Пәні: математика
Тақырыбы: Бекіту.
Мақсаты:
1. 10 көлеміндегі кестелік қосу бойынша алған білімдерін бекіту;
2. Оқушылардың есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамыту;
3. Дәптерді таза ұстауға, үнемді пайдалануға және ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: қайталау сабағы
Әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап,түсіндіру,әңгімелеу,көрнекілік
Көрнекілігі: кестелер,цифрлары бар карточкалар
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
1.Дайындықтарын тексеру,зейіндерін өзіме аудару.
2.Дәптерлерін тарату,партада дұрыс отыруын қадағалау.
ІІ. Өтілген материалдарды қайталау.
Бекіту сабағын мұғалім өз қалауынша құрады.
Тексеру жұмыстарының мақсаты: өтілген материалдарды меңгеру деңгейін тексеру, қателерді, оның себептерін анықтау.
Тексеру жұмысының мақсатын анықтау:
• нөлмен қосу, азайту жағдайлары және 10 көлеміндегі қосу және азайту кестесі бойынша алған білімдерін;
|
|
• жай есептерді шығару дағдыларын;
• сандарды, сандар мен өрнектерді салыстыру біліктерін;
• санның құрамы туралы білімдерін;
• геометриялық фигураларды (кесінді бұрыш, сәуле) тани білу дағдыларын тексеру.
№86 сабақтың материалдары тексеру жұмысын екі нұсқада ұсынады. Тапсырмалар баспа дәптерде орындалады. Бұл оқушылардың тапсырманы көшіріп жазуға кететін уақытын үнемдеп, жұмыстарын жеңілдетеді.
ІІІ.Өтілген материалдан алған білімдерін тексеру:
Өзіндік жұмыс.
Өзіндік жұмысқа 5-тапсырма берілген.
І V. Бекіту: сұрақ-жауап әдісі арқылы сабақты бекіту
V. Үйге тапсырма:
VІ. Бағалау: оқушылырды мадақтап, бағалау
ІІІ тоқсан Тексерілді:----------
Күні: Реті:86