Ерлер киімі

Римнің ерлер киімінің негізі екі түрден тұрды: іш киім - туника және сырт киім - тога. Олар атқару міндеті жағынан гректің хитоны мен гиматийіне ұқсас болғанымен, оның конструктивтік шешімі әртүрлі: хитон - денені орап шаршауланады, туника - бас арқылы киетін қаптама киім. Туника бойының ұзындығы мен еніне қарай, жеңінің ұзындығы мен еніне қарай әртүрлі болып келді. Туника киімінің егесі атақты, бай болған сайын оның әшекейі де сәнді, өзгеше болды. Оның сәндік әшекейі де (жолақ, кесте, өрнек) атақ-даңққа байланысты жасалды. Рим сенаторлары мен атқа қонарлар туникасының - алдыңғы жағы, ені және саны жағынан әртүрлі қара-қошқыл тіке сызықтар салынған әшекейлі болып келді. Ал жеңімпаз қолбасшылардың туникасы - қара-қошқыл түс, пальма бұтақгарының өрнегін алтын жіппен кестелеп зерлеп тіккен.

Сырт киім - тогаға римдіктер терең символдық мән берді. Римнің ақыны Вергилий өзінің “Энейде” еңбегінде - “Әлем әміршісі - халық, ол тога киді” деген. Шет елдіктер мен құлдарға тога киюге рұқсат етілмеді.

Тога кұрделі етіп шаршауланған тік төртбұрыш, жарты дөңгелек, эллипс тәрізді жүн мата кесіндісінен тұрады, мата өлшемі 6x1,8 м болып келеді.

Тоганы шаршаулаудың ең бір көп тараған түрі мынадай: тоганың бір бөлігін жерге жеткенше сол иықтан асырып тастайды. Асырып тастаған бөлігі сол иықты және фигураның сол жақ бөлігін жауып тұрады. Арқаға тастаған бөлігін оң қолдың астымен алдына әкеліп бүйірінен қолдың астымен белдің тұсынан матаны іш жағымен сыртына қаратып бұрап, бұралған бөлігін туниканың белдігіне бекітеді. Содан соң матаны жартылай дөңгелекше етіп бүрме салып тізеге түсетіндей етіп тағы да сол иықтан асырып арқаға тастайды. Одан әрі сол жақ ұшын көкірекке жартылай дөңгелектеп бүріп, жоғары тартып қояды. Грек гиматиясынан айырмашылығы, фигураға еркін, әрі қысылмайтындай етіп шаршауланып, қозғалу пластикасы, оның дене сұлулығын айқындап, тога басқаша көркемдік сипат беріп тұрды. Үлкен мата кесіндісі, күрделі заңдастырылған шаршау, қымбат үлбіреген ақ мата, қара-қошқыл жолақ - рим ақсүйектерінің ерекше даңқын және қоғамның басқа мүшелеріне деген мейірімділігін байқатады.

Кейін келе ауыр және қолайсыз тоганы гректің хламидасы секілді жеңіл плащ ауыстырады.

Плащтың бір түрі, шағын көлемді, ұзындығы тізеге дейін келетін - палудаментум, ол арқаға және сол иыққа тасталып оң иықтан бекітіледі. Палудаментум - император мен ақсүйектердің костюмі - ол патшалардың қара-қошқыл мантиясының арқасында туындаған киім.

Орта ғасырдағы Европа киімі мен қазіргі пелерина-жамылғы киімнен туындаған тағы бір рим плащы - пенула - пішілуі бас сиятындай ойығы бар дөңгелек не жартылай дөңгелек, мойын ойындысына капюшон тігілген. Қатты, дөрекі теріден тігілген пенуланы шаруалар киді, ал қымбат
әшекейленген пенуланы - байлар киді.

Ақсүйек римдіктер костюмін қысқа қоныш етік пен сірісі бар сандалдар толықтырып тұрды.

Империя тұсында ақсүйек костюмдерінде зергерлік әшекейлер кеңінен тарады: жүзік, әртүрлі металдан жасалған сақина, оның 1 саусаққа 5-6-н бір-ақ тақты. Білезіктер, марапаттау белгісінің ролін атқарды.

Римдіктердің сырт келбетін тіке, маңдайына таралған қысқа шаш және қырылған бет пен шағын бұйраланған сақал толықтырып тұрды.

Тарихқа “Тита басы” атты прическа енді - ол қысқа локонды жақ сақалдардан тұрады, прическа (шаш сәні) Тит Веспасиан императорының атымен аталған.

Ақсүйек римдіктер костюмін қысқа қоныш етік пен сірісі бар сандаддар толықтырып тұрды.

Рим кедейлері мен кұлдарының киімі - ірі, дөрекі жүннен және зығыр матадан тігілген туника мен пенула, қолайсыз ауа райында - карапайым ағаш кебіс киді.

ӘЙЕЛДЕР КИІМІ.

Жеңіл және жұқа грек пен ассирия жібек матасын ірі суретті ауыр шығыс матасы ығыстырғанша б.э-дың ІІІ-IV ғ-на дейін Рим әйелдерінің костюмін шаршау құрады.

Әйел туникасының пішілу үлгісі ерлердікінен айырмашылығы болмады. Ол негізінен жүн матадан тігілді, тек жеңінің ұзындығы мен еніне қарай әртүрлі болды. Туника сыртынан ақ сүйек рим әйелдері стола киді, ол туникаға қарағанда ұзын әрі кең болды.

Туника мен стола әртүрлі фактурадан бірге қосылып комбинация құрады, мата қалыңдығы, жеңнің ұзындығы мен столаның декоративтік шешіміне қарай әртүрлі үйлесімді болып келеді. Егер туника қалың матадан тігілсе, ал стола - жұқа өткермелі матадан, туника жеңді болып келсе, стола жеңсіз және керісінше болды. Столаның етегіне қатбарланған желбезек салды. Столаны арнайы пропорция жасайтындай етіп жоғарыдан көлкілдетіп белінен буып қойды.

Әйелдердің сырт киімі шаршауланған плащ, ол форма жағынан грек гиматийі секілді - палла. Әйелдер басын тормен не палланың жиегімен жапты. Әйелдер костюміндегі түс гаммасы бірнеше түстердің - қоңырдың алтын сарымен, көгілдірдің жасылмен, көктің сұрмен үйлесімділігінен тұрды.

Негізгі әшекей мен өңдеудің негізін кесте, шашақ, алтын,
інжу-маржан, қымбат тастан жасалған зергерлік бұйымдар
құрады.

ІІІ-ІV ғасырда әйеддер сымбатының сұлулығы жөнінде көзқарас өзгереді.

Шаршауланған киімнен айқындалып тұратын пропорция, ерекше дамыған форма, енді ауыр, қалың матадан тігілген жабық киімнен байқалатын жазық, тұрақты формамен ауыстырылады.

Грек дәстүрімен сақталып келген рим әйелдерінің жай гармониялық прическасы, Империя тұсында жасанды шаштан веер тәрізді каркасқа жасалған биік прическамен ауыстырылады.

Рим әйеддерінің аяқ киімі - түрлі-түсті кесте тігілген, не металл қаусырма қаңылтыр жапсырылған жұмсақ көнкебіс.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: