Мутанттарды алу 11 страница

Қоректік ортаны ашытқы аппаратында дайындалады, меласса және рафинад аппаратқа өзі құбыр арқылы келеді, ал қант шикізатты алдын ала араластырып ашытқы аппаратына құяды. Бор «сүті» бөлек жеке ыдыста дайындалады.

48 сурет - Сүт қышқылы өндірісінің технологиялық сызба нұсқасы

Аппараттың жұмысшы көлемінің сумен 2/3 бөлігін толтырылады. Меласса мен рафинадты ерітіндіде қанттың құрамы 3-4 % болғанша араластырады. Ерітіндіні 70°С температураға қыздырады және 1 сағат осы температурада пастеризациялайды.Сосын ерітіндіні 48-50°С температураға салқындатады, оған 15 % солод өскінін қосады және аппараттың көлеміне 20 % егіс материалын қосады. Культивирлеу процесі 6 сағат өткеннен кейін, қоректік ортаны периодты ауамен қамтамасыз ету үшін барботер орнатады. Сүт қышқылының қышқылдылығы 0,5 – 0,6% жеткенде, әр 1,5-2 сағат сайын есеп бойынша азырақ мөлшерде бор сүтін қосады. Нәтижесінде сүт қышқылының нейтрализациясынан кальций лактаты пайда болады. Қалыпты ашу кезінде 1 тәулікте 2% қант ашиды. Ашыту аппаратындағы ортада 3-4% қант қызылшасы болу керек. Қанттың мұндай мөлшерін қосқан себебі ашудың соңында кальций лактаты құрамы культуральды сұйықтықта 15% көп болмауы керек, ал ашымаған қант құрамы 0,2-0,5 % болу керек. Ашу процесі 6-8 тәулік болуы керек. Ашу процесі аяқталған соң ашыту аппаратында культуральды сұйықтықты 70-80°С температурада қыздырады және бор сүтімен әлсіз сілітілі реакция болғанша нейтрализациялайды.

Нейтрализация процесі жасағаннан қалған қант ыдырайды және ақуыз коагуляцияланады, темір тұнады қалған қант ыдырайды. Культуральды сұйықтықты тұндырады, бумен қыздырылған фильтр-преске жібереді. Фильтрлеуді кальций лактаты ерітіндісінің 70-80°С температурасында жүргізіледі. Алынған фильтрат концентрациясы 27-30% болғанша булайды, сосын 25-30°С температураға дейін салқындатады және кристализаторда 36-48 сағат ұстайды. Аналық ерітіндіде қалдық кальций лактаты ерітіндісінің концентрациясы 6 % көп емес болған кезде кристализация аяқталады.

Кальций лактаты кристалын центрифугада бөледі, суық сумен жуады және балқытады. Бос сүт қышқылын 60-70°С температурада бөлумен күкірт қышқылымен кальций лактаты ыдырайды. Реакция келесі теңдеумен жүреді:

Ca (C3H5O3)2 + H2SO4 → 2C3H6O3 + CaSO4

Сүт қышқылы ерітіндісін ГЦФК (гексацианоферратпен) өңдейді темір қосылысын тұндыру үшін барий сульфидімен және натрий сульфидімен ауыр металл қосылысын тұндыру үшін активтелген көмірмен бояғыш затты жою үшін өңдейді. Қоспаны өңдегеннен кейін фильтрлейді, гипс тұнбасын қалған сүт қышқылын бөліп алу үшін жуады. Нәтижесінде алынған сүт қышқылы ерітіндісінің концентрациясы 18-20 % болуы керек. Концентрациясын жоғарылату үшін 40 % дейін вакуум аппаратта булайды, сосын тағы да активтелген көмірмен түссіздендіреді және ГЦФК өңдейді. Түссізденгеннен кейін фильтр - престе активтелген көмірді бөледі. Сүт қышқылының дайын өнімін жинағышқа құяды.

Сүт қышқылын және 70 % концентрациясын екінші рет вакуум - аппаратта булаумен алады, келесідей фильтр- престе фильтрлеумен алынады. 70 % сүт қышқылы сұйық немесе паста түрінде шығарады, ол концентрленген қышқылға азырақ мөлшерде борды қосумен алады.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: