Кіріспе 3 страница

13.Бастама (ынта) – ұсыныстың еркіндігі және жоспардың орындалуы.

14.Қызмет істеушінің бірлігі – егер барлығының қабілеттілігін толық пайдаланса, әрқайсысының жұмысын әділ бағаласа, қарым-қатынас үйлесімін бұзбаса, кәсіпорнының күші сонда.

Файоль тұжырымдаған ереже бірнеше он жылдар бойы кадрларды дайындау мектебінде сабақ ретінде өткізіліп, сонымен бірге практикада пайдаланылып келеді.

Файоль идеясы көп жағдайда американың классикалық менеджмент теориясымен үндес (Ф.Тейлор, Г.Эмерсон, Г.Форд). Ғылыми менеджмент «Алтын қор» мектебін негіздейді. Адамдардың басқарудағы рөлін көп жағдайда механикалық көзқараспен қарастырады.

Француздың мемлекетті басқару мектебінің кейбір ерекшелігі бар. Басқа мектептерден ажыратып тұратын әкімшілік-мемлекеттік басқару теориясының екі кезеңінің эволюциялық дамуында институт теориясы дамыды және дәстүрлі формализмді жеңді. Француз авторлары алғашқы кезден бастап заңдық нормаларды шешумен шектелмей, сол заңдылықтың саяси институтта қолданылу, іске асу жолдарын зерттеді.

Теория институтының кең мағынада қолданылуына байланысты, француз мектебінің шеңберінде институттар туралы айтыстар одан әрі жалғасты. «Институт» түсінігін М.Прело «институттар – организмдер» және «институттар – заттар» деп айырады. Оның ойынша, институт-организм – бұл «адамдар ұжымдары, идеологиялық бірігу не жалпы тұтыну немесе беделділікке бағыну не жазылған ережеге бағыну». «Институт-затқа қатысты, оның ойы» мынадай: адам капитал емес, бірыңғайландырылып үндестірілген заңдылық және құрылымданған құқық нормасының қарапайым жүйесі.

ХХ ғ. 70 жылдарының басында М.Дюверже институт туралы жаңа түсінік берді: «институт адамдар арасындағы белгілі қарым-қатынас моделі, нақты қатынасқа еліктейді, сонымен бірге тұрақты, нық, ұйымшылдық сипатқа ие болады. Әкімшілдік-мемлекеттік басқарудың француздық мектебінде институционалдық теорияның негізі қаланды, мемлекеттің институционалдық тұжырымдамасы өз шешімін тапты. Мемлекетті конституционалдық билік ретінде, терең мағынада – іске асырылған билік институты ретінде қарастыра бастады.

Институционалдық билік биліктік басқаруды институтқа айналдыратынын, содан бастап жалпы бірден бір оның иесі болып есептелетінін білдіреді. Әлбетте, басқару жоғалмайды, мемлекетті басқаруда оның орны өзгереді. Егер ертеде билік өзінің шексіз құқығы (прерогативі) ретінде басқарса, енді ол тек жоғары біліктіліктің агенті ретінде қатысады, жеке биліктің тоқталуын білдіреді, басқару құқықтық шеңберде іске асырылады.

Нақты билік құқыққа айналады. Сонымен, мемлекеттің қазіргі мемлекеттік даму теориясы мемлекеттің институционалдық негізгі бағыты болып саналады.

Франциядағы әкімшілік-мемлекеттік теория абстрактілі теория жасау арқылы дамыды, елдегі мемлекеттік-әкімшілік басқаруды одан әрі дамытуға сипаттама берді. М.Дюверже өзінің «Шах Кароло» деген кітабында президентке, премьер министрге, мемлекеттік және саяси қайраткерлерге саясаткерлердің теориялық тұжырымдамасын пайдалану керек деген пікір айтады.

Франциядағы әкімшілік мемлекетті басқарудың ерекше бағдарламасының негізгі мақсаты мемлекеттік аппарат пен азаматтар арасындағы байланыстың оңтайлы өзара байланысын табу болып саналады, ондай байланыстың болмауы қоғам дамуының барлық деңгейінде қатер тудыруы мүмкін.

Зерттеудің көбеюі мемлекет үкіметінің феноменіне және оны қолданатындарға: президентке, үкіметке арналған 70-ші жылдардан бастап солшыл партия мен мемлекет бағдарламасына біріккен бітім жасаумен үкімет туралы сұрақтың туындауына байланысты Э.Фордың тұжырымдамасы аса түбегейлі болып шықты. Автордың өзі оны социализм ілімімен бір қатарға қойды: «Шындығында сөз социализмге қатысу идеясы туралы» болып отыр деп жазды Э.Фор. Ол жергілікті басқарудағы өкілдікті кеңейту керектігін айтты.

Шарттарды зерттеу туралы комитет құрылды. Ол социализмге қатысу үшін деген ойларды насихаттауға арналды, әрине комитет кең мағынада дамыған жоқ, сондықтан біраздан кейін ұмыт болды.

Белгілі француз философы Алэнның тұжырымдамасы шынайы көрінеді. Өзінің еңбегінде ол «Радикалдық доктринаның элементтеріне» талдау жасау арқылы француздың әкімшіл мемлекеттік жүйесіне анықтама береді: қазіргі франциядағы – нағыз қызметшілер үстемдігі, қазіргі кездегі жоғарғы басқару аппаратында отырғандар, негізінен, шенеуніктер, саяси қайраткерлер емес. Қаржы министрінің бас басқарушыларының бастығы, қорғаныс кеңесінің мүшелері дәулетті адамдар үкіметі.

Алэн француз бюрократтығының компоненттігін жоғары бағалайды. Мемлекеттік қызметке тек конкурс арқылы алу керек. Жоғары білімі барларды баламалы негізде таңдау арқылы, қызметке қою керек, ол, қызметкердің білім дәрежесін көтеруге әсер етеді деген пікір айтады. Басқарушылардың біліміне белгілі баға беру арқылы, Алэн оны одан әрі суреттейді.

Бұнымен бірге мемлекеттік қызметкерлерде ерекше сақтықтыққа бейімділік, сенбеушілік, адамдарды жек көрушілік ерекше сипат пайда болады.

Алэн тағы басқа ғалымдар сияқты, аппараттың адал еместігі, тиімсіздігі қаржыны тиімсіз ысырап етеді. Осының бәрі салық төлеушілерге қымбатқа түседі дегенді айтады.

Мемлекеттік аппаратта сыбайластықтың барын, бюрократтар жұмысты жаман істегендері туралы бірін-бірі көре алмайтынын философ аса бір ашумен жазады.

Қаржыны дұрыс бөлмеу, оны артық жұмсау мемлекеттік бағдарламаның жаман жасалуынан болады.

Алэн жоғарғы бюрократтық аппараттың бастықтарына шенеуніктер өзінің билеушілік шеңберін арттыру үшін өзінің кәсіби ықпалын арттыратынына, жауапты лауазым иесі ерекше элита құрайтынына, абсолюттік билеушілік демократиялық принципті тұйыққа тірейтініне ерекше назар аударады.

Алэн осы жағдайдан шығу жолын ұсынады. Ол анархияны уағыздамайды, оның ойынша билік қажет және оған бағыну керек. Үкіметтік қарым-қатынастың енжарлығына философ қарсы: басқару аппаратындағы диспотизмді тоқтату үшін азаматтар өзіне байланысты барлық жағдайды жасау керек. Ол үшін өзінің сайланған азаматтары арқылы бюрократияны жан-жақты бақылауда ұстау керек.

Алэннің ойынша, сайлауда дауыс беру заң шығарушыларды сайлау емес, мемлекеттік аппаратқа сайлаушылардың тілегін орындау үшін, басқару органдарының актысын тиянақты түрде бақылау үшін сайлау болып саналады. Министр сол саланың маманы болу керек. Басқарудағы Министрлерді олардың есебін қою арқылы және белгілі коммисиялардың бақылау қоюы арқылы парламенттер бақылау керек.

Сонымен, парламент пен министрлерді сайлаушылардың бақылау жасауы бірден-бір тиімді жол.

Басқарудың неміс мектебі, Еуропадағы мемлекетті басқару мектебі беделді орында. Философиялық сипаттағы (фундаментальды) теориялық зерттеу әкімшілік басқару теориясының еркешелігі болып саналады. Институцоналдық шеңберді философтар жасады, соның бастауымен Германияда әкімшілік мемлекеттік басқару теориясы қалыптасты.

Л.Эрхардтың әкімшілік-мемлекеттік басқару тұжырымдамасына ерекше тоқталу керек. Алғашқы экономика министрі, содан кейін вице-канцлер және Германия канцлері. Ірі ғалым және саяси қайраткер ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүйелі түрде жүргізе отырып, ғылыми орталықты дамыту арқылы Германияда философиялық сипаттағы мемлекеттік биліктің теориясын жасады.

Эрхардтың тұжырымдамасы мемлекеттік әкімшіліктің әлеуметтік рөлін арттырады. Ол әлеуметтік құрылымның консервативтілігін жеңуге тырысты. Ол үшін ірі жағдайлар жасау арқылы меншікті тарқату және капиталды демократияландыру, экономикалық дағдарысты баяулату және таптық қарама қайшылықты жою, экономиканы жоспарлау арқылы жүргізуге байланысты. Германияда мемлекеттік заң негізінде Германияның жалпы экономикасының дамуына баға беретін, оның мүшелері болып ірі ғалымдар кіретін экспорттық кеңес құрылды.

Эрхард мемлекеттік бюджетке ерекше көңіл аударды, онда тәртіп орнату жүйелі түрде шығын мен кірісті азайтып, жаңа қызметкерлерді жұмысқа алатын, еңбек ақыны көбейтетін қоғамды қалыптастырды, қоғам дамуында мемлекеттік әкімшілік біліктілікті іске асыруда белгілі рөлге ие болды. Мемлекет және оның институттары жалпы игіліктің қорғаушысы деп қабылдады.

Мемлекетте қызмет атқаратын адам, негізінен, екі бағытты таңдаған маман болуы тиіс және ол елдің саясатын анықтайды. Эрхард мемлекетті басқарудағы жаңа техниканың мәнін ашып көрсетті.

Мемлекеттік шенеуніктер әлеуметтік топтардың бар мүддесін жақсы білу керек. Мемлекеттік қызметке алған кезде, осы жағдайға көңіл аудару қажет болады. Осыған байланысты мемлекеттік әділеттілікті орнықтыру үшін, құқықтық емес институттарды дамыту керек.

Әкімшілік мемлекет басқарудағы құрылымдық функционалдық бағыттағылар монаистік бағытты ұсынады. Бұл көзқарасты өз еңбегінде Н.Луман дәлелдеді. Ол батыстағы Т.Парсонның «Функционалист» теориясы түсінігінің функция түсінігіне бағынышытылығын сынға алды. Луманның ойынша Парсонның батыс рационалдығы болып есептеледі. Ол ұсынуы бойынша басқару функциясының құрылымын әр тұрғыда зерттеу Луманның құрылымдық-функционалдық теориясының арықшылығы болып саналады.

Германияның саясаткері Р.Дарендорф өзінің әлеуметтік теориясын дамытуда қызықты жағдайды ұсынады. Батыс Еуропадағы әлеуметтік шындықты ол, талдау арқылы пайымдайды. Қазіргі қоғамдағы биліктің бөлінуі, аморфтық жағдайда қазіргі бәсекелес топтардың мүддесін әрбір үстем тап іске асыратын саяси үстемдікпен алмастырады.

Бюрократизм Дарендорфтың ойы бойынша ықпалды жағдайға келмейді, бюрократизмді айналып өте алмайды. Бюрократизмді билей алмайды. Ол үшін үстемдік тап ретінде шектеледі. «Резервтік армиясы бар билік» «Қолбасшысыз армия емес» деген Дарендофтың ойы бойынша саяси үстемдікті іске асыра алмайтын болса, кескінсіз бюрократия биіктейді.

Қоғамдық әлде табиғи, техникалық әлде жалпы, бір де бір бірдей ғылым жоқ. Олар өздерінің ерекше айналымы бар заңдарын ашады, таниды және білу арқылы дамиды. Егер белгілі бір заңдардың айналымы жоқ болса, онда ғылымның пәні жоқ және сол ғылымның өзі де жоқ. Мысалы, Ньютонның үш заңы элементарлық физиканың негізгі пәні болып есептеледі. Мемлекеттік экономиканы басқару теориясы экономикалық айналым заңдарын қолданғанда, айқындайтын факторларды қайталау кезінде факторларды сақтамаса, қандай өзгеріс бар, не олар кездейсоқ ұстаным ба деген ойға әсер етеді. Сондықтан, жалпы экономикалық теорияның пәні айқындауға әсер ететін тұрақты, маңызды, факты аралық байланыс, қоғамдағы экономикалық өмірдің себеп-салдары мен нәтижелерін анықтайды. Осындай байланыстарды экономикалық заңдар дейді. Экономикалық заңдар объективтік сипатта адамдардың сана сезіміне және қайрат-жігеріне бағынбайды, оларды адамдар жақсы, жаман деп бағаламайды. Олар факты ретінде уақыт бойында әрекет етеді. Адамға, қоғамға бәрі қалады – бұл заңдардың әсер ету механизмін зерттеу болып саналады. Экономикалық шешімді қабылдау кезінде экономикалық заңдар қандай талап, тілек қояды, осы жағдайларды зерттеу арқылы стратегиялық бағдарламаны жасау кезінде солар ескеріледі және қолдану арқылы сараптама жасалынады. Егер біз оның механизмін айқындасақ және білсек, ол біздің қайрат-жігерімізден және ол біздің санадан тәуелсіз екендігін білдіреді. «Біз – табиғаттың мырзасымыз!» - деп жазды В.И.Ленин. Әрбір объективтік экономикалық заңдар экономикалық болмыстар арасындағы байланысты білдіреді. Егер сол болмыстар жоғалса, экономикалық заңдар да жоғалады, сол экономикалық заңдардың ішкі байланысын, мазмұнын білдіреді. Мысалы, еңбек уақытын үнемдеу заңы қажеттіліктің шексіздігіне байланысты ресурстардың шектеулігін білдіреді. Бұл заңның мағынасы айқын және кеңдік принципті білдіреді. «Минимум шығын-максимум нәтиже». Егер ұлттық экономикалық шаруашылық осы қағиданы толығымен орындаса, бәсекелік артады, экономика гүлденеді. Жан-Жак Руссоның пайымдауынша: «Уақытты жақсы пайдалану уақытты одан бетер бағалы етеді!».

4.Экономикалық өсудің, тұрмысты дұрыстаудың негізі осында жатыр. Барлық іс-қимылды терең есептеп, оның тиімділігін арттыруды, осылайша, экономикалық програматизм дейміз. 2007-2009 жылдары мемлекет қарамағына біршама мүлік ауысты, экономикада «қолдан басқару» тәсілдері күшейді, бәсекелестіктің арнасы тарылды. Тағы бір қолдайтын жағдай, Елбасы «ең жаңа агротехнологияларды қолдануға бағытталған орта және ірі тауарлық ауылшаруашылық өндірістерін құру жөніндегі заңнамалық және экономикалық ынталандырулар жүйесін» жасауды Үкіметке тапсырды. Осы тапсырма іске асса, ауыл экономикасында елеулі, оң нәтиже беретін өзгерістер болмақ. Өте шағын жекешелендірілген фермерлік шаруашылықтардың басын біріктіріп, өндірістік кооператив құру керектігі жөніндегі мәселе Үкімет алдында көтеріліп келеді. Бұрынғы колхоз, совхоздардан тиісті үлесін алып, жеке шаруашылық құрған фермерлер бар; кең көлемді жерлер сатып алып, өндірістік бірлестіктер құрған қалталы азаматтар да бар; бірақ ауылдағылардың дені кішігірім ғана шаруа қожалықтары. Сондықтан егін алқабынан да, малдарынан да түсім төмен.

Қазіргі таңда Еуроодақ елдеріндегі ІЖӨ өсуінің тек 10%-ы ғана жұмыс күшіне байланысты, 40%-ы жиналған негізгі активтерге, ал 50%-ы инновацияға байланысты. Дәлірек айтсақ, ІЖӨ-нің Франция 50%-ын, Финляндия, Швеция 63-64%-ын, Германия мен Австрия 67 пайызын инновациялық факторлар негізінде алады. Елбасы Стратегиясы туралы айтқанда, экономика төңірегімен ғана шектелуге болар еді. Бірақ Стратегияда көрсетілген, болашақ үшін үлкен маңызы бар бір салаға тоқтамай өтуге болмайды. Ол – әлеуметтік сала. Осыдан аз ғана бұрын Елбасы Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына жол көрсеткен 20 қадамды ел назарына ұсынды. «Қазақстан-2050» Стратегиясында осымен қатар әлеуметтік саясаттың жаңа қағидалары ұсынылып отыр. Басты міндет – кедейшіліктің өсуіне жол бермеу. «Кедейшілік ешбір қазақстандық үшін әлеуметтік перспективаға айналмауы керек», дейді Президент. Ең алдымен тұрмыс деңгейін анықтайтын ең төменгі әлеуметтік стандарттар мен кепілдіктер қолданысқа енгізілуі керек.

Қазақстанда 25 жастағы және одан үлкен азаматтардың 25,5%–ы жоғары білім иегерлері. Осы көрсеткіш деңгейімен біз әлем елдерінің орта шебіндеміз. Ал Ұлыбритания мен Данияда жоғары білімді азаматтар жалпы халықтың – 33,5%, Оңтүстік Кореяда – 31,6%, АҚШ-та – 38,6%, Канадада – 43,9% құрайды. ҚХР-ның ХХІ ғасырдың ортасына дейінгі жобасында жоғары білімділер тобын халықтың 80%-на жеткізу көрсетілген. Қазақстанда әрбір 10 мың адамға шаққанда 374 студент. Малайзия мен Түркияда – 399 студент, Данияда – 409, Ұлыбританияда – 414, АҚШ-та – 633, Оңтүстік Кореяда – 665 студент келеді. Соңғы ширек ғасырда жоғары білім алушылар қатарының үдемелеп өсуі әлемде орын алып отырған феномен. Елбасының жоғары білімді дамыту туралы ұсыныстары да осы әлемдік үрдіспен жалғасуда. Адами капиталға қайта оралсақ, оны дамытудың маңызды бір саласы денсаулық сақтау жүйесінде жатыр. «Ұлт денсаулығы – біздің табысты болашағымыздың негізі», дейді Елбасы. Қазақстанда әрбір 10 мың адамға 39 дәрігер және 78 медбике мен акушер келеді екен. Соңғы жылдарда заман талабына сай көптеген емхана мен ауруханалар салынды. Стратегияда осылармен қатар еліміздің барлық аумағында медициналық қызметтер сапасының бірыңғай стандарттарын енгізу, сондай-ақ, медицина мекемелерінің материалдық-техникалық жабдықталуын бірыңғайландыру көзделген.

ҚОРЫТЫНДЫ

1. Мемлекеттің мағыналық ұғымы мен сипатын зерделеуден шығатын қорытынды: мемлекетті басқару теориясының өзінің табиғатына сай методикалық әдістемесі бар. Ғылыми және оқулық әдебиетерде методикалық әдістің: жалпы, арнаулы, жеке үш кезеңі анықталады.

2. Басқарудың барлық түрі әр кезеңде:

- Конституциялық және өзге құқықтар мен реттеуге жатады, мемлекеттік басқару басқа да басқарулармен тығыз байланыста болады;

- өзара байланыс бір-бірін толықтырады, ауыстырады, нығайтады, немесе бірін-бірі әлсіретеді;

-әрбір тарихи даму кезеңінде өзінің даму деңгейіне ие болады, басқару объектісіне басқару процесінің талабы сай келуі қажет.

3. Басқару – өзара белгілі көп элементтердің қатынастарын реттеу, яки адамдардың өзінің, қоғамның, табиғаттың құрамдас бөлігі. Басқару адамдардың өзара әрекеті шеңберінде өмір сүреді, субъективтік болып көрінеді. Адамдар арасындағы басқарудың пайда болуы материалдық заттарды, техникалық құралдарды, технологиялық процестерді, әлеуметтік құндылықтарды, рухани шығармашылық өнімдерді т.с.с. адамның басқаруымен байланысты. Басқарудың барлығы адамдар арқылы басталады және адамдарға бағытталады.

4. Заңның объективтігі, мемлекеттік басқару жүйесі әдістемесінің негізін құрайды, ол практикалық қызмет жағдайында іске асады, басқару тиімділігінің принциптері:

- экономика мен саясаттың бірлігі, саясаттың басымдығы, экономиканың қорланғанын, қалыптасқанын білдіреді;

- орталықтанған және жеке аудандарды және жергілікті басқа да пайда болған аумақтарды байланыстыруды, жалпы және жергілікті мүддені және мүдденің басымдығын жоғары деңгейге шығаруды білдіреді.

Ұсынылатын әдебиеттер тізімі

Міндетті әдебиеттер:

1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. –Алматы: Қазақстан, 2000, 96-б.

2. «Қазақстан-2030» Даму стратегиясы

3. Қазақстан Республикасының Заңы: Мемлекеттік қызмет туралы. –Алматы: Жеті жарғы, 1999, 44-б.

4. Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экономиканың мемлекеттік секторын басқаруды жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы. 2006 ж., 19 шілде //Егемен Қазақстан, Астана, Ақорда 2006 ж., 7 шліде № 178-///ҚРЗ

5. Қазақстан Республикасының Заңы: Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы. –Алматы, Юрист, 2006 ж., 28 б.

6. Қазақстан Республикасының 2007-2024 жылдарға арналған орнықты дамуға көшу тұжырымдамасы туралы: 2006 ж, 14 қараша № 216//Егемен Қазақстан. -2006 ж. 17 қараша.

7. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі ретке келтіру және оның тиімділігін арттыру жөніндегі шаралар туралы: 2006 жылғы наурыздың 27-сі. № 74 Жарлығы //Егемен Қазақстан. –Алматы, 2006 ж. 28 наурыз.

8. Мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге бағытталған шараларды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары туралы//Егемен Қазақстан. -2006 ж. 13 қыркүйек.

9. Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Парламент палаталарының бірлескен отырысында сөйлеген сөзі. //Егемен Қазақстан. -2006 ж. 19 қаңтар.

10.Корпоративтік басқару, ашықтық және қоғам алдында есеп беру қағидаттарының негізінде мемлекеттік басқаруды жаңарту. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан Республикасы Парламенті 3-ші сесиясының ашылуында сөйлеген сөзі. //Егемен Қазақстан. 2006 ж. 2 қыркүйек.

11.Кадровая политика в системе государственных органов: Назначение на должность и тестирование государственных служащих: Сб. Нормативных правовых актов РК. –Алматы, 2005, -283-б.

12.Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметкерлерінің ар-намыс кодексі: Мемлекеттік қызметкерлердің қызмет этикасы ережелері. –Алматы: Жеті жарғы, 2005, -24-б.

13.Атаманчук Г.В. Теория государственного управления. –М.: Омега-Л, 2004 г. -584-б.

14.Зеркин Д.П., Игнатов В.Г. Основы теории государственного управления. Курс лекции: Учебное пособие. –Ростов-на-Дону. Наурыз, 2000. -448-б.

15.Пикулькин А.В. Система государственного управления: Учебник. –М.: ЮНИТИ-ДАНА, 2004. -543-б.

16.Уваров В.Н. Государственная служба и управление: Учебник. –Петропавловск: Сев.Каз.юрид.Академия, 2004. -416-б.

17.Эффективность государственного управления: Элементарный курс. –М.:Юрист, 2003. -320-б.

19.Реформирование системы государственного управления: Зарубежный опыт и Казахстан/КИСИ при Президенте РК. –Алматы, 2005. -276-б.

Қосымша әдебиеттер:

20.Атаманчук Г.В. Как найти формулу разделения областей? //Российские вести. 1992 ж. 11 қараша

21. Атаманчук В.Г.. Современная концепция государственного управления Россией // Государственное управление: проблемы теории, истории, практики преподавания. Ростов-на-Дону, 1993ж.

22. Атаманчук В.Г. Государственное управление: рациональность и эффективность его в период структурных перемен // Ракурс. Управление: теория, практика, поиск. Минск, 1993 ж.

23. Байгельдинов Е. Теоретические основы устойчивого развития. Евразийское сообщество. 2000г. №2, 114-121-б

24. Есентугелов А. Итоги реформ и состояние экономики: успех и ошибки, просчеты и их причины. АльПари, 1999, №4-5, 27-30-б

25. Жиленко Г. Экономика РК в годы реформирования. Экономика и статистика. 2000, №1, 117-124-б

26. Козбаненко В. Формы и методы государственного управления. Проблемы теории и практики управления. 2000, №2, 46-49-б

27. Кубаев К. Экономическая модель эффективного государства. Транзитная экономика, 2001, №4, 49-58-б

Семинар сабағының жоспары:

Талқылауға арналған сұрақтар

1. Басқару дегеніміз не? Басқару, өзін-өзі реттеу және стихиялық объектілердің айырмашылығы қандай? Адамдар басқаруда қандай орында?

2. Басқару әсерінің негізгі элементін атаңыз?

3. Басқарудың көп қырлы болуының себебі неде? Басқарудың және ғылымның негізгі астары неде? Кімдер құмарта қарайды?

4. Басқарудың қандай түрлері бар? Олардың айырмашылығы?

5. Мемлекеттік басқарудың ерекшелігі және сәйкес әлеуеттілігі неде?

СӨЖ және СӨЖО тапсырмалары:

1. Тақырыптық сұрақтарын ауызша талқылауға дайындалу.

2. "Мемлекеттік басқару теориясының философия, экономикалық теория, социалогоия, политология, мемлекеттік тәне құқық теориясы және басқа пәндермен" өзара қатысы туралы тақырыпқа эссе дайындау

3. Төмендегі тақырыптарға реферат дайындау:


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: