Рота бойынша кезекші. 389. Рота бойынша кезекші әскери эшелон бойынша кезекшіге және оның көмекшісіне

389. Рота бойынша кезекші әскери эшелон бойынша кезекшіге және оның көмекшісіне, ал ротадағы ішкі қызмет тәртібінде – рота командиріне және старшинасына бағынады. Оған ротаның жеке құрамы келе жатқан вагондар (адамдарға арналған кеме үй-жайлары) бойынша тәуліктік кезекшілер бағынады.

390. Рота бойынша кезекші осы Жарғының 476-480-тармақтарында көзделген міндеттерді орындайды. Одан басқа, рота командирінің нұсқауы бойынша және эшелон бойынша кезекшінің рұқсатымен рота бойынша кезекші аялдамаларда қару-жарақтың, әскери және басқа техниканың, өзге де материалдық құралдардың бекітілу және бүркемелену жағдайын тексеруі, ақауларды жоюы және бұл туралы рота командиріне және әскери эшелон бойынша кезекшіге баяндауы тиіс.

Вагон (адамдарға арналған кеме үй-жайы, әуе кемесінің салоны, кабинасы) бойынша тәуліктік кезекші

391. Вагон (адамдарға арналған кеме үй-жайы, әуе кемесінің салоны, кабинасы) бойынша тәуліктік кезекші рота бойынша кезекшіге, вагон (адамдарға арналған кеме үй-жайы) бойынша үлкенге, ал соңғылар тағайындалмаған жерде – әскери команда бастығына бағынады.

392. Вагон (адамдарға арналған кеме үй-жайы, әуе кемесінің салоны, кабинасы) бойынша тәуліктік кезекші осы Жарғының 481-483-тармақтарына сәйкес міндеттерін орындайды. Одан басқа, ол:

жеке құрамды адамдарға арналған вагонға отырғызу немесе одан түсіру алдында саты (жылжымалы баспалдақ) қоюға және есік жақтауын алып тастауға, ал отырғызу аяқталған соң сатыны (жылжымалы баспалдақты) алып тастауға және есік жақтауын орнына орнатуға;

отырғызғаннан кейін жеке құрамның болуын тексеруге және вагон (адамдарға арналған кеме үй-жайы) бойынша үлкенге немесе әскери команда бастығына баяндауға;

вагоннан (адамдарға арналған үй-жайлардан) белгіленген команда немесе белгі берілгенге дейін жеке құрамның шығуына рұқсат етпеуге;

пештерді жағуға, өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауға және шағын бөшкелер мен шелектерде судың болуын бақылауды жүзеге асыруға; түсірер алдында пештерді жағуды тоқтатуға және олардың отын сөндіруге;

вагонды (адамдарға арналған кеме үй-жайын) жинауды жүргізуге;

жабдық пен мүкәммалдың сақталуын, әскери эшелон (команда) бастығының және әскери эшелон бойынша кезекшінің белгілері мен командаларын бақылауды жүзеге асыруға;

вагоннан басын шығаруға, есік жақтауына сүйенуге және есік аралығында оның сыртқы жағында болуға, вагон есігінің аралығында отыруға немесе тұруға рұқсат етпеуге;

вагонда тек әскери эшелон бастықтары көрсеткен есіктердің ашылуын бақылауды жүзеге асыруға;

вагоннан (адамдарға арналған кеме үй-жайынан) белгіленбеген орындарда қоқыстың, тамақ қалдықтарының және басқа да заттардың лақтырылуына жол бермеуге міндетті.

4-тарау. Тәуліктік наряд. Тәуліктік наряд адамдарының

міндеттері мен құқықтары

1. Тәуліктік наряд


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  




Подборка статей по вашей теме: