Java ортасы – бағдарламалау тілінен жоғары деп айтсақ болады. Оның құрамында біздің бағдарламаларға шын өмірде кездесетін негізгі абстракциялардан тұратын негізгі класстар тобы бар. Java тілінің танымалдылығы бұл оны платформаға тәуелсіз ететін орнатылған класс-абстракциялары болып табылады (кесте 2). MFC/COM, OWL, VCL, NeXTStep, Motif және OpenDoc сияқты кітапханалар өз платформаларында жақсы жұмыс істейді, дегенмен, қазіргі таңда негізгі платформа болып Internet табылады.
Java 1.1.6 нұсқасында 23 пакет (Java 1.0.2-де олар 8 болды), ал класстар саны – 503 (211) орналасқан. Қазіргі уақытта JDK 1.2 бета-тестілеудің соңғы кезеңін өткеруде [15].
Алғашқыда тіл ретінде C++ бағдарламалау тілін қолдану жоспарланған. Бірақ, бағдарлама құру кезінде кездескен қиыншылықтардың әсерінен жаңа бағдарламалау тілінің пайда болуына әкеліп соқты. Жүйенің мақсаты – заманауи Eiffel, Smalltalk, Objective C, Cedar/Mesa сияқты бағдарламалау тілдерінің ең жақсы қасиеттерін қамту болды. Желілік технологиялардың қарқынды дамуы қосымшалардың құрылу процессі және таратылуына деген көзқарастың өзгеруіне әкелді. Заманауи қосымшалар қауіпсіз, жұмыс өнімділігі жоғары, әр-түрлі архитектуралы машиналар таратылған ортасында жұмыс істеуі тиіс болды.
Кесте 2
Java API пакеттері
| Пакет атауы | Құрамы |
| java.applet | Апплеттерді іске асыру классы |
| java.awt | Графикамен, мәтінмен, терезелермен және GUI-мен жұмысқа арналған класс |
| java.awt.datatransfer | Ақпарат тасымалдауды қамтамассыз ететін класстар (Copy/Paste) |
| java.awt.event | Оқиғаны өңдейтін класстар мен интерфейстер |
| java.awt.image | Суретті өңдейтін класстар |
| java.awt.peer | Платформаға тәуелсіздікті қамтамасыз ететін GUI |
| java.beans | JavaBeans компоненттер моделіне арналған API |
| java.io | Енгізу-шығарудың түрлі типтеріне арналған класстар |
| java.lang | Тіл ядросына арналған класстар (типтер, жолдармен жұмыс, тригонометриялық функциялар, тиым салуларды өңдеу, жеңіл процесстер) |
| java.lang.reflect | Reflection API класстары |
| java.math | Туынды дәлдіктің арифметикалық операцияларына арналған класстар |
| java.net | Интернет желісіндегі жұмысқа арналған класстар (сокеттер, хаттамалар, URL) |
| java.rmi | RMI-мен байланысты класстар (процедураларды алыстатылған шақыру) |
Кесте 2 жалғасы
| java.rmi.server | RMI-мен байланысты |
| java.security | Қауіпсіздікті қамтамасыз ететін класстар |
| java.security.acl | Қауіпсіздікті қамтамасыз ететін класстар |
| java.security.interfaces | Қауіпсіздікті қамтамасыз ететін класстар |
| java.sql | |
| java.text | Көптілдік қолдауды қамтамасыз етуге арналған класстар |
| java.text.resources | Көптілдік қолдауды қамтамасыз етуге арналған класстар |
| java.util | Түрлі пайдалы деректер типтері (стектер, сөздіктер, хэш-кестелер, дата, кездейсоқ сандар генетаторы) |
| java.util.zip | Архивтеуді қамтамасыз етуге арналған класстар |






