Геокодтау

Буферизация

Буфер немесе буферлік зона деп сызықты объекттен, облыстан, символдан немесетерезедегі басқа объекттен берілген қашықтықтан əрі емес орналасқан барлық объектілерді қамтитын облысты атайды. Буферизация процесі кез-келген құбылыстың геоақпараттық үлгілеу процедурасы көмегімен сандық үлгісін құрастыру болып табылады. Буферизациялау кезінде бір типті объектілер негізінде басқа типтегі объектілер түзіледі. Осылайша, сызықты немесе нүктелі объекттер аудандық объектілер құру үшін негіз болып табылады. Буфер түрі оның радиусымен жəне объект пішінімен (объект айналасында буфер түзіледі) жəне буфер құрастыру тəсілімен анықталады. Буфер радиусы кесте бағаналары түрінде немесе өрнек түрінде беріледі.

Буферлік зонаны құрастыру үшін кестелік деректер мəндерін қолдану жаңа графикалық объектілерді графикалық еместер (кестелік деректер) негізінде құрастыруды қолданатын геоақпараттық үлгілеу жағдайына жатады. Буферлік зона радиусы ГАЖ деректер базасының кесте бағаналарынан мəндер ретінде берілуі мүмкін. Мысалы, қалалар маңында олардың халық санын көрсету үшін буферлік зона құру үшін радиус мəнін «Халық» бағанасынан алуға болады. Мұндай тəсіл тематикалық картографияның қосымша мүмкіндігі ретінде қолданылады. Одан басқа, біртұтас буферді барлық таңдалған объектілер маңында немесе əрбір объект маңынан жеке буферлік зоналар құруға болады.

Геокодтау

Позициялау процесі деп кестелік деректерді жер беті нүктелеріне немесе картаныңкоординаттар жүйесіне кеңістіктік байланыстыруды атайды. Позициялау геоақпаратта деректердің міндетті қаситеттері болып саналады. Атрибутті деректерді геоақпарат технологияларына байланысссыз жинауға болады. Мысалы, республиканың субъектілері туралы статикалық деректер Госкомстатта жиналады. Бұл мəліметтерді картадағы осы субъектілердің сəйкес бейнелеріне байланыстыру керек. Геокодтау процедурасы осы мақсатқа байланысты қолданылады. Осы кезде осы су№ъектілердің картографиялық көріністерімен байланысты бір кесте міндетті түрде болуы керек (мысалы республика субъектілерінің кадастрлық нөмірлерімен). Геокодтау процедурасы бір атрибутты деректері бар бағаналары бірдей кестелерді байланыстыруға мүмкіндік береді. Мұндай байланыс кеңістіктік объектілер қасиеттерінің графикалық көріністері бар жаңадан жиналған деректерді біріктіруге мүмкіндік береді. Геокодтау нəтижесінде жаңа деректері бар кестелер позициланған болып табылады, яғни оның деректері кеңістіктік байланысқа ие болады. Кестелер деректерін бірнеше жолмен салыстыруға болатындықтан, геокодтаудың да бірнеше тəсілдері бар. Толық адрес бойынша геокодтау кезінде кодталатын кестедегі мекен-жайлар арнайы форматтағы кестедегі көшелер мен адрестер туралы ақпараты бар кестемен салыстырылады. Облыстар (аудандық объектілер) бойынша кестелерді геокодтау кодталатын кесте жазбасынан облыс атауын іздеу кестесіндегі облыс атауларымен салысытуға негізделген. Жоғарыда сипатталғандардан басқа дөрекі геокодтау да бар. Ол объектінің орналасқан жерін, ал егер аудан (мысалы, мекен-жай) көрсетілсе оның орналасуын нақты анықтауға мүмкіндік береді. Ол үшін кесте ретінде айдан центроидтері бар файлды іздеу жеткілікті. Центроид – бұл объектінің болжамды нүктесі (сипатталған тікбұрыш облысы маңындағы орта координаттары). Осы себеппен ГАЖ қолмен геокодтау режимі қарастырылған. Геокодтау процесі берілген атрибуттар бойынша картаның графикалық бейнесіндегі объекттің орналасқан орнын іздеуді ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Табылған объект ГАЖ параметрлер жүйесіндегі алдын-ала анықталған символмен белгіленеді.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: