Авариямен катастрофаны ажырата білу керек

Катастрофа – қайғылы зардаптармен болған оқиға, адам өлімі орын алған оқиға.

ДДҰ анықтамасы бойынша – зардап шеккен халық өз күшімен игере алмайтын күтпеген тосын жағдайлар.

Катастрофаның түрлері:

- Экологиялық – тіршілік ету арқасында флораны, фаунаны, топырақты, ауаны жаппай зақымданған ірі өндірістік және көліктік зіл зала;

- Өндірістік және көліктік – адам шығыны мен және материалдық шығынымен жүретін ірі авария;

- Техногенді – күтпеген жерден болатын механикалық, термиялық, химиялық, радиациялық төтенше жағдайлардың таралуы.

35. Қауіп риск – шектелген немесе рұқсат етілген қауіп приемлемый и допустимый риск нақты уақыт кезеңінде қозғала қабылдай алатын қауіпсіздік ұғымы. Дербес және әлеуметтік қауіп түрлері болады:

- Әлеуметтік қауіп адамдар тобы үшін оқиғаның жиілігі мен зақымданған адамдар саны арасында байланыс түрінде анықталады.

R = n – сәтсіз оқиға

N – зақымданған адамдар саны

Қауіптің түрлері:

- Модельді

- Экспертті

- Әлеуметтік.

36.

39. Радиациялық қауіпті объектілердегі авариялар. Олардың белгілері бойынша жіктелуі. Ішкі сәулелену мен сыртқы сәулеленулердің түсініктері. Адам үшін иондаушы сәулеленудің көздері.

Радиациялық қауіпті объектілердегі авариялар. Олар 2-ге бөлінеді бойынша жіктеледі.

1. Қалыпты пайдаланудың типті бұзулары бойынша

2. Тұрғындар мен қоршаған ортаға келген зардаптардың сипаты бойынша.

Тізбекті ядролық реакцияларды басқару және бақылау болған жағдайда жылулық және ядролық жарылыстар орын алады.

Жылулық жарылыс реакциясының жүруін басқара алмайтын жағдайда энергия жинақталып, қуаты жоғарылайды да, жарылыс болады.

Персонал мен тұрғындарға радиациялық ластанудың әсері адамдардың ішкі және сыртқы сәулеленуі дозалармен анықталады.

Сыртқы сәулелену – сыртта орналысқан гамма сәулелену мен нейтрондар көздерінен адамның тікелей сәулеленуі.

Ішкі сәулелену – неғұрлым сезімтал адам мүшелерінің иондану сәулелену көздерінен болады. Ішкі сәулелену сәулелері арқылы жүреді. Адам үшін иондаушы сәулелену көздері табиғи және техногенді деп бөлінеді.

Табиғи көздеріне ғарыш сәулелері мен жер радиациялары. Олар табиғи радиациялық фон құрайды. Жылына адам үшін 0,14 бэр.

Техногенді сәулелену – медициналық аппараттар, жалпы көлемнің 50%, ядролық қаруды сынау кешені, кәсіпорындары жатады. Техногенді сәулелену орташа жылдық доазсы 0,09бэр. Бұлардың қосынды жылдың дозасы орташа 0,2-0,3 бэр құрайды. Бұл табиғи фон болып есептелінеді. Осы көлемде адам денсаулығына әсер етпейді.

40. өрт және жарылыс қауіпті объектілердегі авариялар. Жану, өртену процестерінің мәні. Жану, жарылу және детонация ұғымдары.

Өрт және жарылыс қауіпті объектілердегі авариялар. Жануға немесе жарылуға бейім өнімдерді өндіретін кәсіпорындарда орын алады. Жану және орттену – жанғыш заттар мен ауа оттегінің әрекетінен газ, жылу, жарық бөлетін жылдам жүретін химиялыө тотығу процессі. Ол жану, жарылу, детонация болып бөлінеді.

Жану кезінде жалын таралуы 10 м/с аспайд, жарылыста 100м/с, ал детонацияда 1000м/с дейін жетуі мүмкін.

Тәжірибеде толық және толық емес жану алады. Ол оттегінің жеткіліктігіне байланысты. Өздігінен тұтану немесе жылулық жарылыс жанғыш заттың ішкі жануынан болатын химиялық процесс. Ол жанғыш қоспаның көлеміне, қысымына байланысты болады.

Көптеген газдар мен сұйықтардың тұтануы 4080С, ағаш, көмір, торф тұтануы 2500-4000С жүреді.

Детонацияда жалынның таралуы дыбыстың жылдамдығынан артық болады. От алу температурасы бойынша барлық сұйықтар 2 класқа бөлінеді.

1. тез тұтанатын заттар, 45-тан температурада тұтанады. (бенщин, керосин, эфир);

2. жанғыш заттар 45-тан жоғары температурадағы (майлар, мазуттар).

41. жарылыс және өрт қауіпті объектілердің категориялары, және олардың зақымдаушы факторлары.

Жалпы жарылыс және өрт қауіпті объектілер 5 категорияға бөлінеді.

А-категория. Мұнай химия өнімдері.

Б-категория. Көмір ағашы, қант ұнтағы өнімдерін дайындау цехтары.

В-категория. Ағаш өндейтін, ағаш ұстаханасы, тақта дайындайтын цехтар.

Г-категория. Ыстық күйіндегі жанбайтын материалдар мен қатты, сұйық, газ түстес жанармайлар жағатын кәсіп.

Д-категория. Суық күйіндегі жанбайтын материалдар қоймалары мен кәсіпорындары.

Барлық құрылыс материалдарын мен конструкциялары жанбайтын, қиын жанатын, жанғыш болып бөлінеді.

42. Көліктегі авариялар, олардың түрлері.

Көліктегі авариялар. Теміржол, авиациялық катастрофа, жол-кқһөлік (авариялар) оқиғалары су транспорты магистральды авариялар.

Көліктегі авариялар түрлері

1) жолдардың жарамсыз техникалы жағдайлары.

2) Техникалық құралдардың істен шығуы

3) Сигналдар мен тежегіштер істемей қалуы

4) Машинистер, диспетчер, жүргізушы қателіктері

5) Қозғалатын құралдардың істен шығуы

6) Көліктердің соқтығысуы

7) Көліктегі өрттер мен жарылыстар

8) Техникалық құралдардың ескілігі

9) Ауа-райының қолайсыздығы

10) Жеке автомобиль көліктерінің өте тез көбейуі

11) Жол ережесін бұзу, ішімдік ішу

43. көліктегі авариялар мен катастрофалардың негізгі себептері.

44. Гидротехникалық құрылымдардағы авариялар. Су қоймаларын істен шығарушы факторлар мен проран туралы тұсінік.

Гидротехникалық құрылымдардағы авариялар. Судың кинетикалық энергиясын, техникалық процесс үшін су салқындату, мелирация, бөгет, су алу, су деңгейін реттеу, теңіз порттары, шлюз жағдайларында болуы мүмкін авариялар түрге бөлінеді.

1. суды бұзып өту порттары

2. су басып қалу аймағы

Судың бұзу өтуінде проран пайда болады. Ол негізгі фактор: судың құлау жылдамдығы, көлемі, толқын параметрлері, сумен бірге аққан заттардың бүлдіргіш күші тәуелді болады. Судың бұзып өту толқының жазық аймақ V=3-25км/сағ, таулы аймақта V=100км/сағ.

51. Зиянды физикалық өндірістік факторлар- Бұған себеп болатындар шу, вибрация, иондаушы және иондаушы емес сәулелену, климаттық параметрлар (ауа температурасы,ылғалдылығы, қозғалысы),атмосфералық қысым, жарақаттандыру деңгейі, фиброгенді шамдар.

52. Зиянды химиялық өндірістік факторлар- организмге әсер ететін улы заттардан пайда болады. Оған шамның түрлері әсіресе фиброгенді шамдар және химиялық заттар мен қоспалар.

53. Зиянды биологиялық өндірістік факторлар- мұны туындататындар потогенді микроорганизмдер, микробты препараттар биологиялық писцесидтер,сапрофитті тұқым түзуші микрофлора микробиологиялық препарадты дайындайтын микроорганизмдер.

54. Жергілікті жердің комендатурасы кіммен тағайындалады және оның ұғымы. жергiлiктi жердiң комендатурасы – төтенше жағдай енгiзiлген жергілікті жерде төтенше жағдай режимiн қамтамасыз ету үшiн Қазақстан Республикасының Президентi құратын уақытша арнаулы орган;

55.Алғашқы медициналық көмек. Тамақ ішу кезіндегі тұншығу

Белгілері: Зардап шегуші кенет жөтеле бастайды, тыныс алуы жиілейді, көгеріп, естен танады. Сенің әрекетің: зардап шегушінің артына тұрып, екі қолыңмен білектеріңді кіндіктен қабырғаға доға бұрышын жасап қой. Оң білек, түйілген жұдырықпен сол білектің үстіне қойылады. Зардап шегушінің ішін өзіңе және жоғары қарай бірнеше рет қатты бас. Тыныс алу жолдарынан бөгде зат шыққанға дейін орында. Егер зардап шегуші естен танса, оны еденге шалқасынан жатқыз, басын шалқайтып "ауызға - ауыз" әдісімен екі рет ауа үрлеу әрекетін жасаңыз. Сонан соң, зардап шегушінің үстіне бөксе жағына қарай отырып, айқастырылған білекпен, енді өзіңнен алға қарай және шамалы төмен жағынан ішін басуды жалғастыр. Әрбір 5 басудан кейін ауыз қуысын қарап шығу қажет. Өте толық немесе екі қабат әйелдерге әдіс төсінің орта жағында жүргізіледі. Балаларға 1 жастан 8 жасқа дейін бір қолмен жасалады. 1 жасқа дейінгі нәрестені тізеңнің үстіне етпетімен жатқызып және алақанның сырт жағымен жауырынның ортасына бес рет жеделдетіп қағып соққы бер. Сонан соң оны шалқасынан жатқызып, төсінің ортасына бір немесе екі саусақпен бас. Нәтиже болмаған жағдайда әдісті қайтала. Әдіс жасау кезінде нәрестенің басы кеудеден төмен болуы тиіс.

56.Құтқару жұмыстарының ұғымын беріңіз.????????????????

57.Ақ дегеніміз не? Азаматтық қорғаныс - басқару органдарының мемлекеттік жүйесі мен бейбіт уақытта және соғыс уақытында халықты, шаруашылық жүргізу объектілері мен ел аумағын осы заманғы зақымдау құралдарының зақымдау (қирату) факторларының әсерінен, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғау мақсатында жүргізілетін жалпы мемлекеттік шаралардың жиынтығы;

58. Алғашқы көмек. Жүрек қызметінің тоқтауы. Белгілері: естен тану, тыныс алу мен тамыр соғысының жоғалуы, терісі көгілдір-сұр. Сенің әрекеттерің: жасанды тыныс алдыру және жүректі жанамалай уқалап, сылау.

Жүректіжанамалайуқалап, сылаудыңәдісі: - Зардапшегушініңжанынатізебүгіптұрып, оныңжағасыныңтүймелерінағыт, оны тегісқаттыжергешалқасынанжатқыз. - семсертәріздесталшықтысаусағыңменсипала; - қолдыңекісаусағынмойынғақарайбағыттапқой; - мойынғақарайбағыттапоныңқасынаалақаныңды бас.

- келесіқолыңныңалақанын, қойылғанқолдыңүстінеқойғанда, екіқолдыңсаусақтары да жоғарықараптұруытиіс; - қолдардысозыпденеңніңсалмағынқажеттінүктегетіктептүсір, күшсозылғанқолдарарқылыберілетінболсын. Қысутәртіптері: Үлкендерге - минутына 60 - 70 -тен кем болмауытиіс; Жасөспірімдердіңкеудеклеткасын 4 см-гедейін (70-80 рет) қысады; Балаларға - үлкендердіңбірқолыныңкүшіжеткілікті (100 рет); Нәрестелерге - екісаусақтыңкүшіжеткілікті (минутына 100 - 120 рет).

Жасандытынысалудырумен жүректіуқалап, сылауәдістері (жүрек - өкпереанимациясы)

Есіңдеболсын! Тек қанаестентану, тамырлардыңсоқпауы, тынысалудыңжоқтығыкезіндежүргізіледі!

- Зардапшегушінішалқасынанжатқыз (мықты, қаттыжерге), аяғынкөтеріңкірепқой. - Зардапшегушініңөкпесінеекіретауаүрлеуәрекетінжаса, соданкейінжүрегінежабықуқалау, сипалаужұмыстарынжүргіз: - бірқалыппен: 15 рет - жүректіжанамалайсылауменжәне 2 рет өкпеніжасандыжелдендіруәдістерінжаса.Осындай4циклденкейінтағытамырсоққанынтексер,егербайқалмасаонда:Жүрек-өкпереанимациясынжалғастыр.Жүрек-өкпереанимациясын:-терініңқызаруы;-ұйқыкүретамырыныңсоғысынбайқалу;қайтатынысала бастағанкездетабыстыөткізілдідепсанауғаболады.

. Алғашқы көмек — адам өміріне немесе денсаулығына кенеттен қауіп төнгенде оның өмірін сақтап қалу үшін немесе апаттың зиянды әсерін азайту үшін қолданылатын қарапайым шаралар. Апаттың қатарына әр түрлі жарақаттар, сынық, буынның шығуы, улану, суға бату, күю, үсу,электр тоғы соғу, т.б. жатады. Алғашқы көмектің негізгі шаралары: апатқа түскен адамды апат әсерінен құтқару (өрттен, судан шығару); апаттың зиянды әсерін тоқтату (адамды жылыту, иіс тисе таза ауа жұтқызу); қан тоқтату, жараны байлау, сынған аяқтың немесе қолдың қозғалысын тежеу; жасанды дем алдыру, жүрекке жабық массаж жасау, апатқа түскен адамды тезірек емдеу мекемесіне жеткізу немесе жедел медициналық көмек көрсететін дәрігерлер тобын шақыру.

59. Химиялық зақым ошағы — химиялық қарудың немесе өте күшті улы заттардың әсеріне ұшыраған аумақ. Мұның салдарынан адамдар, жануарлар мен өсімдіктер зақымданады. Химиялық зақым ошағы улағыш заттар тікелей колданылган ауданды, биоконцентраттардағы булар мен аэрозольдардың таралу бағытындағы жерлерді қамтиды. Химиялық зақым ошағынын аумагы колданылған улағыш заттардың мөлшеріне, олардың типіне, метеорологиялық жағдайлар мен жер бедеріне байланысты. Химиялық зақым ошағының сақталу ұзақтығы, орта есеппен алғанда, жазда Ү-газдарымен зақымданғанда 1-3 апта, заринмен зақымданғанда 6-8 тәулік, ипритпен зақымданғанда 1,5 тәулікке дейін, қыста кейбір улагыш заттар, мыс., Ү газы зақымдаушы әрекетін бірнеше ай бойы сақтай алады. Химиялық зақым ошағындағы құтқару жұмыстарын жүргізу үшін ең алдымен арнайы құрылған жасақтар тартылады, қажет болған жағдайда оларға көмекке АҚ-тың баска да жасақтары бөлінеді. Ядролық зақым ошағы (Очаг ядерного поражения) — ядролық жарылыстың зақымдаушы факторларының әсерінен үлкен аумақта ерттер, зақымдану, жаппай қирау, оның ішінде қорғаныс құрылыстардың да қирауы, коммуналдық-энергетикалық тораптардың бүлінуі, жердің радиоактивті зақымдануы және халық арасында едәуір шығын болатын аумақ. Ядролық зақым ошағының аумағы қолданылған қарудың мөлшері мен қуатына, жарылыстардың түріне, ғимараттардың сипатына, жер бедеріне (акватория тереңдігіне) және ауа райы жағдайларына байланысты. Соққы толқынының қысым шамасы ОД кг/см2 және одан да көп бөлған жердегі шартты сызық Ядролық зақым ошағының сыртқы шекарасы болып табылады. Қираудың ықтимал сипатын анықтау және құтқару жұмыстарының көлемін белгілеу үшін Ядролық зақым ошағын төрт аймаққа боліп қарау қалыптасқан. Бұл аймақтардың радиустары ядролық жарылыстың қуаты мен ғимараттардың сипатына байланысты.

60. Иондық сәулеленудің топтары

Иондық сәулеленудің барлық түрлерін екі топқа бөлуге болады: электромагниттік сәулелену және корпускулярлық сәулелену.

Электромагниттік сәулеленуге рентген және гамма — сәулелері жатады, ал корпускулярлық сәулеленуге әр түрлі ядролық бөлшектер жатады. Күн – рентген сәулелерін шығарып отыратын бұлақ. Бұл сәулелер Жердің үстіңгі қабатындағы атмосферада ұсталынып тұратындығынан тірі жәндіктерге, жануарларға және адамдарға оның зиянды әсері жетпейді.

Гамма – кванты ядролық реакциялар жүргенде және көпшілік радиоактивтік заттар ыдырауға түскен кезде бөлініп отырады.

Рентген сәулелерінің және гамма – квантының физикалық қасиеттері ұқсас (заттардан өту қабілеті анағұрлым жоғары), сондықтан тірі организмге олардың биологиялық әсерлері бірдей.

Корпускулярлық сәулеленуге ядролық бөлшектерден тұратын иондық радиацияның барлық түрлері жатады: бета бөлшегі (электрондар), протондар (сутегінің ядросы), альфа бөлшегі (гелийдің ядросы). Нейтрондар тікелей емес жолмен бөлшектерді иондандыра алатын болғандықтан, олар өздері зарядталмаған болса да сәулеленудің осы тобына жатады.

Зарядталған ядролық бөлшектер сәулеленген заттан өткенде өзінің энергиясын жұмсап, энергиясы таусылғанша сол заттың атомдарын және молекулаларын ионды түрге айналдыра береді.

Сәулелену ядро бөлшектерін тек ионды түрге айналдырып қана қоймайды, ол сәулеленуге түскен заттың атомдарын және молекулаларын өзінің энергиясын соларға беру арқылы қоздырады. Сөйтіп, иондану және қозу — сәулеленген зарядтан өтетін иондық радиациясының энергиясын жұмсайтын негізгі құбылыс. Бета – бөлшегі өзінің физикалық жағынан атомдардың қабығындағы электрондардан айырмашылығы жоқ. Электрондар сияқты олар теріс зарядталған. Бета – бөлшегі атом ядросының радиоактивтік ыдырау кезінде пайда болады да, сәуле түрінде одан өте жылдам бөлінеді.

Альфа – бөлшегі бета – бөлшегіне қарағанда 7300 есе ауыр. Альфа – бөлшегі атомдық номері үлкен кейбір элементтерден радиоактивті ыдырау кезінде бөлінеді. Мысалы, радий элементінің ыдырауында: 88 Ra226 — альфа бөлшегі +86 Rn222 Альфа бөлшегінің ұшып шығуына байланысты атомдық номері екіге, ал атомдық салмағы төртке кемиді. Радиоактивтік элемент сәулеленгенде ол басқа элементке айналады.

61. Алғашқы көмек — адам өміріне немесе денсаулығына кенеттен қауіп төнгенде оның өмірін сақтап қалу үшін немесе апаттың зиянды әсерін азайту үшін қолданылатын қарапайым шаралар. Апаттың қатарына әр түрлі жарақаттар, сынық, буынның шығуы, улану, суға бату, күю, үсу,электр тоғы соғу, т.б. жатады. Алғашқы көмектің негізгі шаралары: апатқа түскен адамды апат әсерінен құтқару (өрттен, судан шығару); апаттың зиянды әсерін тоқтату (адамды жылыту, иіс тисе таза ауа жұтқызу); қан тоқтату, жараны байлау, сынған аяқтың немесе қолдың қозғалысын тежеу; жасанды дем алдыру, жүрекке жабық массаж жасау, апатқа түскен адамды тезірек емдеу мекемесіне жеткізу немесе жедел медициналық көмек көрсететін дәрігерлер тобын шақыру.

Тыныс алу жолдарындағы немесе өңештегі бөгде заттар..Белгілері: зардап шегуші мойнын ұстап, ештеңе айта алмайды, жан таласа дем алғысы келеді, ауа жетіспегенін сезінді, көгере бастады. Тыныс жолдары жарақаттанған кезде: шуылға ұқсас қатты жөтеледі. Сенің әрекетің: Бөгде затты тыныс жолдарынан шығару үшін ашық алақаныңмен жауырынның жоғары жағынан қағып ұру керек. Зардап шегушіден аузына саусағын салып зорланып құсуын талап ет, саусақты мүмкіндігінше терең салып өңешті тітіркендіреді. Тыныс алуы тоқтайтын болса, кешіктірмей жасанды тыныс алуды жүргіз. "103 - жедел жәрдемін" барынша жылдамдатып шақыр!

62. Радиациялық қауiпсiздiк – белгiленген нормаларға сәйкес қызметшiлерге, халыққа және қоршаған ортаға радиациялық әсерi шектелетiн, атом энергиясы пайдаланылатын объектінің ерекшеліктері мен сипаттамаларының жай-күйі.

Радиациялық авария — атом энергиясын қолдану объектiсiн қауiпсiз пайдалану шегiнiң бұзылып, бұл орайда адамдардың немесе қоршаған ортаның белгiленген нормалардан жоғары радиоактивтi ластануына әкеп соғуы мүмкiн немесе әкеп соққан радиоактивтi өнiмдердiң және (немесе) иондаушы сәулелендiрудiң қалыпты пайдалану жобасында көзделген шектен асып кетуi.

Радиациялық қорғаныш — радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге бағытталған радиациялық-гигиеналық, жобалау-конструкторлық, техникалық және ұйымдық шаралар жиынтығы.

Радиациялық мониторинг — иондаушы сәулелендiру көздерiн пайдаланатын объектiлерде де, қоршаған ортада да радиациялық жағдайдың жай-күйiн жүйелi түрде байқап отыру.

66. Сүзгіш -желдеткіш жүйесі тәртіп бойынша неше режимнен тұрады. Сүзгіш-желдеткіш жүйесі тәртіп бойынша 2 режимнен түрады:

- таза желдеткіш- ауа радиоактивті шаңнан тазарады;

-сүзгіш-желдеткіш — ауа сүзгіде улы және бактериалды заттардантазарады.

67. Алғашқы көмек көрсеткен кездегі басты сәттердің бірі - зардап шегушіні электр тоғынан тез босату. Бұны қауіпсіздік тәртіптерін сақтай отырып, өте мұқият жасаған жөн. Бұған бүкіл тізбектен тоқты ажырату, рубильникті, қосқышты, тығынды ажырату, өткізгіштерді кесу, зардап шегушінің денесінен электр өткізгіштерді құрғақ таяқ пен алып тастау арқылы қол жеткізіледі. Ажыратылмаған өткізгіштері жатқан кезде зардап шегушіні жалаң қолмен ұстау қауіпті. Зардап шегушіні өткізгіштен босатып, қауіпсіз жерге апарғаннан кейін оны мұқият тексеру қажет. Жергілікті зақымдануды термиалық күйік кезіндегі сияқты емдеп, таңғышпен жабады.

Жеңіл ортақ құбылыстар қоса болатын (талықсу, естен уақытша айырылу, бастың айналуы мен ауыруы және жүректің шаншуы), зақымдалу кезінде алғашқы медициналық көмек оқуға болған жерде жедел және үздіксі көрсетілуге тиіс, ал клиникалық өлім жағдайында адамға “ауызға-ауыз” және “мұрынға-ауыз” әдісімен жасанды демалдыру мен жүректің жанама сылауын жүргізу қажет.

Электр жарқатын алған барлық адам ауруханада жатуы тиіс. Осындай сырқаттарды стационарға тасымалдаған кезде жасанды тыныс алдыруды тоқтатпау керек, ол жүйелі, табанды және үздіксіз жүргізілуге тиіс.

Жүрек тоқтаған кездегі алғашқы көмек жасанды тыныс алдыруы мен жүректің сыртқы сылауын біруақытта жүргізу арқылы ертерек басталуға тиіс.

Егер жасанды тыныс алдыру мен жүректі сылау мүмкіндігі болса оны жүрек дәрі-дәрмектер (ішкі бұлшық ет кордиаминның 2-4 мл 25пайыз ерітіндісі, кофеиннің 1 мл 5 пайыз ерітіндісі) және тыныс алуды қоздыратын дәрмектерді (1 мл цититон, терінің астына лобелиннің 1 мл 1 пайыз ерітіндісі) берумен орайластыру қажет.

Тұрмыста кеңірек таралған найзағай соққан адамды жерге көміп тастауы керектігі туралы пікір өрескел қате болып табылады.

Тұрмыста кеңірек таралған найзағай соққан адамды жерге көміп тастауы керектігі туралы пікір өрескел қате болып табылады.Найзағай соққан адамды жерге көмуге мүлдем тиым салынады! Зардап шегушіні жерге көміп тастау қосымша қолайсыз жағдайды туғызады: тыныс алуды нашарлатады,зардап шегушінің денесін суындырады, қан айналымын қиындатады,ең бастысы пәрменді көмек көрсету уақытын созады.Жылыту,жасанды демалдыру, жүректің жабық сылауы, өз уақытында тасымалдау-зардап шегушіні құтқарудың бірден-бір ықтимал нұсқасы болып табылады.

найзағайдың соғуы кезінде. Алғашқы көмек көрееткенде ең алдымен электр тогының әсерін тоқтагу керек. Бұл қажет, өйткені электрсымы тартқанда зақымдалушы адамның көбінесе босанып шығуға дәрмені жетпейді. Көмек көрсетуші адам өз басының қауіпсіз болу ережесін де сақтауы керек. Ток келіп тұрған көзді тоқгату үшін ажыратқыш-қосқыш тетікті, тығындарды, рубильникті ажыратыл, көмек көрсетуші адам қолын (резина қолғап киіп немесе құрғақ жүн матамен ұстайды) және аяғын (резина етік киеді) ток ұрмайтындай еткеинен кейін ғана зақымданушы адамды токтан тартып ажыратуы не болмаса зақымданушы адамды басқа да тәсілдермен ток көзінен ажыратуы керек (мысалы, кез келген құрғақ ағаш затпен ток сымын басқа бір жаққа бұру). Жүрегі тоқтал, тынысы бітіп кетпеген болса, оған толық тыныштық керек (денені сұлатып жатқызады), жылы сусын ішкізіп, мүсәтір спиртін иіскетеді; терісі күйгенде — борлы вазелин жағыл немесе сутегінің асқын тотығымен сүртіп, стерильді бинтпен таңыл тастайды. Егер тынысы тоқтал, жүрегі соқпай қалған жағдайда (клиникалық өлім) көрсетілетін алғашқы көмек — дәрігер келгенге дейін реанимация шараларын жасау (жүрекке массаж жасау, «ауызбен ауызға дем үрлеу» арқылы қолдан тыныс алдыру; Алғашқы көмек деген мақаланы қараңьіз). Сонымен бірге шұғыл дәрігерлік көмек көрсету және ауруханаға жеткізу үшін жедел жәрдем дәрігерін шақыру қажет. Егер электр тогынан зақым алғаннан кейін 30—40 минут өткен соң да ұйқы басып, басы айнала берсе, жүрегі қағып, тер басса, тынысты тарылып, денесі тітіркенсе, онда алған зақымы жеңіл сияқты болып көрінгеніне қарамастан, дәрігерлік бақылауға алып, көмек көрсету міндет. Электр тогынан зақымданудың бір түрі жай отынан — күн күркіреген кездегі атмосфералық электр разрядынан зақымдану болып табылады. топы ұрған) адамды тоқ «шықсын» деп жерге кему керек деген ел арасындағы соқыр сенім — зиянды адасушылық, өйткені жерге көмілген ағза тез салқындайды, кеудеге салмақ түсіп сығылады, тынысы тарылады, жүрегі қысылады, пайдалы алғашқы көмек көрсетілуге тиісті уақыт өтіп кетеді. Жай оты түскен (немесе электр тоғы ұрған) адамды ток «шықсын» деп жерге көму керек деген ел арасындағы соқыр сенім — зиянды адасушылық, өйткені жерге көмілген ағза тез салқындайды, кеудеге салмақ түсіп сығылады, тынысы тарылады, жүрегі қысылады, пайдалы алғашқы көмек көрсетілуге тиісті уақыт өтіп кетеді.

73. Суға батқан кездегі көмек

Зардап шеккенге алғашқы көмекті судан көтеріп, жағаға немесе катерге жеткізгенше көрсету керек.

Зардап шеккеннің жағдайын толық білу қажет.

Зардап шеккенді катерге, құтқару қайығына салып жағаға жеткізгенше, жасанды дем беруді жалғастыру керек, ол үшін ауа шығарғыш немесе арнаулы демалғыш және Рубенс қабын қолдану керек. Ұйқы тамыры соқпаса тез арада жүрек сылауына кірісу керек. Жұтқан суды толығымен өкпеден шығарамын деген ой қате (орындалмайтын іс).

Зардап шеккенді етбетінен жатқызып, аяқтарын иіп, кеудені қырынан қысып (10-15 секунд ішінде) осыдан кейін зардап шеккенді арқасына аударады.

Егер тістерін аша алмаса, ауызын қолмен ашып, арнаулы санитарлық сөмкедегі жабдықтарды немесе қолда бар қатты заттарды (қасық және т.б.) қолдану керек.

Адамның ауызын саусаққа мата орап алып тазалайды. Ашу қиындаса, төмендегі жақты басу керек. Тыныс жолдарын судан тазалау үшін арнаулы сорғыш қолданылады. Өкпе ісігін күшейтпеу үшін көбігін шығарғанша тазаламау керек.

Зардап шеккенді құтқару орталығына жеткізгенше бүкіл шараларды жалғастыра беру керек. Аса бір қателік — жасанды дем беруді тоқтату. Зардап шеккеннің уақытша дем алуы, оның толық қалпына келуі емес, сондықтан ессіз болса да, өкпенің ісігі болса да жасанды дем беруді жалғастыру керек. Жасанды дем беру желісін, демалуы 1 минутта 40 рет соғып, денесі көгере бастаса да жасау керек.

Көмекті тезірек, үзбей, уақытымен көрсетуді әруақытта есте ұстау керек.

74. Коменданттық сағат

Коменданттық сағат - төтенше жағдайлар уақыты жағдайында (тәртіпке сәйкес, түнгі уақыттарда) тиісті елді мекеннің, қаланың көшелерінде арнайы берілген рұқсат қағазсыз жүруге тыйым салынуы.

Коменда́нтский час (запретное время) — запрет находиться на улицах, в общественных местах, лицам, не имеющим соответствующего разрешения в определенное время суток (как правило, ночью), с целью установления и поддержания порядка, уменьшения количества жертв во время чрезвычайного положения, в военное время. За соблюдением запрета следят специально выделенные для этой цели подразделения войск или полиции государства.

75.Сүйектің сынуы

Сүйектің сынуы. Адам қатты құлағанда немесе басқаша оқыс жағдайда сүйектің сынуы мүмкін. Сүйектің сынуы 2 түрлі: морт сыну, шытынап сыну. Әсіресе ересек адамдардың сүйектері морт сынғыш, оның себебін өздерің түсіндіруге тырысыңдар. Морт сынғанды - ашық сыну деп атайды. Морт сынған кезде сүйектердің ұштары қантамырларына, бұлшықеттерге, теріге зиян келтіреді. Жарақаттанған жерге микробтар түсуі мүмкін (69, а-сурет). Сынған жері қатты ауырып шыдатпайды, сондықтан қозғалмайтындай етіп шендеуіш салып таңады. Шендеуішке кез келген қатты заттар (тақтай, таяқ, қатқыл қағаз) жарайды. Алдымен жарақаттанған жерге жұмсақ мата салады. Матаның үстіне шендеуішті қойып, аяқ немесе қолмен бірге (сынған мүше) қатты таңып тастайды. Қозғалмалы буындар орналасқан жерін де қамтиды. Кейде қозғалтпау үшін сынған қолды тұлғамен қосып таңады. Егер бассүйек жарақаттанса, жарақттанған жерін ептеп тазалап, таңып, үстіне суық шүберек басуға болады Ашық сынған жердің алдымен аққан қанын тоқтатып, жараны тазалап алып, шендеуіш салады. Дәрігердің көмегі ауадай қажет. Ашық сыну өте қауіпті, өйткені сүйектерұсатылып кетеді. Сүйектің бітіп қайта қалпына келуі сүйектің сыртқы қабына байланысты.

76. Панахананың негізгі бөлмелері

Жасырынуға арналған бөлме бір неше бөлікке бөлінуге тиіс, адамдарды орналастыру үшін бір жөне екіярусты орындықтар немесе нарлар қойылады; төменгісі отыру үшін, үстіңгісі жату үшін. Жатуға арналған орын нар екіярусты болып орналасқанда панаханада жалпы орының 20% - ін, ал үшярусты орналасқан кезде 30%-ін құрауға тиіс.

Басқару нүктесіне арналган бөлме қорғалған электркөзі бар бөлмеге орналасады бір жұмыс істейтін алаң нормасы 2м2 болып белгіленген.

Санитарлық нукте (медпункт) сырқаттарды анықтау және оқшалау мақсатында жасырынатындардың жүріс тұрыстары мен денсаулық жағдайын түрақты бақылайды. Ғимараттың санитарлық ахуалын, азық-түлік пен ауыз суының сақталуы мен таратылуына санитарлық қадағалау жасайды. Ол ұжымдық дәрі-дәрмек қобдишасымен жабдықталады (1 тізбе — 100—150 адам; 2 тізбе 400—600 адам үшін). Звенода (топта) қорғаныс ғимаратына қызмет көрсететін фельдшер болған жағдайда қосымша фельдшерлік, дәрігерлік қобдишамен жабдықталады.

Желдетілетін бөлме панахананың ішкі қабырғыларымен түйісуге және кіреберістер мен авариялық шығыберістерге жақын орналасуға тиіс. Сыйымдылығы 150 адамға дейінгі панаханада желдеткіш қондырғысын жасырынатындар бөлмесіне тікелей орналасуға рұқсат етіледі.

Санитарлық тораптар ерлер мен әйелдер үшін бөлек орнатылады.

ДЭС ушін бөлмелер ішкі қабырғаға орналасады және басқа бөлмелерден жанбайтын қабырғамен (қоршаумен ажыратылады) панаханадан бөлмеге өтетін кіреберістер панахана жаққа қарай ашылатын екі қымталған есігі бар тамбур-мен жабдықталады.

Тамбур-шлюз басқа кіреберістер жабылғаннан кейін панаханаға адамдарды жіберу кезінде панахананың қорғаныстық қасиеттерін сақтайды, сыйымдылығы 300 адам және бірден артық кіреберісі бар панаханаға орнатылады.

Қоргалган кіреберістер мен шыгаберістер. Олардың саны панахананың сыйымдылығына байланысты, алайда екеуден аспауға тиіс. Сыйымдылығы 300 адамға дейінгі бір кіреберіс ұстауға рұқсат етіледі, алайда екіншісі тоннель түрінде авариялық (көшіру) шығаберісі ретінде қызмет етуі қажет. Кіреберістер жасырынатындардың негізгі тобының қозғалысын ескере отырып панахананың қарсы жағына орнатылады.

77.Тұрмыстық күйіктер

Сенің әрекеттерің: - Кешіктірмей күйік себебін жойыңыз (мысалы жалынды сөндіру). Денесінен тұтанған немесе ыстық май, су, химиялық зат сіңген киімді, ол теріге жабысқан жерлерін қалдырып, өзге жерлерін шеш. - Күйген жерді суық судың астында 10-15 мин (ағынды су) ұстаңыз. Егер дененің зақымдалған үлкен жерінің көлемі үлкен болса, оның үстін суық суға малынған ақжаймамен жабыңыз. Салқындатқаннан кейін құрғақ таңғыш, дәкі немесе ақжайма қолданыңыз. Егер зардап шегуші есінен айрылмаған болса, оған суық су бер.

Есіңде болсын! Күйген жерге қандай да бір май немесе крем жағуға, теріде пайда болуы мүмкін көпіршіктерді ашуға (жұқпалылардың ену қауіпі) болмайды.

Күйген алаң онша үлкен болмаса (қызарған тері, көлкілдек бүршік) жергілікті жердің травпункттіне қарал. Дененің күйген алаңы үлкен болған жағдайда "103-жедел жәрдемін" шақыр.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: