Бап. Шпионаж

Мемлекеттiк құпияларды құрайтын мәлiметтердi шетелдiк мемлекетке, шетелдiк ұйымға немесе олардың өкiлдерiне беру, сол сияқты оларға беру мақсатында жинау, ұрлау немесе сақтау, сондай-ақ шетелдiк барлаудың тапсырмасы бойынша өзге де мәлiметтердi Қазақстан Республикасының сыртқы қауiпсiздiгi мен егемендiгiне зиян келтiре отырып пайдалану үшiн беру немесе жинау, егер осы әрекеттердi шетелдiк азамат немесе азаматтығы жоқ адам жасаса -
мүлкi тәркiленiп немесе онсыз он жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. 166-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2000.05.05 N 47 Заңымен.

166-1-бап. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің -
Елбасының өміріне қол сұғушылық

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің — Елбасының өміріне оның заңды қызметіне кедергі жасау не осындай қызметі үшін кек алу мақсатында жасалған қол сұғушылық, —
он бес жылдан жиырма жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға не өлім жазасына немесе өмір бойы бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. Кодекс 166-1-баппен толықтырылды - ҚР 2010.06.14 № 290-IV Заңымен.

167-бап. Қазақстан Республикасы Президентінің өміріне
қастандық жасау

Қазақстан Республикасы Президентінің өміріне оның мемлекеттік қызметін тоқтату не осындай қызметі үшін кек алу мақсатында қастандық жасау, -
он бес жылдан жиырма жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға не өлім жазасына немесе өмір бойы бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. 167-бап жаңа редакцияда - ҚР 2002.02.19 N 295 Заңымен.

168-бап. Билiктi күшпен басып алу немесе билiктi күшпен
ұстап тұру не Қазақстан Республикасының
уәкiлеттi органдары мен лауазымды адамдарының
құзырына кiретiн өкiлеттiктердi шет мемлекет
немесе шетелдiк ұйым өкiлдерiнiң жүзеге асыруы

1. Қазақстан Республикасының Конституциясын бұзып, билiктi күшпен басып алуға немесе билiктi күшпен ұстап тұруға бағытталған, сол сияқты Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертуге бағытталған iс-әрекеттер, -
он жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Қазақстан Республикасының, оның уәкiлеттi органдарының немесе лауазымды адамдарының құзырындағы өкiлеттiктердi шет мемлекет немесе шетелдiк ұйым өкiлдерiнiң жүзеге асыруы, -
бiр мың айлық есептiк көрсеткiштен бес мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. 168 бап жаңа редакцияда - ҚР 2004.12.09 N 10 Заңымен, өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.11.09 N 490-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

169-бап. Қарулы бүлiк

Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын құлату немесе күштеп өзгерту не Қазақстан Республикасының аумақтық тұтастығын бұзу мақсатында қарулы бүлiк ұйымдастыру не оған белсендi түрде қатысу -
он жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

170-бап. Қазақстан Республикасының конституциялық
құрылысын күшпен құлатуға немесе өзгертуге не
оның аумақтық тұтастығын күшпен бұзуға шақыру

1. Өкiметтi күштеп басып алуға, өкiметтi күштеп ұстауға, мемлекет қауiпсiздiгiне нұқсан келтiруге немесе конституциялық құрылысын күштеп өзгертуге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының тұтастығын және оның аумағының бiрлiгiн күштеп бұзуға жария түрде үндеу, сондай-ақ осындай мазмұндағы материалдарды осы мақсатта тарату -
үш жүзден бiр мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Бұқаралық ақпарат құралдарын пайдаланып жасалған немесе ұйымдасқан топ жасаған нақ сол әрекеттер -
бiр мыңнан бес мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не үш жылдан жеті жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. 170 бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2002.02.19 N 295, 2009.12.10 № 227-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.11.09 N 490-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: