Емтихан билеті № 29

1. Проблеманы шешу үшін не қажет?

Басқару шешімдерін дайындау (тұтас стрелкалар) мен басқару шешімдерін жүзеге асырудың (пунктирлі стрелкалар) жалпы циклі проблеманың тиімді мәнге қол жеткізгеннен кейін.

Сөйтіп, қандай да проблеманы шешу үшін келесілер қажет:

- бұл проблема көзінің моделі (адам, бөлім, компания);

- ол үшін сәйкес құзырлығы бар басшы немесе маман;

- басқару шешімдерін дайындау әдісі мен алгоритмі;

- басқару шешімдерін дайындау процесінің моделі.

Әрбір модель нақтылыққа, дәлдікке және толықтыққа тексерілуі керек. Нақтылыққа тексеру нақты уақты жағдайында онымен жұмыс үшін қажет. Модельдің дәлдігі түпнұсқа параметрлерін сипаттаудың бұл параметрлерінің нақты мәндерімен үйлесу дәрежесін сипаттайды. Модель неғұрлым дәл болса, соғұрлым ол қымбат. Дәл модель тиімді шешімді дайындауға кепілдік бермейді, себебі адам модельдің ұсыныстарымен келіспеуі, дұрыс түсінбеуі мүмкін. Толықтық түпнұсқаның нысандандырылған параметрлерінің санымен анықталады. Нысандау – бұл соңғы нәтижеге қате енгізетін жеңілдік. Модельдің тиімділігі екі бағытта анықталады: экономикалық және ұйымдық. Экономикалық тиімдік модельді қолданбай және оны қолдану кезінде Басқару шешімдерін дайындау және жүзеге асыруға шығындардың ара қатынасы бойынша дәстүрлі тәсілмен бағаланады. Ұйымдық тиімдік аз уақыт ішінде немесе қызметкерлердің аз санымен немесе біліктілігі төмен мамандармен басқару шешімдерін дайындау факті ретінде бағаланады.

Басқару шешімдерін жүзеге асыру әдістері дайындау әдістерінің жалғасы болып табылады және қажетті нәтижені алуға дейін шаралар жиынтығын тәжірибелік орындаудан тұрады.

Басқарушылық шешімдер теориясында келесі әдістерді бөліп көрсетуге болады: талдау, статистикалық, матрицалық, эвристикалық, белседіруші, сарапшылық, сценарийлер әдісі және «шешімдер бұтағы» әдісі. Әрбір әдіс (процесс ретінде) арнайы әзірленген модельдерді (құбылыстарды) қолдануға негізделген. Мысалы, басқару шешімдерін дайындаудың талдау әдісі аналитикалық тәуелділіктер жиынтығын көрсететін модельдерге, эвристикалық Саймон мен Ньюэлдің моделін қолдануға, «шешімдер бұтағы» желілік модельге негізделеді.

2. Экономикалық және материалдық жауапкершіліктердің айырмашылықтары неде?

Экономикалық жауапкершілік әдетте алған міндеттемелерді орындамау немесе дұрыс емес орындау үшін заңды тұлғаға (компанияға) қатысты қарастырылады. Ол басқару шешімдерден болған залалдың орнын толық немесе жартылай өтеуге арналған және екі нысанда көрінеді: экономикалық санкциялар және шығындарды өтеу. Экономикалық санкциялар шектеу сипаты бар еріксіз шаралардан, соның ішінде экономикалық бойкоттан, жеңілдіктерді толығымен немесе жартылай алып тастаудан және т.б. тұрады. Шығындарды өтеу материалдық немесе ақшалай түрде жүзеге асырылады.

Материалдық жауапкершілік әдетте компанияға мүліктік немесе ақшалай залал келтіру үшін жеке тұлғаға (компания қызметкеріне) қатысты қарастырылады. Оның себептері кәсіби емес әрекеттердің немесе немқұрайлықтың болуы мүмкін. Материалдық жауапкершілік толық немесе жартылай (келісім шектерімен шектелген) болуы мүмкін, ол залалдың ақшалай мөлшерінен немесе еңбекті төлеудің минималды мөлшерінен шыға отырып есептелінеді.

3. Жауапкершіліктің гуманитарлық түрлеріне сипаттама беріңіз.

Жауапкершіліктің гуманитарлық түрлеріне: әлеуметтік, партиялық, этикалық, экологиялық және саяси жауапкершіліктер жатады.

Әлеуметтік жауапкершілік мейірімділікпен, кішіпейілділікпен, батылдықпен, жомарттықпен, қайсарлықпен, тәкаппарлықпен және т.б. қатар адам тұлғасын сипаттайды.

Экологиялық жауапкершілік жергілікті және стратегиялық сипаттағы экологиялық дағдарыстан пайда болды.

Партиялық жауапкершілік функционер көрсететін саяси ұйымның шешімдерімен және жарғылық құжаттармен сәйкес болмайтын партиялық функционер қызметінен болады. Жауапкершілік кінәлау, партиядан шығару, партияның басқарушы құрамынан шығару түрінде жүзеге асырылады.

Этикалық жауапкершілік басшы ұйымның барлық қызметкерлері міндетті сақтауды талап ететін этика ережелері мен жалпы құндылықтар жүйесін көрсететін этикалық нормаларды бұзған жағдайда болады.

Саяси жауапкершілік бекітілген мемлекеттік бағдарламаға қатысты мемлекеттік билік пен басқару субъектісінің, сонымен қатар қоғамдық топтар субъектілерінің дұрыс емес немесе тиісті емес қызметінен болады.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: