Мысалы – әрбір үлгі тығыздығы ρ, кг/м3 мына формуламен есептеледі
, (1)
мұндағы m – үлгі массасы, кг;
v – үлгі көлемі, м3.
Бірнеше формуланы қатар жазған жағдайда, олар үтірмен бөлінеді.
Мысалы
S= V∙t, (2)
. (3)
5.4.1 Қосымшада көрсетілген формулалардан басқа формулалар оқу жұмысының басынан соңына дейінгі ретпен араб сандарымен нөмірленеді. Формула нөмірі формула жазылған қатар соңына жақша ішіне қойылады. Формула немесе теңдеудің жоғарғы және төменгі жағынан кем дегенде бір бос қатар қалдырылады.
Мысалы – (1), (2), (3) және т.б.
Бір формула ғана болса, оны (1) деп белгілейді. Мәтінде формулаға сілтеме жасалған кезде оны жақша ішінде көрсетеді.






