Баянхат

Баянхат – ақпараттық-анықтамалық сипаттағы құжат. Ол бұл хатты жазушының өзі жұмыс істейтін ұйымның басшысына немесе жоғары тұрған органға жолдаған қандай да бір мәселе немесе деректен, қорытынды мен ұсыныстан тұруы мүмкін.

Мазмұны мен мақсатына байланысты баяндау хат бастама (ұсыныс жасау, өтінішті, деректі, оқиғаны баяндау) және есеп беру (қандай да бір істің, тапсырманың, жоспардың орындалу барысы, жағдайы, аяқталуы, іссапар нәтижелері, тексеріс және т.б. туралы) сипатында болуы мүмкін.

Қауіпсіздік техникасын сақтау туралы Қауіпсіздік техникасы бөлімі Бас инженер БАЯНХАТ _____ № ____ ____________ № __ ____________ ________________ қаласы ____________ Қауіпсіздік техникасы бөлімі сізді құрылыс алаңында1қауіпсіздік техникасының сақталмауы туралы әлденеше рет2құлақтандырған болатын. Алайда қазіргі уақытқа дейін құрылыс жұмыстары3жүргізіліп жат- қан жерлерге қоршау4қойылмаған. Дәнекерлеу жұмыстары жүргізіліп жатқан жерлер де қоршалмаған. Қазандық қоршалмаса да, механикалық жинақтау цехында5бағаналарды бетондау6жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сізден құрылыс телімінде қауіпсіз жұмыс жүргізу бойынша жедел шара қабылдауыңызды7сұраймын. Қауіпсіздік техникасы жөніндегі инженер __________ ___________________________ (қолы) (аты-жөні)



Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: