Isbn 978-601- 233 -186- 8

ISBN 978-601- 233 -186- 8

Оқу пособиесінде ұлттық экономика қатынастарының тұтастай жүйесіндегі аймақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуы, экономиканың одан әрі реформалануы мен әрі қарай тұрақтандырылуына мемлекеттік басқарудың қолданылу ерекшеліктері қарастырылып, талдау жасалады. Аталмыш пособиеде аймақтық деңгейдегі елдің шаруашылық кешені қызмет етуінің экономикалық механизмін қалыптастырудың мүмкін болатын жолдары зерттеледі.

Пособие экономикалық ЖОО және мамандықтардың студенттеріне, тәжірибе қызметкерлеріне, сонымен қатар аймақтық мәселелермен айналысатындардың барлығына арналған.

УДК 332 (075.8)

ББК 65.9я73

Өңдеуші: Мұсатаева Ә.А., оқытушы, магистр

Рецензенттер: Айнабек Қ.С., экономика

ғылымдарының докторы, профессор

Ержанова С.Қ.,экономика

ғылымдарының кандидаты, доцент

© Мұсатаева Ә.А., 2010

© Қазқтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті, 2010

ISBN 978-601- 233 -186- 8

МАЗМҰНЫ

АЛҒЫ СӨЗ  
ТАҚЫРЫП 1. АЙМАҚТЫҚ ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ БАСҚАРУ ПӘНІ. АЙМАҚТАР ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ ТИПОЛОГИЯСЫ  
1.1. Аймақтық экономика мен басқаруды зерттеудің пәні, негізгі міндеттері мен әдістері  
1.2. Аймақтық экономика мен басқарудың әдістері  
1.3. Аймақтық экономика мен басқарудың экономикалық ғылымдар жүйесіндегі орны.  
1.4. Аймақтық экономиканың негізгі ұғымдары  
1.5. Аймақтарды типтерге бөлу қажеттілігі  
Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар  
   
ТАКЫРЫП 2. АЙМАҚТЫҚ ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ БАСҚАРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ  
2.1. И.Тюненнің ауыл шаруашылық штандорт теориясы  
2.2. А.Лештің шаруашылықты кеңісті ұйымдастыру туралы ілімі  
2.3. В. Лаунхардттың өнеркәсіптік кәсіпорынның рационалды штандорты.  
Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар  
   
ТАКЫРЫП 3. АЙМАҚ ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУ ЖӘНЕ БАСҚАРУ ОБЪЕКТІСІ РЕТІНДЕ  
3.1.Аймақ ұлттық экономиканың ішкі жүйесі ретінде  
3.2.Аймақтық даму негіздерінің макроэкономикалық сипаттамасы  
3.3.Аймақтық еңбек бөлінісінің түрлері және деңгейлері  
3.4.Аймақтық ұдайы өндіру процесінің ұғымы мен мәні  
Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар  
   
ТАКЫРЫП 4. АЙМАҚТЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ПОТЕНЦИАЛЫ ЖӘНЕ ОНЫ БАҒАЛАУ  
4.1.Аймақ потенциалының негізгі құрамдас бөліктері: құрылымы, даму көрсеткіштері  
4.2.Өндіргіш күштерді орналастыру заңдылықтары, принциптері және факторлары  
4.3. Салааралық өзара әрекеттесу  
4.4. Аймақтың орталықпен, басқа аймақтармен және қалған сыртқы әлеммен экономикалық байланыстары.  
4.5.Қарағанды облысының аймақтық дамуының ерекшеліктері  
Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар  
   
ТАКЫРЫП 5. АЙМАҚ МАКРОЭКОНОМИКАЛЫҚ ТАЛДАУ ОБЪЕКТІСІ РЕТІНДЕ  
5.1.Аймақтық талдау әдістері  
5.2.Аймақтық макроэкономикалық көрсеткіштер жүйесі.  
5.3.Ұлттық есеп жүйесін аймақтандыру.  
5.4. Аймақтың салааралық байланысы  
Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар  
   
ТАКЫРЫП 6. ҚР АЙМАҚТАРЫ ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ ТАРИХИ-ГЕОГРАФИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ  
6.1.Қазіргі заманғы Қазақстан экономикасының кеңістік құрылымының тарихи және физика-географиялық факторларға тәуелділігі  
6.2.Қазақстан аймақтарының бұрынғы әкімшілік-әміршіл экономикадағы рөлі және орны қазіргі заманғы аймақтық дамудың негізі ретінде  
6.3.Белгілі бір аумақтардың шикізат бағыттылығының күшеюі және моносалалық аймақтардың пайда болуы  
Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар  
   
ТАКЫРЫП 7. АЙМАҚТАР ДАМУЫН МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ ҚАЖЕТТІГІ МЕН МӘНІ  
7.1.Аймақтық теңсіздіктердің объективті негіздері және аймақтар дамуын мемлекеттік реттеу қажеттігі  
7.2.Жалпы ұлттық экономикалық саясаттағы аймақтық экономиканың орны  
Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар  
   
ТАКЫРЫП 8. АЙМАҚТЫҚ ДАМУ ЖҮЙЕСІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ. АЙМАҚТЫҚ МЕНЕДЖМЕНТ  
8.1.Басқару жүйесін қалыптастыру және оның даму принциптері  
8.2.Аймақтың дамуын басқару жүйесін құрудың әдістемелік негіздері  
8.3.Аймақтық менеджмент және оның формалары  
Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар  
   
ТАКЫРЫП 9. АЙМАҚТЫҚ ЭКОНОМИКА ДАМУЫНЫҢ ЖОСПАРЛАНУЫ МЕН БОЛЖАНУЫ  
9.1.Аймақтық дамудың жоспарлануы мен болжануының объективті шарттылығы, олардың әкімшілік-құқықтық және әлеуметтік-экономикалық алғышарттары  
9.2. Аймақтық әлеуметтік-экономикалық дамуын жоспарлау-болжамдаудың жетілдірілуіне бағытталған негізгі әдістемелік бағыттар  
Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар  
   
ТАКЫРЫП 10. АЙМАҚТЫҚ БАҒДАРЛАМАЛАР  
10.1.Аймақтық бағдарламалардың теориясы мен тәжірибесі  
10.2.Бағдарламаның қалыпты құрылымы  
10.3.Бағдарламаны басқару, бағдарламаны жүзеге асыру механизмі  
Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар  
   
ТАКЫРЫП 11. АЙМАҚТЫҚ САЯСАТТЫҢ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ АРНАЙЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ АЙМАҚТАР  
11.1.Нақты жерлердегі экономикалық өмірді ұйымдастырудың түрі ретінде арнайы экономикалық аймақ (АЭА)  
11.2. АЭА деңгейі берілетін территорияларды таңдау критериялары  
Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар  
   
ТАКЫРЫП 12. АЙМАҚТЫҚ САЯСАТТЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДАҒЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МЕХАНИЗМДЕР  
12.1.Бюджеттік жүйе мен бюджетаралық қатынастар аймақтық дамуды мемлекеттік реттеудің маңызды құралы ретінде  
12.2.Бюджетаралық трансферттер және олардың аймақтық дамудағы ролі  
Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар  
   
ТАКЫРЫП 13. АЙМАҚТЫҚ ДАМУДЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУДІҢ ӘЛЕМДІК ТӘЖІРИБЕСІ  
13.1.Әлем елдеріндегі аймақтық экономикадағы мәселелері: жалпы және ерекше  
13.2.Әлемдік экономикадағы аймақтық дамуды реттеу институттар  
13.3.Аймақтық саясаттың құқықтық негіздері мен макро-микро құралдары  
Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар  
ҰСЫНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ  

АЛҒЫ СӨЗ

Әлемдік шаруашылық теория мен тәжірибе дамуының қазіргі таңдағы кезеңі қоғам мен мемлекеттің өмірлік іс-әрекетінің түрлі салаларында болып жатқан ауқымды және сапалы қайта құрулармен сипатталады. Аталмыш қайта құрулар аймақтық экономиканы мемлекеттік және шаруашылық басқару органдары қызметтерінің мазмұнына белсенді ықпал етеді. Сондықтан ел экономикасында болып жатқан әлеуметтік-экономикалық өзгерістердің мәнін дұрыс бағалап, қоғам мен мемлекеттің қазіргі таңдағы және болашақтағы мақсаттары мен мәселелеріне сәйкес келетін шаруашылық шешімдерді уақытылы қабылдауы тиіс.

Аймақтық экономика – күрделі шаруашылық, әлеуметтік, ұйымдық, ғылыми-техникалық жүйе. Ол табиғи-ресурстық, өндірістік, еңбек және ғылыми-техникалық сияқты жиынтық экономикалық потенциалға ие. Аймақтық экономика, біріншіден, «ұлттық экономика құрылымындағы территориялық-өндірістік кешеннің шаруашылық өмірін ұйымдастыру тәсілі», екіншіден — «экономикалық қатынастардың территориялық-функционалды аспектілерін зерттейтін ғылым саласы».

Нарықтық қатынастардың қалыптасуы мен даму жағдайында күрделі экономикалық реформаларды ғылыми негіздеу үшін аймақтық экономика зор маңызға ие болады, яғни өндіргіш күштерді орналастыру, аймақ экономикасының негіздері жайлы ғылыми ілімдер саласы.

Экономикалық қайта құруларды ғылыми саралау мен қамтамасыз ету, аймақаралық байланыстардың тиімділігін арттыру мақсатында бірегей экономикалық кеңістікті құру, аймақтық нарықтарды қалыптастыруда аймақтық экономика аса маңызды рольге ие.

Білім саласы ретінде аймақтық экономика аймақтанудың маңызды құрамдас бөлігі болып табылады, яғни тарихи, демографиялық, ұлттық діни, экологиялық, саяси-құқықтық, табиғи-ресурстық ерекшеліктерді ескере отырып, аймақтың әлеуметтік-экономикалық жүйесінің қалыптасу және қызмет ету заңдылықтарын зерттейтін кешенді де интегралды әлеуметтік-экономикалық ғылым.

Сондықтан, аймақтық экономика басқарушылық және құқықтық ғылымдарға, экономикалық және әлеуметтік география, әлеуметтану, экология сияқты ғылыми пәндерге сүйенеді.

Сондықтан, аймақтық экономика және басқару курсын оқып білу барысында мынадай басты мәселелер қарастырылады:

- әлеуметтік-экономикалық дамудағы аймақтық факторлар ролін айқындау;

- аймақтық экономиканың теориялық негіздерін, аймақтық зерттеулер әдістерін меңгеру;

- Қазақстан Республикасының аймақтық дамуы мен аймақтық экономикалық саясатының заманауи мәселелерін анықтау;

- аймақтық зерттеулер мен аймақтық саясаттың шетелдік тәжірибесін талдау;

- аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуының қазіргі таңдағы әдістерін және технологияларын зерттеп-білу.

ТАКЫРЫП 1. АЙМАҚТЫҚ ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ БАСҚАРУ ПӘНІ. АЙМАҚТАР ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ ТИПОЛОГИЯСЫ

1.1.Аймақтық экономика мен басқаруды зерттеудің пәні, негізгі міндеттері.

1.2. Аймақтық экономика мен басқарудың әдістері

1.3. Аймақтық экономика мен басқарудың экономикалық ғылымдар жүйесіндегі орны.

1.4.Аймақтық экономиканың негізгі ұғымдары.

1.5. Аймақтарды типтерге бөлу қажеттілігі

1.1.Аймақтық экономика мен басқаруды зерттеудің пәні, негізгі міндеттері

Аймақтық экономика, біріншіден, «ұлттық экономика құрылымындағы территориялық-өндірістік кешеннің шаруашылық өмірін ұйымдастыру тәсілі», екіншіден — «экономикалық қатынастардың территориялық-функционалды аспектілерін зерттейтін ғылым саласы».

Нарықтық қатынастардың қалыптасуы мен даму жағдайында күрделі экономикалық реформаларды ғылыми негіздеу үшін аймақтық экономика зор маңызға ие болады, яғни өндіргіш күштерді орналастыру, аймақ экономикасының негіздері жайлы ғылыми ілімдер саласы.

Экономикалық қайта құруларды ғылыми саралау мен қамтамасыз ету, аймақаралық байланыстардың тиімділігін арттыру мақсатында бірегей экономикалық кеңістікті құру, аймақтық нарықтарды қалыптастыруда аймақтық экономика аса маңызды рольге ие.

Білім саласы ретінде аймақтық экономика аймақтанудың маңызды құрамдас бөлігі болып табылады, яғни тарихи, демографиялық, ұлттық діни, экологиялық, саяси-құқықтық, табиғи-ресурстық ерекшеліктерді ескере отырып, аймақтың әлеуметтік-экономикалық жүйесінің қалыптасу және қызмет ету заңдылықтарын зерттейтін кешенді де интегралды әлеуметтік-экономикалық ғылым.

Сондықтан, аймақтық экономика басқарушылық және құқықтық ғылымдарға, экономикалық және әлеуметтік география, әлеуметтану, экология сияқты ғылыми пәндерге сүйенеді.

Аймақтық экономиканың мазмұны рационалды, ғылыми негізделген аймақтық саясат пен стратегияны өңдеуге ықпал етеді.

Қазіргі таңдағы аймақтық экономика — экономикалық білім салаларының бірі.

Аймақтық экономика – күрделі шаруашылық, әлеуметтік, ұйымдық, ғылыми-техникалық жүйе. Ол табиғи-ресурстық, өндірістік, еңбек және ғылыми-техникалық сияқты жалпы экономикалық потенциалға ие.

Ұлттық шаруашылық жүйеде бір экономикалық кеңістікте немесе елдің экономикалық кеңістігінде әрекет ететін бірнеше деңгейлерді бөліп қарастыруға болады.

1. Еларалық деңгей, яғни елдің ұлттық экономикасының өзге елдермен, жалпы әлемдік шаруашылық жүйемен, аймақтық қауымдастыққа біріккен елдердің шаруашылық жүйелерімен өзара әрекет ету деңгейі.

2. Жалпыұлттық макроэкономикалық деңгей, яғни елдің ұлттық экономикасының ішкішаруашылық өзара әрекеттесу ауқымы.

3. Аймақтық деңгей, яғни елдің әрбір аймақтарының өзара байланысу деңгейі.

4. Аймақішілік деңгей, яғни елдің шаруашылық субъектілерінің ішіндегі қоғамдық еңбек бөлінісі шеңберіндегі өзара қатынастар жүйесі.

5. Ұлттық экономика салаларының кешендері: АӨК, ТЭК және т.б.

6. Ұлттық шаруашылық жүйесінің жекелеген салаларының деңгейі — өнеркәсіп, құрылыс, ауылшаруашылығы.

7. Салаішілік деңгей. Мысалы, ауылшаруашылығындағы мал шаруашылығы мен өсімдік шаруашылығының, құрылыстағы өнеркәсіптік және тұрғын үй құрылысының өзара әрекеттесу деңгейі.

8. Барлық формадағы кәсіпорын, ұйымдардың өнеркәсіптік-қаржылық топтарға бірігу деңгейі.

9. Елдің заңнамасымен қарастырылған шаруашылық етудің жекелеген ұйымдық-құқықтық формаларының деңгейі.

10. Өндірісішілік деңгей: кәсіпорын, компания, кәсіпорындар, фирмалар, ұйымдар, бірлестіктердің цехтері мен қызметтік бөлімшелері.

Ел экономикасы қызмет етуінің барлық деңгейлері ұйымдық-құқықтық, экономикалық, әлеуметтік, технологиялық және өзге де байланыстар кешенімен біріктірілген. Аталмыш өзара байланыстар келесілерге қатысты:

- меншік формалары;

- шаруашылық процеске қатысатын және еңбек шығындары, шикізат, энергия, капитал формасында шаруашылық айналымға тартылған түрлі ресурстардың материалды ағындарының қозғалысы;

- ақша массасының ағыны (қол ақша және қолма-қол емес ақша), сонымен қатар барлық құнды қағаздардың қозғалысы (акциялар, облигациялар, т.б.).

Барлық қатынастар елдің мемлекеттік билігінің заңнамалық және нормативтік актілерімен, сондай-ақ елдегі мемлекетаралық шарттар мен келісімдер жүйесімен, халықаралық құқық нормаларымен реттеледі.

Мемлекет пен қоғамның мүдделерін ескере отырып, шаруашылықтың дамуын тиімді басқаруда аймақтық экономиканың саласы ретінде қарастыруға болатын экономикалық ғылым (ЭҒ) зор рольге ие. Мұнда аталмыш экономикалық ғылым мынадай маңызды мәселелерді шешеді:

1) объективті экономикалық заңдарды зерттеу негізінде ол кеңейтілген ұдайы өндірістің әлеуметтік-экономикалық процестерінің даму заңдылықтары, көлемі, қарқыны, пропорциялары түріндегі спецификалық формаларды талдайды;

2) бұл әлемдік және отандық тәжірибені терең де негізделген талдау арқылы шаруашылық жүйелердің типтерін, оларды ұйымдастыру мен басқару формаларын зерттейтін, қандай да бір уақыт кезеңіндегі нақты ұдайы өндірісті қамтитын шаруашылық шешімдерді өңдеп, болып жатқан әлеуметтік-экономикалық процестер мен ұдайы өндіріс құбылыстарын ескере отырып, макроэкономикалық деңгейдегі шешімдерді жүзеге асыратын адамзат іс-әрекетінің саласы;

3) экономикалық ғылым ұдайы өндіріске қатысты макроэкономикалық тәсілдемені сипаттайды;

4) ғылым — бұл өткен, нақты және болашақ кезеңдердің әлеуметтік-экономикалық процестерін есепке алатын шаруашылық тәжірибенің саласы;

5) ғылым әлеуметтік, демографиялық, экономикалық, құрылымдық, технико-технологиялық, инвестициялы-инновациялық, ақша-несиелік, валюталық, кедендік және өзге саясаттардың шаруашылық шешімдеріне түзетулер мен өзгертулер енгізу үшін аймақтың шаруашылық жүйесінің даму заңдылықтары мен қарқынын анықтайтын факторларды зерттеуге арналған;

6) ұдайы өндіріс процесінің интегралды көрсеткіштері талдауға алынады.

Ғылым мен адамдардың шаруашылық тәжірибесінің саласы ретінде аймақтық экономика мынадай құрамдас бөліктерді қамтиды:

- ғылымның объектісі;

- ғылымның пәні;

- ғылымның әдістемелік құралдары,

- ғылымның субъектілері.

Аймақтық экономиканың объектісі – аймақтың шаруашылық жүйесі.

Аймақтық экономиканың пәні – елдің өндіргіш күштерінің орналастырылуын, әлеуметтік-экономикалық аймақтық дамудың негізгі қарқындарын, экономика салаларының орналастырылуын, аймақтың маңызды табиғи-экономикалық, демографиялық және экологиялық ерекшеліктерін, аймақаралық, аймақішілік, мемлекетаралық байланыстарды зерттеу. Басқаша айтқанда, аймақтық экономиканы зерттеу пәнінінің маңызды құраушысы — қоғамдық ұдайы өндірістің кеңістіктік аспектісін зерттеу.

Аймақтық экономиканың құралдары – жүйенің даму параметрлерінің жағдайын, факторлары, мәселелерін, заңдылықтары мен қарқындарын талдауға қатысты теоретико-әдістемелік тәсілдемелер және осы негізде өңделген елдің және ел халқының мүдделерін ескеретін макроэкономикалық шаруашылық шешімдерді дайындау мен жүзеге асырудың шаралары, әдістері және құралдары.

Аймақтық экономиканың субъектілері — экономикалық ғылым мен шаруашылық тәжірибесінің алдында тұрған қызметтер, мақсаттар мен мәселелерді жүзеге асыратын аймақтардың шаруашылық жүйесін басқару органдары.

1.2. Аймақтық экономика мен басқарудың әдістері

Ғылым ретінде аймақтық экономикада түрлі зерттеу әдістері қолданылады: бағдарламалы-мақсатты, салыстырмалы-географиялық, статистикалық, циклдық және шығындар әдісі.

Бағдарламалы-мақсатты әдіс сәйкес мақсатты бағдарламаларды өңдей отырып, жоспарлау мен болжамдаудың алғашқы кезеңдерінде аймақ территориясында өндірісті орналастыру сызбаларын өңдеу барысында қолданылады.

Ол келесілердің қарастырылуын көздейді:

- қандай да бір аймақтардың шаруашылығын дамыту деңгейлерінің нұсқаларын;

- аймақтар бойынша территориялық экономикалық пропорция нұсқаларын;

- жекелеген аймақтарды экономикалық дамыту құрылымдарының нұсқаларын.

Экономикадағы бағдарламалы-мақсатты әдіс бағдарламалардың көмегімен мақсаттарды ресурстармен байланыстырады. Әр бағдарлама «мақсаттар бұтағы» күйінде реттелген шаруашылықты дамытудың бір немесе бірнеше мақсаттарын жүзеге асыру бойынша шаралар кешенін қамтиды. Бағдарламалардың түрлі нұсқаларын бағалау мен таңдау арнайы тәсілдер арқылы (мысалы, бағдарламалы матрицалар) түрлі критериялар бойынша (шығындар минимумы немесе соңғы көрсеткіштерді жүзеге асыру барысындағы уақыт минимумы) жүзеге асырылады.

Салыстырмалы-географиялық әдіс үш негізгі құраушыларға жіктеледі:

1. аймақтық әдіс – территорияларды қалыптастыру мен дамыту жолдарын зерттеу; аймақтық дамудағы қоғамдық өндірісті дамыту мен орналастырылуын зерттеу;

2. салалық әдіс – географиялық аспектідегі экономика салаларының қалыптасуы мен қызмет ету жолдарын зерттеу; салалық шеңберде қоғамдық өндірістің дамытылуы мен орналастырылуын зерттеу;

3. жергілікті әдіс – жекелеген қала өндірісін қалыптастыру мен дамыту жолдарын зерттеу; оның алғашқы ұяшықтары бойынша өндірісті дамыту мен орналастырылуын зерттеу.

Статистикалық әдіс. 70-90 жылдары статистикалық мәліметтерді өңдеу әдістеріне арналған бірқатар еңбектер жарияланған болатын. Көп шамалы ақпаратты талдаудың кең таралған әдістерінің біріне факторлық талдауды немесе кластер-талдауды жатқызуға болады. Ол жасырын ауыспалылардың аз санына көшуден тұрады. Аймақтық зерттеулерде қолданылатын статистикалық модельдердің алғашқыларының біріне экономикалық база моделін жатқызуға болады. Ол 30 жылдары АҚШ ғалымы Г.Хойтпен қалыптастырылып, көптеген жылдардың ішінде АҚШ-ң 100-ден астам жекелеген аймақтық зерттеулерінде қолданылған болатын. Экономикалық базаны талдау аймақтық экономикалық өсімді болжамдаудың жылдамдатылған әдісі болып табылады, мұнда жеңілдетілген өсім теориясы қолданылады және ақпаратқа деген қажеттіліктер минималды болып табылады. Алынған нәтижелер тек негізгі және қызмет көрсетуші секторлардың дамуын болжамдаудан ғана тұрады.

Циклдық әдіс. Локальды ұдайы өндіріс циклдеріне келесідерді жатқызу қажет:

- табиғи ресурстарды пайдалану;

- жанармай-энергетикалық цикл;

- химия-орманды циклы;

- инвестициялық-құрылыс циклы;

- агроөнеркәсіптік цикл;

- ақшалай-қаржылық цикл;

- өндірістік инфрақұрылым циклы;

- институционалды-ақпараттық инфрақұрылым циклы;

- халық үшін азық-түлік емес тауарларды өндіру циклы.

Аталған циклдардың барлығы өз мақсаттары мен міндеттері бар дербес құрылымдар ретінде қарастырыла алғанмен, олар аймақтағы шаруашылық субъектілердің қызығушылықтарын оның даму міндеттерімен байланыстыра отырып, бір территорияда табиғи түрде өзара әрекеттеседі. Жалпыаймақтық мәселелердің бірқатарын шешуге ықпал ете отырып, олар инфрақұрылымдық қызмет көрсете және халықтың өмір сүру деңгейінің артуын қамтамасыз ете отырып, жекелеген кәсіпорындар мен ұйымдардың нақты мүмкіндіктерін кеңейтеді. Аймақтың кешенді экономикалық және әлеуметтік дамуы, экономиканың құрылымдық қайта құрылу міндеттеріне жауап беретін пропорцияларды қалыптастыру, халықты әлеуметтік қорғау, қоршаған ортаны қорғау – осының барлығы аймақтық ұдайы өндіріс циклын басқару нәтижелері болып табылады.

Шығындар әдісі. Аталмыш әдіс «шығындар-шығару» әдісі немесе салааралық балансты өңдеу әдісі деп те аталады. Аймақтық нұсқада «шығындар-шығару» әдісі түрлі тауарлар мен қызметтерді өндіру мен тұтынудың кеңістіктік бөлінуін түсіндіруге мүмкіндік береді. Ол әр өнімге жалпы сұраныс пен оны шығарудың жалпы көлемі арасындағы теңдікті сақтау шартында әр саламен өндіріліп, тұтынылатын тауарлар мен қызметтер көлемін есептеу үшін қолданылуы мүмкін. Аталмыш әдіс соңғы сұраныстың өзгеруіне байланысты өндіріс көлемі мен құрылымын болжамдау үшін қолданыла алады. Аймақтық талдауда «шығындар-шығару» матрицасын қолдану сапалы жаңа деңгейде аймақтық ұдайы өндірістің жиынтық көрсеткіштерін қалыптастыру мәселесін шешуге мүмкіндік береді.

Аймақтық экономиканы пәніне, оның теориясы мен әдістемесіне әрі қарай тереңірек ену үшін минималды болса да негізгі түісініктерді анықтау қажет.

1.3. Аймақтық экономика мен басқарудың экономикалық ғылымдар жүйесіндегі орны

Аймақтық экономика және басқару – салыстырмалы жас ғылыми пән, кеңестік мектепте оны экономикалық білімнің бастапқы циклы болып табылатын, яғни экономикалық теорияға дейін оқытылатын "экономикалық география" алмастырған болатын. Алайда аталмыш курс қазіргі таңдағы экономикалық пәндермен (макроэкономика және микроэкономика) әлсіз байланысты болғандықтан, ол трансформациялық кезеңнің күрделі мәселелерінің зерттелуін тыс қалдыра берді.

Керісінше, қазіргі таңдағы экономикалық ғылымда аймақтық экономика дербес те маңызды білім саласы ретінде кеңінен танымал бола бастады. Сонау кеңестік кезеңнің өзінде академик Гранбергтің басшылығымен экономика және өнеркәсіптік өндірісті ұйымдастыру Институтында қалыптасқан новосибирлік мектеп әлемдік деңгейде танымал болған әлемдік деңгейдегі ғылыми мектептер қалыптасқан.

Қазіргі таңдағы ғылымдар жүйесіндегі аймақтық экономиканың орнын екі өлшемде қарастырған жөн. Бір жағынан, аймақтық экономика аймақтар жайлы ғылымдар жүйесіне енеді. Екінші жағынан, ол экономикалық ғылымдар жүйесіне тән.

ХХ ғасырдың 50 жылдарында Батыста аймақтық экономика қалыптасқан. Оның идеологы мен ұйымдастырушысы - У. Айзард. Бұл аймақтық экономиканы тұтастай қамтитын синтетикалық ғылым пәнаралық зерттеулерге басымдық бере отырып, аймақтарды тұтастай жүйе ретінде зерттеуге тырысады. Аймақтық ғалым экономист, географ, әлеуметтанушы, саясаттанушы, инженер, сәулетші, заңгер, психолог та бола алады. Олардың барлығын зерттеудің бір ортақ та көп аспектілі объектісі біріктіреді - аймақтар. Аймақтар жайлы білімдер кешенін сипаттау үшін аймақтану, регионология, регионалистика сияқты терминдер қолданылады. Аймақтық экономиканың аймақ жайлы өзге ғылым салаларын қамтитынын айта кету керек: демография, әлеуметтану, мәдениеттану, саясаттану сияқты ғылымдардың экономикалық аспектілері.

Енді экономикалық ғылымдар жүйесіндегі аймақтық экономиканың орнын қарастырайық. Аталмыш мәселенің қиындығы аймақтық экономиканың тек өзіндік зерттеу пәні мен объектісіне ғана ие болмай, сондай-ақ экономикалық ғылымның өзге салаларына ене отырып, қоғамның экономикалық өмірінің аймақтық аспектілерінің алуан түрлілігімен де айналысатынынан тұрады.


Сурет 1.1. Ғылымдар жүйесіндегі аймақтық экономика

1.1-ші сурет экономика мен аймақтану сияқты екі ғылымның өзара әрекеттесуін көрсетеді.

 
 


Сурет 1.2. Экономикалық ғылым және оның үш полюстік ядросы

Ал 1.2. суреттен келесіні байқауға болады: экономикалық ғылым мен экономикалық білім құрылымында екі полюс әрекет етеді: микроэкономика және макроэкономика. Алайда аталмыш базистік ғылымдардың үйлесуі тұйық жүйені құрамайды. Үшінші полюс аймақтық экономика болуы тиіс. Сонда экономикалық ғылымның ядросы үш полюстік жүйе ретінде қалыптасатын болады: макроэкономика, микроэкономика, аймақтық экономика. Мұнда аймақтық экономиканы қандай да бір мезаэкономика ретінде қабылдаудың дұрыс емес екенін айта кеткен жөн, яғни макро және микроэкономиканың арасында тұратын ғылым ретінде түсінбеу қажет. Оның себебі – аймақтық экономика пәні макро және микроэкономика пәндерінің жиыны емес, дербес сипатқа ие болуында.

1.4.Аймақтық экономиканың негізгі ұғымдары

Қарастырып отырған білім саласының бастапқы түсінігі болып территория табылады — белгілі ауданмен, географиялық орналасумен және өзге де белгілермен сипатталатын Жердің қатты бөлігінің шектелген бөлігі. Толықтырушы түсініктер ретінде қарастырылатындар акватория — Жердің су бетінің шектелген бөлігі және аэротория — белгілі территориямен немесе акваториямен үйлестірілетін Жердің әуе бетінің бөлігі. «Территория», «акватория», «аэротория» түсініктерінің мазмұнын біріктіретін түсінікке геоторияны жатқызуға болады.

Әрі қарай «территория» түсінігі басым қолданылатын болады, алайда «акватория» және «аэротория» түсініктері де экономикалық кеңістікті зерттеу барысында қолданылады.

Түрлі белгілер бойынша территорияның біртекті болмауы немесе белгілі зерттеу мақсаттары тұрғысынан территорияның шамадан тыс көлемі территорияның бөліктерге бөлу қажеттілігін тудырады — яғни аймақтар.

Аймақ — бұл бірқатар белгілер бойынша өзге территориялардан айрықшаланатын және белгілі тұтастықпен, құраушы элементтердің өзара байланыстылығымен сипатталатын белгілі территория. «Аймақ» сөзі — латын тілінен аударғанда (regio түбірінен) ел, өлке, облыс дегенді білдіреді.

Түрлі ғылымдар мен тәжірибелік іс-әрекет салаларында аймақтарды бөліп қарастырудың өзіндік қағидалары болатыны анық. Жекелей алғанда, экономика үшін әкімшілік және экономикалық басқару тұрғысынан, территориялық еңбек бөлінісіндегі орны тұрғысынан, еңбек нарығы, тауарлар мен қызметтер нарығы тұрғысынан, әлеуметтік-экономикалық мәселелер тұрғысынан аймақтарды бөліп қарастырудың маңызы зор.

Э.Б. Алаевтың анықтамасына сәйкес, «аудан — бұл өзге территориялардан айрықшаланып, құраушы элементтердің бірлігі, өзара байланыстылығы және тұтастығымен сипатталатын территория». Шетелдік ғылыми әдебиетте көбінесе «аймақ» түсінігі қолданылады. Аудан, аймақ, ареал, зона — зерттеу объектісі ретінде, оның соңғы нәтижесі ретінде, әрекет ету объектісі ретіндегі зерттелетін территорияны бөлудің өлшемі ретінде қолданыла алады.

География мен аймақтық экономикада «аймақ» термині көптеген анықтамаларда қолданылады, және ғылыми әдебиеттер мен периодикалық басылымда ол біртіндеп «аудан» терминін ығыстырады. Бұл, мүмкін, аудан терминінің көбінесе «экономикалық аудан», «әкімшілік аудан» түсініктерімен ұқсастырылатындығында шығар. Ал «аймақ» термині неғұрлым иілмелі түсінік болып табылады.

Еуропалық Одақ (ЕО) құжаттарында «аймақ» түсінігіне келесідей сипаттама берілген: «аймақ» — географиялық көзқарас тұрғысынан тұтастықты білдіретін территория. Немесе халқы мәдени, экономикалық және әлеуметтік прогресті ынталандыру мақсатында өздерінің тұрмыс-тірлішігі мен құндылықтарын сақтауға ұмтылатын территориялық бірлік.

Сонымен, территорияларды аймақтарға бөлуді райондау (аудандау) деп атауға болады. Тәжірибеде райондау нақты даму кезеңі үшін айтарлықтай тұрақты территориялық құрылымдарды бөліп қарастыру үшін қажет. Ол алға қойылған мақсаттарға сәйкес жүзеге асырылады, яғни үнемі мақсатты немесе мәселелі бағдарланған болып табылады.

Қандай да бір ірі территорияны табысты басқару оны райондаусыз немесе әкімшілік-территориялық бөлініссіз мүмкін емес, яғни аталмыш территорияны құраушы бөліктерге бөлу. Райондау мәселелері кең территорияға, түрлі табиғи жағдайларға, өндіргіш күштердің зор потенциалына ие мемлекеттер үшін аса өзекті. Ондай мемлекеттердің қатарына, ең алдымен, Ресей, АҚШ, Ұлыбритания, Германия, Жапония, Қытай, Үндістан, Мексика, Бразилия мен бірқатар өзге мемлекеттерді жатқызуға болады. Сондай-ақ, райондау Беларуссия мемлекетін жатқызуға болатын орта мемлекеттер үшін де аса өзекті.

Райондау мен әкімшілік-территориялық бөліністің қажеттілігі территорияның ауқымы, онда қалыптасқан шаруашылық байланыстар, ұлттық, діни және өзге де ерекшеліктермен байланысты болатын аймақтық-аудан құрудың объективті процесін сипаттайды. Райондау 2 деңгейде жүзеге асырылады:

- танымдық;

- қайта құраушы.

Танымдық деңгейде біртекті территорияларды бөліп қарастыру жолымен елдің табиғи, демографиялық және экономикалық потенциалы зерттеледі. Ол қайта құраушы деңгейге өту базасын құрай отырып, статистикалық материалды жинақтауға мүмкіндік береді.

Райондаудың қайта құраушы деңгейі табиғи, демографиялық және экономикалық потенциалды рационалды пайдалану перспективаларын өңдеу және жүзеге асырумен, сонымен қатар ресурстарды максималды тиімді пайдалану мақсатында аймақтарды бөліп қарастырумен ерекшеленеді.

Райондаудың түрлері:

- экономикалық – территорияны табиғи және әлеуметтік-экономикалық белгілер жиынтығы бойынша бөлу, ол территориялық еңбек бөлінісі негізінде жүзеге асырылады (ірі экономикалық аймақтар (зоналар); ірі экономикалық аудандар; территориялық өндірістік кешендер, өнеркәсіптік тораптар);

- әкімшілік – территорияларды әрекет етуші әкімшілік тор негізінде бөлумен сипатталады, оның мақсаты – бірлік пен орталықтан басқаруды қамтамасыз ету (республика, облыс, облыстың әкімшілік ауданы, қала, қала ауданы, поселок);

- бағдарламалық – мемлекеттік аймақтық бағдарламаларды жүзеге асыру объектілері ретінде территориялық құрылымдарды бөлу (депрессивті аудандарды дамыту бағдарламасы, экономикалық бағдарламалар, АЭА);

- кешенді – аралас.

Мысалы, Қазақстан 5 ірі экономикалық аудандардан құралады. Солтүстікте егін шаруашылығы, темір рудаларын және көмір өндіру, машина құрылысы, мұнай өнімдерін, ферроерітінділерін өндіру мен энергетика дамыған. Шығыс Қазақстанда түсті металлургия, энергетика, машиа құрылысы және орман шаруашылығы дамыған. Батыс Қазақстан – тек Қазақстанның ғана емес, сондай-ақ ТМД-ң да ірі мұнай-газ өндіруші аймағы. Ал Орталық Қазақстан шаруашылығының негізгі салалары – қара және түсті металлургия, машина құрылысы, мал шаруашылығы. Оңтүстік Қазақстанда мақта, күріш, жүн, астық, жеміс-жидектер, көкөністер өндіріледі; түсті металлургия, жеңіл және тамақ өнеркәсібі, балық және орман шаруашылығы дамыған. Өнеркәсіптің орналастырылуы пайдалы қазбалардың кен орындарына, ірі қалалар мен су ресурстарына байланысты. Тау-кен өнеркәсібінің жоғары деңгейде шоғырлануы экологиялық жағдайдың нашарлауымен байланысты, бұл әсіресе Шығыс, Орталық және Оңтүстік Қазақстанның қалаларына тән.

Райондаудың негізгі ережелері: райондаудың факторлары анықталады (табиғи, экономикалық); әр фактор бойынша критериялар анықталады (тұтастай территорияға тән және аталмыш аймаққа тән белгілер); олардың сандық параметрлері белгіленеді; шекаралары анықталады.

Райондау басқару мүмкіндігін қамтамасыз етіп, оны басқару объектілеріне жақындатуға (халық, кәсіпорындар, т.б.), болжамдау мен жоспарлауды жеңілдетуге, аймақтардың әлеуметтік-экономикалық мәселелерін шешуге арналған.

Райондаудың негізгі қағидалары:

1. Экономикалық — аймақты қосымша және қызмет көрсетуші өндірістерінің белгілі көлемі бар елдің бірегей халықшаруашылығы кешенінің маманданған бөлігі ретінде қарастырады. Аталмыш қағидаға сәйкес аймақтың мамандануын еңбек шығындары, өнімнің өндірілу және тұтынушыға жеткізу шығындары өзге аймақтармен салыстырғанда неғұрлым төмен болатын салалар анықтауы тиіс.

2. Ұлттық — аймақ халқының ұлттық құрамын, оның еңбек етуінің тарихи қалыптасқан ерекшеліктерін, дәстүрлері мен ғасырлық тәжірибесін ескереді.

3. Әкімшілік — елдегі экономикалық райондау мен территориялық саяси-әкімшілік құрылымының бірлігін анықтайды. Аталмыш қағида аймақтардың дербес дамуы мен территориялық еңбек бөлінісінде аймақтар ролінің нығаюына жағдай жасайды.

Территориялық дамуды мемлекеттік реттеу мақсаттары үшін мәселелік аймақтардың түрлі типтері бөлініп қарастырылады. Мысалы, әлеуметтік-экономикалық саясатта артта қалған (әлсіз дамыған), депрессивті, дағдарыстық сияқты мәселелік аймақтар бойынша арнайы шаралар қарастырылады; әсіресе шекаралас аймақтарға назар аударылады. Осындай аймақтарда қалыптасқан жағдай тек өзіндік экономикалық ресурстарға ғана сүйене отырып, дамуға мүмкіндік бермейді, сондай-ақ оларға мемлекеттік қолдау қажет. Аталған аймақтар әкімшілік-территориялық бірліктерге сәйкес келмеуі мүмкін.

Еуропада шекаралас мемлекеттердің территорияларын қамтитын еуроаймақтар құрылуда. Мысалы, "Сарлотлюкс" еуроаймағы Саар (ГФР), Лотарингияны (Франция) және Люксембург елін қамтиды; "Нейсе" еуроаймағына ГФР бірқатар шығыс елдері, Польшаның батыс жерлері мен Чехияның батыс округтері енеді. Еуроаймақтар мемлекеттердің құқық қорғау заңдарының шеңберінен шығатын өздерінің басқару органдарына ие болады.

«Аймақ» түсінігін халықаралық қауымдастық та қолданылады — әлемнің аймақтары. Олардың кейбіреулері координация мен басқарудың ұлттықтан басым институттарына ие — мысалы, ЕО аймағы, ТМД аймағы, еркін сауданың Солтүстік-Америкалық ассоциациясы.

Тауарлар, еңбек, капитал, ақпараттың ұлттық нарықтарын ырықтандыру негізінде экономикаларды біріктіруші ретінде әлем аймақтарының дамуы ұлттық аймақтар арасында қатынастардың дамуын ынталандырып, трансұлттық аймақтардың қалыптасуына жол ашады.

Аймақтық экономиканың негізгі түсініктерінің бірі территория жөніндегі бастапқы көріністі дамытатын экономикалық кеңістік болып табылады. Эконо­микалық кеңістік — бұл көптеген объектілер мен олардың арасындағы байланыстарды қамтитын тығыз территория: тұрғылықты пункттер, өнеркәсіптік кәсіпорындар, шаруашылық игерілген және рекреациялық аудандар, көлік және инженерлік желілер және т.б. Әр аймақ өзінің ішкі кеңістігі мен сыртқы кеңістікпен байланыстарға ие болады.

«Экономикалық кеңістік» түсінігіне келесі түсініктер жақын болып табылады: экономиканың кеңістіктік (территориялық) құрылымы және шаруашылықтың кеңістіктік (территориялық) ұйымдастырылуы.

Экономикалық кеңістіктің сапасы көптеген сипаттамалармен және параметрлермен анықталады. Олардың ішінде, ең алдымен, келесілерді бөліп қарастырған жөн:

- тығыздық (халық саны, жалпы аймақтық өнім көлемі, табиғи ресурстар, негізгі капитал және т.б.);

- орналасу (орналасу теңдігінің көрсеткіштері, халық бөлінуінің және экономикалық іс-әрекеттің көрсеткіштері, оның ішінде шаруашылық игерілген және игерілмеген территориялардың болуы);

- байланыстылық (кеңістік бөліктері мен элементтері арасындағы экономикалық байланыстардың интенсивтілігі, көлік және коммуникациялық желілердің дамуымен анықталатын тауарлар, қызметтер, капитал мен адамдар мобильділігінің шарттары).

Экономикалық кеңістіктің қызмет етуі үшін оның элементтері арасындағы ара-қашықтықтың да маңызы зор. Физикалық тұрғыда километр, мильдермен өлшенетін өлшемдерге қарағанда «экономикалық кеңістік» физикалық алшақтықты жеңу үшін көлік және трансакциялық шығындармен сипатталады. Сондықтан бір географиялық нүктелер арасындағы экономикалық ара-қашықтық түрлі тауарлар, қызметтер және мигранттар топтары үшін бірдей болмайды.

Экономикалық кеңістікте шаруашылықты ұйымдастыру мен орналастыру формаларының көптеген түрлері әрекет етеді.

Кеңістіктің негізгі объектісі — локалитет — бір объектісі бар жергілік («шағын территория»). Бұл шағын тұрғылықты пункт, кәсіпорын, коммуникация бола алады, яғни локалитет тұрғылықты, өнеркәсіптік, көліктік, рекреациялық және т.б. бола алады. Локалитеттердің үйлесуі шаруашылық пен орналасудың кеңістіктік ұйымдастырылуының нақты формаларын құрайды:

- өнеркәсіптік торап — бұл өнеркәсіптік кәсіпорындардың, бір немесе бірнеше тұрғылықты пункттердің шағын территорияда орналастырылған өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымның ортақ объектілерімен үйлесуі;

- көліктік торап — өндіріс пен халықтың шоғырлануымен үйлесетін көлік коммуникациясының қиылысуы;

- территориялық-өндірістік кешен (ТӨК) — түрлі технологиялық байланысқан өндірістердің өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымының ортақ объектілерімен үйлесуі. ТӨК аймақаралық, ұлттық және тіпті әлемдік нарықтар ауқымдарында өндірістік мамандануға ие болады. ТӨК табиғи ресурстарға бай жаңа территорияларды шаруашылық игерудің қалыпты формасы болып табылады.

Агломерация — өнеркәсіптік және көліктік тораптарды, коммуникация жүйелерін, қалалар мен тұрғылықты пункттерді біріктіретін территориялық құрылым. Агломерациялар шаруашылық пен халықты шоғырландырудың жоғары деңгейімен сипатталады. Оған мысал ретінде Қазақстан Республикасындағы Алматы қаласын жатқызуға болады.

Агломерация орналастыру формалары қалалық және ауылдық болып жіктеледі.

Қалалық тұрғылықты пункттер, ең алдымен, халық саны бойынша айрықшаланады. Қазақстанда қала халқының саны 10 мың адамнан кем болмауы керек, ал өзге қалалық құрылымдарда (қала типіндегі поселкілер) — 2 мыңнан кем емес. Үлкен қалалар 100 мың адамдай халық санына ие (оның ішінде аса ірі — 500 мыңнан астам, ірі — 100-500 мың адам). Орта қалалар — 50-100 мың адам. Жартылай орташа — 20-50 мың адам. Шағын қалалар — 10-20 мың адам.

Қалалық тұрғылықты пункттер шаруашылықтың кеңістіктік ұйымдастырылуында түрлі қызметтерді атқарады (аталмыш қызметтерді қала тұрғызушы деп атайды). Көп функционалды қалалар шаруашылық немесе іс-әрекеттің қандай да бір саласын шоғырландырады: өнеркәсіп, көлік қызметтері, сауықтыру мекемелері (курортты қала) және т.б. Кейбір қалаларға тек бір кәсіпорын ғана қызмет көрсетеді (қауіпсіздік зауыты, кен орны, гидро­электростанция, кеме порты және т.б.). Өнеркәсіп, құрылыс, көлік, сауда, қаржы, білім беру мекемелері, денсаулық сақтау, мәдениет, ғылым, басқару және т.б. шоғырландыратын көп функционалды қалалар неғұрлым кеңінен тараған.

Сонымен, «агломерация» латын тіліндегі «agglomero» сөзі – «қосамын», «шоғырландырамын», «бірге қоршаймын» деген мағынаны білдіреді. Яғни, бір қаланың ірілену нәтижесінде өзінің бұрынғы шекарасынан шығып, айналасындағы елді мекендерді, соның ішінде ауылдар мен шағын қалаларды жұтып қоюы немесе тең дәрежедегі екі үлкен қаланың араларында бос жер қалмауына байланысты бір-біріне қосылып кетуі. Қазақстанда қазір қалалық агломерацияның дамуы, ең алдымен Алматы қаласының бет бейнесінен байқалады. Бұл қала өзіне Талғар, Николаев, Қалқаман секілді бірнеше елді мекенді қосып алу арқылы байқалады. Астананың қазіргі өсу, кеңею деңгейі де агломерациялану үрдісін байқатады. Ол маңайындағы Көктал, Мичурин, Кірпішті секілді елді мекендерді өзіне қосып алды.

Қарағанды-Теміртау қалаларының да бір-біріне жақын келуі тағы бір қызықты құбылыс. Бұл жерде екі орталықты қалалық агломерацияның пайда болу құбылысы байқалады.

Қалалық агломерациялардың бірігуі бірнеше ондаған миллион адамдарды біріктіретін мегаполистерді құрайды.

Қалалыққа қарағанда ауылдық пункттердің типтері табиғи, тарихи, халықтың ұлттық-мәдени ерекшеліктері мен мұраларын неғұрлым толығырақ сипаттайды.

Бірнеше ғасырлар бойы жүзеге асып жатқан халық пен өндірістің қалаларға шоғырлану процесі — урбандалу — ауылдық пункттер мен ауыл халқының айтарлықтай бөлігін жұтатын қалалар жүйесін құру нәтижесіне ие. Ауыл халқының азаюы оның қалаға көшуі, ауылдық жерлерді өспелі қалалардың қалалық сипатына енгізу, ірі ауылдық жерлердің қалалық поселкілерге өзгеруі салдарынан болады.

Дамыған елдердегі урбандалудың қазіргі таңдағы қарқыны – қала орталықтарындағы неғұрлым жақсы қамтамасыз етілген халық бөлігінің неғұрлым ыңғайлы қала шеті мен көлікпен қамтамасыз етілуі жақсы поселкілерге көшуі (субурбанизация мен дезурбанизация процестері).

Шаруашылық пен орналастырудың кеңістіктік ұйымдастырылуының қарастырылып отырған формалары үлкен елдердің территориялары бойынша тең түрде бөлінбейді (Ресей, АҚШ, Канада, Бразилия, Қытай).

Әлем елдерінің басым бөлігі біртекті емес экономикалық кеңістікке ие. Бірақ тіпті біртекті емес экономикалық кеңістік шекараларында анклавтар мен эксклавтар сияқты ерекше бөліктер бөлініп қарастырылады.

Анклав (лат. inclavatus — «жабық, қамалған», лат. clavis — «кілт») — өзге мемлекеттің территориясымен қоршалған мемлекет территориясының бөлігі. Өзге елмен толығымен қоршалған мемлекет бөліктері толық анклавтар деп аталады. Анклав-мемлекеттерге Италиядағы Ватикан және Сан-Марино, ОАР-ғы Лесото жатқызылады. Ал анклав-территорияларға мысалы, Бангладеш территориясында 106 үндістан ауылдарын қамтитын үндістанның анклавтарын атап өтуге болады.

Жартылай анклав — өзге мемлекеттің территориясымен жазық далада қоршалған, бірақ теңізге шыға алатын мемлекеттің бөлігі. Осындай типті анклавтарды жағажайлық анклавтар деп те атайды. Осындай жартылай-анклав елдеріне Малайзия мен Оңтүстік Қытай көлі қоршап жатқан Брунейді, Испания және Атлант мұхитымен қоршалған Португалияны жатқызуға болады.

Эксклав бұл елдің негізгі территориясынан бөлінген оның бөлігі.

Таза эксклав — елдің негізгі территориясынан алшақтатылған және бір немесе бірнеше мемлекетпен қоршалған (анклав болып табылмайтын) егеменді емес аймақ. Таза эксклав өзге мемлекеттерге қатысты анклав болып табылмайды, бірақ елдің негізгі территориясына қатысты эксклав болып табылады.

Өзге территориямен толық қоршалмай, теңізге шы


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: