Максимальді балл - 20

Актерға (науқас) арналған сценарий мәтіні және оның ролінің сипаттамасы:

Шағымдары: баспалдақпен 2-қабатқа көтерілген кезде, тез жүргенде пайда болатын ентігу, жүрек қағуы, жалпы әлсіздік.

Сұрақтың мәні Актер үшін сұрақ құрастыру Актердің жауабы
Ентігудің пайда болуы Ентігу қашан пайда болады? Тыныштық кезінде ентігу болады ма? Тыныштықта және асықпай жүргенде ентігу болмайды, баспалдақпен 2-қабатқа көтерілген кезде, тез жүргенде пайда болады
Жүректегі ауыру сезімі Жүректе ауыру сезімі болады ма? Стационарда емделіп шыққан соң жүрегімде ауыру сезімі мазаламайды
Ауыру сезімін басу Жүректегі ауыру сезімін қалай басасыз? Нитроглицерин 1 табл. Тіл астына
Жүрек қағуы ұстамалары Жүрек қағуы қашан пайда болады? Неге байланысты? Тыныштықта болмайды, әдеттегі физикалық жүктемені арттырған кезде пайда болады (тез жүргенде), тыныштықта басылады.

Анамнезінде: 10 жылдан бері ЖИА-мен АГ ауырады, «Д» есепте тұрады. Бір ай бұрын физикалық жүктемеден соң жедел миокард инфарктімен қалалық кардиоорталыққа госпитализацияланды. Жағдайы жақсарумен шығарылған, жүрегіндегі ауыру сезіміне шағымданбайды, әдеттегі физикалық жүктемені (асықпай жүру, 1-қабатқа көтерілу) жақсы көтереді. Кардикет, кардиомагнил, бисопролол, симвастатин қабылдайды. АҚҚ максимум 170\100 мм сын. бағ. Үйренген АҚҚ 130\80 мм сын. бағ. 20 жылдан бері күніне 1 қорап (20 темекі) темекі тартады. Миокард инфарктына байланысты, соңғы айда күніне 5-6 темекіге азайтқан.

Объективті: бойы 176 см, салмағы 84 кг. Дене бітімі гиперстеникалық. Тері жабындыларының түсі қалыпты. Перифериялық ісінулер жоқ. Өкпесінде везикулярлы тыныс, сырылдар жоқ. Жүрек үндері әлсіреген, ырғағы дұрыс, пульс минутына 76 рет.

Зерттеу нәтижелері:

1. АҚҚ – өлшейді – 130/ 80 мм сын. бағ.

2. ЖЖЖ – минутына 70 рет

  1. Жалпы қан аналізі
Көрсеткіштер Нәтижелер
Гемоглобин, г/л  
Эритроцит х1012 5,2
Лейкоцит, х109 6,2
Нейтрофил %
с\я %  
т\я %  
Эозинофил  
Базофил  
Моноцит%  
Лимфоцит %  
ЭТЖ, мм/сағ  
  1. ЖАЛПЫ ЗӘР АНАЛИЗІ
Көрсеткіштер Нәтижелер
Түсі ашық-сары
Реакция 6,0
Салыстырмалы тығыздығы  
эпителий жасушалары  
Лейкоциттер 1-2 к/а

5. Қанның биохимиялық талдауы:

Көрсеткіштер Нәтижелер
Калий, мэкв/л 4,2
Натрий, мэкв/л  
Глюкоза, ммоль/л 4,8
Билирубин, ммоль/л 15,6
Жалпы холестерин, ммоль/л 5,8
АСТ, ммоль/л  
АЛТ, ммоль/л  
Триглицериды, ммоль/л 2,4

6. ЭКГ –

Ритм синустық, минутына 74 рет. ЖЭО солға ығысқан. Сол қарынша гипертрофиясы.

Артқы диафрагмалық миокард инфарктының жеделдеу сатысы – ІІ, ІІІ, АVF тіркемелерінде Q тісшесі бар және Т тісшесі теріс.

7. ЭХОКГ: жүрек қуыстары кеңеймеген. Сол қарыншаның гипертрофиясы. Сол қарыншаның артқы қабырғасының гипокинезі. ФВ 56%.

«ЖДА жағдайында миокард инфарктын басынан өткерген науқасты жүргізу»

клиникалық жағдайы бойынша жауаптар эталоны

Қадамдарды бағалау критерийлері Жауап эталоны
  Шағымдары мен анамнезін жинау. Барлық сұрақтар қойылды ма? Ентігу мен жүректегі ауыру сезімінің пайда болуын, немен басылатындығын нақтылау Анемнез morbi et vitea
  Науқас жағдайының ауырлығын бағалау АҚҚ және ЖЖЖ өлшеу, тері жабындыларының түсі, цианоз, аяқтарында ісінулер болуы
  Физикалық тексеруді дұрыс жүргізу – жалпы қарап-тексеру Перкуссия және аускультация
  Жүрек-қан тамыр жүйесін физикалық тексеру ЖИА. Миокард инфаркты (26.03.2013ж. – 1 ай бұрын), жеделдеу сатысы. Артериалды гипертензия 2 дәрежесі, ҚҚТ 4. ҚБ 1.
  Болжама диагноз ЖҚА, ЖЗА, БҚА: глюкоза, АЛТ, АСТ, холестерин, триглицеридтер, калий, натрий ЭКГ ЭХОКГ
  Зерттеу жоспарын тағайындау Күштемелік стенокардиямен.
  ЭКГ талдады Ритм синустық, минутына 74 рет. ЖЭО солға ығысқан. Сол қарынша гипертрофиясы. Артқы диафрагмалық миокард инфарктының жеделдеу сатысы – ІІ, ІІІ, АVF тіркемелерінде Q тісшесі бар және Т тісшесі теріс.
  Қанның биохимиялық анализін талдау Холестерин увеличен до 5,8 ммоль\л, триглицериды – 2,4 ммоль\л.
  ЭХОКГ талдау Жүрек қуыстары кеңеймеген. Сол қарыншаның гипертрофиясы. Сол қарыншаның артқы қабырғасының гипокинезі. ФВ 56%.
  Қорытынды диагноз ЖИА. Миокард инфаркты (26.03.2013ж. – 1 ай бұрын), жеделдеу сатысы. Артериалды гипертензия 2 дәрежесі, ҚҚТ 4. ҚБ 1.
  Емдеу тактикасын анықтау – медикаментозды терапия. Нитраттар, бета-блокаторлар, ААФ ингибиторлары, антиагреганттар, статиндер – холестерин мен триглицеридтер деңгейі жоғарылаған. Осы препараттарды ұзақ уақыт бойы ішу керектігін түсіндіру.
  Физикалық реабилитация Физикалық жүктемеге төзімділігін арттыру үшін физикалық жүктемелердің қажеттігі: ЕДШ, 30 минут бойы 1-1,5 км қашықтыққа асықпай жүру – жақсы көтеру кезінде күнделікті түрде.
  Жүректегі ауыру сезімін немесе ентігуді басу Нитроглицерин 1 табл. Тіл астына, тахикардия кезінде – бисопролол 5 мг.
  Ем тиімділігін бақылау Ем тиімді болса: - жүректе ауыру сезімі болмайды - физикалық жүктемені жақсы көтереді - ЭКГ-да оң динамика - 3 айдан соң холестерин мен триглицеридтер деңгейін қайта тексеру
  Диспансеризация Өмір бойы бақылау Мүгедектікті толтыру – МСС жіберу Денсаулық мектебі Өзін өзі бақылаутын күнделік (АҚҚ, ЖЖЖ) Кардиолог, егер ол болмаса ЖТД – стационардан шыққан соң бірінші ай – апта сайын, бірінші жарты жылда айына 1 рет, екінші жарты жылда – квартылына 1 рет; 2 жылдан бастап функциональды классқа байланысты бақылау. Жылына 1 рет клиникалық қан анализі, жалпы холестерин, ЛПНП, ЛПВП, триглицеридтер – жылына 2 рет. Антикоагулянтты ем кезінде – апта сайын протромбин. ЭКГ- бірінші жарты жылда ай сайын, сосын 1 рет квартылына – екінші жарты жылда, екінші жылы - функциональды классқа байланысты. Ұю жүйесін және физикалық жүктемесі бар тестті бақылау – көрсеткіш бойынша. ЭхоКГ - көрсеткіш бойынша Қауіп факторларды коррекциясы: темекі шегуден бас тарту және алкогольден бас тарту, тамақта тұзбен қаныққан майды шектеу, дене салмағын төмендету (ИМТ<28), физикалық белсенділік, артериальды гипертонияда адекватты емі. Тұмауға қарсы егу
  Науқаспен оңтайлы қарым-қатынас орнатуы және қорқынышын сейілтуі

Симуляцияның жабдықталуы:

1. Тапсырма жазылған парақ, волонтерге арналған сценарий, қадамдарды бағалау критерилері.

2. Анализдер нәтижелері жазылған парақ: ЖҚА, ЖЗА, ҚБА, ЭКГ, ЭхоКГ

3. Тонометр, фонендоскоп.

Жағдай: Оқу бөлмесі– пәтер

1. Кушетка – 1

2. үстел – 1, орындык-2

3. препараттар салынған медициналық шкаф (нитроглицерин, бисопролол табл.).

Құрастырушының аты-жөні: Еренчина Э.Р.

Рецензенттің аты-жөні: доц. Енсегенова З.Ж.

Бекіту күні және КОП отырысы хаттамасының номері:№10 16.01.14 ж.

Қайта өңдеді: доценттің о.б.Алиманова Ж.М., 2015г

Рецензенттің аты - жөні (2015):

Бедельбаева Г.Г., ҚазҰМУ ДБИ терапия кафедрасының меңгерушісі

Семей қ., ММУ жалпы тәжірибелік дәрігер интернатурасының кафедрасаның меңгерушісі м.ғ.д., профессор Еспенбетова М.Ж.

ББК отырысындағы хаттамасының нөмірі мен бекітілген күні - №5 29.01.2015ж.

Қолданылған әдебиеттер:

1. Общая врачебная практика: национальное руководство. Т1 / под ред.акад. РАМН И.Н.Денисова, проф. О.М.Лесняк. – М.: ГЭОТАР-Медиа, 2013. – 976 с

2. Приказ и.о. Министра здравоохранения Республики Казахстан от 26 декабря 2012 года № 885 «Об утверждении протоколов (стандартов) диспансеризации больных с хроническими формами заболеваний»

3. Классификация заболеваний внутренних органов с примерами формулировок клинических диагнозов. 2—е изд. – Руководство для практических врачей и студентов медицинских вузов – Алматы, 2012. – 158 с.

4. Общая врачебная практика: диагностическое значение лабораторных исследований: учебн.пособие. \ Вялов С.С. – 5-е изд. – М.: МЕД-пресс-информ, 2013. – 176 с.

5. Общая врачебная практика: неотложная медицинская помощь: учебн.пособие. \ Вялов С.С. – 5-е изд. – М.: МЕД-пресс-информ, 2013. – 112 с.

6. Амбулаторная медицина. Б.Мовшович. 2010


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: