Станция 3 «Коникотомия»

Станция 2

«ЖІТІ КОРОНАРЛЫҚ СИНДРОМ КЕЗІНДЕГІ АУЫРУ СИНДРОМЫН БАСУ»

Бағалау критерийлері Толық жауап Толық емес жауап Дұрыс емес жауап
  Науқаспен бастапқы қарым – қатынас орнатты. Шағымдарын, ауру анамнезін, өмір анамнезін анықтады.      
  Ауыру сезімінің сипатын, орналасуын, ұзақтығын, иррадиациясын анықтады.      
  АҚҚ, ЖСЖ өлшеді, жүрек аускультациясын жүргізді.      
  ЭКГ тағайындады және түсіндірді.      
  Нитроглицерин таблеткасын сублингвальді 0,0005 г немесе нитроглицерин аэрозоль түрінде 0,4 мг/доза әр бес минут сайын үш рет АҚҚ бақылай отырып тағайындау, Аспирин 100-300 мг шайнап, сумен ішу. Клопидогрель 75 мг ішке.      
  Оттегі ингаляциясы      
  Кеуде торында ауыру сезімі сақталса: морфин 1% - 1,0 мл гидрохлорид ерітіндісін 0,9% натрий хлорид ерітіндісімен алдын ала араластырылған, ауыру сезімі басылғанша көктамырға 2-4 мг баяу енгізу.      
  АҚҚ 90 мм.сын.б.б. төмен емес болса, изокет 0,1% - 10,0 мл ерітіндісін изотоникалық ерітінді натрий хлориді немесе 5% глюкоза ерітіндісімен алдын ала араластырылған, көктамырға тамшылатып енгізу. .      
  Көктамырға гепарин 5000 ӘБ баяу енгізді.      
  Науқастың жағдайы тұрақталғаннан кейін зеңбілмен арнайы бөлімшеге жеткізді. Тыныштықты сақтай отырып жылдам және дұрыс жағдайды бағалады.Науқасты қарау және көмек көрсету кезінде өзінің әрекетіне түсініктеме берді және бағалай білді.      

Этап бойынша ең жоғары балл - 100,0

Тапсырмаға берілген уақыт – 7 минут

Станция 3 «КОНИКОТОМИЯ»

Ситуациялық шарттары

2 жастағы бала ес-түссіз. Тыныс қимылдары жоқ. Қарашықтары кеңейген, жарыққа реакциясы жоқ. Бет және мойын аймақтарының диффузды цианозы. Мойын веналары кеңейген, аяқтары тырысып, тартылуы анықталады. Пульсі сирек, ырғағы дұрыс емес, тек ұйқы артериясында пальпацияланады. Бала қазір ғана сөйлеп, күліп отырып колбаса жеп отырған. Кенет шашалып, жөтеліп дем алуға тырысты, бірақ дем ала алмай, талып қалды.Бөгде затты қолмен, Геймлих әдісімен, басын төмен қарай сілкілегенде нәтижесіз аяқталды. Науқасқа жедел коникотомия жасау керек.

Коникотомия жүргізу әрекетіңізді түсініктеме беру арқылы орындаңыз.

Станция 3 «Коникотомия»

17 жастағы жігіт ес-түссіз. Тыныс қимылдары жоқ. Қарашықтары кеңейген, жарыққа реакциясы жоқ. Бет және мойын аймақтарының диффузды цианозы. Мойын веналары кеңейген, аяқтары тырысып, тартылуы анықталады. Пульсі сирек, ырғағы дұрыс емес, тек ұйқы артериясында пальпацияланады. Жігіт қазір ғана сөйлеп, күліп отырып колбаса жеп отырған. Кенет шашалып, жөтеліп дем алуға тырысты, бірақ дем ала алмай, талып қалды.Бөгде затты қолмен, Геймлих әдісімен, басын төмен қарай сілкілегенде нәтижесіз аяқталды. Науқасқа жедел коникотомия жасау керек.

Емтихан қабылдаушыға ақпарат: мысалы,«берілген критерийлер негізінде бітірушінің коникотомия жүргізудегі коммуникативті және клиникалық дағдыларын бағалауыңызды өтінеміз».

Бағалау критериилері Толық жауап Толық емес жауап Дұрыс емес жауап
1. Емтихан тапсырушы қажетті құрал – жабдықтарды дұрыс таңдады: бір реттік қолғаптар; 70% спирт ерітіндісі; Труссо кеңейткіші; трахеостомиялық канюля (коникотомиялық түтікше); скальпель; қайшылар; өңделген материалға арналған пластикалық қалта; дәкелер (орташа); медициналық мақта; лейкопластырь; фонендоскоп. Залалсыздандырылған қолғаптарды киді.      
  Науқасқа горизонтальді қалып беріп, жауырын астына валик қойып, науқастың басын максимальды артқа қарай шалқайтты. Мойынның алдыңғы бетін 70% спирт ерітіндісімен өңдеді..      
  Тері тілігін жүргізу үшін қалқанша және сақина тәрізді шеміршектер арасындағы коникалық байлам-мембранасына пальпация жасады.      
  Ол үшін қалқанша шеміршегін түртіп көрді (ер адамдарда – «адам алмасы») және саусағымен ортаңғы сызық бойымен сырғытты. Келесі төмпешік – сақина тәрізді шеміршекті тапты.      
  Кеңірдектің артқы қабырғасының перфорациясын болдырмау үшін бір қолдың саусақтарымен скальпельдің ұшынан екі сантиметр жоғары ұстап, мойынның ортаңғы сызығы бойымен тері және тері асты май қабатына көлденең тілік (1 см) жасады.      
  Коникалық байламмен жабылған қалқанша және сақина тәрізді шеміршектер арасындағы ойысқа пальпация жасады және скальпель ұшымен кесіп өтті.      
  Жараның шеттерін Труссо кеңейткішімен кеңейтті және коникотомиялық түтікті (трахеостомиялық канюля)енгізді.      
  Түтіктің қалпын және өкпе желденуінің дұрыстығын бағалады. Жасалынған іс шараның дұрыстығын мына көрсеткіштер растайды: тыныс қимылдары кезінде түтік арқылы ауаның кіріп шығуының ысқырықты болуы, ал муляжда «бос кеңістікке түсу» сезімінің пайда болуы.      
  Коникотомиялық түтікті бекітті және асептикалық таңғыш салды.      
  Тыныштық сақтай отырып, жағдайды жылдам және дұрыс бағалады. Қарап тексергенде және коникотомия жүргізу барысында өзінің әрекеттеріне түсініктеме берді.      

Этап бойынша ең жоғарғы балл – 100 балл

Тапсырмаға берілген уақыт–7 минут

Станция 4 «Анафилактикалық шок»

Ситуациялық шарттар

Науқас 29 жаста. Стоматологтың қабылдауында, лидокаинді енгізгеннен кейінгі пайда болған кенеттен әлсіздікке,лоқсу,бас айналуға шағымданды.Бронхоспазм пайда болып,беті ісіне бастады. Стоматолог науқасқа Жедел жәрдем келгенше 0,18% 0,5 мл т/а адреналин енгізді. Есі б:ұлыңғыр,сұрақтарға қиындықпен жауап береді. Тері жабындылары бозарған,ылғалды,бет қырлары үшкірленген.Экспираторлы ентігу,ТАЖ 28 рет минутына.Өкпенің барлық бөлігінде алыстан естілетін құрғақ ысқырықты сырыл естіледі. Жүрек тондары тұйыұталған. ЖСЖ 120 рет минутына.АҚҚ 60/0.Науқастағы анакфилактикалық шокты жылдам басу керек. Өз әрекетіңізді түсініктеме беру арқылы орындаңыз.

Жабдықталуы: муляж, қолғап,тонометр,1,0 адреналин,преднизолон,250,0 физиологиялық ерітінді, полиглюкин 400,0, оттегі ингаляторы, ерітіндіні көк тамырға енгізігеннен арналған система,10 мл шприц,2,4% -10,0 Эуфиллин

Тәжірибелік дағдыларды қадамдап орындау кезінде емтихан қабылдаушының балл қойып бағалау критериі

  Қадамдарды бағалау критериі Толық жауап Толық емес жауап Дұрыс емес жауап
1. Науқасты жатқызып, аяғын 20о –қа көтереді.Науқастың гемодинамикалық көрсеткіштерін анықтайды: АҚҚ, пульсін.      
2. Қолын жуады. Қолғапты киеді. Қайталап 0,18% адреналиннің 0,5 мл тері астына енгізеді. Нәтижесі болмаса әрбір 5-10 минут сайын қан қысымын бақылап отырып, адреналинді енгізіп тұрады. АҚҚ 90/60 мм с. б. көтерілгенде көктамырға түсуге болады.      
3. Оттегі-ауа қоспасын науқасқа беру.   2,5  
4. 0,9% натрий хлориді ерітіндісі мен көк тамырға салатын бір рет қолданылатын жүйенінің жарамдылығын, бүтіндігін, гомогендігін тексеру және жүйені жинау      
5. Көк тамырға түсіп, жүйені қосады, инені лейкопластырмен бекітеді.      
6. Келесі инъекциялардың барлығы тек қана көк тамырға жүйе арқылы жасалынады: преднизолон 90-150 мг, димедрол 1% -1,0; бронхообструктивті синдром сақталғанда көк тамырға эуфиллин 2,4%-10,0 мл.      
7. АҚҚ 90/60 мм.с.б. –тен төмен болса, яғни нәтиже болмаған жағдайда, 10-15 минуттан соң жоғары молекулярлы коллоидты (полиглюкин,) ерітінділерін 400 мл (1-4 мл/кг/мин) енгізеді.      
8. Манипуляцияларды орындау кезінде науқаспен вербальді қатынаста болу қажет. Үнемі науқастың тері жабындысын, қан қысымынАҚҚ, пульсін қадағалап отыру қажет.   2,5  
  Коммуникативті дағды.Тыныштық сақтай отырып жағдайды жылдам және дұрыс бағалады. Көктамырға енгізу барысында өзінің әрекетіне түсініктеме берді.      

Этап бойынша ең жоғары балл - 100,0

Тапсырмаға берілген уақыт – 7 минут

Станция 5 «Клиникалық жағдай»

Тәжірибелік дағдыларды қадамдап орындау кезінде емтихан қабылдаушының балл қойып бағалау критериі

  № Қадамдарды бағалау критериі Балдық өлшемдегі баға
  Клиникалық есепте берілген обьективті зерттеулердің нәтижесін дұрыс бағалады, негізгі синдромды дұрыс анықтады.        
  Болжам диагнозды дұрыс қойды        
  Клиниакалық жағдайға қарай жедел жәрдемді дұрыс көрсетті, препараттардың тобымен мөлшерін, оларды енгізу жолдарын дұрыс таңдады.        
  Науқасты жүргізу тактикасын дұрыс таңдады (тасымалдау, госпитализациялау, емханаға актив беру)        

Этап бойынша ең жоғары балл - 100,0

Тапсырмаға берілген уақыт – 7 минут

Пән бойынша оқу-әдістемелік құрал

Негізгі әдебиеттер:

1. Руководство по скорой медицинской помощи + CD/ под ред. БагненкоС.Ф., Верткина А.Л.,

2. Мирошниченко А.Г., Хубутия М.Ш. – М., 2008, 816с.

3. Жедел медициналық жәрдем. Турланов К.М., Калкабаева с.А., 2011, Алматы, 438с.

4. Руководство по скорой медицинской помощи. Под ред. В.М.Михайловича, 2007, 808.

Қосымша әдебиеттер:

  1. Руководство по кардиологии под ред. Коваленко В.М. Киев Морион 2008, 1404с.

2. «Артериалды гипертензия мен гипертониялық криздерді ауруханаға дейінгі кезеңде заманауи тұрғыда емдеу» Турланов К.М., Воднев В.П.,Ахметова Г.Ж. 2011г. -53б.

3. «Современные подходы к лечению артериальной гипертензии и гипертонических кризов на догоспитальном этапе» Турланов К.М., Воднев В.П., Мухамбетьярова С.А 2011г. -53с.

  1. Ambulatory Arterial Stiffness Index as a Predictor of Cardiovascular Mortality in

the Dublin Outcome Study / E. Dolan, L. Thijs, Y. Li et al. // Hypertension.- 2008.- Vol. 47.- P. 365-370.

  1. Franklin, S.S. Hypertension in Older People: Part 1 / S.S. Franklin // J. Clin. Hypertens.- 2009.- Vol. 8, N 6.- P. 444-449.
  2. The ECG made easy. John R. Hampton Edinburgh London New York Oxford Philadelphia 2009. – P 113

Қосымша І

Қазақстан Республикасы білім және ғылым Министірлігінің 7 қыркүйек 2006 жылғы №481 бұйрығы. Білім беру ұйымында білім алушылардың ағымдық үлгерімін бақылау, аралық және қорытынды мемлекеттік аттестациясы Ережелерін бекіту туралы.

Білім алушылардың оқу барысындағы жетістіктерін тексеру үшін, жоғарғы оқу орны тарапынан бақылау және аттестацияның әр түрлі формалары қарастырылады.

Білім алушылардың Қорытынды мемлекеттік аттестациясы жоғарғы оқу орны белгілеген уақытта, оқу үрдісінің графигіне(академиялық күнтізбе) және оқу жоспарына сай өткізіледі. Білім алушылардың Қорытынды мемлекеттік аттестациясы бакалавриат, магистратура және арнайы жоғарғы білім мамандықтары үшін жалпы мемлекеттік білім беру стандарттарына сай өткізіледі. Қорытынды мемлекеттік аттестацияға оқу үрдісін оқу жоспары мен бағдарламасына сай бітірген білім алушылар жіберіледі.

Қорытынды мемлекеттік аттестация жоғарғы оқу орындарында мемлекеттік емтихандар(негізгі профильдік пәндер және мамандықтар бойынша) немесе дипломдық жұмысты қорғау(магистрлік диссертация) түрінде өткізіледі.

Мемлекеттік емтихандар(негізгі профильдік пәндер және мамандықтар бойынша) келесі түрде өткізіледі: ауызша, жазбаша, тестілеу(кешенді тестілеу) оқу бағдарламасы көлемінде.

Кешенді тестілеу түріндегі мемлекеттік емтихандар жоғарғы оқу орнымен пәндердің оқу бағдарламасынының негізінде жасалады. ЖОО өздігінше тест тапсырмаларын, түрін(ашық, жабық, комбинирленген), өткізу технологиясын дайындап, бекітеді.

Қорытынды мемлекеттік аттестацияны өткізу үшін әр мамандық бойынша оқытудың барллық түріне бір Мемлекеттік аттестациялық комиссия құрылады. Мемлекеттік аттестациялық комиссияның жыл сайын комиссия өкілі мен мүшелері құрамында ұйымдастырылады және күнтізбелік жыл бойынша қызмет атқарады.

Мемлекеттік аттестациялық комиссияның барлық отырысына хаттама жасалады.

Қосымша ІІ

ОҚКЕ кезеңдерінің бірізділігі

       
   
 
 



Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: