Бап. Жеке басын тiнту

1. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам осы Кодекстiң 252-бабында көзделген негiздер болған кезде және 254-бабының талаптарын сақтай отырып, тiнтiлетiн адамның денесiндегі немесе денесінің ішіндегі, оның киiмiндегі нәрселер мен құжаттарды және оның жанындағы нәрселерді табу және алып қою мақсатында жеке басына тiнту жүргізуге құқылы.
2. Жеке басын тiнтудi тiнтілетін адаммен жынысы бiр адам ғана және сондай жыныстағы куәгерлер мен мамандардың қатысуымен жүргiзедi.
3. Жеке басын тiнту, мына жағдайлардың біреуі болған кезде:
1) егер тiнту жүргiзiлiп жатқан үй-жайдағы немесе өзге орындағы адам iс үшiн маңызы болуы мүмкiн құжаттарды немесе нәрселерді өзінде жасырып отыр деп пайымдауға жеткiлiктi негiздер болса;
2) егер ол адам ұстап алынған немесе күзетпен қамалған кезде жүргізілген болса, арнайы қаулы шығарылмай және прокурордың санкциясынсыз жүргiзiлуі мүмкін. Бұл жағдайда жеке басын тiнту куәгерлердің қатысуынсыз жүргiзiлуі мүмкін.
Тінтілетін адамның денесінің ішіндегі нәрселерді табу қажет болған кезде жеке басын тінтуге тиісті бейіннің мамандары қатысады.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: