Кіріспе

СИЛЛАБУСЫ

Мамандық аты, шифры: Барлық мамандықтарға арналған

Оқу формасы: күндізгі ___________

Курс: ІV _    
  7 сем   8 сем   Барлығы:  
Кредит/ЕСТS саны 2       2  
Сағат саны            
Лекция: Практикалық _____ 15 _______   _____________   _____ 15 _______  
Семинар: 15       15  
Лабораториялық            
ОБСӨЖ: 15       15  
СӨЖ: 15       15  
Аралық бақылау (АБ) 2       2  
Қорытынды бақылау: емтихан       емтихан  

Силлабусты құрастырған: аға оқытушы Алимбаева А.А.

Мекен жайы, тел. және Е-mail: Түркістан қаласы, aktolkin 15@mail.ru

Кафедрадағы жұмыс уақыты: 09:00-18:00.,

СӨЖ қабылдау мен кеңес беру күндері, уақыты және орны: Сәрсенбі сағ: 09.00 -17.00 кафедрада

Түркістан 2015 ж

Силлабус ҚР БҒМ «___».___.______ ж. №___ бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты, мамандықтың типтік оқу жоспары ХҚТУ-нің Оқу-әдістемелік кеңесінің «___».___. 2015 ж. №___ хаттамасымен бекітілген оқу бағдарламасы негізінде дайындалған.

Силлабус кафедраның «___».___. 2015 ж. (Хаттама №__) мәжілісінде талқыланды.

Кафедра меңгерушісі: З.ғ.к., (Phd) қау. профессор Битемиров Қ.Т

Силлабус факультеттің «___».___. 2015 ж. (Хаттама №__) ОӘК-де қаралып, мақұлданды.

Оқу-әдістемелік кеңес төрайымы, э.ғ.к., доцент м.а.:Маханбетова Ұ.Р

КІРІСПЕ

Пәннің мақсаты: «Еңбекті қорғау» пәні студенттерге мамандығы бойынша еңбек қатынастарына түскен кезде, өндірісте ҚР Еңбек заңдарымен көзделген еңбекті қорғау жөніндегі ережелер мен нормаларды, еңбекті қорғауды ұйымдастыруды, еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік басқару және бақылауды, қызметкерлердің еңбекті қорғау кепілдіктері, еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды және қызметкерлер денсаулығының өзге де зақымдануларын тергеп-тексеру мен есепке алу тәртіптерін оқытып үйрету.

Пәннің міндеттері: Пәннің міндеттері мынадай: студенттерді еңбек жағдайларымен таныстыру; еңбекті бағалау критерийлерін зерделеу және жүктемелерді өлшеу; еңбек сапасын бағалау әдістерін зерделеу. Берілген пәнді оқу нәтижесінде студенттер міндетті: жалпы және жеке гигиенасы туралы; еңбек гигиенасының қолданбалы бағыттары жөнінде туралы түсінікке ие болуға; төтенше жағдайда шаруашылық объектілерінің тұрақты жұмыс істеуін арттыратын жолдар мен әдістерін, төтенше жағдайды болжау және оның салдарын жою әдістерін білуге; физиологиялық және психологиялық жұмыстық жүктемелерді өлшей және талдай білу, еңбек жағдайларының сапасын бағалауды істей білуге; еңбек процесінің ауырлығы мен қызулығын, өндірістік ортаның элементтені гигиеналық бағалауды ескере отырып, оқулық және арнайы әдебиеттермен жұмыс істеудің, еңбек жағдайларын гигиеналық бағалаудың практикалық дағдыларды меңгеруге; құқықтарын қорғап білуге және жауапкершілікті сезіне білуге т.б. үйрету.

Білім беру бағдарламалары құрылымындағы пәннің орны және қысқаша мазмұны:

Еңбекті қорғау дегеніміз - қызметкерлердің еңбек қызметі барысында еңбегін, денсаулығын, құқығын қорғауға бағытталған шаралар жүйесі. Еңбекті қорғау пәні-еңбек қызметі барысындағы қызметкер мен жұмыс берушінің арасындағы еңбек қатынастарын оқытатын пән болып табылады. Еңбекті қорғау курсы–қоғамдық еңбек қатынастарында қызметкерлер мен жұмысшылардың құқықтық, әлеуметтік-экономикалық, ұйымдастырушылық-техникалық, санитарлық-эпидемиологиялық, емдік-профилактикалық, сауықтыру және басқа да шаралар мен құралдарды қосқандағы еңбек қызметі процесіндегі жұмысшының денсаулығы мен өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесінің құрылымы мен қызметін таныстырады.

Құзыреттер және пәнді меңгеру нәтижелеріне қойылатын талаптар

1. Жалпы мәдени құзіреттер:

1- Әлемнің заманауи ғылыми жаратылыстық бейнесі туралы білімін оқуда және кәсіби іс-әрекетінде пайдалануға және теориялық, эксперименттік зерттеулер жайлы ақпаратты математикалық өңдеу әдістерін қолдана білуге қабілетті

2- Әріптестермен бірлесе отырып, ұжымда жұмыс жасауға дайын

2. Кәсіби құзіреттер:

1-Заманауи ақпараттық технологиялардың негіздерін, экологиялық мағлұматтарды жинау, сақтау, өңдеу әдістерін, экологиялық болжам жасаудың, экодаму, экосаясаттың негізгі принциптерін білуі тиіс;

2-Ақпарат желілерінен болашақ мамандығына қатысты ақпараттармен жұмыс істеу қабілеті.

Пәнді оқығаннан кейін білім алушының меңгеретін:

Білімі: Еңбекті қорғау курсын оқи отырып студенттер еңбек қорғау пәнінің түсінігін, мазмұнын, маңазын, элементтерін, қағидаларын, әдістерін, қоғамдағы алар орнын, қызметтерлер мен жұмыс берушілердің құқықтары мен міндеттерін оқып шығады.

Білігі: Студенттер пәнді оқу барысында қызметтерлер мен жұмыс берушілердің құқықтары мен міндеттерін оқып, үйретіп, қызметкерлердің еңбек заңнамаларына сәйкес жұмыс жасауды үйренеді және еңбек заңдарымен реттелетін еңбек қатынастарын қатынастарын игереді.

Құндылық құраушылары: Студенттер еңбекті қорғау пәні бойынша алған білімдерін болашақта қолдана алуды, сондай-ақ, еңбек қызметі барысында қызметкер мен жұмыс беруші арасындағы бұзылған құқықтарды қалпына келтіруді және оларды жүзеге асыруды және қызметкердің өздерінің құқықтарын қорғау тәсілдерін, еңбек құқық қатынастарының құқықтық реттелу механизмін игеріп шығады.

Пререквизиттер: ҚР Конституциялық құқығы, ҚР Азаматтық құқығы, ҚР Еңбек құқығы.

Постреквизиттер: ҚР азаматтық құқығының жалпы бөлімі, ҚР еңбек құқығы, ҚР азаматтық іс жүргізу құқығы, ҚР отбасы құқығы, ҚР экология құқығы, Кепіл құқығы, Интеллектуалдық меншік құқығы, Сақтандыру құқығы, Әлеуметтік қамсызданныру құқығы, Адвокатура және адвокаттық қызмет және ҚР нотариаты.

Қысқартылған сөздер:

СӨЖ-студенттің орындайтын өзіндік жұмысы.

ОБСӨЖ- студенттің оқытушы басшылығымен орындайтын жұмысы.

ҚР-Қазақстан Республикасы.

ҚР ЕК-Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексі.

НҚА-нормативтік-құқықтық акт.

2. ЖҰМЫС ОҚУ ЖОСПАРЫНАН КӨШІРМЕ

Семестр Аудиториялық сабақтар Аудиториядан тыс сабақтар
Лек Пра Сем Лабо ОБСӨЖ СӨЖ
  7-семестр   -   -    
  8-семестр            
  Барлығы   -   -    

3. ЛЕКЦИЯНЫҢ КҮНТІЗБЕЛІК-ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ

  №   Күні Лекция тақырыбы және оның жоспары Кредит, сағат саны Әдебиеттер (әдебиет №, реті, тарауы, беті) Оқыту нәтиже-лері
           
1 Модуль. Еңбекті қорғаудың түсінігі, маңызы қағамда алар орны  
    Еңбекті қорғаудың түсінігі 1. Еңбекті қорғаудың түсінігі, мәні 2. Еңбекті қорғау пәннің мазмұны. 3. Еңбекті қорғау саласының мақсаты мен міндеті.     № 1, 2, 6, 13  
    4. Еңбекті қорғау саласының қағидалары. 5. Еңбекті қоғау саласының субьектілері   № 5, 2, 3, 6  
    Еңбекті қорғаудың қайнар көзі 1.ҚР-ның еңбекті қорғау саласындағы заңдары. 2.Еңбекті қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілері, ережелер.   № 1, 2, 3, 13  
    Еңбекті қоргау саласындағы мемлекеттік басқару 1.Еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары. 2.Еңбекті қорғау саласында мемлекеттік басқару мен бақылауды жүргізу органдары 3.Мемлекеттік еңбек инспекциясының қызметінің қағидалары мен құзыреті   № 1, 2, 3, 6  
    Еңбекті қорғауды ұйымдастыру 1.Еңбекті қорғау саласында қызметті ұымдастырушы негізгі актілер. 2.Өндірістегі еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптар   № 1, 2, 3, 6  
2 Модуль. Еңбекті қорғау саласындағы қызметкердің құқықтарын қорғау және құқықтарын қорғаудағы кепілдіктер  
    Еңбекті қорғау саласындағы қызметкердің құқықтарына кепілдіктер. 1.Еңбек шартымен қызметкерлерге еңбекті қорғауға берілетін кепілдіктер. 2.Еңбек қызметі процессінде қызметкерлерің еңбегінің қоғалуына берілетін кепілдіктер. 3.Қызметкерлерді міндетті медициналық тексеру. 4.Қызметкерлерді еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқыту, нұсқама беру және білімін тексеру.   № 1, 2, 3, 6  
    Қызметкерлердің және жұмыс берушінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы құқықтары мен міндеттері. 1.Қызметкердiң еңбекті қорғау саласындағы құқықтары мен міндеттері. 2.Жұмыс берушінің еңбекті қорғау саласындағы құқықтары мен міндеттері. 3.Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі іс-шараларды қаржыландыру.   № 2, 3, 6, 11  
    Қызметкерлердің жекелеген түрлерінің еңбегінің қорғалуы. 1.Он сегіз жасқа толмаған қызметкерлердің еңбегін қорғау ерекшеліктері. 2.Әйелдердің және отбасылық міндеттері бар өзге адамдардың еңбегін қорғау. 3. Ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауіпті жұмыстарда істеитін қызметкерлердің еңбегін қорғаудың ерекшеліктері. 4. Мүгедектердің еңбегін қорғау ерекшеліктері.   № 11, 12, 13  
    Еңбекті қорғау нормаларын бұзған үшін жауапкершілік 1.Еңбек қатынастарындағы тараптардың жауапкершілігі, оның түсінігі мен жалпы ережелері. 2.Тараптарды еңбекті қорғау талаптарын бұзғаны үшін жауапкершілікке тарту негіздері 3.Жұмыс беруші мен қызметкерлердің жауапкершілік-терінің түрлері.   № 11, 12, 13  
    Еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды және қызметкерлер денсаулығының өзге де зақымдануларын тергеп-тексеру мен есепке алу. 1. Өндірістегі жазатайым жағдайларды тергеп-тексерудің және есепке алудың құқықтық негіздері. 2. Жұмыс берушінің өндірістегі жазатайым оқиға кезіндегі міндеттері. 3.Өндірістегі жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру тәртібі.   № 1, 2, 3, 5  
3 Модуль. Еңбекті қорғау саласындағы заңдардың орындалуы және оларды құқықтық реттеу негіздері  
    4.Өндірістегі жазатайым оқиғаларды арнайы тергеп-тексеру ерекшеліктері. 5.Өндірістегі жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру материалдарын ресімдеу және оларды есепке алу. 6.Жазатайым оқиғаларды дұрыс,уақытылы, тергеп-тексерілуі мен еспке алынуын бақылау.   № 1, 2, 3, 10  
    Өндірістегі кәсіптік аурулардан және жазатайым оқиғалардан міндетті әлеуметтік сақтандыру. 1.Міндетті әлеуметтік сақтандырудың негізгі қағидалары мен мақсаттары. 2.Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіндегі жұмыс берушінің міндеттері.   № 1, 2, 3, 12,15  
    Еңбек заңнамасының сақталуын қоғамдық бақылау 1.Еңбек заңнамасының сақталуын қоғамдық бақылаудың түсінігі, маңызы. 2.Өндірісте еңбекті қорғау заңдарын сақтауды қоғамдық бақылау   № 1, 2, 5,7,9  
    Еңбекті қорғау саласындағы еңбек дауларын реттеу ерекшеліктері. 1.Еңбекті қорғау салдасындағы даулардың түсінігі мен түрлері. 2. Еңбек дауларын қарау жөніндегі органдар. 3. Еңбек дауларын қараудың тәртібі.   № 1, 2, 3, 13,16,18  
    Еңбекті қорғауды халықаралық реттеу 1.Еңбекті халықаралық-құқықтық реттеудің түсінігі. 2.Еңбекті халықаралық-құқықтық реттеудің қайнар көзі 3.ХЕҰ-ның халықаралық құқықтық актілерімен еңбекті қорғаудың ережелері.   № 1, 2, 3, 4,9,20  

4. ПРАКТИКАЛЫҚ (СЕМИНАРЛЫҚ) САБАҚТЫҢ

КҮНТІЗБЕЛІК-ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ

  №   Күні   Сабақтың тақырыбы мен жоспары Кредит, сағат саны Тапсырма ларды тексе ру түрі Әдебиет-тер (№, реті, тарауы, беті) Оқыту нәтиже-лері
             

5.ЛАБОРАТОРИЯЛЫҚ САБАҚТЫҢ

КҮНТІЗБЕЛІК-ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ

  №   Топ   Күні Жұмыс атаулары Кредит, сағат саны Тапсырма-ларды тексеру түрі Әдебиеттер (№, реті, тарауы, беті) Оқыту нәтиже-лері
               

6. СТУДЕНТТІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫС (СӨЖ) ТАҚЫРЫПТАРЫ

    №     СӨЖ тақырыптары Тапсырманы орындау формасы (реферат, доклад, кейс, эссе, ғылыми талдау, құрал жасау, т.б.) Тапсырманы қабылдау мерзімі Тапсырманы қабыл-дау орны (каб №, уақыты) Оқыту нәтиже-лері
           
  1. Еңбекті қорғаудың ұғымы, түсінігі. 2.Еңбекті қорғаудың мақсаты. 3. ҚР Еңбекті қорғау саласының міндеті. Конспект Дүйсенбі сағ: 15:00-17:00 №422 аудитория  
  1.Еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары. 2. Еңбекті қорғаудағы құқықтық қатынастар. Реферат Дүйсенбі сағ: 15:00-17:00 №422 аудитория  
  1.Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауды ұйымдастырудың маңызы мен мазмұны. 2.Кәсіпорындарда еңбекті қорғау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру Баяндама Дүйсенбі сағ: 15:00-17:00 №422 аудитория  
  1.Еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік басқару қызметі. 2.Еңбек қауіпсіздігінің түсінігі. 3. Еңбекті қорғаудың қағидалары. Конспект Дүйсенбі сағ: 15:00-17:00 №422 аудитория  
  1.Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында мемлекеттік басқару мен бақылау органдары. 2.Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғаудың құқықтық негіздері. Реферат Дүйсенбі сағ: 15:00-17:00 №422 аудитория  

БІЛІМДІ БАҚЫЛАУ КЕСТЕСІ

(Пән бойынша тапсырмаларды тапсыру және орындалу кестесінің үлгісі)

  Оқу жұмыс түрлері, бақылау құралдары Апталар
                                 
  Лекция   +   +   +   +   +   +   +      
  Семинар + + + + + + + + + + + + + + +    
  Эссе     +                 +          
  Кейс-стади             +                    
  Презентация-лар             +               +    
  Қалдық білімді тексеру                               +  

Ескерту* - «+» таңбасы бақылау үшін тапсырманың орындалуын көрсететін аптаны білдіреді; әрбір пән бойынша бақылау түрлерін белгілеуді ПОҚ мен кафедра анықтайды.

7. ОҚУЛЫҚТАР МЕН WEB САЙТТАР ТІЗІМІ

Нормативтік актілер:

1. Қазақстан Республикасының 30.08.1995 жылғы Конституциясы (Қазақстан Республикасы Парламентінің 1996 ж., №4,217-құжат), Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 7 қазандағы Заңымен енгізілген өзгертулер мен толықтырулары (Қазақстан Республикасы Парламентінің 1998 ж., №20,245-құжат), Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 мамырдағы Заңымен енгізілген өзгертулер мен толықтырулары (Қазақстан Республикасы Парламентінің 2007 ж., №10, 68-құжат). –Астана: «Елорда» баспасы, 2009 ж.

2.ҚР Еңбек кодексі, 2007ж.

Негізгі әдебиеттер:

3.Уваров В.Н. Казақстан Республикасының Еңбек құқығы: Оқулық. -Алматы: КазГЮА, 2002.

4.Хамзин А.Ш.,Хамзина Ж.А., Хамзина Л,А. Трудовое право Республики Казахстан: Учебник.- Алматы, 2004

5.Абузярова Н.А.Трудовое право республики Казахстан. –Учебник. Алматы, 2001

6.Киселев И.Я. Зарубежное трудовое право. Учебник для вузов. –М.,1998. -263с.

7.Международное трудовое право.Учебник. –Алматы: Данекер, 2000.-211с.

8.Денисенко Г.Ф. Охрана труда Москва: Высшая школа, 1985. – 346 с.

9.Приходько Н.В. Безопасность жизнедеятельности.Курс лекций. Алматы:2000.

10.Димитрова С.А. Правовые проблемы труда и занятости населения. - Алматы: Жеті жарғы, 1997.-176с.

11.Нургалиева Е.Н.Механизм правового регулирования труда. Алматы: Жеті-Жарғы, 1996

12.Нургалиева Е.Н.Сураган Г.А. Материальная ответственность сторон

трудового договора. -Алматы: ТОО "Баспа",2001. -136с.

13.Нургалиева Е.Н., Серикбекова С.Б. Индивидуальные договоры о труде. А., 2004. -200с.

14.Охрана труда в электроустановках./Под ред. Б.А. Князевского. М., 1981.- 311с.

15.Безопасность жизнедеятельности: Учебник для вузов/С.В. Белов, А.В. Ильницкая, А.Ф. Козьяков и др.; Под общ. ред. С.В. Белова. – М.: Высшая школа, 1999. -448с.

16.Адбаева К. А., Спатаев Н. Д. Сборник нормативных актов Республики Казахстан по охране труда. Караганда, 2002. – 256 с

17.Скала В.И. Охрана труда и техника безопасности в практической деятельности субъектов РК Алматы: «LEM», 2002. - 228 с.

Қосымша әдебиеттер:

1. Димитрова С.А. Правовые проблемы труда и занятости населения. - Алматы: Жеті жарғы, 1997.-176с.

2.Нургалиева Е.Н.Механизм правового регулирования труда. Алматы: Жеті-Жарғы, - 1996

3.Нурмагамбетов А.М. Рынок труда: правовые проблемы и перспективы. - Алматы. ТОО "Баспа".1998. -192с.

4. Нургалиева Е.Н.Сураган Г.А. Материальная ответственность сторон

трудового договора. -Алматы: ТОО "Баспа",2001. -136с.

5.Нургалиева Е.Н., Серикбекова С.Б. Индивидуальные договоры о труде. А., 2004. -200с.

6.Охрана труда в электроустановках./Под ред. Б.А. Князевского. М., 1981.- 311с.

7.Долин П.А. Основы техники безопасности в электроустановках. М.: Энергоатомиздат, 1984. –448с.

8.Борьба с шумом на производстве: Справочник/Под ред. Е.Я. Юдина. – М.: Машиностроение, 1985. – 400с.

9.Безопасность производственных процессов: Справочник/С.В. Белов, В.Н. Бринза, Б.С. Векшин и др. Под общ. Ред. С.В. Белова. – М.: Машиностроение, 1985. –448с.

10.Атаманюк В.Г., Ширшев Л.Г., Акимов Н.И. Гражданская оборона. – М.: Высшая школа, 1986. –207с.

11.Справочная книга по охране труда в машиностроении./Г.В. Бектобеков, Н.Н. Борисова, В.И. Коротков и др. Под общ. ред. О.Н. Русака. – Л.: Машиностроение. Ленингр. отд-ние, 1989. –541с.

12.Безопасность жизнедеятельности: Учебник для вузов/С.В. Белов, А.В. Ильницкая, А.Ф. Козьяков и др.; Под общ. ред. С.В. Белова. – М.: Высшая школа, 1999. -448с.

13.Журавлев В.П., Пушенко С.Л., Яковлев А.М. Защита населения и территорий в чрезвычайных ситуациях. М.: Изд-во АСВ / 1999. –376с.

14.Приходько Н.Г. Безопасность жизнедеятельности: Курс лекций. – Алматы: ВШП «Адилет», 2000. – 366с.

15.Раздорожный А.А. Безопасность производственной деятельности: Учеб. пособ. – М.: ИНФРА – М, 2003.-208с.

16.Адбаева К. А., Спатаев Н. Д. Сборник нормативных актов Республики Казахстан по охране труда. Караганда, 2002. – 256 с

17. Скала В.И. Охрана труда и техника безопасности в практической деятельности субъектов РК Алматы: «LEM», 2002. - 228 с.

18. Еңбекті қорғау. Журнал. 2009 ж. №1 (37) 2009. -89 с

8 БАҚЫЛАУ ТҮРЛЕРІ:

1. 1 блок – 1-7 апта

2. 2 блок - 8-154 апта

3. Емтихан.

9 СТУДЕНТ БІЛІМІН БАҒАЛАУ ЕРЕЖЕСІ

Университетте кредиттік оқыту технологиясында өткен академиялық топтарда студенттердің білімі мен біліктілігін бақылау және бағалау рейтингтік жүйеде іске асырылады. Максималды рейтинг 100 балды құрайды. Рейтинг балы екі бөліктен құралады: бірінші бөлігі 60 балды құрайды. Ол студенттің күнделікті, шептік бақылау және СӨЖ тапсырмаларын орындағаны үшін алатын балдарының қосындысынан, екінші – 40 балл, ол емтихан балынан құралады.

Пәнді оқыту өтілген барлық материалдар бойынша тест тапсырумен анықталады. Тест тапсыруға жіберілу үшін бағдарламада көрсетілген барлық тапсырмалар орындалу керек.

Бірінші рейтингтік бағаны қою кезінде студенттің күнделікті аудиториялық сабаққа қатысу белсенділігі, студенттің ғылыми жұмыстағы жетістіктері, студенттің оқытушы басшылығымен орындайтын өзіндік жұмысы, студенттердің өзіндік жұмысы бойынша жинаған балдары ескеріледі, бірақ сабаққа қатыспағаны үшін жинаған жалпы балл мөлшерінен 1 балдан кемиді.

Бақылау жүргізетін оқу жұмыс түрлері Апта Қорытынды балдың пайыздық баламасы
                               
  Күнделікті аудиториялық сабаққа қатысу + + + + + + + + + + + + + + +   0,3*15=4,5
  Күнделікті сабақ тапсырмаларын орындау белсенділігі + + + + + + + + + + + + + + +   1,3*15=19,5
  Студенттің ғылыми жұмыстағы жетістіктері    
  СӨЖ + + + + + + + + + + + + + + +   0,8*15=12
  Блок             +             +     10*2=20
Аралық бақылау  
  Емтихан                               +  
  Қорытынды балл    

Білім төмендегі жүйе бойынша әріптік және сандық таңбамен белгіленеді:

Әріптік жүйедегі бағалау Бағаның сандық баламасы Проценттік баламасы Дәстүрлі бағалау жүйесі бойынша
А 4,0 95-100 өте жақсы
А- 3,67 90-94
В+ 3,33 85-89 Жақсы
В 3,0 80-84
В- 2,67 75-79
С+ 2,33 70-74   Қанағаттанарлық
С 2,0 65-69
С- 1,67 60-64
D+ 1,33 55-59
D 1,0 50-54
F   0-49 Қанағаттанғысыз

10. КАФЕДРА ЖӘНЕ ОҚЫТУШЫ ТАРАПЫНАН СТУДЕНТКЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

Сізге курста өтілетін материалдар қысқаша түрде алдын ала таратылып берілетіндіктен, ары қарай өз бетіңізше әдебиеттер арқылы немесе немесе аптасына бірнеше рет өтетін оқытушы басшылығымен студенттің өзіндік жұмысы сабақтары кезінде толықтыруыңызға мүмкіндігіңіз бар. Алған біліміңізді тексеру үшін сізден курс барысында бақылау жұмысы, аралық тестер, коллоквиумдар, реферат, студенттің өзіндік жұмысы және емтихан алынады.

Сабақ баллдық жүйемен бағалатындықтан тақырыптық тесттер, үй тапсырмалары, күнделікті сабаққа белсенді қатысуы мен ғылыми конференцияларға қатысу арқылы балл жинауға болады.

Курс бойынша екі аралық бақылау, тесттер мен коллоквиумдар өткізіледі. Әр бір тапсырма өз уақытында тапсырылуы қажетү Егер тапсырмалар дер кезінде тапсырылмаса балл төмендетіледі. Қорытындылау негізінде емтихан алынады.

Сонымен бірге сабақтан себепсіз қалу, кешігу, сабақта тыныштықты сақтамау, телефонмен сөйлесу, сабақта басқа нәрсемен айналысу сіздің баллдық қорыңызға кері әсерін тудырады, яғни айып балдары алынып тасталынады (әрқайсысы үшін, әр жолы 1 балдан).


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: