Кіріспе

Салық - мемлекеттік бюджетке заңды және жеке тұлғалардан белгілі бір мөлшерде түсетін міндетті төлемдер.

Салықтар – шаруашылық жүргізуші субъектілердің, жеке тұлғалардың мемлекет пен екі арадағы мемлекеттік бюджет арқылы жүзеге асырылатын, қаржы қатынастарын сипаттайтын экономикалық санат. Салықтардың экономикалық мәні мынада: салықтар шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халық табысының қалыптасуындағы қаржылық қатынастардың бір бөлігін білдіреді. Сондай – ақ шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халық табысының белгілі бір мөлшерін мемлекет үлесіне жинақтап, жиынтықтаудың қаржылық қатынастарын көрсетеді. «Салық»ұғымымен «салық жүйесі» ұғымы тығыз байланысты. Мемлекетте алынатын салық түрлерінің, оның құру мен алудың нысандары мен әдістерінің, салық службасы органдарының жиынтығы әдетте мемлекеттің салық жүйесін құрайды. Салықтардың, оларды төлеушілердің, салықтарды алу әдістерінің, салық жеңілдіктерінің жиынтығының болатындығынан салық жүйелерінің әжептәуір күрделі үлгілері болуы мүмкін.

Барлық өркениетті елдерде салықтардың бүкіл жиынтығы әр түрлі қағидаттар бойынша жіктеледі. Салықтар мемлекеттің құрылуымен бірге пайда болады және мемлекеттің өмір сүріп, дамуының негізі болып табылады. Мемлекет құрылымының өзгеруі,өркендеуі қашан да болса оның салық жүйесінің қайта құрылуымен, жаңаруымен бірге қалыптасады. Әр бір мемлекетке өзінің ішкі және сыртқы саясатын жүргізу үшін белгілі бір мөлшерде қаржы көздері қажет. Мемлекет салықтарды экономиканы дамыту,тұрақтандыру барысында қуатты экономикалық тетік ретінде пайдаланылады. Салықтардың мәнін толық түсіну үшін,олардың экономикалықмаңызын түсіну қажет. Ал салықтардың экономикалық маңызы олардың атқаратын қызметіне тікелей қатысты.

1 тарау. Қазақстан Республикасындағы салық реформасы

1.1 Қазақстан Республикасының салықтық реформасы туралы түсінік

Cалық реформасы салық салу жүйесінің қызмет ету жүйесін ауқымды қайта құру мен оны басқару механизмін өзгерту негізінде салық қатынастарын шектеулі немесе түбегейлі қайта құруды білдіреді. Салықтар мемлекет қазынасына қоғамның жиынтық табысының бөлігін мәжбүрлеп алудың нақты нысаны ретінде мемлекеттік құрылым мен басқару жүйесінің экономикалық кеңістіктің барлық артықшылықтары мен кемшіліктерін бейнелейді.Кез келген салық реформасын жүргізудің соңғы нәтижесі ел экономикасын дамытудың негізгі әрі нақты міндеттерін шешуге бағытталған. Мемлекеттік бюджеттің кіріс бөлігін толтыру мақсатында салық түсімдерінің қажетті деңгейін қамтамасыз ете отырып, ұлттық экономиканы көтеру - басты міндет. Ал салық кірістерінің қажетті көлемін қамтамасыз ету, салық жүйесінің фискалды функциясының тиімділігіне тікелей тәуелді. Мазмұны бойынша салық реформалары жүйелік және құрылымдық реформаларға бөлінеді. Жүйелі салық реформасы кезінде бүкіл салық салу жүйесінің тұжырымдамалық және әдістемелік ережелерінің ауқымды құрылымдануы жүргізіледі.

Бұл кезде салықтар тізбесі түбегейлі өзгереді, тікелей және жанама салықтардың ұзақ мерзімді басымдықтары белгіленеді
Құрылымдық салық реформалары неғұрлым жалпы нысанда салықтар құрылымымен және салықты ұйымдастыруға байланысты салық салуды қайта құруды білдіреді. Бұл салықты қайта құрулар ең бірінші, салық салу базасын анықтау бойынша, салық мөлшерлемелерін тағайындау, салық жеңілдіктерін ұсыну тетіктерін түбегейлі қайта құру бойынша өзгерістерді қамтамасыз етуге бағытталған.
Мемлекет басшысының тікелей тапсырмасымен әзірленген қолданыстағы Салық кодексінің жобасы кеңінен талқыланып, еліміздің басты фискалдық құжаты 2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап заңды күшіне енді.
Салық кодексінің жобасы Мемлекет басшысының Жолдауына сәйкес әзірленіп, ол бойынша экономиканы жаңғырту мен әртараптандыруға, бизнестің «көлеңкеден» шығуына ықпал еткізу шаралары қамтылып отыр. Осыған орай Үкімет тарапынан әзірленген жаңа Салық кодексінің жобасымен тікелей әсер ету заңының қағидаттарын енгізу, өңдеуші сектордың түсімдерін арттыра отырып, экономиканың шикізаттық емес секторына ауыртпалықты төмендету, салықтық әкімшілендіру жүйесін жетілдіру көзделді. Қолданыстағы Салық кодексін қабылдау экономиканың тұрақты дамуына және әртараптануына жағдай жасайды. Экономиканың көлеңке секторын қысқартуды қамтамасыз етеді. Еліміздің инвестициялық климатын жақсартады. Ол елге капитал ағымының ағылуына ықпал етеді және экономиканың шикізаттық емес секторына салықтық жүктемені төмендетуге мүмкіндік береді. Жаңа кодекс арқылы енгізілетін ең басты өзгеріс - кезең-кезеңмен корпорациялық табыс салығының (КТС) мөлшерлемесін азайту. Бұл - жаңа жобаның ең негізгі жаңалығы деуге болады. Осындай жаңартулар арқылы жалпы салықтың салмағын азайтып, елімізде кәсіпкерліктің кең қанат жаюына жол ашылмақ. Сондай-ақ басты өзгерістердің тағы бірі - 2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап қосылған құн салығының (ҚҚС) мөлшерлемесін 13-тен 12 пайызға төмендету. Онымен қоса, ҚҚС-ын салудың еуропалық классикалық моделіне көшу арқылы негізгі салық заңдылықтары жаңартылады. Бұл халықаралық тасымал экспортына және ішкі айналымдағы салық салуға қатысты жүзеге асырылады.
Бұл заңнан мемлекеттің ұтатыны - салық салудың тәртібін жеңілдету нәтижесінде кәсіпкерліктің дамуына серпін береді. Жеке меншік секторға тиімдісі - айналымдағы қаржылары салықтан босап, салық есептемесі жеңілдетіледі. Сонымен қатар жеке меншік бизнес те анағұрлым жеңілдетілген салық жүйесімен өмір сүреді.
Яғни салық органдарында сағаттап кезек күтпей, уақытының көп бөлігін өз шаруасына бөледі. Батыс Еуропада, АҚШ-та салық жүйесі жақсы дамығандықтан, олардың тәжірибесіне көбірек көңіл бөлінді. Бұл жобаны дайындау кезінде Дүниежүзілік банк, Еуропалық одақ, ЮСАИД, Халықаралық инвестициялық салық орталығының сарапшы-мамандары шақырылып, тәжірибе жинақталды. Олармен тығыз қарым-қатынаста жұмыс жасалды. Салық кодексінің жаңа жобасы қазіргі кезде әлемнің өркениетті елдері қолданып отырған Батыстағы салық жүйесінің барлық жақсы жақтарын қамтыды.
Ең бастысы, қазіргі кезде кәсіпкерліктің алдында тұрған ең үлкен әкімшілік кедергі - салық есептілігінің шамадан тыс болуы. Бұл бағытта үлкен-үлкен шаралар жүзеге асырылды. Салықтың негізгі түрлері бойынша салық есептілігі барынша қысқартылды. Жаңа кодексте салық есептілігін берудің біртұтас мерзімі қарастырылып отыр. Бұл - бизнес жыл сайын салық органдарына сабылып, КТС бойынша аванстық төлемдер туралы есеп беруден құтылды деген сөз. Сондай-ақ әкімшілік процедуралар да жеңілдетілді. ҚҚС бойынша бір ғана салық төлеу кезеңі белгіленді. Бұған дейін салық төлеу мерзімі бір ай немесе бір тоқсан болып келсе, енді ол бір тоқсан болып өзгертілді. Бұл әрекеттердің барлығы салық процедураларын жетілдіру үшін жасалып отыр. Осылайша жаңа кодекс шағын және орта кәсіпкерліктің дамуына тұсау салатын әкімшілік кедергілер жойылды.
Еліміздің салық жүйесі бірқатар маңызды қайта құрулардан өтті. Дегенмен осы қайта құрулар үлкен оң өзгерістер алып келгенін аңғаруға болады. Оған дәлел еліміздің салық жүйесінің халықаралық деңгейге жеткендігі. Дүниежүзілік банк Doіng Busіness рейтингінің бағалауы бойынша былтыр жыл соңында бұрнағы жылмен салыстырғанда 14- орынға көтеріліп, 39-орынға табан тіредік. Бұл - ТМД аумағындағы ең жоғары көрсеткіш. Салықтарды тиімді әкімшіліктендіру, тұрғындардың салықтық сауатын көтеру, жүргізіліп отырған салықтық реформаларды насихаттау көзделген мақсаттарға жету жолындағы біздің басым бағыттарымыз болып табылады. Адал салық төлеушілерге жете назар аудару, оларға жан-жақты жағдай жасау - біз үшін үлкен сын. Оларсыз және олардың жүргізіліп отырған реформаларды дұрыс түсінуінсіз біз бүгінгі нәтижелерге қол жеткізе алмаған болар едік. Сондықтан, біз үшін әрбір салық төлеуші қымбат. Өткен жылы Үкімет мемлекеттік қызметтер көрсету стандарттарын қайта бекітті. Онда 20 негізгі қызмет түрі бойынша салық төлеушілерге қызмет көрсету жөніндегі жұмыстар жан-жақты тәртіптелді. «Салықтар - бұл өркениетті қоғамда өмір сүру мүмкіндігі үшін өзіміз төлейтін баға» деген қанатты қағиданы ХІХ ғасырда өмір сүрген қарапайым америкалық дәрігер, ақын және жазушы Оливер Уэнделл Холмс қалдырған екен. Демек, салық төлеу мәдениетін қалыптастыру бұл қоғамның өркениетке бір қадам болса да жақындай түскені дегенді білдірсе керек.

1.2 Қазақстан Республикасындағы салық салудың түрлері

Қазақстан Республикасында салық кодексінде белгіленген салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер қолданылады. Салықтарды салу обьектісі бойынша, олар тара және жанама салықтар болып бөлінеді.

Тура салықтар салық төлеушінің кірісі мен мүлкінен тікелей төленген салықтар. Олар өз кезегінде нақты және жеке салықтарға жіктеледі. Нақты салықтар салық төлеушілердің мүлкінің кейбір түрлеріне(үй, жер, кәсіп, ақшалай капитал және т.с.с.) салынады. Жеке тура салықтар бұл жеке адамдар мен заңды ұйымдардың табыстары мен мүлкіне салынатын салықтар. Нақты салықтардан айырмашылығы жеке салық салу әрбір салық төлеушінің жеке табысы мен мүлкін де оның қаржы жағдайын да ескереді. Жанама салықтар- баға немесе тарифке үстеме түрінде белгіленген салық төлеушінің кірістерімен мүлкіне тікелей байланысты емес салықтар. Жанама салықтарға қосылған құнға салынатын салық, акциздер жатады. Жанама салықтарға сондай – ақ сыртқы экономикалық қызметтен түсетін түсімдер де (кеден баждары түріндегі, экпортқа және импотқа салынатын салық түріндегі кеден кірістері, ішкі рынокте сатылатын тауарлар бағасы мен олардың фактуралық құнының айырмасы) жатады. Жанама салықтар мемлекеттің фискалдық мүдделерін білдіреді.Оларды саналы қолдану баға белгілеудің процессіне жағымды ықпал жасауы және тұтынудың құрылымына әсер етуі мүмкін. Жанама салықтар салудың мәні салықтың тауар бағасына (немесе қызметтің тарифіне) қосылатындығында, кірілетіндігінде. Бұл жағдайда салықты тауардың қызметтің нақты тұтынушысы төлейді, алайда тұтынушы мен мемлекет арасында тікелей байланыс болмайды. Салықты алатын және оған билік жасайтын органға қарай орталық және жергілікті салықтарды ажыратады. Пайдалану тәртібіне қарай барлық салықтар жалпы және мақсатты(арнаулы) болып бөлінеді. Жалпы салықтар тиісті деңгейлердегі бюджттерде шоғындырылады және жалпы мемлекеттік қажеттіліктерді қаржыландыруға пайдалынылады. Мақсатты салықтардың нысаналы арналымы болады және әдеттегідей түрлі қорлардың қаржы базасын құруға арналады. Обьектінің экономикалық белгілері бойынша табысқа салынатын салықтар болып ажыратылады. Табысқа салынатын салықтар төлеушінің салық салынатын кез келген обьектіден алған табыстарынан алынады. Тұтынуға салынатын салықтар –бұл тауарлар мен қызметтер көрсетуі тұтыну кезінде төленетін шығынға салынатын салықтар. Салық салу обьектілерін есепке алу және оларды бағалау тәсілдеріне қарай салық алудың мынадай төрт әдісі қолданылады: кадастырлық, салық төлеушінің мағлұмдамасы бойынша, табысты алу көзінен ұстап қалу, патеттік негізде.

Кадастырлық әдіс. Бұл жағдайда салықты есептеу мен алу, салық салу обьектілерінің нақты табыстылығын есепке алмай табыстық (жер салығы, мүлік салығы) нормасын көрсете отырып, олардың тізімдемесі негізінде жүзеге асырылады. Мағлұмдамада салық төлеушілер табыстың көлемін, қажетті жеңілдіктерді, шегерімдерді көрсетеді және салық сомасын есептеп төлейді. Олар салықтардың түрлері бойынша салық мағлұмдамасын есепті салық кезеңіне сәйкес тапсырып отырады. Мәселен, корпороциялық табыс салығын, жеке табыс салығын, көлік құралдарына салынатын салықты және жер салығын төлеушілер салық органына олар бойынша мағлұмдаманы есепті салық кезеңінен кейінгі жылдың 31- ші наурызына дейін береді. Жеке табыс салығы бойынша мағлұмдаманы мынадай салық төлеушілер:

- Төлем көзінен салық салынбайтын табыстары барлар;

- Тұрғын үй салу мен осындай құрылыс материалдарын сатып алуды қоспағанда жылында 2000 айлық есептік көрсеткіштен жоғары сомасы бір жолғы ірі сатып алуды іске асырғандар;

- Қазақстан Республикасынан тыс жерлерден табыстар алатын жеке тұлғалар;

- Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлердегі шетел банктеріндегі шоттарда ақшасы бар жеке тұлғалар;

- Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңнамалық актілеріне сәйкес мағлұмдама беру жөнінде міндеттеме жүктелген адамдар;

- Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, судьялар табыс етеді. Салық төлеушіден салық мағлұмдамасын табыс етудің белгіленген мерзіміне дейін жазбаша өтініш алған жағдайда уәкілетті мемлекеттік орган салық мағлұмдамасын табыс ету мерзімін екі айдан аспайтын мерзімге ұзарту салық төлеу мерзімін ұзартпайды. Үшінші әдіс бойынша салық төлеуші жұмыс істейтін ұйымның, мекеменің бухгалтериясы одан салықты табыс алынған жерде есептеп, ұстайды.

Төртінші әдіспен салық кәсіпкерлік қызметтің сан алуан түрлеріне берілетін патент негізінде төленеді. Патент-арнаулы салық режимін қолдану құқығын куәландыратын және салық сомасының бюджетке төленгендігін растайтын құжат. Салық есебінің екі әдісі қолданылады:

1) кассалық;

2) есептеу әдісі;

Кассалық әдіске сәйкес табыстар мен шегерімдер жұмысты орындау, қызмет көрсету, мүлікті жөнелту мен кірістеу және ол бойынша жасалынған ақы төлеу мезетінен бастап есепке алынады.

Есептеу әдісі бойынша табыстар мен шегерімдер ақы төлеудің уақытына қарамастан жұмысты орындау, қызмет көрсету, тауарларды өткізу және кіріске алу мақсаты мен тиеп жіберу мезетінен бастап еске алынады. Бұл әдіс салық службалары үшін қолайлы.

Қазақстан Республикасының салық жүйесі салықтардың, алымдардың және баждардың түрлерін, салық қатынастарын реттейтін құқықтық нормаларды және салық службасының органдарын қамтиды.

Қазақстан Республикасындағы салықтардың, салық сипатындағы алымдардың тізбесі мыналарды қамтиы:

1. Салықтар:

1. Корпорациялық табыс салығы.

2. Жеке табыс салығы.

3. Қосылған құнға салынатын салық.

4. Акциздер.

5. Жер қойнауынан пайдаланушылардың салықтары мен арнаулы төлемдері.

6. Әлеуметтік салық.

7. Жер салығы.

8. Көлік құралдарына салынатын салық.

9. Мүлікке салынатын салық


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: