Мемлекеттік медицина университеті

Факультет: Жалпы медицина

 

 

Студенттің өзіндік жұмысы

Жұмыс орнындағы электромагниттік өрісті санитарлық-эпидемиологиялық бағалау. Денсаулыққа әсері және алдын – алу шаралары.

 

 

Орындаған: Бердіғали Б.Н. 501 Б

 

 

Электр магниттік өрістер

 

Электр магниттік өрістердің (ЭМӨ) көздері аса әр алуан, бұл – электр энергиясын тарату және бөлу жүйелері (электр беріліс желілері – ЭБЖ, трансформаторлық және тарату қосалқы станциялары) және электр энергиясын тұтынатын кәсіпорындар (электр қозғалтқыштар, электр плиталар, тоңазытқыштар, теледидарлар, бейне дисплей терминалдар және т.б.). Электр энергиясын тудыратын және тарататын көздерге радио-және теледидардан хабар тарату станциялары, радиолокациялық қондырғылар және радио байланыс жүйелері, өнеркәсіптегі ең алуан түрлі технологиялық қондырғылар, медициналық құралдар мен аппаратура (диаметрия мен индуктометрияға, УЖЖ-терапияға арналған аппараттар, шағын толқынды терапияға арналған құралдар және т.б.) жатады. Электромагниттік өріс электр және магнит өрісінен құралады. Ол толқын түрінде таралады. Электромагниттік сәулелену дегеніміз (электромагниттік толқын) – айнымалы электромагниттік өріс тербелістерінің кеңістікте таралуы (яғни магнит өрісі мен элект өрісінің бір-бірімен әсерлесуі). Магнит өрісі дегеніміз өткізгіштердің электр тогымен өзара әрекеттесуі жүзеге асатын материяның түрі Электр өрісі дегеніміз кез-келген зарядталған денелердің айналасында пайда болатын, материяның ерекше түріЭлектромагниттік сәулелену өзінің көріну жиілігіне қарай инфрақызыл, радиотолқын, көрінетін жарық, ультракүлгін сәулелер, рентгендік және гамма сәулелері.Электромагниттік сәулелену толқын ретінде таралатындықтан поляризация, толқын ұзындығы және жиілік оның негізгі параметрлері болып саналады. Электромагниттік өріс кеңістіктің барлық бағытында 3*108 м/с жылдамдықпен электромагниттік толқын түрінде тарайды.

Электр магниттік өрістерді жіктеу.

Жиілік диапазоны мен электр магниттік толқын ұзындығы электр магниттік өрісті физикалық негізін электр магниттік толқындар құрайтын көзге көрінетін жарыққа (жарық толқындары) инфрақызыл (жылулық) және ультракүлгін сәулеленуге жіктеуге мүмкіндік береді. Қысқа толқынды сәулеленудің осы түрлері адамға ерекше әсерін тигізеді. Электр магниттік спектрдің радиожиілікті диапазоны төрт жиілікті диапазонға жіктеледі: төмен жиіліктер (ТЖ) –30 кГц кем, жоғары жиіліктер (ВЧ) – 30 кГц…30 МГц, ультражоғары жиіліктер (УЖЖ) – 30…300 МГц, тым жоғары жиіліктер (ТЖЖ) – 300 МГц…750

Қызметкерлер құрамының жұмыс орнындағы ЭМӨ рұқсат етілген мөлшері:

Параметр Жиілік диапазоны (МГц)
0,03 - 3,0 3,0 - 30,0 30,0 - 50,0 50,0 - 300,0 300,0 - 300000
Шектелген рұқ. сат етілген мәні ЭЖе, (В/м) 2 с         -
Шектелген рұқ. сат етілген мәні ЭЖн, (А/м) 2 с   - 0,72 - -
Шектелген рұқ. сат етілген мәні ЭЖэат, (мкВт/см) 2 с - - - -  
Ең жоғарғы ШРЕД Е, В/м         -
Ен жоғарғы ШРЕД Н, А/м   - 3,0 - -
Ен жоғарғы ШРЕД ЭАТ, мкВт/см 2 - -   -  
Кестеде көрсетілген диапазондар, төменгісін шығарып тастайды және жиіліктің жоғарғы шегін қосады

Электр магниттік өрістің ағзаға әсер етуі.

Электрмагниттік өрітердің ағзаға әсер етуінің биологиялық және патофизиологиялық нәтижесі жиілік диапазонына, әсер етуші фактор қарқындылығына, сәулелену ұзақтығына, сәулелену сипаты мен сәулелену тәртібіне байланысты. ЭМӨ ағзаға әсер етуі электрмагниттік толқынның энергияны жұтуы ортаның электр магниттік ауытқуларымен, электр және магниттік қасиеттерімен анықталатын радио толқындарының материалдық орталарда таралу заңдылығына байланысты. Ағза тіндерінің электр қасиеттерін сипаттайтын басты көрсеткіш олардың бейөткізгіш және магниттік өткізгіштігі болып табылатыны белгілі. Өз кезегінде, тіндердің электр қасиеттерінің айырмасы (бейөткізгіш және магниттік өткізгіштігі, үлесті қарсыласуы) олардың құрамында еркін және байланысты судың болуына байланысты. Барлық биологиялық тіндер бейөткізгіш өткізгіштігі бойынша екі топқа бөлінеді: құрамында судың болуы жоғары тіндер 80%-дан жоғары (қан, бұлшықеттер, тері, ми тіні, бауыр және көкбауыр тіндері) және құрамындағы судың болуы салыстырмалы немесе төмен тіндер (май, сүйек). Құрамында судың болуы жоғары тіндердегі жұту коэффиценті өріс қауырттылығының мәні бірдей болған жағдайда, құрамында судың болуы төмен тіндерге қарағанда 60 есе жоғары. Сондықтан, электр магниттік толқындардың құрамында смудың болуы төмен тіндерге кіру тереңдігі оның құрамында болуы жоғары тіндерге қарағанда 10 есе үлкен. Жылу және атеримиялық әсер электр магниттік толқындардың биологиялық әсер ету механизмдеірнің негізінде жатыр. ЭМӨ жылулық әсер етуі жеке органдар мен тіндерді таңдаулы қыздырумен, дененің жалпы температурасының көтерілуімен сипатталады. ЭМӨ қарқынды сәулеленуі тіндер мен мүшелерде деструктивті өзгерістерге әкелуі мүмкін, бірақ зақымдалудың жіті түрлері өте сирек кездеседі, және олардың пайда болуы жиі техника қауіпсіздігін бұзу кезіндегі апатты жағдайдлармен байалнысты. Радиотолқынды зақымдалулдардың созылмалы түрлері, олардың белгілеір мен ағымының жіті ерекше көрінулері жоқ. Дегенмен, оларға ең бастысы жүрек- 205 тамыр жүйесі тарапынан астениялық жағдайлар мен вегетативті бұзылыстардың дамуы тән. Әлсіздік, жоғары шаршағыштық, мазасыз ұйқы, науқастарда бас ауыруы, бастың айналуы, психологиялы-эмоциялық құбылмалылық, жүрек аумағындағы ауырсыну, тершеңдіктің жоғарылауы, тәбеттің төмендеуі пайда болады. Акроцианоз, аймақтық гипергидроз, қол мен табанның салқындаушылығы, қол саусақтарының тремор, тамыр соғуы мен брадикардия мен гипотония дағдысы бар артериялық қысым белгілері дамиды; гипофиз жүесіндегі гипофиз- бүйрекбездер қыртысы қалқанбез және жыныстық бездер гормондары сөл шығаруының өзгеруіне әкеледі. Радио жиілікті диапазоны сәулеленуінің электр магниттік әсерінен болатын ерекше зақымданулардың бірі катарактаның дамуы болып табыалды. Жоғары жиілікті электр магниттік толқындары әсер еткен жағдайда катарактадан басқа кератиттер мен мөлдірқабық арқауының зақымдалуы дамуы мүмкін. Жоғары энергиялар кезінде инфрақызыл (жылу) сәулелену, жарық сәулеленуі, сондай-ақ үлкен деңгейдегі ультракүлгін ссәулелену жіті әсер ету кезінде капиллярлар кеңюіне, терінің және көру мүшелерінің күюіне әкелуі мүмкін. Кішкентай деңгейдегі ультракүлгін сәклелену адам үшін пайдалы және қажет, өйткені ағзадағы алмасу үдерістерінің күшеюіне және D дәруменінің биологиялық белсенді түрінің синтезіне әкеледі. Лазермен сәулеленудің адамға әсер етуінің нәтижесі сәулелену қарқындылығына, толқын ұзындығына, сәулелену сипаты мен әсер ету уақытына байланысты. Сонымен бірге адам ағзасының қандай да бір тіндерінің жергілікті және жалпы зақымдануын ажыратады. Бұл ретте нысана мүшенің қызметін оңай зақымдалатын көз атқарады, мөлдірқабық және көз бұшақ анықтығы бұзылады, көз торқабығының бұзылуы ықтимал. Лазермен, әсіресе инфрақызыл диапазоны барымен сәулелену ішкі мүшелерді зақымдай отырып, тіндер арқылы айтарлықтай тереңдікке кіруге қабілетті. Тіпті қарқындылығы шағын болған лазермен сәулелену жүйке, жүрек-тамыр жүйелерінің, ішкі сөл шығару бездерінің бұзылуына, артериялық қыысымға, жоғары шаршағыштыққа, жұмысқа қабілеттіктің төмендеуіне әкелуі мүмкін.

Электр магниттік өрістерді гигиеналық нормалау.

ҚР ДСМ «Мемлекеттік санитарлық қадағалауды жүзеге асыру кезінде спектрдің иондамаушы бөлігінің электр магниттік өрісінің (ЭМӨ) көздерін зертханалық бақылауды жүргізу бойынша әдістемелік ұсынымдар» № 1.02.019/р-94 ӘН - нормативтік құжаттарға сәйкес ЭМӨ көздерімен жұмыс жасауды жүзеге асыратын қызметкерлердің жұмыс орындарындағы радиожиіліктерінің электр магниттік қарқындылығы және 206 бақылауды жүргізуге қойылатын талаптар регламенттеледі, сондай-ақ қауырттылық шамасы бойынша, әсер ету ұзақтығы бойынша электр өрісімен сәулелену регламенттеледі. Электр магниттік өрістердің радиожиіліктерінің жиілікті диапазоны (60 кГц – 300 МГц) өрістің электр және магниттік жасаушыларының қауырттылығымен бағаланады; жиіліктердің 300 МГц – 300 ГГц диапазонында сәулелену энергиясының ағымының үстіртін тығыздығымен және ол жасайтын энергетикалық жүктемемен (ЭЖ) бағаланады. Энергияның әсер ету уақыты (Т) ішінде сәулеленетін бет бірлігі арқылы өтетін және ППЭ·Т шығарумен көрсетілетін энергияның жиынтық ағымы энергетикалық жүктеме болып табылады. Инфрақызыл сәулеленуді нормалау толқын ұзындығын, сәулелену алаңы мен киімнің қорғау қасиеттері ескеріліп, сәйлеленудің рұқсат берілген жиынтық ағымдарының қарқындылығы бойынша жүзеге асырылады; өндірістік үй-жайларда ультракүлгін сәулеленуді нормалау көру мүшелері мен теріні қорғау жағдайында, толқын ұзындыығна байланысты сәйлелену ағымының рұқсат берілген тығыздығы ескеріліп жүргізіледі; лазермен сәулеленуді нормалау энергетикалық экспозиция параметрлері ескеріліп жүзеге асырылады. Лазермен сәулелену әсерінің шекті рұқсат берілген деңгейлерін регламенттеу толқын ұзындығына, жалғыз импульс ұзақтығына, сәулелену импульстерінің қолдану жиілігіне, әсер ету ұзақтығына байланысты анықталады. Көз (мөлдірқабық пен торқабық) және тері үшін лазермен сәулелену экспозицияларының әр түрлі деңгейлері белгіленген. Көптеген есептер өнеркәсіптік жиілік электр қондырғыларында пайда болған электр магниттік өрістің кез келген нүктесінде магниттік өріс қауырттылығы электр өрісінің қауырттылығынан айтарлықтай аз екенін көрсетіп отыр. Магниттік өрістің адамға зиянды әсер етуі дүркін-дүркін магниттік өрістер үшін 80 М/а жоғары өріс қауырттылығы жағдайында ғана белгіленген. Осыған байланысты, өнеркәсіптік жиіліктің көптеген ЭМӨ үшін зиянды әсер көбінесе электр өрісінің әсер етуімен шарттасады. Өнеркәсіптік жиіліктің ЭМӨ үшін (50 Гц) электр өрісі қауырттылығының шекті рұқсат берілген деңгейлері белгіленген. Өнеркәсіптік жиілік қондырғыларына қызмет көрсететін қызметкерлердің болуға рұқсат берілген уақыты формула бойынша анықталады: Т = 50 _ 2 ъ Е

– 2 мұнда Т – электр өрісінің Е қауырттылығы бар аймақта болуға рұқсат берілген сағаттағы уақыты; Е –кВ/м-дегі электр өрісінің қауырттылығы. Адамның электр өрісінде тәулік ішінде болуының рұқсат берілген ұзақтығы (минутында) электр өрісінің қауырттылығы 5 кВ/м болған жағдайда – шектеусіз, 10 кВ/м – 180 минут, 15 кВ/м – 90 минут, 20 кВ/м – 10 минут, 25 кВ/м – 5 минут. Көрсетілген нормативтер адам жұмыс күнінің қалған уақытында электр өрісінің қауырттылығы 5 кВ/м кем немесе тең болған және адам ағзасына электр зарядтарының әсер ету ықтималдығы жоққа шығарылған орындарда болған жағдайда қолданылады.

Профилактикалық іс-шаралар.

Электр магниттік энергия сәулеленетін құрылғылары бар жұмыс орындарында жұмыс істейтін контингенттердің қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету және денсаулығын сақтау сәулеленудің шекті рұқсат берілген деңгейлерін сақтау және қорғаныс құралдары мен тәсілдерінің кешенін қолдану қажеттілігімен түйіндеседі. № 24 суретте ЭМӨ зиянды әсерін төмендету бойынша ұйымдастырушылық, инженерлік-техникалық және емдеу- профилактикалық іс-шаралар ұсынылған. Гигиеналық іс-шара кешені жұмыс орнында, өнеркәсіптік алаңда және басқа учаскелерде гигиеналық нормативтердің сақталуын бақылауды жүзеге асыруды ғана емес, еңбек және демалу тәртіптерін сақтауды, жұмыс істеуші контингенттердің дұрыс мамандандырылған тамақты қолдануын қарастырады. Жаңа өндірістерді салу және қолданыстағы өгндірістерді қайта құру жобаларын сараптау, сондай-ақ ЭМӨ тудыратын алуан түрлі құрылғыларды пайдалану тиімділігін бағалау кезінде гигиеналық нормаларды сақтауда маңызды орын сақтандыру және ағымдағы санитарлық қадағалауға беріледі. Қызметкерлердің жұмыс орындарындағы электр магниттік сәулелену деңгейлерін қолданыстағы нормативтерден аспайтын мәндерге дейін төмендетуге бағытталған қорғаныс шараларының кешенін жасауға қатысты инженерлік- техникалық іс-шаралар мыналарды қамтиды: сәулелену деңгейлері ең төмен жабдықьы құрылымдау және жасау; электр магниттік сәулеленудің жағымсыз әсерін төмендету мақсатында сызбалар мен блоктардың жеке элементтерін электр герметизациясы; қашықтықпен және уақытпен қорғау; жеке қорғаныс құралдарын қолдану (ЖҚҚ).

Электрстатикалық өрістерден қорғау, ең алдымен, электрстатикалық қуаттарды тудыру қарқындылығын азайтуға, оларды электрлендірілген материалдар мен бейтараптанудан бұруға негізделген. Қалыптасқан статикалық электрді бұру көп жағдайда өндірістік жабдықтың электр өткізуші бөліктерін жерге қосу жолымен жүргізіледі. Электр статикалық өрістерден қорғаудың маңызды құралы ауа ылғалдылығын бұл технологиялық үдеріс шарттары бойынша мүмкін болған жағдайларда ғана 65-75%-ға дейін арттыру болып табылады. Лазерлік, инфрақызыл және инфракүлгін сәулеленуден қорғау құралдары айтарлықтай көп планды және ұжымдық пен жеке болып бөлінеді. ҚР еңбек қауіпсіздігі стандарттары жүйесінің сәйкес стандарттарымен ұжымдық қорғаныс құралдарына қажетті талаптар қойылады. Лазерлік, инфрақызыл және ультракүлгін сәулеленуден жеке қорғаныс құралдаырна қорғаныс көзілдірігі, саптамалар, арнайы киім және т.б. болып табылады. Лазер бұйымдары сыныбына байланысты өртенбейтін балқымайтын материалдан жасалған арнайы экрандармен, дабылдама құрылғыларымен және қашықтықтан басқарумен жабдықталады. Лазер бұйымдарын пайдалануға енгізу үшін қажетті құжаттама – лазерлік бұйымға техникалық паспорт және санитарлық паспорт, пайдалану және қауіпсіздік техникасы бойынша бойынша нұсқаулық болуы қажет. Жұмыс істеуші тұрғындарды сақтандыру және мерзімді медициналық тексерулерді жүргізу сапасы мен уақтылығы жұмыс істеушілер денсаулығы мен жұмыс істеушілердің еңбекті көп жасауында маңызды рөл атқарады. Сондай-ақ, ең маңызды емдеу –профилактикалық іс-шаралар қатарына диспансерлеуді, емдеуді және өнеркәсіп жұмысшыларын оңалтуды жүргізу тиімділігінің толықтығы жатады.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: