Кесте 4.2

Қыздыру шамдар мен газоразрядты шамдардың салыстырмалы сипаттамасы

Көрсеткіш Жарық көзінің сипаттамасы Қыздыру шамдары
Төмен қысымд Жоғары қысымды
Жарық спектрлік құрамы Көз үшін жағым. Түс сезі жағдай Нақтылы түстің бұзылуы орын алады Нақтылы түстің бұзылуы
Экон. Тиімділігі (жұмсалатын энергияның белгілі бір бөліміне шаққандағы жарық беру мүмкіндігі) жоғары өте жоғары төмен

Жарықтатқыш арматуралар және олардың орналасуы

Жарық көзі жарықтатқыш арматураға орнатылу керек.

Жарықтатқыштар:

1. Шамның жарық ағымын қажетті бағытта тарату

2. Көзді тым жоғары жарықтатқыштан сақтау

3. Шамды ластанудан және әртүрлі зақымданулар мен ылғалдан қорғау

4. Қауіпсіздік (жарылу-электрлік, өрт қауіпсіздігі) үшін қолданылады.

Жарық тарату сипатына байланысты жарықтатқыштар төмендегідей бөлінеді:

1. Тура жарықтатқыштар – жарықтың 90%-ін төмен бағыттайды.

2. Шашыратқыш жарықтатқыштар - әр жартылай сфераға жарық ағымының 40-60%-і таратылады.

3. Шағылыстыру жарықтатқыштары - 90%-тен жоғары жарық жоғарғы жртылай сфераға бағытталады.

Көздің шамның жарықтық жылтылдақтылығынан жарықтатқыш арматураның қорғау бұрышына ескере отырып қорғайды. ОЛ бұрш шамнан шығып, 2 сызық біреуі көлденең, ал екіншісі арматура шетіне бағытталып өтетін 2 сықызтан түзіледі.

4.1. СУРЕТ. ЖАРЫҚТАТҚЫШ АРМАТУРАНЫҢ ҚОЗҒАЛҒЫШ БҰРЫШЫ

а) қыздыру шамы орнатылған жарықтатқыш

ә) люминисцентті шам орнатылған жарықтатқыш

Бұл бұрыш аралығында жарық жұмысшы көзінен толықтай жабық болады. Люминисцентті шамды жарықтатқыштардан шығатын жылтылдақтылықпен күресте қорғау бұрішімен қоса экрандаушы торлар, сейілткіштер, мөлдір шыны немесе пластмастар қолданылады.

Қорғау бұрышы (30-35оС) тура жарықтатқыштар төбелері қараңғы, ауасы айтарлықтай лас биік цехтарда орнатылады (ұсталау, темір балқыту, ірі машина құрылысы зауыдтарында т.б.)

Төмен цехтарда қорғау бұрышы аз (14о) «Универсаль! Жарықтатқыштары, ал шашыратқыштар төбесі, қабырғасы жарық, ауасы таза жайларда қолданылады.

Жалпы жарықтандыруға қолданылатын жарықтатқыштар жайларда ұтымды орнастырылуы керек. Алдымен мүмкіндігінше біркелкі жарықтандыру үшін цехта жарықтатқыштарды дұрыс орналастыру (тікбұрыш және шахмат тәртібімен) керек. Қай кезде, жарықтатқыштарды құру кезде жұмыс жабдықтарын орналасуын ескеру қажет. Мысалы: тігін цехтарында жарықтатқыштар тігін қондырғылары қатарының үстінде орналастырылу керек.

Жылтылдақтылықтан сақтандыру үшін жарықтатқышты мүмкіндігінше еден деңгейінен аз биіктікте ілу қажет. Шашыратқыш жарықтатқышты орналастырғанда төбеден барынша оптимальді арақашықтық сақталу керек, егер ол жеткіліксіз болса, онда төбеде жарық дақтары пайда болады, ақырында жарықтық төменге шағылысу мен жайдың біркелікті дарықтануы бұзылады.

Қиыстырылған жарықтандыру жүйесінде жалпы жарықтандыру жарықтатқыштары нақтылы жұмысқа бекітілген жұмыс беткейінің жарықтануының орташа есеппен 10 %-тен астамын қамтамасыз ету керек.

Бұл оларға тән біркеліксіз жарықтануды болдырмай, көруге бейімделу процесстерінің жағымды жүруіне көмектеседі.

Жергілікті жарықтандыруға жиі қыздыру шамдары қолданады, себебі люминесценті шамдар стробоскопиялық (жыпылықтау) әсер тудырады.

Қорғау бұрышы 30%-тен төмен болған жағдайда жергілікті жарықтандыру көзінің жылтылдатқыштылығымен күресу үшін, оларда шағылыстырғыштар болу керек. Осы мақсатпен жарық шашыратқыш беттің рұқсат етілген жарықтығын шектеу керек.

Жергілікті жарықтандыруларда қыздыру шамдарын қолданғанда, электр желісіндегі кернеулік 36 Вт аспау керек. Люминисцентті шамды жарықтатқыштар қолданылғанда жоғары кернеулік 220В рұқсат етіледі, бірақ электрмен жарықтандыруда сақтандыру шаралары дұрыс қарастырылу қажет.

Жарықтатқыш құрылымдарға қойылатын гигиеналық талаптар:

1. Тұрақты және жеткілікті жарықтандру деңгейінің болуы

2. Біркелікті жарықтандыру

3. Жылтылдақтылық болмау керек.

4. Жағымды сәулелену спектрі

5. Еңбек қауіпсіздігі

5. ӨНДІРІСТЕ ЖАРЫҚТАНДЫРУ ЖОБАЛАРЫН САРАПТАУ

Сараптауға берілген өндірістік өнеркәсіпті жасанды жарықтандыру жобасында келесі шеберханалар болу керек.

1. Жарықтатқыштар мен жабдықтардың орналасуы көрсетілген барлық жайлардың жоспары

2. Түсіндірмелі жазба

Жарықтандыру жобасы бойынша қорытынды

Жарықтандыру жобасы бойынша қортынды келесі кесте бойынша құрылады.

А. Технологиялық процесстердің қысқаша сипаттамасы

Б. Көру жұмысының кернеулігі мен сипатын анықтау. Ажырату объектісінің ең аз мөлшері, рең мен объект арасындағы түс айырмашылығы контрактысі, жарықтандыру дәрежесі және оның ерекшежағдайлары (түстердің ажырату, қозғалыстағы ажырату объектілерінңі саны және т.б.)

1. Табиғи жарықтандыру түрі

2. Дәлділік дәрежесі бойынша жұмыс түрі (ажырату объектәсінің мөлшеріне байланысты.

3. Көру жұмысының талабы бойынша қажетті ТЖК шамасы;

4. Орындалатын жұмысқа қажетті нормаланған ТЖК шамасын қамтамасыз ететі, жарық аралығының ауданын есептеу;

5. Өнеркәсіптердің жабдықтары мен жайларының ішкі өнімдерінің түстерін дұрыс таңдау;

6. Артық инголяциямен күресу шараларын бағалау;

7. Терезе әйнектерін тазалау мен жайларды бояудың түрлері мен жиілігін бағалау

В. Табиғи жарықтандыру сипаттамасы:

1. Жарық көздерінің дұрыс таңдалуы:

2. Жобалаушы ұсынған жарықтандыру жүйесін бағалау;

3. Жалпы жарықтандыруға таңдалған жарықтатқыштарының дұрыс таңдалуы;

4. Жарық ағымының пульсациясымен және жарықтатқыштардыңжылтылдақтылығымен күресу шараларына баға беру;

5. Жарықтатқыштарды тазалаудың ұсынылған жиілігіне баға беру.

6. Ажырату объектәсінің шамасын, реңду, оның объектімен түс айырмашылығын, жарық көзін, жарықтандыру жүйесін ескере отырып жұмысшы беткейінің жарықтануының ұсынылған ең аз деңгейіне баға беру.

7. Жалпы жарықтандыру жарықтатқыштарынан берілетін есептелген жарыққа баға беру;

8. Жергілікті жарықтандыруға сипаттама:

а) конструктивті орындалуына;

б) жарықтатқыштардың бекітілу сипатына;

в) нақтылыжарықтатқыш түрін, берілетін жарықтану деңгейін анықтау;

9. Апаттық және эвакуациялық жарықтандыру сипаттамасы (жарықтану жайындағы деректер сызбады берілген);

10. Жобаланған жарықтандыру есебі және баға беру.

Г. Қорытында

ТАБИҒИ ЖАРЫҚТАНДЫРУ (ТЖ)

Табиғи жарықтндыру (ТЖ) электр энергиясын үнемдеудің басты факторы ретінде қарастырылуды. Өндірістік жайдың табиғи жарықтандыру жүйесін таңдау тағайындалып қабылданған, ғимараттың көлемдік жоспарлық шешіміне, өндіірстік жайларда орындалатын көру жұмысының және технологиялық процесстердің сипатына, құрылыс жерінің климатына негізделіп анықталады.

Түсіндірме жазбада, сызбалар мен кестелерде тиімді және тиімсіз жақтарын ескере отырып ғимараттың күн жиілігіне (инсоляция) бағытталуы көрсетілу керек. Одан басқа ғимараттың басқа ғимараттармен, күн түсетін терезелердің ағаштармен қараңғылануы, өндірістік жайлардың ауасының өндірістік шығылыстарымен ластануы, ғимараттардың архитектуралық-құрылыстық ерекшеліктері т.б. толық сипаттау керек. Өндірістік жайлардың қабырғалары мен төбелерінің шағылыстырылу коэфициенті, жабдықтар сипаттамасы мен олардың, сонымен қоса жұмысшы орындардың орналасуы, табиғи жарықты есептеулер көрсетілу керек.

Еңбек гигиенасынан санитарлық дәрігер ТЖ жобасын сараптағанда жарықтандыру жүйесінің дұрыс таңдалуына, норма разрядының және ТЖ дұрыс таңдалуына шамасына, жарық түсетін аралықтар құрылымына қортынды бедреді.

Табиғи жарықты төбеден және қииыстырып ұйымдастыру 1 және 2 қабатты (жоғарғы қабаттарда) көп аралықты (пролетті) (3 және одан көп) ғимараттарда өте тиімді.

Бүйірден ТЖ көп қабаты және жай тереңдігінің шартты жұмысшы беткейінден алғанда терезе биіктігіне қатынасы 8-ден аспайтын бір қабатты ғимараттарда қолданылады. Бүйірлі жарықтандыру құрылымдарын өндірістік ғимараттардың ең шеткі аралықтарына орналастырылғанда терезе ереже бойынша 4,8 м-ден аспау керек.

Терең жоғары жайларда терезе ауданын, бірлескен жарықтандыру жайындағы ТЖК-інің минимальды есептеуін ескере отырып таңдау қажет (кесте 5.1.). Сыртқы қабырғадағы терезелерді 2 қабатта орналастыру керек.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: