Алматы, 2015

БЕКІТЕМІН

Оқу ісі жөніндегі проректор

Ахмед-Заки Д.Ж._____________

ҒМК хаттамасы № ___

«____»_______________2015 ж.

«ЗАҢТАНУ» - 6М030100

МАМАНДЫҒЫНЫҢ МАГИСТРАТУРАДАҒЫ КЕШЕНДІ ЕМТИХАН БАҒДАРЛАМАСЫ

(қаржылық және экологиялық құқықтық мамандандырылуы бойынша)

(Бейіндік бағыт бойынша)

АЛМАТЫ, 2015

«Заңтану» - 6М030100 (бейіндік бағыт) мамандығының бағдарламасы ҚР Мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандартына сәйкес құрастырылған.

Бағдарлама заң факультетінің Ғылыми Кеңесінің отырысында қаралды

Хаттама № _____ «_____» ____________ 2014 ж.

___________________Атаханова Г.М.

Факультеттің әдістемелік бюро отырысында келісілді

Хаттама № _____ «_____» ____________ 2014 ж.

Әдістемелік бюро төрайымы _________________ Урисбаева А.А.

Бекітілген

Факультет деканы з.ғ.д., профессор _____________ Байдельдинов Д.Л.

«____»________________ 2014 ж.

Түсіндірме сөз

«Заңтану» мамандығы бойынша магистратураның білім алу бағдарламасын игеру ҚРМЖМБС негізіне сәйкес, кешендік емтиханды тапсырудан және магистрлік диссертацияны қорғаудан тұратын мемлекеттік қорытынды аттестациямен аяқталады. (МҚА). Мемлекеттік қорытынды аттестациясына магистратураның оқу бағдарламалары мен оқу жұмыс жоспарына сәйкес, білім алу процесін аяқтаған магистранттар ғана жіберіледі.

Кешенді емтихан академиялық күнтізбеде және оқу жұмыс жоспарында көрсетілген мерзімдерде, магистрлік диссертацияны қорғауға дейін 1 ай қалғанда өткізіледі.

Кешенді емтихан магистратураның білім алу бағдарламасының міндетті компоненттерінің негізгі және бейіндік пәндерін қамтиды.

Магистранттар келесі базалық және кәсіптік пәндер бойынша кешенді емтихан тапсырады:

- шет тілі-2 кредит;

- психология -2 кредит;

- менеджмент -1 кредит;

- негізгі элективті пәндер -3 кредит

қазіргі кездегі жалпы құқық теориясының мәселелері – 1 кредит;

- жеке білім бағдарламасы бойынша пәндер -5 кредит

а) қаржылық құқық теориясының мәселелері - 3 кредит; ҚР қаржы заңнамасын жүзеге асыру мен теориясының мәселелері - 2 кредит;

б) ҚР жер қойнауын пайдалану құқығын реттеудің құқықтық мәселелері - 3 кредит;

халықаралық экологиялық-құқықтық ынтымақтастық мәселелері - 2 кредит;

в) Қазақстан Республикасындағы жер қатынастарын құқықтық реттеудің мәселелері-3 кредит; ҚР аграрлық кәсіпкерліктің теориялық мәселелері - 2 кредит;

г) ҚР салық заңнамасын жүзеге асыру мен теориясының мәселелері - 3 кредит;

валюталық реттеу мен валюталық бақылаудың құқықтық негіздері –2 кредит

Кешенді емтиханды нәтижелі тапсырған магистрант магистрлік диссертацияны қорғауға жіберіледі.

Кешенді емтиханның нәтижесі тиісті нұсқадағы хаттамамен рәсімделеді.

Қанағаттанарлықсыз баға алған магистранттар осы кезеңдегі қорытынды аттестацияда кешенді емтиханды кайта тапсыруға рұқсат етілмейді. Кешенді емтихан нәтижесі бойынша қанағаттанарлықсыз баға алған магистрант ректордың бұйрығымен жоғары оқу орнынан шығарылады және оған тиісті қалыптағы анықтама беріледі. Қанағаттанарлықсыз баға алғаннан кейінгі МАК-қа берілген денсаулық жағдайына байланысты құжаттар қарастырылмайды.

Бағаны көтермелеу мақсатында кешенді емтиханды қайта тапсыруға жол берілмейді.

Емтиханға дәлелді себептер бойынша келмеген студенттер МАК төрағасына арыз жазады, ақтау құжатын ұсынады және оның рұқсатымен емтиханды комиссияның келесі отырысында тапсыра алады.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: