Кіріспе

С и л л а б у с

Пән: ОП1219 – Психология негіздері

Мамандық: 051301 - «Жалпы медицина»

Кафедра: Коммуникативтік дағдылар, психотерапия негіздері, жалпы және медициналық психология

Курс – бірінші семестр – бірінші

Дәріс: 3 сағ.

Тәжірибелік (семинар) сабақ: 12 с.

Студенттердің адиториядан тыс

өзіндік жұмысы: 15 с.

Студенттердің оқытушымен бірлескен

өзіндік жұмысы: 15 с.

Жалпы аудиториялық сағ.: 45

Бақылау формасы: дифф. сынақ

Силлабусты оқу бағдарламасына сәйкес аға оқыт. Жаканова Т.А. құрастырды.

Кафедра мәжілісінде қаралды және бекітілді «____» _____________2014ж., хаттама №_____

Кафедра меңгерушісі Асимов М.А.

1.Жалпы мәлімет:

1.1. ЖОО аталуы: С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ Мемлекеттік Медицина Университеті

1.2. Кафедра: жалпы, клиникалық психология, психотерапия және коммуникативтік дағдылар

1.3. Пән, пәннің коды: Психология негіздері – ОП1219

1.4. Мамандық: 051301 - «Жалпы медицина»

1.5. Оқу сағатының көлемі (кредит): 45 сағ.

1.6. Оқу курсы және оқу семестрі: бірінші курс, бірінші семестр

1.7. Оқытушылар туралы мәлімет.

Аты -жөні Қызметі Деңгейі
  Асимов Марат Абубакриевич профессор м.ғ.д.
  Қожамжарова Күләш Өмірзақовна аға оқытушы магистр
  Марданова Шолпан Сапаровна аға оқытушы магистр
  Ерназарова Салтанат Төлентаевна аға оқытушы  
  Жаканова Тоты Аманкасовна аға оқытушы  
  Алибаева Рауан Нургалиевна аға оқытушы магистр
  Қашағанова Күлжамал Түгелбаевна оқытушы магистр
  Абсатарова Гүлбану Пернекуловна оқытушы магистр
  Құдайбергенова Айжан Жаханбаевна оқытушы магистр
  Мадалиева Саниям Хакимовна аға оқытушы магистр

1.8. Байланыс информациясы:

Мекен – жайы: Төле Би көшесі 92, ауд. 19

Тел. 338 70 90 ішкі 7251.

1.9. Оқу пәнінің саясаты.

Студенттерге қойылатын жалпы талаптар:

1. Студент сабақ кестесі бойынша сабаққа келуі керек.

2. Студент күнделікті, шекаралық және қорытынды бақылаудың тапсырмаларын орындауы керек.

3. Пәнді оқудың соңында студент дифференцияланған сынақ тапсыруы керек.

4. Студент таза, ақ халат киюі керек.

Студенттерге айыппұл шаралары:

- Сабақты екі немесе одан көп босатса, сонымен қатар СӨЖ – дің барлық көлемін орындамаса дифференцияланған сынақ тапсыруға жіберілмейді.

2. Бағдарлама

Кіріспе

Психология медициналық білім беру жүйесінде фундаментальды ғылым және негізгі оқу пәні ретінде кәсіби бағытталған тұлғаның шығармашылық потенциалын ашуда негізгі роль атқарады. Психология психиканың өмірлік іс - әрекеттің негізгі формасы ретіндегі даму және қызмет ету заңдылықтарын, негізгі психикалық процестерді және тұлғаның қалпын, индивидуальдылықты зерттейді

2.2. Пән мақсаты – онтогенезде психиканың даму процесінің негізгі заңдылықтарын және психикалық іс -әрекет механизмдерін білу, белсенді қарым –қатынас дағдысын дамыту

және тұлғаға психогигиеналық қатынас негізінде тұлғаның психолгиялық жарамдылығын қалыптастыру.

2.3. Оқу міндеттері:

- психология ғылымы және оның қоғамдық және гуманитарлық пәндер жүйесіндегі орны туралы түсінік қалыптастыру

- негізгі психикалық процестер, психикалық күй және тұлға қасиеттері туралы білім қалыптастыру

- әртүрлі адам іс - әрекеті сферасында психикалық құбылыстарды талдау ептілігін қалыптастыру

- психологиялық өзіндік талдау, өзіндік тану және өзіндік бағалау дағдыларын жасау

- тиімді қарым қатынас жасау және тұлғаға психогигиеналық қатынастың дағдыларын дамыту.

Оқудың соңғы нәтижесі:

Студент білу керек:

- психология дамуының негізгі кезеңдерін және оның маңызды салаларын;

- психикалық процесс, күй, қасиеттердің негізгі заңдылықтарын;

- психикалық функцияларды зерттеудің негізгі әдістерін;

- сананың қызметін, өзіндік сананның құрылымын;

- тұлғаның психологиялық құрылымын;

- темперамент типтерін, мінез түрлерін, тұлғаның екпіндеулерінің түрлерін;

- тұлғааралық қатынастардың ерекшеліктерін, қарым- қатынастың деңгейлерін, шараларын, түрлерін.

Меңгеру керек:

- әлеуметтік және медициналық ортада коммуникацияға түскенде тұлғаның психологиялық күйін және мінез- құлқын, қасиеттерін бағалай алу;

- адамның әртүрлі өмірлік іс әрекет сфераларында кездесетін психологиялық құбылыстарды талдау;

- өзіндік талдау және өзіндік бағалауды жүргізу.

Дағдыларды игеру керек:

- тұлғааралық қатынастар;

- тұлға психологиясы, өзіндік талдау, өзіндік бағалау, өзіндік тану білімдерін қолдану.

2.4. Пәннің пререквизиттері: биологияның мектеп курсы.

2.5. Пәннің постреквизиттері: коммуникативтік дағдылар, клиникаға кіріспе, неврология, психиатрия, наркология, жалпы дәрігерлік тәжірибе, ішкі аурулар, балалар ауруы, хирургия, акушерлік және гинекологиялық, жедел медициналық жәрдем.

2.6. Пәннің қысқаша мазмұны. Психология пәні және міндеттері. Психологиядағы зерттеу әдістері. Танымдық психикалық процестер. Сана және өзіндік сана. Эмоционалды және еріктік күйлер. Тұлға және даралық. Тұлғаның психикалық құрылымы. Тұлға және тұлғааралық қарым – қатынас.

Дәрістердің тақырыптық жоспары.

Тақырыбы Сабақтың өтілу түрі Сағат саны
  Психология пәні және міндеттері. Психиканың даму кезеңдері. Дәріс  
  Психикалық құбылыстардың жіктелуі. Тақырыптық шолу  
  Тұлға және іс-әрекет. Тақырыптық шолу  

Тәжірибелік сабақтың тақырыптық жоспары:

Тақырыбы Сабақтың өтілу түрі Сағат саны
1. Психология пәні, зерттеу әдістері. Топтық және жеке сауалдар  
2. Танымдық психикалық процестер. Кіші топтардағы жұмыс  
3. Психикалық қалыптар. Кіші топтардағы жұмыс  
4. Психикалық қасиеттер. Кіші топтардағы жұмыс  
5. Қарым – қатынас. Қарым - қатынас құралдары, деңгейлері және түрлері. Кіші топтардағы жұмыс  
  Барлығы    

Студенттің өзіндік жұмысының тақырыптық жоспары СӨЖ

Тақырыбы Сабақтың өтілу түрі Сағат саны
  Сезімдік таным кезеңдері: түйсік, қабылдау. 3 тілде глоссарии жазу  
  Зейіннің физиологиялық мезанизмдері. Ес теориялары. 3 тілде глоссарии жазу  
  Психикалық процестер: ойлау, сөйлеу және қиял. Презентация жасау.  
  Темперамент және мінез. Қабілет. 3 тілде глоссарии жазу  
  Қарым-қатынас. Презентация жасау.  
    Барлығы:  

Студенттің оқытушымен өзіндік жұмысының күнтізбелік- тақырыптық жоспары

Тақырыбы Сабақтың өтілу түрі Сағат саны
Сезімдік таным кезеңдері: түйсік, қабылдау. 3 тілде глоссарии жазу  
Зейіннің физиологиялық мезанизмдері. Ес теориялары. 3 тілде глоссарии жазу  
Психикалық процестер: ойлау, сөйлеу және қиял. Презентация жасау.  
Темперамент және мінез. Қабілет. 3 тілде глоссарии жазу  
Қарым-қатынас. Презентация жасау.  
  Барлығы:  

Тәжірибелік сабақтың әдістемелік жоспары.

Сабақтың тақырыбы Біліктілікті бағалау
Білім Тәжірибелік дағды Коммуникативтік дағды Құқықтық компетенция Өзіндік бақылау
  Психология пәнін зерттеу әдістері. Студенттерге психикалық құбылыстарды, оның классификация білімі қалыптастыру. Психикалық процестер, күйлерді және қасиеттер ді ажырата алуға үйрету Дағды: -өзін презентациялау; -таныстыру; -жағымды жағынан көрсету. - ҚР және Конституциясының негізгі бөлімдерін (1995), құқықтық заңдық актілерді білу. Ақпаратты өз бетімен іздеу дағдыларын қалыптастыру.
  Танымдық психикалық процестер. Студенттерге психикалық процестерді түйсік, қабылдау, ойлау, сөйлеу, ес, зейін, қиял түсінігін қалыптастыру. Психикалық процестердің түрлері, құрылымы, физиологиясы. Психикалық процестерді түйсік, қабылдау, ойлау, сөйлеу, ес, зейін, қиялды тәжірибеде зерттеу әдістемелерін қолдану. Бірлескен дағдылар: оқытушыға, топқа басқаларды тыңдау және есту жайлы көрсете білу. - Заң туралы білімі және; - БАҚ туралы заңы. Дағдыларды қалыптастыру: сөздік қорды толықтырып отыру, сонымен қатар кәсіби сөздік қорды; - эссе, тезис жазу.
  Психикалық қалыптар.. Студенттерге эмоция,сезім және еріктің ролі, құрылымы, құрылысы, және түрлері туралы түсінігін қалыптастыру. Эмоциялық күйлер және құрылымыжөнінде тәжірибелік акт туралы білімі, эмоция мен сезімнің айырмашылығын; эмоцияны игере білуі жөніндегі білімі. - эмпатия көрсету; - басқа адамның сезімін түсіну; - контакт арқылы өз сезімін көрсете білу. - Заң туралы білімі және; - БАҚ туралы заңы. Дағдыларды қалыптастыру: сөздік қорды толықтырып отыру, сонымен қатар кәсіби сөздік қорды; - эссе, тезис жазу.
  Психикалық қасиеттер. Студенттерге темперамент, темперамент түрлері, мінез, қабілет туралы түсінігін қалыптастыру. Дағдысы: -темперамент,мінез, қабілет туралы білімі: ажырата білу – тәжірибеде адамның қабілетін ажырату - Нақты, жай сөзбен, медициналық терминсіз сөздер қолдану; тыңдау, әңгімелесушіне мінездеме беру. - «ҚР тіл туралы заңы». - Ғылыми баяндамалар жасау және презентациялар; -кәсіби, ғылыми оқи, сөйлей, тест негізінде мамандық бойынша логикалық ойлай білу.
  Қарым – қатынас. Қарым - қатынас құралдары, деңгейлері және түрлері. Студенттерде тұлға туралы түсінік, заманауи тұлға теориясын қалыптастыру. Студенттерде іс-әрекет және қарым-қатынас, құрылымы, деңгейі және түрлері жөнінде білімін қалыптастыру. - психдиогностикалық тестік әдістер арқылы адамның темпераменті, мінезін, мотивті компоненттерін анықтай білу дағдысы. Жағдайларда эффективті кәсіби қарым-қатынас жасау, мейірбикенің коммуникативті біліктілігіне дағдыландыру. -визуальды контакт құру, этникалық ерекшеліктерін ескере білу; - әңгімелесушісін аты-жөнімен атап, жасына қарай, дәрежесін ескеру. Өз кәсібне сенімділігі; - өз көзқарасында тұру; -дәрежесін көтеру (тұлғааралық, университетте, ұжымда). -неке және отбасы заңы; - еңбек заңы; -ҚР Кодексі «Қоғамдық денсаулық сақтау және халық денсаулығы». -Дағдыларды қалыптастыру: сөздік қорды толықтырып отыру, сонымен қатар кәсіби сөздік қорды; - эссе, тезис жазу.

2.7.Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:

Қазақ тілінде:

Негізгі:

1. Жарыкбаев К. Б. Жантану негіздері. Алматы, 2010

2. Сабет Бап - Баба. Жантану негіздері. Алматы, 2009

Қосымша:

1. Елікбаев Н. Психология. Алматы: База университеті; 2011.

2. Илешева Р. Медицинская психология. Алматы, 2009, Санат.

Орыс тілінде:

Негізгі:

1. Немов Р.С. Психология. М.:ВЛАДОС,2009.

2. Рогов И.Е. Общая психология (Курс лекций). М.:ВЛАДОС, 2010.

3. Рубинштейн С.Л. Основы общей психологии, «Питер», СПб, 2010.

4. Столяренко Л.Д. Психология. Уч. д/вузов, 2011.

5. Клиническая психология. Под ред. Б.Д. Карвасарского. Национальная медицинская библиотека. Питер, 2009.

6. Маклаков А.Г. Общая психология. СПб, 2012.

Қосымша:

1. Абрамова Г.С. Практическая психология. М., 2011.

2. Сидоров П.И. Клиническая психология. М.:ГЭОТАР-МЕД, 2009.

3. Соколова Е.Е.Введение в психологию. Москва, Academ’a, 2010.

Ағылшын тілінде:

1. 1. Michael J., Goldshtein, Bruse L., Baker, and K. Jamison Abnormal Psychology: experience, origins, and intervtntion. 2010.

Robert S. Feldman. Understanding Psychology. 2010 -2012 by McGraw – Hill Inc.

2.8. Оқыту және білім беру әдістері:

Дәріс: көлемді және проблемалық дәріс өткізу.

Тәжірибелік сабақтар: ауызша сұрау, талқылау үшін науқастық психодиагностикалық зерттеу жүргізген видеотаспаны көрсету; ролдік ойындар, науқастық психодиагностикалық зерттеу жүргізу тәсілдері мен техникасын моделдеу, студенттермен кері байланыс, пікір-талас, шағын топпен жұмыс, шағын топта презентация жасау, тесттік тапсырманы шешу.

Студенттің оқытушымен бірлескен өзіндік жұмысы (СОБӨЖ): тақырып бойынша сеңес, семинар, дискуссия, психологиялық тестермен өзіндік жұмысы, ситациялық жағдайларды шешу, тесттік тапсырманы шешу, шағын топпен жұмыс, таблицамен, оқулықпен жұмыс.

Студенттің өзіндік жұмысы (СӨЖ): глосарий және құрылымдық-логикалық сызбаларды құрастыру, баяндама және реферат жазу, жоба мен презентация дайындау, жағдаяттық есептер құрастыру, эссе жазу, рөлдік ойындар үшін сценарий жазу; өзіндік зерттеу үшін тақырыптар бойынша оқытушыдан кеңес алу.

2.9. Студенттердің білімі мен дағдыларын бағалау әдістері:

Білім беру әдістері: ҚР МОСО 5.03.06-2006 келісілген «Қазақстан Республикасының білім беру системасы. 26.08.2006ж. ЖОО білімді бақылау» Типтік ереже бойынша ағымды үлгерімді тексеру, 18 март 2008 жылдан аралық және білім алушыларды жалпы аттестациялау, ҚР МББ №125, 13 апрель 2010 жылғы өзгерістер, ҚР МББ №168, 17 май 2010 ж. № 6236 ҚР ЮМ тіркелген; 20 сәуір 2011ж., Қазақстан Республикасы № 152 Білім Министрлігінің бұйрығы бойынша бекітілген, жоғары кәсіби білім кредиттік технология бойынша білім беру мекемелеріндегі ережесі.

Студенттердің білімі мен дағдыларын бағалау әдістері:

Тәжірибелік сабақтар – маx 100 балл, 100 %

Ағымдық бақылау:.

1. Когнитивтік құзыреттілік (білім) – пәнді оқу барысында меңгерілген білімдердің сапасы ауызша және жазбаша түрде психодиагностикалық зерттеуді жүргізу, тест сынағынан өту, психодиагностикалық әдістемелерімен, ақпараттың электрондық тасымалдаушыларымен жұмыс істеу, мәліметтер жасау, алынған мәліметтерді өңдеу және интепретациялау.

2. Тәжірибелік дағдылар аралық бақылау кезіндегі келесі іс-әрекет түрлері арқылы бағаланады: топтағы бірге оқитын студенттерге диагностика жүргізу, алынған мәліметтерді өңдеу және интепретациялау, әдістемелерді жүргізе білетіндігін тәжірибе жүзінде көрсету.

3. Коммуникативтік дағдылар аралық бақылау кезіндегі келесі іс-әрекет түрлері арқылы бағаланады: ауызша сұрау, топпен жұмыс, шамамен алғандағы клиентпен жұмыс жасау, диагностикаға қажет дағдыларды көрсету.

4. Құқықтық құзыреттілік (денсаулық адвокаты) аралық бақылау кезіндегі келесі іс-әрекет түрлері арқылы бағаланады: ауызша сұрау, тест, пациенттің мүддесін қорғай білу.

5. Өзін-өзі дамыту аралық бақылау кезіндегі келесі іс-әрекет түрлері арқылы бағаланады:портфолио (студенттің білім алудағы жеке жетістіктері), ауызша сұрау, рөлдік ойындар, жағдайлық есептер құрастыру және шешу, презентация.

6. Тәжірибелік сабақтар – маx 100 балл, 100 %

Дәстүрлі баға Критерий Балл, %
«5» Сабаққа қатысу, ауызша толық жауап, тапсырмалардың бәрін орындау 90-100
«4» Сабаққа қатысу, ауызша жауаптың толық болмауы, тапсырмаларды орындауда болымсыз қателер жіберу 75-89
«3» Сабаққа қатысу, ауызша жауап кезінде елеулі қателер жіберу, тапсырмалардың бәрін орындамау 50-74
«2» Сабаққа қатысу, материалды білмеу, тапсырмаларды орындамау 1-49
  Сабаққа қатыспау  
  Кешігу Минус 10

1. Білімдерді бағалау критериилері (10 сұрақтан тұратын тест, әрқайсында 5 жауап, біреуі- дұрыс)

Сапа критериилері 0 балл 10-30 балл 40-60 балл 70-90 балл 100 балл
1. Сұрақтардың саны   1-3 4-6 7-9  
2. Тақырыптың мазмұны ашу жоқ Тақырыпқа қатысты емес фактыларды айту нашар Кейбір тараулардың болмауы Толық
  1. Тәжірибелік дағдыларды бағалау критериилері
Сапа критериі 0 балл до 49 балл 51-74 балл 75-89 балл 90-100 балл
Психодиагностикалық амалдарды дұрыс жүргізу, мәліметтерді өңдеу, алынған мәліметтерді интерпретациялау жоқ Қате жіберу Толымсыз жауап Кейбір қателіктері бар Психодиагностика кезеңдерін толық және дұрыс айту
Өңделген мәліметтер мен оларды сапасы жоқ төмен орташа Жақсы жоғары

1. Құқықтық құзыреттілікті бағалау критериилері (10 сұрақтан тұратын тест, әрқайсында 5 жауап, біреуі- дұрыс)

Сапа критериі 0 балл до 49 балл 51-74 балл 75-89 балл 90-100 балл
1. Сұрақтардың саны   1-3 4-6 7-9  
2.Тақырыптың мазмұны ашу жоқ Тақырыпқа қатысты емес фактыларды айту нашар Кейбір тараулардың болмауы Толық

1. Коммуникативтік дағдыларды бағалау критериилері

Сапа критериилері 0 балл 10-30 балл 40-60 балл 70-90 балл 100 балл
Амандасу жоқ клиенттің сәлеміне ғана жауап беру студенттің сәлемі «құрғақ», эмоционалды емес студенттің амандасуы эмоционалды жағымды студенттің күлімдеп, эмоционалды жағымды амандасуы, көзбен контакт
Клиенттің атын атап қатынас жасау Клиенттің аты-жөнін сұрамайды, онымен қарым-қатынас барысында атын атамайды Клиенттің атын сұрайды, бірақ қарым-қатынас барысында атын атамайды Клиенттің атын сұрайды, бірақ қарым-қатынас барысында атын сирек атайды (мысалы, 1 рет); Клиенттің атын сұрайды, бірақ қарым-қатынас барысында атын сирек атайды Клиенттің атын сұрайды, қарым-қатынас барысында атын атап қатынас жасайды;
Клиентті тыңдай білу Тыңдай білмейді, яғни үндемей қалмайды - үндемей қалады, бірақ мұқият тыңдап отырғаны туралы белгі бере алмайды - үндемей қалады, мұқият тыңдап отырғаны туралы белгі береді, бірақ нақтылайтын сұрақтар қоя білмейді үндемей қалады, мұқият тыңдап отырғаны туралы белгі береді, нақтылайтын сұрақтар қояды - үндемей қалады, мұқият тыңдап отырғаны туралы белгі береді, нақтылайтын сұрақтар қояды -өзінің түсінгендігін тексереді.
Сұрақ қоя білу Сұрақ қоя білмейді, яғни сұрақтарды дұрыс құрастыра алмайды -нақтылайтын сұрақтар қояды; нақтылайтын сұрақтар қояды; - басқа түрде сұрақ қоя алмайды нақтылайтын сұрақтар қояды; - басқа түрде сұрақ қоя алады; - нақтылайтын сұрақтар қояды; - басқа түрде сұрақ қоя алады;
Коммуникация кезінде ара қашықтықты реттей білу ара қашықтықты сезбейді, бұзады ара қашықтықты сезеді, бірақ елдің бәрімен сақтай алмайды -өз кеңістігін сезеді; - жеке коммуникативтік кеңістікті анықтай біледі - өз коммуникативтік кеңістігін ұйымдастыра біледі; -жеке коммуникативтік кеңістікті анықтай біледі

1. СӨЖ - max 100 балл, 100 %

Дәстүрлі Критерий Балл
«5» СӨЖ түріне байланысты барлық талаптарды орындау 90-100
«4» Мардымсыз қателіктері бар, тапсырмаларды орындауда кемшіліктер жіберген 75-89
«3» Айтулы қателіктері бар, тапсырмаларды толық орындамаған 50-74
«2» Айтулы қателіктері бар, тапсырмаларды толық орындамаған, СӨЖ критерийлеріне сай келмейді 1-49
  СӨЖ орындалмаған  

Аралық бақылау: 5 - сабақта тест түрінде жүргізіледі.

Қорытынды бақылау: екі деңгейлі емтихан: 1 деңгей–тест тапсыру (тест орталығында), 2 деңгей– тұлғаға психодиагностикалық зерттеу жүргізу және алынған мәліметті интерпретациялай білу дағдыларын тексеру.

Студент білімін бақылауды жүргізу технологиясы:

R = t х 0,6 мұндағы: t – ағымдық рейтингтің орта балы

Рейтинг санау: t = z1+z2+z3+s+n+k+p

N (7)

Барлығы 5 құзыреттілік: z, n, s, p, k

- білім құзыреттілігі z = z1+z2+z3

- өзін-өзі дамыту құзыреттілігі (СӨЖ) s – ұсынылған СӨЖ тапсырмаларынан 1 тапсырма 1 студентке.

- тәжірибелік дағдылар құзыреттілігі n – ұсынылған тәжірибелік дағдылар ішінен 1 студенттен 1 тәжірибелік дағдыны бағалау арқылы жүзеге асады.

- коммуникативтік дағдылар құзыреттілігі k - цикл бойына бақыланады, бағасы циклдың соңында қойылады.

- құқықтық құзыреттілік (денсаулық адвокаты) p – құқықтық сұрақтар бойынша тест алу арқылы бағаланады.

Қорытынды бағалау: I = R x 0,6 + E тест x 0,25+Е ауызша х 0,15

мұнда E – екі деңгейлі бақылау қорытындысы (емтихан)

Бағалар градациясының шкаласы:

Әріптік жұйе бойынша бағасы Балдың сандық баламасы Пайыздық мазмұны % Дәстүрлі жүйе бойынша бағасы
А 4,0 95-100 ҮЗДІК
А- 3,67 90-94
В+ 3,33 85-89 ЖАҚСЫ
В 3,0 80-84
В- 2,67 75-79
С+ 2,33 70-74 ҚАНАҒАТТАНАРЛЫҚ
С 2,0 65-69
С- 1,67 60-64
D+ 1,33 55-59
D 1,0 50-54
F   0-49 ҚАНАҒАТТАНАРЛЫҚСЫЗ

Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: