Тапсырмалар (кезендер) тізімі

Курс, 3кредит

 

 

 

2017-2018 оқу жылы.

Құрастырғандар:

ОҚМФА-ның Физиологиялық пәндер және дене шынықтыру қафедрасының

меңгерушісінің м.а. м.ғ.ғ. доцент м.а. Бисимбаева С.Б.

ОҚМФА-ның Морфологиялық пәндер кафедрасының м.ғ.к. доцент

Досыбаев Б.К.

ОҚМФА-ның Физиологиялық пәндер және дене шынықтыру қафедрасының

м.ғ.к. доцент м.а. Ж.Ж. Кулбалиева.

ОҚМФА-ның Морфологиялық пәндер кафедрасының ассистенті Шонбаева А.К.

ОҚМФА-ның Физиологиялық пәндер және дене шынықтыру қафедрасының

оқытушысы Әлсеркеева З.И.

5B110200 - «Қоғамдық денсаулық сақтау» 2 курс студенттеріне «Жалпы патология негіздері» пәні бойынша обьективті құрылымдық тәжірибелік емтихан (ОҚТЕ) әдісі бойынша тәжірибелік дағдылар аттестациясын жүргізуге арналған әдістемелік нұсқау қаралды.

 

 

Морфологиялық пәндер кафедрасының мәжілісінде талқыланып бекітілді.

«____»_________ 2017 ж. Хаттама № _______

 

Кафедра меңгерушісі м.ғ.к. профессор м.а. _____________ Танабаев Б.Д.

 

Физиологиялық пәндер және дене шынықтыру қафедрасының мәжілісінде талқыланып бекітілді.

«____»_________ 2017 ж. Хаттама № _______

 

Кафедра меңгерушісінің м.а. м.ғ.к. доцент м.а. _____________ Бисимбаева С.Б.

 

 

Әдістемелік кеңес мәжілісінде бекітілді.

 

«____»_________ 2017 ж. Хаттама № _______

 

 

КІРІСПЕ

Практикалық дағдыларды бағалау үшін тапсырмалардың тізімі патологиялық физиологияны және патологиялық анатомияны игеруге қойылатын негізгі тәжірибелік дағдылар бойынша 3 кезеңнен тұрады. Бірінші және екінші кезеңнен өту үшін 20 минуттен беріледі, үшінші кезеңнен өту үшін - 10 минут. Барлық тапсырмаларды емтихан тапсырушы 15 минутте орындауы қажет.

Емтихан нәтижелерін бағалау барлық 3 кезеңнен студентпен алынған балдар қосындысы бойынша жүргізіледі.

Барлық станцияларды өту шамасы бойынша емтихан тапсырушы нәтижесінде 20 балл алу керек.

 

Кесте 1

ОҚТЕ нәтижелерін бағалау критерийлері

Баллдар саны Баллдар қосындысының шамалау шегі (%) Бағасы
18-20 90-100 өте жақсы
15-17,8 75-89 жақсы
10-14,8 50-74 қанағаттанарлық
9,9 және одан төмен 49 және одан төмен қанағаттанарлықсыз

Ең төменгі балл: 10

Ең жоғарғы балл: 20

ОҚТЕ жүргізу үшін ұйымдастырушылық- дайындау шаралары:

· Емтиханға жіберілген студенттер санын анықтау;

· әрбір этап үшін тәуелсіз емтихан қабылдаушыны анықтау;

· аудиторияны дайындау, тәжірибелік дағдылар аттестациясын жүргізу үшін жауапты оқытушы мен лаборантты анықтау;

· орындарды ұйымдастыру, әрбір тапсырманы орындауды бақылау үшін сағат тұру керек;

· ОҚТЕ бойынша кафедрада ақпараттық стенд ұйымдастыру;

· ОҚТЕ бойынша құжаттарды дайындау (1-3 нұсқама, анкеталар, хаттамалар, емтихан қағаздары, әрбір кезеңге арналған студенттер үшін тапсырмалар, тапсырманың әрбір қадамының баға критерииі мен олардың баллды бағасы бар емтихан қабылдаушы үшін ақпараттық қағаз, емтихан тапсырушының қорытынды аттестациялау қағазы, ОҚТЕ нәтижесін бағалау критериилері).

 

2. КЕЗЕНДЕР РЕТІНІҢ СЫЗБАСЫ

Емтихан тапсырушы емтихан тапсыруға дайындалу үрдісінде ұсынылған 1-ші сызбаға сәйкес кезеңдерден өту тапсырмалары және жоспарымен танысады.

 

Сызба 1- «Жалпы патология негіздері» пәні бойынша ОҚТЕ кезеңдер реті

Оқытудың нәтижелері: 2 курс студенттеріне «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша тәжірибелік дағдыларын толық қамту мақсатында интеграцияланған объективті құрастырылған тәжірибелік емтихан (ОҚТЕ) жүргізіледі.

Тәжірибеде алынған білімдерін жағдайлық есептерді шешу, лабораториялық анализдерді және эксперимент нәтижесін ағзадағы морфологиялық өзгерістерін есепке ала отырып, мысалы ретінде макропрепарат, микропрепарат, суйреттерді қолдану арқылы студент интеграцияның көмегімен логикалық ойланады, анализдейді.

3. СТУДЕНТТЕРГЕ АРНАЛҒАН АҚПАРАТ

·.Емтиханда студент хатшыда тіркеледі, төрағадан тапсырма, қорытынды аттестация қағазын алады және этаптардан өту бойынша жоспарға сәйкес тапсырманы орындауға кіріседі;

·.Тапсырманы орындау кезінде студент істей білу керек:

-критериилерде белгіленген өзінің іс-әрекетінің ретін сақтау;

-тапсырманы орындау жолында өзінің іс-әрекетін нақты және қысқа сөйлей білу керек;

-тапсырманы орындауға берілген уақытты сақтау керек;

· 10 минуттен көп емес уақытты қажет ететін тапсырманы орындау

кезінде емтихан тапсырушы орындау әрекеттерін түсіндіре отырып, келесі қадамдардың орындалуын имитациялайды:

-№1 этаптың тапсырмаларын орындау кезінде жағдайлық есептерді

шешеді және макропрепараттың сипаттамасын береді;

-№ 2 этаптың тапсырмаларын орындау кезінде лабораториялық

анализдерді шешеді және микропрепараттың сипаттамасын береді;

-№3 этапты орындау кезінде эксперимент нәтижелерін

интерпретациялау және жағдайлық есепті шешеді.

 

4. ЕМТИХАН ҚАБЫЛДАУШЫҒА АҚПАРАТ

· «ОҚФМА оқитындардың оқу жетістіктерін қорытынды бақылау бойынша ОҚТЕ/ОСКЭ технологиялар іскерліктері мен тәжірибелік дағдылар аттестациясын жүргізу және ұйымдастыру жөніндегі жағдайларымен» және қазіргі әдістемелік ұсыныстармен танысу.

· Қазіргі әдістемелік ұсыныстар талаптарына сәйкес кезеңдердің безендірілуін тексереді.

· Тапсырманы орындау үрдісі кезінде емтихан тапсырушыда тәжірибелік дағдылар мен іскерліктерді бағалау кезінде емтихан қабылдаушылар үшін ұсыныстармен жетекшілік етіледі.

· Тапсырмаларды орындау және баллдарды қою кезінде емтихан тапсырушының қадамды іс-әрекетінің объективті бағасына жауапты.

· Кезеңдерді орындау кезінде қадамды іс- әрекеттерді бағалайды және емтихан қағазында (нұсқама 1) баллдарды қояды, кезеңнің баллдар қосындысын емтихан тапсырушының қортынды аттестациялық қағазына қояды (нұсқама 2), қағазға қол қойып, студентке береді.

 

 

ТАПСЫРМАЛАР (КЕЗЕНДЕР) ТІЗІМІ

Тапсырмалар (этаптар) тізімі   Ең жоғарғы балл Уақыт, мин
  Жағдайлық есептер: 1 қадам – интерпретация;   2,0   2,5    
2 қадам – қорытынды. 2,0
Макропрепаратты сипаттау: 1 қадам – макропрепараттың сипаттамасы;   2,0   2,5
2 қадам – қорытынды. 2,0
  Лабораториялық анализ: 1 қадам – интерпретация; 1.5   2,5
2 қадам – қорытынды. 1.5
Микропрепаратты сипаттау: 1 қадам – микропрепараттың сипаттамасы; 1.5   2,5
2 қадам – қорытынды және бояуы. 1.5
  Эксперимент нәтижесінің интнрпритациясы: 1 қадам – интерпретация; 1.5   2,5
2 қадам – қорытынды. 1.5
Жағдайлық есепті шешу: 1 қадам – № 1 сұраққа жауап беру; 1.5   2,5
2 қадам – № 2 сұраққа жауап беру. 1.5
  Барлығы:    

6. КЕЗЕНДЕРДіҢ ЖАБДЫҚТАНДЫРЫЛУЫ

Сағат, студенттерге арналған билеттер, макропрепараттың және микропрепараттың сипаттамасы, емтихан қабылдаушыға ақпарат, бағалау парағы.

Макропрепараттардың тізімі

Этап 1

1. Макропрепараттың сипаттамасы «Ұйқы безінің атрофиясы»

2. Макропрепараттың сипаттамасы «Бүріскен бүйрек»

3. Макропрепараттың сипаттамасы «Феохромоцитома»

4. Макропрепараттың сипаттамасы «Миокард инфаркты»

5. Макропрепараттың сипаттамасы «Анемия кезіндегі сүйек кемігі»

6. Макропрепараттың сипаттамасы «Сол қарыншаның гипертрофиясы»

7. Макропрепараттың сипаттамасы «Жоғары қысымды пневмоторакс»

8. Макропрепараттың сипаттамасы «Бауырдың майлы дистрофиясы»

9. Макропрепараттың сипаттамасы «Өкпе обыры»

10.Макропрепараттың сипаттамасы «Үшінші саусақтың ишемиясы»

Микропрепараттардың тізімі

Этап 2

1. Микропрепараттың сипаттамасы «Бауырдың майлы дистрофиясы»

2. Микропрепараттың сипаттамасы «Жедел флегманозды аппендицит»

3. Микропрепараттың сипаттамасы «Бауырдың механикалық сарғаюы»

4. Микропрепараттың сипаттамасы «Бронхопневмония»

5. Микропрепараттың сипаттамасы «Бүйректің ирек өзекшелері эпителиінің некрозы»

6. Микропрепараттың сипаттамасы «Жүректі май басу»

7. Микропрепараттың сипаттамасы «Бауырдың субмассивті некрозы»

8. Микропрепараттың сипаттамасы «Бүйрек амилоидозы»

9. Микропрепараттың сипаттамасы «Өкпенің сұр –қоңыр индурациясы (өкпе гемосидерозы)»

10.Микропрепараттың сипаттамасы «Созылмалы интерстициалды іріңді пиелонефрит (қалқанша безі тәрізді бүйрек)»

 

7. КЕЗЕНДЕРДІҢ ОРЫНДАЛУЫ

Кезең 1

Жағдайлық есепті шешу және макропрепаратты сипаттау.

Емтихан қабылдаушыларға арналған ұсыныс: студенттердің жағдайлық есепке толық түсініктеме беруін және макропрепараттың сипатауын (ағза немесе тіннің аталуы, өлшемдері, сыртқы және кесіндідегі көрінісі, патологиялық ошақтың кесіндідегі суреттемесін, түсі, пішіні, шекаралары) бағалаңыз, оның қорытындыны дұрыс жасай алуын бағалаңыз.

 

№ қадам Әрбір қадам Макс. балл қадам
       
  1.Студенттің жағжайлық есепке толық интерпретация береді. 2,0 -1,8 1,75 -1,5 1,45 -1,0 0,8 -0
2.Студенттің макропрепараттың сипаттамасын дұрыс береді. 2,0 -1,8 1,75 -1,5 1,45 -1,0 0,8 -0
  1.Студент жағдайлық есепке толық түсініктеме береді. 2,0 -1,8 1,75 -1,5 1,45 -1,0 0,8 -0
2.Студент макропрепарат бойын-ша дұрыс қорытынды береді. 2,0 -1,8 1,75 -1,5 1,45 -1,0 0,8 -0

Кезең бойынша максималды балл- 8,0

Тапсырмаға берілген уақыт- 5 мин.

 

Кезең 2

Лабораториялық анализдердің интерпретациясы және микропрепартты сипатау

Емтихан қабылдаушыларға арналған ұсыныс: студент лабораториялық талдауды толық негіздей алуын және микропрепаратты сипаттауын (ағза немесе тіннің аталуы, патологиялық ошақтың сипаттамасын, құрылым өзгерістерін) диагнозды, бояуын дұрыс айтуын бағалаңыз, оның қорытындыны дұрыс жасай алуын бағалаңыз.

 

№ қадам Әрбір қадам Қадам макс. бал
       
  1.Студент лабораториялық анализді толық интерпретация-лайды. 1,5-1,3 1,2 - 0,9 0,8-0,5 0,45-0
2.Студент микропрепараттың сипаттамасын дұрыс берді 1,5-1,3 1,2 - 0,9 0,8-0,5 0,45-0
  1.Студент лабораториялық анализдің қорытындысын дұрыс береді. 1,5-1,3 1,2 - 0,9 0,8-0,5 0,45-0
2. Студент қорытындысын дұрыс берді. Препараттың бояуын дұрыс атады. 1,5-1,3 1,2 - 0,9 0,8-0,5 0,45-0

 

Кезең бойынша максималды балл- 6,0

Тапсырмаға берілген уақыт - 5 мин.

 

Кезең 3

Эксперимент нәтижесінің интерпретациясы және жағдайлық есепті шешу

Емтихан қабылдаушыларға арналған ұсыныс: студенттің эксперимент нәтижелерін толық негіздеуін және жағдайлық есепті шешуін бағалаңыз. оның қорытындыны дұрыс жасай алуын бағалаңыз

 

№ шага Әрбір қадам Қадам макс. бал
       
1. 1.Студент эксперимент нәтижелерінің толық интерпретациясын береді. 1,5-1,3 1,2 - 0,9 0,8-0,5 0,45-0
2.Студент бірінші сұраққа дұрыс жауап берді. 1,5-1,3 1,2 - 0,9 0,8-0,5 0,45-0
2. 1.Студент эксперименттің нәтижесі бойынша дүрыс қорытындысын береді. 1,5-1,3 1,2 - 0,9 0,8-0,5 0,45-0
2. Студент екінші сұраққа дұрыс жауап берді. 1,5-1,3 1,2 - 0,9 0,8-0,5 0,45-0

Кезең бойынша максималды балл - 6,0

Тапсырмаға берілген уақыт - 5 мин.

Кесте 2

Балдық рейтинг жүйесі бойынша әрбір қадамды бағалау

Қадамның максималды балы Цифрлік эквивалентегі балдар Пайыздық құрамы Традициялық жүйе бойынша бағалау Бағалау критериясы
8,0 7,2-8,0 90-100 өте жақсы Қатесіз
6,0-7,0 75-89 Жақсы Екі қатеден көп болмауы
4,0-5,8 50-74 Қанағаттанарлық Үш қатеден көп болмауы
3,9 ден төмен 0-49 Қанағаттанарлық-сыз Төрт қатеден көп болмауы
6,0 5,4-6,0 90-100 өте жақсы Қатесіз
3,6-4,8 75-89 Жақсы Екі қатеден көп болмауы
2,0-3,2 50-74 Қанағаттанарлық Үш қатеден көп болмауы
1,8 ден төмен 0-49 Қанағаттанарлық-сыз Төрт қатеден көп болмауы
6,0 5,4-6,0 90-100 өте жақсы Қатесіз
3,6-4,8 75-89 Жақсы Екі қатеден көп болмауы
2,0-4,8 50-74 Қанағаттанарлық Үш қатеден көп болмауы
1,8 ден төмен 0-49 Қанағаттанарлық-сыз Төрт қатеден көп болмауы
Барлығы: 20,0        

 

8. ТАПСЫРМАЛАРДЫҢ ТІЗІМІ

Тапсырмалардың тізімі барлық этаптар бойынша 10 вариант түрінде көрсетілген (билеттер), жағдайлық есептер, макропрепарттың сипаттамасы және микропрепараттың сипаттамасы берілген.

№ 1 бекетіне арналған тапсырмалар

№ 1

Патологиялық физиология

60 жастағы пациент М. ессіз күйінде қабылдау бөліміне жеткізілді.

Объективті: үстіртін тыныс, ПЖ– 96 соққы/минөт, АҚ–70/50 с.б.б., кейде аяқ-қолының тырысуы байқалады.

Сараптамаларында: гипергликемия 33 ммоль/л, гиперазотемия, гипернатриемия, рН-7,32.

Сұрақ: 1-қадам – берілгентапсырманы негіздеңіз (интерпретациялаңыз).

2-қадам – қорытынды жасаңыз.

Патологиялық анатомия

№1 макропрепарата қандай ағза берілген.

Сұрақ: 1-қадам – ағзаға сипаттама беріңіз (өлшемі, консистенциясы, түсі)

2-қадам – макропрепарат бойынша қорытындысын беріңіз.

 

№ 2

Патологиялық физиология

32 жастағы пациентте анықталды: ЖСЖ-жүректің соғу жиілігі-75 соққы/минөт, артериялық қысым - 175/115 с. б.б.

Қосымша зерттеуде: көз түбі тамырларының айқын тарылуы, микрогематурия, альбуминурия.

Анамнезінде: балалық шақта жедел диффузды гломерулонефритпен ауырған.

Сұрақ: 1-қадам – берілгентапсырманы негіздеңіз (интерпретациялаңыз).

2-қадам – қорытынды жасаңыз.

Патологиялық анатомия

№2 макропрепарата қандай ағза берілген.

Сұрақ: 1-қадам – ағзаға сипаттама беріңіз (көлемі, консистенциясы, түсі)

2-қадам – макропрепарат бойынша қорытындысын беріңіз.

№ 3

Патологиялық физиология

Ю. есімді науқаста жүктемеден кейін кенеттен қорқыныш сезім, бас айналуы, тахикардия пайда болады.

Артериялық қысым- 270/165 с.б.б. Бүйрек үсті безінің УДЗ-і және рентген-тексеруі арқылы бүйрек үсті безінің милы қабатының өспесі - феохромоцитома анықталды.

Сұрақ: 1-қадам – берілгентапсырманы негіздеңіз (интерпретациялаңыз).

2-қадам – қорытынды жасаңыз.

Патологиялық анатомия

№3 суретте қандай ағза көрсетілген

Сұрақ: 1-қадам – ағзаны сипаттаңыз

2-қадам -суреттің қорытындысын беріңіз.

№ 4

Патологиялық физиология

50 жасар А. есімді науқас 20 сағатқа созылған төс артындағы басып ауырсыну сезіміне шағымданды.

ЭКГ да: синустық ритм, тереңдеген Q тісшесі бірінші тіркелімде және ST кесіндінің жоғарлауы.

Сараптамаларында: қанда АСТ белсенділігінің күрт жоғарылауы, лейкоцитттер 12х109/л, тромбоциттер 450х109/л, протромбиндік индекс 120%-ға жоғарылады.

Сұрақ: 1-қадам – берілгентапсырманы негіздеңіз (интерпретациялаңыз).

2-қадам – қорытынды жасаңыз.

Патологиялық анатомия

№4 макропрепарата қандай ағза берілген.

Сұрақ: 1-қадам – ағзаға сипаттама беріңіз (көлемі, өлшемі, түсі, қабырғасының қалыңдығы). Патологиялық үдерісті көрсетіңіз,

2-қадам -макропрепараттың қорытындысын беріңіз.

 

№ 5

Патологиялық физиология

Генетикалық кеңес беру бөлімінде З. есімді әйел өз сіңлісінің орақ тәрізді жасушалы анемияның ауыр түрімен ауыратынын, ал өзі мен күйеуінің денінің сау екенін хабарлады. Тексеру барысында З. есімді әйелдің мүкіс (аномальді) генді тасымалдайтыны анықталды.

Сұрақ: 1-қадам -берілгентапсырманы негіздеңіз (интерпретациялаңыз).

2-қадам - әйел балаларында орақ тәрізді анемиямен ауыру болжамына қорытынды жасаңыз.

Патологиялық анатомия

№5 суретте қандай тін және қандай үрдіс көрсетілген.

Сұрақ: 1-қадам – ағзаға сипаттама беріңіз.

2-қадам – суреттіңқорытындысын беріңіз.

 

№ 6

Патологиялық физиология

З. есімді 40 жасар пациент ентігу, оң жақ қабырға астының ауырсынуына шағымданды.

Объективті: беті домбыққан және бозарған. Жүректің сол және оң жақ шекараларының 2 см-ге кеңеюі, жүректің соғу жиілігі-100 соққы/мин, жүрек үндері бәсеңкі, өкпеде - майда көпіршікті сырыл, тыныс алу жиілігі 26 рет/мин, мойын көк тамырларының домбығуы, қабырғалық доғадан бауырдың 3 см-ге шығуы, аяқтарының ісінуі.

Сұрақ: 1-қадам – берілгентапсырманы негіздеңіз (интерпретациялаңыз).

2-қадам – қорытынды жасаңыз.

__________________________________________________________________

Патологиялық анатомия

№6 макропрепарата қандай ағза берілген.

Сұрақ: 1-қадам- ағзаға сипаттама беріңіз (көлемі, өлшемі, түсі, қабырғасының қалыңдығы)

2-қадам – макропрепараттың қорытындысын беріңіз.

 

№ 7

Патологиялық физиология

10000 м биіктікте ұшақ кабинасының герметизациясы бұзылды. Ұшақты осы биіктікте жүргізу үшін пилот оттегелік маска арқылы демалды. Бірақ оның жағдайы нашар болып қала берді. Осыған байланысты жедел түрде қонуға мәжбүр болды.

Сұрақ: 1-қадам – берілгентапсырманы негіздеңіз (интерпретациялаңыз).

2-қадам – қорытынды жасаңыз.

Патологиялық анатомия

№ 7 суретте қандай үрдіс көрсетілген.

Сұрақ: 1-қадам – ағзаны сипаттаңыз.

2-қадам – суреттіңқорытындысын беріңіз.

 

№ 8

Патологиялық физиология

Клиникаға келіп түскен емізулі жастағы 2 монозиготты егіздерде тексеру барысында анықталды:бауырдың ұлғаюы,аш қарынға сарысуда глюкоза мөлшерінің төмендеуі,гепатоциттерде фосфорилазаның белсенділігі төмендеуі және гликоген мөлшерінің жоғарылауы.

Сұрақ: 1-қадам – берілгентапсырманы негіздеңіз (интерпретациялаңыз).

2-қадам – қорытынды жасаңыз.

Патологиялық анатомия

№ 8 макропрепара қандай ағза берілген.

Сұрақ: 1-қадам -ағзаға сипаттама беріңіз (консистенциясы, өлшемі, түсі беткейінің жағдайы)

2-қадам – макропрепараттың қорытындысын беріңіз.

 

№ 9

Патологиялық физиология

52 жастағы науқаста хирургиялық жолмен өкпедегі обыр өспесін алып тастағаннан кейін және химиотерапиялық емдеуден 1 жыл өткен соң сол бұғана асты лимфа түйіндерінің ұлғаюы анықталды.

Биопсия нәтижесінде алынып тасталынған өкпе обырының құрылысына ұқсас өспелік жасуша анықталған.

Сұрақ: 1-қадам– тапсырманыңберілгеніннегіздеңіз(интерпретациялаңыз).

2-қадам –қорытынды жасаңыз.

Патологиялық анатомия

№ 9 макропрепара қандай ағза берілген.

Сұрақ: 1-қадам – ағзағаның кесіндісіне сипаттама беріңіз (ағзаның беткейі, локализациясы, патологиялық үрдістің сипаты, өлшемі, көрінісі)

2-қадам – макропрепараттың қорытындысын беріңіз.

 

№ 10

Патологиялық физиология

56 жастағы ер кісі тез шаршайтынына, жүрген кезде пайда болатын балтыр бұлшықетінің ауырсынуына, аяқтың жаурағыштығына, ұйып қалуына шағымданады.

Қарағанда: аяқтары бозарған терісі құрғақ, мұздай, тырнақтары сынғыш, табанының сырт жағындағы артерияларының соғуы екі аяқтада сезілмейді.

Сұрақ: 1-қадам – тапсырманың берілгеніннегіздеңіз (интерпретациялаңыз).

2-қадам – қорытынды жасаңыз

Патологиялық анатомия

№10 макропрепаратта қандай ағза берілген.

Сұрақ: 1-қадам – патологиялық үдерісті, үдерістің сипатын айтыңыз (көлемі, консистенциясы,түсі)

2-қадам – макропрепараттың қорытындысын беріңіз.

 

 

№ 2 бекетіне арналған тапсырмалар

№ 1

Патологиялық физиология

Гемограммада: Hb 45 г/л, Эр 2,2х1012/л, түстік көрсеткіші 0,6.

Жағынды да микроциттер анықталады. Сарысулық темірдің деңгейі қалыпты жағдайдан төмен.

Сұрақ: 1-қадам – гемограмманы негіздеңіз (интерпретациялаңыз).

2-қадам – қорытынды жасаңыз.

Патологиялық анатомия

Сұрақ: 1-қадам – № 1 микропрепараттың сипаттамасын беріңіз

2-қадам – диагнозын қойыңыз. Препараттың бояуын айтыңыз.

 

№ 2

Патологиялық физиология

Гемограммада: Hb 135 г/л, Эр 4,5х1012/л, лейкоциттер 17х109/л.

Сұрақ: 1-қадам – гемограмманы негіздеңіз (интерпретациялаңыз).

2-қадам – қорытынды жасаңыз.

Патологиялық анатомия

Сұрақ: 1-қадам – № 2 микропрепараттың сипаттамасын беріңіз

2-қадам – диагнозын қойыңыз. Препараттың бояуын айтыңыз.

 

№ 3

Патологиялық физиология

Жалпы билирубин 41,04 мкмоль/л, тікелей билирубин 23,94 мкмоль/л, зәрде тікелей билирубин анықталды, қанда және несеп құрамында уробилиноген анықталмады, экскрементте стеркобилиноген табылмады.

Сұрақ: 1-қадам – гемограмманы негіздеңіз (интерпретациялаңыз).

2-қадам – қорытынды жасаңыз

Патологиялық анатомия

Сұрақ: 1-қадам – № 3 микропрепараттың сипаттамасын беріңіз

2-қадам – диагнозын қойыңыз. Препараттың бояуын айтыңыз.

 

№ 4

Патологиялық физиология

Гемограммада: Hb 125 г/л, Эр 4,7х1012/л. лейкоциттер 18х109/л.

Сұрақ: 1-қадам – гемограмманы негіздеңіз (интерпретациялаңыз).

2-қадам – қорытынды жасаңыз.

Патологиялық анатомия

Сұрақ: 1-қадам – № 4 микропрепараттың сипаттамасын беріңіз

2-қадам – диагнозын қойыңыз. Препараттың бояуын айтыңыз.

№ 5

Патологиялық физиология

Несептің жалпы сараптамасында: дируез 1000 мл/тәу несептің тығыздығы 1020.

Тұнба микроскопиясында: көру алаңында 40-50 эритроциттер.

Сұрақ: 1-қадам – несеп сараптамасын негіздеңіз (интерпретациялаңыз).

2-қадам – қорытынды жасаңыз.

Патологиялық анатомия

Сұрақ: 1-қадам – № 5 микропрепараттың сипаттамасын беріңіз

2-қадам – диагнозын қойыңыз. Препараттың бояуын айтыңыз.

 

№ 6

Патологиялық физиология

Гемограммада: Hb 86 г/л, Эр 3,3х1012/л, түстік көрсеткіш 0,78.

Сұрақ: 1-қадам – гемограмманы негіздеңіз (интерпретациялаңыз).

2-қадам – қорытынды жасаңыз.

Патологиялық анатомия

Сұрақ: 1-қадам – № 6 микропрепараттың сипаттамасын беріңіз

2-қадам – диагнозын қойыңыз. Препараттың бояуын айтыңыз.

№ 7

Патологиялық физиология

Гемограммада: Hb 41г/л, Эр 0,8х1012/л, түстік көрсеткіш 1,5.

Сұрақ: 1-қадам – гемограмманы негіздеңіз (интерпретациялаңыз).

2-қадам – қорытынды жасаңыз.

Патологиялық анатомия

Сұрақ: 1-қадам – № 7 микропрепараттың сипаттамасын беріңіз

2-қадам – диагнозын қойыңыз. Препараттың бояуын айтыңыз.

№ 8

Патологиялық физиология

Зәрдің жалпы анализінде: диурез 800 мл/тәу, несептің тығыздығы 1029, нәруыз 1 г/л.

Сұрақ: 1-қадам – несептің сараптамасын негіздеңіз (интерпретациялаңыз).

2-қадам – қорытынды жасаңыз.

Патологиялық анатомия

Сұрақ: 1-қадам – № 8 микропрепараттың сипаттамасын беріңіз

2-қадам – диагнозын қойыңыз. Препараттың бояуын айтыңыз.

№ 9

Патологиялық физиология

Жалпы билирубин 44,46 мкмоль/л, тікелей емес билирубин 41,9 мкмоль/л, қан және несеп құрамында уробилиноген анықталды, экскремент құрамында стеркобилиноген анықталды.

Сұрақ: 1-қадам – сараптаманы негіздеңіз (интерпретациялаңыз).

2-қадам – қорытынды жасаңыз.

Патологиялық анатомия

Сұрақ: 1-қадам – № 9 микропрепараттың сипаттамасын беріңіз

2-қадам – диагнозын қойыңыз. Препараттың бояуын айтыңыз.

№ 10

Патологиялық физиология

Несептің жалпы сараптамасында: дируез 1200 мл/тәу, несептің тығыздығы 1015.

Тұнбаның микроскопиясында: көру алаңында 20-30 лейкоциттер.

Сұрақ: 1-қадам – несеп сараптамасыннегіздеңіз.

2-қадам – қорытынды жасаңыз.

Патологиялық анатомия

Сұрақ: 1-қадам – № 10 микропрепараттың сипаттамасын беріңіз

2-қадам – диагнозын қойыңыз. Препараттың бояуын айтыңыз.

№ 3 бекетіне арналған тапсырмалар

№ 1

Патологиялық физиология

Тышқанды кішірек барокамераға кіргіземіз. 2-3 мин арасында барокамерадан ауаны шығарып тастаймыз. 1 мин кейін тышқанда тынышсыздық белгілері көрінеді, ал 3-4 мин кейін ол өледі.

Сұрақ: 1-қадам – экспериментті негіздеңіз (интерпретациялаңыз).

2-қадам – қорытынды жасаңыз.

Патологиялық анатомия

Суға сүңгуші (водолаз) жұмыс кезінде су түбінен тез жоғары көтерілді. Атмосфера қысымының күрт тез өзгеруі нәтижесінде оның жағдайы қиындап, мұрнынан және аузынан қан кете бастады. Тез арада қайтыс болды. Мәйітті жарғанда өкпе бөлігінің жарылуы, ауыз қуысындағы майда қан тамырларының жарылғаны, мұрын және ауыз қуыстарында қан жиналғаны анықталды.

Сұрақ: 1-қадам – Өлім себебін айтыңыз.

2-қадам– Толақандылықтың түрін және себебін атаңыз.

 

№ 2

Патологиялық физиология

Екі қоянға тері астына скипидарды енгізу арқылы қызбаны шақырамыз. № 1 қоянға алдын ала айқын гранулоцитопения шақыратын азот-иприт инъекциясын жасаймыз. № 2 қоян бақылауда.

Сұрақ: 1-қадам – экспериментті негіздеңіз (интерпретациялаңыз).

2-қадам – қорытынды жасаңыз.

Патологиялық анатомия

Мәйітті ашқанда: оң өкпенің төменгі бөлігінің консистенциясы тығыздалған, плеврада фибрин жіптерінің бастырмалары, кесіндіде өкпе тіні ауасыз, сұр түсті, ІХ –Х сегменттерінде іріңге толған домалақ қуыс анықталған.

Сұрақ: 1-қадам – Науқаста қандай ауру дамыған?

2-қадам– Плевраның үйкеліс шуылы неге байланысты?

№ 3

Патологиялық физиология

Екі қоянда қызба туғызамыз: № 1 қоянға тері астына скипидар, ал № 2 қоянның көк тамырына пирогенал енгізу арқылы қызба туғызамыз.

Сұрақ: 1-қадам – экспериментті негіздеңіз (интерпретациялаңыз).

2-қадам – қорытынды жасаңыз.

Патологиялық анатомия

Емханада 40 жастағы С. деген науқас қолының сыртқы жағының ыстықтан күюі бойынша қаралды. Дәрігер қарағанда тері бетінің қатты гиперемиясын, тіндердің ісінуін, эпидермистің кей жерлерінің мүйізгектенуін байқады. Сірнелі сұйықтыққа толған үлкен күлдіреген көпіршік пайда болды. Субъективті қатты күйдіріп ауырсыну

Сұрақ: 1-қадам – Теріде экссудациялық қабынудың қай түрі дамыды?

2-қадам– Осы қабынудың қандай қолайлы нәтижесі болуы мүмкін?

 

№ 4

Патологиялық физиология

Тышқандарға фенилгидразин енгіземіз. 30 мин өткен соң тышқандардың қанында эритроциттер санының азаюы және бос гемоглобиндердің болуы байқалған.

Сұрақ: 1-қадам – экспериментті негіздеңіз (интерпретациялаңыз).

2-қадам – қорытынды жасаңыз.

Патологиялық анатомия

Көп уақыттан бері асқазан ойық жарасымен сырқаттанған және соңғы кезде жиі қайталанатын қан кетуімен жапа шеккен 48 жасында қайтыс болған Б. деген аурудың мәйітінің аутопсиясында табылғаны: бауыр сары- қызыл қошқыл түсті, консистенциясы болбыр, көлемі біршама үлкейген.

Сұрақ: 1-қадам – Бауырда қандай патологиялық үдеріс дамыған?

2-қадам– Бауырда қандай микроскопиялық өзгерістер болады?

 

№5

Патологиялық физиология

Егеуқұйрыққа эфирлі наркоз береміз. Жануарды орнықтырамыз. Электрокардиограммаға түсіреміз. Кеуде және перикардтты ашып, тәж артериясына лигатураны саламыз. Әрбір 5-10 мин кейін электрокардиограммаға түсіреміз.

Сұрақ: 1-қадам – экспериментті негіздеңіз (интерпретациялаңыз).

2-қадам – қорытынды жасаңыз

Патологиялық анатомия

Созылмалы жүрек жеткіліксіздігімен, аяқтарының айқын ісінуімен көрінетін жүрек ақауымен ауыратын науқастың төсегінен тұруға талпынған кезінде бірден беті көгеріп, қайтыс болды.

Сұрақ: 1қадам – Науқаста қандай асқыну дамыды?

2-қадам– Өкпеде нені табуға болады.

 

№ 6

Патологиялық физиология

Барокамераны қалыпты атмосфера қысымында 95% азот және 5% оттегісі бар газ қоспасымен толтырамыз. Онда тышқанды кіргізіп және жаңағы көрсетілген қоспаның аз мөлшерін шығарамыз. 10-15 мин кейін жануарда тырыспа дамиды және тыныс алу тоқтайды.

Сұрақ: 1-қадам – экспериментті негіздеңіз (интерпретациялаңыз).

2-қадам – қорытынды жасаңыз.

Патологиялық анатомия

Жүрек ақауы (қолқа қақпақшасының жетіспеушілігі) бар аурыған науқаста кенеттен тері түсі бозарып, бірден артериялық қысымы түсіп кетті. Науқас қайтыс болды. Жару барысында қолқаның өрлемелі бөлігінің жарылғаны табылды. Қолқаның өрлемелі бөлігінің интимасы көптеген кедір -бұдырлармен және шұқыр болып тартылған.

Сұрақ: 1-қадам – Бұл үдерістің этиологиясы қандай?

2-қадам– Өлімге алып келген гипоксияның дамуы қандай патологиялық үдеріспен байланысты?

 

№ 7

Патологиялық физиология

Барокамераға 2 тышқанды кіргіземіз: № 1 тышқанға уретанды тері астына енгізу арқылы жансыздандырады. № 2 тышқан бақылауда болады. Барокамерадан 2-3 мин ішінде ауаны сорып аламыз. 3-4 мин кейін бақылаудағы тышқан өледі, ал жансызданған тышқан ауасыз атмосферада тағы 15 мин бойы шыдайды. Содан кейін тәжірибені тоқтатады.

Сұрақ: 1-қадам – экспериментті негіздеңіз (интерпретациялаңыз).

2-қадам – қорытынды жасаңыз.

Патологиялық анатомия

23 жастағы Т. деген науқас ауыр жағдайда неврология бөлімшесіне түсті. Қарқынды терапияға және нейрохирургиялық ем әрекеттеріне қарамай қайтыс болды. Мәйітті жарып қарағанда: мидың оң жақ жарты шарының үлкен көлемде жібігені анықталды.

Сұрақ: 1-қадам – Мидағы қанайналым бұзылуының түрін атаңыз.

2-қадам– Жару кезінде мида табылған морфологиялық өзгерістердің макро- және микроскопиялық сипаттамасын беріңіз.

№ 8

Патологиялық физиология

Екі егеуқұйрыққа пирогеналды көк тамырға енгізу арқылы жасанды қызба шақырылады. № 1 егеуқұйрыққа алдын ала ОЖЖ қоздырғышы фенамин ерітіндісін енгіземіз. Ал № 2 егеуқұйрық бақылауындағы топ.

Сұрақ: 1-қадам – экспериментті негіздеңіз (интерпретациялаңыз).

2-қадам – қорытынды жасаңыз.

Патологиялық анатомия

Ауруда кенеттен құсу, дене қызуының көтерілуі, оң жақ мықын аймағында ауырсыну пайда болған. Ауруға операция жасалынған. Операция кезінде қалыңдаған құрт тәрізді өсінді табылған, сірнелі қабығы толақанды, фибринді – іріңді қабыршықпен жабылған.

Сұрақ: 1-қадам – Науқаста аппендициттің қандай түрі анықталған?.

2-қадам– Құрт тәрізді өсіндінің микроскопиялық көрінісі қандай?

 

№ 9

Патологиялық физиология

Барокамераға екі тышқан орналастырылды: № 1 тышқанға физикалық жүктеме түсіреміз, № 2 тышқан бақылау ретінде қолданылады. Барокамерада 2-3 мин ішінде ауа шығарылып тасталынады. 3-4 мин өткен соң бақылаудағы тышқаны өледі, ал жүктеме түсірген тышқан барокамера ішінде тағы 15 минут өмір сүреді. Осыдан соң тәжірибе аяқталады.

Сұрақ: 1-қадам – экспериментті негіздеңіз (интерпретациялаңыз).

2-қадам – қорытынды жасаңыз.

Патологиялық анатомия

Ұзақ уақыт созылмалы бронхитпен ауратын 48 жастағы Ж. деген науқас тыныс алудың жедел жетіспеушілігінен қайтыс болды. Мәйітті жарып қарағанда: өкпе қан тамырлары айқын, толақанды, сілемейлі және сілемейлі асты қабаттары ісінген, бронхтардың базалды мембранасы қалыңдаған, брохтар ішінде ауаның өтуіне кедергі болған эозинофилдер және түлеген эпителий жасушалары араласқан сілемейлі секрет жиналған.

Сұрақ: 1-қадам – Қандай ауру айтылған патологиялық үдерістің дамуымен сипатталады?

2-қадам– Жедел тыныс алу жетіспеушілігінің себебі не болып табылады?

№ 10

Патологиялық физиология

Барокамераға 2 тышқанды кіргіземіз: №1 тышқанға тәжірибеде 10 минут бұрын ОЖЖ-н қоздыратын фенамин енгізеді, № 2 тышқан бақылауда болады. 2-3 минуттан соң барокамерадан ауаны шығарып тастайды. Ауасы шығарылған ортада 2 минут кейін фенамин енгізілген тышқан, ал 3-4 мин кейін бақылаудағы тышқан өледі.

Сұрақ: 1-қадам – экспериментті негіздеңіз (интерпретациялаңыз).

2-қадам – қорытынды жасаңыз.

Патологиялық анатомия

Науқас клиникаға стенокардия ұстамасымен түскен. 3 күннен кейін кенеттен қайтыс болды. Ашып көру кезінде қолқаның, жүрек және ми тамырларының атеросклерозы анықталған. Бас миының оң жақ жарты шарында қыртысасты ядроларыныңсы аймағында тіннің сұрғылт түсті үлкен деструкция ошағы табылған.

Сұрақ: 1-қадам – Мида некроздың қандай түрі дамыды?

2-қадам– Ми инфарктының қандай қолайлы нәтижесі болуы мүмкін?

№ 1 бекетіне арналған жауаптары

№ 1

Патологиялық физиология

Жауабы: 1-қадам – ПЖ жоғарылаған (қалыпты жағдайда 60-80 соққы/мин), АҚ төмендеген (қалыпты жағдайда 110/70 немесе 120/80 мм с.б.б.), қан сарысуында глюкоза деңгейі жоғарылаған (қалыпты жағдайда 3,58-6,05 ммоль/л), сарысуда мочевина деңгейі жоғарылаған (қалыпты жағдайда 2,5-8,32 ммоль/л), сарысуда-натрий деңгейі жоғарылаған (қалыпты жағдайда 135-145 ммоль/л), қанның рН-компенсацияланбаған ацидоз (қалыпты жағдайда 7,35-7,45 ммоль/л).

2-қадам – Науқаста диабеттік кома дамыған.

Патологиялық анатомия

Жауабы: 1-қадам– ұйқы безінің бөлігі, көлемі кішірейген, бездің паренхимасында май тінінің өскені байқалады, бөлікті құрылымы бұзылған.

2-қадам – ұйқы безінің атрфиясы.

 

№ 2

Патологиялық физиология

Жауабы: 1-қадам – АҚ жоғарылаған (қалыпты жағдайда 110/70 немесе 120/80 мм с.б.), несепте эритроциттер және альбуминдер анықталады (қалыпты жағдайда болмауы тиіс).

2-қадам – Науқаста нефрогенді гипертензия дамыған.

Патологиялық анатомия

Жауабы: 1-қадам– бүйректің макропрепараты, ағзаның көлемі айқын кішірейген, беткейі ірі кедір бұдыр, ағза ішіне тартылған тыртықтар есебінен.

2-қадам – бүріске бүйрек

№ 3

Патологиялық физиология

Жауабы: 1-қадам – АҚ жоғарылаған (қалыпты жағдайда 110/70 немесе 120/80 мм с.б.), феохромоцитомада қандағы адреналин деңгейі жоғарылайды (қалыпты жағдайда 0,48 нмоль/л-ден төмен).

2-қадам – Науқаста эндокринді гипертензия дамыған.

Патологиялық анатомия

Жауабы: 1-қадам– ісік беткейінің кесіндісінде қызыл түсті, қан құйылу аймақтарымен. Бүйрек үсті безінің беткейінде аз мөлшерде сақталған қыртысты қабатының сақталғаны анықталады.

2-қадам – феохромоцитома.

№ 4

Патологиялық физиология

Жауабы: 1-қадам – ЭКГ-де патологиялық өзгерістер байқалады, қандағы АСТ деңгейі жоғарылаған (қалыпты жағдайда 11-47 ХБ), лейкоциттердің саны жоғарылаған (қалыпты жағдайда 4,5-9х109/л), тромбоциттер саны жоғарылаған (қалыпты жағдайда 200-400х109/л), протромбиндік индекс жоғарылаған (қалыпты жағдайда 100%).

2-қадам – Науқаста миокард инфаркті дамыған.

Патологиялық анатомия

Жауабы: 1-қадам– жүрек өшемдері ұлғайған, сол қарыншаның алдынғы қабырғасының жазықтық кесіндісінде шекарасы айқын емес ақшыл -сұр түсті аймақтар анықталады.

2-қадам – миокард инфаркты.

 

№ 5

Патологиялық физиология

Жауабы: 1-қадам – Ауру сіңлісінде қалыпты Hb А орнына патологиялық Hb S анықталды, 3 есімді әйелде Hb А-мен қатар шамалы пайызда Hb S кездеседі, жұбайында патологиялық Hb S жоқ.

2-қадам – Әйелдің балалары 100% дені сау, алайда 50% балалары мүкіс генді тасымалдаушы болады.

Патологиялық анатомия

Жауабы: 1-қадам– түтікті сүйектің бөлігі, сүйек кемігі ашық- қызыл түсті, нәрлі жылтыр. Сүйек кемігі сары түстен қызылға метаплазияланған.

2-қадам – анемия кезіндегі сүйек кемігі.

 

№ 6

Патологиялық физиология

Жауабы: 1-қадам – Жүректің шекаралары ұлғайған, ЖСЖ жоғарылаған(қалыпты жағдайда 60-80 соққы/мин), ТЖ жиілеген (қалыпты жағдайда 16-18 рет/мин), бауыры ұлғайған (қалыпты жағдайда қабырға доғасынан төмен түспеуі керек); барлық белгілері кіші және үлкен қан айналым шеңберінде іркілістің болуын дәлелдейді.

2-қадам – Науқаста тоталды жүрек жетіспеушілігі дамыған.

Патологиялық анатомия

Жауабы: 1-қадам– жүрек макропрепараты, консистенциясы тығыз, сол жақ қарынша қабырғасының қалыңдығы 2,3см, емізікше бұлшық еттері қалыңдаған, кесіндіде миокард қоңырқай түсті.

2-қадам – сол жақ қарыншаның гипертрофиясы.

 

№ 7

Патологиялық физиология

Жауабы: 1-қадам – Ұшақ ішінде атмосфералық қысым қалыпты (760 мм с.б.), ұшақ сыртында 10000 м биіктікте қысым анағұрлым төмен; кабинаның тұтастығы бұзылғанда ұшақ ішінде де қысым күрт төмендейді.

2-қадам – Ұшақта дамыған патологиялық жағдай жылдам декомпрессиямен байланысты.

Патологиялық анатомия

Жауабы: 1-қадам– су астында көкірек қуысы ашылды; осы кезде ауа көпіршіктерінің шығуы плевра қуысында ауаның болуын дәлелдейді.

2-қадам – жоғары қысымды пневмоторакс.

№ 8

Патологиялық физиология

Жауабы: 1-қадам – 2 монозиготты егіз болғандықтан тұқым қуалайтын патологияның түрі, бауыры ұлғайған(қалыпты жағдайда қабырға доғасынан шықпауы тиіс), ашқарынға сарысудағы глюкоза деңгейі төмендеген (қалыпты жағдайда 3,58-6,05 ммоль/л), фосфорилаза белсенділігі төмендеген (гликоген ыдырауын катализдеуші фермент).

2-қадам – Егіздерде гликогеноз дамыған - гепатоциттерде гликогеннің патологиялық шектен тыс жиналуы.

Патологиялық анатомия

Жауабы: 1-қадам– бауыр бөлігінің макропрепараты, капсуласы тегіс, жылтыр, консистенциясы болбыр, кесіп көргенде сары түсті.

2-қадам – бауырдың майлы дитрофиясы.

 

№ 9

Патологиялық физиология

Жауабы: 1-қадам – Өкпе өспесін кесіп алғанда өспенің алынбай қалған жасушалары лимфа ағысымен сол жақ бұғана асты лимфа түйіндеріне барып, сол жерде көбейеді, сондықтан құрылысы бойынша кесіп алынған өспе жасушаларымен ұқсас келеді.

2-қадам – Науқаста өспе жасушаларының метастаздануы дамыған.

Патологиялық анатомия

Жауабы: 1-қадам– өкпе бөлігінің макропрепараты, плеврасы бұлынғыр. кесіндіде екі тоқ қызыл түсті ісіктік өсу ошағы анықталады, көлемдік құрылымдардың тіні, ақшыл сұр түсті некроздалған, 5,0х4,0 см және

5,5х5,0 см.түйінді түрінде.

2-қадам – өкпе обыры (түйінді түрі).

 

№ 10

Патологиялық физиология

Жауабы: 1-қадам – Науқастың шағымдары аяқтарындағы қан айналым бұзылыстарын айқындай түседі, қолының бозаруы және аяғының сыртындағы артерияларының соғуының сезілмеуі оларға қан келуінің азаюын көрсетеді. Аяқ терісінің мұздайлығы олардағы зат алмасу үрдісінің төмендеуіне тән. Терісінің құрғақтығы және тырнақтығының сынғыштығы - қоректенуінің бұзылуын дәлелдейді.

2-қадам – ер кісіде аяғының ишемиясы дамыған.

Патологиялық анатомия

Жауабы: 1-қадам– қолдың үшінші саусағы, көлемі айқын ұлғайған, саусақтың терісімен тырнақтың орны тоқ -қошқыл түсті

2-қадам –үшінші саусақтыңишемиясы.

№ 2 бекетіне арналған жауаптары

№ 1

Жауабы: Гемограммада: Hb 45 г/л, Эр 2,2х1012/л, түстік көрсеткіші 0,6.

Жағынды да микроциттер анықталады. Сарысулық темірдің деңгейі қалыпты жағдайдан төмен.

Патологиялық анатомия

Жауабы: 1-қадам– Бауыр микропрепараты. Бауыр бөлікшесінің шетіндегі гепатоциттердің цитоплазмасында майда және ірі май тамшылары анықталады. Майлар жасуша ядросын жасуша цитоплазмасының шетіне ығыстырған.

2-қадам – Бауырдың майда және ірі тамшылы майлы дистрофиясы. Бояуы гематоксилин – эозин.

 

№ 2

Жауабы: 1-қадам – Hb – өзгеріс жоқ (қалыпты жағдайда 120-160 г/л). эритроциттер – өзгеріссіз (қалыпты жағдайда 4-6х1012/л), лейкоциттер – жоғарылаған (қалыпты жағдайда 4,5-9х109/л).

2-қадам – Гемограммада лейкоцитоз анықталады.

Патологиялық анатомия

Жауабы: 1-қадам– Құрт тәрізді өсіндінің микропрепараты. Ішектің барлық қабаты ісінген, полиморфты ядролы, лейкоциттермен инфильтрацияланған. Сілемейлі қабатында некроз, қантамырлары қанға толған.

2-қадам – Флегмоналық аппендицит. Бояуы гематоксилин – эозин.

 

№ 3

Жауабы: 1-қадам – Жалпы билирубин – жоғарылаған (қалыпты жағдайда 3,4-22,2 мкмоль/л), тікелей билирубин – жоғарылаған (қалыпты жағдайда 0-5,1 мкмоль/л), тікелей бил


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: