) өтінішті, оның ішінде қауіпсіздік шараларын қолдану туралы өтінішті және қарсылықты мәлімдеуге;

5) аудармашының тегін көмегін пайдалануға;

6) өкілінің болуына;

7) одан дәлелдеу құралы ретінде қылмыстық қудалау органы алып қойған немесе өзі берген мүлікті, сондай-ақ қылмыстық заңмен тыйым салынған әрекетті жасаған адамнан алып қойылған өзіне тиесілі мүлікті алуға, өзіне тиесілі құжаттардың түпнұсқаларын алуға;

8) заңда көзделген жағдайларда күдіктімен, айыпталушымен татуласуға, оның ішінде медиация тәртібімен татуласуға;

9) өзінің қатысуымен жүргізілген тергеу әрекеттерінің хаттамаларымен танысуға және оларға ескертпелер беруге;

10) тергеушінің немесе анықтаушының рұқсатымен өз өтініші не өз өкілінің өтініші бойынша жүргізілетін тергеу әрекеттеріне қатысуға;

11) тергеу аяқталғаннан кейін істің барлық материалдарымен танысуға, одан кез келген көлемде және кез келген мәліметті көшіріп алуға;

12) оған және оның отбасы мүшелеріне қауіпсіздік шараларын беру туралы өтінішті мәлімдеуге;

13) қылмыстық іс қозғау туралы, оны жәбірленуші деп тану туралы немесе одан бас тарту туралы, қылмыстық істі тоқтата тұру туралы, істі тоқтату туралы қаулылардың көшірмелерін, айыптау қорытындысының көшірмесін, сондай-ақ бірінші және апелляциялық сатылардағы соттың үкімі мен қаулысының көшірмелерін алуға;

14) бірінші және апелляциялық сатылардағы сотта істі сот талқылауына қатысуға;

15) сот жарыссөздерінде сөйлеуге;

16) айыптауды, оның ішінде мемлекеттік айыптаушы айыптаудан бас тартқан жағдайда да қолдауға;

17) әрбір беттегі мәтіннің соңғы жолының астына және хаттаманың соңына өз қолын қоя отырып, ал сот отырысы хаттамасының бір бөлігімен танысқан кезде әрбір беттің соңына және осы бөліктің соңына қол қоя отырып, сот отырысының хаттамасымен танысуға және оған ескертпелер беруге;

18) қылмыстық процесті жүргізуші органның әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым беруге;

19) соттың үкімі мен қаулысына шағым жасауға;

20) іс бойынша әкелінген шағымдар мен наразылықтар туралы білуге және оларға қарсылық ұсынуға;

21) мәлімделген шағымдарды, өтініштерді және наразылықтарды кассациялық және қадағалау сатыларындағы соттың қарауына қатысуға;

22) өздерінің құқықтары мен заңды мүдделерін заңға қайшы келмейтін өзге де тәсілдермен қорғауына құқығы бар.

Осы Кодекстің 80-бабының екінші бөлігінде көзделген жағдайларда жәбірленушіге заң көмегі тегін көрсетіледі.

7. Жәбірленушінің, ал ол қайтыс болған жағдайда - оның құқықтық мирасқорларының аса ауыр қылмыспен келтірілген мүліктік зиян үшін, егер осындай қылмыс үшін сотталған адамның осы қылмыспен келтірілген залалды өтеу үшін жеткілікті мүлкі болмаса, бюджет қаражаты есебінен ақшалай өтемақы алуға құқығы бар. Мұндай жағдайда бюджет қаражаты есебінен ақшалай өтемақы төлеу туралы мәселені жәбірленушінің не оның құқықтық мирасқорының арызы бойынша үкімді шығарған сот шешеді. Жәбірленушінің көрсетілген жағдайларда, егер залал жүз елу есептік көрсеткіштен аспаса, залалдың толық көлемінде өтелуіне құқығы бар.

8. Жәбiрленушi: қылмыстық процестi жүргiзушi органның шақыруы бойынша келуге, iс бойынша белгiлi барлық мән-жайларды шын хабарлауға және қойылған сұрақтарға жауап беруге; өзiне iс бойынша белгiлi мән-жайлар туралы мәлiметтердi жарияламауға; тергеу әрекеттерiн жүргiзу кезiнде және сот отырысы уақытында белгiленген тәртiптi сақтауға мiндеттi.

9. Жәбiрленушi дәлелсiз себептермен шақыру бойынша келмеген кезде ол осы Кодекстiң 158-бабында көзделген тәртiппен мәжбүрлеп әкелуге ұшырауы және заңдарға сәйкес әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылуы мүмкiн.

10. Жәбiрленушi жауап беруден бас тартқаны үшiн және қасақана жалған айғақ бергенi үшiн заңдарға сәйкес қылмыстық жауапқа тартылады.

11. Зардабы адамның қайтыс болуына жеткiзген қылмыстар туралы iстер бойынша жәбiрленушiнiң осы бапта көзделген құқықтарын қайтыс болған адамның жақын туыстары жүзеге асырады. Егер жәбiрленушiнiң құқықтарын беруге туыстарының қаза табуына байланысты қылмыспен моральдық зиян келтiрiлген бiрнеше адам үмiткер болып отырса, олардың бәрi не олардың арасындағы келісім бойынша олардың бiреуi жәбiрленушi болып таныла алады.

12. Қылмыспен моральдық немесе мүлiктiк зиян келтiрiлген заңды тұлға жәбiрленушi болып танылуы мүмкiн. Бұл жағдайда жәбiрленушiнiң құқықтары мен мiндеттерiн заңды тұлғаның өкiлi жүзеге асырады.

Жеке айыптаушы

1. Жеке айыптау iсi бойынша сотқа шағым берген және сотта айыптауды қолдаған адам, сондай-ақ мемлекеттік айыптаушы айыптаудан бас тартқан жағдайда сотта айыптауды дербес қолдаушы жариялы және жеке-жариялы айыптау iсi бойынша жәбiрленушi жеке айыптаушы болып табылады.

2. Жәбiрленушi кәмелетке толмаған немесе әрекет қабiлетi жоқ жағдайда өтiнiш, сұрау бiлдiрген немесе шағым берген оның заңды өкiлi жеке айыптаушы болып саналады.

3. Жеке айыптаушы жәбiрленушiнiң барлық құқықтарын пайдаланады және барлық мiндеттерiн алады, сондай-ақ осы Кодекстiң 393-бабының үшiншi, төртiншi және алтыншы бөлiктерiнде көзделген құқықтарға ие болады.

4. Жеке айыптаушы оған тиесiлi құқықтарды пайдаланады және өзiне жүктелген мiндеттердi жеке немесе, егер ол құқықтар мен мiндеттердiң сипатына сәйкес келсе, өкiл арқылы атқарады.

Азаматтық талапкер

1. Өзiне қатысты тiкелей қылмыспен мүлiктiк залал келтiрiлдi деп ұйғаруға жеткiлiктi негiз бар және оны өтеу туралы талап қойған жеке және заңды тұлға азаматтық талапкер болып танылады. Азаматтық талапкер моральдық зиянды мүлiктiк өтеу үшiн де талап қоя алады. Прокурор заңдарда көзделген жағдайларда өз бастамашылығы бойынша жеке немесе заңды тұлғаны азаматтық талапкер деп тануға құқылы.

2. Азаматтық талапкер деп тану немесе көрсетiлген iс жүргiзу жағдайында болу үшiн негiздер болмаған жағдайда тұлғаның азаматтық талапкер ретiнде iске қатысуын тоқтату туралы шешiмдi қылмыстық процестi жүргiзушi орган қабылдайды, ол туралы тиiстi қаулы шығарады.

3. Кәмелетке толмағандардың, сондай-ақ заңда белгiленген тәртiппен әрекет қабiлетi жоқ деп танылған адамдардың мүдделерiн қорғауға азаматтық талапты олардың заңды өкiлдерi қоюы мүмкiн.

4. Азаматтық талапкер өздерi қойған талапты қолдау мақсатында: айыптаудың мәнiн бiлуге; дәлелдердi ұсынуға; қойылған талап бойынша түсiнiктеме беруге; қылмыстық iске қосу үшiн материалдар ұсынуға; өтiнiштер мен қарсылықтар мәлiмдеуге; ана тілінде немесе өзi бiлетiн тiлде айғақ пен түсiнiктеме беруге; аудармашының тегiн көмегiн пайдалануға; өкiлi болуына; өзiнiң қатысуымен жүргiзiлетiн тергеу әрекеттерiнiң хаттамаларымен танысуға; тергеушiнiң немесе анықтаушының рұқсатымен өзiнiң өтiнiшi бойынша немесе өкiлiнiң өтiнiшi бойынша жүргiзiлген тергеу әрекеттерiне қатысуға; тергеу аяқталғаннан кейiн азаматтық талапқа қатысты iстiң материалдарымен танысуға және одан кез келген көлемде кез келген мәлiметтi к


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: