Эллен Мейсон, кардиолог

«Аз көлемдегі алкоголь мен белсенді физикалық қозғалыс, шын мәнісінде, жүрек ауруларының қаупін азайтады. Алайда, спирттік сусынды шамадан тыс тұтыну оның осы пайдалы жағын жоққа шығарады... Дене шынықтыру жаттығулары алкогольге қарағанда жүрек пен бүкіл ағзаға көбірек пайда әкеледі.» Дерек көзі

Не себепті аз көлемдегі алкогольдің өзі қауіпті?

Спирттің сусындарды аз көлемде пайдалану халықтың бар-жоғы 15 % пайдалы, себебі олардың ағзасында СЕТР генінің өте сирек кездесетін сирек түрі бар.

Алкогольді сусынның пайдасы біржақты емес екендігі және ол адам генотипіне байланысты екендігі жайлы пікірлер 1995 жылдың өзінде-ақ айтыла бастады. Сол жылы Солтүстік Ирландия мен Франция тұрғындары арасынан 1236 адам іріктелініп, солардың арасында зерттеу жүргізілді. Зерттеу авторлары алкогольдің денсаулыққа әсері адамның генотипіне байланысты екенін байқаған.

Содан бері осыған ұқсас зерттеуді Швециядағы Гетеборг университетінің жанындағы Сальгренск академиясының қызметкерлері жүргізді. Олар біршама адамды іріктеп алып, 2 топқа бөлді: ишемия ауруына (жүрек ауруының түрі) шалдыққан 618 адам және жалпы бақылау тобындағы 2921 адам. Бұл адамдардың барлығына: қандай алкогольдің сусын тұтынатыны, қаншалықты жиі ішетіні, темекі шегу-шекпеуі, бос уақытта не істейтіндігі, отбасылық жағдайы жайлы сұрақтар қойылды.

«Болашақта адамдар тестілеуден өту арқылы алкогольдің ағзасына пайдалы не пайдалы емес екенін анықтай алады»

Қажетті мәліметтерді алғаннан кейін ғалымдар ағзасында СЕТР генінің ерекше түрі бар адамдарды іздей бастады. Өйткені мұндай адамдар үшін алкогольді сусынды аз көлемде тұтыну шындай-ақ жүрек қан-тамыр ауруларының қаупін азайтады екен. Сол себепті, келесі жолы, спирттік сусынды ішер кезде өзіңіздің қажетті гені бар 15 % жататыныңызды анықтап алғаныңыз жөн. Олай істемеген жағдайда, қандай көлемде болмасын, алкоголь сіздің денсаулығыңызға зиян.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: