Ауа алмасуын есептеу

Шымкент Мұнай Өңдеу Зауытындағы жергілікті сору желдеткішінің ауаны тазарту бойынша есептері ОНД-86 әдістемесін, ҚТҚ кептірілген және сұрыпталған 1% шаң-тозаң бөлшектеріне ауысуын есепке ала отырып, кәсіпорын шығарындыларындағы зиянды заттардың ауа атмосферасындағы шоғырлануын есептеу әдістемесі бойынша жүргізілген.

СПҚТҚ ауаны тазарту қондырғысы болмаған жағдайда, қоршаған атмосфераға ластанудың мүмкін болатын төрт ошағы белгілі.

Жобамен (ҚТҚ) көбікті тазартуды қолдана отырып шаң аулаушы батареялық циклондарда кезекті тазарту кіретін жергілікті және жалпы ауаны сору желдеткішімен тазарту іс-шарасы көзделген.

№1 ошағы – «қыздырылған шығарынды» санатындағы кептіру бөлімінің шығарындысы. Ошағы – ҚТҚ барабанды кептіргішін кептіру кезінде шығарылатын ылғал, мұндағы ҚТҚ жылу алмастырғыштағы қыздырылған суды салқындатудан алынатын құрғақ қыздырылған ауамен өңделеді, t0 = 1250-1200С. Температура tn = 1250-1200С алынатын және бұйым өндірісінде пайдаланылатын полиэтилен бұйымдарының болуымен орналастырылған (t, полиэтилен=1150-1200С). ҚТҚ қағаздың болуы да кептіру температурасын арттыру мүмкіндігін береді. Бу түріндегі «қыздырылған шығарынды» барабан кептіргішіне жүктелген ҚТҚ партиясын кептіру уақытын азайтуды қамтамасыз ету мақсатында tв= 1150 С кезіндегі кептіру барысында қолданылатын ауамен бірге жүреді. «ТЖСҚКЖ» зауытын түсетін ҚТҚ тиісті жағдайларда өткір иісті әртүрлі заттарды бөле отырып ыдырауға қабілетті органикадан тұрады. Зиянды шығарындылардың басқа да көздері:

№2 – ҚТҚ механикаландырылған бөлу учаскесі;

№3 - құбырлы термопластикамен жабу учаскесі (құбыр бетін ластанулардан механикаландырылған тазарту);

№4 – компосты дайындау учаскесі (сөнбеген әкте ұсақтау және оны өңделетін ҚТҚ қалдықтарымен араластыру).

№2, №3, №4 учаскелерінде шығарынды аймағынан тікелей ауаны сору жолымен шаң аулаушы болады.

Құрылғы және қондырғы, мұнда цех ауасы мен ауа атмосферасына өлшенген бөлшектер түріндегі шығарындылар мен ластанулардың түсуі, құрылғылар мен қондырғылардың жұмыс учаскесінде шаң тазалау циклондары мен көбікті-сұйықтықты шаң басу құрылғыларымен қиюласқан стационарлық және сору желдеткіштері түріндегі жергілікті тазарту құрылғыларының сору келтеқұбырлары орнатылады.

5.3.4 Механикалық жарақаттардан қорғау

Жарақат ретінде көрсетілген келесідей жағдайлар топталынған:

1) жұмыс орны тəртібінде, өндіріс құралдары, жеке қорғаныс құралдарын дайындау мен жүргізу кезінде, жұмыс уақытының аяқталуы бойынша немесе басталар алдында.

2) жұмыс ұйымдастырушы немесе жұмыс берушінің тапсырмасымен байланысты, өзінің міндетін немесе жұмысын орындаумен болған орнында немесе іс сапар уақытында жəне жұмыс орнында, жұмыс уақыты аралығында;

3) өндірістік зиянды жəне қауіпті əсерлердің нəтижесінже;

4) жұмыс уақытында, жұмысшы зерттеуінің жолы бойынша, жұмыс орнында қызмет ету объектілері арасындағы жылжумен байланысты əрекеттерді, жұмыс берішінің тапсырмасын орындауы бойынша əрекеттерді, жұмыс берушінің тапсырмасын орындауы бойынша;

5) жұмыс берушінің көлігінде;

6) қызметтік жол жүруі үшін пайдалану құқығына жұмыс берушінің жазба түріндегі келісімі бар болған кездег, жеке көлікте;

7) жұмыс берушінің бұйрығы бойынша, өзінің жəне басқа ұйымның территориясына келген кезеңінде, сонымен бірге жұмыс берушінің жеке меншігін қорғау кезінде;

8) жұмыс орны бойынша немесе іс сапары кезінде жұмысшының қызметтік міндетін орындауы кезінде, оны қасақана өлтіру жəне оны жарақаттауы.

Егер жарақат алған жұмысшы, тұрғындарды əлеуметтік қорғау аймағындағы орталық орындаушы органдардың территориялы бөлімшесінде көмек түрлерін (емдеу, қосымша тамақтану, дəрі –дəрмек алу, медициналық тексеруден өту, санитарлы-курорттық емдеу, зиян шегушінің емделу орнына барып – қайтуына төлем ақысын қоса алғанда), алмаса, ұйым жарақат алған жұмысшыға еңбек ақысына қосымша жəрдем ақы береді жəне қосымша шығынды төлейді.

5.3.5 Жарылыстардың алдын-алу іс-шаралары.

ЭСТҚ-АҚ-2 мұнайды алғашқы өңдеу қондырғысында көп мөлшерде өрт және жарылыс қayiптi материалдар жиналған. Қондырғыда жоғары өнімді көптоннажды құрал-жабдықтарын пайдаланғанынан кейбір аппараттарда және технологиялық жүйелерде мұнай өнімдерінің мөлшері көбейеді, бұл қондырғыньң кейбір аймақтарында өрт және жарылыс қауіпті материалдардың концентрациясы жоғарлауына әкеліп соқтырады. Өндірістің өртке жəне жарылысқа қауіптілігі дəресесі 5-ке бөлінеді: А,Б,В,ГжəнеД.

А – дəрежесіне өртке қауіпті өндіріс жатады. Онда жататын газдар мен оңай тұтанатын газдар. 28 Стемпературада жарылысқа қауіпті булы газ ауаны, қоспаны құрайды.

Б – дəрежесіне жарылысқа қауіпті өндіріс жатады, шаңды булы газ ауаны құрайды.

В – дəрежесіне қиын жанатын сұйықтар мен материалдар (сондай-ақ шаңдар) жатады.

Г – дəрежесіне балқыған күйдегі жанбайтын заттар мен материалдар жатады.

Д – дəрежесіне мұздай күйдегі заттар мен материалдар қолданылатын өндіріс жатады.

Өртке қарсы жарылыстарды анықтау мақсатында өрт қауіпсіздігі талаптарын жəне өндірістік шарттарды үнемі ескеру керек. Көп жағдайларда сенімді техникалық құралдарын қамтамасыз ететін, яғни өрттің алғашқы сатысында алдын алуға болатын минималды-шекті құралдарды қолданамыз.

5.3.6 Химиялық заттармен улануда қауіпсіздікті қамтамасыз ету

Шымкент Мұнай Өңдеу зауытындағы химиялык заттардың жұмысшыларға әсері түрлі кәсіптік салада жұмыс жасау кезінде табиғи шикізатты өңдеу және алу, өндірістік өнімдерді дайындау мен тасымалдауда, транспортта жұмыс жасау барысында, ауылшаруашылығында және басқа да еңбек ету аясында байқалады.

Егер адам улы заттардың буымен және шаңымен тыныс алу кезінде уланса, зардап шегушіні тез арада уланған аумақтан таза ауаға шығарып, улы заттармен уланған киімдерін шешу керек. Суық уақытта жылы көрпе жауып, аяғына жылтқыш қояды. Жедел дәрігер шақыру қажет.

Асқазан, ішек-қарын жолы уланса зардап шегушіге бірнеше стакан жылы су береді. Жұтқыншақты саусақпен жыбырлатып құстырады. Мұндай шараны асқазанан у толық шыққанша бірнеше рет қайталау қажет. Удан айықтыру үшін зардап шегушіге суға араластырылғн активтендірілген көмір (бір стакан суға 2-3 ас қасық), сосын тұз ерітінділерін (жарты стакан суға 20г. ащы тұз) ішуге береді. Адам ағзасына тыныс алу жолдары, ішек жолдары жəне тері қабаттары арқылы енетін зиянды заттар оның тіршілік əрекетін бұзады жəне оны улы жəне токсиндік заттар деп атаймыз. (МЕСТ 12.1007-76).

5.4 Санитарлы-гигеналық іс-шаралар

5.4.1 Арнайы киіммен, арнайы аяқ киіммен, қорғау құралдарымен қамтамасыз ету

Сұйық мұнай өнімдерінің жұмыс аймағына тасталуы технологиялық режимнің бұзылуы, жабдықтың, арматураның, КИП және А құралдарының бұзылуы кезінде мүмкін болады.

Өндірістік санитария дегеніміз – өндірістік ортаның қолайсыз шарттарын жұмысшыға әсер ететін тәуекелін жіберетін деңгейге дейін жеткізу мақсатында жүргізілетін іс-шаралар кешені. (Н-245-71).

Секция территориясына төгілген мұнайөнімдері мен реагенттер салқын судың көп мөлшерімен тез арада шайылуы тиіс. Мұнай өнімдері мен реагенттердің теріге түсуі кезінде сабындап жуылуы тиіс, улы сұйықтың қалдықтары қышқылдың әлсіз ерітіндісімен бейтараптануы тиіс.

Олардың көзге түсуі кезінде су ағынымен мұқият жуылып және бор қышқылының әлсіз ерітіндісімен бейтараптануы тиіс. Мұнай өнімдері немесе реагенттер түскен киімдер тез арада шешіліп, жуылуы тиіс. Өндіріс орындарын, онда пайдаланылатын машиналар мен аппараттарды тазартуды т.с.с. жұмыстарды тек дезактивация, дегазация жүргізе алатын машиналары, қондырғылары бар АҚ күштері өткізеді. Бұл жұмыс үшін басқа да техникалар пайдаланылады. Сонымен қатар қол құралдары: бүріккіштер, сулатқыштар, сыпырғыш, күректер т.б. қолданылады.

Жоғарыда айтылғандай киімдер дезактивация жасаудың негізгі тәсілдері: қағып-соғу, сыпыру сораптармен сору т.б.

5.4.2 Метеорологиялық шарттарды қамтамасыз ету

Метеорологиялық жағдайлар ағзаның қоршаған ортамен жəне оның жылулық жағдайымен, жылу алмасуына əсер ететін физикалық факторлар кешені. Өндірістік микроклиматты құруға (қалыптасуға) технологиялық үдірістер мен жергілікті жердің климаты қатты əсер етеді.

Микроклиматтың көрсеткіштері: температура мен салыстырмалы ылғалдылық. Микроклиматтың көрсеткіштерінің өзгеруі жəне əртүрлі ауырлықтағы жұмысты орындауы кезіндегі, дененің тұрақты температураны ұстап тұратын, адам ағзасының қабілеттілігін термореттеу деп атаймыз.

Ол заттардың алмасуының өзгеруі (химиялық термо реттеу) мен жылу берудің (физикалық термореттеу) нəтижесінде жылу түзілудің арасындағы орнатылған белгілі қатнастарды қамтамасыз етеді.

Жұмыс орнындағы микроклиматтың көрсеткіштерін өлшеу үшін, əртүрлі аспаптар қолданылады. Жеке алып қарағанда:

- температура мен ауа ылғалдылығы- аспирациялық психометрмен МВ-4М, М-34, электр термометрлері, қара бояумен боялған термометрлер;

- ауа қозғалысының жылдамдығын – анемометр (қанатты АСО-3, АП-1м,чашкалы МС-13), термо анемометрлер ТАМ-1, цилиндрлік жəне шарлық ката термометрлер;

- Жылулық сəулеленуге – актинометрлер (инспектрлік, ИМО-5).

Адам ағзасына микроклимат факторларының зиянды əсерін жою үшін жəне өндірістік ғимараттарда қалыпты жұмыс жағдайын қалыптастыру үшін ауалық ортаның көрсеткіштері, зиянды заттардың ШРК бекіткен, СанЕмН 2.2.4.548-96 «Өндірістік ғимараттардың микроклиматына қойылатын гигеналық талаптары» жəне МЕСТ 12.1.005- 88 «Жұмыс аймағының ауасы. Қауіпсіздікке қойылатын жалпы талаптарына» сəйкес келу керек.

5.4.3 Жасанды жарықтандыруды ұйымдастыру және есептеу

Жасанды жарық бөлмелерде табиғи жарық аз болғанда немесе оның жоқ кезінде қолданылады. Ол орындалған конструкциясына қарай үш түрге бөлінеді:

1. Жалпы жарық – бөлменің барлық ауданын біркелкі жарықтандыруға арналған.

2. Жергілікті жарық - әр жұмыс орнын жеке дара жарықтандыруға арналған.

3. Қосынды жарық – жалпы және жергілікті жарықтын бірге қолданылған түрі болады. Жасанды жарықтың бұл түрі тиімді болғандықтан өндірісте кенінен пайдаланады.

Шымкент Мұнай Өңдеу Зауытындағы өндіріс цехында қолданылатын жасанды жарықтың негізгі көздері болып қазу және газоразоядтық шамдар пайдаланылады. Бұл шамдардың өзіндік артықшылығы мен кемшіліктері болады. Қазу шамдардың артықшылығы: жасалу оңай, пайдалануда ыңғайлы, электр желісіне қосылуы қиын емес т.с.с. Кемшілігі мында: пайдалы әсер коэффициенті (ПӘК) өте аз (0,05-0,1), жұмыс істеу мерзімі кіші (≤1000 сағат), жарық берілісі кем (7-20 лм/Вт), өте қатты ысиды, көзді шағылыстырады т.с.с. Кейінгі жылдары галогенді қызу шамдары шығарлып жүр, олардың жұмыс уақыты 3000 сағатқа дейін болады, жарық берілісі 40 лм/Вт дейін жетеді.

5.4.4 Шудан қорғау

Шуды есептеу.

Киізден жасалған қаптамасы бар дыбыс оқшаулағыш металды қабықты қолдану барысында Шымкент Мұнай Өңдеу Зауытындағы цехта қондырғының дыбыс қысымының деңгейін азайту мөлшерін анықтау.

Есеп келесі түрде орындалады:

- қондырғының дыбыс деңгейі L = 110 дБ;

- қондырғының тербеліс жиілігі – 850 Гц;

- дыбыс оқшаулағыш қабықтың массасы – 8*10 Н/м2:

- металды қабықтың дыбыс өткізбейтін коэффициенті – 0,45.

1. Дыбыс қысымының деңгейін азайту мөлшерін мына өрнекпен анықталады:

Lk1 = 130,56 + 10lg 0,015 = 112,32 дБ;

Lk2 = 130,56 + 10 lg 0,45 = 127,09 дБ;

Lk = 112,32 + 127,09 = 239,41 дБ;

Мұндағы: Lk - дыбыс қысымының деңгейін азайуы, дБ;

- қабықтың дыбыс оқшаулағыш коэффициенті.

2. Қабық қабырғаларының дыбыс оқшаулағышын анықтау:

R = 20 lg mf – 47,5 = 130,56 дБ;

Мұндағы: R – қабық қабырғаларының дыбыс оқшаулағышы, дБ;

m – оқшауланатын қондырғының массасы, кг;

f – дыбыстың стандартты жиілігі, 1000 Гц.

5.4.5 Өндірістік дірілден қорғау.

Діріл - акустикалық факторлар- шу, ультра дыбыс, инфра дыбыс, діріл, олардың табиғаты бірдей жəне толқын тəрізді, серіппелі ортада механикалық тербелістегі қозғалыста таралады.

Дірілдің адамға əсерін, адамның физиологиялық қасиетімен, жиілік спекторымен анықтайды. Өте қауіпті діріл, 6....9 Гц диапазонында жатыр, ол адамның өзінің ішкі мүшелерінің тербеліс жиілігімен сəйкес келетіндіктен, əсіресе бас миының α- ырғағымен сəйкес келеді, соның салдарынан психологиялық жəне органикалық бұзылуларға алып келетін қабілеті бар, резонанс пайда болуы мүмкін. Көру күштілігінің бұзылуы 10.....25 Гц жиілікті диапазондағы діріл əсері кезінде бақыланады.

Дірілмен күресудің негізгі шаралары:

- машиналар конструкциялар мен технологиялық үдірістерді жетілдіру (механизмдерді ауыстыру);

- дірілді демпфирлеу (дірілді жұту)- үлкен ішкі үйкелісті, материалды конструкцияларды қолдану;

- дірілдейтін бетке, серпімді тұтқырлы материалдар қабатын енгізу (пластмасса, ағаш, резеңке);

5.5 Өртке қарсы іс-шаралар

Өрт – бұл материалдық құндылықтардың жойылуына адамның өміріне және денсаулығына қауіпті жағдай орнатады. Өрт қауіпсіздік және техникалық процестердің ережелерін бұзу, электрожелілерді және құрылғыларды дұрыс пайдаланбау және басқада ережелерді орындамау әсерінен өрттің пайда болуына әкеліп соғады.

Өндіріс орындарында өрт бола қалған жағдайда өрттің бір орнынан екінші орынға немесе аппараттар мен жабдықтардың бір – біріне тез таралмауы үшін олардың арасын арнайы қабырғалармен бөліп немесе қоршап қояды.

СН 2.01.02 – 85 «Өртке қарсы нормалар» стандарттарына сәйкес келесі орындар қарастырылуы керек:

- Өртке қарсы тұрақты қабырғалар;

- Түтін люктары;

- Жергілікті өртке қарсы құралдар мен саймандар.

Ректификация блогында мұнай өнімдері өңделетін болғандықтан, өрт және жарылу қаупі бар. Мұнда өртті алдын – алу шаралары қарастырылған. Мұнда әрбір 10 – 20 метр қашықтықта құм толтырылған жәшіктер, шелек, күрек, өрт сөндіру құрылғылары және т.б. құралдар бар.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: