Астана – 2013

Курс 3 Семестр 6

Емтихан 6 семестр

АСТАНА – 2013

Алғы сөз

Коррекциялық психология курсының мақсаты және міндеттері.

Студенттерді қазіргі заманғы психологиялық көмек көрсету, оның ішіндегі коррекциялық көмек көрсету салалары бойынша түзету арқылы әсер ету жолдарын, тұлғаның жан-жақты дамуының коррекциялық және профилактика негіздерімен таныстыру.

Коррекциялық психология пәні бала психикасының даму заңдылықтары мен ерекшеліктерін ескере отырып, сондай ақ бала психикасының дамуындағы кейбір ауытқуларға түзету жүргізу үшін олармен коррекциялық жұмыстардың механизмі мен психокоррекциялық технологияларды меңгеру

Коррекциялық психология пәнін оқу барысында студенттердің қосымша міндеттері:

1. бала психикасының даму заңдылықтары мен психиканың даму көрсеткіштері туралы білім алу.

2. психокоррекциялық түзету жұмыстарды ұйымдастырудың ерекшеліктер мен психокоррекциялық тәсілдерді меңгеру.

3. кәсіби пихолог маман ретінде клиенттерге психологиялық коррекциялық іс шараларды ұйымдастыра білу қабілеттілігін дамыту.

4. психологиялық дамудың психикалық факторлардың ролын зерттеу.

5. әртүрлі психикалық ауытқу белгілерін және олардың динамикасын зерттеу.

6. тұлғалық аномалиялардың, ауытқулардың нервтік-психикалық өзгерістердің реттелуі мен түзету жолдарын үйрету.

7. Қарым-қатынасында проблемасы бар адамның ортамен, микроортасының, өзара қатынасының сипатын зерттеу арқылы түзету жұмыстарын жүргізуге үйрету.

8. Психокоррекция, психотерапия мен реабилитация негіздерінде психологиялық саулығын қалыптастыру мен арттыру жолдарын үйрету.

9. психологиялық тәжірибедегі қызмет көрсету барысында психологиялық коррекция және реабилитациялық дағдыларды игеру.

Пәннің мазмұны

Коррекциялық психология пәніне кіріспе.

Психокоррекциялық жұмыстың тиімді ерекшеліктері. Психокоррекциялық іс -әрекеттің ұйымдастырушылық-психологиялық негіздері. Психокоррекциялық бағдарламаларды кұрастырудағы негізгі ұстанымдар. Қазіргі кезеңдегі коррекциялық психология құрылымы.

Психокоррекция туралы түсінік. Психокоррекцияның ғылым ретінде қалыптасу тарихы негізгі терминдер мен категориялар. Психокоррекцияны жүргізуге қойылатын талаптар. Психологиялық коррекцияны жүргізудің технологиясы. Психокоррекция жүргізудің техникалары. Коррекция ұғымы, оның жалпы сипаттамасы. Психотерапия мен психокоррекцияның өзгешеліктері.

Психокоррекцияның өзіне тән ерекшеліктері. Коррекциялық топтар түрлері. Коррекциялық топтарды құру. Коррекциялық топқа қатысушылар ережелері. Психокоррекция бағыттары. Психокоррекциялық жұмыстың мақсаттарымен міндеттері. Биологиялық модель. Медициналық модель. Интерактивті модель. Іс-әрекеттік модель. Коррекциялық топтар жұмысын ұйымдастыру реті Психокоррекциялық мақсатты құрудың негізгі бағыттары. Дамудың әлеуметтік ситуация оптимизациясы. Баланың іс-әрекет түрлерін дамыту. Жас ерекшелік-психологиялық жаңа құрылымды қалыптастыру.

Психокррекциялық жағдаят. Дамудағы қиындық себептерін түсіндірудің түрлі моделдері

Психокоррекция кешенінің негізгі бөліктері Жекелік психокоррекция жұмысы.

Психокоррекциялық әдістер топтамасы. Психокоррекция жұмысын жүргізуде қолданылатын жаттығулар. Психокоррекция жүргізудегі ойынның орны. Психокоррекциялық бағдарламаларды құрастыру алгоритмі. Коррекция бағдарламалары түрлері. Психокоррекция тиімділігін бағалау ерекшелігі. Психокоррекциялық іс-шаралар жүргізетін психологқа қойылатын талаптар. Коррекциялық әсер етуге кәсіби дайындықтың компененттері. Теориялық компонент. Тәжірибелік компонент. Тұлғалық дайындық.

Психокоррекциялық жұмыс жүргізудің негізгі принциптері, мақсаттары мен міндеттері. Диагностика мен коррекцияның бірлігі. Даму нормативтілігі. “төменнен жоғары”, “жоғарыдан төмен” коррекциялау. Іс-әрекеттік принципі. Терапия түрлері. Құлықтық терапия. Құлықтық терапия сипаты. Рольдік ойындар. Өзіндік бақылау әдісі.

Терапевтік үй тапсырмасы. Релаксация тренингі.Биологиялық кері байланыс әдісі. Нейрофизиологиялық интервенция әдісі. Психокоррекциялық ситуация. Психокоррекциялық ситуацияның негізгі элементтері.

Психокоррекциялық бағдарлама түрлері. Стандартталынған бағдарлама. Еркін бағдарлама. Психокоррекциялық бағдарлама құруға қойылатын талаптар. Психокоррекциялық бағдарлама құрудың негізгі принциптері. Психокоррекциялық іс-шаралардың нәтижелігін бағалау. Психокоррекция нәтижесін анықтайтын факторлар.

Түрлі психикалық бұзылыстар мен ауытқуларды түзету технологиясы. Қорқынышты түзету жолдары. Сабақ үлгерімі төмен және тәртібі нашар балаларға жүргізілетін психологиялық коррекция шаралары.

Семинар сабақтарының тақырыптары

Қазіргі кездегі психокоррекция туралы түсінік. Психокоррекция жұмысының басты бағыттары. Психокоррекцияның жалпы теориясының негізгі сұрағы.

Консультативті теория және тәжірибе. Психологиялық түзету жұмыстарының мақсаттары мен этикалық принцптері. Баланың психикалық дамуын түзетудің міндеттері.

Коррекция формалары. Негізгі психокоррекциялық амалдар және әдістер. Диагностика және психокоррекция методологиясы. Түзету әсердің тексеру эффективтіліктің келесі стратегиялық бейнесі.

Психокоррекциялық бағдарламаны құрастыруға арналған негізгі талаптар. Психокоррекциялық процедуралардың жіктелуі және тәжірибеде қолданылуы. Түзету бағдарламаны құру кезіндегі талаптар. Балалық шақта психикалық дамуды коррекциялау (түзету).

Ойын, шығармашылық арқылы дамыту және коррекция. Психокоррекциялық шараларды өткізудің тиімділігін бағалау.

Психокоррекцияның психологияның басқа бағыттарымен байланысы. Психологиялық кеңес беру, психодиагностика, психотерапия және психокоррекция. Психологиялық коррекциялық жұмыс түрлері ретінде Гештальт терапия. Трансактный анализ. Психоанализ. Когнитивтік психотерапия. Позитивтік психотеропия.

Психологиялық түзету жұмыстары кезінде қолданылатын кәсіби-этикалық принциптер. Психокоррекциялық шараларды жүзеге асыратын психологқа арналған квалификацияланған талаптар.

Психокоррекциялық әдебиеттер мен методикалық материалдарға қойылатын талаптар. Психикалық дамуында өзгешелігі бар клиенттерге жүргізілетін психокоррекция

Әдебиеттер тізімі


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: