Номенклатура

Тарихы

1846 жылдың 23 қыркүйегінде ашылған Нептун ғаламшары математикалық есептердің көмегімен ашылған алғашқы ғаламшар болды. Уранның орбитасындағы күтпеген өзгерістер белгісіз ғаламшардың тартылыс күшінің ықпалынан болуы мүмкін деген тұжырым келтірді. Нептун көзделген орындағы бұрыштан табылды. Көп ұзамай Тритон атты серігі ашылды, бірақ, басқа да 12 серіктері XX ғасыр дейін ашылған жоқ. Нептун планетасының қасынан тек бір Вояджер 2 ғарыш кемесі 1989 жылдың 25 тамызында өтті.

Нептун құрылысы

Нептунның құрылысы Уранның құрылысына ұқсас, екеуі де ірірек келетінЕсекқырған және Қоңырқай газ гиганттарының құрылыстарынан өзгеше. Сондықтан, астрономдар бұл ғаламшарларды "мұз гиганттары" қатарына жатқызады. Нептунның атмосферасы Есекқырған мен Қоңырқайдың негізінен сутегі және гелийден тұратын атмосферасына ұқсас болғанымен,су, аммиак және метан тұратын ірі "мұздарға" толы, гидрокарбон және шамасы, оттегі іздері бар.

Нептунның бетінде Күн Жүйесінде тіркелген ең қатты желдер болады, олардың жылдамдығы 2100 км/сағат. 1989 жылы Вояджер-2 ғаламшардың қасынан өтіп бара жатқан кезде Есекқырғанның бетінде Ірі Қызыл Дақпен салыстырыла алатындай оңтүстік гемисферада Ірі Қара Дақ тіркеді. Нептун бетіндегі бұлттардың температурасы −218 °C (55.1 K)-ге дейін жетеді, бұл Күн Жүйесіндегі ең салқын температура, Күннен алыстығы бұған себеп болады. Нептунның ортасындағы температура 7,000 °C (7,270 K)-ге дейін көтеріледі, бұл Күннің бетіндегі температураға ұқсас және басқа да белгілі ғаламшарларға тән. Нептунның бұлыңғыр әрі әркелкі орналасқан сақина жүйесі бар, бұл сақина 1960 жылдары байқалғанымен, Вояджер-2-нің зерттеулері сақиналарының бар екендігін дәлелдеді.

Нептун серігі

Нептунның сегіз серігі бар. Оның Тритон деп аталатын серігі мұз жамылғысына оранған. Күннің әлсіз сәулесі мұз қабатынан өте отырып, ішіндегі газды қыздырады. Қызған ыстық газ ағыны сыртқа атқылайды. Уақыт өткен сайын Нептундағы жұмбақтық бірде пайда болады, бірде жоғалып кетеді. Ғалымдардың ұйғаруынша, бұл- осы планетадағы қатты қапталудың белгісі. 1989,1994 жылдары астрономдар Қара дауыл деп аталатын үлкен қара дақты бақылады. 1994 жылы планетадан "Хаббл" телескопы Жердің мөлшеріндей үлкен түтікті байқады. Алып дауыл оны планетаның беткі қабаты бойымен екпіндетіп алып кеткен болу керек.

Ашылуы

Галилео Галилей суреттері оның Нептунды алғашқы болып 1612 жылдың 28 желтоқсан көргенін көрсетеді, 1613 жылдың 27 қаңтар ол тағы да бақылады; екі жағдайда да ол Нептунды жақындап тұрған жұлдызбен шатастырды - бұл түнгі аспандағы Есекқырған болатын. Сондықтан, бұл Нептунның ашылуы болып саналмайды. 1612 жылдың желтоқсанындағы алғашқы бақылауындағы кезде, ғаламшар дәл сол күні теріс қараған болатын, сондықтан бір орында тұрған жұлдыз болып көрінген. Бұл қозғалыс Жердің алыс ғаламшардан өте қашық нүктесінен байқалады. Нептун өзінің жылдық айналымын бастап жатқандықтан, ғаламшардың қозғалысы Галилеоның кішкене телескобынан көрінбеді.

1821 жылы Алексис Бувар Уранның астрономиялық кестесін басып шығарды. Соңғы зерттеулер кестедегі мәліметтердің анық көлбеуін көрсетті, бұл Буварды белгісіз дененің тартылыс күшінің араласуынан ғана болатынын болжамдауға әкелген. 1843 жылы Джон Адамс болжамдалған сегізінші ғаламшардың Уранның қозғалысына әсер ететіндігі арқылы орбитасын есептеді. Еңбектерін Сэр Джордж Эйриге жіберген соң, Эйри оның анықтауын өтінді. Адамс жауап хатын бастағанмен, ешқайда жіберген жоқ, содан Уран проблемасына аса көңіл аударған жоқ.

1845-1846 жылдары, Урбен Леверье Адамстан бөлек өзінің есептерін шығарды, бірақ ол да өзінің жерлестерінен қолдау таппай, қиындықтарға кезікті. Маусым айында Эйри Леверьенің басып шығарған ғаламшардың сипаттамасының есептері Адамстың есептеріне ұқсас екендігін көргеннен соң, ол Кембридж Обсерваториясының бастығы Джеймс Чаллисті ғаламшарды іздеуін өтінді. Чаллис тамыз және қыркүйек айларында аспанды мұқият зерттеді.Дәл осы кезңде Леверье хат арқылы Берлин Обсерваториясының астрономы Йохан Гальдты обсерваторияның рефракторы арқылы іздеуін сұрады. Хейнрих Д'Аррест атты обсерватория студенті Гальға беріде алынған аспандағы Леверьенің болжаған ауданының кестесін соңғы ауданның кестесімен салыстыруын ұсынды. Леверьенің хатын алған күні кешке, 1846 жылдың 23 қыркүйегінде оның 1° дәлдікпен, ал Адамстың 12° дәлдікпен болжаған жерінен жаңа ғаламшар ашылды. Чаллис кейін бұл ғаламшардың екі рет тамыз айында бақылағанын түсінді, ол өзінің жұмысқа қатты берілмегендігімен түсіндірген болатын.

Ашылуының бастапқы кезеңінде ғаламшарды ашу құрметі үшін Француздық және Британдық ұлттық қарсыласуы орын алды. Ақырында, Леверье мен Адамс бірдей атақ алды.

51. Уран - Күн жүйесінің жетінші ғаламшары. 1781 жылы наурыздың 13-інде Уильям Гершель ашқан. Грек (юнан) уақыттың құдайы Кроностың мадағына аталған. Уран - бұл Кроностың латын атауы. Күнді 84 жылында бір рет айналады. Уран - күннен алыс жатқан планета. Ол газдан және қатты ядродан тұрады. Оның беткі қабатын көгілдір тұман жауып жатады. Оны тастар мен мұз кесектерінен тұратын 11 жұқа сақина, 15 серігі қоршап жатады. Ежелгі жұлдызшыларға бұл планета белгісіз болды. Планетаны ағылшынның ұлы астрономы В. Гершель телескоптың көмегімен ашқан. Оның Күнді айналу ұзақтығы 84 жердегі жылға тең. Оған гректің аспан құдайының аты берілген. Соңғы екі жүз жылдықта телескоппен бақылау нәтижесінде Уранның сақиналары мен 5 ірі серігі ашылды. Тағы шағындау 10 серігі бар. Олар 1986 жылы "Воджер- 2" автоматты станциясы Уранға ұшып барғанға дейін белгісіз болды. Оберон мен Титания атаулары В.Шекспирдің "Жазғы кештегі ұйқы" комедиясымен байланысты. Миранда мен Ариэль- Уранды айнала қозғалатын серіктері. В.Шекспирдің "Дауыл' пьесасындағы екі кейіпкер осылай аталған. Ал Умбриэль атауы А.Поповтың "Ұрланған бұрым" поэмасынан алынған.

52. Планеталардың серіктері және Ай.

Меркурий мен Шолпанда серіктер жоқ. Қалған планеталардың (Жерді қоспағанда) серіктері өз планеталарынан өлшеусіз кіші. Жердің бір ғана табиғи серігі бар, ол – Ай, бірақ ол Жердің өзімен салыстырғанда шамадан тыс үлкен. Ай диаметрі жағынан Жерден 4 есе ғана кіші. Юпитердің дискісінен аржағына тасаланатынын, не оның көлеңкесіне еніп тұратынын көруге болады.
Бәрінен серіктері көп ең ірі планета – Юпитер (он үшінші серік 1974 жылы ашылды). Ал массасы жағынан келесі планета Сатурнда 10 серік бар, оныншысы 1966 жылы ашылды, Уранда 5 серік, Нептун мен Марста 2-ден серік бар. Серіктердің ішіндегі ең ірілері: Титан (Сатурнның серігі) және Ганимед (Юпитердің 3-ші серігі). Олар диаметрі жағынан айдан 1,5 есе үлкен де, Меркурийден сәл үлкенірек. Мол атмосферасы бар жалғыз серік – Титан.
Жұлдыздық, не сидерлік, ай дегеніміз – Айдың жұлдыздарға қатысты Жерді айналып шығу периоды; ал синодтық ай – Айдың Күнге қатысты Жерді айналу периоды. Синодтық ай, басқаша айтқанда, Айдың бірдей екі фазасының арасындағы уақыт мерзімі. Жұлдыздық ай 27,3 тәулікке тең, ал синодтық ай – 29,5 тәулік.
Ай 1 тәулік ішінде өз орбитасымен 360о 13»: 27,3 о жүреді. Ал 27,3 тәулік ішінде Жер Т өз орбитасымен Айды ілестіре, Күнге қатысты ТТ, доғаны, яғни 27о дерлік доғаны жүріп өтеді.
Айдың эллипстік орбитасының Жерге ең жақын нүктесі перигей деп, ал ең алыс нүктесі апогей деп аталады.
Ай бізге жіңішке орақ тәрізді болып көрінгенде, оның бетінің қалған жері де солғын жарық шығарып тұрады. Осы құбылыс күл түсті жарық деп аталады да, былай түсіндіріледі. Жерден шағылған Күн жарығы барып Айдың түн жақ бетіне түседі.

53. Комета (гр. kometes – құйрықты жұлдыз, дәл мағынасы ұзыншашты), яғни ірі құйрықты жұлдыздың Күнге қарама-қарсы жаққа шұбатылған бір не бірнеше жарқыраған құйрықтары болады.

Құйрықты жұлдыз, комета – Күн жүйесінің кіші денесі;аспанда оқтатекте тұманданған нысан түрінде байқалып,жұлдыздарға қатысты орын ауыстыратын, центрінде ядросы аспан денесі. Құйрықты жұлдыздың басы ядро бөліп шығаратын газ бен тозаңнан түзіледі.(Мұз,метан және будан) Күнге жақындаған кезде буланып кетеді. Қазіргі таңда 400-ге жуық қысқа кезеңді кометалар анықталған. Олардың 200-ге жуығы бір үлкен өлшемде байқалған.Олар үлкен тұқымдас қауымды құрайды.Мысалы: көбінесі қысқа кезеңді комета (олардың Күнді айналуы 3-10 жылға созылады)Юпитер тұқымдасынан құралады. БұғанСатурн,Уран және Нептун (соңғысына әйгілі Галлея кометасы жатады) да әсерін тигізеді.Құйрықты жұлдыздардың эволюциясына Күн жүйесіндегі үлкен планеталар, негізінен, Юпитер көп әсерін тигізеді. Құйрықты жұлдыздың пішініне және ондағы өтетін процестердің қалыптасуына Күннің корпускулалық сәуле шығаруы – Күн желінің ықпалы да өте үлкен. Күн жүйесіндегі құйрықты жұлдыздардың саны орасан көп: кейбір мәліметтер бойынша олар жүздеген миллиардқа жетеді.Ядросының массасы 1011 – 1015 кг шамалас, ал оның басының өлшемі 103 – 106 км аралығында; құйрығының ұзындығы жүздеген млн км-ге жетуі мүмкін Күннен алыс жерде құйрықты жұлдыз – қатты дене. Күнге жақын келгенде Жерден телескоп арқылы, кейде көзбен көруге болады. Күннен қашықтаған сайын құйрықты жұлдыздың жалтырауы кеми береді. Көзбен көруге болатын кометаларды «үлкен кометалар» деп атайды.

Номенклатура

Өткен ғасырда кометалардың атау ережесін бірнеше рет өзертіп, анықтаған. XX ғасырға дейін оларды тапқан жылына байланысты атаған,кейде табылу жылы мен маусымына да байланысты атаған.Өйткені,ол жылы кометалар саны бірнеше болған жағдайға байланысты. Мысалы: «Үлкен комета 1680 жылғы»,«Үлкен 1882 жылдың қыркүйегіндегі комета», 1910 жылғы күндізгі комета», «1910 жылғы қаңтардағы үлкен комета» Галлей 1531,1607 және 1682 жылғы кометалардың бір екендігін және ол 1759 жылы қайта оралатынын дәлелдегеннен кейін ол комета Галлей кометасы деп аталады. Халықаралық келісім бойынша құйрықты жұлдыздар оны алғаш ашқан адамның атымен белгіленеді (мысалы, Эдмунд Галлей, Иоганн Энке-Оскар Баклунда т.б) XX ғасырдың басында кометалардың ашылуы жекеменшік құбылыс бола бастаған кезде, келісім бойынша үш тәуелсіз бақылаушы болған кезде аты берілетін болды.Бұл әлі күнге дейін жалғасуда. Қазіргі таңда оларды бірнеше ғалымдар құрамымен көптеген құралдармен анықтай бастаған. Бұл жағдайда оларға құралдардың атауы беріле бастады. Мысалы: комета C/1983 H1 (IRAS — Араки — Олкока) IRAS спутнигімен ашылды және астрономияны зерттеуші Гэнъити Араки (жапон. Genichi Araki) және Джордж Олкокпен (ағылш. George Alcock.) арқылы.Бұрында егер бірнеше астрономдар кометаны тауып алса, олардың атына номерлер тіркескен. Мысалы Шумейкеров –Леви1-9 Қазір көптеген құралдардың арқасында кометалар ашылу қатары көбейген және бұл жүйе жарамсыз болып қалды.Бұның орнына кометаларды белгілеудің арнайы жүйесі құрылды.

1994 жылға шейін ашылған кометаларға уақытша белгілер беріледі, олардың ашылу жылына байланысты және латын әріптерімен белгіленген.(Мысалы: 1969і кометасы,1969 жылы ашылған тоғызыншы комета болатын)Содан кейін оған зерттеу жүргізіліп,оның орбитасын (планеталық жолын) анықтағаннан кейін рим цифры мен зерттеліп, анықталған уақытын жазған. Мысалы 1969 і кометасын 1970 жылы зерттеуден өткен, анықталған 1970 ІІ комета деген ат берілген. (бұл 1970 жылы зерттелген екінші комета дегенді білдіреді) Кометалардың ашылуының көптігіне байланысты бұл жүйе өте қолайсыз болды.1994 жылы Халықаралық астрономиялық бірлестік кометалардың басқаша жаңадан белгілеу жүйесін қолдады. Қазір кометалардың атауына ашылған жылы, әріп- ашылған айдың белгісін білдірсе және номері күнін белгілейді. Бұл жүйе кіші планеталар астериодтар секілді белгіленетін болды Сол себепті 2006 жылдың ақпан айының екінші жартысында ашылған төртінші комета 2006 D4 деп аталады. Кометаларды белгілер алдында кометаның табиғатын көрсететін перефикс қойылады. Мынандай перефикстер койылады: P\- қысқакезеңді комета (бұл 200 жылдан кезеңнен аз комета немесе екі және оданда көп зерттеуден өткен комета)

C\- ұзақкезеңді комета

X\- планеталық жолын анықтай алмаған комета

D\- бұзылған не жоғалған кометалар

A\- комета екен деп қателесіп санаған басқа объект,шын мәніндегі астероидтер

Мысалы: Хейла-Боппа кометасы С/1995 О1-деп белгіленеді. Көбінесе кометалардың екінші айналу кезеңінде реттік номерін береді. Мәселен, Галлей кометасы ең алғаш рет 1682 жылы анықталған. Оны сол кезеңнен жаңа жүйе бойынша 1P\1962Q1- деп белгілейді. Астероид деп алғашында анықталған кометалар олар әріптік белгіні сақтаған.Мысалы: P/2004 EW38 (Catalina-LINEAR). Осындай Күн жүйесінде астероид тізіміне де комета тізіміне де енетін бес дене бар.Олар: 2060 Хирон (95P/Хирон), 4015 Уилсон-Харрингтон (107P/Уилсона — Харрингтона), 7968 Эльст-Писарро (133P/Эльста — Писарро), 60558 Эхекл (174P/Эхекл) и 118401 LINEAR (176P/LINEAR).

Құйрықты жұлдыздар Күн айналасында эллипстік орбита бойымен қозғалады. Кометалар ортасында ядросы бар жан-жағы тұманды қабықшадан тұрады. жұлдыздарға қатысты орын ауыстыратын, центрінде ядросы аспан денесі.. Құйрықты жұлдыздың басы ядро бөліп шығаратын газ бен тозаңнан түзіледі.(Мұз,метан және будан) Күнге жақындағанда жарық кометаның «құйрығы» сызығы пайда болады. Құйрықты жұлдыздың пішініне және ондағы өтетін процестердің қалыптасуына Күннің корпускулалық сәуле шығаруы – Күн желінің ықпалы да өте үлкен.

Кометанаң құрығы формасы мен ұзындығына байланысты ажыратылады. Кеәбіреуінде бүкіл аспан кеңістігінде созылып жатады. Мысалы 1944 жылы анықталған кометаның құйрығы 20 млн.км. ұзындықта болған. Сондай-ақ кометадан құйрықтың бөліну жағдайлары да тіркелген. (C/2007 N3 (Лулинь)).

Кометаның құйрығы белгілі бір сызбаны көрсетпейді, олар мөлдір оның ішінен жұлдыздарды да көруге болады өйткені, олар сиретілген заттан құралған (оның тығыздығы оттықтың шығарылған газынан да төмен) Оның құрамы әртүрлі: газ немесе ұсақ тозаңдар немесе екуінің де қоспасынан тұрады. Көбінің құрамы Күн жүйесіндегі астероид материалдарының құрамына ұқсас. Ол 81P/Вильда кометасын «Стардаст» ғарыштық аппаратпен зеттегенде анықталды. Бұл негізінде «көрінетін бірдеме»: адам кометаның құйрығын газ бен тозаңның жарқырағанынан ғана көре алады. Күннің иондалған ультракүлгін сәулесі арқылы газ жарқырайды, ал тозаң күн сәулесін шашылуынан байқалады. Феодор Бредихин құйрықты жұлдыз пішіндерінің механикалық теориясын жасады.

Кометаның құйрығымен пішінін (формасын) ХІХ ғасырда (1831-1904 жылы) орыс астрономы Федор Бредихин құйрықты жұлдыз пішіндерінің механикалық теориясын жасады. Бредихинге жаңа замандағы астрономиядағы құйрықты жұлдыздардың классификациясы да тиесілі. Бредихин кометалардың құйрығын негізгі үш топқа бөлді: Күннен түзу бағытталған түзу және қысаң, Күннен тысқары кең және қисайған, Күннің ортасынан алыстау қысқалар деп бөлген. Астрономдар кометалардың құйрығының әртүрлі пішінін келесі түрде былай деп түсіндіреді. Кометалардың құрылған бөлшектері бірдей болмауына байланысты күн сәулесіне жарқырауы да әртүрлі. Сол себепті олардың жолы кеңістікте бөлінеді, ал ғарыштағы саяхатшы кометалардың құйрығы әртүрлі пішінде өзгеріп отырады.

Комета дегеніміз не? Олар туралы астрономдар қажырлы еңбектері арқылы 1986 жылыГаллея кометасына ғарыштық аппарат в «Вега-1» және «Вега-2» және европалық «Джотто»арқылы «сапар» шегуінің арқасында анықтады.Осы аппараттарға орнатылған көптеген құралдар арқасында Жерге комета ядросының суретін, оның құрамы туралы мәліметтер жіберілді. Сөйтсе, Галлея кометасының ядросының құрамы кәдімгі мұздан және тозаң бөлшектерінен құралған екен.Мұз бен тозаң кометаның қабықшасын құрайды, ал Күнге жақындаған кезде- күн сәулесінің қысымымен буланып құйрық пайда болуы сондықтан.

Галлея кометасының ядросының өлшемі, ғалымдардың анықтауы бойынша бірнеше километрге жетеді:ұзындығы-14, 7,5-кеңдігі

Галлея кометасының ядросы дұрыс емес пішінді және өз білігінде айналады,оны неміс астрономы Фридрих Бессель (1974-1846) жылы жорамалдаған және кoмета орбитасының бетіне перпендикуляр. Айналу кезеңі 53 сағатқа тең және бұны астрономдардың анықтауы мен келісімімен зерттелген. 2005 жылы НАСА-ның ғарыштық аппараты «Дип Импакт» Темпеля 1 кометасына зонт тастап, Жерге оның бетіндегі суретін жіберген.

Кометаның массалық салмағы түкке тұрғысыз–Жер салмағына қарағанда миллиард есе кем. ал құйрығындағы зат тығыздығы нөлге тең. Сондықтан «жер қонақтары» Күн жүйесіндегі планеталарға ешқандай әсері жоқ. Мысалы 1910 жылы мамыр айында Жер Галлея кометасының құйрығының ішінен өткенде Жер қозғалысына ешқандай әсері болмаған.

Басқа жағынан қарағанда, үлкен кометалардың басқа планеталармен соқтығысы үлкен көлемде атмосфераға және планетаның магнитосферасына залалын келтіреді. Ондай соқтығыстарды жақсы және сапалы зерттеген кез Шумейкеров-Леви 9 кометасының Юпитермен 1994 жылы шілде айында соқтығысынан байқалған.

Құйрықты жұлдыздарды (кометаларды) зерттеушілер

· Сергей Константинович Всехсвятский

· Генрих Крейц

· Сергей Владимирович Орлов

Жерге жақындау

Кометалар көріну үшін не байқалу үшін Жерге жақын келуі қажет. Мысалы, Галлея кометасы Күн жүйесін әр 76 жыл сайын басып өтетіндіктен жарық болып көрінеді,бірақ 1986 жылы өткенде Жерден алыстау болып қалды. Кометаны анықтап қарау мүмкін болды,бірақ оны елеулі көрініп тұр деп атауға қиын болды. Осы үш шартты қанағаттандырған комета өте үлкен әсер туғызары анық.Бірақ, кейде бұл критерилерді бұзып, кометалар Үлкен бола алады. Мысалы, Хейла-Боппа кометасы үлкен ядросы (диаметрі 40 километр) болып Күннен алыста жарқырап өткен. Хякутакэ кометасы «кішкентай»ғана (2 км) Жерге жақын ұшқандықтан жарқырап көрінген. Сонда да олар 1996-1997 жылдың атақты кометалары атанған.

Үлкен не алып кометалар

Үлкен не алып кометалар деп-(ағылш. Great comets) Жер бетінен бақылаушыларға үлкен және жарық болып көрінетін кометаларды атайды. Орта есеппен Үлкен комета онжылдықта бір пайда болып, көрінеді. Кометаның «Үлкен» болуын болжау қиын өйткені, оның үлкен және жарық болуына әртүрлі факторлардың кері әсері тигізуі мүмкін.Егер де Күнге жақын келсе, жерден бақылаушыға Күн кедергі болмаса, кометаның ядросы белсенді болса оның үлкен комета аталуына мүмкіндік бар.

Көбінесе кометаларды алғаш ашқан адамның аты беріледі. Үлкен кометаларды бақылап,зерттеген жылдың атауын береді,мысалы (1811 жылғы Үлкен комета).

Үлкен кометаның анықтамасы[

Ресми түрде үлкен кометалардың анықтамасы жоқ. Егер комета қажетті түрде астрономиямен қызығатын адамдар байқайтындай жарық болса және астрономиялық қауымдастыққа кеңінен белгілі болса онда ол-Үлкен комета деп аталады. Көпшілік адамдар үшін әдемі қызықтыратын, көз тартымды құбылыс болып саналады.

«Атақтылық» факторлары

Көптеген кометалар қаруланбаған көзбен қарағанда қажетті мөлшерде жарық болмауынан байқалмайды. Әдетте,олар Күн жүйесінің ішкі жағында жол салып жатады, бірақ оларды астрономдардан басқа ешкім көрмейді. Кейде бұл статистикада да бұзылады, оған себеп үш фактор бар.

Ядро көлемі мен белсенділігі

Кометаның ядросы көлемі бірнеше жүз метрден бірнеше километрге дейін өзгеріп отырады. Күнге жақындаған кезде ядро қызады да сыртқа газ бен тозаң массасы шығады.Сол себепті кометаның жарықтығын анықтайтын фактор яросының үлкендігі мен белсенділігіне байланысты. Күнге жақындау циклының көптігіне байланысты кометалар алғаш Күнге жақындағаннан өзгеше күңгірт,көмескі болу себебі.Сондықтан да Үлкен кометалардың өздері ұзақкезеңді болмауының себебі осы.

Перигелия кезінде Күнге жақындауы

Жай дененің жарықтығы -күн көзінің (Күн) кері арақашығының пропорционалды квадратына тең. Кометалар өзін қиын жүреді-Олардың жарқырауы көп түрде жинақталған газ яросының жылтырауына байланысты. Комета үшін жарық кері пропорцианальды үш дәрежелі Күн арақашықтығына тең.

Көп кометалар үшін перигелия нүктесі Жер орбитасынан тысқары жатыр. Комета–Күнге жақындауы 0,5 есе аз болғанда Үлкен атануына мүмкіндік бар.

54. Біздің галактика. Телескоп көмегімен жұлдызды аспанды бақылау ондағы көптеген әлсіз ғана жарық шығаратын нүктелерді — ақшыл тұмандықтарды табуға мүмкіндік берді. Тұмандықтарды XVIII ғ. Уильям Гершель жүйелі түрде зерттей бастады. XIX ғ. француз ғалымы Мессье барлық тұмандыктардың жүйелі тізімін жасады. Оған жүзден астам тұмандықтар енді. Тек XX ғ. ғана бұл тұмандықтардың табиғаттары анықталды. Олардың тозаң мен газ араласқан тұмандықтардан, шар тәрізді және шашыраған газ шоғырларынан, галактикалардан тұратыны белгілі болды.Жұлдыздар арасындағы кеңістік бос тәрізді болып көрінеді. Шынында, барлық жұлдыздар арасындағы кеңістіктер заттарға толы. XX ғасырдын басында жұлдыздар жарығының жұтылу немесе әлсіреу қасиеті ашылды. Жарықты жұтатын заттың Құс жолында шоғырланғаны және шүйке тәрізді құрылыеы бар екені анықталды. Бұл зат физикалық құрамы жақсы зерттелген тозаңдардан тұрады. Жұлдыздар арасында тозаңнан басқа өте үлкен мөлшерде газ бар (тозаңнан жүз есе кеп). Олар бейтарап сутегінің 21 см толқын ұзындығында сәулелер шығарады. Егер бейтарап сутегі бұлтына жақын жерден көк ыстық жұлдыз тұтанса, жұлдызарадық газдар мен тозаңдардың сәулеленуі байқалады. Жұлдыздың шығарған ультракүлгін кванттарын бұлттың атомдары жұтады да, осы атомдар жарық кванты үрінде қайта сәуле шығарады.

Орионның үлкен тұмандығы — ең жарық газды тұмандық. Дүрбі арқылы (қырағы көзге құралсыз көзбен де көрінеді) бір сызық бойына орналасқан үш жұлдыздан сәл төменде орналасқан Орионның белдігі көрінеді. Бұл тұмандықтарға дейінгі қашықтық 1000 жарық жылы шамасында.

Ыстық жұлдызды қоршаған иондалған газдар аймағын жұлдыздардың ультракүлгін сәулелерін өте интенсивті сәуле ретінде қайта шығаратын машина ретінде елестетуге болады. Оның спектрінде әр түрлі химиялық элементтердің сызықтары бар. Газды тұмандықтардың түсі де газдың температурасына, тығыздығына және химиялық құрамына байланысты әр түрлі: жасылдау, қызғылт және басқа да түспен реңдес келеді. Газ тұмандықтарының пішіні әр түрлі. Кейбіреулерінің пішіні ортасында жұлдызшасы бар сақина тәрізді — бұл планеталық тұмандықтар.

Басқа тұмандықтар газдардың жеке жарық шығаратын талшықтарынан тұрады. Көптеген тұмандықтардың пішіні бұрыс, олар кәдімгі сия тамшысының дактарына ұқсайды. Жарық сүзгілері арқылы қарағанда кейбіреулері жеке талшықтардан тұратын болып шықты. Белгілі Шаян тұмандығы осындай. Бұл ең жақсы зерттелген жарылған жұлдыздың (аса жаңа) бөліктері.

Біздің Күн бір-бірінен қашықтығы, уақыт, газ бен шаң-тозаң бұлттары, әр түрлі сәуле шығару түрлерімен бөлектенген 150 млрд жұлдыздың біреуі ғана. Бірақ олардың бәрі бірге ортақ центрден, яғни "Құс жолы" деп аталатын галактиканың ядросынан айналады.

Галактикалар —жұлдыздар, газ, шаң-тозаңның бәрі бірге гравитация күшімен ұсталып тұратын ең ірі жұлдыздар жүйесі. Күн жүйесінің жұтатын материямен толтырылған галактика жазықтығында жатуынан Құс жолы құрылымының көптеген беліктері жердегі бақылаушыға көрінбейді. Әйтсе де оны біздің галактикаға ұқсас галактикалар арқылы зерттеуге болады. XX ғасырдың 40-жылдары Аидромеда тұмандықтары деген атпен белгілі М31 галактикасын бақылап, неміс астрономы Вальтер Бааде осы алып ғаламның жазық линза тәрізді дөңгелегі өлде қайда сирек сфера түріндегі жұлдыздар бұлтынан тұратыиын байқады, оны гало деп атады. Бұл тұмандық біздің галактикаға өте ұқсас болғандықтан, В. Бааденің ұйғарымынша, Құс жолының да құрылымы болуы тиіс. Галактикалық деңгелектердің жұлдыздары қоныстанудың I түрі, ал гало жұлдыздары қоныстанудың II түрі деп аталады. Қазіргі зерттеу жұмыстары жұлдыздық қоныстанудың екі түрі кеңістікте орналасу жағдайларымен ғана емес, қозғалу сипатымен, сонымен қатар химиялық құрамдарымен де өзгешеленетініп көрсетіп отыр. Бұл ерекшеліктер, біріншіден, дөңгелектер сфералық құраушыларының қалай пайда болу себептеріне байланысты. Галактикалық дөңгелектің диаметрі 100 мың жарық жылынан астам, ал оның қалыңдығы 1000 жарық жылы шамасындай болады. Галактиканың центрінен галоның ең тығыз орталық бөлігіне дейінгі бірнеше мың жарық жылына тең аралық "балдж" ("қалыңданған") деп аталады.

Біздің галактиканың шегі галоның өлшемімен анықталады. Галоның радиусы дөңгелектің өлшемінен едәуір үлкен және кейбір мәліметтер бойынша бірнеше жүз мың жарық жылына жетеді екен. Құс жолы галосының симметрия центрі галактикалық дөңгелектің центрімен сәйкес келеді. Біздің галактикада Күн тәрізді дара жұлдыздар сирек кездеседі (30 % -дан көп емес). Негізінен, жұлдыздар қос жұлдыздар немесе бірнешеу болып келеді. Галактикада күрделі жұлдыздар жүйесі табылды, атап айтсақ шашыранды (ондаған жұлдыздардан тұратын) және шар тәрізді (жүз мындаған жұлдыздардан тұрады) жұлдыздар шоғырлары. Шар тәрізді жұлдыздар шоғыры галактиканың центріне жинақталған. Шашыранды жұлдыздардың шоғыры шар тәрізді жұлдыздар шоғырыная әлдеқайда көп, олар галактика (спиральді галактика жайлы сөз болып отыр) спиралінің тармағында, галактиканың дөңгелегінде басымырақ орналасқан.

Дөңгелек жұлдыздардың қоныстануы Гало жұлдыздарының қоныстануынан ерекшеленеді. Дөңгелек жазықтығының маңайына бірнеше миллиард жыл бұрын пайда болған жас жұлдыздар және жұлдыздар шоғыры жинақталған. Олар жазық құраушыларды құрайды. Олардың арасында ыстық және жарық жұлдыздар өте көп. Ертерек пайда болған жұлдыздар центрде немесе центрге жақын орналасып, біздің галактиканың сфералық құраушысын құрайды. Сфералық құраушының жұлдыздары галактиканың центріне шоғырланады. Галоның жұлдыздары мен жұлдыздық шоғырлары галактика центрін айнала өте созылыңқы орбитамен қозғалады. Жеке жұлдыздардың қозғалыстары ретсіз болғандықтан тұтас алғанда гало өте жай айналады.

Галактиканың сфералық құраушысындағы "коныстанудың" жасы 12 млрд жылдан асады. Оны, әдетте, галактиканың өзінің жасы деп есептейді. Ауыр химиялық элементтер үлестерінің аз болуы гало жұлдыздарының сипаттамаларының ерекшелігі болып табылады. Шар тәрізді жұлдыздар шоғырындағы жұлдыздардың құрамында металдар Күнге қарағанда жүз есе аз. Жұлдыздар шоғырының көмегімен галактикадағы Күн жүйесінің орны табылды.

Галомен салыстырғанда дөңгелек елеулі түрде тезірек айналады. Оның айналу жылдамдығы центрден өр түрлі қашықтықтарда түрліше болады. Ол жылдамдығы центрде нөлден басталып, одан 2 мың жарық жылындай қашықтықта 200—240 км/с-қа дейін артады, содан кейін біраз кемиді де қайтадан шамамен аталған мәнге дейін өседі, әрі қарай процесс тұрақты қалады. Дөңгелектің өз осінен айналу ерекшеліктерін зерттеу оның массасын анықтауға көмектеседі. Есептеулер бойынша оның массасы Күн массасынан 150 млрд есе артық.

Біздің галактикаға жоғарыдан, яғни гюлюстен қарасақ, онда біз мыңдаған жұлдыздардан тұратын спиральді көреміз. Оның иірімі галактиканың центрі, материяның сәуле жұтатын қалың қабатымен қоршалған ядроға бағытталған. Оны инфрақызыл, радиосәуле қабылдағыш арқылы зерттейді.

Галактиканың ядросында салмақты қара құрдым болар деген болжам бар (массасы миллион Күннін массасындай). Ғаламның орталық аймақтарына жұлдыздардың күшті шоғырлануы тән. Орталыққа жақын әрбір парсек куб көлемдегі жұлдыздар саны бірнеше мыңға жетеді. Жұлдыздардың арақашыктықтары Күннің маңайындағы қашықтықтарға қарағанда ондаған және жүздеген есе аз. Егер біз галактика ядросына жақын орналасқан жұлдыз маңындағы планетада өмір сүрсек, онда аспанда жарықтығы Айдың жарықтығындай ондаған жұлдыздар мен біздің қазіргі аспанымыздағы ең жарық жұлдыздан да жарық жұлдыздар саны бірнеше мың болар еді. Галактика ядросы Мерген шоқжұлдызы бағытында орналасқан.

Галактиканың дөңгелегіндегі газ негізінен оның жазықтығна жақын жинақталған. Ол біркелкі орналаспаған. Олардың ішінде құрылымы біртекті емес ұзындығы бірнеше мың жарық жылы болатын алып бұлттардан басқа шамалары бір парсектен аспайтын шағын бұлттар бар. Біздің галактиканың химиялық элементі сутегі мен гелий болып табылады. Осы екі элементпен салыстырғанда қалған элементтер өте аз мөлшерде кездеседі. Жалпы алғанда дөңгелектегі жүлдыз бен газдың химиялык қүрамы Күндегі сиякты.

Күн өзіне жакын барлық жұлдыздармен бірге 200—220 км/с жылдамдықпен галактика центрін айнала қозғала отырып, 200 млн жылда бір айналым жасайды. Демек, Жер өзінің барлық өмір сүрген уақыты ішінде галактика центрін 30 рет айналып шыққан.

Басқа галактикаларды ашу. Шамамен жүз жыл бұрын біздің галактика әлемдегі жалғыз дене деп есептелді және барлық көрінетін тұмандықтар біздің галактикаға жатады деп саналады. Бұл оларға дейінгі қашықтықтарды анықтаудың қиындықтарына байланысты болды. Қазір ғарыштағы 20 галактиканың жергілікті шоғырын және басқа 10 млрд-қа жуық галактиканы білеміз. Олар топтасып орналасқан және ең сезімтал құралдардың көмегімен анықтайтын қашықтықта жан-жаққа таралып, бір-бірінен алшақтап барады.

Оңтүстік жарты шардың түнгі аспанынан бізге ең жақын "Магеллан бұлттарын" бақылай аламыз. Зер салып қарағанда бұлт "толқып" тұрған тәрізді. Астрономдар оның толқуын біздің галактикаға жақын орналасуымен түсіндіреді. Бір кездері "Магеллан бұлттары" біздің галактикамен соқтығысқан секілді. "Магеллан бұлттары" Құс жолынан көп кіші. Олар біздің Галактиканың серігі. Миллиардтаған жылдардан кейін олардың тағы да бір-біріне жақындауы мүмкін.

"Магеллан бұлтынан" сөл әріректе "Андромеда" галактикасы бар. XX ғасырдың басында оған дейінгі қашықтық анықталып, ол 2 млн жарық жылына тең болды. Біздің Галактика, "Магеллан бұлттары", "Андромеда" және "Үшбұрыш" галактикалары мен бірнеше ергежейлі эллипстік галактикалар Жергілікті галактикалар тобын құрайды.

Галактикалар пішінімен, салмағымен және өлшемдерімен ерекшеленеді. Галактикалардың эволюдиясы жайында жұлдыздардың эволюциясына қарағанда әлде қайда аз білеміз. Галактика ядролары, олардың галактиканың эволюциясына және құрылымына әсері жөнінде мәліметтер өте аз. Кейбір ғаламдардың газ бен зат бөліп жарылатыны, ал кейбірінің бірімен-бірі өзара әсерлесетінін білгеннен кейін шешілетін проблемалар қатары көбейе түсті.

Біздің галактика тәрізді миллиондаған галактикалар бар.

Мұндай галактикалардың тармақтарында жаңа жұлдыздардың
пайда болуына негіз болатын газдар мен тозаңдар бар. Бірақ спиральдар
барлық уақытта да центрге өте жақын келмейді. Кейде спираль центрден
қашық жатқандай, Галактиканың ядросы мен спиральдар арасында
оларды жалғайтын бар (жалғастырғыш) тұрған тәрізді көрінеді. Спиральді галактикалар да ядроларының өлшемдерімен ерекшеленеді.

Дүниедегі ең ірі галактикаларға эллипстік галактикалар жатады. Олардың кейбіреуі шар тәрізді, ал кейбіреуі созылыңқы болып келеді. Олар өздеріне өте жақын келген әлдеқайда кіші галактикаларды қармап алу арқылы кеңейеді.

Сырткы пішініне қарай астрономдар галактикаларды бірнеше түрге топтайды. Эллипстік галактикаларды 10 түрге бөліп, мынадай белгілеулер енгізді: Е0 (сфералык), Е10 (қатты майысып, екі бүйірінен жаншылған, пішіні, құймақ нанға ұқсайды). Спиральді галактикаларды сыртқы түріне қарай екі түрге бөлді: жалғастырғышы бар (белгіленуі Sb), жоқ (белгіленуі S) және ядроларының өлшеміне қарай үш түрге Sa (ең ірі ядро), Sb (орташа ядро), Sc (кіші ядро), сол сияқты sba, sbb, sbc деп бөлінеді. Барлық бұрыс галактикалар бір белгімен 1v деп белгіленеді.

Бірнеше мың өте жарық галактикалардың ішінде шамамен 80% –ы спиральді, 17% –ы элипсті және 3%-ы бұрыс галактика.

Галактикаларға дейінгі қашықтықтарды әр түрлі әдістермен анықтайды: Цефейдтер, жаңа және аса жаңа жұлдыздар, өте жарық жұлдыздар бойынша т.с.с.

55. Астероид (гр. astеroeіdйіs – жұлдызсияқтылар) — газ-тозаңды бұлттардың эволюциясы барысында пайда болған Күн жүйесіндегі кіші денелер, кіші планеталар деп те аталады.

Олар планеталардың серіктері емес және Күнді айнала өз еркінше қозғалады. Бірінші астероидты 1801 жылы 1 қаңтарда Италия астрономы Джузеппе Пиации ашты. Ол тура көтерілуі мен еңкеюі тәулік ішінде елеулі өзгеретін жұлдызды бақылады. Неміс математигі Гаусс үлкен жарты осі 2,77 а.б. болатын бұл астрономиялық дененің орбитасын есептеп тапты. Сатурн мен Юпитердің арасынан планета табылды деп есептеп, оған ескі Римнің табыс әкелетін әйел құдайы Церераның есімі берілді. 1802 жылы астрономиямен айналысатын неміс дәрігері Ольберс Церераға жақын жерден жаңа астероидты ашып, оны Паллада деп атады. 1804 жылы Юнона, 1807 жылы Веста табылды. Кішкентай планеталарды Гершель грекше «жұлдыз бейнелі» деген мағынаны білдіретін астероидтар деп атауды ұсынды.

Қазіргі кезде 12000-нан астам астероидтар белгілі. Бастапқы кезде құдайлардың аттарымен аталған астероидтарға кейін ұлы адамдардың есімі берілді. Астероидтар табылғанда оған ашылған жылы көрсетілген белгі тағылады. Астероидтың орбитасы есептелген соң тұрақты номер және аты беріледі.

Астероид орбиталарының шеңберден өзгешілігі аз, сондықтан астероидтардың көпшілігі Күн жүйесінің ішіне кірмейді. Бірақ кейбір астероидтар Күнге жақын келіп немесе Сатурн орбитасының сыртына шығып кетеді. Юпитер орбитасы бойымен планетаның алдында және артында қозғалатын астероидтардың екі тобы бар. Олар «Гректер» мен «Трояндықтар» деп аталады. Олардың айналу периоды Юпитердің айналу периодына сәйкес келеді және орбитадағы орны аспан механикасының теориясын құрушы Лагранждың тапқан заңы бойынша есептеп шығарған нәтижесінен ауытқымайды.

Күн жүйесіндегі астероидтар

Қазіргі уақытта Күн жүйесінен 100мыңдаған астероид анықталып отыр. Қазіргі уақытта олардың нақты саны - 632 567, бірақ олардың 385 184-нің орбитасы анықталғандықтан, соншасында ғана нөмірлеу жүйесінде өздеріне тән нөмірлеулері бар. Ал 18 241-нің аттары бар. Есептеулер бойынша Күн жүйесінде 1,1-ден 1,9 миллионға дейін радиусы 1км-ді құрайтын денелер бар. Қазіргі уақытта анықталған астероидтардың көбісі Марс пен Юпитердің арасында орналасқан астероидтар белдеуіндеорналасқан.

Осы уақытқа дейін Церера Күн жүйесіндегі ең үлкен астероид саналып келді. Оның өлшемдері - 975×909 км, бірақ 2006 жылдың 24 тамызынан ол ергежейлі планета санаттарына қосылды. Қалған екі үлкен астероид Паллада мен Вестаның диаметрлері 500км. Веста Жерден оптикалық құралсыз бақылауға болатын астероидтық белдеудің жалғыз өкілі. Қалған астероидтарды жерге жақын аралықта қозғалған кезде ғана байқауға болады.

Астероидтық белдеудің жалпы массасы жуық есеппен алғанда 3,0—3,6·1021 кг құрайды. Бұл - Ай массасының ¼ бөлігін құрайды.

Алғашқы 30 астероид

1. Церера (қазір ергежейлі планета болып табылады)

2. Паллада

3. Юнона

4. Веста

5. Астрея

6. Геба

7. Ирида

8. Флора

9. Метида

10. Гигея

11. Парфенопа

12. Виктория

13. Эгерия

14. Ирена

15. Эвномия

16. Психея

17. Фетида

18. Мельпомена

19. Фортуна

20. Массалия

21. Лютеция

22. Каллиопа

23. Талия

24. Фемида

25. Фокея

26. Прозерпина

27. Эвтерпа

28. Беллона

29. Амфитрита

30. Урания


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: