Силлабус

КЕШЕНІ

«Танымдық және регулятивті белсенділік психологиясы»

(пәннің аты)

Мамандық «5В050300 ПСИХОЛОГИЯ»

(шифры, аты)

Оқу түрі күндізгі

   

Алматы, 2013 ж

«Танымдық және регулятивті белсенділік психологиясы»

ПОӘК-нің құрылымы мен мазмұны:

1.ПОӘК

2.Типтік бағдарламасы

3.Жұмыс бағдарламасы

Силлабус

5. Пән бойынша тапсырмаларды орындау мен тапсыру графигі МӨЖ, МОӨЖ РБ

6.Пән бойынша оқылатын дәрістердің қысқаша сипаттамасы

7.Семинар сабақтарының жоспарлары

8.Пәнді оқу-әдістемелік қамтамасыз ету.

9.Пән бойынша глосарий

10.Емтихан сұрақтары

:

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

Философия және саясаттану факультеті

Жалпы және этникалық психология кафедрасы

Келісілген: Факультет деканы ______ А.Р. Масалимова "29"08 2013 ж. Университеттің ғылыми-әдістемелік кеңесінде бекітілді Хаттама № 1 «29» 08 2013 ж. Оқу жұмысы жөніндегі проректор ___________________ Ахмед-Заки Д. "29"08 2013 ж.

ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

« Танымдық және регулятивті белсенділік психологиясы»

(пәннің аты)

Мамандық «5В050300 ПСИХОЛОГИЯ»

(шифры, аты)

Оқу түрі күндізгі

Алматы қ. 2013 ж.

ПОӘК дайындаған Бердібаева С.Қ. - психология ғылымдарының докторы, профессор

(дайындалған А.Ж.Т., лауазымы, дәрежесі, атағы)

Мамандық «5В050300 ПСИХОЛОГИЯ» мамандығы бойынша Эксперименттік білім беру бағдарламасы және негізгі оқу бағдарламасы негізінде « Танымдық және регулятивті белсенділік психологиясы» пәнінен ПОӘК әзірленді

(қандай құжаттың негізінде)

Кафедра мәжілісінде қаралып ұсынылды.

«28»082013 ж., хаттама № 1

Кафедра меңгерушісі ____________ Э.К. Қалымбетова

(қолы)

Факультеттің әдістеме (бюро) кеңесінде ұсынылды.

«29»082013 ж., хаттама №1

Төрайымы ________________Н.А. Саитова

(қолы)

АЛҒЫ СӨЗ

Курстың қысқаша сипаттамасы. « Танымдық және регулятивті белсенділік психологиясы» курсы психология ғылымының фундаменталды негізін құрайтын танымдық процестердің мазмұны мен психологиялық құрылымына байланысты қазіргі әдіснамалық жағдайларға сүйенеді, соңғы жетістіктері мен тұжырымдамаларын негізге алады, сондай-ақ әлемдік психология жетістіктерін танымдық процестерді талдау негізінде түсіндіреді, психологияның барлық саласында қолдана білуді оқып үйренеді.

Пәнді оқыту мақсаты « Танымдық және регулятивті белсенділік психологиясы» курсын меңгеру негізінде жеке адамды таным субъектісі ретінде ойлаудың диалектикалық логикасын қалыптастыра отырып, танымдық психикалық процестердің табиғатын және психология мамандығына қатысты ғылыми түсініктердің негізін түсініп, ғылыми психологиялық ойлау жүйесін негіздеу. Танымдық процестердің табиғаты туралы ақпараттарды қайта өңдеудің және танудың бірыңғай жүйесі және зейін, түйсіну мен қабылдау, ес,ойлау және сөз психикалық процестердің бірінші деңгейлі жүйесі деп түсіну

Міндеттері:

1.Танымдық психологиялық процестердің және регулятивті белсенділіктің негізгі заңдылықтары мен даму механизмдерін қолданудың теориялық–методологиялық аспектіде танысып, оқып–үйрену, танымдық процестердің негізгі заңдылықтары мен критерийлерін фундаменттік теориялық және қолданбалы психологиялық зерттеулерде қолдануға студенттерде оң мотивация мен жүйелік негіздерді қалыптастыру;

2.Оқытылған психологиялық құбылыстардың, регулятивті белсенділіктің заңдылықтары және танымдық процестердің өзіндік ерекшеліктері туралы концепциялар мен теориялар мен зерттеулер негізінде психологияның әр салалары, танымдық процестер жайлы студенттерде білімдерді жүйелендіру;

3.Психикалық танымдық процестердің даму заңдылықтары мен механизмдерін талдау критерийлерін психологияның барлық саласында қолдануды оқып үйрену, оның технологияларын меңгеру, машықтану, психиикалық процестердің базалық категориялары мен түсініктері жайлы білімдер беру;

4.Әлемдік және отандық психология ғылымдарының негізгі принциптерімен, бағыттарымен және идеяларымен және танымдық процестер туралы теориялық-методологиялық таныстыру

Берілген курс мынадай: “Психологияның теориялық мәселелері”, “Даму психологиясы”, “Мамандану практикумы” және басқа пәндермен қатарлас жүреді.

Студенттің негізгі құзіреттілігінің түрлері:

Бакалавриатты оқу барысында танымдық психикалық процестер түйсәну, қабылдау, зейін, ес, ойлау және сөз жайлы әлемдік және отандық психологиядағы жаңа қазіргі психологиялық концепциялардың әдістемесінің қазіргі мәселелері бойынша негізгі білімдерді меңгеруі қажет.

Студент мыналарды білуі қажет:

-Психологиялық кәсіби білім алу процесінде танымдық психикалық процестер негізгі идеяларын қолданудың тиімділігі мәселесі;

- Танымдық психикалық процестердің ерекшеліктері мен тиімділігін талдау;

- Танымдық психикалық процестер негізгі заңдылықтары туралы жағдайлар.

Студент мыналарды меңгеруі қажет:

Курсқа cәйкес ғылыми әдебиеттер мен білімінің қайнар көздерін оқу үшін қажетті ізденіс;

-Танымдық психикалық процестер туралы талдау және шынайы тәжірибеде тексеру іс-әрекеті;

-Танымдық психикалық процестер курсының негізгі жағдайларын кәсіби зерттеулерде, кәсіби іс-әрекеттің практикалық-қолданбалы салаларында оның тиімділігін арттыру мәселесі бойынша материалдарды өзбетінше логикалық түрде таңдау.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ТИПТІК ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ

OP1204ЖАЛПЫ ПСИХОЛОГИЯ

Мамандық «5В050300 – Психология»

Көлемі 3 кредит


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: