Тапсырма-3

1. Құжаттың бірінші бетінде көп деңгейлі тізім жасаңыз. Осы құжатта “Мазмұны” деген тізімнің атауын ортаға туралап, қаріп түрі - Times New Romon, қаріп көлемі - 16. Тізім мәтінінің қаріп түрі дәл сондай, қаріп көлемі - 14.

Тізім мәтіні:

І - тарау. Ақпарат және информатика.

1.1 Ақпарат ұғымы.

1.2 Мәліметтендіру негіздері, құрылымы.

1.3 Файлдық құрылым.

1.4 Информатика пәні мен оның мәселелері.

Студенттің өзіндік жұмысы

Төмендегі тақырыптар бойынша реферат жазу

1. Microsoft Word мәтіндік редакторы

2. Негізгі түсініктер (типтік интерфейс элементтері, абзац, қаріп, түрі және т.б.)

3. Мәтінді форматтау.

4. Мәтіннің көшірмесін алу және жылжыту.

Стильдер құру. Форматтау: мәтінді туралау, қаріптер және интервалдар

Стильдер құру

Word мәтіндік редакторында абзацтың немесе құжаттың форматталу үлгісіне стиль құрып, оны құжаттың басқа аймағына қолдануға болады. Стильдер құжаттағы тақырыптар, суреттердің айналасындағы жиектеме ішіндегі мәтін (надпись) және негізгі мәтін сияқты мәтін элементтерінің әртүрлі сыртқы түрлеріне құрылады. Стильдер бір ғана әрекет жасай отырып абзацқа немесе сөзге тұтас бір форматтау атрибуттарын пайдалану мүмкіндігін береді. Егер мәтіндегі қандай да бір элементтің форматын өзгерту қажет болса, осы элементке пайдаланылған стильді өзгерту жеткілікті. Стильдер құжатты форматтауды жеңілдетеді және олардың көмегімен мазмұн құрылады.

Формат – Стильдер және форматтау командасын орындағанда экранның оң жағында ашылған тақтадан Стиль құру (Создать – Стиль) батырмасын таңдаймыз. Бұл сұқбат терезесінде форматтау операцияларын жасай аламыз.

4.1-сурет. “ Стиль құру ” сұқбат терезесі.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: