Оцениваемые клинические признаки | 0 баллов | 1 баллов | 2 баллов |
Окраска кожных покровов | Генерализованная бледность или генерализованный цианоз | Розовая окраска тела и синюшность конечностей (акроцианоз) | Розовая окраска всего тела и конечностей |
Дыхание | отсутствует | Брадипное, нерегулярное | Нормальное, громкий крик |
Частота сердцебиений (в 1 минуту) | отсутствует | Менее 100 | 100 и более |
Рефлекторная раздражимость (реакция на носовой катетер, раздражение подошв). | Не реагирует | гримасса | Кашель,чихание,крик |
Мышечный тонус | Конечности свисают | Некоторое сгибание конечностей | Активные движения |
«АСТАНА МЕДИЦИНАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ» АҚ
№1 балалар аурулар кафедрасы
Іс әрекет алгоритмі
№ 3 ОСКЭ станциясы
Балаға пикфлоуметрия жүргізу
Тапсырма. Балаға пикфлоуметрия жасаңыз және қорытынды жасаңыз.
№ | Кезеңдері | Іс әрекеттінің реттілігі |
Пикфлоуметрді жұмысқа дайындау | Аспапты 70% спирт ерітіндісімен өңдеу, аспаптың бағдарын шкаланың басына дейін келтірдіп және оның дұрыс жұмыс істеп тұрғандығын тексеру. | |
Науқасқа манипуляция барысының кезеңі және манипуляция кезеңіндегі оның тәртібі жайлы түсіндіру. | Науқаспен алғаш кездескеннен бастап дәрігер өзінің аты-жөнін толық атау керек оның жасына қарамай. Пикфлоуметрия жүргізу барысын түсіндіру. Аспаптың бағдарын шкала басына дейін жеткізу. | |
Науқасқа максимальді дем алуын түсіндіру. | Қалыпты және жәй дем шығарудан кейін терең дем алуын ұсыну. | |
Науқасқа аспаптың бір ұшын аузына салып максимальді дем шығаруын ұсыну | Аспапты горизонтальді ұстай отырып, мунштукті ернімен алып дем шығару (шырақты үрлеп өшірген тәрізді). | |
Өлшеуді 3 мәрте (рет) қайталау. | Шкала көрсеткішін бағалау. Жоғарыда көрсетілген іс-әрекеттерді 3 рет қайталау, максимальді көрсеткішті бақылау қағазына жазу. | |
Дем шығарғандағы ауа жылдамдығын анықтау. Өлшеудін 3 мәртесінен алынған максимальді көрсеткіштерін науқасты бақылау қағазына жазу. | Цилиндр бетіндегі шкаласының бағдары бойынша әр дем шығарудағы пиктік жылдамын анықтау. Максимальді көрсеткішті бақылау қағазына жазу. | |
Пикфлоуметриядағы науқастың бойына сәйкес қалыпты көрсеткішін анықтау. | Арнайы кесте бойынша пикфлоуметриядағы науқастың бойына сәйкес келетін дем шығарудың қалыпты көрсеткішін анықтау. Анықталған қалыпты көрсеткішті бақылау қағазына жазу. | |
Салыстырмалы талдау жүргізу және қорытынды жасау. | Салыстырмалы талдау жасау және қорытынды шығару. Қалыпты – дем шығарудың мүмкін көлемінен 80% -ға жоғары. «Назар аудару» белгісі – асқыну мүмкіндігі дем шығарудың мүмкіндік көлемінен 60-80% шамасында. «Дабыл» белгісі - жағдайдың нашарлауы мүмкіндік дем шығару 60% төмен. |
«АСТАНА МЕДИЦИНАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ» АҚ
|
|
|
|
№1 балалар аурулар кафедрасы
Іс әрекет алгоритмі
№ 4 ОСКЭ станциясы
Жүрек аускультациясы (11-жас)
Тапсырма. Жүрек аускультациясын жүргізе отырып қорытынды жасаңыз.
№ | Кезеңдері | Іс әрекеттінің реттілігі |
Жүрек ұшының аускльтациясын жүргізу. | Фонендоскопты бұғана орта сызығынан сол жақ бесінші қабырға арлыққа қою. | |
Төстен оң жаққа екінші қабырға аралыққа аускультация жасау. | Фонедоскопты төстен 1см. оңға қарай екінші қабырға аралыққа қою. | |
Төстен сол жаққа екінші қабырға аралыққа аускультация жасау. | Фонедоскопты төстен 1см. солға қарай екінші қабырға аралыққа қою. | |
Семсер тәрізді өсіндінің тұсына аускультация жасау. | Фонедоскопты семсер тәрізді өсіндінің тұсына қою. | |
Боткин нүктесіне аускультация жасау. | Фонедоскопты төстің сол жағынан төртінші қабырға аралыққа қою. | |
Жүректің жиырылу жиілігін есептеу. | Фонедоскопты төстен сол жаққа, бұғана орта сызығы бойымен жүрек ұшының тұсына қою. ЖЖЖ минутына 85 рет. | |
Жүрек ұшы тондарына сипаттама беру. | Жүрек ұшындағы I тон – әлсіз. | |
Жүрек шуына сипаттама беру. | Жүрек ұшында I тонмен байланысты дөрекі систолалық шу естіледі. | |
Жүрек ырғағына сипаттама беру. | Жүрек ұшында қалыпты ырғақ анықталады. | |
Қорытынды жасау. | Митралды қақпақшаның жеткіліксіздік шуы. |
«АСТАНА МЕДИЦИНАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ» АҚ
№1 балалар аурулар кафедрасы
Іс әрекет алгоритмі
№ 5 ОСКЭ станциясы
Нәрестенің шартсыз (туа пайда болған) рефлекстеріне баға беру
Тапсырма: 1,5 ай жас баладағы шартсыз рефлекстерін бағалаңыз
№ | Кезеңдері | Іс әрекеттердің реттілігі |
Іздеу рефлексін бағалау | Бала арқасынан жатқызған. Басы орта қалып жағдайында. Ауыздың жанын сипағанда, жауап ретінде - бала басын тітіркендіру жаққа бұрып, ауызын ашады, не ашпайды. 1 жастың соңында жоғалады. | |
Хоботковый рефлексін бағалау | Ерінді саусақпен жеңіл тез ұрса m.orbicularis oris, жиырылады еріннің алға созылуы болды. Рефлекс өмірінің 2-3 айында өшеді. | |
Жоғарғы ұстай алу рефлексін бағалау | Саусақты нәрестенің алақанына салғанда, жауап ретінде - бала зерттеушінің саусағын рефлекторлы қатты шап беріп ұстай алады. 2-4 айда жоғалады. | |
Төменгі ұстай алу рефлексін бағалау | Табанда 2-3-ші саусақтың негізін басқанда, жауап ретінде - саусақтар табанға қарай бүгіледі. 2-4 айда жоғалады. | |
Қорғаныс рефлексін бағалау | Баланы ішке жатқызған кезде бала басын бір жаққа қарай бұрады. | |
Бауэр рефлесін бағалау | Баланын ішіне жатқызамыз. Алақанымызды баланын табанына қойғанда, табаны алға қарай итеріледі. Бұл рефлекс 4 айға дейін сақталады. | |
Тірек рефлексін бағалау | Баланы қолтығынан ұстап, вертикальды қалыпқа қойғанда, жауап ретінде - саусақтар табанға қарай бүгіледі, аяқтары сәл бүгіліп, стол үстіне табанның бойымен тіреледі. 2 айда жоғалады. | |
Қадам рефлексін бағалау | Баланы аздап алдыға еңкейткенде, жауап ретінде – жазық бойында қадам жасайды, қолдары қозғалмайды. 2 айда жоғалады. | |
Шартсыз рефлекстердің қорытындыларын бағалау | Шартсыз рефлекстердің қорытындыларын бағаланда, олардың бар екендігін, симметриялығын, пайда болу және жоғалу, сөну мерзімін, жауап беру күшін және баланың жасына сәйкестігін ескере отырады. Жауап – Жоғалған. Бейнеленеді. Айқын бейнеленеді. Клонус. |
|
|