double arrow

Лекция мєтіні

1. “Экология” деген сөзді ғылымға алғаш рет 1866 жылы неміс биологы Э.Геккел ендірген болатын. ХХ ғасырдың ортасында әлемдегі экологиялық ахуалдың нашарлауынан, соған орай экологияның қамтитын тақырыптарының күрделенуінен өз кезегінде экология ғылым саласы, яғни маман-биологтардың зерттеу пәні ғана емес, қазіргі таңдағы ең маңызы зор ғылымның кешенді саласына айналған.

Заң әдебиеттері экологиялық мәселені екі аспектіде қарастырады, яғни табиғатты тиімді құқықтықпайдалану және қоршаған табиғи ортаны құқықтық қорғау. Табиғатқа әсер етудің бір-бірімен байланысты бұл екі түрі экология құқығы пәнін оқытудың негізгі мазмұнын құрайды. Сонымен бірге бүгінгі таңдағы қалыптасқан экологиялық жағдай, табиғатқа әртүрлі жолдармен әсер етудің жағымсыз салдарлары тікелей адам өмірі мен денсаулығына қауіп төндіріп отыр.

Сондықтан республикамызда азаматтардың өмірі мен денсаулығына қолайлы қоршаған ортаны қорғау мәселесі экологиялық қауіпсіздіктің негізін құрайды, сонымен қатар ұлттық қауіпсіздіктің стратегиялық басым салаларының бірі және халықаралық интеграциялық процестерде еліміздің мүддесі мен басым құқықтарын қорғауда маңызды критерий болып табылады. Бұл негіздер ҚР Конституциясында және Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздігі тұжырымдамасында басты бағытта заңдастырылған. Осы міндеттердің құқықтық тұрғыдағы түсіндірілуі мен оқытылуы экологиялық құқықтың алға қойған мақсаттарының бірі болып танылмақ.

Экологиялық құқық - “құқықтану” мамандығы бойынша жоғарғы заң оқу орындарында оқытуға арналған ҚР Білім жєне ғылым министрлігінің типтік оқу жоспарында бекітілген жеке кешенді оқу пәні ретінде саналады. Қоршаған ортаны қорғау мен табиғи ресурстарды пайдалануды құқықтық реттеудің кешенді саласы саналатын бұл құқықтың ерекшеліктері осы оқу жоспарының жүйесінде ескерілген. Оның жүйесі жалпы, ерекше және арнайы бөлімдерден тұрады. Жалпы бөлімде барлық оқу пәндеріне ортақ экологиялық құқықтың қарастыратын құқықтық институттар жүйесі қамтылған. Ал, ерекше бөлім табиғи және аумақтық кешендерді, жекелеген табиғат объектілерін қорғаудың, қалпына келтірудің және пайдаланудың экологиялық-құқықтық режиміне арналса, арнайы бөлімде қоршаған ортаны халықаралық қорғаудағы ынтымақтастық қатынастарын реттеуге маңыз берілген.

Бұл құқықтың қалыптасуына - экологиялық қорғаныстардың пайда болуына қоршаған ортаның және оның құрамдас бөлігі - табиғи ресурстардың біртұтастығы және өзара тығыз байланыстылығы, табиғи ерекшеліктері, соған қарай қатынастардың да бірыңғайлығы себеп болды. Мемлекет тарапынан экологиялық заңдар шыға бастады. Мұны экология құқығының негіздері тақырыбының мазмұнынан көруге болады. Қоғам мен табиғат арасындағы экологиялық қатынастарды реттегенде аталған жағдайларды ескермеуге болмайды. Сондықтанда экологиялық қатынастар біртұтас. Сонымен қоршаған ортаны және оның құрамдас бөлігі табиғи ресурстарды қорғау және пайдалану, молайту, қалпына келтіру жақсарту ұғымы пайда болады. Экология құқығын-экологиялық құқықтық қатынастар құрайды. Республикада айналадағы табиғи ортаны қорғау жөніндегі мұндай қатынастар еліміздегі табиғи ортаны жер, жер қойнауы, су, орман, атмосфералық ауаны, жануарлар мен өсімдіктер дүниесін қорғау туралы заңдары мен ол заңдарды қолдану жөніндегі өзге де ҚР құқықтық актілерімен реттеледі.

2. Экология құқығының қайнар көздері - айналадағы табиғи ортаны қорғау, оны пайдалану, спасын арттыру және табиғи ресурстар жөніндегі қоғамдық қатынастарды реттейтін актілердің жиынтығы болып табылады. Экология туралы заңдарды мазмұны жағынан, заң қабылдайтын огандардың түрлері немесе олардың заң шығару өкілеттігі жағынан бірнеше топқа бөлуге болады.

Экология құқығының негіздері ішінде ҚР конституциясы ерекше орын алады. ҚР Конституциясы табиғи ресурстар қорларының құқықтық жағдайын және оның аумағының бөлінбейтінін, оған қол сұғуға болмайтынын, табиғи қорларды мемлекет атынан иемдену құқығын жүзеге асыру жолдарын, заңдарын, соның ішінде экологиялық заңдардың, өзге де құжаттардың Конституция ережелеріне қайшы келмеуін, азаматтардың өмір сүруі мен денсаулыққа қолайлы айналадағы табиғи ортада тұру құқығын, Конституция мен заңдарды сақтау, басқа адамдардың құқықтарын құрметтеу міндеттерін белгілейді.

Экология құқығының экологиялық қатынастарды реттеудің мазмұнына қарай, оның жүйесін құрайтын қатынастарға және соларға байланысты нормативтік құжаттардың мазмұнына қарй мынадай турлерге бөліп қаруға да болады. Жалпы экологиялық нормативтік құқықтық актілер және оның құрамдас бөлігі болып саналатын салалық нормативтік құқықтық актілер:

Жалпы экологиялық нормативтік құқықтық актілердің өзі екіге бөлінеді:

1. негізгі жалпы экологиялық нормативтік құқықтық актілер;

2. туынды жалпы экологиялық нормативтік құқықтық актілер;

Негізгі жалпы экологиялық нормативтік құқықтық актілерге төмендегілер жатады:

1. ҚР Экологиялық кодексі. 2007 жылғы 9 қаңтардағы.

2. ҚР Экологиялық сараптамасы туралы 1997 жылғы 18 наурыздағы заңы.

3. ҚР Азаматтарының денсаулығын сақтау туралы 1997 жылғы 19 мамырдағы заңы.

4. ҚР Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саулығы туралы 1994 жылғы 8 шілдесінде қабылданған заңы;

5. ҚР Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы 1996 жылғы 5 шілдеде қабылданған заңы.

Туынды жалпы экологиялық нормативтік құқықтар актілеріне жататындар;

1. ҚР Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігі туралы ереже ҚР Үкіметінің 1999 жылғы 27 сәуірдегі N481 қаулысымен бекітілген. (ҚР ПҮАЖ-ы, N15,154-құжат);

2. ҚР Жер ресурстарын басқару агенттігі туралы Ереже ҚР Үкіметінің 2005 жылғы14 қаңтардағы N14 қаулысымен бекітілген. (ҚР ПҮАЖ-ы, 2005 ж. N1, 64-70 б.б.

Салалық негізгі нормативтік құқықтық актілер мынадай түрлерге бөлінеді:

1. Жер туралы негізгі нормативтік құқықтық актілер;

2. Жер қойнауы және он пайдалану туралы негізгі нормативтік құқықтық актілер;

3. Ормандар мен басқа өсімдіктер туралы негізгі нормативтік құқықтық актілер;

4. Су жөніндегі негізгі нормативтік құқықтық актілер;

5. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы негізгі нормативтік құқықтық актілер;

6. Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы негізгі нормативтік құқықтық актілер;

7. Атмосфералық ауаны қоғау туралы негізгі нормативтік құықтық актілер;

8. Экология саласында халықаралық экологиялық ынтымақтастықтар туралы негізгі нормативтік құқықтық актілер;

Осы аталған негізгі салалық нормативтік құқықтық актілердің туынды түрлері де бар.

3. Республикамызда азаматтардың өмірі мен денсаулығына қолайлы қоршаған ортаны қорғау мәселесі экологиялық қауіпсіздіктің негізін құрайды, сонымен қатар ұлттық қауіпсіздіктің стратегиялық басым салаларының бірі және халықаралық интеграциялық процестерде еліміздің мүддесі мен басым құқықтарын қорғауда маңызды критерий болып табылады. Бұл негіздер ҚР Конституциясында басты бағыттардың бірі екендігі атап көрсетілген. Сондай-ақ ҚР Конституциясында табиғи ресурстарды мемлекеттік меншік арқылы пайдалану, оны қорғау, оны басқау табиғат туралы заңның бастамасы болып табылады.

4.

5.

Бақылау сұрақтары:

1. Экологиялық құқықтың пайда болуы, өркендеуі және болашағы.

2. Экология құқықтың қайнар көздерінің түсінігі, ерекшеліктері және классификациясы.

3. Қазақстан Республикасының Конститутциясы және экологиялық құқықтық ережелер мен талаптар.

4.Үкіметтің, жергілікті өкілді және атқарушы органдардың экология-құқықтық актілері.

5.Экологиялық қатынастарды реттеудегі соттық тәжірибенің маңызы.

Тақырып: Табиғи объектілеріне меншік құқығы.

Жоспар:

1.Табиғат обьектілеріне мемлекеттік меншік құқығының түсінігі және жалпы сипаттамасы.

2. Мемлекет-табиғат обьектілеріне меншік құқығының субьектісі.

3. Табиғи ресурстарға жеке меншік құқығының мазмұны, обьектілері мен субьектілері.

4.Табиғи ресурстарға жеке меншік құқығының пайда болу, өзгертілуі және тоқтатылу негіздері.

Лекция мақсаты: Студенттерге экологиялық құқықтың түсінігі, экологиялық қатынастардың түрлері мен жалпы сипатын, экологиялық қатынастардың мазмұны, пайда болуы, өзгертілуі, тоқтатылуы, экология құқығының әдістері, қағидаларын, экологиялық құқықтың жүйесін үйрету.

Лекция мәтіні.

1. Табиғи ресурстар - қоғамның тұтыну қажеттігін қанағаттандыратын табиғаттың игілікті құрамдас бөлігі. Табиғи ресурстар - қалыптасқан экологиялық кешен. Бірақ олардың кейбіреулері ғылым мен техниканың дамуы нәтижесінде ғана пайдалану қорына айналуы мүмкін. Сондықтан меншік объектілеріне адам мен қоғамның қажеттігі үшін пайдаланатын табиғи ресурстар жатады. Табиғи ресурстарға мемлекеттік меншік құқығы – бұл табиғат ресурстарына Қазақстан Республикасы егемендігінің материалдық негізін құрайтын, экологиялық және экономикалық құқықтық ережелердің жиынтығы.

Республикамызда алғаш рет 1990 жылғы қарашаның 15-де қабылданған Қазақ ССР- дегі “Меншік туралы “ Заңда және Қазақ ССр-нің мемлекеттік егемендігі туралы Декларацияда (1990 жылғы 25 қазан) жер, оның қойнауы, су, орман, жануарлар мен өсімдіктер дүниесі тек қана мемлекеттің меншігі болып жарияланды.

1991 жылғы 16 желтоқсанда қабылданған “Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы“ Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында аталған табиғат объектілері, әуе кеңістігі және басқа да табиғи ресурстар тек қана Қазақстан Республикасының меншігі болып аталды. Қазақстан Республикасындағы табиғи ресурстардың құқықтық жағдайы 1993 жылғы 28 қаңтарда қабылданған Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында тек қана мемлекеттің меншігі ретінде айқындалатыны көрсетілді.

Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 30 тамызда қабылданған Конституциясында жер, оның қойнауы, су көздері, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар мемлекет меншігінде болады деп көрсетілген. Сонымен бірге жер заңда белгіленген негіздерде, шарттар мен шектерде жеке меншікте де болуы мүмкін Конституциядағы табиғи ресурстар мен оған мемлекеттік меншік құқығы Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 15 шілдедегі “Қоршаған ортаны қорғау туралы” және “Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы “ заңдарда бекітілді. Кейінгі кезде заңдардан табиғи ресурстарға “Тек қана мемлекет меншігі“ деген ұғым алынып тасталды. Сонда да басқа болса ресурстарға мемлекет меншігі аталған ресурстарға басқа мемлекеттік органдарының, соның ішінде орталық және жергілікті мемлекеттік басқару органдарының, министрліктерінің, ведомстволардың, мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелердің, ұйымдардың, жеке адамдардың, мемлекеттік емес ұйымдардың және басқа тұлғалардың, шет ел азаматтар мен ұйымдардың, мемлекеттерінің меншігінде бола алмайтынын көрсетеді.

2. Қазақстан Республикасы жер кодексінің нормаларына сйкес республика аумағында жерге мемлекеттік меншік құқығының субъектісі - Қазақстан Республикасы. Оның жерді иеленуге, пайдалануға және билік етуге құқығы бар. Осы меншік құқығының мазмұнына қарай жерді басқару органдары мен жер пайдаланушылардың құзыреті белгіленеді. Бұл заң ҚР Конституциясына сай келеді. Орталық және жергілікті мемлекеттік және басқару органдары табиғи ресурстарға мемлекеттік меншік құқығын заңда белгіленген басқару уәкілдігіне ие бола алады. Оларда табиғи ресурстарды иемдену мен пайдалану құқығы жоқ. Мемлекеттік кәсіпорындар, мекемелер мен ұйымдардың заңда көрсетілген ретте ғана табиғи ресурстарға иемдену, пайдалану, билік ету құқығы бар. Оның өзінде билік ету құқығы да, мемлекет атынан және заңдарда көрсетілген жағдайларда ғана жүзеге асырылады.

Табиғи ресурстарға мемлекет меншігін және оның субъектілерін, басқру органдарын, шегі мен мазмұнын тек қана халық, оның атынан мемлекет, халық пен мемлекет атынан ҚР Конституциясына сай, ҚР Президенті, Конституциялық өкілеттігі шегінде Парламент заңдар арқылы белгілейді. Республика Үкіметі және зге де мемлекеттік органдар мемлекет атынан оларға бегшілген өкілеттіктері шегінде ғана жүргізе алады (3,66,85-баптар). Барлық табиғи ресурстарға меншік құқығы туралы заңдар ҚР Конституциясына сәйкес болуы керек. ҚР Конституциясының 6-бабына сәйкес меншік субъектілерінің өз құқықтарын жүзеге асыру көлемі мен шектері де заңмен белгіленеді. БІРақ табиғи ресурстарға мемлекеттік меншіктің мазмұндарының негізі болып табылатын бұл Конституциялық нормалар “Қоршаған ортаны қорғау туралы” заңдардың барлығында аталып көрсетілмейді. Ондай нормалар 2003 ж. 20 маусымда қабылданған “Жер кодексінде” ғана бар.

Басқа экологиялық және экономикалық салалық заңдарда жоқ. Мысалы: 1997 ж. 15 шілдеде қабылданған “Қоршаған ортаны қорғау туралы” және “Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы” заңдарда табиғи ресурстарға, табиғи аумақтарға мемлекеттік меншік құқығының шегі мен мазмұны аталмаған. “Қоршаған ортаны қорғау туралы” заңның 4-тарауы “Табиғи ресурстар мен табиғат пайдалану” деп аталады. Табиғи ресурстарға мемлекет меншігі аталмаған. Осы баптың мазмұнында табиғи ресурстарға мемлекеттік меншік құқығы және жеке меншік құқығы көрсетілген. “Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы” заңның 5-бабы “Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар меншігі” деп аталады. Егер меншік туралы Конституциялық нормаларға тікелей жүгінсек оларда табиғи ресурстарға ғана мемлекеттік меншік құқығы бар, ал табиғи аумақтарға меншік құқығы берілмеген. Дұрысы: “Табиғи аумақтардағы табиғи ресурстар мемлекет меншігінде болады” деу керек еді. ҚР табиғи ресурстарға мемлекеттік меншігі құқығының мазмұнын – иемдену, пайдалану және билік ету құрайды, сондай-ақ оған мемлекеттік басқару құқығы да жатады. Табиғи ресурстарға мемлекеттің иелену құқығы – осы ресурстарды меншікке алудың заңды нысаны және оны жүзеге асыру мүмкіндігі мен қызметі.

Табиғи ресурстарды мемлекеттің пайдалану құқығы - табиғи ресурстардың пайдалы қасиеттерін және одан түскен табысты иемдену, сондай-ақ өзге де пайда алу қызметі. Табиғи ресурстарға мемлекеттің билік ету құқығы – табиғат объектілерінің іс жүзінде немесе заң жүзінде тағдырын айқындауға берілген мүмкіндік. Осы мүмкіндік арқылы табиғи ресурстардың пайдалы қасиеттерін және одан түскен табысты иемдену, сондай-ақ өзге де пайда алу қызметі. Мемлекеттің табиғи ресурстарын иемдену, пайдалану және билік ету құқығының табиғи ресурстарды пайдаланушылар, иемденушілер мен кейде билік етушілердің құқығынан ерекшеліктері бар. Мұны меншік иесі құқығының мазмұнынан көруге болады:

1) Мемлекет табиғат ресурстары өз құқығының мазмұнын түзіп, оларды меншік иесі ретінде жүзеге асырады. Басқалар, табиғат ресурстарын иемденушілер, пайдаланушылар мемлекет белгілеп берген құқық шеңберінде ғана игілікке асырады.

2) Мемлекет табиғат ресурстарына меншік құқығын мемлекет бойынша, қоғамның, барлық адамдардың мүддесі үшін пайдаланады. Басқа табиғат ресурстарын иемденушілер, пайдаланушылар өзіне иемденуге, пайдалануға берген табиғат объектісін өз мүддесі үшін заңда көрсетілген мақсатта ғана пайдаланады.

3) Табиғат қорларына мемлекеттің билік жүргізуі шексіз және оған ешкім шек қоя алмайды,оны тоқтата да алмайды. БІРақ табиғат қорларына мемлекеттік билік Конституцияға сәйкес болуы қажет. Сондықтан Конституцияға қайшы келетін заң нормаларының күші болмайды.

Табиғат ресурстарын мемлекеттен басқа иемденушілер мен пайдаланушылар заңда белгіленген ретте белгілі бір шекте билік ету құқығын пайдалануы мүмкін. Оның өзінде де мемлекеттік басқару қызметі шегінде болады.

3. ҚР Конституциясында табиғи ресурстарға мемлекеттік меншік арқылы пайдалану, оны қорғау, оны басқау табиғат туралы заңның бастамасы болды. Сонымен бірге ҚР адамның өмір сүруі мен денсаулығына қолайлы қоршаған ортаны қорғауды өзінің мақсаты етіп қойды. Табиғат пайдалану адамның шаруашылық және өзге де қызметіне табиғи ресурстарды пайдалануы “ Қоршаған ортаны қорғау туралы” заңнаң 1-бабының 5-тармағында келтірілген бұл анықтама шын мәнінде табиғат пайдалануды емес, табиғи ресурстарды пайдалануды көрсетеді. Табиғат байлығының атмосфералық ауа, кеңістік табиғи аумақтарды пайдалану объектілеріне жатады. Сондықтан табиғат пайдалану дегеніміз - табиғи объектілердің, оның ішінде өзара қарым-қатынастағы атмосфералық ауаны, кеңістікті, аумақты, топырақты, жер, жер қойнауын, жануарлар мен өсімдіктер дүниесін, сондай-ақ климатты, озон қабатын қоса алғанда барлық жанды және жансыз табиғи байлықтарды пайдалану. Олардың ішінде табиғи ресурстар ерекше орын алады. Сондықтан осыларға заңдарда ерекше орын беріліп, басқа табиғи объектілер олардың қатарынан түсіп қалған. Жоғарыдағы табиғат пайдалану құқығының анықтамасында көптеген табиғи объектілер аталмаған. Табиғат пайдалану құқығының ауқымы, табиғи ресурстарды пайдалану құқығынан кең. Себебі, табиғи ресурстарды пайдалану құқығы табиғи ресурстардың объектілерін (жер, жер қойнауы, су, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі) пайдаланумен шектеледі. Ал табиғат пайдалану жоғарыда көрсетілгендей барлық жанды және жансыз табиғи объектілерді қамтиды (климат, озон қабаты, атмосфералық ауа, әуе кеңістігі, аумақ).

Сондықтан табиғат пайдалану құқығының табиғи ресурстарды пайдалану құқығынан айырмашылығы оның пайдалану объектілеріне байланысты болады. Табиғи ресурстарды пайдалану құқығы - қоғамның материалдық мәдени және басқа қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін табиғи ресурстарды пайдалану туралы құқықтық нормалардың жиынтығы. Оның объектілері - жер, жер қойнауы, су, орман, жабайы жануарлар мен басқа өсімдіктер дүниесі.

Табиғат және табиғи ресурстарды пайдалану құқығының субъектілеріне азаматтар, заңды тұлғалар, мемлекет, мемлекеттік құрылымдар, заңда және шарттарда көрсетілген ретте шетел азаматтары мен тұлғалары, мемлекеті жатады. Бірақ олар табиғаттың немесе табиғи ресурстардың кез келген түріне пайдалану құқығына ие бола алмайды. Оның құқықтық нормалары бар. Оның ішінде азаматтар мен заңды ұйымдарға және басқа табиғат, табиғи ресурстарды пайдаланушыларға пайдалануға берілмейтін объектілері және объектілерінің түрлері бар. Табиғат және табиғи ресурстарды пайдаланушылардың субъектілері бастапқы және кейінгі түрлері бар. Мысалы, жер учаскесін мемлекеттен алған шаруа қожалығы (фермер) алғашқы табиғат, табиғи ресурс пайдаланушы субъектісіне жатады. Одан соң учаскені жалға алған жер пайдаланушы кейінгі табиғат, табиғи ресурсты пайдаланушы субъект болады. Сервитут құқығы мен табиғат және табиғи ресурстарды пайдаланушылар да осыларға жатады. Аталған субъектілерді алғашқы және кейінгі санаттарға жатқызу олардың осы салада ққықтары мен міндеттерін, мазмұнын анықтауға қажет. Табиғи ресурстарды пайдаланудың түрлерін анықтаудың топтастырып қарау жолыбар. Ол табиғат және табиғи ресурстар туралы заңдарда орын алған. Соған орай табиғатты, табиғи ресурстарды пайдалану:

1) жалпы және арнайы пайдалануға;

2) табиғатты қоғамдық және жеке мақсатта пайдалануға бөлінеді.

Табиғатты, табиғи ресурстарды пайдаланудың түпкі мақсатына қарай адамның және қоғамның экономикалық, экологиялық, әлеуметтік қажеттіліктерін өтеу үшін пайдалану түрлеріне де бөлуге болады.

4. Табиғаттың негізгі ресурстарын пайдалану мен айналадағы табиғи ортаны қорғауды мемлекеттік басқару - қоғамды әлеуметтік басқарудың бір саласы, яғни ол мемлекеттік экологиялық басқару болып табылады. Экология саласындағы мемлекеттік қатынастарды басқаруға негіз болатын үш жағдай бар:

1) Қазақстан Республикасы - табиғи ресурстардың жеке дара меншік иесі.

2) Қазақстан Республикасы - халықтың ресми өкілі.

3) Айналадағы табиғи ортаны қорғау, оның адамның өмірі мен денсаулығына қолайлы болуын қамтамсыз ету қызметін атқаратын мемлекет, оның органдары мен лауазымды адамдары заң жүзінде белгіленген өкілеттіктері шегінде жүзеге асыру құқығына ие болады.

Мемлекеттік экологиялық басқару табиғи ресурстарды - жер, су, орман, жер қойнауы, жануарлар мен өсімдіктер дүниесінің қорларын дұрыс пайдалануы, қорғалуы, табиғи ортаның, оның адам өмірі мен денсаулығына қолайлы болуы саласындағы бағдарламалардың, жоспарлардың және шаралардың орындалуын ұйымдастыруды іске асыру болып табылады. Басқарудың нысандарына заң шығарушылық,, құқық қолданушылық, құқық орындаушылық және құқық қорғаушылық қызметтері жатады. Басқарудың мақсаты - экологиялық бағдарламардың, жоспарлардың және шаралардың орындалуын қамтамсыз ету, айналадағы табиғи ортаны қорғау, табиғи қорларды тиімді пайдалануды және осы салалардағы заңдар ережелерінің бұзылмауын қамтамасыз ету, адам өмірі мен денсаулығына табиғи ортаның қолайлы болуына жағдай жасау. Басқарудың осы аталған әдістеріне экологиялық қатынастарды реттеп отыру, түсіндіру, тәрбиелеу, білім беру, экономикалық ынталандыру, экологиялық тәртіп пен ережелері бқзғаны үшін жазаларды қолдану шаралары жатады. Экологиялық басқрудың мақсаты мен әдістері осы саладағы экологиялық заңдардың негізгі арқауы және қатынастарды реттейтін ережелердің мзмұны болып табылады. Басқарудың жүзеге асырылуы мемлекеттік және қоғамдық құрылымдардың, лауазымды адамдар мен азаматтаррдың іс-әрекетіне, қызметіне және олардың құқықтары мен міндеттерінің заңдарда толық қамтылуына байланысты болады. Экологиялық басқарудың мақсаттарын басшылыққа ала отырып, атқарылатын экологиялық қызметті мынадай түрлерге бөлеміз:

- ҚР мемлекеттік экологиялық бағдарламасын, облыстардың, қалалардың, аудандардың бағдарламаларын әзКРлеп, жүзеге асыру.

- Қоршаған ортаны қорғау мен оны пайдалануды басқарудың экономикалық тетігін белгілеу (қоршаған ортаны жоспарлау, экологиялық бағдарламаларды және оын қорғау жөніндегі шараларды қаржыландыру).

- Табиғи ресурстарды пайдалануға беру және ақы төлеу тәртіптерін белгілеу.

- Табиғи ресурстарды есепке алу, бағалау, олардың кадастрларын жүргізу.

- Жалпыға бірдей экологиялық тәрбие мен білім беруді ұйымдастыру.

- Қоршаған ортаның сапасын нормалау.

- Табиғи қорларды пайдаланудың экологиялық нормативтерін, лимиттерін белгілеу.

- Ластайтын заттарды қоршаған ортаға шығару мен ластаудың және қалдықтарды орналастырудың тәртібін бекіту.

- Республикалық табиғат қорғау қорын және оның жұмсалу тәртібін белгілеу.

- Қоршаған ортаны пайдалану мен қорғауға мемлекеттік қадағалау және оған бақылау жүргізу.

- Мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу.

- Төтенше экологиялық жағдай және экологиялық апат айсақтарын белгілеу.

- Қоршаған ортаны қорғау саласында халықаралық ынтымақтастықты ұйымдастыру.

- Қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды пайдалану және қорғау, қоршаған ортаның адам өмірі мен денсаулығына қолайлы болуына жағдай жасау туралы заңдар мен заң актілерді дайындау және қабылдау.

Бақылау сұрақтары:

1.Табиғат обьектілеріне мемлекеттік меншік құқығының түсінігі және жалпы сипаттамасы.

2. Мемлекет-табиғат обьектілеріне меншік құқығының субьектісі.

3. Табиғи ресурстарға жеке меншік құқығының мазмұны,обьектілері мен субьектілері.

4.Табиғи ресурстарға жеке меншік құқығының пайда болу, өзгертілуі және тоқтатылу негіздері.

Тақырып: Табиғат пайдалану құқығы.

Жоспар:

1. Табиғат пайдалану құқығының түсінігі, қағидалары және белгілері.

2. Табиғат пайдалану құқығының түрлері, обьектілері және субьектілері.

3. Табиғатты жалпы және арнайы пайдалану.

4. Табиғат пайдаланушылардың құқықтары мен міндеттері, оның пайда

болуы, өзгертілу, тоқтатылу негіздері.

5. Табиғат пайдалану құқығын қорғау.

Лекция мақсаты: Студенттерге табиғатты пайдалану құқығының түсінігін, қағидаларын және белгілерін экологиялық қатынастардың түрлері мен жалпы сипатын, экологиялық қатынастардың мазмұны, пайда болуы, өзгертілуі, тоқтатылуы, экология құқығының әдістері, қағидаларын, экологиялық құқықтың жүйесін оқытып, үйрету.

Лекция мәтіні.

1. Экологиялық құқықтың аса күрделі және көпжақты институттарының бірі ол - табиғат пайдалану құқығының институты болып табылады. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңына сөйкес меншік құқығы тек жер қорына ғана қолданылады; жер қойнауы, су, орман, жануарлар дүниесі, атмосфералық ауа тек пайдалану құқығында ғана беріледі. Сондықтан экологиялық қатынастардың аса көп мөлшері табиғат пайдалану институтына қатысады.

Жалпы мағынасында табиғат пайдалану деп - адамның өзінің әр алуан өмірлік қажеттерін (экономикалық, экологиялық, рухани, мәдени-сауықтыру, имаңдылық-эстетикалық қажеттерін) қанағаттандыру үшін табиғатпен өзара әрекетін айтамыз. Табиғат пайдалану құқығы объективтік мағынасында — табиғат объектілерін пайдалану мен қоршаған ортаны қорғау жөніндегі қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы болып табылады.

Субъективтік мағынасында табиғат пайдалану — бұл адамның әралуан өмірлік қажеттерін қанағаттандыру үшін табиғат объектілерін пайдалану жөніндегі табиғат пайдаланушылардың заңмен белгіленген құқықтары мен міндеттерінің жиынтығы. Сөйтіп, тұтастай алғанда табиғаттың пайдалы қасиеттерін немесе жекелеген табиғи ресустарды қолданыстағы заңмен белгіленген шектерде және шарттарда өздерінің қажеттерін қанағаттандыру үшін пайдалану құқығы деген анықтама беруге болады. Барлық уақытта да мынаны ескерген жөн: табиғат пайдалану тек адамның өмірлік қажеттерін қанағаттандыру құралы қызметін атқарып қоймай, сонымен бір мезгілде қоршаған ортаға теріс ықпал етуі де мүмкін.

Табиғат пайдалану құқығын беру негіздерінің бірі — бұл табиғи ресурстарды пайдалануға берілетін лицензия және қоршаған ортаны қорғау саласындағы қызметтің жекелеген түрлерін жүзеге асыру болып табылады.

Қазіргі уақытта табиғат пайдалану құқығы көптеген табиғи ресурстарға лимиттеледі және квотталады. Бұл мынадан туындап отыр: көптеген табиғи ресурстар сарқылатын ресурстарға жатады немесе жалпы жаңартылмайтын ресурстар болып табылады. Қоршаған ортаны ластау лимиттері — бұл ластайтын заттардың, өндіріс пен тұтыну қалдықтарының жалпы көлемінің түсу шектері, сондай-ақ қолайлы қоршаған орта сақталатын деңгейлердегі қоршаған ортаға шудың, тербелістің, магнитті өрістердің және өзге де зиянды физикалық ықпалдардың әсері;

Табиғи ресурстарды алып қою лимиттері — бұл табиғи ресурстарды ықтимал мөлшерде пайдалану шектері, бұл жағдайда биологиялық ресурстарды табиғи молайту бұзылмайды және пайдалы қазындыларды ұтымды пайдалануға кепілдік беріледі;

Ластануға берілетін квота — бұл белгілі бір мерзімге нақты табиғат пайдаланушыға берілетін ластануға арналған лимиттің бір бөлігі;

Табиғи ресурстарды алып қою квотасы — бұл белгілі бір мерзімге нақты табиғат пайдаланушыға берілетін алып қою лимитінің бір бөлігі;

Қоршаған ортаның ластануына берілетін лимиттер мен квоталарды жергілікті өкілді органдар (мәслихаттар) және облыстардың әкімдіктері (Астана және Алматы қ. әкімдіктері) Қазақстан Республикасының Үкіметі облыстар (республикалық маңызы бар қалалар, астана) үшін белгілейтін, ал табиғи ресурстарды алып қоюға – Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлігі белгілейтін лимиттер мен квоталар шектерінде анықталады.

Табиғат пайдалану құқығының принциптері деп - табиғи ресурстарды пайдалану жөніндегі құқық қатынастарын реттеудің негізгі бастаулар.

Табиғат пайдалану құқығының негізгі принциптеріне мыналар жатады:

· адамның өмірі мен денсаулығын қорғаудың басымдығы халықтың өмірі, еңбегі мен демалысы үшін қолайлы қоршаған ортаны сақтау және қалпына келтіру.

· қолайсыз экологиялық ахуалы бар аумақтарда экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және бұзылған табиғи экологиялық жүйелерді қалпына келтіру;

· ерекше экологиялық, ғылыми және мәдени маңызы бар биологиялық алуан түрлілікті және қоршаған ортаның объектілерін сақтауды қамтамасыз ету;

· қоршаған ортаға нұқсан келтіруді болдырмау, қоршаған ортаға ықтимал ыкпалды бағалау.

· табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану мен ұдайы молайту;

· мемлекеттік реттеу және мемлекеттік бақылау, қоршаған ортаны қорғау туралы заңды бұзғаны үшін жауапкершіліктің ымырасыздығы.

Табиғатты ұтымды пайдалану сонымен бір мезгілде адамның экологиялық, экономикалық, әлеуметтік және өзге де мүдделерін ескеру дегенді білдіреді, онда табиғат пайдалану ақылға қонымды, ойластырылған, үнемді және өтемді болуға тиіс. Тек осындай көзқарас қана бүгінгі ұрпақтың қажеттерін қанағаттандырып қана қоймай, сонымен бірге болашақ ұрпақтар үшін табиғи ресурстарды сақтай алады. Табиғатты арнайы пайдаланғаны үшін кезең-кезеңмен ақы төлеуді енгізу және қоршаған ортаны қорғауды экономикалық ынталандыруды енгізу қажет. Табиғатты жалпы пайдаланған кезде әрбір адамның қолайлы қоршаған ортаға табиғи құқығы жүзеге асады және өтеусіз болады. Табиғатты арнайы пайдаланғаны үшін ақы төлеуді енгізумен байланысты қолайлы экологиялық жүйеге қолдау жасағаны үшін және табиғи ресурстарды қалпына келтіруге жауап береді. Осы мақсат үшін жер учаскесі беріледі, жер қойнауының учаскесі, су ресурстары, орман ресурстары учаскені пайдалануға беру туралы шешімде, жер қойнауын пайдалануға жасасылған келісім шарттарда, суды пайдалануға берілген рұқсатта, орман билетінде міндетті түрде белгіленеді. Табиғат объектілерін нысаналы мақсатында пайдаланбаған жағдайда бұл заңды бұзу ретінде қарастырылады және жауапкершілікке тартуға әкеп соқтырады.

2. Табиғат пайдалану құқығының субъектілері ретінде мемлекет, жеке және заңды тұлғалар қатысады. Табиғат пайдаланушылар жеке және заңды тұлғалар, мемлекеттік және мемлекеттік емес, ұлттық және шетелдік табиғат пайдаланушылар болып бөлінеді. Ұлттық табиғат пайдаланушьшарға Қазақстан Республикасының азаматтары мен қазақстандық заңды тұлғалар, соның ішінде шетелдің қатысуымен, ал шетелдік табиғат пайдаланушыларға — шетел азаматтары, шетелдік заңды тұлғалар, шет мемлекеттер, халықаралық бірлестіктер мен ұйымдар жатады.

Табиғат пайдаланушылар:

Тұрақты (табиғат пайдалану құқығы мерзімі шектелмейтін сипатта болады) және уақытша (табиғат пайдалану құқығы белгілі бір мерзіммен шектелген);

бастапқы табиғат пайдаланушылар (табиғат пайдалану құқығы мемлекеттен не басқа да бастапқы табиғат пайдаланушылардан сол құқықтан айыру тәртібімен алынған) және қайталама табиғат пайдаланушылар (табиғатты уақытша пайдалану құқығы бұл мәртебені өзінде сақтап қалатын бастапқы табиғат пайдаланушыдан шарт негізінде алынған) болуы мүмкін.

Табиғат пайдалану құқығының объектілеріне табиғи ресурстар, яғни - жер, су, орман, жер қойнауы және т.б. жатады:

Табиғат объектілеріне қарай табиғат пайдалану құқығы мынадай түрлерге бөлінеді:

— жер пайдалану құқығы;

— су пайдалану құқығы;

— орман пайдалану құқығы;

— жер қойнауын пайдалану құқығы;

— жануарлар дүниесін пайдалану құқығы;

— атмосфералық ауаны пайдалану немесе атмосфералық ауаны ластағыш заттардың шығарындылары үшін пайдалану құқығы.

Өзінің нысаналы мақсатына қарай табиғат пайдаланудың жоғарыда көрсетілген түрлерінің өзі топтастырылуы мүмкін. Мысалы, жер пайдалануда былайша бөлінеді:

1) ауыл шруашылығы мақсатындағы жер;

2) елді мекендер (қалалардың, поселкелердің және селолық елді мекендердің) жері;

3) өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс жері және ауыл шаруашылығынан өзге мақсатқа арналған жер;

4) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жері, сауықтыру, рекреациялық және тарихи-мәдени мақсаттағы жер;

5) орман қорының жері;

6) су қорының жері;

7) босалқы жер.

ҚР Су Кодексіне сәйкес су объектілері мыналар үшін пайдаланылуы мүмкін:

1) ауыз сумен және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтау;

2) сауықтыру және рекреациялық мақсаттар үшін;

3) ауыл шаруашылығының мұқтаждары үшін;

4) өнеркәсіп пен жылу энергетикасы мұқтаждары үшін;

5) көлік, ағаш ағызу, өртке қарсы мұқтаждар үшін;

6) балық және аңшылық шаруашылықтарын жүргізу үшін; Орман Кодексінің 88-бабы мемлекеттік орман қорында орман пайдаланудың мынадай түрлері жүзеге асырылуы мүмкін екенін көрсетеді:

1) сүрек дайындау;

2) шайыр, ағаш шырындарын дайындау;

3) қосалқы сүрек ресурстарын (қабықтар, бұтақтар, түбірлер, тамырлар, жапырақтар, бүршіктер) дайындау;

4) жанама орман пайдалану (шөп шабу, мал жаю, марал шаруашылығы, аң шаруашылығы, ара ұялары мен омарта орналастыру, бау-бақша шаруашылығы және өзге де ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру, дәрілік шөптер мен техникалық шикізаттар, жабайы өсетін жемістер, жанғақтар, саңырауқұлақтар, жидектер мен басқа да тағамдық өнімдер, мүк, орман жамылғысы мен түскен жапырақтар, қамыс дайындау);

5) мемлекеттік орман қоры учаскелерін аңшылық шаруашылығының қажеті үшін пайдалану;

6) мемлекеттік орман қоры учаскелерін ғылыми-зерттеу мақсаты үшін пайдалану;

7) мемлекеттік орман қоры учаскелерін мәдени-сауықтыру, рекреациялық, туристік және спорт мақсаттары үшін пайдалану түрлері жүзеге асырылуы мүмкін.

ҚР-ның "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Заңының 10-бабына сәйкес жер пайдалану құқығы мына операцияларды жүргізу үшін беріледі:

1) жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу;

2) барлау;

3) өндіру;

4) барлау мен өндіруді қоса атқару;

5) барлаумен және (немесе) өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салу және (немесе) пайдалану.

ҚР-ның "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" Заңының 24- бабында жануарлар дүниесін пайдаланудың мынадай түрлеріне жол беріледі:

1) аң аулау;

2) судағы омыртқасыз жануарлар мен теңіз суқоректілерін қоса алғанда, балық аулау;

3) аң аулау мен балық аулау объектілеріне жатпайтын жануарларды шаруашылық мақсаттарда пайдалану;

4) жануарларды ғылыми, мәдени-ағарту, тәрбиелік және эстетикалық мақсаттарда пайдалану;

5) жануарлардың пайдалы қасиеттерін және тіршілік ету өнімдерін пайдалану.

Атмосфералық ауаны пайдалану туралы айта отырып, әңгіме атмосфералық ауаны пайдалануды реттеу туралы болып отырған жоқ, бұл арада бәрінен бұрын атмосфералық ауаны әр түрлі ластанудан қорғау туралы айтылып отыр. Атмосфералық ауаны пайдаланудың түрі зиянды және ластаушы заттардың атмосфераға шығарындылары болып табылады, осымен байланысты бұл құқық қатынастарын реттейтін заң — "Атмосфералық ауаны қорғау туралы" заң деп аталады.

3. Жалпы табиғат пайдалану:

Табиғат пайдалануды жалпы және арнайы пайдалануға топтастырудың маңызы зор. Мұндай топтастыру үшін өлшемдер табиғат қорғау құқығын негіздеу болып табылады.

Жалпы табиғат пайдалану халықтың өмірлік қажеттерін қанағаттандыру үшін тегін және азаматтар мен ұйымдарға табиғи ресурстар берілместен жүзеге асырылады.

Табиғатты арнайы пайдаланған жағдайда табиғи ресурстар табиғат пайдаланушыларға заңмен қатаң белгіленген тәртіппен беріледі.

Жалпы табиғат пайдалану әрбір адамның жайлы қоршаған ортаға табиғи құқығын жүзеге асырумен байланысты болады. Жалпы табиғат пайдалану жалпы ережелер бойынша мемлекеттік органдар тарапынан арнайы рұқсатты талап етпейді, яғни жүрттың бәрі қол жеткізе алады. Алайда, заң жүзінде жалпы пайдалануға шектеу қойылуы мүмкін.

Жер Кодексіне сәйкес жалпы пайдаланылатын жерлерге алаңдар, көшелер, тротуарлар, өтпе жолдар, жолдар, жағалаулар, парктер, гүлзарлар, қаладағы ормандар, бульварлар, су айдындары, жағажайлар, зираттар және халықтың қажеттерін қанғаттандыруға арналған өзге де объектілер (су құбырлары, жылыту құбырлары, тазарту құрылыстары және жалпы жұрт пайдаланатын басқа да инженерлік жүйелер) орналасқан және соларды орналастыруға арналған ортақ пайдаланудағы жер жатады.

Жеке тұлғалардың жалпы жұрттың кіруіне жабық емес жер учаскелеріне еркін, қандай да бір рұқсатсыз болуға құқығы бар. Егер біреудің жеке меншігіндегі немесе жер пайдалануындағы жер учаскесі қоршалмаған болса немесе егер жеке меншік иесі немесе жер пайдаланушы учаскеге өзінің рұқсатынсыз кіруге болмайтынын өзге де әдіспен белгілеп қоймаса, егер бұл жеке меншік иесіне немесе жер пайдаланушыға зиян келтірмейтін болса, осы учаске арқылы кез келген адам өте алады.

Бүдан басқа, Жер Кодексінің 67-бабында былай делінген: меншік иесі немесе жер пайдаланушы өзіне меншік немесе жер пайдалану құқығымен тиесілі жер учаскесін мүдделі жеке және заңды тұлғаларға шектеулі нысаналы пайдалану құқығымен (сервитут) беруге міндетті. Сервитут жекеше және қауымдық сервитут болып бөлінеді. Егер бұл мемлекеттің және жергілікті халықтың мүдделерін қамтамасыз ету үшін қажет болған жағдайларда жергілікті атқарушы органдардың нормативтік құқықтық актілерінің негізінде, жер учаскелерін алып қоймай, қауымдық сервитут белгіленеді.

Қауымдық сервитуттар:

ортақ пайдаланудағы объектілерге, зираттарға, қорымдарға және өзге де ғибадат объектілеріне жер учаскесі арқылы жаяу немесе көлікпен өту;

жер учаскесін коммуналдық, инженерлік, электр және басқа да желілері мен тораптарын, сондай-ақ көлік инфрақұрылымының объектілерін жөндеу мақсатында пайдалану;

жер учаскесін межелік және геодезиялық белгілер мен оларға өту жолдарын орналастыру;

су алу және суат;

жер учаскесі арқылы мал айдап өту;

жер учаскесін белгіленген мерзімде және белгіленген тәртіппен аң аулау, жер учаскесінде орналасқан тұйық су айдындарында балық аулау, жабайы өсімдіктерді жинау мақсатында пайдалану;

жер учаскесін іздестіру, зерттеу және басқа да жұмыстар жүргізу мақсатында жер учаскесін уақытша пайдалану;

жағалау белдеуіне еркін өту;

жер учаскесін мемлекеттік органдардың шешімімен мәдени-көпшілік іс-шаралар өткізуге пайдалану;

қоғамдық және мемлекеттік мүдделермен байланысты өзге де жағдайлар үшін белгіленуі мүмкін.

Жекеше сервитут азаматтық-құқықтық мәміле негізінде белгіленеді. Жер учаскесін шектеулі құқықпен пайдаланушы құқық субъектісі жеке меншік иесіне немесе жер пайдаланушыға жекеше сервитутпен байланысты келтірілген барлық шығынды (нақты нұқсанды және айрылып қалған пайданы) өтеуге тиіс. Көршілес немесе өзге де жер учаскесін шектеулі пайдалану құқығы (жекеше сервитут):

- егер жеке меншік иесінің немесе жер пайдаланушының өз учаскесіне басқа жолы мүмкін болмаса, өте қиын болса немесе шамадан тыс шығындарды керек етсе, көршілес немесе өзге де жер учаскесі арқылы жаяу және көлікпен жүріп өтуді;

- көршілес немесе өзге де учаскеге сервитут белгіленбейінше қамтамасыз етуге болмайтын, электр тартуды, байланыстың қажетті желілерін тартуды және пайдалануды, сумен, субұрғышпен, жылумен жабдықтауды, мелиорацияны және жеке меншік иесінің немесе жер пайдаланушының басқа да қажеттерін қамтамасыз ету үшін белгіленуі мүмкін.

"Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Заңы өз мұқтаждары үшін жер қойнауының кейбір ресурстарын жалпы пайдалануға жол береді. Мысалы, жеке меншік иесінің немесе жер пайдаланушының өндірілген жалпы таралған қазындыларды не жер асты суларын олармен кейіннен мәміле жасау ниетінсіз өндіруге құқығы бар. Сонымен бірге ҚР-ның Жер Кодексінің 64-бабы жер учаскесі меншік иелері мен жер пайдаланушылардың белгіленген тәртіпте кейіннен мәміле жасау ниетінсіз өздерінің шаруашылығы мұқтаждары үшін жер учаскесіндегі құмды, саз балшықты, қиыршықтасты және басқа да жалпы тараған пайдалы қазындыларды, шымтезекті, өкпелерді, жерүсті және жерасты суларын пайдалануға, жердің өзге де қасиеттерін пайдалануға құқығын баянды етті.

Азаматтардың жалпы орман пайдалану құқықтары ҚР-ның Орман Кодексінде баянды етілген. Жеке тұлғалардың мемлекеттік орман қорының аумағында болуының тәртібі мен шарттары мемлекеттік орман қорының санатымен және аймақты абаттандырудың деңгейімен, орман пайдалану түрімен, ерекше қорғалатын табиғи аймақтар туралы жеке-дара ережелермен анықталады. Жеке тұлғалардың мемлекеттік орман қорының аумағында демалысын өткізу, мәдени-сауықтыру, рекреациялық, туристік және спорт шараларына қатысу, жеке мұқтаждары үшін жабайы өскен жемістерді, жаңғақтарды, саңырауқұлақтарды, жидектерді және дәрілік шикізаттарды, өзге де орман ресурстарын жинау мақсатында рұқсат құжаттарынсыз тегін болуына құқығы бар. Жеке тұлғалардың мемлекеттік орман қорының аумағында өздерінің мұқтаждары үшін жабайы өскен жемістерді, жаңғақтарды, саңырауқұлақтарды, жидектерді және дәрілік шикізаттарды, өзге де орман ресурстарын жинауға облыстық атқарушы органның ұсынысы бойынша облыстық өкілді органның шешімімен бекітілген нормалар шегінде рұқсат етіледі. Жеке тұлғалардың мемлекеттік орман қорының аумағында болуы және жабайы өскен жемістерді, жаңғақтарды, саңырауқұлақтарды, жидектерді және дәрілік шикізаттарды, өзге де орман ресурстарын жинауға Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес халықтың денсаулығын қорғау, өрт кауіпсіздігі мүдделері үшін, жаңғақ кәсіпшілігі, орман-жеміс, орман-тұқым және аң аулау шаруашылығын жүргізуге шектеулер қойылуы мүмкін. Алайда, Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енген жабайы өскен өсімдіктер мен саңырауқұлақтардың түрлерін, сондай-ақ құрамында есірткі бар өсімдіктер мен табиғи құрамында есірткі бар шикізатты жинау мен дайындауға, Қазақастан Республикасының арнайы заңымен анықталған жағдайларды қоспағанда, тыйым салынады. Орманға келген жеке тұлғалар өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға, ағаш пен бұталардың сынуына немесе кесілуіне, орман дақылдарының зақымдануына, орманды ластауға, құмырысқа илеуін, құстардың ұяларын зақымдауға жол бермеуге, жабайы өскен тағамдық орман ресурстарын, дәрілік шикізатты оларды молайтуға нұқсан келтірмейтін мерзімдерде және әдістермен жинауды жүргізуге міндетті.

Азамат үшін ортақ су пайдалану құқығы оның туған сәтінен пайда болады және қандай жағдайда да ол иеліктен шығарылмауы мүмкін. Су кодексінің 65-бабына сәйкес ортақ су пайдалану халықтың мұқтаждарын қанағаттандыру үшін су объектілері жекелеген жеке немесе заңды тұлғаларға бекітіліп берілмей және судың жай-күйіне әсер ететін құрылыстар немесе техникалық құрылғылар қолданылмай жүзеге асырылады. Ортақ су пайдалануды жүзеге асыру үшін арнайы рұқсат талап етілмейді. Экологиялық, техникалық және халықтың санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздігі мақсатында ортақ су пайдалану шектеулі немесе оған тыйым салынуы мүмкін. Ортақ су пайдалану шарттары мен ережелерін жергілікті өкілді органдар белгілейді (республикалық маңызы бар қалалар, астана).

Су Кодексіне сәйкес су объектілеріне қауымдық және жеке су сервитуттары белгіленуі мүмкін. Қауымдық және жеке су сервитуттары:

1) құрылыстарды, техникалық құралдар мен құрылғыларды қолданбай су алу;

2) суат және мал айдау;

3) су объектілерін сал, қайық және басқа да шағын көлемді кемелер үшін су жолдары ретінде пайдалану мақсаттарында белгіленуі мүмкін.

"Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту ж&


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



Сейчас читают про: