1. Жүйкелік тетік
Қауіп-қатер жайты → АҚ-ды реттейтін орталықтың бұзылысы → қыртыстық үрдістердің динамикасының бұзылыстары (қозу және тежелу) →мыйда тежелудің жеткіліксіздігі → тамыр қимылдатқыш орталық нейрондарында дерттік күшейген қозу ошағы (ДКҚО) түзілуі және дерттік жүйе түзілуі → д ербес жүйке жүйесінің симпатикалық бөлімінің тұрақты әсерленуі →жүректің жиырылу күші мен жиілігінің жоғарылауы, резистивті тамырлардың тарылуы → ҚМК және ШТЖК↑
2. Гормоналды тетік
Гипоталамус - гипофиз – бүйрек үсті бездері жүйесінің белсенділігінің жоғарылауы→ глюкокортикоидтардың ж.б стресс гормондарының өндірілуі артуы.
3. Бүйректік тетік.
ü Ренин-ангиотензин-әлдостерон (РАӘЖ) жүйесінің және өзекшелік эпителийлерінің тұқымқуалайтын ақаулары
ü Бүйрек ишемиясы нәтижесінде РАӘЖ-нің әсерленуі
|
|
Тақырып № 3. Қанайналым жеткіліксіздігі, түрлері, жалпы сипаттамасы.
Жүрек жеткіліксіздігі – жүректің насос ретінде ағзалар мен тіндерді зат алмасуына қажетті сәйкес қанмен қамтамасыз ете алмайтын жағдайын айтады.
Жүрек жеткіліксіздігі дамиды:
· Шамадан тыс артық қызмет атқаруынан, жүректің зорығуынан;
· Миокардтың біріншілік бүліністерінен;
· Перикардтың біріншілік бүліністерінен
· Жүрек ырғағының ауыр бұзылыстарынан;
· Жүрек бүліністерінің біріккен бұзылыстарынан.
Жүрек бөліктері бүліністерінің басымдығына қарай жүрек жеткіліксіздігінің түрлері:
1. Сол қарыншалық
2. Оң қарыншалық
3. Толық
Ағымына қарай: қауырт және созылмалы
Жүрек оралымының кезеңдерінің жеткіліксіздігіне қарай
1. Систолалық (жүректің насостық қызметінің бұзылуы →жүрек шығарымының төмендеуі)
2. Диастолалық (гипертрофияға немесе фиброзға байланысты сол қарынша қабырғасының босаңсуы мен қанға толуының бұзылуы → диастолалық соңы қысымның жоғарылауы)
Жүрек жеткіліксіздігінің зорығулық түрі
(Миокардтың артық ауыр жүктемесінен кейін дамиды және созылмалы іркілулік жүрек жеткіліксіздігіне әкеледі).
Зорығудың түрлері:
1. Қан көлемімен зорығу («жүрек алдылық жүктеме»)
· Гиперволемия
· жүрек қақпақшаларының жеткіліксіздігі→диастола кезінде жүрек қуыстарының қанға толуының ↑
|
|
· жүректің ұзақ мерзімдік бейімделулік гиперфункциясы
2. Кедергіден немесе қысымнан зорығу («жүрек соңы жүктемесі»)
· жүрек қақпақшалары тесіктерінің тарылуы
· қолқа саңылауы тарылуы
· үлкен және кіші қан айналым шеңберінің артериялық гипертензиясы → систола кезінде жүректен қан шығарылуына кедергінің ↑
Жүрекке артық күш түскенде икемделістік-бейімділістік жолдары
Қысқа мерзімдік:
1. Жүректің жиырылу күшінің артуы
· Гетерометрлік тетік – Франк–Старлинг заңы (босаңсу кезінде ет талшықтарының ұзындығының ↑ жүректің жиырылу күшін арттырады → тоногендік дилятация)
· Гомеометрлік тетік (миокардтың керілу күші жүрек ет талшықтарының ұзындығы ұзармай артуы)
2. Жүректің соғу жиілігінің артуы (тахикардия)
Ұзақ мерзімдік
Миокардтың гипертрофиясы