Меню жолы

AutoCAD-тың меню жолында 11 мынадай пунктілер бар:

· Файл (File) – сызба файлдармен жұмыс істеу үшін командалар бар: ашу, сақтау, басу, басқа форматтарға экспорттау, AutoCAD-тан шығу;

· Правка (Edit, Түзету) – сызбаларды редакциялау үшін командалар бар: көшіру, кірістіру, ойып алу;

· Вид (View, Көрініс) – экранда сызба түрін басқару, үш өлшемді модельдерді бейнелеу параметрлерін басқару үшін командалар бар;

· Вставка (Insert) – сызбаға әртүрлі элементерді кірістіру үшін командалар бар;

· Формат (Format) – сызбаның шектерін және өлшем бірліктерін орнату, мәтін стилін және өлшемдерін, қабаттармен жұмыс істеу, линияның түстерін, тип және қалыңдығын басқару үшін командалар бар;

· Сервис (Tools) – жүйені, сызба параметрлерін баптау командалар бар;

· Рисование (Draw) – әртүрлі графикалық элементтерін сызу үшін командалар бар;

· Размеры (Dimension) – сызбалардың өлшемдерін түсіру үшін командалар бар;

· Редактировать (Modify) – графикалық объектілерді редакциялау үшін командалар бар;

· Окно (Window) – бірнеше терезелерді бейнелеуді баптау;

· Справка (Help) – AutoCAD бойынша аңықтамалық ақпараттарды алу үшін командалар бар.

AutoCAD-тың интерфейстік элементтері

1. Графикалық меңзер. Меңзердің түрі әртүрлі болу мүмкін, ол экранның орнынан және таңдалған командаға тәуелді. Графикалық аймақта меңзер көздеу және қиылысудан тұрады. Көздеу редакциялау процесінде объектілерді таңдау үшін, ал қиылысу сызбада нүктелерді көрсету үшін пайдаланылады, сонымен қатар қиылысу әрқашанда ағымдағы координаталар жүйесінде X және Y өстеріне паралельді.

2. Диалогты терезелер және басқару элементер. Диалогты терезелер күрделі құрылымнан тұрады және басқару элементтер жиынтық арқылы параметрлерді беру үшін пайдаланылады: ауыстырып қосқыштар, жалаушылар, санауыштар, сырғытпалар, еңгізу өрістер, ашылатын тізімдер, алдың ала қарау өрістер (1.2-сурет).

1.2-сурет. Диалогты терезесінің мысалы.

3. AutoCAD-тың мәтіндік терезесі (1.3-сурет), хаттама түрінде орындалған командаларды қарау үшін пайдаланады. Бұл терезені F2 функционалды пернені басу арқылы шақырылады.

1.3-сурет. AutoCAD-тың мәтіндік терезесі.

4. Контексті менюілер (1.4-сурет), объектіге командаларды тез орындау үшін пайдаланылады.

4-сурет. AutoCAD-тың мәтіндік терезесі.

AutoCAD-та жұмыс істеудің жылпы әдістемесі

Командалардың негізгі принциптері және оларды шақыру:

1. AutoCAD-та барлық әрекеттер командалар көмегімен орындалады.

2. Әр команданы үш тәсілмен шақыруға болады:

· Құрал-саймандар панелінде немесе құрал-саймандар таспасында қажетті батырманы тышқанның сол жақтағы батырманы шерту;

· Меню жолынан немесе шолушы менюінен таңдау арқылы;

· Командалық жолға команданың атауын еңгізіп, содан кейін Enter перенені басу арқылы;

3. Келесі команданы тек қана алдыңғы команда аяқталғаннан кейін пайдалану мүмкін.

Егер командалық жолында төменде көрсетілген сұраныс болса, оңда AutoCAD жүйесі жаңа команданы орындауға дайын:

Command:

Команда:

Алдыңғы команданы орындаудан Esc перне арқылы тоқтатуға болады. Циклдік команданы Esc немесе Enter пернелер арқылы тоқтатуға болады.

AutoCAD командалармен жалпы жұмыс:

1. Кез келген тәсілмен команданы шақырыңыз. Бірінші сұраныс пайда болады.

2. Бірінші сұранысқа бірінші параметрді беріңіз немесе команданың опциясын таңдаңыз. Екінші сұраныс пайда болады.

3. Екінші сұранысқа екінші параметрді беріңіз. Осылай ары, аяқталғанша дейін (1.5-сурет).

Ағылшын нұсқасыда командалар тек қана ағылшын тілінде еңгізіледі. Орыс нұсқасында командаларды орыс және ағылшын тілінде еңгізуге рұқсат беріледі, бірақ ағылшын атаулардың алдыңда төменгі сызықты енгізу қажет, мысалы:

Команда: _line

1.5-сурет. Командалармен жұмыс.

?

Өзін-өзі тексеру үшін сұрақтар

1. AutoCAD жүйені қандай компания өндеге?

2. AutoCAD жүйесі алғашқы қашан жасалды?

3. AutoCAD жүйесі қанша тілінде шығарылады?

4. AutoCAD іске қосылғаннан кейін монитор экранында қандай терезелер орналасу мүмкін?

5. AutoCAD терезесі қандай интерфейстік аймақтардан тұрады?

6. AutoCAD-тың интерфейстік элементтеріне не жатады?

7. AutoCAD-та кезкелген команданы қалай шақыруға болады?

8. AutoCAD-та тез іске қосу панелі қандай қызмет атқарады?

9. AutoCAD-та қандай интерфейстік аймақта сызбаларды тұрғызуға болады?

10. AutoCAD-та орындалып тұрған команданы қалай тоқтатуға болады?

11. AutoCAD-тың мәтіндік терезесі қандай қызмет атқарады?

 

AutoCAD-та сызба файлдармен жұмыс істеу

AutoCAD-тағы файлдар

.dwg – AutoCAD-та жасалған сызбалар;

.dws – шаблон-файлдар;

.dxf – басқа программалармен деректерді алмасу үшін пайдаланатын мәтіндік немесе екілік форматтағы сурет файлдар.

AutoCAD-та жаңа сызбаны жасау

AutoCAD іске қосылғаннан кейін оның жұмыс терезесінде:

· миллиметрлер бірлік өлшемімен үңсіз бойынша 420х297 мм. өлшемімен (А3 форматы) жаңа бос сызба пайда болады

немесе

· Начало работы (Startup)арнаулы диалогты терезесі (2.1-сурет) жүктеледі. Бұл терезені AutoCAD іске қосылған кезінде әр-қашанда жүктету үшін командалық жолда _startup команданы орындап және «Новое значение STARTUP <0>» хабарлама жауабына 1 еңгізу қажет.

Команда: _startup

Новое значение STARTUP <0>: 1

Начало работы (Startup) терезесінің жоғарында мынадай төрт батырма орналасады:

· Открытие чертежа (Open a Drawing) – бұрын жасалған сызбаны ашу, сонымен қатар Обзор батырма арқылы басқа орнынан сызбаны ашуға болады;

· Простейший шаблон (Start from Scratch) – британдық (футтар және дюймдар) немесе метрлік бірлік өлшемдермен жаңа сызбаны жасау;

· По шаблону (Use a Template) – шаблон көмегімен жаңа сызбаны жасау. Шаблонда дайын баптаулар бар және оны Выберите шаблон тізімнен таңдайды;

· Вызов мастера (Use a Wizard) – шеберлер көмегімен жаңа сызбаны жасау: Быстрая подготовка немесе Детальная подготовка. Шеберлер сызбаның параметрлерін таңдаумен (бірлік өлшемдері, сызбаның аймағы, бұрыштар, нөлдік бұрышы, бұрыштардың есептеу бағыттары) жаңа сызбаны дайындауға мүмкіндік береді.

Жаңа сызбаны жұмыстын процесінде жасауға болады, ол үшін командалардың біреуің орындау қажет:

· тез іске қосу панелде БСоздать батырманы шерту;

· Стандартные аннотации құрал-саймандар панелінде БСоздать батырманы шерту;

· А →Файл→Создать менюі команданы орындау;

· Ctrl + N пернелер тіркестерін орындау.

2.1-сурет. Начало работы (Startup) диалогты терезесі.

Командалардың біреуін орындағанан кейін экранда Создание нового чертежа (Create New Drawing) диалогты терезе пайда болады (2.2-сурет). Осы терезеде Открытие чертежа батырмасы активті емес.

2.2-сурет. Начало работы (Startup) диалогты терезесі.

Сызбаның бірлік өлшемдері

Сызбаның бірлік өлшемдері Единицы чертежа диалогты терезеде орнатылады (2.3-сурет). Терезені Формат (Format)→Единицы (Units) менюі командамен немесе командалық жолында _units команданы орындаумен шақыруға болады.

Команда: _units

Единицы чертежа терезесінде бірлік өлшемдердің мынадай параметрлерді орнатуға болады:

· Линейные тобында бірліктің форматы (архитектуралық, оңдық, бөлшектік, инженерлік, ғалымдық) және ондық нүктеден кеін дәлдік таңдалады;

· Угловые тобында бірліктің форматы (град/мин/сек, градтар, оңдық градустар, радиандар, топографиялық бірліктер) және ондық нүктеден кеін дәлдік таңдалады. Егер По часовой стрелке жалаушасы қосылған болса, оңда бұрыштарды есептеу үшін он бағыты сағаттың тілсызық жүру бойынша есепке алынады, үңсіз бойынша ол өшірілген;

· Масштаб вставки тобында Единицы тізімнен кірістірілген элементтерді өзгерту үшін сызбаның бірлігі таңдалады;

· Направление батырмасы Выбор направления терезені іске қосуға мүмкіндік береді. Бұл терезеде нөлдік бұрыштың бағытың баптауға болады, осыдан бұрыштар есептеледі.

2.3-сурет. Единицы чертежа терезесі

Сызбаның өлшемі

Сызбаның өлшемін орнату үшін А → Формат (Format)→ Лимиты чертежа (Limits) меню команданы орындау қажет немесе командалық жолға _limits команданы теру керек. Содан кейін төмендегі сол жақтағы координаталар беріледі, үңсіз бойынша 0,0 кординатасы ұсынылады. Enter үңсіз бойынша мәндерді растайды. Содан кейін жоғарыдағы оң жақтағы координаталар беріледі, мұнда сызбаның ені мен биіктікті көрсетеді. А4 формат үшін 210,297, ал А3 үшін 420,297.

Команда: _limits

Переустановка лимитов пространства модели:

Левый нижний угол или [Вкл/Откл] <0.0000,0.0000>:

Правый верхний угол <420.0000,297.0000>:

Сызбаны сақтау, экспорттау және ашу

Жаңа сызбаны сақтау. Ол үшін мынадай әректттерді орындаңыз:

· А → Файл (File) → Сохранить (Save) менюі команданы орындаңыз немесе құрал-саймандар панелінде Сохранить (Save) батырманы басыңыз немесе командалық жолда _save команданы орындаңыз;

· Сохранение чертежа терезесінде орын таңдаңыз, Имя файла өрісте сызба файлның атауын енгізіңіз, содан кейін Сохранить батырманы басумен аяқтаңыз.

Бар болған сызбаны басқа атымен сақтау. Ол үшін мынадай әректттерді орындаңыз:

· А → Файл → Сохранить как (Save as) менюі команданы орындаңыз немесе командалық жолда _saveas команданы орындаңыз;

· Сохранение чертежа терезесінде орын таңдаңыз, Имя файла өрісте сызба файлның атауын басыңыз, содан кейін Сохранить (Save) батырманы басумен аяқтаңыз.

Басқа форматта сақтау. AutoCAD 2009 нұсқасында жасалған сызба AutoCAD 2000, AutoCAD 2004 және басқаларда ашылмайды. AutoCAD форматында алдыңғы нұсқаларда сызбаны сақтау үшін мынадай әректттерді орындаңыз:

· А → Файл (File) → Сохранить (Save) менюі команданы орындаңыз;

· Сохранение чертежа терезесінде Тип файла тізімінен қажетті файлдың типін таңдаңыз және Сохранить (Save) батырманы басыңыз.

Сызбаны экспорттау. AutoCAD 2009 басқа графикалық программалардың форматына сызбаны экспорттауға мүмкіндік береді (Autodesk Inventor, Autodesk 3ds max). AutoCAD-тың сызбасын экспорттау үшін мынадай әректттерді орындаңыз:

· Вывод → Экспорт (Export) құрал саймандар таспасыда немесе А → Файл (File) → Экспорт (Export) менюі команданы орындаңыз;

· Экспорт данных терезесінде Тип файла тізімде қажетті файлдың типін таңдаңыз және Сохранить (Save) батырманы басыңыз.

Сызбаны ашу. Ол үшін мынадай әректттерді орындаңыз:

· А → Файл (File) → Открыть (Open) менюі команданы орындаңыз немесе құрал-саймандар панелінде Открыть батырманы басыңыз немесе командалық жолда _open команданы орындаңыз;

· Выбор файла терезесінде сызба файлды табыңыз және Открыть батырманы басыңыз.

Сызбаны жарым-жартылап ашу, күрделі жобаларда сызбаның анықталған қабаттарды ашуға мүмкіндік береді.

· А → Файл (File) → Открыть (Open) менюі команданы орындаңыз;

· Выбор файла терезесінде Открыть батырмаға жақын тұрған тілсізығы төмен көрсетілген батырманы басыңыз, содан кейін тізімде Открыть частично (Partial Open) таңдаңыз;

· Частичное открытие (Partial Open) диалогты терезеде қажетті қабатты және көріністі ашу үшін таңдаңыз, содан кейін Открыть батырманы басып аяқтаңыз.

Файлдармен басқа амалдар

Сызбаның жинағын сақтау. Сызбаны қосалқы деректермен бірге жинақ түрінде сақтауға болады. Ол үшін әрекеттерді орындаңыз:

· Вывод → Сформировать комплект құрал-саймандар таспада немесе А → Файл→Сформировать комплект (eTransmit) менюі команданы орындаңыз.

· Формирование комплекта файлов терезесінде барлық қажеті сызба файлдарды және қаріптерді қосыңыз, параметрлер жинағын жасаңыз және ОК батырманы басыңыз.

· Выбор ZIP-файла терезеде сақтау үшін орын таңдаңыз, Имя файла өріске архивтін атың теріңіз және Сохранить (Save) батырманы басыңыз.

Интернетте жариялау. Сызбаны Web-бетте орналастыруға болады. Web-бетті жасау үшін әрекеттерді орындаңыз:

· Вывод → Публикация в Интернете құрал-саймандар таспада немесе А → Файл (File) → Публикация в Интернете (Publish to Web) менюі команданы орындаңыз.

Публикация в Интернете шеберлік терезеде (2.4-сурет) беттің параметрлерін таңдаңыз, Далее батырманы басып тұрып Web-бетті қадам бойынша жасаңыз.

2.4-сурет. Публикация в Интернете шеберлік терезесі.

?

Өзін-өзі тексеру үшін сұрақтар

1. AutoCAD-та жасалған сызбаны сақтау үшін файлдың форматы?

2. AutoCAD іске қосылғаннан кейін оның жұмыс терезесінде не орналасады?

3. AutoCAD-та жаңа сызбаны қалай жасауға болады?

4. Сызбаның бірлік өлшемдері қандай диалогты терезеде орнатылады?

5. Единицы чертежа терезесінде қандай параметрлерді орнатуға болады?

6. Сызбаның өлшемін орнату үшін қандай команданы орындау қажет?

7. Жаңа сызбаны сақтау үшін қандай команданы орындау қажет?

8. Бар болған сызбаны басқа атымен қалай сақтауға болады?

9. AutoCAD-та басқа форматта қалай сақтауға болады?

10. AutoCAD-та сызбаны қалай экспорттауға болады?

11. AutoCAD-та сызбаны қалай ашуға болады?

12. Сызбаны қосалқы деректермен бірге жинақ түрінде қалай сақтауға болады?

13. AutoCAD-таға сызбаны Web-бетте қалай орналастыруға болады?

 

AutoCAD-тағы координаттық жүйелер

Координаталарды еңгізу

Жасалып тұрған объектінің параметрлеріне объектінің координаталары және мінез-құлықтық нүктелердің координаталар жатады. Мінез-құлықтық нүктелер – бұл объектінің геометриялық қасиеттерін анықтайтын нүктелер (шеңбердің ортасы мен радиусы, кескіндің бас ы мен аяғы, қиылысқан және төбелердің нүктелері).

Координаталарды ыңғайлы еңгізу үшін мынадай режимдер бар:

· Ортогоналды режим, осында координаталардың өзгерісі тек қана Х немесе Y өсітер бойынша өзгереді. Ортогоналды режимді қалып-күй жолында Режим "Орто" батырмасын басумен немесе F8 функционалды пернені басумен қосылады немесе алынады.

· Қадамды байлау режимі, осында меңзер көрінбейтін тордың түйіндеріне байланады. Тор Х және Y бойынша қадамды байлаумен анықталады және оны Режимы рисования диалогты терезедегі Шаг и Сетка ішкі бетінде баптауға болады. Бұл терезе А→Сервис→ Режимы рисования команда арқылы шақырылады. Қадамды байлау режимі қалып-күй жолында Шаговая привязка батырмасын басумен немесе F9 функционалды пернені басумен қосылады немесе алынады.

· Полярлық қадағалау режимі, осында берілген қадам бұрыштар бойынша Х өсіна бұрышы анықталады. Қадам бұрыштары Режимы рисования диалогты терезедегі Полярное отслеживание ішкі бетінде баптауға болады. Полярлық қадағалау режимін қалып-күй жолында Полярное отслеживание батырмасын басумен немесе F10 функционалды пернені басумен қосуға болады.

· Объектілі байлау режимі, осында меңзер объектінің анықталған нүктелерге байланады, мысалы конточка, қиылысу, орта, жалғасы және басқалары. Объектінің нүктелері Режимы рисования диалогты терезедегі Объектная привязка ішкі бетінде беріледі. Объектілі байлау режимін қалып-күй жолында Объектная привязка батырмасын басумен немесе F3 функционалды пернені басумен қосуға болады.

AutoCAD-та координаталарды еңгізу үшін екі тәсілді қолдануға болады:

· Интерактивті тәсіл, сызба кеңістікте тышқыннаң сол жақ батырмасын шерту;

· Пернелік тәсіл, координаталардың сандық мәндерін көрсету.

Координаталардың мәндері әрқашанда кейбір координаталар жүйемен байланысады. Үңсіз бойынша AutoCAD-та әлемдік координаталар жүйесі (ӘКЖ) қолданылады, бұл кезінде X өсі сол жақтан оңға бағытталған, Y өсі – астынан жоғарға, Z өсі – экранға перпендикулярлы.

Жобалау орындау үшін пайдаланушылық координаталар жүйесін (ПКЖ) пайдалануға болады, оны әлемдік салыстырмалы жылжытуға және айналдыруға болады. Егер бірдей ӘКЖ мен ПКЖ пайдалансаңыз, оңда ӘКЖ үшін координатаның сандық мәндерінің алдында * (жұлдызша) таңба қойылады.

Декарттық координатасы

Декарттық координата жүйесінде нүкте X және Y үтірмен бөлінген екі координатамен беріледі: X,Y. Бұл жерде X және Y горизанталь бойынша немесе вертикаль бойынша (он немесе теріс) қашықтықты анықтайды по горизонтали и по вертикали.

Декарттық жүйесінде координаталарды мынадай әдістермен еңзізуге болады:

· Абсолютті декарттық координаталар әдісі, бұл жерде X және Y мәндері координаталар басына (0,0) салыстырмалы алынады

Мысалы. Қабырғасы 20-ға тең квадраты тұрғызу.

Команда: _line Первая точка: 20,20

Следующая точка или [Отменить]: 40,20

Следующая точка или [Отменить]: 40,40

Следующая точка или [Замкнуть/Отменить]: 20,40

Следующая точка или [Замкнуть/Отменить]: з

· Салыстырмалы декарттық координаталар әдісі, бұл жерде горизонталь бойынша dX және вертикаль бойынша dY ығысу мәндері соңғы еңгізілген координата (X,Y) салыстырмалы есептеленеді. Салыстырмалы координаталардың мәндер алдыңда @ (амперсанд) символ қойылады, координаттар мынадай үлгіде жазылады: @ X,Y.

Мысалы. Қабырғасы 20-ға тең квадраты тұрғызу.

Команда: _line Первая точка: 20,20

Следующая точка или [Отменить]: @20,0

Следующая точка или [Отменить]: @0,20

Следующая точка или [Замкнуть/Отменить]: @-20,0

Следующая точка или [Замкнуть/Отменить]: з

Полярлық координаталар

Полярлық жүйесінде нүктенің координатасы R қашақтықпен және α бұрышымен анықталады. Үңсіз бойынша AutoCAD-та бұрыштын шамасы ОХ өсінан сағаттың тілсызығына қарама қарсы жылжу кезінде өседі. Сағаттың тілсызығы жылжу бойынша бұрыштарды көрсету үшін бұрышқа теріс мән еңгізу қажет.

Полярлық жүйесінде координаталарды мынадай әдістермен еңзізуге болады:

· Абсолютті полярлық координаталар әдісі, бұл жерде R және α мәндері координатаның басынан (0,0) салыстырмалы есептеледі және R<α үлгіде беріледі. Бірақ тәжірибеде бұл әдісті өте аз пайдаланады, себебі R және α мәндерін дәл анықтауға көп уақыт алады.

Мысалы. Үш бұрышты тұрғызу.

Команда: _line Первая точка: 20<45

Следующая точка или [Отменить]: 30<30

Следующая точка или [Отменить]: 60<45

Следующая точка или [Замкнуть/Отменить]: з

· Салыстырмалы полярлық координаталар әдісі, соңғы еңгізілген координатадан есептеледі және @R<α үлгіде беріледі.

Мысалы. Қабырғасы 50-ге тең квадратты тұрғызу.

Команда: _line Первая точка: 100,100

Следующая точка или [Отменить]: @50<0

Следующая точка или [Отменить]: @50<90

Следующая точка или [Замкнуть/Отменить]: @50<180

Следующая точка или [Замкнуть/Отменить]: @50<-90

Следующая точка или [Замкнуть/Отменить]: з

Бағыт және қашықтықтық әдісі

Әдіс меңзерді қажетті бағыттқа жылжыту және соңғы нүктеден қашықтықты еңгізуде негізделген, осымен кескіндің ұзындығы және жаңа нүктенің координатасы анықталады. Әдіс ортогоналды режимде немесе полярлық қадағалау қосылған кезінде ыңғайлы. Ортогоналды режим немесе полярлық қадағалау қосылған кезінде қажетті бағытта анықталған ұзындықпен кескіндерді тұрғызу ыңғайлы, сонымен қатар объектілерді тасу мен көшіру.

Ортогоналды режимде әдістін алгоритмі:

1) бірінші нүктенің координатасын анықтаңыз;

2) егер ортогоналды режимі қосылмаған болса қосыңыз;

3) меңзерді горизонтал бойынша оңға немесе солға немесе вертикаль бойынша жоғарға немесе төменге жылжытыңыз;

4) енің немесе биіктік мәнің теріп шығыңыз;

5) «з» әріпті теріп тұрғызуды аяқтаңыз, яғни 3 пунктінен әрекеттерді қайталаңыз.

Мысалы. Қабырғасы 200-ге тең квадратты тұрғызу әдістемесі:

Командалық жолдағы опциялар Пайдаланушының әрекеттер
Команда: _line Первая точка: 20,20 Следующая точка или [Отменить]: <Орто вкл> 200 Следующая точка или [Отменить]: 200 Следующая точка или [Замкнуть/Отменить]: 200 Следующая точка или [Замкнуть/Отменить]: з 20,20 теріңіз, Enter басыңыз F8басыңыз, меңзерді оңға алып апарыңыз, 200 теріңіз, Enter басыңыз Меңзерді жоғар алып апарыңыз, 200 теріңіз, Enter басыңыз Меңзерді солға алып апарыңыз, 200 теріңіз, Enter басыңыз з теріңіз, Enter басыңыз

Полярлық режимде әдістін алгоритмі:

1) бірінші нүктенің координатасын анықтаңыз;

2) егер полярлық қадағалау қосылмаған болса қосыңыз;

3) меңзерді анықталған бұрышқа алып апарыңыз;

4) қашықтықтың мәнің теріңіз;

5) «з» әріпті теріп тұрғызуды аяқтаңыз, яғни 3 пунктінен әрекеттерді қайталаңыз.

Мысалы. Қабырғасы 200-ге тең квадратты тұрғызу әдістемесі:

Командалық жолдағы опциялар Пайдаланушының әрекеттер
Команда: _line Первая точка: 20,20 Следующая точка или [Отменить]: <Полярная вкл> 200 Следующая точка или [Отменить]: 200 Следующая точка или [Замкнуть/Отменить]: 200 Следующая точка или [Замкнуть/Отменить]: з 20,20 теріңіз, Enter басыңыз F10 басыңыз, меңзерді 0 градус бұрышымен оңға алып апарыңыз, 200 теріңіз, Enter басыңыз. Меңзерді 90 градус бұрышымен жоғарға алып апарыңыз, 200 теріңіз, Enter басыңыз. Меңзерді 180 градус бұрышымен солға алып апарыңыз, 200 теріңіз, Enter басыңыз. з теріңіз, Enter басыңыз

Динамикалық еңгізу

Динамикалық еңгізу графикалық меңзермен жақын тұрған сандық еңгізу өрісте параметрлерді теру мен таңдау үшін ыңғайлы құрал болып табылады. Динамикалық еңгізу режимін қалып-күй жолында Динамический ввод батырмасын басумен немесе F12 функционалды пернені басумен қосуға немесе өшіруге болады.

Динамикалық еңгізу үш құрауышты біріктіреді:

· тінтүір көмегімен еңгізу;

· өлшемдерді еңгізу;

· динамикалық көмекші сөздер.

Осы құрауыштарды Режимы рисования диалогты терезесіндегі Динамический ввод ішкі бетте баптауға болады. TAB пернесі бірінші өріс үшін мәндерді еңзізуге және екінші өріске өтуге мүмкіндік береді, ал қайтадан TAB пернесін басумен бірінші өріске қайтады.

Координаттық тор

Сызуды торда орындауға болады, үңсіз бойынша ол өшірілген. Оны қосу немесе өшіру мынадай тәсілдермен орындауға болады:

· F7 функционалды пернені басу;

· қалып-күй жолында Отображение сетки батырманы басу;

· командалық жолға Сетка немсе _grid команданы еңгізу, ал содан кейін хабарлама жауабына Вкл немесе Откл теру;

· А → Сервис → Режимы рисования меню команданы орындау, содан кейін Режимы рисования терезесінде Шаг и Сетка ішкі беттке өту, Сетка Вкл жалаушасын қосу немесе өшіру. Сонда, Шаг сетки тобында Х бойынша және Y бойынша қадам мәнің орнатуға болады, сонымен қатар тордың бас линияларының жиілігін таңдау.

?

Өзін-өзі тексеру үшін сұрақтар

1. Координаталарды еңгізу үшін AutoCAD-та қандай режимдер бар?

2. AutoCAD-та координаталарды еңгізу үшін қандай тәсілдерді қолдануға болады?

3. AutoCAD-та декарттық координаталар қалай іске асырылады?

4. AutoCAD-та полярлық координалар қалай іске асырылады?

5. AutoCAD-та бағыт және қашықтықтық әдісі қалай қолдануға болады?

6. AutoCAD-та динамикалық еңгізу режимін қалай қолдануға болады?

7. AutoCAD-тағыкоординаттық торды қалай қолдануға болады?

 

Объектілірдің қасиеттері

Кез келген тұрғызылатын объектілерде қасиеттер бар. Объектінің қасиеттеріне жататындар:

· қабаттар, олардың үстінде сызбаның анықталған бөліктер орналасады;

· түс, сызбаның кейбір бөліктерін белгілеуге болады;

· сызықтың типі, сызбаның элементін анықтауға болады;

· сызықтың салмағы, осымен сызудың өлшемін немесе типін анықтауға болады;

· басып шығару мәнері, осында сызбаны қағазға басып шығару түрі анықталады.

Қабаттар және олардың қаситеттері

Сызбаның бөліктерін тұрғызу және реттеуді жеңілдету үшін қабаттар пайдаланылады. Қабаттар бір бірінің үстінде жатқан мөлдір калькаларға ұқсайды. Әр қабатта сызбаның анықталған бөліктер орналасу мүмкін, бірақ олар барлығы бір сызбаны бейнелейді.

Қабаттармен жұмыс істеу үшін мынадай құрал-саймандар бар:

1. Құрал-саймандар таспасында Главная ішкі бетінде Слой панелі (4.1-сурет);

2. Слои құрал-саймандар панелі (4.2-сурет);

3. Диспетчера свойств слоев диалогты терезесі (4.3-сурет).

4.1-сурет. Слой панелі.

4.2-сурет. Слой құрал-саймандар панелі.

4.3-сурет. Диспетчера свойств слоев диалогты терезесі.

Қабаттардың қасиеттері Диспетчера свойств слоев диалогты терезесінде орнатылады, оны экранға мынадай тәсілдермен шығаруға болады:

· А→Формат→Слой менюі команданы орындау;

· құрал-саймандар таспасында Главная ішкі беті → Слой панелі → Свойства слоя батырмасы;

· Слои құрал-саймандар панелінде Свойства слоя батырмасын басу;

· командалық жолда слой немесе _layer команданы орындау.

Жаңа сызбаны жасау кезінде 0 атымен қабат автоматты жасалынады. Үңсіз бойынша бұл қабатқа мынадай параметрлер беріледі: түсі – ақ, сызбаның типі – Continuous (Ұзіліссіз), сызықтын салмағы – Default 0.25 mm қалындықпен. Бұл қабатты жоюға және атың өзгертуге мүмкіндік жоқ.

Қабаттардың қасиеттері:

· Статус – қабаттын қалпы-күйін анықтайды: ағымдағы немесе жоқ;

· Имя – қабаттың аты, әріптерден және цифрлардан, арнаулы символдардан және бос орынан құрастырылады;

· Вкл – қабаттын көрінісін басқарады, өшірілген режимінде қабат көрінбейді, объектілер сызбаның өңдеуде қатысады;

· Заморозить – қабатты мұздатуды басқарады, мұздалған кезінде қабат көрінбейтін болады, объектілер сызбаның өңдеуде қатыспайды;

· Блокировать – қабатты блоктауды басқарады, блокталған кезін қабат объектілерімен көрінеді, бірақ оларды редакциялауға болмайды;

· Цвет – берілген қабатта сызықты бояу түсі;

· Тип линий – берілген қабатта сызықты сызу типі;

· Вес линий – берілген қабатта сызықты сызу қалындығы;

· Стиль печати – берілген қабат үшін басып шығару мәнері;

· Печать – берілген қабатта басып шығаруды басқару;

· Замороженный на новых ВЭ – көрініс экранда мұздату;

· Пояснение – берілген қабаттағы сызбаның сипаттамасы.

Диспетчера свойств слоев терезенің үстінгі бөлікте мынадай батырмалар бар:

· Создать слой (Alt+Д) – «Слой1» үңсіз бойынша атымен жаңа қабатты жасау;

· Замораживание нового слоя на всех ВЭ – жаңа қабатты жасау және барлық көрініс экрандарда мұздату;

· Удалить слой (Alt+У) – таңдалған қабатты жою;

· Установить (Alt+С) – таңдалған қабатты ағымды жасау.

Түс

Түс объектілерді көзбен шолу топтауға мүмкіндік береді. Объектілерге әртүрлі түстерді қабат немесе жеке бойынша тағайындауға болады. Түстерді беру үшін мынадай құрал-саймандар бар:

· құрал-саймандар таспасында Главная ішкі беті Свойства панелі Выбор цвета тізімі;

· А→Формат→Цвет меню командасы;

· Свойства құрал-саймандар панелінде немесе Быстрые свойства панелінде Цвета тізімі;

· командалық жолында цвет немесе _color команданы орындау.

4.4-сурет. Выбор цвета диалогты терезесінің Номер цвета ішкі беті.

Команданы орындау нәтижесінде Выбор цвета диалогты терезесі (4.4-сурет) пайда болады. Номер цвета ішкі бетінде түсті нөмірімен таңдауға болады.

Вся палитра ішкі бетінде (4.5-сурет) түсті HSL (H – оттенок, реңк; S – насыщенность, молықтырылықндығы; L – яркость, жарықтық) немесе RGB (R – красный, қызыл, G – жасыл, B – көк) спекторымен таңдауға болады.

4.5-сурет. Выбор цвета диалогты терезесінің Вся палитра ішкі беті.

Альбомы цветов ішкі бетінде (4.6-сурет) түстерді дайын альбомдардың түрлерінен таңдауға болады.

4.6-сурет. Выбор цвета диалогты терезесінің Альбомы цветов ішкі беті.

Егер барлық объектілер белгіленіп тұрса, содан кейін түсті өзгертсе, оңда олар таңдалған түске боялады. Егер сызбада ешқандай объект таңдалмаған болса, оңда ағымдағы түс өзгереді және жаңадан тұрғызылатын объектілер таңдалған түсте боялады.

Сызықтын типі

Сызықтын типі сызбада сызықты белгілеу тәсілін анықтайды. Объектілірге сызықтардың әртүрлі типтерді қабат немесе жеке бойынша тағайындауға болады. Сызықтын типін беру үшін мынадай құрал-саймандар бар:

· құрал-саймандар таспасында Главная ішкі беті Свойства панелі Выбор типа линии тізімі;

· А→Формат→Типы линии меню командасы;

· Свойства құрал-саймандар панелінде немесе Быстрые свойства панелінде Типы линий тізімі;

· командалық жолында типлин немесе _linetype команданы орындау.

Команданың орындау нәтижесінде Диспетчер типов линий диалогты терезесі (4.7-сурет) пайда болады. Осында сызықтын типін таңдауға болады.

4.7-сурет. Диспетчер типов линий диалогты терезесі

Загрузить батырмасы Загрузка/перезагрузка типов линий терезені шақырыды (4.8-сурет), содан кейін тізімнен қажетті сызықтын типін таңдауға болады.

Вкл подробности батырмасы Подробности топты (4.9-сурет) көрсетуге мүмкіндік береді. Осында сызықтын типінің масштабын өзгертуге болады, яғни штрихтін жиілігін анықтау. Глобальный масштаб – барлық сызықтардың типтеріне, Текущий масштаб – тек қана жаңа тұрғызылатын объектілерге.

4.8-сурет. Загрузка/перезагрузка типов линий диалогты терезесі

4.9-сурет. Диспетчер типов линий диалогты терезесі

Сызықтын салмағы

Сызықтын салмағы графикалық объектілер үшін және мәтіннің кейбір типтеріне қалындығын анықтайды. Сызықтын салмағын беру үшін мынадай құрал-саймандар бар:

· құрал-саймандар таспасында Главная ішкі беті Свойства панелі Выбор веса линии тізімі;

· А→Формат→Веса линии меню командасы;

· Свойства құрал-саймандар панелінде немесе Быстрые свойства панелінде Веса линий тізімі;

· командалық жолында веслин немесе _lweight команданы орындау.

Команданың орындау нәтижесінде Диспетчер типов линий диалогты терезесі (4.10-сурет) пайда болады. Осында сызықтын типін таңдауға болады.

4.10-сурет. Диспетчер типов линий диалогты терезесі

Сызықтын салмағын сызбада көрсету/жасыру үшін қалып-күй жолында Отображение линии в соответствии с весами батырманы қосу/өшіру керек.

Объектілердің қасиеттер палитрасы

Объектілердің қасиеттер палитрасы объектінің қасиеттерін басқару үшін барлық құрал-саймандарды біріктіреді. Палитра терезесін мынадай тәсілдермен шақыруға болады:

· А→Редактировать→Свойства меню команданы орындау;

· Стандартные аннотации құрал-саймандар панелінде батырманы Свойства басу;

· командалық жолында _properties команданы орындау, ал свойства командасы объектінің қасиеттерін жол-жолмен беруге мүмкіндік береді;

· Ctrl+1 пернелерді басу.

Команданың орындау нәтижесінде Свойства диалогты терезесі (4.11-сурет) пайда болады. Осында таңдалған объектінің жалпы және геометриялық қасиеттер бойынша мәліметтер беріледі.

4.11-сурет. Диспетчер типов линий диалогты терезесі

Объектілер туралы мәлімет

1. Екі берілген нүктелердің орналасу туралы ақпарат алу: олардың арасындағы қашықтық, X, Y және Z өстеріндегі проекциялардың ұзындықтары, XY жазықтағы бұрыштары. Мөлдір команда ретінде оны пайдалануға болады.

Команданы шақыруға тәсілдер:

· Сервис→Сведения→Расстояние менюі команданы орындау;

· құрал-саймандар таспасында Сервис ішкі беті → Сведения панелі → Расстояние батырмасы;

· командалық жолында ДИСТ, ДИ немесе _dist команданы орындау.

Команда орындау кезінде нүктелердің координаталар беріледі, ал содан кейін осы нүктелер туралы қысқаша есеп шығарылыды.

Команда: ДИСТ

Первая точка: (бірінші нүктені көрсетеміз) Вторая точка: (екінші нүктені көрсетеміз)

Расстояние = 188.9213, Угол в плоскости XY = 355, Угол от плоскости XY = 0

Дельта X = 188.2610, Дельта Y = -15.7810, Дельта Z = 0.0000

2. Нүктенің координатасын бейнелеу. Мұнда таңдалған нүктенің X, Y және Z-координаталарын көрсетуге мүмкіндік береді. Келесі нүктені көрсету барысынды осы нүктеге @ жазып сілтеуге болады. Мөлдір команда ретінде пайдалануға болады, бірақ координаталарды есте сақтамайды.

Команданы шақыруға тәсілдер:

· Сервис→Сведения→Координаты меню команданы орындау;

· құрал-саймандар таспасында Сервис ішкі беті → Сведения панелі → Координаты батырмасы;

· командалық жолында КООРД немесе _id команданы орындау.

Команда: _id

Точка: X = -34.7640 Y = 277.4117 Z = 0.0000

3. Таңдалған объектілердің қасиеттерін бейнелеу. Объектілер туралы мәтіндік терезеде толық мәлімет алуға болады. Мәтіндік терезеде объектінің типі, объектінің қабаты, ағымдағы ПКЖ-де X, Y, Z координаталар, объект орналасу кеңістік (модель немесе парақ). Сызықтын түсі, типі және салмағы айқын берілген болса шығарылады (ПОСЛОЮ емес). Сонымен қатар үш өлшемді объектінің биіктігі, егер нөл емес болса шығарылады, және тағы да басқа мәліметтер көрсетіледі.

Команданы шақыруға тәсілдер:

· Сервис→Сведения→Список меню команданы орындау;

· құрал-саймандар таспасында Сервис ішкі беті → Сведения панелі → Список тізімі;

· командалық жолында СПИСОК, СП немесе _list команданы орындау.

Команданы еңзіп болғанан кейін объектілерді таңдау және Enter перенені басу қажет, содан кейін экранда мәтіндік терезе пайда болады, оның ішінде таңдалған объектілердің мәліметтері көрсетіледі.

Команда: _list

Выберите объекты: Противоположный угол: найдено: 2

Выберите объекты:

LWPOLYLINE Слой: "0"

Пространство: Пространство модели

Цвет: 1 (красный) Тип линий: "ПОСЛОЮ"

Метка = ca

Замкнутая

Постоянная ширина 0.0000

площадь 7842.8219

периметр 367.6839

в точке X= 25.4428 Y= 222.5653 Z= 0.0000

в точке X= 141.9940 Y= 222.5653 Z= 0.0000

в точке X= 141.9940 Y= 155.2745 Z= 0.0000

в точке X= 25.4428 Y= 155.2745 Z= 0.0000

ОТРЕЗОК Слой: "0"

Пространство: Пространство модели

Цвет: 1 (красный) Тип линий: "ПОСЛОЮ"

Метка = b4

от точки, X= -34.7640 Y= 277.4117 Z= 0.0000

до точки, X= 153.4971 Y= 261.6307 Z= 0.0000

Длина = 188.9213, Угол в плоскости XY = 355

Дельта X = 188.2610, Дельта Y = -15.7810, Дельта Z = 0.0000


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: