Орта мерзімді жоспарлау

Тараудың тақырыбы және жалпы мақсаты:
1.Тақырыбы және оқу мақсаты 2.Табыс критерийлері   Барлығы: Көпшілігі: Кейбірі:   3.Оқытудағы кедергілерді жоюға арналған интерактивті тапсырмалар (барлық оқушы бірлесіп жасайтын жұмыс түрлері: топтық, жұптық т.б.) 4.Бағалау: оқыту үшін бағалау (әрбір тапсырмаға арналған бағалау) 5. Барлық оқушылардыңсабаққа толық қамтылуы (Тапсырмаларға бәрі қатысуы үшін мұғалім не жасамақ?) 6. Оқушылардың жоғары деңгейде ойлауын дамытуға және өз бетінше жеке дамуына мүмкіндік беру (түсіну, қолдану, талдау, бағалау, жасау деңгейін анықтау үшін) 7.Ресурстар (осы сабақта қолданылатын құралдар мен әдебиеттер)
1. Физикалық география нені оқытады? Мақсаты; География ғылымының дамуымен жинақталуы жайлы оқып үйрену     Б:география нені оқытатының білу   К:География салаларын ажырату Ке:Географияға үлес қосқан ғалымдардың еңбектерін анықтау Топтық жұмыс 1-топ;География ғылымының дамуын оқып талдау 2-топ;География ғылымының міндеттерінің өзгеруін оқып,сұрақтар дайындау 3-топ;География ғылымы нені зерттейді тақырыбынан өмірде не үшін пайдалануға болатының анықтау   «Екі жұлдыз бір тілек» Мақсат орындалуы үшін оқушыларға қолдау,көмек көрсетемін. Жеке жұмыс:
Физикалық география  
Экономикалық география  
Географияға үлес қосқан ғалымдар  

Кестемен жұмыс

 

1.Георафия ғылымының дамуы туралы ғылыми деректер қалай жинақталғанын біледі.

2.География пәні қандай пән екенін ажырата алады.

3.Георафия ғылымы міндеттерін,өзгеруін,қандай бөліктерден тұратының ажырата алады

  Үлгілерер,географияға үлес қосқан ғалымдардың суреті,ребус,оқулық
2. Саяхатшылар, зерттеушілер Мақсаты; алғашқы саяхатшылар жайлы қысқаша мәліметтерді оқып үйрену   Б;Саяхатшылардың еңбектері жайлы толық біледі К:Саяхатшылардың жүріп отырған жолдарын картадан көрсетеді және ондағы негізгі мәселені айта алады. Кей:Жаңа ұғымдарды,терминдерді біледі,саяхатшылардың негізгі миссияларын түсінеді Топтық жұмыс:   1-топ.Алғашқы географиялық білімнің қалыптасуы,картаның пайда болуы,Саяхатшылар бойынша постер жасап қорғайды. 2-топ.Бүгінгі сабақта кездескен жаңа ұғымдар мен терминдерді анықтайды. 3-топ.Картамен жұптық жұмыс жасайды саяхатшылардың жүріп өткен жолдарын көрсетеді Оқушылар кері байланыс жасайды: Не ұнады------------- Не қиын болды------------ Тілегім----------   Берілген тапсырманы бірігіп жұмыс жасайды. 1.жеке жұмыс: Саяхатшылардың жүріп отырған жолдарын кескін картаға түсіру. 2.дәптерге терминдерді жазу. Суреттер,постер,карта,оқулық
3. Жердің күн жүйесіндегі орны.Жердің пішіні мен мөлшерлері Мақсаты; Жердің пішіні мен мөлшерін оның мәнін анықтау.       Б:Күн жүйесіндегі планеталар туралы толық біледі. К:Жаңа ұғымдар мен терминдерді біледі,планеталардың бір-бірінен айырмашылығын түсінеді. Кей;Жердің пішінін мен мөлшерін анықтай алады,Жердің өз білігінен айналу уақытын біледі. Топтық жұмыс: 1.Жердің күн жүйесіндегі орнын,планеталардың бір-бірінен айырмашылығын айтады. 2-топ.Жердің пішіні мен мөлшерінің жобасын жасау. 3.Бүгінгі кездескен жаңа терминдер мен ұғымдарды анықтайды. Смайликтер арқылы бағалайды.Шапалақ Берілген тапсырманы бірлесе отырыпталдап,бірігіп жұмыс жасайды. 1.жеке жұмыс. Күн жүйесіндегі планеталардың сызбасын құру. АКТ –ны пайдалану,Жердің Күнді айнала қозғалысы туралы суреттер,оқулық,қима қағаздар,күту ағашы
4. Жер беті бейнесінің түрлері Мақсаты; Жер туралы қысқаша мәліметтерді оқып-үйрену   Б;Жердің күн жүйесіндегі орны,пішіні мен мөлшері туралы біледі. К.Жердің пішіні картада және глобуста қалай бейнелейтінің түсінеді. Кей:Карталардың бір-біріне айырмашылығын айта алады. Топтық жұмыс: 1-топ.Картада же беті бейнелену ерекшеліктерін айтады. 2.Картада ойпаттар мен қыраттардың бейнелену ерекшеліктерін картадан көрсетеді 3.Ұлы,орта ғасырдағы глобустың қазіргі заман глобусынан айырмашылығын жасау «Екі жұлдыз бір тілек»   Мақсат орындалуы үшін оқушыға көмек көрсету Жеке жұмыс: Жер беті бейнеленудің негізгі түрлерін біліп кесте толтырады. АКТ-ны пайдалану,суреттер,карта,глобус,оқулық

Мұндағы № тарауда берілген сағат саны (бұл сағат саны егер мұғалім қандай да бір оқыту әдісіне қатысты зерттеу сұрағы төңірегінде іс-әрекеттегі зерттеу жүргізу кезінде сәйкесінше өзгеруі мүмкін)

Мектептегі тәжірибемді жүзеге асыру үшін төрт сабағымды да 6 «Ғ» сыныбында өткіздім. Орта мерзімде жоспарланған әдіс-тәсілдер, бағалау түрлері, оқушылармен жүргізген топтық және жеке жұмыстардағы тапсырмалар «Тиімді оқыту мен оқу» бағдарламасының мақсатына сай өзгеріске ұшырады. Мен бірінші сабақтан бастап жеті модульді бірден енгізу оқушыларға қиын болатынын түсініп, біртіндеп, сабақтың мақсатына жұмсалатындай етіп, өзіме тиімдісін пайдалануды жөн санадым.

Бірінші сабағымды топтық жұмыс және диалог арқылы оқыту модульдеріне арнадым. Ұйымдастыру сәтінен бастап оқушыларды әр түрлі стикерлер арқылы топқа біріктірдім. Сабақ басында балалар осы тақырыптан не үйренгісі келетінін мақсат түрінде жазып, даналық ағашына жабыстырды. Топта жұмыс жасау ережелерін жасағанда барлық сыныптың қатысуын қамтамасыз еттім. Әр топқа берілген тапсырма өзара қарым-қатынасты қажет етті, сондықтан бұл жерде диалог іске асты.

Екінші сабағымда АКТ модулін енгізуді жоспарладым. Бұл жұмыс түрі сабақ мақсатына сәйкес жұмыс жасайды. Себебі тапсырма алдын-ала дайындалуға арналады. Оқушылар презентацияларын үйде дайындап келеді. Өйткені сынып дыбыссыз видионы көруі арқылы саяхатшылардың еңбектерімен таныстырылды.

Үшінші сабағымда «Жердің құрылысы» атты тақырыпты өткен кезде Сыни ойлау және Көшбасшылықты іске асыруды жоспарладым. Берілген шығармашылық тапсырмалар оқушылардың өз бетімен жұмыс жасай алу дағдысына арналды. 1-топ Күн жүйесінде Жердің қалай Күнді айналатынын көрсетті, 2-топ Жердің қалай орналасқанын АКТ-бойынша қорғады,3-топ бір жылда жердің 24 сағатта айналуы туралы айтты, 4-топ Жердің пішінінің жобасын жасады. Нәтижесінде топ ішінде балаларды ұйымдастыра алатын балалар айқындалды. Орындаған тапсырмаларын таныстыру барысында оқушылардың білу мен интерпретация жасау ғана емес, сонымен қатар салыстыру, талдай жасай алу, жинақтау дағдылары байқалды. Демек қолданған жұмыс түрі балалардың сыни көзқарастарын айқындауға мүмкіндік берді.

Төртінші сабағымда Жер беті бейнесінің түрлері тақырыбын өткен кезде, оқушыларға бұрынғы карталар мен глобустардың қазіргі замандағы глобустардан айырмашылығын айтып, тақырыпты меңгеруге көмекші құралдар ретінде постер құрау,мәлімет жинау,қорғау ұсынылды. Осы тапсырма арқылы ОБжК модулі жүзеге асты. Әр сабақта дарынды және талантты оқушылармен жұмыс іске асып жатты.

 

САБАҚ ЖОСПАРЫ-2 сабақ

Мектеп: №58
Мұғалімнің аты-жөні: Махметова Тогжан Кажигалиевна
Күні:  
Пән/Сынып: география
Қатысқаны/қатыспағаны:  
Тарау немесе бөлім атауы: Кіріспе
Сабақтың тақырыбы: Саяхатшылар. Зерттеушілер
Оқу мақсаты: Саяхатшылардың есімдерін біледі.
Сабақ мақсаты: Саяхатшылардың еңбектері жайлы толық біледі Саяхатшылардың жүріп отырған жолдарын картадан көрсетеді және ондағы негізгі мәселені айта алады. Жаңа ұғымдарды,терминдерді біледі,саяхатшылардың негізгі миссияларын түсінеді
Тілдік мақсаты:  
Құндылықтарға баулу:  
Тақырып бойынша алдыңғы білім: Физикалық география нені оқытады?
Саралап оқыту
Барлық оқушылар: Көпшілік оқушылар: Жекелеген оқушылар:
Үй жұмысын топта оқиды; Шығармашылық жұмыс жасайды; Саяхатшылардың еңбектерін біледі; Зерттеушілердің есімдерін атайды. Кестемен жұмыс жасап, өз ойын жинақтай алады. Шығармашылық жұмыс жасайды.
Уақыты Кезеңдері Тапсырма Мақсаты Мұғалім не істейді Оқушылар не істейді Бағалау Ресурс тар  
3 мин   Ұйымдастыру Топқа бөлу Ынтымақтастық отмосферасын қалыптастыру Колумб, Ф. Магелланның,М. Бехайм,Шоқанның суреттерін қима қағаздар арқылы беру Оқушылар қима қағаздарды құрастырып, сол топпен топтасып отырады       Шапалақ Қима қағаздар  
3 мин Үй тапсырмасын сұрау Ойтолғау «Менің туған жерімнің табиғаты» Өткен сабақты өмірмен байланыстыра алу Үй тапсырмасын балмұздақ таяқшасы арқылы сұраймын Балмұздақ таяқшасына оралған есімдері арқылы үй тапсырмасын оқиды Шапалақ    
2 мин   Қызығушылығын ояту Саяхатшылар туралы видео көрсетемін. Болжау қабілеттерін дамыту Дыбыссыз видеоны қосамын. Көрсетілген видео кім туралы екенін болжайды және сол тұлғалар туралы білгендерін айтады.   видео  
10 мин дайындыққа 12 мин Қорғауға   Топтық жұмыс СТО, «Біреуі үйде, қалғаны қонақта»   Шығармашылық, ынтымақтастық, ұйымшылдық т.б қабілеттерін дамыту «Біреуі үйде, қалғаны қонақта» әдісімен жұмыс істеуді тапсырамын Әр топ өздерінің зерттеушілері туралы мәлімет дайындайды. Сол мәліметтерді «Біреуі үйде, қалғаны қонақта» әдісі арқылы қорғайды Смайлик Постер, маркер, смайликтер т.б  
7 мин Қорытынды СТО, Балық қаңқасы әдісі Сабақты жинақтап қорытындылау Балық қаңқасының сызбасын көрсетеді   Сабақты қорытындылап, балық қаңқасын толтырады     Бес саусақтар Интерактивті тақта т.б  
1 мин Үй жұмысы Ойтолғау «Егер мен саяхатшы болсам...» Шығармашылық қабілеттерін дамыту Үй тапсырмасын береді Күнделіктеріне жазады      
2 мин Рефлексия кері байланыс              
Сабақтан кейінгі ойланатын сұрақтар:
                     

 

Мектептегі тәжірибемді жүзеге асыру үшін орта мерзімге жоспарланған төрт сабағымды 6 «Ғ» сыныбына өткіздім. Әр сабағымда жаңаша түрде әрқайсысына 7 модульді мүмкіндігіме қарай кіріктіруді мақсатқа алдым. Енді осы 7 модульдерді әр сабаққа қалай және қаншалықты кіріктіргеніме тоқталсам.

Екінші сабағымда Саяхатшылар мен Зерттеушілер тақырыбын өткіздім. Оқушыларды топқа бөліп, үй тапсырмасын балмұздақ таяқшасы арқылы сұрадым. Оқушылардың қызығушылығын ояту үшін Саяхатшылар туралы видео көрсеттім. Дыбыссыз видеоны қосқан кезде кім туралы екенін болжап, сол тұлғалар туралы не түсінгендерін айтты. Осы тапсырмада АКТ модулін жүзеге асырдым. Мен 4 сабақ бойы сабаққа қажетті ресурстар дайындап, тиімді, сабақтың мақсатына жұмыс жасайтын материалдарды интербелсенді тақтаның көмегімен көрсетіп отырдым. Топтық жұмыс кезінде оқушылар сыни ойлау әрекетін іске асыратынына көзім жетті. «Біреуі үйде, қалғаны қонақта» әдісімен тапсырма бердім. Әр топ өздерінің зерттеушілері туралы мәлімет дайындап, сол мәліметтерді қорғады. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер модулі барлық сабақта көрініс тапты деп ойлаймын. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу модулі бойынша барлық тапсырмалар сәйкестендіріліп таңдап алынды. Олардың ішінде зейіндері әр түрлі тез жауап беретінде, баяу ойлайтын оқушылар бар. Талантты және дарынды оқушыларды көру үшін әр топқа тапсырмалар бердім. Менің 2-ші, 3 –ші сабақтарымда география пәнінен қабілетті оқушылар Сүйіндік Назгүл мен Мухамбетжанова Аяулым өздерін көрсете алды. Оқыту және оқу үшін бағалау модулі бойынша барлық сабақтарымда өз білімін өзі бағалау, критериалды бағалауларды кеңінен қолдануға тырыстым, сабақ соңында жиынтық бағалауды қойып отырдым.

Мектептегі тәжірибе кезеңінде мен мына жетістіктерге жеттім:

1. Сабақты түрлендіріп өткізу әдіс-тәсілдерін тәжірибеме араластыра бастадым.

2. Қолданған әдіс-тәсілдердің тиімділігіне сараптама жасап үйрене бастадым.

3. 7 модульдің тиімділігіне көзім жетті.

4. Оқушылардың география пәніне деген қызығушылығы арта бастады.

5. Қалыптастырушы бағалаудың оқушы мен мұғалімге әсерін түсіндім.

Жетілдіруді қажет ететін тұстар:

1. Сабаққа дайындалу кезеңі ұзарды. (Ресурс іздеу, тапсырма ойластыру).

2. Әр жұмыс түрін уақытпен мөлшерлеп үйрену.

3. Әр атқарылған жұмысқа қалыптастырушы бағалау арқылы қорытынды жасау.

4. Әр сабағыма рефлексия жасап отыру.

 


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: