Бап. Адамды беру (экстрадициялау)

1. Күзетпен ұстау орнының әкімшілігі Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының немесе оның орынбасарының ұстап беру (экстрадициялау) туралы қаулысын алғаннан кейін отыз тәулік ішінде этаппен апаруды және ұстап берілген (экстрадицияланған) адамды ол ұстап берілген (экстрадицияланған) мемлекеттің тиісті органына беруді ұйымдастыруға және оның орындалғаны жөнінде Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына хабарлауға міндетті.
2. Ұстап берілген (экстрадицияланған) адамды беру уақытында шет мемлекеттің құзыретті органына оның Қазақстан Республикасында күзетпен ұстауда болу мерзімі туралы хабарланады.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: