HTML-тіліне JavaScript элементтерін енгізу

JavaScript программалау тілін Netscape пен Sun Microsystems фирмсы бірлесіп ұсынған, ол интерактивті HTML-құжаттарды құруға арналған. JavaScript тілін қолданылатын аймақтары:

· Динамикалық, яғни құжат жүктелгеннен кейін мазмұнын өзгертуге болатын парақтарды құру.

· Серверге жөнелтілгенге дейін пайдаланушының форманы дұрыс толтырылғандығын тексеру.

· Сценарийлер көмегімен «жергілікті» (локальный) және басқа да мәселелерді шешеу.

JavaScript клиент және сервер жағында да орындалатын қосымшаларды құру мүмкіндігін береді. Екі түрлі қосымшаларды құру кезінде де, стандартты объектілерді анықтаулардан тұратын, ядро қолданылады. Пайдалынушы компьютерінде клиенттік қосымшаларды браузер орындайды.

JavaScript тіліндегі программа (сценарий) браузерге ендірілген интерпретатор арқылы өңделеді. Сценарийлерді кез-келегн брузерде орындалатындай түрде жазуға тырысу керек.

JavaScript тілінде жазылған программалар (сценарий) операторлар тізбегінен тұрады. Егер бір жолға бірнеше операторлар жазылса олардың арасына нүктелі үтір (;) қойылады. Егер әрбір оператор жеке жолға жазылсағ онда ешнәрсе қоймауға болады. Бір операторды бірнеше жолға жазуға болады.

Құрылымдық програмалау принципіне сәйкес, программаны бөліктік құрылым болатындай түрде жазу ұсынылады. Бұл программаны зерттеу мен қателерді іздеуді жеңілдетеді.

JavaScript программаларында түсініктемелерді қолдануға болады.Бір жолға сиятын түсініктеме беру үшін екі қиғаш сызықты қолдануға болады (//). Егер түсініктеме мәтіні бірнеше жолға жазылса, онда оларды /* және */ символдарының ішінде жазу керек. JavaScript тілінде бас әріптер мен кіші әріптер әр түрлі символ болып саналады.

23.JavaScript тілінде айнымалыларды сипаттау. Өрнектер. комментарийлер.

Айнымалылар ақпаратты сақтау үшін қолданылады. Айнымалылар сценарийлерде идентификатор латын әріптерінен, цифрлардан, астын сызу белгісінен тұрады және ол міндетті түрде латын әрпінен астын сызу белгісінен басталуы керек, мысалы, _my_test, test_l. Айнымалының типі сценарийде сақталаған ақпараттың типіне байланысты болып, сол мәліметтің типі өзгерсе, айнымалының типі де өзгереді. Айнымалы var операторы арқылы анықталуы тиіс, мысалы: var test1

Мұнда test1 айнымалысының типі әлі анықталмағандықтан, ол айнымалыға белгілі бір мән меншіктеген кезде ғана айқындалады.

Var операторын айнымалыны инициализациялағанда да қолдануға болады. Мысалы var test2=276

Мұнда test2 айнымалысының мәні өзгереді. Меншіктеу операторы программаның кез келген жерінде тұра береді және ол айнымалының тек мәнін ғана емес, типін де өзгерте алады. Меншіктеу операторы мынадай түрде беріледі: a=b

Мұндағы а-біз бір мән бергіміз келетін айнымалы, b- айнымалының жаңа мәнін анықтайтын өрнек. var n=3725

var x=2.75 var p=true var=”Программа орындалды”

n және х айнымалыларының типі number, p айнымалысының типі-логикалық, s-айнымалысының типі string. JavaScript тілінде барлық стандартты және тұтынушының өзі анықтайтын функциялар үшін object типі бар. Оbject типті айнымалылар объектілерді сақтайтындықтан, оларды жай объектілер деп атай береді.

Өрнектер

Өрнектер операциялар (амалдар) таңбаларымен біріктірілген, литералдарда, айнымалылардан және жақшалардан тұрады. Өрнектерді есептеу нәтижесңнде сан (бүтін не нақты), сөз тіркесі немесе логикалық типте болатын бір ғана мән шығады. Өрнектерде қолданылатын айнымалылар оған дейін инициалданған болуы керек. Өрнектерді есептеу кезінде анықталмаған немесе инициалданбаған айнымалылар кездессе қате шығады. JavaScript мәнді белгілеу үшін null мәнін меншіктесе, ол инициалданған болып саналады.

Өрнек операндтардан (мәндер мен айнымалылардан) және операциялар таңбаларынан (+,-,*,/) тұрады. Мысалы, a*b формуласында а және b операндтар, *таңбасы –көбейту операциясы.

Операциялар унарлық (бірорындық) немесе бинарлық (екіорындық) болып екіге бөлінеді. Өрнек +А түрінде жазылса. Ондағы +- унарлық операцияны белгілейді, ал егер ол А+В түрінде берілсе, ондағы +- бинарлық операцияның орындалатындығын көрсетеді. +А өрнегін есептеу А операндының мәнін есептеп, оған + операциясын ұолдану дегенді білдіреді. Ал А+В өрнегін есептеу төмендегі әрекеттерден тұрады.

1. А және В мәндері есептеледі

2. Операция 1-ші қадамда табылған операндтар мәндерінеиқолданылады,һ.

Операторлар Х+=Y=>X=X+Y

X-=Y=>X=X-Y X*=Y=>X=X*Y X/=Y=>X=X/Y X%=Y=>X=X%Y

Қатынас операциялары кез-келген типтегі операндқа қолданыла береді. Келесі мысалда:

var x=1;

var y;

y= (x += 2) + 1;

у айнымалысының мәні 4, ал х айнымалысының мәні-3. Мынадай тізбекті түрлегі меншіктеулерді де пайдалануға болады. х= y = z = t = өрнек;

24.JavaScript тілінде меншіктеу операторларының түрлерін пайдалану.

Операциялар унарлық (бірорындық) немесе бинарлық (екіорындық) болып екіге бөлінеді. Өрнек +А түрінде жазылса. Ондағы +- унарлық операцияны белгілейді, ал егер ол А+В түрінде берілсе, ондағы +- бинарлық операцияның орындалатындығын көрсетеді. +А өрнегін есептеу А операндының мәнін есептеп, оған + операциясын қолдану дегенді білдіреді. Ал А+В өрнегін есептеу төмендегі әрекеттерден тұрады.

1. А және В мәндері есептеледі

2. Операция 1-ші қадамда табылған операндтар мәндерінеиқолданылады,һ.

Операторлар Х+=Y=>X=X+Y

X-=Y=>X=X-Y X*=Y=>X=X*Y X/=Y=>X=X/Y X%=Y=>X=X%Y

Қатынас операциялары кез-келген типтегі операндқа қолданыла береді. Келесі мысалда:

var x=1;

var y;

y= (x += 2) + 1;

у айнымалысының мәні 4, ал х айнымалысының мәні-3. Мынадай тізбекті түрлегі меншіктеулерді де пайдалануға болады. х= y = z = t = өрнек;

Мұнда бірнеше айнымалының бәріне бір ғана мән меншіктеледі.

«++» және «--»операциялары тек айнымалыларға тіркеледі, оларды өрнектерге қосып жазуға болмайды.

Мынадай командалардың ++х және х++ (--х және х--) айырмашылығы бұлар басқа командалар құрамына кіріп тұрғанда ғана есепке алынады. Алғашқысында (олар айнымалы алдында) операция айнымалыны пайдаланғанға дейін орындалады, ал соңғысында –пайдалғанға дейін орындалады, ал соңғысында –пайдаланғаннан кейін орындалады.

х=5; меншіктеулерінен кейін:

у=++x; х және у-тің мәні 6ға тең.

х=5; Ал мына меншіктеулерден кейін:

у=х++; х-тің мәні 5-ке, ал у-тің мәні 6-ға тең болады.

Операциялардың бұлай жазылуы соңғы кезде шығып жатқан, С/С++ тілдерінен алынған программалау синтаксисіне негізделген. Олар айнымалыларды бірге арттыру және бірге кеміту сияқты операцияларды қысқаша жазу үшін қолданылады.

Операция нәтижесі –салыстыру мәндері дұрыс болса, логикалық true,ал оған кері жағдайды- false мәні болып табылады.

< (кіші) <= (кіші немесе тең-артық емес) == (тең)!= (тең емес)

>= (үлкен немесе тең-кіші емес) > (үлкен)

! логикалық емес операциясы логикалық типтегі операндтарға қолданылады, егер операнд мәні true болса, онда а!=true болады. && (логикалық және) пен || (логикалық немесе) операцияларының қолдану ережесі:

A&&B өрнегінің мәні –екі операнд мәндері де ақиқат болғанда ақиқат, қалған жағдайларда жалған болады. A||B өрнегінің мәні –кем дегенде, бір операнд ақиқат болса, ақиқат, ал басқа жағдайларда –жалған болып саналады.

Символдар тізбегінен тұратын тіркестік мәндер үшін сиволдарды конкатенциялау операциясы анықталған. Операция «қосу» таңбасымен белгіленеді. Бұл операцияның екі операндтар тізбегінен құралатын жаңа сөз тіркесі болады, төмендегі меншіктеу операторларының орындалуы нәтижесінде: st = “озат ” ”+”студент”

St айнымалысы «озат студент» мәнін меншіктейді.

.кестеде орындалу басымдығы кему реті бойынша орналасқан операциялар тізімі қарастырылған.

Инкремент ++
Декремент --
Терістеу !
Унарлы минус -
Көбейту *
Бөлу,қалдық табу /,%
Қосу, азайту +,-.=
Салыстыру <,>,<=,
Теңдік ==
Теңсіздік !=
Логикалық және &&
Логикалық немесе ||
Меншіктеу =,+=,-=,*=,/=,%=,!=

25.JavaScript тілінің стандартты константалары мен функцияларын пайдалану. Олардың түрлері, жазылу форматтары.

Барлық стандартты математикалық фукциялар мен жиі қолданылатын тұрақтылар Math-математикалық объектісінің тәсілдері мен қасиеттері түрінде беріледі.

Math объектісі JavaScript тілінің ішкі объектісі болып табылады. Мысалы, РІ тұратысын пайдалану үшін Math.РІ түрінде жазу керек. JavaScript тұрақтыларының дәлдігі үтірден кейінгі –цифрды қамтиды. Math функцияларын да тәсіл ретінде пайдаланып, мысалы, синус фунциясы - Math.sin(argument), түрінде жазылады, мұндағы argument функция аргументі болып табылады.

Стандартты тұрарақтылар

1. Натуралдық логарифм негізі –Е болып жазылады.мысалы Alert(Math.E)

2. 10 санының натуралдық логарифмі- LN10. Мысалы. Alert(Math.LN10)

3. 2 санының натуралдық логарифмі- LN2. М: Alert(Math.LN2)


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: