Психодрама техникалары 3 страница

Екінші мағынадағы шағымдар бала мінезінің шатақ болуына байланысты оны көндіру, тіл алдыру мүмкін еместігі, олар үлкендерге өрескел, дөрекі сөйлеп, бағынбаушылық көрсететін айтады. Бұл шағымның астары ата-аналардың өз ұрпақтарымен ғана емес, өздері де бір-бірімен тіл табыса алмай жүргенімен де байланысты болады. Отбасы өте күрделі жүйе болғандықтан оның бір жерінде кездесетін қиындық барлық қатынастар жүйесіне теріс әсер етеді. Психокоррекция жүргізу туралы шешім қабылдау үшін проблеманың түбірі неде екенін анықтап алу қажет.

Көбінесе баларда кездесетін қарым-қатынас бұзылуы келесі үш себепке байланысты болуы мүмкін. Біріншісі – отбасындағы мінез-құлық стереотиптерін баланың мектепшілік қатынаста қайталауы. Екіншісі – бала өз темпераментінің ерекшеліктерін меңгере алмағанымен байланысты оның икемделуі төмен, барлық тітіргендіргіштер әсерінен жауап реакциясы жоғары болуы. Үшіншісі – баланың оқу мотивациясының «сәтсіздіктен қашу» бағытымен байланысты ішкі, жеке тұлғалық мазасыздануының жоғары болуы, осы себептен туындаған қайшылықтарды шешу жолдарын таба алмауы,

Психокоррекциялық ойындар жеке тұлғалық, интеллектуалдық даму проблемаларымен байланысты жүргізілетін коррекцияның негізгі әдісі болып табылады. Бұл кітапта тек кісіаралық қатынаста көрініс беретін қасиеттермен байланысты коррекциялық жұмыстың түрлері қарастырылған. Таным процестерін коррекциялау жолдары осы оқулықтың келесі бөлімінде беріледі. Жеке тұлғалық қасиеттерді өңдеу және жетілдіру мақсатында ұйымдастырылған психокоррециялық ойындар барысында әр адамның өз тәжірбиесінде қалыптасқан, дағды болып қалған әлеуметтік рөлдерін орындау стереотиптері қайта құрылады.

 

Коррекциялық топтар жұмысын ұйымдастыру реті.

Психокоррекциялық жұмыстың міндеттері коррекция жүргізуді талап еткен адам немесе топ ерекшеліктеріне байланысты анықталады.

Олар келесі мағынада болуы мүмкін:

-баланың дамуындағы психологиялық ауытқуларды әлеуметтік ортада қалыптасқан талаптарға сай келтіру;

-қалыптасқан жағымсыз мінез құбылыстарын бұзып, оның жағымды көріністері басым болатындай етіп қайта құру;

-мінез-құлық стереотиптерін және оның эмоционалдық көрініс беру формаларын өзгерту;

-жалпы даму барысын қайта құру(құрылымын өңдеу)

-ізгі ниетті қарым-қатынас тәжірибесін қалыптастыру.

Психокоррекцияны жүргізудің түрлері көп болғанымен олардың барлығының ортақ қасиеттері өте мол. Ол клиенттерді психодиагнстикадан өткізу, проблемаларына байланысты коррекция тобына жинақтау, балалар жас ерекшеліктеріне байланысты және үлкендердің қажеттілігн ескере отырып психокоррекция жүргізу реті және пайдаланылатын әдіс-тәсілдерін анықтау ұқсас нұсқамен жүргізіледі. Сондықтан психокоррекция өте күрделі жүйе болса да, клиенттің проблемаларына байланысты олардың мақсаты мен міндеттері әрқилы анықталғанына қарамастан барлық коррекциялық топтар жұмысының ретін бірнеше блокқа бөліп көрсетуге болады.

Бірінші блок – психодиагностикалық. Бұл кезеңде шытырман жағдайға алып келген факторлар талданылып, олардың орын алған себептері мен аймағы анықталады. Шиеленісті жағдай орын алған аймақтар отбасы, құрбылар ортасы, жұмыс орны, оқитын мектебі, т.с.с. орталар болуы мүмкін(сол адамның өмір сүру ортасы). Осы мәселелерді толық диагностикалау мен жинақталған материалдарды талдау көптеген психодиагностикалық әдіс-тәсілдер көмегімен жүргізіледі және психологиялық кеңес беру процесімен ұштасады.

Бұл кезеңде клиентті коррекциялық жұмыс жүргізу қажет екендігіне сендіріп, ол жұмыстың ерекшеліктері мен пайдаланылатын әдіс-тәсілдер түсіндіріледі. Коррекция жұмысы – көптеген құбылмалы жағдайларға байланысты жүретін әрекеттер жинағы. Олардың ішінде психокоррекцияның тиімді болуына келесі құбылыстардың әсері үлкен:

психолог пен коррекцияға қатысушылар арасындағы байланыстың қалыптасуы (коррекциялық әрекеттер тиімді болу үшін қатысушылар бір-бірімен тығыз байланыста болып, түйісіп, біртұтастай қызмет атқаруды талап етеді). Бұл байланыс – құбылмалы. Өйткені қатысушылардың психологқа сенімінің біртіндеп өзгеруімен бірге бұл байланыс та өзгеріп тұрады.

Қатысып отырғандардың психологқа және бір-біріне сенімдерінің болуы, біртіндеп осы сенімнің күшеюі және оны бір-біріне анық білдіруі. Бұл құбылысқа байланысты қатысушылардың әрқайсысы өз басынан кешкен проблемалардың орын алуына не себеп болғаны туралы сырын басқаларға ашып айтады немесе түйсініп, тұйықталып қалады;

өз проблемасын шешу жолдарын таба алатындығына сенімінің артуы. Клиенттің позитивтік нәтижеге жете алатындығын түсінуінің белгісі болып табылады.

Екінші блок – бағыт беру деп атауға болады. Бірінші кездесу басқаларына ұқсамайды, құрылымы алдын-ала нақты анықталған және сол алгоритмнен онша алшақтамай, барлық орындау тәртібін сақтап жүргізуді талап етеді. Бірінші кездесу барысында қатынасушылар дөңгелене отырып, бір-бірімен және психологпен танысып, алдағы кездесулердегі шешілетін мәселелер, қатынасушылар тәртібіне қойылатын талаптар, ритуалдық шаралар, топтың ән-ұраны анықталып, талданып, қабылданады. Бұл кезеңде баланың өз атын қабылдауы диагностикаланады. Балаларға басқалармен танысу барысында өз атын немесе басқа өзіне ұнайтын атпен өзін атауына болатыны түсіндіріледі. Тренингтің соңына дейін немесе бала өзінің атын өзгертуді өтініш еткеніне дейін оны топтағылар өзі таңдап алған есіммен атайды. Егер қатысушы өз атынан бас тартса, ол өзін-өзі қабылдамауының белгісі, ал өзі таңдап алған аты оның кімге ұқсағысы келгенін көрсетеді. Бұл тәсілдің коррекциялық мәні – баланы өзіне ұнамайтын «Мен» көрінісінен шығып, өзіне ұнайтын кейіпкер бейнесінде болуына мүмкіндік беру. Бастапқы кезде баладан неге басқа атты таңдағанын сұрауды ешқандай қажеті жоқ. Оның сәті ойын барысында өзінен-өзі келеді.

Танысу барысында психологтар да өздерін таныстырады. Бұл жерде екі вариант болуы мүмкін. Психолог өзінің тек атын атап, барлық топтағылар бір-біріне тек «сен» деп сөйлеу керек екенін айта отырып, өзімен де солай сөйлесу керек пе, жоқ болмаса «апай», «ағай» деген тіркесті пайдалана отырып, «сіз» деп сыпайы сөйлесу талабы қойылатын-қойылмайтыны анықталады.

Танысуды жалғастыру үшін қимылды ойындарды ұйымдастырған орынды болады. Мысалы, «үшіншісі артық», «жасырынбақ» ойындары өте көңілді, қатысушы балалар құмарта ойнау барысында топтағылар бір-бірінен бастапқы жатырқаушылықтан тез айырылып, бір-бірімен араласып кетеді. Сонымен қатар ойын барысында топтың дербестігі мен белсенділігі диагностикаланып, кейбір қатынасушылардың топтағы рөлі анықтала бастайды. Егер ойынның шешуші кезеңдерінде балалар белсенділік білдіріп, жетекшінің кезегі келгенде оның көзін байлап, ол балалардың біреуін ұстап алғанда ұсталған бала ойын ережесіне сай қылық көрсетсе, сыбырлап сілтеу орын алғанда «сілтеушіге» балалардың өздері ескерту жасаса, қабырға жағалап тұрғандарды өздері ойынға тартса, мұндай коррекциялық тобының жұмысында жетекшілік функцияны психолог астыртын, білдірмей жүргізуі қажет.

Бірінші кездесуді аяқтауға жақындағанда барлық қатысушыларды дөңгеленіп тұруға немесе отыруға шақырып, әр кездесуді аяқтайтын рәсім жайында келісіп алудың маңызы үлкен. Оның бірнеше нұсқалары бар. Барлығы бір-бірін иығынан құшақтап шеңбер жасап тұрып, жай ырғақпен шайқалып, өздері таңдап алған әнұранды орындау немесе барлығы етпетінен, екі қолын жайып тастап жатқанда оң жақтағы көршісінің бетін қолына қойып жылауы, т.с.с. жақындастыру тәсілдерінің біреуін немесе тіркестіріп пайдаланылатын екеуін таңдап алу керек. Мұнан соң жүргізілетін кездесулердің барлығы осы рәсіммен аяқталады.

Үшінші блок – қайта құру. Бірінші кездесуде топ мүшелері үлкен белсенділік және дербестік элементтерін байқатып, үлкендер жағынан қатысушылардың барлық әрекеттерін қатаң қадағалауды талап етпесе, келесі 5-6 кездесуде спонтандық ойындар кеңінен пайдалануы қажет Бұл ойындар барысында балалар қатынасында иеархия қалыптасып, әр баланың күшті және осал жағы айқындалады да, балалардың дезадаптациялық қасиеттері анықталады. Бұл психодиагностиканы дәлірек жүргізуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар келесі кезеңдерде топтық қатынас барысында қалыптасқан тәжірибенің оң-теріс жақтарын балалардың өздеріне талдап көрсетуге негіз болады. Спонтандық ойындар барысында психологтар балалардың өзара қатынасын бақылаумен қатар олардың бір-біріне ешқандай денесіне зақым келтірмеуін және жанын жараламауын қамтамасыз етеді.

Спонтандық ойын барысында біртіндеп қалыптасқан иеархиядағы қатынасушылар рөлдері анықталады: әміршіл, әміршілдің уәзірі («қошеметкер»), шеттетілген оппозиционер, көнгіш конфоромист(«жуас қозы»), «күнәһарлар» (козел отпущения).

Бұл кезеңнің аяқталғанының көрсеткіштері: қатысушылар рөлдерінің анықталғандығы, интеракциялар стереотиптерінің көрініс беруі, жетекшілердің қатысуына реакциялары.

Осы кезден бастап топтық коррекция арқылы әр адамның қасиеттерін қайта құрудың келесі кезеңі, бағытталған ойындар кезеңі басталады. Бұл кезеңнің негізгі ерекшелігі – жетекші алдын-ала қандай әрекеттер арқылы қандай қасиеттер білдіруге жаттықтыратынын анықтап сол бағыттағы ойындарды ұсынып отырады. Бұл кезде психологтар барлық топ мүшелерінің белсенділігін қамтамасыз етуге, топтағылардың барлығы барлық ойындарға тең үлесін қосатындай жағдай жасайды. Мысалы, ойындағы жетекші рөлін қатысушылар кезекпен орындайды. Бірінші рет жетекшіні анықтағанда оны санақ көмегімен тағайындаған дұрыс. Бұл кезеңде пайдаланылатын ойындардың ережелері бар, оны сақтауға барлық қатысушылар міндетті. «Жасырынбақ», «Көзқиық», «Жануарлар қатары», «Кім дауысты?», «Портфель», «Шиеленіспек», «Қамалды алу», «Айна», «Топ ертегісі», т.с.с. ойындарды кеңінен пайдалану ұсынылады.

Төртінші блок – апробоциялық. Қатысушының коррекция барысында меңгерген жаңа тәжірибесін өз бетімен көрсетуге, өз күшіне сенуін, өзін-өзі сыйлауын пысықтауға жәрдем беріледі. Кеңесші психолог – клиенттің досы позициясында болып, оған тек өте қажет болған уақытта ғана көмек көрсетеді. Әр адам өзінің алдында тұрған проблемаларын өзі шешуге тиіс, ал оны шеше алмаса – топтағылардың көмегін пайдалана білуі керек.

Ойын коррекциясы бала дамуындағы жеке тұлғалық қасиеті, рухани бағасы мен нормасы құрылуына әсер етеді. Мұндай жұмыстар өмірдегі әр түрлі жағдайларда агрессивтілікке жүгінбей, орын алған дау-дамайдың дұрыс шешімін іздестіруге, қоршаған тіршілікті қабылдап, әр түрлі эмоциялық күй жағдайды саралай білуге үйретеді.

Психокоррекциялық жұмыстарды жүргізу барысында ата-аналарға және педагогтарға қашан да кеңес беріліп, бала бойында туындаған проблемалар бойынша оларды да психокоррекциялық жұмыстарға қатыстыру қажет. Бала тәрбиесіне қатысы бар ересектермен жеткілікті жұмыстар атқарғанда ғана психолог өз еңбегінің нәтижесін көреді.

 

Коррекциялық топтар түрлері.

Дені сау клиенттермен коррекциялық жұмыс жүргізгенде оны тренинг тобы деп атайды. Осы топты ұйымдастыру түрлері оған қатысушылардың негізгі проблемаларына байланысты анықталады. Олар кейде коррекция жүргізу тәсілдері деп аталады. Бұл тәсілдердің негізгі 4 түрі бар. Тренинг түрлері шешуге алынған проблемаға байланысты анықталады.

 

Қарым-қатынас мәдениетін үйрету тобы

 

Мақсаты: қай ортада болсын өзін емін-еркін ұстауға, басқаларға жылы шырайлы болуға үйрету.

Бұл тренинг 3 кезеңнен тұрады.

1.Рәсімдік іс-әрекеттерді меңгерту.

танысу рәсімі

топтық әнұранды орындау (әнұранды таңдап алу). Оны тренинг тобының әр кездесуі басталғанда және аяқталғанда орындау барлық қатысушылардың эмоционалдық тонусын көтеріп, қарым-қатынас жасауға жол ашады және топты нығайтады.

Ритуалдық сәлемдесу мен қоштасу. Сәлемдесу барысында топ мүшелері бір-біріне жылы сөздер айтып, дене терапиясы элементтері пайдаланады (қол алысу, құшақтасу, сипалау, т.с.с.), сонан соң кешегі күні болған оқиғалар, ондағы қарым-қатынас ережелері еске түсіріледі. Бұл тәсіл қатысушылардың барлығын өз ойларын басқаларға жеткізіп айтуға, болған оқиғаларды бағалауға үйрету үшін жүргізіледі.

 

2.Топтық шешім қабылдауға үйрету.

Бүгін жүргізілетін жұмыс жоспары талданып, ойындар іріктелініп, оларды жүргізу реті анықталады, іс-әрекеттің әрқайсысына берілетін уақыт нақтыланады. Ойындардың басым көпшілігі рөлдік-сюжеттік, сондықтан кім қандай роль атқаратынын топтың өзі шешеді. Ойын аяқталғаннан соң әр қатысушының топтық тапсырманы орындауға қосқан үлесі талданып, олардың өз міндетін орындағанын топ және өзі бағалайды.

3.Топтың дербестігін қалыптастыру.

Бұл тәсіл психологтың топтан «шығып», оларды өз бетімен барлық іс-әрекетті ұйымдастыруға мүмкіндік беру үшін қолданылады. Топ жұмысын ұйымдастыру реті, пайдаланылатын тәсілдер тізімі бойынша ешкімнен кеңес сұрауына болмайды (балалар тобында олар өздері барлық мәселені үлкендерден көмек сұрамай шешуі керек, үлкендер тобына да осы талап қойылады). Дербес топ өз өмірлерін ұйымдастыру туралы шешімдердің барлығын өздері қабылдауы керек. Бұл тәсіл топтағылардың ашық-жарқындығын қалыптастырып, белсенділік көрсетуге тәрбиелейді, қабілеттілікті ашуға әсерін тигізеді және жетілдіреді.

Қарым-қатынас мәдениетін тәрбиелеу тобының жұмысы 4-7 кездесуден тұрады.

 

Эгоцентризмді бұзу тобы

 

Мақсаты: өзімшілдік, дарашылдық, дүниенің негізі Мен, басқаның бәрі мен үшін өмір сүруі керек деген жағдайдан шығару, басқалармен санасуға үйрету.

Эгоцентризм адамның мінезін икемсіз етіп, ешкіммен санаспайтындыққа алып келеді. Эгоцентризм жақсы қалыптасқан адамдармен коррекциялық жұмыс жүргізгенде келесі кезеңдермен жүргізілетін тренинг қолданылады.

1-рәсімдік кезең.

2-басқаларды түсіну, аяу, жан ашу сезімін тереңдету кезеңі. Ол үшін бір-бірін тыңдауды керек ететін әрекеттер кеңінен пайдаланылады:

Кешіккенге, келмегенге болған оқиғаны толық айтқызу (ассистент келмей қалады, сондықтан оның орнында болуды өтініш жасау арқылы, біртіндеп өз еркімен мейірімділік көрсетуге баулиды). Келмеген адамға жанашырлық білдірудің түрі ретінде пайдаланады.

өз ойын, сезімін басқаларға айтып түсіндіру;

басқалардың сөзін тыңдату және өз пікірін айтқызу;

басқалардың сезімін сыйлауға үйрету

әр адамның басынан өткен оқиғаларды талдау.

3-эмоционалдық жағдайды баса әсер тигізу кезеңі. Бұл кезеңнің негізгі мақсаты эмоцияның теріс көріністерін шақырып, осы ұстамдылығын жоғары бағалау арқылы басқалармен есептесу тәжірибесін қалыптастыру.

Осы кезеңде клиенттің мінез-құлқының нормативтік көрсеткіштеріне ерекше көңіл аудару керек.

 

Өз проблемаларын түсінуге үйрету тобы

 

Мақсаты: адам өз проблемаларына толық түсініп, оны талдап шығу жолын табуға шамасы келсе ол тұлға өзін-өзі қоршаған ортамен тепе-теңдікке ұстауға болатындығына сенімін күшейту.

Бұл топ келесі кезектегі іс-әрекеттер арқылы жүзеге асырылады.

а) Шағылыстыру тәсілі адамның әлеуметтік ортадағы позициясы қате екенін, барлық құбылыстарға реакциясы ақиқатқа сай еместігін көрсету және оның себебін түсіндіріп қабылдату. Бұл тәсілді қолдану нәтижесінде клиент проблемасын шешудің жаңа жолын іздеп, өз болашағын және осы болашақ өмірдегі басқа адамдармен қарым-қатынасының моделін жасауға кіріседі.

Сонымен, бұл тәсілдің негізгі мақсаты – адам өз қателерін өз санасынан өткізіп, шағылыстырып шығарып жіберу (айнадан шағылысқан сәуле тәрізді).

б) Проблемасын өзінше талқылау (интерпретация).

Бұл тәсілдің мақсаты – қақтығыс туғызған ыңғайсыз, шытырман жағдайдың орын алған себептерін психолог көмегімен талдап, пациентке өзінің де кінәлі екенін түсіндіріп, қайда, қандай қателік жібергенін, оның мән-мағынасын толық түсінуге жәрдем береді.

в) Түсіндіру арқылы өзгелерге деген сенім мен иланушылықты қалыптастыру.

Бұл тәсілді қолдану нәтижесінде адамдардың бір-бірін түсінуі, жанашырлығы қалыптасуы қажет. Осы міндетті атқару үшін топтағы адамдардың бір-біріне деген адамгершілікпен, жанашырлықпен қарауын, барлық адамдарды өз туысқанындай қабылдауын қалыптастыру керек.

г) «Жанама әсер» арқылы көмек көрсету тәсілі пайдаланғанда топтағылар бір-біріне сұрақ беруі арқылы қатысушылар өз мінез-құлқының, мінез көрсетуінің ерекшелігін анықтап, оны түсінуге жол ашылады.

 

Жағымсыз (ұнамсыз) стереотиптерді бұзу тобы

Мақсаты: ұнамды мінез-құлықты қалыптастыру, клиентті басқаларға ыңғайлы болуды үйрету.Бұл топтың ерекшелігі келесі екі көрініспен сипатталады.

А)жағымсыз мінез-құлыққа қарсы әрекет арқылы тосқауыл қою.

Психолог клиенттің жағымсыз мінез көрсетуіне тосқауыл қойып, агрессия (басқыншылдық мінез, басқаларға толық тыйым салу) көріністерін басып тастауы. Бұл тәсіл клиенттің елермелігін, желікпелі қызулығын шақырып, барлық теріс мінезін толық, аффект жағдайында көрсетуге мүмкіндік беруді талап етеді, ал клиентке барлық эмоциясын шығаруға мүмкіндік береді. Бұл жағдайда клиент психикасын жаралаған оқиғаларды анықтап алуға мүмкіндік туады. Тосқауыл қою келесі іс-әрекет арқылы жүргізіледі: қолынан ұстап отырғызып қою, қағып жіберу, мықтап ұстап орнынан тұрғызбай қалу, т.с.с.

Б) Жағымсыз мінезін сөз арқылы қоршауға алып, клиентпен одақтасу.

Клиентке қарым-қатынасының басқаларға өте ыңғайсыз жағдай туғызып отырғанын айқын көрсетіп, оның басқа позицияға тұруы қажет екенін, шыдамды, байсалды болуы қажет екенін көрсету, өзінің мінез-құлқы арқылы қорғауы қажет және мүмкін екенін анық байқату. Сонан соң ақиқатқа сай келетін, басқалар оны қабылдайтын мінез-құлық көрсетуге үйрету.

Барлық топтардың топтық іс-әрекеттері бірнеше кезеңде және фазада жүреді:

І – бағдарлау кезеңі (2-3 кездесу барысында)

ІІ – қайта құру кезеңі (4-7 кездесу барысында)

ІІІ – бекіту (жаңа тәжірибені пысықтау) 2-3рет.

І-кезеңде топтағыларды бір-бірімен таныстыру тренингі өткізіледі, еркін қарым-қатынас (балаларға ойыншықтармен танысып, бір-бірімен ойнауды үлкендер ұйымдастыруы керек). Бұл кезеңде топтағылар рәсімдік мәселелерді шешіп, келесі кезеңге даярлықтан өтеді. Кезеңнің соңында топтың қалыптасуы аяқталады, қажет болса қатысушылардың бір-біріне эмоционалдық қатысына қарай кіші топтар құрылады.

ІІ-кезең. Реконструкциялық немесе қайта құру, топтағылар бір-бірінен қысылмай, өздерін емін-еркін сезіне бастайды. Психологтың тактикасы негізгі мақсатқа толық бағынышты болады. Ол баланың (топқа келген ересек адамның) мінез-құлқы сыиысымсыз екенін анық көрсетеді, қатысушылар өз мінез-құлқын өзгертеуі қажеттілігін неше түрлі әдіс-тәсілдер көмегімен жақсылап көрсетіп түсіндіреді. Бұл жағдайда адамның ішкі кернеуі төмендеп, басқаларды түсінуі, тілектестік, жанашырлық белгісі анық байқалады. Көптеген сюжетті-рөлді ойындар қолданылып, қарама-қатынас мәдениеті пысықталады.

Коррекцияны ұйымдастырудың осы кезеңі ең қиын есептеледі. өйткені коррекцияланушы психикасында күрделі өзгерістер пайда болады. Бұрынғы стереотиптер бұзылып, ішкі келіспеушіліктер сыртқа шығады. Осы кезеңде психологқа деген негативизм, қарсы шығу, агрессия көрініс беруі мүмкін. Балалармен жүргізетін топта ата-анасымен бірге шешілетін мәселелерді осы эмоционалдық шиеленіс күшейген кезде жүргізген тиімді (шешесі мен қызы, әкесі мен ұлы, т.б. драматизация ойындары арқылы).

Отбасындағы қарым-қатынас ерекшеліктеріне толық түсінуге жәрдем беретін мәліметтер жиналады. Бұл кезеңнің соңында бір-біріне қайшылас эмоциялар бәсеңдеп, баланың үлкендерге, психологқа көзқарастары өзгереді. Оларды сыйлау, қол ұшын беретін адамға деген сенім пайда болады.

ІІІ кезеңде коррекцияланушының мінез-құлқындағы оң көрсеткіштерді тұрақты етуге, оларды пысықтауға психолог өте көп көңіл бөледі. Бала өзінің жаңа тәжірибесін өмірге алып шығып, барлық жағдайда сақтауға шамасы келетініне сенуі қажет. Осы жаңа тәжірибені пысықтауға арналған көптеген жаттығулар орындалады.

Коррекциялық топқа қатысушылар ережелері.

Коррекция тобының жұмысын бастар алдында қатысушыларды мінез-құлық ережелерімен таныстыру арқылы оларды алдында тұрған мәселені шешуге бағытталған іс-әрекеттері келесі ережелер бойынша жүргізілетініне даярлау керек.

«Шеңбер» ұстанымы. Іс-әрекет барысында қатысушылардың барлығы бір-бірін көріп отыруы керек. Олар дөңгелене отырғанда барлығы бірдей жағдайда болады. Отырғаннан соң олар топтық жұмыс сертін қабылдайды:


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: