Геринг- Брейер рефлексі

Әдістеме: Афференттік талшықтар өкпенің механорецепторларынан жүректің жұмысын реттейтін орталық- сопақша миға барады...Баруы кезеген жүйкеде жабырқаңқылықты туғызады және жүректің қызметін тездетеді. Шығуы- кезеген жүйкенің тітіркенуін тудырып жүректің қызметін бәсеңдетеді.

ЭКГ-ні екінші тіркелімде немесе қалыпты жағдайдағы тыныстың тамыр соғыс жиілігін санайды. Содан кейін терең тыныс алып, тынысты өзінде ұстап, ЭКГ- да тіркейді. Дем шығарудың максималды биіктігінде ЭКГ-да тіркеуді қайталайды. Интервалдар ұзақтылығын (P-T; Q-T; T-P; R-R) немесе қан тамыр соғысының жиілігін бағалайды.

Әрбір рефлекстің орындалуына байланысты жұмыс нәтижесі мен қорытындысын жазу.

№2 тәжірибелік жұмыс.

Жанама әдіс арқылы тыныштықта және физикалық қысымнан кейінгі қанның минуттық көлемін анықтау.

Жұмыс мақсаты: Қан айналымның минуттық көлемін анықтау әдісімен танысу.

Әдістеме: Қан айналымның минуттық көлемі (ҚМК) жүрек қан тамырлар жүйесінің қызметінің ең негізгі көрсеткіштері болып табылады. ҚМК-ны анықтау әдісі тікелей (ФИК, Горольман, Стюарт Гамелтон, Термодиллюция) және тікелей емес (Стар, Сфикмографиялық, Баллистографиялық) болып бөлінеді. Ең кең тараған әдіс Стар әдісі (1954ж). Бұл анықтаудың математикалық әдісі негізі арнайы эмперитикалық формулалары мен шешу болып табылады. Зерттелушіде коротков әдісі арқылы артериялдық қысымды және жүректің соғу жиілігін анықтап алады. Одан формула арқылы систоликалық қанның көлемін анықтайды.

СҚ = 100 + 0,5 ПҚ – 0,6 ДҚ – 0,6 Ж, онда

ПҚ — пульстік қысым (мм, рт. ст.);

ДҚ — диастоликалық қысым (в мм. рт. ст.);

Ж — жас (жылмен).

Систоликалық көлемді анықтаудан кейін ҚМК-ны формула арқылы есептеу

ҚМК = СҚ х ЖСЖ, онда ЖСЖ — жүректің соғу жиілігі.

Дені сау адамдарда ҚМК-ң көлемі бірнеше ауытқуларға ие. Бұл жынысқа,жасқа,бойына, салмағына сонымен қатар жұмыс істеу тәртібіне байланысты. ҚМК-ң негізгі айналымы дені сау адамдарда минутына 3,5-5 л тең, осы жағдайда ауытқулар қан айналымның қалыпты минуттық көлемі ± 10% -нан аспайды. Науқас адамдарда ҚМК-ң ауытқулары тыныштық кезеңде дені сау адамдарға қарағанда айқынырақ.

Стар әдісін қолданып, ҚМК-і физикалық қысымнан кейін анықтау (30 секундта 20 рет отырып тұру) және оны ҚМК тыныштық күйде болған кездегі көлемімен салыстыру. Жүректің соғуы және артериялдық қысымды 6 мин ішінде әрбір 30 сек сайын анықтау. Одан кейін алынған деректер арқылы ҚМҚ- ны есептеп, ҚМК-ң қысымынан кейін қисық динамикасын сызу.

Жұмыстың қорытындысы мен нәтижесін шығару.

№3 тәжірибелік жұмыс.

Тыныштық күйде және физикалық қысымнан кейін қан тамырлардағы перифериялық қарсыласуын есептеу.

Жұмыс мақсаты: ҚПҚ-ны есептеу әдісі мен танысу

Әдістеме: Қан тамырларда қан айналу кезінде пайда болатын қарсыластық қан тамырлардағы перифериялық қарсыласу деп аталады. (ҚПҚ). Тыныштық күйде ҚПҚ әртүрлі адамдарда 1400 ден 2500дин. см. сек көлемінде ауытқып тұрады. Орташа ауытқуы 1850 дин.см.сек. ҚПҚ-ң көлемі Пуазейль формуласы арқылы есептеледі (1939), онда

ҚПҚ = (ОГҚ х 1333 х 60) / ҚМК, онда

ОГҚ- орташа гемодинамикалық қысым в мм. рт. ст.;

1333 - айналым коэффициенті. мм. рт. ст. в дины;

60 – минуттағы секунд саны

ҚМК – Қанайналымның минуттық көлемі

Орташ динамикалық қысымды Н.Н. Савицкий (1974) формуласы арқылы есептейді:

ОГҚ = 0,5 ПҚ + ДҚ, онда

ПҚ – пульстік қысым;

ДД – диастолалық қысым.

Қпқ-ны тыныштық күйде және физикалық қысым түсіргеннен кейін зерттелушінің артериялдық қысымын және минуттағы жүрек соғу жиілігін Коротков әдісі арқылы анықтау керек. Физикалық қысым түсіргеннен кейін ҚПҚ-ны анықтау үшін, берілген көрсеткіштерді 6 мин көлемінде әрбір 30 сек сайын анықтау. Қысым түсірілгеннен кейін ҚПП-ң қисық динамикасын сызу. Қалыпты жағдайда қан тамырларда қанның өтуі жақсарады, жүректің жұмыс істеуі жеңілденеді, ПҚП-ң көлемі 20-30% кемиді. Қысымнан кейін 3-6 минуттың ішінде ҚПҚ өз қалпына келеді.

ПҚП-ң қысымнан кейін қисық динамикасын және ҚМК-ң қисық динамикасын салыстыру.

Жұмыстың қорытындысы мен нәтижесін жасау.

6. Әдебиеттер

Тқырып бойынша дәріс.

Негізгі:

5. Судаков К.В., и др. Нормальная физиология в динамических схемах: атлас: учеб.пособие. – М., 2009.

6. Агаджанян Н.А., Смирнов В.М.. Нормальная физиология: Учебник для студентов медвузов.- М.: ООО «Медицинское информационное агентство», 2007.

7. Ноздрачев А.Д., Орлов Р.С. Нормальная физиология: учебник + СД-диск. – М., 2006. – 696 с.

8. Физиология человека. Под ред. Р.Шмидта, Г. Тевса. М.,., в 3-х томах.- 2007.

Қосымша:

1. Ткаченко Б. И. и др. Физиология человека.Compendium: учебник. – М., 2009.

2. Современный курс классической физиологии (избранные лекции) с приложением на компакт-диске. Под ре. Ю.В.Наточина, В.А.Ткачука. – М.: ГЭАТАР-Медиа, 2007. – 384 с.

3. Руководство к практическим занятиям по нормальной физиологии: Учеб. пособие / Н.Н.Алипов, Д.А.Ахтямова, В.Г.Афанасьев и др.; Под ред. С.М.Будылиной, В.М.Смирнова. – М.: Издательский центр «Академия», 2005. – 336 с.

4. Атлас по нормальной физиологии / Под ред. Н.А. Агаджаняна.-М.: Высшая школа, 2007.

5. Судаков К.В., Киселев И.И. и др. Нормальная физиология в динамических схемах: Атлас (цветной, иллюстрированный): учебное пособие. – М., 2007. – 350 с.

6. Ситуационные задачи по физиологии с основами анатомии для самостоятельной работы студентов / Под ред. А.А. Утебергенова, Д.А. Адильбековой. - Шымкент, 2006. - 66 с.

7. В.М. Смирнов. Физиология в рисунках и таблицах.- М., «МИА», 2007.

7. Бақылау:

Қорытынды бақылау сұрақтары

1. Жүрек айналымы және оның фазалары. Жүректегі қан қысымы, Жүрек айналымындағы әртүрлі фазалары, клапандар жұмысы

2. Электрокардиография (ЭКГ) жүрек биопотенциялдарын тіркейтін әдіс ретінде. ЭКГ-ң биофизикалық негіздері.

3. ЭКГ-ң негізгі бағыттары.

4. Адамның қалыпты ЭКГ, клиникалық маңызы, оның генезі

5. Жүрек жұмысының негізгі көрсеткіштері: жүрек жиырылуының жиілігі мен күші, тыныштық күйде және қысым түсіргеннен кейінгі қанның минуттық және систоликалық көлемі

6. Жүрек дыбыстары, жүрек ұшылық серпіліс оның пайда болуы, характеристикасы. Фонокардиография және оның клиникалық маңызы

7. Балалардағы жүрек жұмысының ерекшеліктері

8. Балалардың ЭКГ-ң ерекшеліктері

9. Қан тамырлардың морфо-функцияналдық классификациясы.

10. Қан ағысының көлемдік жылдамдығы Тәуелді факторлар.

11. Қан ағысының сызықтық жылдамдығы. Артерияларда, қылтамырларда, көктамырлардағы жылдамдық. Толық қан айналымның уақыты. Қан ағысы үшін қантамырлардың эластикалық маңызы.

12. Қан тамырлардың қарсыласуы. Оның көлеміне әсер ететін факторлар. Жалпы перифериялық қарсыласуы.

13. Қан тамыр өзегінің түрлі бөлімдеріндегі қанның қысымы

14. Артериялдық қысым. Оның көлеміне әсер етуші факторлар. Артериялық қысымның негізгі көрсеткіштері; систоликалық, диостоликалық, пульстік және орташа динамикалық қысым. Артериялық қысымды тіркеу әдістері.

15. Артериялық пульс, нының шығу тегі, сипаттамасы, тіркелуі

16. Сфигмография пульстік толқынның таралу жылдамдығы. Флегобография.

17. Балалардың қан тамырларының қызметінің ерекшеліктері

18. Балалардың жүрек және қантамырларының жұмысының реттелу ерекшеліктері.

Қорытынды бақылау тестілері:

1. Автомат градиенті нені білдіреді:

А) барлық түйіндердің және жүректің талшықты өткізгіш жүйесінің әр уақыттағы автоматиясын;

В) СА- нен Пуркинье талшықтарына қарай автоматияның өсуі;

С) атриовентрикулярлық түйіндегі автоматияның өсуі;

Д) СА – нен жүрек ұшына қарай автоматияның төмендеуі;

Е) атриовентрикулярлық импульстің кешігуі.

2. Жүректің изометрлік жиырылуы кезеңінің соңында оң және сол жақ

қарыншаларда қысым қандай болады, сәйкес түрде (мм.с.б.):

А) 4-6 және 5-8 мм с.б.;

В) 10-12 және 40-50 мм с.б.;

С) 15-20 және 70-80 мм с.б.;

Д) 25-30 және 110-130 мм с.б;

Е) 0-ге жуық және 25-40 мм с.б.

3. ЭКГ-ның R тісшесі нені сипаттайды:

А) қозудың АВ-түйін арқылы өтуін;

В) қарынша аралық пердемен өтуін;

С) қарыншалар түбімен қозудың өтуін;

Д) қарыншалардың толық қозуымен;

Е) қозудың жүрекшелермен өтуін.

4. Жүрек тондарын тыңдау – аускультация әдісі арқылы болады. І – тон (систолалық) анық естіледі:

А) оң жақ 2-қабырға аралықтан;

В) сол жақ 2-қабырға аралықтан;

С) оң жақ 4-қабырға аралықтан;

Д) сол жақ бұғана ортаңғы сызығы 5-қабырға аралықтан және семсер

тәрізді өсінді қасынан;

Е) барлық аталған нүктелерден.

5. Ацетилхолин жүрекке қандай әсер етеді:

А) қозуды арттырады;

В) өткізуді жақсартады;

С) тахикардия тудырып, жиырылуды артырады;

Д) брадикардия тудырып, жиырылуды бәсеңдетеді;

Е) жүрек автоматиясын арттырады.

6. Экстросистола дегеніміз:

А) СА-түйін ритмінің өсуі;

В) АВ-түйін ритмінің өсуі;

С) АВ-түйін ритмінің азаюы;

Д) қарыншалар қызметінің артуы;

Е) эктопиялық қозу орталығы әсерінен болатын кезектен тыс жиырылу.

7. Жүректің автоматиялық бейімділігі дегеніміз:

А) жүрекшелердің қанға толғаннан жиырылуы;

В) жүректен тыс нервтердің әсерінен қозуы;

С) сыртқы тітіркендіргіш әсерінен қозбауы;

Д) сыртқы әсерінсіз жүректің өздігінен қозуы;

Е) қарыншалардық қанға толғаннан жиырылуы.

8. СА-түйін жүрек соғу жиілігінің келесі ритмдерін береді (имп/мин):

А) 15-20;

В) 30-40;

С) 90-120;

Д) 60-80;

Е) 40-50.

9. ЭКГ-ның S-тісшесі нені бейнелейді:

А) қозудың АВ-түйін арқылы өтуін;

В) қарынша аралық пердемен өтуін;

С) қарыншалар түбімен қозудың өтуін;

Д) қарыншалардың толық қозуымен;

Е) қозудың жүрекшелермен өтуін.

10.АВ-түйіні қандай жиіліктегі жүрек жиырылуын береді?

А) 15-20;

В) 30-40;

С) 90-120;

Д) 60-80;

Е) 40-50.

11. Жүректің изометрлік жиырылуы кезеңінің соңында оң және сол жақ қарыншаларда қысым қандай болады, сәйкес түрде (мм.с.б.):

А) 4-6 және 5-8 мм с.б.;

В) 10-12 және 40-50 мм с.б.;

С) 15-20 және 70-80 мм с.б.;

Д) 25-30 және 110-130 мм с.б;

Е) 0-ге жуық және 25-40 мм с.б.

12.Қандай тамырлар қан ағысына ең үлкен кедергі тудырады?

А) капилярлар;

В) артериолалар;

С) аорта жєне ірі артериялар;

Д) веналар;

Е) венулалар.

13. Тыныштық күйде қарыншалар жиырылу ұзақтығы (с):

А) 0,08 – 0,25;

В) 0,3 – 0,33;

С) 0,05 – 0,12;

Д) 0,09 – 0,16;

Е) 0,1 – 0,2.

14. Кезбе жүйкесін тітіркендіргенде алынатын әсер:

А) жүрек жиырылу жиілігінің төмендеуі және күшеюінің артуы;

В) жүрек жиырылу жиілігінің мен күшеюінің артуы;

С) жүрек жиырылу жиілігінің төмендеуі және күшеюінің әлсіреуі;

Д) жүрек жиырылу жиілігі мен күші өзгермейді;

Е) жауаптардың барлығы дұрыс.

15. ЭКГ-ның Т тісшесі нені сипаттайды:

А) миокардтағы МП-дың қайта қалыптасуын (реполяризацияны);

В) қарынша аралық пердемен қозудың өтуі;

С) қарыншалар түбімен қозудың өтуі;

Д) қарыншалардың толық қозуын;

Е) жүрекшелермен қозудың өтуі.

16. Ритмді бастаушының ӘП-ның ерекшелігі, қандай фазалармен байланысты?

А) рефрактерлік;

В) латенттік (жасырын);

С) баяу диастолалық деполяризация;

Д) жедел деполяризация;

Е) гиперполяризация.

17. ЭКГ-ның R-R нені көрсетеді:

А) микард клеткасының реполяризациясын;

В) жүрекшелерден қарыншаларға қарай қозудың өту жылдамдығын;

С) жүректің бір цикліның уақытын;

Д) қараншалардың электрлік систоласын;

Е) жүрекшелер бойымен қозудың өту жылдамдығын.

18. Сол жақ жүрекшеге қан қайдан құйылады?

А) өкпе веналарынан;

В) аортадан;

С) қуыстық веналардан;

Д) қақпақша веналардан;

Е) өкпе бағанынан.

19. Жүрек бұлшық еті қаңқа бұлшық етінен құрылымымен айырмасы бар,

сондықтан ондағы қозу келесі заңға бағынады:

А) тітіркендіру күші мен жиілік заңына;

В) градиент заңына;

С) уақыт заңына;

Д) «түгел немесе түк жоқ»;

Е) полярлық зањына.

20. Тынышытқ жағдайдағы қарыншалар диастоласының ұзақтығы (с):

А) 0,3 – 0,33;

В) 0,4 – 0,47;

С) 0,04 – 0,08;

Д) 0,1 – 0,25;

Е) 0,6 – 1,0.

21. Симпатикалық нервтің жүрек қызметіне әсері:

А) жүрек жиырылу жиілігі мен жиырылу күші төмендейді;

В) жүрек жиырылу жиілігі мен жиырылу күші ұлғаяды;

С) жүрек жиырылу жиілі төмендейді, жиырылу күші ұлғаяды;

Д) жүрек жиырылу жиілігі мен күші өзгермейді;

Е) жауаптардың барлығы дұрыс.

22. ЭКГ-ның P–Q интервалы нені сипаттайды:

А) миокард клеткаларының реполяризациясы;

В) жүрекшелерден қарыншаларға қарай қозудың өту жылдамдығын;

С) жүректің бір циклінің уақытын;

Д) қарыншалардың электрлік систоласын;

Е) жүрекшелер бойымен қозудың өту жылдамдығы.

23. Систолалық қан қысымының қалыпты шамасы (мм рт. ст.):

А) 100 – 139;

В) 160 – 190;

С) 60 – 89;

Д) 90 – 100;

Е) 180 – 200.

24. Тыныштық күйде жүректің систолалық қан көлемі, тең:

А) 2 – 3 л;

В) 30 – 40 мл;

С) 4 – 6 л;

Д) 60 – 80 мл;

Е) 100 – 120 мл.

25. Қалыпты жағдайда автоматияның жүргізуші жүйесі (пейсмекері), бұл:

А) Гисс шоғыры;

В) синоатриальдық түйін;

С) атриовентрикулярлық түйін;

Д) Гисс аяқшалары;

Е) Пуркинье талшықтары.

26. Қарыншалар систоласының қайсы кезеңінің басында барлық қақпақшалар (жақтаулы және айшық) жабық?

А) асинхронды жиырылу;

В) изометрлік босаңсу;

С) тез қан айдау кезеңінде;

Д) баяу қан айдау кезеңінде;

Е) изометрлік жиырылу.

27. Адреналиннің жүрек қызметіне әсері:

А) тахикардия тудырып, жиырылуды күшейтеді;

В) қозуды бәсеңдетеді;

С) өткізгіштігін төмендетеді;

Д) брадикардия тудырып, жиырылуды әлсіретеді;

Е) жүрек автоматиясын төмендетеді.

28. ЭКГ-ның Р-тісшесі нені айғақтайды:

А) қозудың АВ-түйін арқылы өтуін;

В) қарынша аралық пердемен өтуін;

С) қарыншалар түбімен қозудың өтуін;

Д) қарыншалардың толық қозуымен;

Е) қозудың жүрекшелермен өтуін.

29. Қан тамырларының қай бөлімі қан ағысына ең үлкен кедергі көрсетеді және қан ағысының ең төменгі жылдамдығы қай жерде кездеседі?

А) артериолада, венада:

В) капиллярларда, венулада;

С) артериолаларда, капиллярларда;

Д) капиллярларда, артериолаларда;

Е) артериолаларда, венулаларда;

30. Сфигмограммадағы дикроттық көтерілу неге байланысты?

А) систола кезіндегі қарыншалардың жиырылуымен;

В) қарыншалардың систола басында атриовентрикулярлық қақапақшалар жақтауларына қанның кері соққысы;

С) айшық қақпақшалар жабылған соң, оның жақтауларына қанның кері соғуы;

Д) систола кезінде жүрекшелердің жиырылуы;

Е) систола кезінде қарыншалардың жиырылуы;

31. Қанның жүрекке қайта оралуын қамтамасыз ететін аса маңызды факторлар қай жауапта көрсетілген?

А) қозғаушы күш болып табылатын қалдық қысым, жүрек жұмысымен байланысты;

В) тыныс алған кездегі теріс қысым тууына байланысты кеуде қуысының тартушы әрекеті;

С) кеуде және құрсақ қуысындағы қысымдар айырмашылығы;

Д) қаңқа және бірыңғай салалы бұлшықеттердің жиырылуы және веналарда қақпақшалардың болуы;

Е) диастола кезінде пайда болатын жүректің өзіне тарту әрекеті;

32.Жүректің ІІ-тонының негізгі компоненті қамтамасыз етіледі:

A)өкпе артериясының қақпақшаларының ашылуымен;

B)жүрекшелердің жиырылуымен;

C)атриовентрикулярлы қақпақшалардың жабылуымен;

D)айшық қақпақшалардың жабылуымен;

E)айшық қақпақшалардың ашылуымен.

33.Электрокардиограмма сипаттайды:

A)қақпақшалардың жабылғанын;

B)жиырылғыштық пен өткізгіштікті;

C)қозу мен өткізгіштікті;

D)жиырылғыштық пен тонусты;

E)тонус пен жүрек дүрсілін.

34. Кезбе жүйкесін кесіп тастағанда жүректің жиырылуы:

A)жиілейді;

B)баяулайды;

C)өзгермейді;

D)жүрек жұмысы тоқтайды;

E)баяулайды,кейін жиілейді.

35. ІІ-ші реттік автоматия орталығы орналасады:

A)синоатриалдық түйінде;

B)атриовентрикулярлық түйінде;

C)Пуркинье талшықтарында;

D)Гисс шоғырында;

E)Бахман шоғырында.

36. Атриовентрикулярлық қақпақшалардың жабылуына байланысты пайда болатын:

A)І-тон;

B)ІІ-тон;

C)ІІІ-тон;

D)ІV-тон;

E)І және ІІ-тондар.

37. Жүрек ырғағының жетекшісі болып саналатын:

A)Гисс шоғыры;

B)атриовентрикулярлы түйін;

C)Пуркинье талшықтары;

D)синоатриалдық түйін;

E)оң жақ жүрекше.

38. Жүрек бұлшық еттерінің қызметтері бағынады:

A)күш заңына;

B)"бәрі немесе ештеңе емес"заңына;

C)жекелеп өткізу заңына;

D)аккомадация заңына;

E)конвергенция заңына.

39. ЗКГ-ның Р-тісі сәйкес болады:

A)қарыншалардағы қозу процесінің аяқталғанына;

B)қарыншалардағы қозудың алғашқы басталғанына;

C)сол жақ жүрекшенің қозуына;

D)екі жүрекшелердің қозуына;

E)қозудың жүрекшеден қарыншаға өткеніне.

40. Кезбе жүйкені тітіркендіргенде жүректің жиырылуы:

A)өзгермейді;

B)жиілейді;

C)баяулайды;

D)тоқталады;

E)фазалық түрінде өзгереді.

41.Фонокардиограмма сипаттайды:

A)жүрек дыбыстарын;

B)кеуде бөлігінің ығысуын;

C)электрлік құбылыстарды;

D)механикалық құбылыстарды;

E)контрасты зат енгізгенде жүрек көлемінің соғысын.

42. Жүрек қақпақшаларының қызметі қамтамасыз етеді:

A)жоғарғы қан қысымды;

B)қан ағуын;

C)қан ағуына кедергі жасау;

D)жүректің соғуын (жиырылуын);

E)жүрек дүрсілін.

43. Жүректің жиырылу жиілігі адреналиннің әсерінен:

A)жиілейді;

B)төмендейді;

C)өзгермейді;

D)фазалыќ түрінде әсер етеді;

E)жүректі тоқтатады.

44. Қашан да тонуста болатын жүректік жүйкелерінің:

A)симпатикалық ядролары;

B)кезеген ядролары;

C)соматикалық ядролары;

D)көк ет ядролары;

E)күре ядролары.

45. Автоматия градиенті деген, бұл:

A)жүректің қозбаушылыққа мүмкіндігі;

B)қозуға мүмкіндігі;

C)қозуды өткізу жылдамдыѓы;

D)синоатриалдық түйінен алыстаған сайын автоматикалық

Дәрежесінің төмендеуі;

Е)мембранды потенциалмен әрекет потенциалдың арасындағы

айырмашылық;

46. Қан қысымы ең төмен:

A)венулаларда;

B)артериолаларда;

C)капиллярларда;

D)веналарда;

E)қуысты веналарда.

47. Ең төменгі қан ағысының сызықтық жылдамдығы:

A)капиллярларда;

B)венулаларда;

C)қолқада;

D)веналарда;

E)артерияларда.

48. Пульстік қысым деген-бұл қысымдар арасындағы айырмашылығы:

A)орташа және диастолалық;

B)орташа және систолалық;

C)систолалық және диастолалық;

D)систолалық және капиллярлық;

E)диастолалық және ұлпалық.

49. Систолалық қысым деген-бұл:

A)веналармен қолқа қысымының айырмасы;

B)жүректен тамырларға қан айдап шығарылған кезде пайда болатын

максимальді қысым;

С)диастола кезіндегі тамырлардағы минимальды ќан ќысымы;

D)қолқа мен капиллярлардың қысым айырмашылыѓы;

Е)айшық қақпақшалар жабылған кездегі пайда болатын қысым.

50. Ең жоғарғы қан қысымы:

A)қуысты веналарда;

B)артериолаларда;

C)қолқада;

D)артерияларда;

E)веналарда.

51. Жүрек жұмысы жиілегенде қан қысымы:

A)өзгермейді;

B)жоғарлайды;

C)кенет тарылады;

D)төмендейді;

E)кезеңді түрде өзгереді.

52. Қышаның (горчичник) әсерінен тері тамырларының жергілікті кеңеюі қамтамасыз етіледі:

A)Бейнбридж рефлексі арқылы;

B)аксон рефлексі арқылы;

C)қолқалық рефлекс арқылы;

D)коронарлық тамырлардың рефлексі арқылы;

E)Парин рефлексі арқылы.

53. Клод-Бернар тєжірибиесі бойынша мойындық симпатикалық жүйкені тітіркендіргенде қоянның құлақ тамырлары:

A)тарылады,тонусы төмендейді;

B)тамыр көлемі және тонусы өзгермейді;

C)тарылады,тонусы жоғарлайды;

D)кеңейеді,тонусы төмендейді;

E)кеңейеді,тонусы жоғарлайды.

54. Тамыр қозғалтқыш орталық келесі бөлімдерден тұрады:

A)пневматикалық және прессорлық;

B)ұлпалы және депрессорлық;

C)прессорлы және депрессорлы;

D)метаболикалық және прессорлық;

E)рефлекторлық және депрессорлық.

55. Кезеген жүйкенің орталығын тітіркендіргенде, қан қысымы:

A)төмендейді;

B)күшейеді;

C)өзгермейді;

D)күшейеді, одан кейін қалпына келеді;

E)күшейеді, одан кейін төмендейді;

56. Капиллярлық қан ағысын сипаттайтын келесі көрсеткіштер, қан қысымы (мм.с.б.), ағу жылдамдығы (мм/сек):

A) 130-120 0.5-1;

B) 100-80 0.2-0.3;

C) 80-60 0.15-0.2;

D) 40-30 10-5 см/сек;

E) 20-15 0.3-0.5.

57.АҚ жоғарылаған кезде депрессорлық жүйеде импульстік белсенділік:

A) өзгермейді;

B) төмендейді;

C) жойылады;

D)күшейеді;

E) төмендейді. одан кейін күшейеді;

58. Қан тамырлар жүйесіндегі қан ағысын қамтамасыз ететін факторлар:

A) қарыншалар мен жүрекшелер арасындағы қысым айырмашылығы;

В) жүрек қарыншалардың жиырылу қуаты;

С) қан тамырларының серпімділігі мен созымдылығы;

D) қан тамырлар жүйесіндегі кедергі күші,жүректің жиырылу қуаты

арасындағы қысымның градиенті;

Е) артериялық және веналық қандағы О2 - нің меншікті қысымның

айырмашылығы.

Билет № 1

1.Гемодинамиканың негізгі көрсеткіштері

2.Тамырлар тонусының жүйкелік реттелуі

Билет № 2

1.Гемодинамиканы зерттеу әдістері

2.Тамырлар тонусының миогенді реттелуі

Билет № 3

1.Тамырлардың жіктелуі

2.Тамырлар тонусының гуморальді реттелуі

Билет № 4

1.Артерия бойымен қанның жылжу ерекшеліктері

2.Тамырларды кеңейтетін және тарылтатын заттарға жалпы сипаттама

Билет № 5

1.Капилляр бойымен қанның жылжу ерекшеліктері

2.Жүйелік артериялық қан қысымының реттелуі

Билет № 6

1.Вена бойымен қанның жылжу ерекшеліктері

2.Физикалық күш-салмаққа жүректің реакциясы

Билет № 7

1.Вена бойымен қанның жылжуын қамтамасыз ететін факторлар

2.Физикалық күш-салмаққа тамырлардың реакциясы

Билет № 8

1.Эмоциялық кернеулік кезіндегі қан тамырлар жүйесіндегі өзгерістерді түсіндіріңіз.

2.Өкпелік қан ағысының ерекшеліктері

Билет № 9

1.Көлденең жағдайдан тік жағдайға өткенде қан тамырлар жүйесіндегі өзгерістерді түсіндіріңіз.

2.Күре тамырындағы қанағысының ерекшеліктері

Билет № 10

1.Бас миындағы қан ағысының ерекшеліктері

Гемодинамиканың негізгі көрсеткіштері

Билет № 11

1.Тамырлар тонусының миогенді реттелуі

2. Терілік қан ағысының ерекшеліктері


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: