Бап. Белгiленбеген орындарда сауда жасау 11 страница

360-бап. Су қорғау аймақтарында және су объектілері
белдеулерінде заңсыз құрылыс салу

1. Ғимараттарды, құрылыстарды және басқа да объектiлердi су қорғау аймақтарында және белдеулерінде заңсыз салу, сондай-ақ өзеннің табиғи арнасын заңсыз өзгерту –
заңсыз тұрғызылып жатқан немесе тұрғызылған құрылысты мәжбүрлеп бұза отырып, жеке тұлғаларға – жиырма, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – қырық бес, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жетпіс, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Суда ұңғыманы заңсыз бұрғылау және жерасты суларының су тарту құрылыстарын заңсыз салу –
жеке тұлғаларға – он, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – қырық, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – елу бес, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

361-бап. Судың бастапқы есебiн жүргiзу және оларды
пайдалану қағидаларын бұзу

Судың бастапқы есебiн жүргiзу және оларды пайдалану қағидаларын бұзу –
шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – отыз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

362-бап. Су ресурстарын есепке алу мен есептілік
деректерiн бұрмалау

Су кадастрын есепке алу мен есептілік деректерiн, су ресурстарын кешендi пайдалану мен қорғау схемаларын бұрмалау, сондай-ақ оларды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімде ұсынбау –
лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жиырма, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне –
отыз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: