Максималды балл – 20

Актерға (науқас) арналған сценарий мәтіні және оның ролінің сипаттамасы:

Шағымдары: жалпы әлсіздік, бас айналуы, көз алдында «шыбын-шіркей жүруі», таңертең бетінің ісінуі, аузының құрғауы, шөлдеу.

Сұрақтың мәні Актер үшін сұрақ құрастыру Актердің жауабы
Аурудың басталған уақыты Ауру қашан басталды? Немен байланыстырасыз? 1 жылдан бері ауырамын, жалпы әлсіздік, көз алдымда «шыбын-шіркей жүруін» сезіне бастадым
Ұстама немен шақырылады? Жалпы әлсіздік, бас айналуы, көз алдында «шыбын-шіркей жүруі» немен байланысты пайда болады? Физикалық жүктемеден және психо-эмоционалды толқулардан соң пайда болады.
Артериалды гипертензиясы бар ма? Бұрын АҚҚ жоғарылап па еді? Қандай деңгейге дейін көтерілді? Иә, бір жыл бойы, 190/115 мм сын. бағ. дейін
Жасалған ем Осы ауруға байланысты ем қабылдадыңыз ба? Иә, амбулаторлы түрде емделдім
Ауру динамикасы Соңғы жағдайыңыздың нашарлауы қашан басталды? Соңғы 3 апта бойы
Шағымдары және ұзақтығы Соңғы 3 аптада қандай шағымдар мазалап жүр? Әлсіздік пен бас айналуы күшейе бастады
Шөлдеу мен ауыз құрғауы Шөлдеу мен ауыз құрғауы қашаннан бері мазалайды? Шөлдеу, ауыз құрғауы, көп сұйық ішу бір жылдан бері мазалайды, оларға мән бермедім, дәрігерге қаралмадым
Ішкен сұйықтық сөлшері Бір күнде қанша литр сұйық ішесіз? Күніне 2 литрге дейін

Анамнезінде: бір жыллдан бері ауырамын деп есептейді, физикалық жүктемеден және психо-эмоционалды толқулардан соң жалпы әлсіздік, бас айналуы, көз алдында «шыбын-шіркей жүруі» пайда болатын болған. АҚҚ жоғарылаған (180\100 мм сын. бағ.). «Артериалды гипертензия» диагнозымен амбулатрлы түрде ем алған. Соңғы 3 апта бойы жағдайы нашарлап кеткен: әлсіздік пен бас айналуы күшейе түскен. Шөлдеу мен ауыз құрғауы бір жыл бойы мазалайды, оларға мән бермеген, дәрігерге қаралмаған.

Объективті: Жалпы жағдайы қанағаттанарлыққа жақын. Есі анық, белсенді қалыпта, тамақтануы жоғары. Бойы 150 см, дене массасы 80 кг, ИМТ-0,36, ОТ-105см, ОБ -120см, ОТ/ОБ- 0, 88. Тері жабындылары қалыпты түсті, құрғақтау. Беті ісінген. Перкуторлы өкпесінде ашық өкпелік дыбыс. Өкпесінде везикулярлы тыныс, сырыл жоқ. ТЖ минутына 16 рет. Жүректің сол шекарасы – сол жақ бұғана ортаңғы сызықтан 2 см сыртқа қарай. Жүрек тондары әлсіреген, аорта нүктесінің үстінде ІІ тон акценті. Ырғағы дұрыс. Пульс – минутына 64 рет. АҚҚ - 190/115 мм. сын. бағ. Іші жұмсақ, ауыру сезімінсіз. Курлов бойынша бауыры 9-8-7-см, жиегі эластикалы, қабырға доғасының бойымен, беті тегіс. Нәжісі қалыпты. Ұрғылау симптомы екі жақтан да теріс. Зәр шығаруы еркін, ауыру сезімінсіз, жиі.

Зернттеу жоспары:

  1. Жалпы қан аналізі
Көрсеткіштер Нәтижелер
Гемоглобин, г/л  
Эритроцит х1012 3,8
ЦП 0,9
Лейкоцит, х109 11,8
Нейтрофил %
с\я %  
т\я %  
Эозинофил  
Базофил  
Моноцит%  
Лимфоцит %  
ЭТЖ, мм/сағ  
  1. ЖАЛПЫ ЗӘР АНАЛИЗІ
Көрсеткіштер Нәтижелер
Түсі сары
Реакция қышқыл
Салыстырмалы тығыздығы  
Ақуыз 0,099 ‰
глюкоза +
эпителий жасушалары 1-2 к/а
Лейкоциттер 1-2 к/а
Эритроциттер 2-1 к/а
Цилиндр жоқ.
Оксалаттар ++
Урат ++

3. Капиллярлы қандағы глюкоза:

Уақыт, сағат Нәтижелер
аш қарынға 8,2 ммоль/л
жүктемеден соң 15,9 ммоль/л
2 сағаттан соң 12,4 ммоль\л
гликозилирленген гемоглобин (Нв А1С) 7,2%.

4. ЭКГ: синустық тахикардия, ЖЖЖ минутына 112 рет, ЖЭО қалыпты орналасқан, сол қарынша гипертрофиясы V5-V6 тіркемелерінде шектен тыс жүктенумен.


5. Қанның биохимиялық талдауы:

Көрсеткіштер Нәтижелер
Билирубин жалпы, ммоль/л 18,0
Жалпы холестерин, ммоль/л 9,3
мочевина, ммоль/л 8,5
креатинин, ммоль/л  
ЛПНП, ммоль/л 3,4
ЛПВП, ммоль/л 4,7
Триглицериды, ммоль/л 5,8

6. Ұйқы безін УДЗ – Ұйқы безі құрылымы біркелкі емес.

7. Офтальмолог кеңесі (веналар иірімделген, таспиқ тәрізді, микроаневризмалар, жаңа және ескі геморрагиялар көп. Симптом Salus - II.). Диабеттік және гипертониялық ретинопатия, 2 сатысы (препролиферативті).

8. Невролог кеңесі. Қорытынды – Вегетативті қан тамырлық дистония, гипертониялық тип.

«Жанұялық амбулатория жағдайында 2 типті қант диабетімен ауыратын науқасты диагностикалау және жүргізу тактикасы» клиникалық жағдайы бойынша жауаптар эталоны

Қадамдарды бағалау критерийлері Жауап эталоны
  Шағымдары мен анамнезін жинау. Барлық сұрақтар қойылды ма? Шағымдар сипаты мен ауру басталуын нақтылау Анамнез morbi et vitea. Аллергоанамнез және жанұялық анамнез. Тұқым қуалаушылық.
  2 типті ҚД ауырлығының критериилері анықталды ма? Ауыз құрғауының жиілігі және айқындылығы, полиурия, көп сұйық ішу, АҚҚ көтерілу ұстамаларының ауырлығы, немен басылатындығы. Асқынулары.
  Физикалық тексеруді дұрыс жүргізу – жалпы қарап-тексеру Тері шырышты қабаттар құрғақтығы, алақандарының терлегіштігі, тырнақ пластиналарының қабаттануы, венозды белгілер – аяқтарында «медуза», бетінде капиллярит.
  Физикалық тексеруді дұрыс жүргізу – эндокринді жүйе Ішті, ұйқы безін қарау, пальпациялау.
  Физикалық тексеруді дұрыс жүргізу – ЖҚТ жүйесі Жүрек-қан тамыр жүйесіне қарау, аускультация, перкуссия
  Болжам диагноз Қант диабеті, ІІ тип (инсулинге тәуелді), орташа ауырлықта, алғаш рет анықталған, субкомпенсация сатысы. Асқынулары: Диабеттік нефропатия, ІІ дәреже. Вегетативті қан тамырлық дистония, гипертониялық тип. Диабеттік және гипертониялық ретинопатия, 2 сатысы (препролиферативті).
  Зерттеу жоспарын тағайындау, окулист, невропатолог кеңесі ЖҚА, ЖЗА, глюкозаға қан анализі, глюкозотолерантты тест, гликолизирленген гемоглобин, холестерин, офтальмолог, невролог кеңесі
  Салыстырмалы диагностика жоспары ҚД 1 тип және гипертониялық кризбен салыстыру
  Салмағын, бойын, ИМТ, ОТ, ОБ, ОТ/ОБ өлшеді Ережелерді сақтай отырып
  ЖҚА, ЖЗА көрсеткіштерін талдады ЖҚА – қалыпты деңгейде, ЖЗА - микроальбуминурия, глюкозурия.
  ҚБА көрсеткіштерін, глюкозамен жүктеу сынамасын талдады Гиперхолестеринемия, гликолизирленген гемоглобин жоғары, гиперхолестеринемия, дислипидемия.
  ЭКГ талдады синустық тахикардия, ЖЖЖ минутына 112 рет, ЖЭО қалыпты орналасқан, сол қарынша гипертрофиясы V5-V6 тіркемелерінде шектен тыс жүктенумен.
  Ұйқы безін УДЗ көрсеткіштерін талдады, УДДГ Ұйқы безін УДЗ – Ұйқы безі құрылымы біркелкі емес. УДДГ – аяқтың дисталды тамырларының өзектерінің тарылуы
  Емдеу тактикасын анықтады Қант төмендететін препараттардың адекватты дозасын таңдау, гипотензивті терапия, науқасты оқыту, науқастың жағдайын клиникалық жақсарту, көмірсу алмасуының көрсеткіштерін жақсарту, өмір сүру салтын оңтайлау
  Базисті терапияны тағайындады - Қантты төмендететін препараттар - Гликлазид «Диабетон» 40-80-40 мг 1/2 - 1 - 1/2 таблетка 1р/тәул., тамақтанар алдында 30-40 мин бұрын - Гипертензияны емдеу - Лизиноприл 5 мг 1 таб. 1 р/тәул. Амлодипин 5 мг 1 таб. 1р/тәул.
  Ем тиімділігін бақылау 1. дәрігер тағайындамасының орындалуын қадағалау 2. ҚД қауіп-қатер факторларын жою (семіздік, тамақтануын жөндеу) 3. дене массасының динамикасы (ИМТ, ОТ/ОБ) 4. глюкоза, АҚҚ деңгейін бақылау 5. салауатты өмір салты (қант диабетімен ауыратын науқастар мектебі, өмір сүру салтын оңтайлау) 6. Гипергликемия профилактикасы және өздігінен бақылауы (диета)
  Науқаспен оңтайлы қарым-қатынас орнатуы және қорқынышын сейілтуі.

Симуляцияның жабдықталуы:

1. Тапсырма жазылған парақ, волонтерге арналған сценарий, қадамдарды бағалау критерилері.

2. Жалпы қан анализі, жалпы зәр анализі, қанның биохимиялық анализі (глюкоза, холестерин, триглицеридтер, креатинин), глюкозотолерантты тест, ЭКГ, Ұйқы безін УДЗ нәтижелері

3. Офтальмолог, невролог кеңесінің қорытындылары

4. Тонометр

5. Фонендоскоп.

6. Секундомері бар сағат

7. Термометр

8. Глюкотест

9. Медициналық таразы

10. Сантиметрлік лента

Жағдай:

Оқу бөлмесі– жалпы тәжірибелі дәрігер кабинеті.

1. Кушетка – 1

2. Үстел мен 2 орындық

Құрастырушының аты-жөні: асс. Хайбуллина Г.М.

Рецензенттің аты-жөні: доц. Енсегенова З.Ж.

Қайта өңдеген: АМСК каф. и.о.доц. Алиманова Ж.М. (2015)

Рецензенттің аты-жөні (2015):

Бедельбаева Г.Г., зав.каф.терапии ИПО КазНМУ

Зав. каф. интернатуры по общей врачебной практике ГМУ г.Семей, д.м.н., профессор Еспенбетова М.Ж.

ББК отырысындағы хаттамасының нөмірі мен бекітілген күні - №5 29.01.2015ж.

Қолданылған әдебиет:

1. Общая врачебная практика: национальное руководство. Т1 / под ред.акад. РАМН И.Н.Денисова, проф. О.М.Лесняк. – М.: ГЭОТАР-Медиа, 2013. – 976 с

2. Протокол диагностики и лечения МЗ РК «Сахарный диабет», 2013

3. Приказ и.о. Министра здравоохранения Республики Казахстан от 26 декабря 2012 года № 885 «Об утверждении протоколов (стандартов) диспансеризации больных с хроническими формами заболеваний»

4. Подростковая медицина: Руководство. 2-е изд.\Под ред.Л.И.Левиной, А.М.Куликова. СПб: 2006, - 544 с.

5. Классификация заболеваний внутренних органов с примерами формулировок клинических диагнозов. 2—е изд. – Руководство для практических врачей и студентов медицинских вузов – Алматы, 2012. – 158 с.




double arrow
Сейчас читают про: