Т-лимфоциттер

Т-лимфоциттер күрделі қүрамнан тұратын жасуша тобы. Олар жілік майындағы полипотентті жүйелік жасушалардан басталып ары қарай алғашқы (пре-Т-лимфоциттер) элементтеріне дейін жетіліп түрге талданылады. Т-лимфоциттердің үлесі барлық лимфоциттетрдің 75 пайызы болады. Электрондық микроскоппен зерттегенде олар СД3 және қой эритроциттерінің маркерлері бар жазық сыртты болып көрінеді. Т-лимфоциттер өзінің антигендік рецепторларымен (ТCR) және де атқаратын іс бағытымен жеке топтарға бөлінуі мүмкін.

TCR-ға сәйкес олардың екі түрі бар: альфа-бетта және гамма-сигма. Бірінші түрі қос полипептидті тізбектен тұрып Т-хелпер мен Т-киллер деп аталатын лимфоциттерге тән. Екіншісі ерекше гамма-сигма Т- лимфоциттердің сырт қабығынан табылады.

Мамандығына сәйкес Т-лимфоциттер екі түптопқа бөлінеді: иммундық реттеушілер (иммундырегуляторлар) және әсеретушілер (эффекторлар). Біріншілеріне жататындар Т-хелперлер. Сонымен қатар Т-супрессорлар (тежеушілер) бар болатындығы болжанылған еді, бірақ осы күнге дейн олардың морфологиялық қасиеттері негізделініп, бар не жоғы дәлелденбеген, бірақ та, тежеушілік көрністің бар екені айқын.. Көрністудырушылық (эффекторлық) жұмысты цитотоксикалық лимфоциттер -Т-киллер мен табиғи киллерлер атқарады.

Ағзада Т-лимфоциттер иммундық жауаптың жасушалық түрін қамтамасыз етіп (баяу гиперсезімталдық, трансплантациялық иммунитет, ісікке қарсы иммунитет т.б.), иммунды жауаптың қарқынын және ұзақтылығын анықтайды. Олардың жетілуін, түрге бөлінуін және белсенділігін цитотоксиндер басқарады.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: